Гарнизондық нарядтың міндеттері және құқығы, қарауылдық қызметтің ұйымдастырылуы


Жоспар:
І Кіріспе
1. 1Жалпы ережелер
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Гарнизондық кезекші бөлімшесі
2. 2 Гарнизондық патриульдер
2. 3 Қарауылдық қызметті ұйымдастыру, гарнизондық наряд адамдарының құқықтары мен міндеттері.
ІІІ Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Гарнизондық наряд көшеде және гарнизонның басқа да қоғамдық орындарында әскери қызметшілер арасында әскери тәртіптілік пен тәртіпті сақтау, гарнизондық обьектілерді күзету мен қорғау үшін, сондай-ақ әскери бөлімдердің көлік құралдары жүргізушілерінің (механик-жүргізушілепдің) жол жүру ережелерін сақтауына бақылау жасау және гарнизондық қызметтің басқа да міндеттерін орындау үшін тағайындалады.
Әскери полиция бөлімшелерінің штаттық құрылымы мен саны мүмкіндік беретін гарнизондарда Қарулы Күштердің Әскери полициясы туралы ережеде белгіленген көлемде гарнизондағы нарядта қызмет өткеру гарнизонның әскери полициясына жүктеледі. Бұл жағдайда гарнизон бастығы мен гарнизон әскери полициясының бастығы өзара қажетті іс-қимылды ұйымдастырады.
2. Гарнизондық кезекші бөлімшесі.
Гарнизонның кезекші бөлімшесі гарнизондық қарауылды күшейту мақсатында немесе өрт, табиғи зілзала және гарнизонда өзге де оқиғалар болған жағдайда гарнизон бастығының бұйрығымен тағайындалады.
Бұйрықта оның құрамы, қарулануы, оқ-дәрі, қажетті мүліктермен және көлік құралдарымен қамтамасыз етілуі киім нысандары және демалыс тәртібі көрсетіледі. Кезекші бөлімшені шаруашылық жұмыстарды орындауға пайдалануға тиым салынады.
Ірі гарнизондарда бірнеше кезекші бөлімшелердің тағайындалуы мүмкін.
- Гарнизондық патриульдер.
Патруль жасау міндеті әскери полиция бөлімшелеріне жүктелмеген әрбір гарнизонда көшеде және басқа да қоғамдық орындарда, теміржол стансаларында, вокзалдарда, порттарда, әуежайларда тәртіп сақтау, сондай-ақ гарнизон маңындағы елді мекендерде әскери қызметшілердің әскери тәртіпті сақтауына бақылау жасау үшін гарнизон бастығының бұйрығымен күзет ұйымдастырылады, ол үшін гарнизон әскери бөлімнің құрамынан гарнизондық патруль тағайындайды.
Қарауылдық қызметті ұйымдастыру, гарнизондық наряд адамдарының құқықтары мен міндеттері
1. Қарауылдық қызметтің жалпы ережелері.
Қарауылдық қызметті атқару жауынгерлік тапсырманы орындау болып табылады және жеке құрамнан осы Жарғының барлық ережелерін дәл орындауды, мейілінше қырағылықты, батыл шешімділік пен бастамшылықты талап етеді.
Қарауылдық қызметтің талаптарын бұзуға кінәлі адамдар тәртіптік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
2. Қарауылдарды даярлау.
Қарауылдар тағайындалатын әскери бөлімдер мен бөлімшелердің командирлері қарауыл жеке құрамын іріктеу мен оларды қызметін атқаруға даярлау үшін, қару-жарақ пен ұрыс патрондарының оңды күйі және қарауылдардың жұмысқа таратуға дер кезінде келуі үшін жауап береді.
Әскери антты қабылдамаған, даярлықтың тиісті бағдарламасын игермеген жаңадан келген толықтырушыларды, Қылмыстық кодексте көзделген іс-әрекеттердің белгісі бар теріс әрекет жасаған және осы бойынша тергеу жүргізіліп жатқан, ауру және осы уақытта өзініңморальдық-психологиялық жай-күйі бойынша қарауылдық қызметті атқара алмайтын әскери қызметшілерді, сондай-ақ оларды тәртіптік жазасын өтеу үшін қарауылға тағайындауға болмайды.
- Қарауылдарды ауыстыру.
Қарауыл жұмысқа таратудан кейін ауысатын қарауыл орналасқан жерге келеді. Қаруыл бастығы оны күзетілетін обьектінің аумағына кірер алдында немесе қарауыл үй-жайларының кіре берісте қарауыл бастығына көрсетілген ара қашықтық тоқтатады., ауысатын қарауылдың бастығына өзін таныстырып, оған ескі парольді хабарлайды. Бұдан кейін ол өз қарауыл үй-жайларының алдындағы алаңда оған маңдайшеп бағытта сапқа тұрғызады.
- Сақшыларды ауыстыру.
Сақшыларды ауыстыру әрбір екі сағаттан кейін, жұп немесе тақ сағатта жүргізіледі.
Ауаның температурасы - 20 градус және одан төмен, жел соғып тұрған және қатты аяз болмаған кезде сыртқы постылардың, сондай-ақ пеш жағылмайтын үй-жайлардағы ішкі постылардың сақшылары 1 сағаттан кейін ауыстырылады. Ауа температурасы + 30 градустан және одан да жоғары (көлеңкеде) болған кезде де сақшылар 1 сағаттан кеін ауыстырылады. Сақшыларды 1 сағат сайын ауыстыру туралы нұсқауды қарауыл (әскери бөлім) бойынша кезекші береді. Егер сақшылар бір сағаттан кейін ауыстырылса, онда қарауыл бастығы пост ведомосінде сақшылар қай уақыттан бастап 1 сағаттан кейін, ал басқа ауысым келгенде - қай уақыттан бастап 2 сағат сайын алмастырылып отырғаны жайлы жазып қояды. Қарауыл үй-жайларына кіре берісте сақшыларды қарауыл бастығының көмекшісі немесе қарауыл бастығы әрбір 30 минут сайын ауыстырып отырады.
- Қарауылдардағы ішкі тәртіп.
Қарауыл құрамындағылардың ешқайысының қарауыл бастығының рұқсатынсыз қарауыл үй-жайларын қалдыруға құқығы жоқ. Қарауыл үй-жайларында тыныштық пен тәртіп сақталуы керек. Ән айтуға және музыкалық аспаптарда ойнауға тиым салынады. Қарауылдың өз міндеттерін орындауына және ұйықтап жатқандарға кедергі жасамай радио және теледидар хабарларын естіп-көруге шахмет, дойбы, ойнауға рұқсат етіледі. Темекі шегу мен аяқ киімді тазалау тек осыларға арналған орындарда ғана рұқсат етеліеді.
- Қарауылды тексеру.
Қарауылдарды өздерін тағайындаған және бағынатын (107 бап) рота (батерея) командирлері, батальон (дивизион) командирлері, сондай-ақ олардың орынбасарлары мен осы командирлердің барлық тікелей бастықтары тексеруге міндетті.
Темір жол (теңіз, өзен) учаскілері мен стансалары (порттары), әуежай аумағына орналасқан қарауалдарды, сондай-ақ станса (порт), әуежайлар арқылы өтетін әскери жүк тиелген көліктерді алып жүретін қарауылдарды, темір жол (теңіз, өзен) учаскісі мен станса (порт), әуежай әскери коменданты немесе оның көмекшілері тексеруге міндетті.
- Патрульдің міндеттері.
- қызметін қырағылықпен атқауға, әскери қызметшілердің тәртіп сақтауына қадағалау жасауға және байқалған тәртіп бұзушылық туралы патруль бастығына баяндауға;
- патруль бастығының бұйрығын дәл және тез орындауға, оның рұқсатынсыз ешқайда кетпеуге;
- тоқтатқан адамдардан еш нәрсе алмауға және патруль бастығының рұқсатынсыз еш нәрсе бермеуге; патруль бастығына олардың өтініші жайлы баяндауға;
- патруль жасап болған соң және әскери бөлімге келгеннен кейін патруль бастығының рұқсат етуімен өз бөлімшесіне қайта оралуға және бөлімше бойынша кезекшіге өзінің келгені жайлы баяндауға міндетті.
1. Қарауыл бастығы көмекшісінің құқықтары мен міндеттері .
Қаруыл бастығы қарауылға тапсырылған обьектілердің күзеті мен қорғалуына, қарауыл жеке құрамының жауынгерлік әзірлігіне, олардың қызметті дұрыс атқаруына, посттар мен қарауыл бөлімшелеріндегі техникалық күзет құралдарының, қоршаулардың сақталуы мен оңдылығына, сондай-ақ қарауыл бөлмесіндегі қару-жараққа, оқ-дәрілер мен тізбеге сәйкес басқа да мүліктерге жауап береді.
2. Қарауылды таратушының құқықтары мен міндеттері .
- сақшыларды ауыстыруға, олардың қызметі атқаруын тексеруге немесе олардың шақыруы бойынша, сондай-ақ күзетілетін обьекті ауданында қандай да бір оқиға немесе табиғи зілзала болған кездерден басқа уақытта қарауыл үй-жайынан кетуге, кеткен кезде орнына ө зкөмекшісін, ал ол жоқ жерде жұмысқа таратушыны немесе қарауылдардың біреуін қалдырады;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz