Балалардың психологиялық даму сатыларын анықтау


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Батыс Қазақстан инженерлік- гуманитарлық университеті

Педагогика және психология кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Балалардың психологиялық даму сатыларын анықтау»

Орындаған:

Тексерген:

оРАЛ- 2015

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І. НӘРЕСТЕЛІК КЕЗЕҢ

1. 1. Жаңа туылған бала . . . 5

1. 2. Нәрестелік кезеңде баланың психикалық даму ерекшеліктері . . . 7

1. 3. Мектепке дейінгі балалық шақтағы баланың дамуының психологиялық ерекшеліктері . . . 10

1. 4. Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық ерік -жігері, жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуы . . . 14

ІІ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУ САТЫЛАРЫ МЕН ҮРДІСТЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ

2. 1. Баланың зейінін тәрбиелеу . . . 18

2. 2. Балада түйсіктердің дамуы мен өзара байланысуы . . . 21

2. 3. Баланың қабылдауын дамыту . . . 22

2. 4. Балада естің дамуы және оны тәрбиелеу . . . 24

2. 5. Баланың ойлауын дамыту . . . 25

2. 6. Баланың қиялын дамыту . . . 26

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 30

ҚОСЫМША 1 . . . 31

ҚОСЫМША 2 . . . 32

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Танымдық белсенділік баланың психологиялық - денелік дамуының алғы шарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты балалардың жоғары психикалық үрдісін қабылдау, зейін, ойлау, түйсік, ес, қиял ерекшеліктеріне тоқталып, оларға анықтама береміз. Танымдық белсенділікті психологиялық - педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс -әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді. Тақырып өзектілігі: Балалар жер шары халқының санының басым көпшілігін құрайды. Бала дамуы болашақ ересек адамның рухани және практикалық іс - әрекет аймағының, оның бейнесі мен шығармашылық әлеуетінің дамуының өзекті алғышарттары болып табылады.

Біздің елімізде балаларға мектеп жасына дейін қоғамдық тәрбие берудің ықпалы ұдайы өрісін кеңейтіп келеді. Балабақшалар ағарту ісіндегі алғашқы буын ғана емес, оларға басқа да оқу - тәрбие мекемелерімен қатар біздің қоғамымызға сай келетін баланың тұлғалық, әлеуметтік бағдарларын дамыту жауапкершілігі жүктелген.

Баламен жұмыс жасау барысында оның психологиялық ерекшеліктерін, даму заңдылықтарын, механизмдерін білу өте маңызды. Отандық психологиялық еңбектер атақты кеңес психологтары Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев, А. В. Запорожец, П. Я. Гальперин, Д. Б. Эльконин, Л. И. Божович, В. С. Мухина, М. И. Лисина, Х. Т. Шерьязданова еңбектеріне сүйенеді. Сонымен бірге, балалар психологиясын зерттеген шетелдік психологтардың концепциялары да үлкен мәнділікке ие. Бұл концепциялар қатарына В. Штерн, К. Бюлер, Ж. Пиаже, А. Валлон, Дж. Брунер және т. б. еңбектерін жатқызуға болады.

Бала тәрбиесімен айналысатындардың балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дамуын жан - жақты жақсы білуі, балалардың өмірін және іс - әрекетін, ойыншықтармен және заттармен әрекет дағдыларын қалыптастыруға, тілді меңгерудің алғышарттарын ұйымдастыруға мүмкіндік жасайды. Баланың мектепке дейінгі жетекші іс - әрекет түрі ойын болып табылатыны белгілі. Соған байланысты балалармен жұмыс барысында баланың ойлауын, тілін, қиялын, еске сақтауын дамыту, қоғамдық мінез - құлық ерекшеліктерін меңгерту, сәйкес дағдыларды қалыптастыру ойын іс - әрекеті арқылы жүзеге асыра алуы тиіс.

Баланың балабақшаға келуімен оның жаңа ортаға бейімделу процесі жүзеге асады. Баланың балабақшаға келуімен кейбір жағдайларда көптеген мәселелер де туындап жатады. Бірақ балабақша қызметкерлерінің баланың жас ерекшелігіне сәйкес ойын іс - әрекетін дұрыс ұйымдастырып, жетекшілік жасауы көптеген мәселелердің тиімді шешілуіне жағдай жасайды.

Курстық жұмыстың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық танымдық үрдістері мен сатыларын және мектепке оқуға дайындық мотивациясын қалыптастыру.

Барлық танымдық процестер үрдістердің қасиеттері мен қатар бір-бірімен сипатын анықтай отырып, олармен бірге және тығыз байланыста болуып бірізділікте жүреді. Демек оқыту үрдісінде ынталандыру- бұл ең алдымен бала ойлауын дамыту болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • мектеп жасына дейінгі балаларға психологиялық қолдау жасау.
  • Іс-әрекет және оның әдіснамалық негізі қарастыру.

Адамдарда тану екі негізгі формада жүзеге асады: сезімдік тану формасы және абстракциялық ойлау формасы. Сезімдік тану, түйсік, қабылдау, елестету сияқты жолдармен көрініс табады, оның көмегімен біз заттардың жеке қасиеттерін ажыратамыз. Сезімдік тану - бұл тек ойлаудың бастапқы сатысы, адам дүниені түйсіне отырып қабылдайды.

Баланың ақыл - ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес, танымдық іс -әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге еске сақтау, ойлау, елестету, танымдық шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Бала дамуы үшін есте сақтауы мен ойлау қабілетінің мәні өте зор.

Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Л. С. Выготский пікірінше, ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.

Курстық жұмыстың гипотезасы: Балабақшада тәрбиеленетін мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық таным деңгейін анықтау және талдау.

Атақты психолог ғалымдары Л. С. Выготский, А. И. Леонтьев, А. С. Запорожец, Л. Д. Венгер, Д. Б. Эльконин, Е. И. Игнатьева, Ю. К. Бабанский, И. Я. Лернер т. б. зерттеушілердің еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі іс-әрекеттердің ішіндегі ең маңыздысы шығармашылық белсенділіктің сапалығына назар аударады. Алайда мектепке бару қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде жекелей өзгешеліктер өсе түседі. Бұл өзгешеліктер мынадан көрінеді: балалар бір-бірінен ақыл-ой, адамгершілік және жекелей дамымен ажыратылады.

Курстық жұмыстың пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық таным үрдістерінің маңызы.

Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспедан, екі тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымшадан тұрады.

І. НӘРЕСТЕЛІК КЕЗЕҢ

1. 1. Жаңа туылған бала

Бала өмірге келгендігін өзінің алғашқы жылауымен (айқайымен) білдіріп келеді. Бала туылған кезде физикалық тұрғыдан анасынан бөлінеді. Ол мүлдем басқа жағдайға тап болады: температура, жарық кеңестік, тамақтану жолы, дем алудың басқа жолын талап ететін орта. Жаңа ортаға бейімделу барысында бала дағдарысқа ұшырайды. Осы сәтте балаға тұқым - қуалау арқылы берілген механизмдер, яғни шартсыз рефлекстер көмектеседі. Жаңа туған бала қандай шартсыз рефлекстерге ие? Бұл - ең алдымен қоректену рефлекстерінің жүйесі. Ерінінің ұштарына немесе тіліне тию (ұстау) кезінде ему әрекеті пайда болады, ал басқа әрекеттердің барлығы тоқтап тұрадығ Бала түгелімен емуге бейім, бұл реакция “ тамақтануға көңіл бөлу ” деп аталады. Басқа шартсыз рефлекстер 2 - кестеде көрсетілген.

Жаңа туылған баланың шартсыз рефлекстері

1 - Кесте

Әрекеттер
Шартсыз рефлекстер
Әрекеттер: Қатты жарық әсері
Шартсыз рефлекстер: Көздері жұмылады
Әрекеттер: Мұрын қырын жанай түрту
Шартсыз рефлекстер: Көздері жұмылады
Әрекеттер:

Баланың басының тұсында

шапалақ соғу

Шартсыз рефлекстер: Көздері жұмылады
Әрекеттер: Баланың басын оңға бұру
Шартсыз рефлекстер: Иегі көтеріліп, оң қолы созылады, сол қолы бүгіледі
Әрекеттер: Шынтақтарын екі жаққа жіберу
Шартсыз рефлекстер: Қолдары бірден бүгіледі
Әрекеттер: Саусақпен баланың алақанын басу
Шартсыз рефлекстер: Баланың саусақтары бүгіліп, жазылады
Әрекеттер: Саусақпен баланың табанын басу
Шартсыз рефлекстер: Аяқ бәшпайлары бүгіледі
Әрекеттер: Аяқ бәшпайларынан бастап, табанын тырнағандай қимылмен өкщеге дейін жүргізу
Шартсыз рефлекстер: Аяқтың үлкен бәшпайы көтеріліп, қалғандары созылады
Әрекеттер: Түйреуіштің ұшын табанына тигізеді
Шартсыз рефлекстер: Тізесі мен табаны бүгіледі
Әрекеттер: Жатқан баланы екетінен көтеру
Шартсыз рефлекстер: Бала басын көтеруге тырысады, аяқтарын созады

Шартсыз рефлекстер өзара қорғану және үйрену болып бөлінеді. Кейбір рефлекстер атавистік болып табылады, олар арғы тектен - жануарлардан мұра болып қалған, бала үшін ешқандай пайдасы жоқ және біртіндеп жойылып кетеді. Мысалы “ маймыл” деп аталатын рефлекс бала өмірінің екінші айында жойылып кетеді.

Жаңа туылған бала алақанына тиген таяқшаларды немесе саусақты маймылдың баласы сияқты қатты ұстап алады. Мұндай ұстаудың мықтылығы соншалықты, баланы сол заттан ұстап, көтеріп алуға болады, бала өз салмағын көтеріп, салбырап тұрады. Бала заттарды қағып алуды үйренген кезде, мұндай мүмкіндігі жойылады.

Өмірінің бірінші айының соңында жаңа шартты рефлекстер пайда болады. Мысалы, бала өтіп бара жатқан автобусты көріп, кенет қатты ұрылған дыбысты естіп, қорқып жылай бастайы. Көбінесе баа ему кезінде дене тұрысына да мән береді: анасының тізесінде отырғанын сезе сала, бала емуге ыңғайлана бастайды.

Жаңа туылған нәрестенің психикалық өмірін қалай сипаттауға болады? Кішкенттай баланың миы әлі толық қалыптаспаған, сондықтан ол даму үстінде болады. Жаңа туған баланың түйсігі жіктелмеген және эмоциямен тығыз бьайланысты.

Бала өміріндегі маңызды психикалық жағдйлар есту және көру түйсіктерінің пайда болуынан басталады.

Есту түйсігі 2-3 аптада пайда болады. Қауырт дыбысты, мысалы, есіктің қатта жабылуын естігенде, бала қозғалысты тоқтатады да, үнсіз күй кешеді. Кейінірек 3-4 аптадан кейін бұл реакция адам дауысын естігенде қайталанатын болады. Бұл уаөытты бала дыбысқа елеңдеп қана қоймай, оның шыққан жағына басын бұратын болады. Көру түйсігі Көру түйсігі 3-5аптада пайда бола бастайды: бала ашық түстерге көз қарасын тоқтатады ( әрине ұзақ емес) .

Жаңа туылған бала уақытының көбісін ұйқыда өткізеді. Ұйқылы - ояу жағдайдан қысқа сергектік жағдайға біртіндеп ауыса бастайды. Есту және көру түйсіктері сергектіктің белсенді түрлерін танытады.

Бала бұл өмірге әлсіз және мүлдем қорғансыз болып келеді. Ол туылғаннан кейін анасынан физикалық тұрғыдан ажырағанымен, биологиялық тұрғыдан онымен байланысты. Ол өз қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайда, оны тамақтандырып, шомылдырып, құрғақ және таза киім кигізіп, кеңістікке орналастырып, оның денсаулығын қадағалап, онымен қарым қатынас жасау қажет. Мұндайкезде бала түгелдей үлкендерге тәуелді болады, бұл нәресие дамуының әлеуметтік жағдайының ерекшелігі.

Нәресте, оған қараушы анасының дауысына ықпал ете бастағанда, онымен эмоциялық байланысқа түседі. Шамамен бір айында бала анасын немесе оған қарап жүрген адамын көргенде, олардың беттеріне қарап, қолын көтеріп, жылдам қимылдатып, қатты дыбыстар шығарып, күле бастайды. Мұндай эмоциялық реакция “ жандану комплексі” деп аталады. Жандану комплексі, адамның негізгі бір әрекеті күлуді қоса отырып, қарым қатынас кезінде қажетті алғашқы әлеуметтік қажеттіліктің байқалғандығын білдіреді. Ал балада қарым қатынас кезіндегі қажеттіліктің көрініс беруі, оның психикалық дамуы жаңа кезеңге өтуін көрсетеді. Нәрестенің өтпелі кезеңі аяқталуда. Нәресте үдемелі өсуде. Дені сау баланың бойы, оның өмірінің алғашқы жылында шамадап 1, 5 есе, 2 есеге дейін өзгереді. Бала тез әрі жылдам қозғала бастайды, яғни қоршаған ортаны тануға үлкен мүмкіндіктерге ие болады.

1. 2. Нәрестелік кезеңде баланың психикалық даму ерекшеліктері

Нәрестелік кезең қарқынды даму кезеңі болғандықтан жаңа туған баланың дағдарыс кезеңі осы кезеңде басталып, аяқталады. Жаңа туылған кезеңдегі көру әбден жетіледі. Екі айдан кейін көңіл бөлу ұзақ болады, 3 айда оның ұзақтығы 7-8 минутқа жетеді. Қозғалған затқа қарау қалыптасады. 4 айда бала көріп қана қоймай қарай бастайды: көргеніне белсенді ықпал ете бастайды қозғалады және уілдейді.

Бала көру арқылы заттардың көлемін, күрделілігін және түсін қабылдап, ажырата алады. Заттың түсін ол 3-4 айда ажырата бастайды: егер оны қызыл ыдыспен тамақтандырса, ло басқада көптеген құтылардың арасынан өзінікін қатесіз табады. Бұл әрекет шартты рефлекспен байланысты. Түске деген белсенді қызығушылық кешірек, 6 айынан бастап пайда болады.

Сонымен қатар кеңістікті қабылдау, әсіресе тереңдікті қабылдау дамиды. Баланың қабылдаған заттарынан алған әсерлерінің нәтижесінде танымдық қабілеттер дамиды. Балаға қарайтын үлкендер баланың қажеттіліктерін қанағаттандыруы керек, яғни баланы қоршаған ортаның бірқалыпты, қызықсыз болмауын қадағалаулапы қажет. Бір қалыпты ортада өскен нәрестелердің танымдық дамуы ( бірінші кезекте қабылдауының дамуы) әртүрлі және көптеген әсерлер алатын ортада өскен балаларға қарағанда баяулау болады.

Нәресте қимылдары және әрекеттері. Бала қимылы күрделі және әртүрлі түйсік моральдық біріктіруші қабылдаумен тұтастай байланысты.

Сөздік дыбыстарды естігенде немесе бірге сурет қарағанда, анасы да, баласы да синхронды қимылдайды, ол өздеріне білінбейді. Мұндай аса байқалмайтын қозғалысты, оларда бақылаушы психолог вальспен байланыстырады.

Осы кезеңде қол қимылдарының дамуы аса маңызды. Белгілі бір затқа бағытталған нәресте қолының қимылдары шамамен өмірінің төртінші айында қалыптаса бастайды. 5-6 айында бала затты тез ұстап алады, бұл көру қабілеті мен қозғалыс әрекеттерін күрделі түрде үйлестіруді қажет етеді. Осы сәттің ары қарай дамуы үшін зор: ұстау - баланың алғашқы мақсатқа бағытталған әрекеті, заттармен әртүрлі әрекет жасауды меңгеруінің негізі болып табылады.

Екінші жарты жылдықта қол қимылдарына байланысты әрекеттер қарқынды түрде дамиды. Бала ұстап алған затын сілкілейді, тарсылдатады, лақтырып қайта алады, тістейді, қолдан қолға ауыстырады және т. б. Жан Пиаже айналма реакция деп атаған біріңғай қайталанушы әрекеттер тізбегі дамиды. 7айдан кейін «өзара сәйкес» әрекеттер кездеседі: бала үлкен заттарға кішкендай заттарды салады, қораптарды ашып, жабатын болады. 10 айдан кейін алғашқы жүйелі әрекеттер, яғни үлкендердің әрекеттеріне еліктей отырып, заттарды қажеттілігіне байланысты дұрыс қолдану қалыптаса бастайды. Бала машинасын сүйрейді, барабанды соғады, ауызынан суы бар ыдысты жақындатады.

Қызығы, бұл жүйелі әрекеттер әлі заттық әрекетке айнала алмайды. Бұл үлкен адамның балаға көрсеткен объектілерімен байланысты, мысалы қуыршақты қалай тербету керектігі және т. с. с. Басқа заттарға әрекет жасау бұл кезеңде әлі байқалмайды.

Сондықтан бала бастапқы кезде өзі анасымен бірге ойнаған қуыршақты тербетеді, ол оған ұқсас басқа ойыншықтармен мұндай қимыл әрекет жасай алмайды. Соған қарамастан жыл соңында бала адамзаттың заттар әлемін тани бастайды. Әрекеттердің әртүрлілігі оны қоршаған объектілердің жаңа қырларын ашуға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға бейімделгенде « мынау не?» деп қана қоймай, « мұнымен не істеуге болады? » деген қызығушылықтар таныта бастайды.

Қабылдау және әрекет - нәрестелік кезеңдегі көрнекі амалдық ойлаудың алғашқы негізін қалаушы баспалдақ. 1жылдың ішінді бала шеше алатын танымдық әрекеттер, бастапқыда қабылдау, содан соң ббелсенді әрекет күрделене түседі.

Жетістіктерге жету үшін бала көру және қателесу әдісімен әрекет етеді. Айтар болсақ, жастық астына қойылған ойыншықты іздеу кезінде, ол алдымен көзіне түскен жастықтың барлығын аудара бастайды.

Қарапайым танымдық міндеттерді нәрестелік кезеңде шешу

2 - кесте

Айшылық жас көрсеткіші
Жетістіктер
Сәтсіздіктер
Айшылық жас көрсеткіші: 0-12
Жетістіктер:
Сәтсіздіктер: Баланың көзінше тығылған зат бақыланбайды және белгілі әрекет болмайды
Айшылық жас көрсеткіші: 2-4
Жетістіктер: Бала қозғалған заттарды көз қарасымен бақылайды, заттың бір орыннан екінші орынға ауысуын қадағалайды.
Сәтсіздіктер: Бала қозғалушы затты тоқтаған кезінде де бақылай береді. Оның жаңа орынға ауысқанын көре отырып, бастапқы орнынан іздейді.
Айшылық жас көрсеткіші: 4-6
Жетістіктер: Бала 2-4 айында жасаған қателіктерін енді жасамайды, орамалмен жартылай жасырылған затты таба алады.
Сәтсіздіктер: Бала орамалмен толық жабылған затты таба алмайды
Айшылық жас көрсеткіші: 6-12
Жетістіктер: Бала орамалмен толық жабылған затты таба алады.
Сәтсіздіктер: Бала көзінше жасырған затты, бастапқы көрген орнынан іздейді.

Бірінші жылының соңында бала күрделі ойын әрекетіне ене бастайды. Бұл кейбір психологтарға Т. Брауэрдің бақылауын келтіруге болады: « Менің қыздарымның бірі түннің бір бөлігін кішкентай заттарды менің алақаныма салып, оны көрінбейтіндей жауып, менің қолымды жаңаң қалыпқ келтіріп, өзінің менің алақаныма салған затының бар немесе жоқ екендігін тексеру үшін алақанымды қайта ашумен өткізді. Ол шамамен таңғы төртке дейін мұнымен қызыға айналысты. » тағыда ескерте кетеміз, баланың осы жас кезеңінде дүниетанымы көрнекі амалдық деңгейде дами бастайды, ал жоспары кейінірек қалыптасады.

Нәресие есі. Нәрестенің танымдық дамуы оның психикасында ес - зерденің аса қарапайым тетіктерінің қалыптасуынан кейін басталады. Алғашында тану пайда болады. Ерте нәрестелік кезеңде - ақ жаңа әсерлермен бұрынғы бейнелерді байланыстыра бастайды. Егер балаға жаңа қуыршақ берсек, ол біраз уақыт бойы оны қарайды, ал келесі күні сол қуыршақты тануы мүмкін. 3-4 айында ол үлкен адамның оған көрсеткен ойыншығын таниды. 4 айлық бала өзіңе таныс затты таныс емес заттан ажырата алады.

Егер ашық түсті ойыншықты екі бірдей орамалдың бірінің астына тығып қойсақ, 8 айлық балалардың кейбіреулері ғана 1 секундта кейін оның қайда жатқанын есіне түсіре алады.

1 жаста барлық балалар, тығып қойған ойыншықты 1-3 секундтан кейін таба алады. Олардың көбісі 7 секундтан кейін де ойыншықтың қай орамалдың астында жасырынғандығын есіне түсіре алады. Мұндай жағдайда 8 айдан кейін зердесінде қайта жаңғырту, образды қалпына келтіру бала алдында ұқсас обьекті болмаса да қалыптасады.

Нәрестелік кезеңде танымдық үрдістермен қатар эмоциалдық дамуды да бақылау қажет. Бұл жол баланың жақын үлкен адамдармен қарым - қатынас жасауымен байланысты дамиды.

Алғашқы 3-4 айда балаларда әртүрлі эмоциялық жағдайлар пайда болады : таң қалу, физикалық (дене) дискомфортын сезген алаңдаушылық

( қимылдың көбеюі, жүрек соғысының жиілеуі, көзінің жұмылуы, жылау)

Қажеттілігін қанағаттандыру кезіндегі еркінсіну.

Бала анасын көрген кезде танып, қуана бастаған кезде (нәрестелік шақ жас кезеңі ретінде осы кезеңнен басталады), ол басқа да жаұын адамдарын тани бастайды, 3-4 айдан кейін ол жақын адамдарын көрген кезде күліп, танымайтын үлкен адамды көргенде жылайды. Егерде танысемесадам өзінің жылы қатынасын білдіріп, баламен сөйлесіп, оған қарап күлсе, балада оған күліп, қуанады, 7-8 айда таныс емес адамды көрген кездегі алаңдаушылық күшейе түседі. Әсіресе балалар таныс емес адаммен жеке қалып коюдан қорқады. Мұндай жағдайда, теріс қарап, еңбектеп, жаңа көрген адамына көңіл бөлмеуге тырысады, ал кейбіреулері қатты жылайды.

Шамамен 7 және 11 ай аралығында анасы көрінбей қалған кезде үрей немесе мұңаю ( ол ұзақ уақытқа немесе бір жаққа белгілі бір уақытқа кеткенде),

« қалып қою » қорқынышы пайда болады. Қалып қою қорқынышы өмірінің екінші жылында 15 немесе 18 ай аралығында асқынады, кейінірек біртіндеп әлсірейді.

Анасымен жәнеде басқа адамдармен қарым - қатынас жасай отырып, нәресте бірінші жылының соңында тек қана эмоциалық қатынасқа түсіп қана қоймай, сонымен қатар әрекетке де ұмтыла бастайды. Ол анасының көмегімен оны қызықтырған қандай да бір затқа, шкаф немесе сөреге, құмыраға, т. б. ұмтылады.

Бала белсенді пайдаланатын ым қимылдары қарым - қатынаты жеңілдетеді, алғысы келген затты, барғысы келген жерін көрсетеді және т. с. с.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
4-5жастағы балалардың психологиялық даму сатыларын анықтау
Арнайы білім берудегі қазіргі арнайы құралдар
Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері – схема Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі жайлы ақпарат
Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі
Балалар ұжымы және ұжымдағы көшбасшылықты дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру
Оқыту мен тәрбиелеу процесінде балалардың псиикалық дамуының негізгі жолдары
Балалар ұжымы дамуының негізгі сатылары және оның қалыптасуы
Мұғалім мен балалардың педагогикалық процестегі ынтымақтастығы
Сөйлеу әрекеті онтогенезі: лексикалық мағынаның шығуы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz