Мектептегі жеңіл атлетика сабағының мазмұны және ұйымдастыру



Жоспар:
І Кіріспе
1.1 Жеңіл атлетика туралы түсінік
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Мектептегі жеңіл атлетика сабағының мазмұны және оны ұйымдастырудың маңызы
2.2 Мектептегі жеңіл атлетиканы ұйымдастыру жолдары мен әдістері
ІІІ Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қазақстандық мектептердi жаңарту тұжырымдамасы жалпы бiлiм берудiң басым бағыттарын, яғни оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығы үлгiсiн оқу үдерісiнде қалыптастыру мен әртүрлi оқу iс-әрекетiн қамтитын оқыту әдiстерiнiң үйлесiмдiлiгi негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс екендiгiн анықтап берiп отыр. Бұл басым бағыттар мектепте бiлiм берудi дамытуға негiз болады. Осыған орай мектептiң әр деңгейінде оқыту мен тәрбие берудің мақсаты, бiлiм мазмұнын iрiктеу ұстанымдары, сондай-ақ, оқушылардың дайындық сапасын бағалау тәсiлдерi нақтыланды. Бүгінгі таңда мектептің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру барлық педагогикалық ұжымдардың бірігуін талап етеді. Жеке тұлғаға бағытталған сабақ – оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты. Әр оқушының болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық ойлау, өзбетінше шешім қабылдау қабілеттері қалыптасуы тиіс.Осыған орай оқыту технологияларын жаңарту, педагогикалық мамандардың шығармашылық бастамасына қолдау жасау талап етілуде. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін іздестіру пәндік білім аймағында игерілетін білімдерімен анықталады. Мұғалім қазіргі заман технологияларын игеру мәселесіне көбірек көңіл бөлуі қажет.Бәсекеге қабілетті білім беру кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасы бағыттарының біріне жалпы орта білім берудің жоғары деңгейіндегі бағдарлы оқыту жатады. Бұл үдерістің нормативтік жақтары жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартында (2002 ж.) көрсетілген.Тұрғындарды салауатты өмір салтына, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға баулу халықтың түрлі әлеуметтік-демографиялық топтарына арнап бейімделген ақпараттық бағдарламаларды әзірлеу арқылы жүзеге асуға тиіс. Спорттың негізгі түрлерінен, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына конкурстық негізде берілетін әлеуметтік бағдарламалар бойынша гранттарды беру практикасын пайдалану арқылы, теледидар бағдарламаларын жасау, насихаттық және ақпараттық технологиялар әзірлеу керек. Дене шынықтыру және спортты насихаттау атаулы, нақты әлеуметтік топтар мен жіктерге, әрбір адамға бағытталған, дене шынықтыру мен спорттың басымдығын дәлелдей көрсетуге, сондай-ақ жастар арасында нашақорлық, темекі шегушілік, ішімдікті пайдалану және басқа да жат құбылыстардың таралуына қарсы күреске бағытталуға тиіс. Жастардың дене тәрбиесі жөнінде жұмыс жүргізу, олардың ортасында қазақстандық спортшылардың спорттағы жетістіктерін, бұқаралық спортты танымал ету, олардың санасында «тәні саудың - жаны сау» деген қағидатты орнықтыру қажет.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.Жеңіл атлетика кітабы. Озолина Н.Г., М Ф и С, 1989
2.. Жеңіл атлетика жаттықтырушыларының кітабы. Хоменкова Л.С., М.Ф. и С., 1984
3..Жеңіл атлетика кітабы. Маркова Ю.Л., М.Ф. и С, 1982
4.Жеңіл атлетикаға арналған жаттығулар және машықтану. Алабина М., М.Ф. и С, 1986

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
І Кіріспе
1.1 Жеңіл атлетика туралы түсінік
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Мектептегі жеңіл атлетика сабағының мазмұны және оны ұйымдастырудың
маңызы
2.2 Мектептегі жеңіл атлетиканы ұйымдастыру жолдары мен әдістері
ІІІ Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Қазақстандық мектептердi жаңарту тұжырымдамасы жалпы бiлiм берудiң басым
бағыттарын, яғни оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығы үлгiсiн оқу
үдерісiнде қалыптастыру мен әртүрлi оқу iс-әрекетiн қамтитын оқыту
әдiстерiнiң үйлесiмдiлiгi негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс екендiгiн анықтап
берiп отыр. Бұл басым бағыттар мектепте бiлiм берудi дамытуға негiз болады.
Осыған орай мектептiң әр деңгейінде оқыту мен тәрбие берудің мақсаты, бiлiм
мазмұнын iрiктеу ұстанымдары, сондай-ақ, оқушылардың дайындық сапасын
бағалау тәсiлдерi нақтыланды. Бүгінгі таңда мектептің алдына қойып отырған
басты міндеттерінің бірі қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып
табылады.Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру барлық
педагогикалық ұжымдардың бірігуін талап етеді. Жеке тұлғаға бағытталған
сабақ – оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері
қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты. Әр оқушының
болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық ойлау, өзбетінше шешім қабылдау
қабілеттері қалыптасуы тиіс.Осыған орай оқыту технологияларын жаңарту,
педагогикалық мамандардың шығармашылық бастамасына қолдау жасау талап
етілуде. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін
іздестіру пәндік білім аймағында игерілетін білімдерімен анықталады.
Мұғалім қазіргі заман технологияларын игеру мәселесіне көбірек көңіл бөлуі
қажет.Бәсекеге қабілетті білім беру кеңістігін құруға бағытталған
қазақстандық білім беру реформасы бағыттарының біріне жалпы орта білім
берудің жоғары деңгейіндегі бағдарлы оқыту жатады. Бұл үдерістің
нормативтік жақтары жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік
стандартында (2002 ж.) көрсетілген.Тұрғындарды салауатты өмір салтына,
дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға баулу халықтың түрлі әлеуметтік-
демографиялық топтарына арнап бейімделген ақпараттық бағдарламаларды
әзірлеу арқылы жүзеге асуға тиіс. Спорттың негізгі түрлерінен, соның
ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына конкурстық негізде берілетін
әлеуметтік бағдарламалар бойынша гранттарды беру практикасын пайдалану
арқылы, теледидар бағдарламаларын жасау, насихаттық және ақпараттық
технологиялар әзірлеу керек. Дене шынықтыру және спортты насихаттау атаулы,
нақты әлеуметтік топтар мен жіктерге, әрбір адамға бағытталған, дене
шынықтыру мен спорттың басымдығын дәлелдей көрсетуге, сондай-ақ жастар
арасында нашақорлық, темекі шегушілік, ішімдікті пайдалану және басқа да
жат құбылыстардың таралуына қарсы күреске бағытталуға тиіс. Жастардың дене
тәрбиесі жөнінде жұмыс жүргізу, олардың ортасында қазақстандық
спортшылардың спорттағы жетістіктерін, бұқаралық спортты танымал ету,
олардың санасында тәні саудың - жаны сау деген қағидатты орнықтыру
қажет.Бұл орайда бұқаралық ақпарат құралдарының міндеттері: азаматтардың
спортқа, табиғи дене бітімін жетілдіруге деген қызығушылығын арттыру,
спортпен өз бетінше шұғылдануды белсенді түрде таныту, дене шынықтырумен
және спортпен шұғылдану қажеттігін көпшіліктің санасына сіңіру болып
табылады.Дене шынықтыру мен спортты насихаттау адамның жан-жақты спорттық
және дене тәрбиесі даярлығының беделін, гигиена және дене шынықтыру
саласындағы білім деңгейін арттыруға ықпал етуге, ғылыми зерттеулер мен
жаңалықтар ашуға негізделуге тиіс.Дене шынықтыру мен спортты дамытудағы
басты бағыттардың бірі - олардың ізгілікті жағын күшейту. Адамдардың өмірі
мен денсаулығына қауіп төндіретін, қабылданған жалпы этикалық нормалар мен
талаптарға сай келмейтін, зорлық пен зомбылықты үйрететін спорт түрлері мен
дене жаттығуларын дамытуға қолдау көрсетілмеуге тиіс. Қазақстан
Республикасының жалпыға міндетті жалпы орта білімнің мемлекеттік
стандартының негізгі ережелеріне сүйене отырып, Дене шынықтырудың білім
беру саласындағы негізгі мақсаты денсаулықты нығайту, білім, өмірлік
маңызды қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру, адамгершілік,
еңбек және эстетикалық тәрбиенің міндеттеріне сәйкес жеке тұлғаны үйлесімді
дамыту болып табылады.

 2.Мектептегі жеңіл атлетиканы ұйымдастыру жолдары мен әдістері

Дене шынықтыру жан –жақты тәрбие берудің аса маңызды салаларының бірі.
Оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке, өмірге бейімдеуде оқу-тәрбие жұмысында
дене шынықтырудың алатын орны бөлек. Мектептегі дене шынықтыру жөнінен
ұйымдастырылатын жұмыс түрлері оқушылардан өз еркімен іс-әрекеттерді
орындауды, құлшына ұйымдастырушылықты, белсенділікті, тапқырлықты талап
етеді. Мектептегі дене шынықтырудың негізгі міндеттері:Денсаулықты нығайту,
дене дамуына дұрыс әсерін тигізу және денесін шынықтыру. Бұл міндеттік дене
шынықтыру, спорт жөнінен ұйымдастырылатын барлық жұмыс түрлеріндегі,
негізгі міндет екенін педагогикалық ұжым мен әр мұғалім білуі қажет.
Мектеп жасы – балалардың жылдам өсуі және денесінің даму кезеңі болып
табылады. Сондықтан мектеп барлық жағдайда, мүмкіндіктерді пайдалана
отырып, оқушылардың денесінің дұрыс дамуын қамтамасыз етуі қажет. Дене
жаттығулары сабақтары ең алдымен адам ағзасына әсерін тигізе отырып денесін
шынықтыру, денсаулығын нығайту міндеттерін жүзеге асырады. Сондықтан
көптеген сабақтар таза ауада өткізіледі, ал жабық орында өткізілетін
сабақтар қажетті гигиеналық талаптарды қажет етеді. Бұлшық ет топтарының,
тыныс алу, қан-тамыр жолдары, сонымен қатар ағзаның басқа мүшелерінің
қызметін күшейтуде ойын, жүгіру, секіру, лақтыру, шаңғымен жүру жаттығулары
ерекше орын алады.Дене жаттығулары сабақтары мен бірге сабақтағы демалыс
минуттары, сабаққа дейінгі гимнастика, үзілісті ұйымдасқан түрде өткізу,
мектеп тазалығы, ыстық тамақ, мұғалімнің оқушылардың тұлғасына, жүріс-
тұрысына қарауы сияқты іс-шұаралар да қолданылады.Оқушылардың қалыпты
дамуында тұлғаны дұрыс ұстау ерекше орын алады. Ағзаның, ішкі құрылыстың
қызметінің қалыпты жағдайда болуы тұлғаға байланысты. Жоғарыда аталған іс-
шараларды іске асыру, сонымен қатар тұлғаға арналған жаттығуларды орындау
алға қойған міндеттерді шешеді.Денсаулықты нығайту, шынықтыру үшін
жаратылыстың табиғи күштері кеңінен қолданылады.Оқушылардың денсаулығын
жақсарту барысындағы міндеттерді орындау үшін, мектеп оқушыларының жүйелі
және белсенді түрде дене жаттығуларымен айналысуын талап етеді.Оқушылларға
дене шынықтыру және спорт жөніндегі білімдерді меңгерту, гигиеналық
білімдер мен дағдыларды қалыптастыру.Аталған міндет оқушыларға дене
шынықтыру ждәне спорт жөніндегі қажетті білімдермен қамтамасыз етеді: дене
жаттығулары сабақтарымен айналысудың пайдасы, гигиеналық ережені сақтау,
сонымен қатар бағдарлама бойынша барлық дене жаттығуларын дұрыс
орындау.Мектепте, отбасында, қоғамдық ортада, балалардың өз бетімен дене
жаттығуларын орындауы жаттығуды дұрысм орындау білімін, гигиеналық
талаптарын дұрыс орындауға деген көзқарасын қалыптастырады.Дене шынықтыру
сабағында санитарлық – гигиеналық талаптардың орындалуында мұғалімнің,
мектептің барлық қызметкерлерінің жеке басының үлгісі шешуші орын алады.
Алға қойған міндеттерді шешуде мұғалімнің оқушылармен қысқаша түрде
әңгімелесуі .үлкен рөл атқарады. Мұндай түрдегі әңгімелесуді дене шынықтыру
сабағында, сыныптан тыс орындалатын іс-шараларда және тағы басқа сабақтарда
өткізуге болады. Балалар дене шынықтыру жөніндегі білімді дене шынықтыру
сабағында және сыныптан тыс іс-шараларда алады. Алынған білімді балалардың
сабаққа деген қызығушылығын және саналы көзқарасын туғызады.
Мектеп оқушыларының қозғалысты орындай білу іскерлігі мен дағдысын
қалыптастыру, жаңа қимылдарға үйрету әдісі.
Мектептегі дене шынықтыру бағдарламасының мазмұны, оқушылардың жүйелі
түрде дене шынықтыру сабағында, отбасындағы дене шынықтыру, үйірмелер мен
спорттық секцияларда өмірге қажетті қимыл дағдыларын: жүру, жүгіру,
лақтыру, секіру, тепе-теңдік сақтау, шаңғымен жүру дағдыларын,
іскерліктерін қалыптастыру болып табылады.
Сондай-ақ, балаларды қолданбалы сипаттағы әр түрлі жаттығуларға үйретуде
маңызды рөл атқарады. Б\алалармен әр түрлі ойын түрлерін ұйымдастыру-қимыл-
қозғалыс түрлерін дамытады. Жоғарыда аталғандардың барлығы балаладың дене
шынықтыруы жөнінен жан-жақты дамуын, еңбекке дайындығын
қалыптастырады.Мұғалімнің міндеті оқушылардың жүйелі және белсенді түрде
дене жаттығуымен айналысуын қамтамасыз ету.Жас ерекшеліктеріне қарай
негізгі қимыл сапасын(күш-қуат, жылдамдық, ептілік, шыдамдылық) дамыту.Әр
адамға қажетті қасиеттер - күш-қуат, жылдамдық, ептілік, шыдамдылық.
Дененің сапалық қасиеттері балалардың қимыл-дағдыларын қалыптастырумен
тығыз байланысты. Дене жаттығуларының әр түрлі екпінде өткізілуі – дененің
сапалық қасиеттерін дамытады. Батылдық, табандылық, әділеттілік, адалдық,
жолдастық сезім, ұжымда жұмыс істей білу, мәдени тәртібін қалыптастыру,
еңбекке, қоғам мүлкіне деген жағымды көзқарасын қалыптастыру. Дене
шынықтыру үрдісінде бағалы моральдық және ерік-жігер қасиеттерін
тәрбиелеудің маңызы зор. Көптеген дене жаттығулары және ойын түрлері арқылы
табандылық, өзара достық сезімдері тәрбиеленеді.Оқушылардың дене шынықтыруы
мен спортқа деген қөызығушылығын жүйелі айналысу дағдысын тәрбиелеу.
Мектептің міндеті балаларды әр түрлі дене жаттығуларына тек мектепте,
отбасында ғана емес, күнделікті өмірде маңызды міндетті шешу балалардың
қызығушылығын арттыра отырып, берілетін материалдың өзара қарым-қатынасына
көңіл бөлу керек.Оқушылардың қоғамдық дене шынықтыруы белсенділік
дайындығы, ұйымдастырушылық дағдыларын қалыптастыру. Мектептегі дене
шынықтыруы бұқаралық және спорттық сипатта. Дене шынықтыру сабағын сыныптан
тыс дене шынықтыру жөніндегі жұмыс шараларын өткізуге мұғалімнге үнемі
көмектесіп отыратын белсенді оқушылар қажет. Осы міндетті іске асыру үшін
оқушыларға әр түрлі жұмыс тьүрлерін ұйымдастыру және өткізу тапсырмалары
беріледі. Оқушылар арасынан сыныптағы дене шыны\қтыру жұмыстарын
ұйымдастырушы, топ басшысы, әділ қазылар, төрешілер сайланады.Дене
шынықтыру белсенділерін дайындаудағы негізгі жағдай: тапсырманы нақты
орындау, ұжымның, жолдастарының алдндағы жауапкершілігі болып табылады. Бұл
жерде дене шынықтырудың міндеттері өзара үйлесімділік қарым-қатынас арқылы
шешіледі. Бұл міндет мектеп жасындағы балалар дене шынықтырудың жүйелі
түрде орындалуы арқылы нәтижеге жетеді. Сондықтан бүкіл мектеп ұжымының
біріккен жұмысында дене шынықтыру құралдары түрлерін, жұмыс түрлерін, дене
жаттығуларын тиімді пайдалануда іске асады.Дене жаттығулары – мектептегі
дене шынықтырудың өзіндік құралы. Оқушылардың дене жаттығуларымен айналысуы
қимыл қозғалыс аппаратының дамуын, қан айналу, зат алмасу мүшелерінің,
тыныс алу жүйесінің қызметін жақсартады. Мектептегі дене шынықтыру
жөніндегі жұмыстарды іс жұзінде қолдану жылдамдық, күш, қуат, икемдлілік,
төзімділік қаситеттерін дамытып, табиғи қимылдар: жүру, жүгіру, тепе-теңдік
сақтау, лақтыру, өрмелеу, т.б. жаттығулары жөніндегі дағдыларын нығайтады.
Оқу бағдарламасында дене жаттығуларын дұрыс қолдану, іріктеп алу және
өткізу әдістемесі маңызды орын алады. Бастауыш мектеп жасындағы балаларға
дене жаттығуларын іріктеп алуда балалардың анатомиялық-физиологиялық,
психологиялық ерекшеліктері міндетті түрде есептелінеді. Бала ағзасының
жылдам өсуі мен бүкіл дененің өзгеру сапасы негізі ерекшелік болып
табылады. Адамны\ң ең жылдам өсетін аяғы, сондықтан ол дене бітімі
үйлсімдігін өзгертеді. Адам ағзасы жылына 2 кг салмақ қосып отырады.
Сонымен қатар жылдам сүйектену процесі жүріп отырады, сүйек тіндерінде
минералды тұздар жеткіліксіз, сүйек өзінің икемділігі мен ерекшеленеді.
Сондықтан денеге күштің шамадан тыс түспеуі, статикалық күшті ұзаққа
созбау, үлкен биіктіктен секіртпеу қарастырылады.Үлкенге қарағанда
балалардың бұлшық еттері мен омыртқа иілістерінің байланысы толық
дамымаған, омыртқа аралық шеміршек жіңішке болып келеді. Жеті жастағы
балалардың омыртқа иілісі толық көрінеді. Ал, омыртқа қатаюы 14-15 жаста
басталады. ОМыртқа иілісі үлкен икемділікпен ерекшеленеді, кейбір кездейсоқ
жағдайлар омыртқақызметінің жағымсыз жағдайын туғызуы мүмкін. Осы жаста
омыртқаның әр түрлі қисаюын ждиі кездестіруге болады.Балалардың бұлшық ет
тіндерінде су көп, ал ақуыздық заттар аз болып келеді. 7-8 жастағы
балалардың денесінің жалпы салмағының 27% бұлшық ет тіні, ал 18 жаста -40%
жетеді. Ұсақ бұлшық еттерге қарағанда ірі бұлшық еттер жақсы дамыған.
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың бұлшық ет күшінің дамуы жағымды
жағдайларлда жылдам дамиды. Бұл жастағы кезеңде балалардың бұлшық ет
қызметінің жұмыс істеуінің төмендегімен сипатталады. Әр түрлі бұлшық ет
топтарының тепе-тең дамуын қажет ететін, үлкен тербелісті жаттығулармен
қамтамасыз ететін нақты жаттығулар қажет.Мектеп оқушыларымен дене шынықтыру
жөнінен ұйымдастырылаитын жұмыс түрлері Мектеп оқушыларымен дене шынықтыру
жөнінен ұйымдастырылатын жұмыс түрлеріне:
-дене шынықтыру сабағы;
Күн кестесіндегі дене шынықтыру жөніндегі жұмыстар; сабаққа дейінгі
гимнастика, сабақ баорысындағы сергіту жаттығулары, үзіліс кезіндегі
ойындар мен жаттығулар;
-сыныпиан және мектептен тыс дене шынықтыру және спорт жөніндегі
жұмыстар;
-отбасында дене жаттығуларысмен аналысу жатады.
Мектеп жасындағы балалардың дене шынықтырумен айналысуы мемлекеттік
бағдарлама бойынша мұғалімнің, оқу жоспарына сәйкес, нақты белгіленген
кестеге сәйкес жүргізіледі.Сабаққа қатысуға оқушылпрдың бәрі де міндетті,
оқушылардың денсаулық жағдайы ескеріледі.Балалардың дене шынықтыру
жөніндегі жұмыс түрін ұйымдастыру, дене дайындығының жан – жақтылығы, дене
шынықтыру жөніндегі қажетті білім оқу сабақтарында қамтамасыз етіледі.
Оқушылардың күн кестесіндегі дене тәрбиесі жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру
маңызды орын алады. Жұмыстың негізгі түрлеріне: сабақ алдындағы ертеңгілік
гимнастика, үзіліс кезіндегі ойын жаттығулар, сабақ барысындағы балалардлың
шаршағанын басатын сергіту минуттары жатады. Бұл іс-шаралар оқушылардың оқу
сабақтарындағы ақыл-ой әрекетін арттыруға, анықталған кейбір міндеттерді
шешуге дене дайындығын қалыптастыру үшін қарастырылған.Дене шынықұтыруда
жоғарыда аталған іс-шаралардан басқа мектептегі және сыныптан тыс жұмыс
түрлерінің алатын орны ерекше. Сыныптан тыс жұмыс түрлері мектептегі дене
шынықтыру жайындағы оқу жұмысының мазмұнын кеңейтеді, тереңдетеді. Бұл
жұмыс түрлеріне ойындар, серуендер, саяхат, жорықтар, топтарда ұжымдық
секция жұмыстары, спорттық іс-шараларды ұйымдастыру жолдары, жарыстар,
спорттық мерекелер жатады. Сыныптан тыс жұмыс түрлерін оқушылар өз бетімен
өткізеді.Дене тәрбиесіне арналған оқушылпрдың мектиептен тыс жұмыс түрлері
білім беру бөлімдері, мектептен тыс мекемелерде, оқушылар сарайында,
балалар спорт қоғамдарында, демалыс орындарында, стадиондарда, сырғанақ
кешендерінде ұйымдастырылады.Мұндай шаралар балалардлың арасында дене
шынықтыру және спотр жөніндегі әр түрлі жұмыс түрлерін кең көлемде
дамытуға, гимнастика, спорт ойын және т.б. жаттығулар түрлеріне
қызығушылықпен қарау қабілеттерін қал\ыптастырады. Сонымен қатар оқудан тыс
бос ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы білім беру мектепте жеңіл атлетиканың оқу сабақтарының негізгі түрі - сабақ
Жеңіл атлетиканың түрлері
Дене тәрбиесінің сабақ жоспары
Дене тәрбиесі педагогикалық процесс
Мектептегі дене тәрбиесінің маңызы және оның ерекшеліктері
Жеңіл атлетика сабағы
Мектепке дейінгі балаларға арналған дене шынықтыру сабағы (естияр топ)
Мектеп жасындағы дене тәрбиесінің негіздері
Жеңіл атлетиканың спорт ретінде қалыптасуы
Дене тәрбиесі жаттығулары
Пәндер