Ғабиден Мұстафин шығармаларындағы тарихи шындық



Жоспар:
І Кіріспе
1.1Қара сөздің зергері . Ғабиден Мұстафин
ІІ Негізгі бөлім
2.1Жазушы шығармаларының негізгі тақырыптары
2.2 Қаламгер туындыларындағы тарихи шындық
2.3Мұстафин шығармаларының құндылығы
ІІІ Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Ғабиден Мұстафин әдебиетімізде өзіндік орны бар қаламгер. Жазушы шығармаларынан ескен шындық - дән салмағынан басын көтере алмай, маужырай тербелген қалың бидай мен гүрсілдеген шыңырау шахтаны аралатып, туған өлкеге көз жібертеді – еңбекке толы уақытты, қарапайым еңбек адамын көресіз. Ғабиден Мұстафин жағымды кейіпкерлердің тұтас бір тізбегін жасады. Олар жарқын болашақ үшін батыл күресіп, ел- жұртының арман-тілегі, мүдде-мақсатының орындалуына аянбай ат салысты – азаматтық тұғырдан түспеді. Өз заманымен тығыз байланысып, күш-қуатын уақыт алдындағы борышты өтеуге арнау, өз замандасына аянбай қызмет ету, еңбек адамының ой-арманын, баянды ісін мадақтай жырлау, белсенді кұрескер биігінен таймау - Ғабиден Мұстафиннің рухани келбеті.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. А. Т.9.2008
2. Қазақ әдебиетінің тарихы . 3-том, бірінші кітап. – Алматы: Ғылым,1967.
3. Кәкішев Т., Дүйсенов М. Ұлы Октябрь шуағы.- Алматы, 1961
4. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы.- Алматы, 1971
5. Базарбаев М., Нарымбетов Ә. Отан соғысы кезіндегі әдебиет. –Алматы,1984
6. Ахтанов Т. Көкейтесті. Әдебиет туралы ойлар.- Алматы, 1980
7. Әбдірахманов Т. Жаңа ғасыр көгінде. –Алматы,1969
8. Шалабаев Б. Қазақ прозасының тарихы.-Алматы,1968

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
І Кіріспе
1.1Қара сөздің зергері - Ғабиден Мұстафин
ІІ Негізгі бөлім
2.1Жазушы шығармаларының негізгі тақырыптары
2.2 Қаламгер туындыларындағы тарихи шындық
2.3Мұстафин шығармаларының құндылығы
ІІІ Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Ғабиден Мұстафин әдебиетімізде өзіндік орны бар қаламгер. Жазушы
шығармаларынан ескен шындық - дән салмағынан басын көтере алмай, маужырай
тербелген қалың бидай мен гүрсілдеген шыңырау шахтаны аралатып, туған
өлкеге көз жібертеді – еңбекке толы уақытты, қарапайым еңбек адамын
көресіз. Ғабиден Мұстафин жағымды кейіпкерлердің тұтас бір тізбегін жасады.
Олар жарқын болашақ үшін батыл күресіп, ел- жұртының арман-тілегі, мүдде-
мақсатының орындалуына аянбай ат салысты – азаматтық тұғырдан түспеді. Өз
заманымен тығыз байланысып, күш-қуатын уақыт алдындағы борышты өтеуге
арнау, өз замандасына аянбай қызмет ету, еңбек адамының ой-арманын, баянды
ісін мадақтай жырлау, белсенді кұрескер биігінен таймау -- Ғабиден
Мұстафиннің рухани келбеті.
Қазақ әдебиетінде шаруа еңбек адамдары тақырыбына жазылған шығармалардың
ішіндегі айрықша көркемдік қуатқа ие болғаны – Шығанақ романы. 
Өмірдің талай бел-белесін басынан кешірген Олжабек бейнесі өзінің типтік
сипатымен ауылдардағы миллиондаған орта шаруаның жолайырықтағы әуре-
cарсаның шыншылдықпен әйгілейді. Өзімдікі дегенде өзегі талып,
көкірегінің күйгеніне қарамай, жалғыз саяғын көш жерден іздейтін Олжабектер
аз болған жоқ. Бұл өмірден алынған шындық еді. 
Табиғатында момын, қақ-cоқпен ісі жоқ Олжабек азын-аулақ жиған-тергеніне
қатер төнгенінде шиыршық атып шыға келеді – кәкір-шүкірін ортаға өткізуге
іші қимай, үй-ішімен колхоздан қашып, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған
Жерұйықты іздеп жөнеледі. Ойлап қараңдар: жылдар-жылдар тырнақтап жиған көз
құртты – азғантай малынан айрылғалы тұрғанын сезгенде Олжабектің көкірегіне
дерт құйылып, тұла бойы қызғаныштан удай ашиды – тас қияны паналап,
айдалаға безіп кетеді. Ал, дәл осы кезде Россия орталығында Никита
Моргунок, шалғайдағы қара қазақ Олжабектей, еркіндік іздеп қаңғи жөнеледі.
Олжабектің көрген күні қараң: әйелі мен баласынан, қызғыштай қорыған
байлығынан айрылған, бандының талауына түскен, өлімші болып сабалған
Шығанақ ел ішіне қайта оралып, қызу еңбек еткен сүттей ұйыған абзал жандар
ортасынан құтты қоныс, бақыт табады. Сөйтіп, жазушы сайы мен саясы мол
өмірді, қаға берісі мен қалтарысы көпт адам тағдырын бар болмысымен
тұтастай ашады. 
Романның бас қаћарманы – Шығанақтың өмір жолы --- адам деген ардақты атты,
түсте көрген арманын, бақытын еркін еңбек, қосқан өмірден тапқан қазақ
кедейінің жолы. Шығанақтың тағдыры да жеңіл емес. Тағатсыз ой шырмауы,
тынымсыз еңбек, ел қамы, жер сәні – кәрі тарланды күрке босағасынан тұрмыс
шыңына көтерген рухани кеңістігі. Кешегі қара табюан тақыр кедей – бұл
күнде төңірекке азаматтық биік мұнарадан көз жібереді, ол өмірдің қадір-
қасиетін, өз борышын түсінген жан. Шығанақ бұл күнде – арамдыққа душар
болса, табан тіреп қарсы тұрар, адалдық үшін жанын қияр азамат. Өмір
теркісін жұмыр басы жетерліктей көрген ел атасы – Шығанақ өзінің, өзі
сияқты еңбек сүтін емген шымыр білек жандардың өмірдегі ізгі орнын әбден
ұққан: адамды (Олжабекті) өзгерту, құлазыған шөлейт даланы құлпырту, өмірді
сәндеу өз қолының ісі екенін жақсы түсінген. 
Миллиондаған ауыл шаруасының өмір жолы -- өз мүлкіне деген санасының
өзгеруі оңай болмаған. Жазушы табиғатты өзгертуші бейбіт еңбек адамын
жырлай отырып, өмірге нәр беріп, адамның өзін жаңғыртатын жасампаз еңбекті
дәріптейді. 
Егер Олжабек соқпағы колхоздастырудың аоашапқынын қамтыса, романның негізгі
оқиғасы – екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы еңбек адамының ерлігі.
Барлық оқиғаның ортасында – ақ тарының атасы Шығанақ Берсиевтің өмірі мен
ерлігі, әлемді таң қалдырған рекорды. Шығанақ бейнесін, - деп жазды Мұхтар
Әуезов, - жазушы халық бойындағы даналық қасиеттің жаңа сападағы бір
үлгісі, өнегелі адам сипаты етіп, көтере көрсеткен .Соғыс жылдарында сусыз
сараң сахарада ғажайып мол егін -- өнім алған еңбек даналығын келісті ғып
көрсете білген. Шығанақ бейнесінде еңбек таразысын танытатын өзі дана,
барынша адал пейілді адам бейнесі жақсы сипатталған. Шығанақтың тұлғасы
мен ерлігі әлем жұртшылығының назарын аударды. Атақты неміс ақыны Бартольд
Брехт арнаулы поэма жазды. Қызығы мол, қиындығы сан алуан аға ұрпақ
тағдырын, нұрлы келбетін қаламгер қастерлей бейнеледі.Біз бір сәт диқан
қарт Шығанақпен бірге Ақтөбе жазирасының жусан иісімен сергек тыныстап,
жылы топырақты уыстап тұрып: Дән себер сәт туды!! деп, дәл басып, кесіп
айтып, туған жердің қадір-қасиетін зердесіне тоқи білген көне көз еңбек
адамының келбетіне, шуақ көңіліне сүйсіне қарасақ, енді бір сәт Александр
Твардовскийдің Никита Моргунок, немесе Михаил Шолоховтың Кондрат
Майданниковіне ұқсап азын аулақ жиған-тергенін қызғыштай қорғап, ит арқасы
қиянда қалбалақтап бара жатқан Олжабектің де көкірек күйін түсінеміз. 
Шығанақ тұлғасының халықтық сипатын, типтік қасиетін терең ашқан ұлы
Мұхтардың сөзі мейлінше ақиқат: Геройдың -- (Шығанақ) ішкі-тысқы сын-
сыйпаттарын алып суреттейді. Адамның ішкі cезімдері, ой толғау, қажырлы
арманы халықтық кең қызықты мінездер ретінде әдемі үйлесіп, тұтаса
қалыптасқан. . Тағдыры да, қимыл-қарекеті де қилы-қилы аға ұрпақ --
әкелеріміз Шығанақ пен Олжабек өз замандасының типтік қасиетін бойына
топтастырған мәнді, жанды бейне. Олардың өмір жолы, мінез құлқы шыққан
ортасына, топырағына сай. Сүйіп-сүйсініп отырып, жазушы оларды киіз байпақ,
саптама етігімен -- сол өмірдегі өз қалпымен суреттейді. Ұлттық сипатпен
бірге олардан адамгершілік асыл қасиеттің қалыптасуын көреміз. Жаңарып,
қайта туған Шығанақ, Олжабек бейнелері Отанға деген қуаныш сезімінің,
сөнбес махаббаттың көркем сөз кестесіне түскен ескерткіші іспетті. 
Соғыстан кейінгі халық шаруашылығы мен әдебиетіне арналған Миллионер
повесінде ауыл еңбекшілерінің рухани-әлеуметтік келбеті кеңінен
бейнеленген. Колхозды ауылдың жаңа кезеңін суреттейтін Миллионер повесі
Шығанақ романының заңды жалғасындай: тақырып - біреу, кейіпкерлер -
жүйелес, бірақ уақыт жағынан екі кезең суреттелген. Жаңа уақытқа сай жаңа
әуен-бояумен әрлендірген Миллионер ауылдың келешегін паш етеді, жаны сұлу
адамдар жырланады. Кезінде сыншылар: шығарманың негізгі тартысы Жомарт пен
Жақып жоспарына байланысты еді деп, - талданған-ды. Бұл дұрыс та, бірақ бұл
тартыс күрделі әлеуметтік- қоғамдық құбылысы ашуға дәнекер ғана. Өйткені
осынау тартыс үстінде жас қауымның ой шеңберінің керемет өскенін, жаңа
көзқарасты азамат болып қалыптасқанын, жаны таза, адамгершілігі мол жандар
екенін көреміз. Кейін Миллионер шет тілдердің тіліне аударылғанда
шығарманың осы жарқын рухы жоғары бағаланған-ды. Миллионердің
кейіпкерлері – талғамы биік, cезімтал жандар, олар өмірдің сұлу табиғатын,
терең түсінеді, өмірді халықтық тұрғыдан бағалайды. Егер Шығанақ
романындағы Олжабектер: Қайтсем, өмірден опық жемей, жылы ұя табам! деп
жеке басының қамын ойлап жанталасса, Миллионердің кейіпкерлері: Қайтсем,
еліме, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғабиден Мұстафиннің өмірі
Ғабиден Мұстафин өмірі және шығармашылығы
Ғабиден Мұстафин - қазақ әдебиетінің классигі
Ғ.Мұстафиннің сыншылық табиғаты
ҒАБИДЕН МҰСТАФИН ПРОЗАСЫ ЖӘНЕ ЖАЗУШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАРАЛЫҒЫ
Мұстафиннің рухани келбеті
Ғабиден Мұстафин өмірі мен шығармашылығы
Лирикалық проза
Айқын Нұрқатовтың сыншылық ерекшелігі
ДҮЛДҮЛІ ДАРХАН ДАЛАНЫҢ (Ғ. Мұстафиннің Дауылдан кейін романы Б. Шалабаев талдауында)
Пәндер