Қарауыл қызметкерлерінің міндеттері мен құқықтары.


Жоспар:
І Кіріспе
1. 1. Қарауыл бастығы көмекшісінің құқықтары мен міндеттері.
ІІ Негізгі бөлім
2. 2 Қарауылды таратушының құқықтары мен міндеттері
2. 3. Сақшының құқықтары мен міндеттері
2. 4 Тәуліктік және Гарнизондық нарядты жұмыстарға тарату.
ІІІ Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қаруыл бастығы қарауылға тапсырылған обьектілердің күзеті мен қорғалуына, қарауыл жеке құрамының жауынгерлік әзірлігіне, олардың қызметті дұрыс атқаруына, посттар мен қарауыл бөлімшелеріндегі техникалық күзет құралдарының, қоршаулардың сақталуы мен оңдылығына, сондай-ақ қарауыл бөлмесіндегі қару-жараққа, оқ-дәрілер мен тізбеге сәйкес басқа да мүліктерге жауап береді.
Қарауылды таратушының құқықтары мен міндеттері .
- сақшыларды ауыстыруға, олардың қызметі атқаруын тексеруге немесе олардың шақыруы бойынша, сондай-ақ күзетілетін обьекті ауданында қандай да бір оқиға немесе табиғи зілзала болған кездерден басқа уақытта қарауыл үй-жайынан кетуге, кеткен кезде орнына ө зкөмекшісін, ал ол жоқ жерде жұмысқа таратушыны немесе қарауылдардың біреуін қалдырады;
- жеке өзі телефон арқылы қызметке қатыссыз әңгімелер айтуға немесе қарауылдың басқа да адамдарына оған рұқсат беруге;
- қарауыл құрамының қандай да бір адамды қарауыл (әскери бөлім) бойынша кезекшінің рұқсатынсыз ешқайда жібермеуге;
- сақшылардың пост ведомосінде көзделенген ауысым тәртібін қарауыл (әскери бөлім) бойынша кезекшінің рұқсатынсыз өзгертуге;
- қарауылға бөлінген көлік құралдарын мақсаттан тыс пайдалануға тиым салынады.
3. Сақшының құқықтары мен міндеттері .
- өзінің постын қырағы күзетуге және табанды қорғауға,
- қызметін сергек өткеруге, ешқандай алаңдамауға қаруын қолдан шығармауға және оны өзі бағынатын адамдарды қоса алғанда ешкімге бермеуге;
- көрсетілген бағыт бойынша жүре отырып немесе бақылау мұнарасында болған кезде, постың ілгелерін, қоршауларын мұқият қарауға және қызмет өткеруінің барысы жайлы табелінде бекітілген мерзімде байланыс құралдары арқылы баяндап отыруға,
- постан ауысқан немесе алынғанға дейін, тіпті өзінің өміріне қауіп төнген жағдайда да посты тастамауға; оны өз бетімен қалдырып кету әскери қылмыс болып табылады;
- қарауыл иттерінің үргенін естігенде немесе техникалық күзет құралдары өздігінен қосылған кезде, бұл туралы дереу қарауыл үй-жайына хабарлауға міндетті.
Тәуліктік және гарнизондық нарядты жұмыстарға тарту оның қызмет өткеруге деген даярлығын тексеру, тиісті лауазымды адамдарға бағынуы, сондай-ақ бұрынғы қарауылдарды ауыстыру құқығын беру болып табылады. Жұмысқа тартудың ұзақтығы 40 минуттан аспауы тиіс.
Гарнизондық нарядты жұмысқа тартудың орны мен уақытын гарнизон бастығы, ал тәуліктік нарядты - әскери бөлім командирі нарядты жұмыстарға тарту орнына бару уақыты мен жұмыстарға тарту орнынан қызмет өткеру орнына келуі бір сағаттан аспайтындай етіп белгілейді.
2. Қарауылдың киім нысаны.
Қарауылдың киім нысаны шинельден (қысқа тоннан, далалық жылы күрткелерден), таза және дұрыс күнделікті(далалық) киім нысандарынан, бас киімдерден, белдіктен және магазиндерге (оқшантайға) арнлған сөмкелерден тұрады.
Әсери бөлімнің Жауынгерлік Туы жанаындағы постың қарауылдары мерекелік-сәндік киім нысандарында болуы мүмкін.
Пост киімдері қатарында: капюшоны бар плпщ немесе плащ-палатка және су өткізбейтін арнайы аяқ киім, тұлып пен пима (тек қысқы уақытта ғана) қолданылады. Тұлыптан басқа пост киімдері әрбір постқа: біріншісі - қарауыл үй-жайында, ал екіншісі - поста болатын екі жинақтан тұрады. Мұнан басқа, қарауыл үй жайында, қарауыл бастығына, оның көмекшілеріне, жұмысқа таратушыларға және су өткізбейтін арнайы аяқ киімдер болуы керек.
3. Кезекшілердің кеуде белгісінің сипаттамасы.
Кеуде белгісі жоғарғы жағында «КЕЗЕКШІ» деген жазуы, көгілдір шеңберден шығатын және қалқанға тарлған сәулелері бар қара көк түсті металдан қалқан түрінде жасалады. Қара көк түсті қалқанның жоғарғы жағында - Әскери-Әуе күштерін бейнелейтін белгі - қанатты қалақ (пропеллер), төменгі жағында - Әскери - Теңіз флотын бейнелейтін белгі - зәкір, қалқан астында - ракета әскерлерін бейнелейтін екі айқасқан ракета, ортасында - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басқа да түрлері әскерлерін бейнелейтін бес бұрышты жұлдыз белгсі салынған.
Жоғарғы қалқан, белгілер, сәулелер мен жазулар - алтын түсте түспен, шеңбер - көгілдір түсті эмальмен боялған.
- Тәуліктік нарядтың қызмет өткеруіне арналған, қажетті құжаттардың тізбесі.
Бөлім, парк, бақылау - өткізу пункті, асхана, штаб ойынша кезекшінің өз қызметтерін өткеруге арналған бөлмелері (орындары), сондай-ақ рота бойынша кезекші мен тәуліктік кезекшіге арналған орындар тәуліктік наряд адамдарының қызметтік міндеттерін орындауына ыңғайлы болатындай етіп, орналыстырады және жабдықталады. Қызмет өткеру үй-жайларында (орындарында) :
- белгі қабылдайтын және бөлімшелерге хабарлайтын техникалық құралдар;
- байланыс құралдары (телефон, селектор) ;
- сағаттар;
- жарықтандырудың резервтік көздері;
- тәуліктік наряд құжаттамасы жазылған стенд;
- тазалау керек-жарақаттары мен қоқыс салғыштар.
5. Парк бойынша кезекшідегі қажетті құжаттардың тізбесі.
- қару-жарақтың және әскери техниканың жай-күйі мен орналасу орнын бақылайтын және бейнелейтін құрылғылары бар басқару пульті;
- бөлімшелердің паркке дабыл бойынша келуін бақылайтын көрсеткіш тақта;
- ұрыс машиналарын от алдыру құлыптарының және люктерінің, парк бөлмелері мен қақпалары кілттерінің жиынтығын сақтайтын шкаф (жәшіктер) ;
- сыртқа қойылатын термометр.
6. Рота бойынша тәуліктік кезекшінің қажетті құжаттарының тізбесі .
Рота бойынша тәуліктік кезекші сарбаздардан тағайындалады. Ол өзінің қол астында күзетудетұрған қару-жарақтың, пистолеттер тұрған шкафтардың (жәшіктердің), оқ-дәрі салынған жәшіктердің, рота мүліктерінің және сарбаздар мен сержанттардың жеке заттарының сақталуы үшін жауап береді. Рота бойынша тәуліктік кезекші рота бойынша кезекшіге бағынады.
Рота бойынша кезекті тәуліктік кезекші казармалық үй-жайдың ішінде кіре беріс есіктің жанында, қару-жарақты сақтауға арналған бөлімнің жанында қызметін өткереді.
- кезекші (тәуліктік кезекші) беретін үлгілік пәрмендер мен дабылдардың тізбесі;
- ротаның казармадан тыс тұратын әскери қызметшілерінің мекен-жайлары, телфондары мен шақыру тәсілдері және шабармандары жазылған тізімі;
- таңертеңгі дене шынықтыру жаттығуына арналған киім нысандарының үлгілері,
- аумақтың тазарту үшін ротаға бекітілген учаскесінің сызбасы;
- қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді беру, науқастарды, сейілдемеге шыққандарды жазу кітабы;
- дабыл бола қалған жағдайдағы жолдама қағаздарымен бірге ұрыс машиналарының от алдыру құлыптары мен люктерінің мөрленген жәшіктегі кілттерінің жиынтығы болу тиіс.
- Қарауылдарды ауыстыру.
Қарауыл жұмысқа таратудан кейін ауысатын қарауыл орналасқан жерге келеді. Қаруыл бастығы оны күзетілетін обьектінің аумағына кірер алдында немесе қарауыл үй-жайларының кіре берісте қарауыл бастығына көрсетілген ара қашықтық тоқтатады., ауысатын қарауылдың бастығына өзін таныстырып, оған ескі парольді хабарлайды. Бұдан кейін ол өз қарауыл үй-жайларының алдындағы алаңда оған маңдайшеп бағытта сапқа тұрғызады.
- Сақшыларды ауыстыру.
Сақшыларды ауыстыру әрбір екі сағаттан кейін, жұп немесе тақ сағатта жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz