Интернет сипаттамасы


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:
- Кіріспе
а. Интернет туралы ұғым
б. Интернет желісінің тарихы
- Негізгі бөлім
а. Интернеттiң негiзгi қосымшалары
ә. Интернет қызметтері
б. Интернет протоколдары
в. Интернет коммуникациясының моделі
- Қорытынды
- Пайдаланған әдебиеттер
- Мазмұны
Интернет туралы ұғым
Интернет дегеніміз- дүниенің әр түкпіріндегі тұтынушыларды бір-бірімен мәліметтер қоймасы, бейнелер және дыбыстар жазбалары арқылы жеңіл байланыстыратын ең ауқымды желі түрі. Өз көлемін жылдам ұлғайта отыры
( шамамен жылына 200%), ол біздің өмірімізде күннен күнге өте елеулі рөл атқарып келеді.
Қазіргі кезде Интернеттің ең негізгі функцияларына электрондық почта қызметі мен мамандықтары бір немесе ортақ мәселемен айналысатын топтардың немесе зерттеушілердің бір-бірімен жылдам мәлімет алмасуы жатады.
Интернет күннен-күнге қуатты екпін алып, оған көптеген компаниялар мен фирмалар және қарапайым тұтынушылар үздіксіз қосылуда. Компаниялар мен олардың жабдықтаушылары және тұтынушылары арасындағы байланыс дәнекері рөлін атқаратын осы Интернет желісі болып табылады. Қазіргі кезде мекмелер және әрбір жеке отбасы үшін атқарылатын алыстан оқыту жүйелері, алыстан кеңес беру, емдеу жұмыстары тәрізді мәліметті, сөзді, бейнені, қозғалысты қащықтан жылдам жеткізу жұмыстары осы Интернет арқылы жүзеге асырылады.
Интернет - бұл өзіне уникальды жетістіктерді толығымен жинаған технология. Интернет сонымен қатар ең күшті және тәуелсіз ақпарат қоры, байланыстың сенімді және оперативті тәсілі, жер жүзіндегі миллиондаған адамдардың шығармашылық түрде өзін-өзі көрсету және ақпараттық технологияларды дамыту негізі болып табылады. Интернеттің басты тапсырмасы бұл - әр тәуліктік, жоғары сенімді байланыс. Интернетке қосылған кез келген екі компьютер (немесе басқа құрылғылар) бір-бірімен кез келген уақытта хабарласа алады. Ары қарай “Желі” сөзін қолданғанда Интернет сөзіне синоним ретінде Желімен интернет арқылы екі компьютерді байланыстыру мүмкіндігін және олардың өзара байланысын қамтамасыз етуді түсінеміз. Интернетке қосылған әрбір компьютер - бұл Желінің бір бөлігі.
Internet - түрлі хаттамалармен жұмыс істейтін, әр түрлі есептеу машиналарын байланыстыратын, мәліметтерді тасығыштардың (телефон сымдары, оптикалық талшық, радиомодемдер, т. б. ) барлық түрлерімен тасымалдайтын компьютерлік желілердің бірлестігі. Оның өзінің атауы “желі арасында” мағынасын білдіреді.
Internet жүйесіне қосылу әртүрлі әдістермен жүзеге асады, ондай әдістер:
- электрондық пошта (E-mail) ;
- телеконференция (UseNet) ;
- қашықтан қатынас құру (TelNet) ;
- файлдарды іздеу және жеткізу (FTP) ;
- мәтіндік файлдарды меню жүйесі көмегімен іздеу және жеткізу (Gopher) ;
- құжаттарды гипемәтіндік сілтемелердің көмегімен іздеу және жеткізу немесе бүкіл әлемдік өрмек (WWW - World Wide Web) .
Internet жүйесіне қосылған әрбір компьютер өзінің ерекше IP-адресіне ие болады. IP-адрес - ұзындығы 32 бит, әрқайсысы 8 биттік 4 бөліктен тұратын желілік адрес. Ол екі бөліктен - желі адресі және осы желідегі хост адресінен тұрады. Хост (host - қожайын) - желіге тікелей қосылған, өзіндік адресі бар компьютер. Сандық IP-адрестерді адамдар қолдануға ыңғайсыз болғандықтан, IP-адрестерге символдық аттарды сәйкес қоятын механизм қолданылады, оны домендік аттар жүйесі (DNS - domain name system) деп атайды. Мұндай жүйеде пайдаланушы адресі екі бөліктен тұрады:
<пайдаланушы идентификаторы>@<домен аты>
Интернет желісінің тарихы
1957 жылы Кеңес Одағы Жердің жасанды серігін ұшырғаннан кейін, АҚШ Қорғаныс министрлігі ақпаратты тасымалдаудың сенімді жүйесі қажет деп шешті. АҚШ алдыңғы қатарлы зерттеу жобаларының агенттігі (ARPA) осы мақсатта компьютерлік желі құруды ұсынды. Бұл желіні құру Лос-Анджелестегі Калифорния университетіне, Стэнфорд зерттеу орталығына, Юта штатының университетіне және Санта-Барбара қаласындағы Калифорния штатының университетіне тапсырылды. Компьютерлік желі ARPANET деп аталып, 1969 жылы аталған төрт ғылым орталықтарын біріктірді, барлық жұмыстарды АҚШ Қорғаныс министрлігі қаржыландырып отырды. Одан соң, ARPANET желісі жылдам дамып, оны ғылымның әр түрлі салаларындағы ғалымдар қолдана бастады.
Алғашқы ARPANET сервері 1969 жылдың 1 қыркүйегінде Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде орнатылды. «Honeywell 516» компьютерінде 12 КБ оперативті жад бар болатын.
1971 жылы желі арқылы электронды почта жіберуге мүмкіндік беретін алғашқы компьютерлік бағдарлама жасалып, ол кеңінен таралды.
1973 жылы бұл желіге трансатлантикалық телефон сымы көмегімен Ұлыбритания және Норвегияның ұйымдары қосылып, желі халықаралық сипат алды.
1970-жылдары интернет желісі негізінен электронды почтаны жіберу үшін пайдаланылды. Бірақ, интернет желісі басқа техникалық стандарттар негізінде жасалған желілермен байланыс орната алмайтын еді.
1970-жылдардың соңында мәліметтерді тасымалдау стандарттары кеңінен тарай бастады, олар 1982-83-жылдары бір стандартқа келтірілді. 1983 жылдың 1 қыркүйегінде ARPANET желісі NCP протоколынан TCP/IP протоколына көшірілді, бұл протокол қазіргі кезге дейін желілерді біріктіру үшін қолданылуда. 1983 жылы «Интернет» термині ARPANET желісіне байланысты айтылатын болды.
1984 жылы домендік аттар жүйесі (DNS) жасап шығарылды.
1984 жылы ARPANET желісіне бәсекелес пайда болды. АҚШ Ұлттық ғылыми қоры (NSF) университетаралық ауқымды NSFNet (National Science Foundation Network) желісін құрып, оған көптеген шағын желілерді (сол уақыттарда-ақ танымал болған Usenet және Bitnet желілерін қоса) біріктірді, бұл желінің ақпарат тасымалдау қабілеті ARPANET желісіне қарағанда, біршама артық еді. Бір жыл ішінде бұл желіге 10 мыңдай компьютер қосылды.
1988 жылы Интернет Relay Chat (IRC) протоколы жасалып, Интернетте нақты уақытта сөйлесу (чат) мүмкіндігі пайда болды.
1989 жылы Еуропада, Ядролық сынақтар бойынша еуропалық кеңес (CERN) қабырғаларында Бүкіләлемдік тор концепциясы пайда болды. Оны әйгілі ағылшын ғалымы Тим Бернерс-Ли ұсынды, ол екі жыл ішінде HTTP протоколын, HTML тілін және URI идентификаторларын ойлап тапты.
1990 жылы ARPANET желісі NSFNet желісімен бәсекелестікке шыдай алмай, өз жұмысын тоқтатты. Осы жылы Интернетке телефон арқылы қосылудың сәті түсті (Dialup access) .
1991 жылы Бүкіләлемдік тор Интернетте пайда болды, ал 1993 жылы әйгілі NCSA Mosaic браузері пайда болды.
1995 жылы NSFNet желісі бастапқы зерттеу мақсаттарына қайта оралды, енді Интернеттің барлық траффигін маршрутизациялаумен Ұлттық ғылыми қордың суперкомпьютерлері емес, желілік провайдерлер айналыса бастады. Осы жылы Бүкіләлемдік тор FTP арқылы файлдарды тасымалдау протоколын трафик жөнінен басып озып, Интернеттегі ақпарат тасымалдаудың негізгі көзіне айналды, Бүкіләлемдік тор консорциумы (W3C) құрылды. 1996-жылдан бастап, Бүкіләлемдік тор Интернет түсінігін толықтай ауыстырды деп айтуға болады.
1990-жылдары Интернет сол уақыттағы желілердің көпшілігін біріктірді (Фидонет сияқты кейбір желілер интернет құрамына кірген жоқ) . Интернеттің техникалық стандарттары ашық, ал оны басқаратын белгілі бір компания жоқ болғандықтан, интернеттің дамуы жекелеген желілердің бірігуіне көп әсерін тигізді. 1997 жылы Интернетте 10 млн компьютер болды, 1 миллионнан астам домендік аттар тіркелді. Интернет ақпарат алмасудың ең танымал құралына айналды.
1998 жылы рим папасы Иоанн Павел II Бүкіләлемдік Интернет Күнін 30 қыркүйек деп бекітті.
Қазіргі кезде Интернетпен тек қана компьютерлік желілер арқылы емес, сонымен қатар, байланыс спутниктері, радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық-талшықтық желілер және электр желілері арқылы да байланысуға болады.
Интернеттің негізі АҚШ-да жасалғанымен, оның нақты қожайыны жоқ. Әрбір үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып, бұл желінің тек қана өз бөлігіне иелік жасайды.
Алайда, Интернетке жеке дара ешкім де қожалық жасай алмайды. Сондықтан ол шын мәнінде адамзаттың әлемдік қазынасы болып табылады.
Интернеттiң негiзгi қосымшалары
Интернеттің негізгі қосымшаларына:
- Usenet
- FTP
- Чат
- World Wide Web
- E-mail (Electronic Mail) -элeктрондық почта. Желі тұтынушылары аpасында мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі. Ол арнайы почта программалары көмегімен жүзеге асыpылады, мысaл ретінде, Outlook Express программасын атауға болады. Оның көмегімен сіз санаyлы минуттар ішінде хабарды жеткізе аласыз. Ол үшін клавиатурада тиісті хабар мәтінін тeріп, бeлгілі электрондық адрескe жіберсеңіз болғаны. Осынау тәсілдеме арқылы достарыңызбен, әріптестeріңізбен араласуға болады. E-mail адрестік құрылымы:есім@ мекеме. домен
- Usenet- бір-бірімен жаңалықтар алмаcып отыратын бейкоммерциялық, бейформалдық, дәлірек айтқандa анархиялық жүйелер тобы. Белгілі бір серверде кездеседі. Usenet - тегі жаңалықтар тобы - дүние жүзіндегі адамдардың пікірлесетін, яғни ақпарат алмасуына арналған электрондық пікірталас топтары. Мұндай жаңалық топтарындa белгілі бір тақырыпқа арналған көптеген мақалаларды оқуға болады, олар әртүрлі тақырыптарды талқылауға да арналады. Usenet-тегі жаңалықтар ретінде оқыған мақаңызға жауап беpуге және өз ойларыңызды мақала рeтінде жариялауға болады(тақырыптар түрлі)
- FTP (File Transfer Protocol) - Файлдарды жіберу протоколы- бұл көбінде үлкен көлемдегі файлдарды жіберу кезінде қолданылатын Интернттің қосымшасы. FTP көмегімeн кез келген файлдарды жіберуге және қабылдауға болaды.
- Чат (IRC -Internet Real Chat) -Интернеттің тағы да бір қосымшасы, желіде нақтылы уақытта интерaктивті сұхбаттасу. Әңгімeлесушілер бір-бірімен өз компьютерлeріндегі клавиатурадa сөздерді теріп жібереді жєне ол сөздер бірнеше секундтардан кейін сұхбаттасушыларға монитордан көрінеді, осындай тәсілмен әңгімелесулеріне болады.
- World Wide Web (WWW немеcе Web) - гипермәтіндік құжатИнтернет мәліметтерін жеңіл көpуге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді. Web- тің әр бетінің басқа парaқтармен байланыcын көрсететін сілтеме белгілері бар, оны бір-бірімен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен кітапхана деуге болады. Бір тораптық компьютeрде орналасқан мәліметтер Web кітабы сeкілді, ал оның беттeрі кітап парақтарын көзге елестетеді. Бұл беттердегі мәліметтер дүниенің кез келген нүктесінде орнaласа береді. Солар арқылы жер шарындағы барлық сервеpлік компьютерлердeгі ақпараттар көз алдыңызда орналасады, мұнда қашықтағы-қымбат, жақындағы-аpзaн деген ұғым жоқ, олардың бағасы тек мәліметтің көлемінe немесе сіздің байланысып отырған уақытыңыздың ұзақтығына байланысты. Түйінді компьютерлердeгі мәліметтің бірінші беті кітаптың мaзмұны тәрізді, әрбір беттің URL (Universal Resorse Locator) форматында берілген өзіндік адресі болады. Ол беттердегі мәліметті оқу «көру жабдықтaры» деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады.
Интернет қызметтері
Қазіргі заманғы кең тараған Интернет қызметтері:
- Бүкіләлемдік торВеб-форумдарБлогтарУики-проекттер (Уикипедия) Интернет-дүкенИнтернет-аукцион
- Электронды почта
- Жаңалықтар топтамасы (негізінен, Usenet)
- Файл-алмасу желілері
- Интернет-радио
- Интернет-теледидар
- Электронды кітап
- IP-телефония
- Мессенджерлер
- FTP-серверлер
- IRC (веб-чаттар)
- Іздеу жүйелері
- Интернет-жарнама
- Өшірілген терминал
- Төлем жүйелері
Интернет протоколдары
Бұл жағдайдағы протокол түсінігі - желімен жұмыс жасаған кездегі компьютерлер арасындағы мәліметтер алмасу «тілін» білдіреді. Әртүрлі компьютерлер бір-бірімен байланысу үшін, олар бір протоколмен байланысуы керек. Internet жүйесінде қолданылатын негізгі хаттамалар - TCP/IP (Trans-mission Control Protocol/Internet Protocol) хаттамалар жиынтығы. IP - желілік деңгей, TCP - көліктік деңгей хаттамалары. Арналық және физикалық деңгейде мәліметтер жеткізу орталарының бар көптеген стандарттарын қолдайды.
TCP/IP - Интернет желісіне қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.
IP (Internet Protocol) - мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе кестелерге бөлетін желіаралық хаттама
TCP (Transmission Control Protocol) - мәліметті жөнелту ісін басқаратын хаттама, ол жілідегі ақпарат кестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады
Қолданбалы деңгейдегі маңызды хаттамалар;
- DNS
- FTP
- HTTP
- HTTPS
- IMAP
- LDAP
- POP3
- SMTP
- SSH
- Telnet
- XMPP (Jabber)
- SNMP
Домендік Атау Жүйесі (ағылш. Domain Name System - орыс. Система Доменных Имён ) - Интернет желісіндегі IP адрестерінде - компьютердің атын есте сақталатын домендік атауға (мысалы, www. ip. com) ауыстыру механизмі. Мұндай өзгертулер атаудың домендік жүйесінің арнайы серверлерінде автоматты түрде атқарылады.
FTP (ағылш. F ile T ransfer P rotocol - файл апарғызу хаттамасы ) - компьютерлік желі арқылы файл алмасуға арналған хаттама.
HTTP (ағылш. H yper T ext T ransfer P rotocol - еренмәтін апарғызу хаттамасы ) - Интернетте HTML беттерін алмасу үшін арналған хаттама.
POP3- әртүрлі желілік хаттамалар арқылы өздерінің пошталарын алуға мүмкіндік береді
SMTP (ағылш. Simple mail transfer protocol - поштаны жіберудің қарапайым хаттамасы) дүниежүзіндегі жалпы қабылданған электронды поштаның алмасу хаттамасы болып табылады.
SSH (ағылш. S ecure SH ell - «қауіпсіз қабықша») - операциялық жүйені қашықтан басқаруға және TCP- (мысалы, файлдарды тасымалдау үшін) мүмкіндік беретін сеанстық деңгейдегі желілік протокол. Қызметі жағынанTelnet және rlogin протоколдарымен ұқсас болғанымен, олардан айырмашылығы - барлық трафикті, парольдерді шифрлейді. SSH әртүрлі шифрлеу алгоритмдерін таңдауға мүмкіндік береді. Желілік операциялық жүйелердің басым көпшілігінде SSH-клиенттер және SSH-серверлер бар.
SSH қорғалмаған ортада басқа кез келген желілік протоколды тасымалдауға мүмкіндік береді, осылайша, қашықтағы компьютермен командалық қабықша арқылы ғана емес, сонымен қатар, шифрленген арна арқылы дыбыс ағынын немесе бейнені (мысалы, веб-камерадан) тасымалдауға болады [1] . Сонымен қатар, SSH тасымалданатын мәліметтерді шифрлеу алдында сыға алады, бұл мүмкіндік X Window System клиенттерін қашықтан қосуға ыңғайлылық тудырады.
Telnet- қашықтан қатынас құру. интернет желісіеің ақпараттық көздерінің басым бөлігі WWW арқылы ашылады, бірақ та көп жағдайларда интернет желісіне қосылған компьютерлерге базалық және ең ескі интернеттік хаттмалардың бірі telnet-ті қолдана отырып өшірілген терминал режимінде қосылу қажеттілігі туады.
Jabber- Хаттарды жіберуге болады. Jabber қолдайтын басқа программалар арқылы лезде хаттармен алмаса алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz