С.Мұқановтың ғылыми зерттеу еңбектері


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

І Кіріспе

  1. С. Мұқановтың шығармашылық ғұмырбаяны

ІІ Негізгі бөлім

2. 1 Жазушының әдебиеттану саласындағы іргелі еңбектері

2. 2 Сәбиттің әдебиет тарихы және ақын-жыраулар шығармашылығы туралы зерттеу еңбектері

2. 3 Қаламгердің қазақ әдебиеті туралы ойлары

ІІІ Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Творчестволық еңбек көп қабатты, көп қатпарлы дүние. Бір жай ақиқат - кез-келген үлкен қаламгер творчествосы жайында ол зерттеліп аяқталған деген пікір дұрыс болмайды. Әр ұрпақ жазушы қалдырған әдеби мұраны әр қырынан келіп ашады. Әдебиетшілер айтатын «әр ұрпақтың өз Пушкині, әр ұрпақтың өз Абайы бар» деген пікір де осы жайдан туындаған. Белгілі бір уақытта зерттеліп бітер болса, ол шын жазушы емес, ал оның жазғаны шынайы көркем шығарма болмағаны. Міне, осы жайдан келіп, табиғи талантты жазушы қаламынан туған, шынайы көркем творчестволық әлемді күн өткен сайын қайта оралып келіп, қайта қарап, бұл саладағы жетістікті айтып, кемшілікті көрсетіп, ашылмаған қабаттарын ашып, айтылмаған ойларды айту әрбір кезең әдебиетшілері міндетіне айналады. Бұл - заңдылық.

Қаламгер Сәбит Мұқанов мұрасына да осы заңдылық тұрғысынан келуіміз керек. Сәбит Мұқанов - өндіріп көп жазған, соңына мол мұра қалдырған жазушы. Мол мұра жайында аз жазылған жоқ. Сөйте тұра Сәбит Мұқановтың көзі тірісінде жазылған зерттеу еңбектерінің біршамасы біртекті, бірсарынды екенін де айту парыз. Атап айтқанда, ол зерттеулердің біразы тап пен тақырып төңірегінде. Үлкен қазақ жазушысы жайындағы зерттеулер әлі күнге жалпылама келеді. «Ботакөз», «Мөлдір махаббат» секілді бірді-екілі шығармалары ғана болмаса, көп туындылары жазылу, жаратылу, тарих-тағдыры тұрғысынан зерттелмеген. Сондай зерттелмеген туындының бірі - «Балуан Шолақ». Тереңдік пен көркемдікті көлемге қарап өлшеген кеңестік дәуірде «Балуан Шолақ» туындысы елене қоймады. Оның үстіне бұл шығарма кезінде Кенесары Қасымұлы жайындағы тарихи шындыққа негізделген эпизодтары үшін біраз уақыт қолданыстан алынып қалған. Бірсыпыра уақыт тыйым салынған шығарма әдеби сында да көп әңгіме болмаған.

1917 жылғы Қазан төңкерісін қазақ халқына келген теңдік‚ бостандық деп танып‚ әдебиетке кедейдің жырын жырлай келгендер ішінде коммунистік идеяға берілгендігімен ерекше көзге түскен Сәбит Мұқанұлы тек көркем шығарма жазумен ғана айналыспай, 1920-30 жылдары әдебиеттегі идеялық күреске белсене араласып‚ сын мен әдебиеттану саласында да қалам тартты. Сәбит Мұқанұлы әдебиетке араласқаннан бастап-ақ дәуір‚ заман алға қойған тақырыптарға қалам тербеді. Ол қазақ әдебиетінің барлық жанрында өндіре еңбек етті. Жазушы қаламынан туған әдеби мұра сан жанрлы, мол көлемді, идеялық-эстетик. мәні жоғары да бағалы. Оның артында қисапсыз мол мұра - 80 мың жолға жуық лирикалық өлең, жиырмаға тарта поэма, бірнеше повесть пен роман, көптеген әңгіме, очерктер, оннан астам пьеса, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын талдайтын монографиялар мен қазақ мәдениетінің тарихы және этнографиясы туралы зерттеу еңбектер‚ т. б. сан-салалы кітаптар қалды.

қанов Сәбит Мұқанұлы (1900-1973) - қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі.

Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Сәбит Мұқанов атындағы ауылда туған. Омбыдағы оқытушылар курсын, Орынбордағы жұмысшылар факультетін, Мәскеудегі Қызыл профессорлар институтының әдебиет бөлімін бітірген.

Ауыл молдасынан оқып, хат таныған. Жасынан ел аузындағы жыр-толғауларды, қисса-дастандарды жаттап, мақамдап айтып үйренген. 14-15 жасынан өлең-жырды ауызша да, жазып та шығара бастайды. 1918-1919 жылдары Омбыдағы оқытушылар курсында білім ала жүріп Мағжан Жұмабаев хатшылық еткен. Оқуды бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болды. 1921 жылы Ақмола губерниясы мемлекеттік саяси басқармасының төтенше әскери бөлімнің жауынгері болды. 1921-1922 жылдары әр түрлі қызметтер атқарып, ел арасында астық жинау жұмысын жүргізген. 1922-1926 жылдары Орынбордағы жұмысшылар факультетінде оқыған. 1926-1928 жылдары баспасөз орындарында қызмет атқарып, республикалық «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеті бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Мемлекеттік баспасының бас редакторы қызметтерін атқарған. 1928 жылы Петропавл қаласының «Кеңес ауылы» газетінің редакторы және Жазушылар бөлімінің жетекшісі болған. 1930 жылы жергілікті ақын-жазушылар шығармалары негізінде «Жарыс» альманағын шығарған. 1932-1935 жылдары Мәскеудегі Қызыл профессорлар институтының әдебиет бөлімінде оқыған. 1935 жылы республикалық «Кеңес ауылы», «Қазақ әдебиеті» газеттерінің редакторы болып, 1936-1937 жылдары Қазақстан Жазушылар одағын басқарған. 1937-1941 жылдары Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институттың профессоры болып, қазақ әдебиетінен сабақ берген. 1943-1951 жылдары екінші рет Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы қызметін атқарған. 1958-1969 жылдары Дүниежүзілік Бейбітшілікті қорғау комитетінің мүшелігіне, 1965-1969 жылдары Араб елдерімен достық жөне мәдени байланыстар қоғамы қазақ бөлімшесінің төрағалығына сайланған.

Сәбит Мұқанов әдебиетке араласқаннан бастап-ақ дәуір, заман алға қойған тақырыптарға қалам тербеді. Ол қазақ әдебиетінің барлық жанрында өндіре еңбек етті. Жазушы қаламынан туған әдеби мұра сан жанрлы, мол көлемді, идеялық-эстетикалық мәні жоғары да бағалы. Ол 80 мың жолға жуық лирикалық өлең, жиырмаға тарта поэма, бірнеше повесть пен роман, көптеген әңгіме, очерктер, оннан астам пьеса, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын талдайтын монографиялар, қазақ мәдениетінің тарихы және этнографиясы туралы зерттеу еңбектер, тағы басқа сан-салалы кітаптар жазды.

Сәбит Мұқановтың алғашқы өлеңдері мен поэмалары, мақалалары мен әңгімелері («Көңілім», 1917; «Бостандық», 1919, т. б. ) 1917 жылдан жариялана бастады. Ол 1924 жылы өлеңдер мен мақалалардан және аударма шығармалардан тұратын «Совет өкіметі һәм қазақ әйелі» атты тұңғыш кітапшасын шығарған. 20 жасынан поэма жаза бастады: «Балбөпе», «Жетім қыз», «Батырақ», «Қанды көл», «Жүйткі, қара айғырым», 1926-1927 жылдары «Кешегі жалшы мен бүгінгі жалшы», «Октябрьдің еткелдері» поэмалары, «Ақбөпенің сыры» повесі жарық көрген. 1928 жылы «Сұлушаш» дастаны, 1931 жылы «Адасқандар» романы (орыс тілінде «Сын бая», 1934), тағы басқа туындылары жарияланды. «Сұлушаш» дастанында ғашықтық, махаббат мәселесін көтере отырып, әлеуметтік мәні зор түйіндерді толғаған. Ал «Адасқандар» романы қазақ әдебиетіндегі тұңғыш романдардың бірі саналды. Ол бұл романды едәуір өзгерістер енгізіп, 1959 жылы «Мөлдір махаббат» деген атпен қайта бастырып шығарды.

Сәбит Мұқанұлы қазақтың 19 ғасырдағы ойшыл-ғалымы Ш. Ш. Уәлихановтың өмірі мен шығармаларын ұзақ жылдар бойы терең зерттеді. Осы жөнінде шығарма жазу мақсатын жүзеге асыру үшін Қытайда, Шыңжаң өлкесінде болып, Шоқанның сонда өткізген өмір кезеңдерін, бастан кешірген оқиғаларын зерттеп білді. Омбы және Ленинград қалаларының мұрағаттары мен кітапханаларында болып‚ Шоқан өміріне қатысты материалдар жинады. Соның нәтижесінде оның қаламынан «Жарқын жұлдыздар» атты зерттеу еңбегі туды.

Сәбит Мұқанұлы әдебиеттану саласына да көп еңбек сіңірді. Ол өз ұлтының көркем мұрасын терең игерумен бірге‚ поэзия теориясының қағидалары мен ережелеріне‚ өлең құрылысына жіті көңіл бөлді. Орыс символизмінің әдеби‚ эстетикалық және философиялық мәндерін ұғына отырып‚ оны өз өлеңдерінде қолдана білді. C. Сейфуллиннің «Советстаны» мен І. Жансүгіровтің «Дала» поэмаларындағы фольклорлық ізденістерге‚ ұйқас‚ ырғақ‚ шумақ құрылысындағы соны өзгеріс-құбылыстарға зер салды. «Поэзия мәселесі» дейтін зерттеуінде (1933) «Маған қазақ өлеңінің 4 аяқты‚ 6 аяқты‚ 8 аяқты түрлері күрделі пікір айтуға қолды байлайтын секілденді. Сондықтан мен «Тұрмыс тұлпары» өлеңімнен бастап халық әдебиетінің шұбыртпалы түріне бет алғандай болдым. Маған шұбыртпалы түрдің («Қобыланды»‚ «Алпамыс») екпіні‚ ырғағы 6 аяқтардан күшті сияқтанды. Шұбыртпалы түрдің құшағы пікір құшақтауға кең тәрізденді» деп жазады.

Ол сонымен қатар қазақ ауыз әдебиетін зерттеді, фольклор және көне жазба мұраларды жинап бастырды. Қазақтың батырлық және ғашықтық жырларының жанрлық ерекшеліктері мен композициялық‚ сюжеттік ұқсастықтарын салыстыра отырып‚ олардың халық шығармашылығындағы орнын анықтады. Эпикалық жырлардың жанрлық тарихи сипаттары мен әдебиеттегі орнын белгілеуде фольклорлық мұраны жариялау‚ зерттеу ғылымына өзіндік үлес қосты.

18-19 және 20 ғасырларлардағы әдебиет тарихы және ақын-жыраулар шығармашылығы туралы зерттеу еңбектер жазды. 1929 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде «Әдебиет туралы ашық хат» жариялап‚ онда "Қазақстанда әдебиетті зерттеу жөнінде істелген іс атымен жоқ‚ сондықтан біздің міндетіміз аздап болса да‚ әліміз жеткенше осы істелмей жатқан іске атсалысу" деген пікірін білдірді.

Сәбит Мұқанұлының қазақ әдебиеті туралы зерттеу нысандарын‚ негізінен‚ 18-19 ғасырлардағы қазақ әдебиеті, Шоқан Уәлиханов пен Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы‚ 20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті деп бөлуге болады. Оның «20-ғасырдағы қазақ әдебиеті» (1932) атты кітабы сол кезеңдегі қазақ әдебиетінің шындығы мен дамуы жайында жарияланған бірден-бір еңбек болды. Еңбекте А. Байтұрсынов‚ М. Дулатов‚ Ж. Аймауытов, Ғұмар Қараш‚ С. Торайғыров‚ С. Дөнентаев‚ Б. Күлеев‚ Жұмабаев‚ М. Әуезов‚ т. б. ақын-жазушылар шығармаларына кезеңнің саяси талабына сай сыншылдық көзқарас тұрғысынан келгенімен‚ көркемдік тұрғыдағы озық үлгілерін шынайы бағалады. Жұмабаев туралы «Ақындық жағынан келгенде Мағжан‚ әрине‚ қазақтың күшті ақындарынан саналады. Қазақтың тілін байыту ретінде‚ әдебиетке жаңа түрлер енгізу ретінде Мағжанның еңбегі көп‚ Абайдан кейін тіл өнегесінде Мағжаннан асқан ақын жоқ» атты пікірін ашық жазды. «Қазақтың 18-19 ғасырлардағы әдебиетінің тарихынан очерктер» (1942‚ кейін тыйым салынған) атты монографиясында ақын-жыраулар (Бұқар‚ Байтоқ‚ Жанұзақ‚ Махамбет‚ Шортанбай‚ Шернияз, Мұрат, т. б. ) поэзиясы мен жыр-дастандарға‚ сондай-ақ атақты тарихи тұлғаларға (Абылай‚ Кенесары) қазақ халқының ұлт-азаттық күресі тұрғысынан қарады. Сәбит Мұқанов қазақ елінің мүддесі‚ халық тағдыры тұрғысынан патша өкіметінің отаршылдық саясатын сынға алды. Сонымен қатар ол осыған дейін бір жүйеге түсіп жіктелмеген‚ жеке ғылыми талдау жасалмаған қазақ халқының айтыс өнерін зерттеу нысанына айналдырды. Оның 1944-45 жылдары жазылып‚ 1961 жылы жарық көрген «Абай Құнанбаев» монографиясы автордың Абай туралы пікірлерінің және қазақ әдебиетінің өткені мен бүгіні жайлы көзқарастарының өсіп-жетілу кезеңдерін көрсетеді. Бұрынырақтағы «Қара тақтаға жазылып қалмаңдар‚ шешендер» («Еңбекші қазақ», 01. 03. 1923) атты мақаласында ол Абайды ескішіл‚ байшыл ақындар қатарына жатқызып‚ үстем тап ақыны деп санаған болса‚ аталған монографияға дейін Абай болмысын танытатын көптеген құнды мақалалар («Абайды тану жолындағы пікірлер» («Қазақ әдебиеті»‚ 29. 11. 1934) ‚ «Абай - халық ақыны» («Әдебиет майданы»‚ 1937‚ № 4‚ 5) ‚ «Абайдың шәкірттері туралы» («Әдебиет және искусство»‚ 1951‚ №7‚ т. б. ) жазып‚ Абайтануға үлкен үлес қосты. Сондай-ақ оның «Саяхаттар» (1954), «Туған жердің тыңында» (1955), «Тыңда тұнған байлық» (1957), «Алыптың адымдары» (1959), «Замандас туралы аңыз» (1961) атты кітаптарында 200-ден астам әдеби-сын мақалалары жинақталған. Оның «Өсу жолдарымыз» (1960), «Жарқын жұлдыздар» (1964), «Халық мұрасы» (1974‚ «Қазақ қауымы»‚ 1995) атты монография, зерттеулері қазақ халқының мәдениеті, тілі, өнері, материалдық тұрмысы‚ т. б. туралы жазылған сүбелі еңбек болып саналды. Сәбит Мұқанов жаңа өмірге‚ бақытты өмірге қол жеткіземіз деп сендірген қоғамдық күштермен бірге социалистік идеяларға үн қосып‚ туған елінің мүддесіне‚ халық кәдесіне жарайтын жақсылық табуға ұмтылды‚ суреткерлік дарыны мен қайраткерлік қарымын сарқа жұмсап‚ аянбай еңбек етті. Осы жолда кеңестік идеологияны қолдамаған алашшыл ақын-жазушыларды сын тезіне алып‚ тапшылдық ұстанымдарын айқын танытты. Әйтсе де олардың жазушылық‚ ақындық талантын жоғары бағалады‚ оларды қазақ кеңес әдебиетіне қызмет етуге шақырды. Қазақ халқының ұлттық тілі мен мәдениетіне қатысты Кеңес өкіметінің әр кезеңдердегі солақай шешімдеріне қарсы шығып‚ өзі сенген биліктің сынына да ұшырады. Осы кезеңде Сәбит Мұқанұлына «Алашорда ақыны Мағжанға қамқорлық көрсетті‚ С. Сейфуллин бастаған ұлтшылдар тобында болды‚ буржуаздармен ымырашылдыққа барды» деген айыптар тағылып‚ саяси сенімсіздік көрсетілді. 1951 жылы 13-15 маусымда Қазақстан ҒА-сы мен Қазақстан Жазушылар одағының (Төралқа мүшелерінің) Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасы жөнінде өткізген пікірталасынан кейін Әуезов‚ Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов‚ т. б. әдебиет зерттеушілерімен бірге Сәбит Мұқанұлының да Абайтанудағы «қателіктері» көрсетілді (Әуезовтің «Литературная газетаға» жазған ашық хаты‚ «Абай» журналы‚ № 2‚ 1996) . 1956 жылы Қазақстан КП ОК қазақ баспасөздерін аудару арқылы дубляж жасауды ұсынғанда алғаш болып Сәбит Мұқанұлы қарсы шықты. 1956 жылы қазақ зиялы қауымы республиканың қоғамдық-саяси өмірінде қазақ тілінің мәртебесін көтеру туралы мәселе қойды‚ осыған орай Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі сессиясында сөйлеген сөзінде Сәбит Мұқанұлы «Қазақ республикасында қазақ тілі мәртебесін төмендетуге‚ республикалық мекемелерде‚ жиналыстарда қазақтардың өз тілінде сөйлеуіне тыйым салуға ешкімге құқық берілмегендігі» туралы өткір пікір білдірді (ЦГАНИ‚ 708 қор‚ 30 оп. ‚ 76 іс‚ 85-б. ) . Екі аптадан кейін Орталық комитетке «қазақ тілі тек қана тұрмыстық деңгейде қалып‚ мемлекеттік тіл ретінде өмір сүруін шын мәнінде тоқтатқандығын» баяндай келіп‚ оны қалпына келтіру жолдарын көрсеткен өткір хат жазды. Сәбит Мұқанұлы сонымен қатар қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көркеюі‚ өсіп-өнуі жолында көптеген қазақ қаламгерлерінің әдебиет жолындағы бастапқы шығармашылық қадамдарына қолдау көрсетті‚ қарапайым халықпен тығыз байланыс орнатты. 1930-50 жылдар аралығында әдебиетке келген өз қатарластары мен жаңа толқын өкілдері Сәбит Мұқанұлы жанашырлығын көріп өсті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психология тарихының әдістері
Сәбит Мұқанов
Нұртазин және Мұқановтану ілімі мәселелері
«Адасқандар». романнан повестке
С.Мұқановтың ғылыми зерттеулері, еңбектері
Айқын Нұрқатовтың сыншылық ерекшелігі
Қазақ әдебиетін тарихи дәуірлеу
Сәбит Мұқановтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі
Сәбит Мұқановтың Балуан Шолақ шығармасының поэтикасы
А. Нұрқатовтың әдебиетке қосқан үлесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz