Қ.Жұбанов зерттеулеріндегі тіл мен мәдениет сабақтастығы
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
І тарау. Қ.Жұбанов және қазақ тіл білімі мәселелері ... ... 6
1.1. Құдайберген Жұбановтың қазақ тіл білімі жайлы ойлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
1.2. Қазақ фонетикасының бұлақ бастауы ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3. Қ.Жұбанов және қазақ тілінің морфологиясы мәселелері 12
1.4. Қ.Жұбанов еңбектеріндегі қазақ синтаксисі мәселелері . 15
1.5. Қ.Жұбанов және қазақ терминологиясы ... ... ... ... ... ... . 20
ІІ тарау. Қ.Жұбанов зерттеулеріндегі тіл мен мәдениет сабақтастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
27
2.1. Қ.Жұбанов . халқымыздың этномәдени тарихын зерттеуші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
28
2.2. Қ. Жұбановтың тіл мен мәдениет байланысы туралы ой.пікірлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
36
2.3. Қ.Жұбановтың тіл мәдениетін қалыптастырудағы ғылыми.педагогикалық мұралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
41
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
50
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 53

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Тума талант, ғұлама, ғалым, профессор Құдайберген Жұбанов қазақ тіл білімінің барлық салалары бойынша пікір айтып, құнды зерттеулер қалдырған.
Құдайберген Қуанұлы Жұбанов – қазақ халқының мәдениетін, өнері мен әдеби ойының дамуын тарихи тұрғыдан өзіндік қолтаңбасымен зерттеп, сол арқылы ұлттық мәдениетімізді дамытуға ерекше еңбек сіңірген адамдардың бірі болды. Ғалым-лингвистің өз сөзімен айтсақ, «ұлт мәдениеті ірі саласының бірі – ұлт тілімен жазылған әдебиеті».
Ғалым тіл арқылы халықтың тағылымдық мұраты мәдени әрі тілдік мұра ретінде сақталатынын және этностың әр дәуірдегі ұрпақ өкілдеріне тіл мен мәдениетті табыстыратын жаңа саланың дүниеге келетіні туралы сол кездердің өзінде-ақ болжам айтқан.
Ғалымның артына қалдырған мол мұрасы бүгінге дейін ғалымдар тарапынан зерттеліп келеді. Бірақ ғалым зерттеулеріндегі тіл мен мәдениет сабақтастығы туралы іргелі зерттеулер жүргізілмеді. Бұл тұрғыдан алғанда зерттеу жұмысының тақырыбы өзекті болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты – Қ.Жұбановтың тіл, мәдениет және олардың сабақтастығы жөніндегі ғылыми ой-тұжырымдарына талдау жасау, тіл біліміндегі, оның ішіндегі тіл мәдениетіндегі орнын анықтау, ғылыми мұрасына лайықты бағасын беру. Бұл мақсатқа жету үшін ғалым зерттеулеріндегі мынадай мәселелердің шешімін бағалау міндеттері қойылды:
- ғалым зерттеулеріндегі тіл мен мәдениет сабақтастығын ашып көрсету;
- әдеби тіл мен оның нормалары туралы, қазақ тілінің терминдері жөніндегі пікірлерінің мәнін ашу.
Зерттеу әдістері. Дипломдық жұмыста баяндау әдісі, талдау әдісі, сипаттама әдісі қолданылды.
Зерттеу нысаны. Қ.Жұбановтың тіл мен мәдениет сабақтастығына қатысты іргелі зерттеулері, пікірлері мен ізденістері.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы.
Зерттеу жұмысының теориялық жағында айтылған мәселелер қазақ тіл білімінің фонетика, грамматика, терминология сияқты салалары мен тіл мәдениетіне қатысты дәрістерді жүргізуде негізге алар материал болып табылады.
Зерттеуде алынған нәтижелер және зерттеу материалдары оқулықтар мен оқу құралдарын жасауда, стилистика пәні, тіл мәдениеті бойынша лекциялар курсында кеңінен қолданылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966.
2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1996.
3. Жүнісбеков Ә. Қазақ фонетикасының ғылыми курсын жасаушы // Қазақстан мектебі, №12, 1989, 51-53-б.
4. Байғонысова Ф. Етістіктің зерттелу сипаты // Қазақ тілі мен әдебиеті, №3, 2006, 101-105-б.
5. Омарова А.Қ. Профессор Қ.Қ.Жұбановтың етістіктер туралы ғылыми еңбегі, оның ғылымның кейінгі дамуына ықпалы. Ф.ғ.к.дисс. ... авторефераты. Алматы, 1999.
6. Құдайберген Жұбанов және қазақ совет тіл білімі. Алматы: Ғылым, 1990.
7. Хамитова М. Құдайберген Жұбанов – синтаксис зерттеушісі//Қазақ тілі мен әдебиеті, №9, 2009, 110-116-б.
8. Баймұрынов Ж.М. Қазақ тілі синтаксистік құрылысындағы үнемдеу құбылысы. Ф.ғ.к. ... дисс.авторефераты. Астана, 2009.
9. Қазақ терминологиясының мәселелері. А., «Ғылым», 1986.
10. Сыздықова Р. Ғалым-азамат. А., 1966.
11. Айтбаев Ө. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Алматы: Арыс, 2007.
12. Қоңырова А. Қазақ тіліндегі филологиялық терминдердің дамуы мен қалыптасу тарихы. Ф.ғ.к.дисс. ... авторефераты. Алматы, 2003.
13. Сабыр М.Б. Тіл мәдениеті және сөз қолданысы // Мемлекеттік тілдің теориялық және практикалық мәселелері. Облыстық семинар, конференция, және халықаралық конференция материалдары. Орал, 2005.
14. Тайжанов А. Қ.Жұбанов – халқымыздың этномәдени тарихын зерттеуші // Қазақ тілі мен әдебиеті, №2, 2004, 42-47-б.
15. Манкеева Ж.А. Қазақ тіліндегі этномәдени атауларардың танымдық негіздері. А:Жібек жолы, 2008.
16. Серғалиев М. Мұхтар Әуезов және көркем шығарма тілі. Алматы: Қазақ университеті, 1998.
17. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Алматы: Арыс, 2008.
18. Сайрамбаев Т., Сағындықұлы Б. Синтаксис мәселелері. Алматы: Қазақ университеті, 2008.
19. Ахметова М. Мәтін лингвистикасы. Орал, 2008.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В011700 мамандығы – Қазақ тілі мен әдебиеті
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе 4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..
І тарау. Қ.Жұбанов және қазақ тіл білімі мәселелері ... ... 6
1.1. Құдайберген Жұбановтың қазақ тіл білімі жайлы ойлары 6

... ... ... ...
1.2. Қазақ фонетикасының бұлақ бастауы 7
... ... ... ... ... ... ...
1.3. Қ.Жұбанов және қазақ тілінің морфологиясы мәселелері 12
1.4. Қ.Жұбанов еңбектеріндегі қазақ синтаксисі мәселелері . 15
1.5. Қ.Жұбанов және қазақ терминологиясы ... ... ... ... ... ... .20
ІІ тарау. Қ.Жұбанов зерттеулеріндегі тіл мен мәдениет сабақтастығы
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 27
...
2.1. Қ.Жұбанов – халқымыздың этномәдени тарихын зерттеуші
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 28
... ... ...
2.2. Қ. Жұбановтың тіл мен мәдениет байланысы туралы ой-пікірлері
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 36
... ... ...
2.3. Қ.Жұбановтың тіл мәдениетін қалыптастырудағы
ғылыми-педагогикалық мұралары 41
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
Қорытынды 50

... ..
Пайдаланылған әдебиеттер 52
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
Қосымша 53

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Тума талант, ғұлама, ғалым, профессор
Құдайберген Жұбанов қазақ тіл білімінің барлық салалары бойынша пікір
айтып, құнды зерттеулер қалдырған.
Құдайберген Қуанұлы Жұбанов – қазақ халқының мәдениетін, өнері мен
әдеби ойының дамуын тарихи тұрғыдан өзіндік қолтаңбасымен зерттеп, сол
арқылы ұлттық мәдениетімізді дамытуға ерекше еңбек сіңірген адамдардың бірі
болды. Ғалым-лингвистің өз сөзімен айтсақ, ұлт мәдениеті ірі саласының
бірі – ұлт тілімен жазылған әдебиеті.
Ғалым тіл арқылы халықтың тағылымдық мұраты мәдени әрі тілдік мұра
ретінде сақталатынын және этностың әр дәуірдегі ұрпақ өкілдеріне тіл мен
мәдениетті табыстыратын жаңа саланың дүниеге келетіні туралы сол кездердің
өзінде-ақ болжам айтқан.
Ғалымның артына қалдырған мол мұрасы бүгінге дейін ғалымдар тарапынан
зерттеліп келеді. Бірақ ғалым зерттеулеріндегі тіл мен мәдениет
сабақтастығы туралы іргелі зерттеулер жүргізілмеді. Бұл тұрғыдан алғанда
зерттеу жұмысының тақырыбы өзекті болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты – Қ.Жұбановтың
тіл, мәдениет және олардың сабақтастығы жөніндегі ғылыми ой-тұжырымдарына
талдау жасау, тіл біліміндегі, оның ішіндегі тіл мәдениетіндегі орнын
анықтау, ғылыми мұрасына лайықты бағасын беру. Бұл мақсатқа жету үшін ғалым
зерттеулеріндегі мынадай мәселелердің шешімін бағалау міндеттері қойылды:
- ғалым зерттеулеріндегі тіл мен мәдениет сабақтастығын ашып көрсету;
- әдеби тіл мен оның нормалары туралы, қазақ тілінің терминдері
жөніндегі пікірлерінің мәнін ашу.
Зерттеу әдістері. Дипломдық жұмыста баяндау әдісі, талдау әдісі,
сипаттама әдісі қолданылды.
Зерттеу нысаны. Қ.Жұбановтың тіл мен мәдениет сабақтастығына қатысты
іргелі зерттеулері, пікірлері мен ізденістері.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы.
Зерттеу жұмысының теориялық жағында айтылған мәселелер қазақ тіл
білімінің фонетика, грамматика, терминология сияқты салалары мен тіл
мәдениетіне қатысты дәрістерді жүргізуде негізге алар материал болып
табылады.
Зерттеуде алынған нәтижелер және зерттеу материалдары оқулықтар мен
оқу құралдарын жасауда, стилистика пәні, тіл мәдениеті бойынша лекциялар
курсында кеңінен қолданылады. Жұмыстың кейбір деректері ғалымның еңбектері
туралы энциклопедияларда, қазақ тілі бойынша анықтағыштарда қолданылады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау. Қ.Жұбанов және қазақ тіл білімі мәселелері
1.1. Құдайберген Жұбановтың қазақ тіл білімі жайлы ойлары
20-30 жылдардағы сауатсыздықты жою, республика ғылымы мен мәдениетін
дамыту ісіне белсене араласқан, өзіндік үлесін қосқан аға буын өкілдері аз
емес. Солардың бірі қазақ тіл білімінің ірге тасын қалаушы, аса көрнекті
ғалым, белгілі ағартушы, қоғам қайраткері, профессор Құдайберген Қуанұлы
Жұбанов еді. Құдайберген Қуанұлы 1927 жылғы қазан айына дейін үлкен бір
құлшыныспен еңбек етіп, қазақ тілінің ғылыми грамматикасының жүйелі толық
курсын жазды. Оның Қазақ тілі жөнінен зерттеулер атты орыс тілінде
жазылған еңбегі дүниежүзілік түркология деңгейінен көрінген еңбек еді. Оны
кітаптың тұратын бұл еңбектің екеуі ғана жарыққа шығып үлгерді. Олар:
Сөйлем ішінде сөздердің орналасу тарихынан, Күрделі және көмекші
етістіктер туралы. Ал қалған еңбектер автордың репрессияға ұшырауына
байланысты жарық көрмей, жойылып кетті. Олардың көпшілігі морфология,
фонетика саласынан еді. 1936 жылы баспаға берілгендердің ішінде Вопросы
казахского языкознания, Қазақ тіліндегі сусымалы дауыстылардың түсіп қалу
себептері сияқты еңбектері болған. 1937 жылы шығаруға тиіс Қазақ тілінің
академиялық сөздігі Синтаксис саласына арналған Мағынасыз сөздердің
мағыналары, Қазақтардың малға айтатын одағайары атты еңбектері жоғалған.
Құдайберген Қуанұлы Жұбанов 1937 жылғы 19 қарашада нақақтан жала жабылып
тұтқынға алынды да, 1938 жылдың ақпанында ату жазасына бұйрылады.
Қ.Жұбанов өзінің қысқа ғұмырына республикамыздың ғылыми, мәдениеті
саласында айтарлықтай еңбек сіңіріп, артына елеулі мұра қалдырды. Оның
көптеген мақалалары 30-жылдарда шығып тұрған Ауыл мұғалімі,
Политехникалық мектеп, Әдебиет майданы журналдарында, терминком
бюллетендерінде, жеке жинақтар құрамында жарияланды.
Ғылымның жарық көрген еңбектері жинақталып, өнделіп, Қазақ тілі
жөніндегі зертеулер деген атпен 1966 жылы басылып шықты [1]. Бұл құнды
еңбек бес бөлімді қамтиды. Олар: Қазақ тілі граматикасының мәселелері,
Алфавит, орфография, терминология мәселелері, Қазақ әдеби тіл
мәселелері, Мәдениет пен өнер мәселесі, Бағдарлама мен әдістеме
мәселелері.
Ғылым Қазақ тілінің граматикасы деген еңбегіне грамматиканың үлкен
бір саласы синтаксисті өзек етіп, оны тілдегі құрастырушы құрылыс деп
түсіндірді. Сөз тіркесі синтаксисін сөз қиыны деген терминмен атады.
Ғалым өз еңбектерінде сөйлемнің бағыныңқы, басыңқы (жетек сөз және жетекші
сөз) бөлімдерінің де байланысу заңдарын анықтайды. Білімдар ғалымның
еңбектерін Р.Сыздықова:
1. Фонетика
2. Қазақ тілінің грамматикасы
3. Жалпы тіл білімінің кейбір мәселелері
4. Қазақтың ұлттық әдеби тілінің дамуы мен тарихы
5. Қазақ жазуы, орфография , терминология
6. Оқулық, программа, методика
7. Мәдениет пен өнер мәселелері - деп жетіге бөліп қарастырады.
Ғылым әдеби тіл туралы арнайы еңбектер жазбаса да, оның барлық ғылыми
еңбектерінің өн-бойынан қазақ әдеби тілі туралы сындары ойлары байқалып
тұрады.
Қ.Жұбановтың Буын жігін қалай табуға болады?, Қосар ма, дара ма?
секілді еңбектері қазақ тілінің дыбыс жүйесі, дыбыс саны мен сапасы,
дауысты-дауыссыздар, олардың айтылуы мен жазылуы, дыбыстар аппараты, буын
сингормонизм, екпін мәселелерін ғылыми тұрғыда сөз етеді. Профессор
Қ.Жұбанов зерттеулері қазақ тіл білімінің, соның ішінде, қазақ тілі
фонетикасының бүгінгі жетістіктерінің бастауы болып табылады. Ғалым Әлімхан
Жүнісбековтың сөзімен айтсақ: Қ.Жұбанов ұстанған ғылыми зерттеу қазақ
тілін дыбыс құрылысын фонологиялық тұрғыдан зерттеудің басы болды. Бұл
арада біз ғылымды А.Байтұрсынов еңбектеріндегі тілдік терминдерді теориялық
тұрғыда дамытушы деп түсінгеніміз жөн.
1.2. Қазақ фонетикасының бұлақ бастауы
Тума талант, ғұлама, ғалым, профессор Қ.Жұбанов қазақ тіл білімінің
барлық салалары бойынша пікір айтып, құнды зерттеулер қалдырған. Қазақ
тілінің дыбыс жүйесін ғылыми тұрғыдан зерттеулер мәселесін де алғаш қолға
алып, пән ретінде қазақ тілі фонетикасының ғылыми курсын жасады. Ғалым өзі
өмір сүрген кезінде фонетиканың ғылымдағы орны дәл анықталып болмағанына
қарамастан ғылыми фонетиканың объектісін дұрыс тани білді. Ол дыбыстарды
тіл дыбыстары ететін олардың лингвистикалық (фонологиялық) қызметі екпін
тілдік қызметі бар дыбыстары ғана зерттеу керектігін айта келіп;
фонетика – дыбыс тілі дыбыстарының тілдік қасиеттерін тексеретін ғылым
дейді [2]. Қазақ фонетикасының ғылыми курсын жасаушы атты мақаласында
профессор Ә.Жүнісбеков былай деп атап көрсетеді: Профессор Қ.Жұбановтың
қазақ тілінің дыбыс жүйесін фонетикалық және фонологиялық тұрғыдан дербес-
дербес қарастыруының өзі әлі күнге дейін көп зерттеушілердің қолы жете
алмай келе жатқан жай; оның дыбыс пен фонемаға берген анықтамалары
фонология теориясын еркін пайдаланғандығының куәсі [3, 51]. Қазақ тіл
білімінің алғашқы кезеңінде-ақ ғалым тілтанудың іргелі мәселелерін дұрыс
шешіп, теориялық терең тұжырымдар жасауы нәтижесінде оның ұсынған ғылыми
қағидалары уақыт сынынан мүдірмей өтіп, өзінің өміршендіші мен заман
талабына сай екендігін дәлелдеп, кейінгі зерттеулер бұлақ-бастауына
айналды. Бізге сақталып жеткен ғылыми ізденістерінде ғалым тіл
проблемаларын зерттеп танудың дәйекті үлгісін көрсетіп, қазақ тіл білімінде
тарихи-салыстырмалы және салғастырмалы типологиялық зерттеу тәсілдеріне жол
көрсетті.
Ғалым қазақ тіл білімінің барлық салалары бойынша іргелі ғылыми
еңбектер қалдырды десек, солардың ішінде фонетикаға қатысты зерттеулерінің
маңызы ерекше зор деп білеміз. Қ.Жұбановтың 1936 жылы баспадан шыққан
Қазақ тілінің грамматикасы І-бөліміндегі фонетикаға қатысты тарауы,
Қазақ тілінің ғылыми курсы жөніндегі лекциялар атты еңбегінің баспадан
шығып үлгерген Қазақ тілінің фонетикасы деп аталатын бөлімі, Буын жігін
қалай табуға болады?, К постановке исследования истории фонетики
казахского языка атты және қазақ тілінің алфавиті, орфографиясы,
терминологиясы мәселелеріне арналған мақалалары қазақ тілі фонетикасының
ғылым ретінде іргесі қаланып, теориялық тұрғыдан зерттеліп, қалыптасуына
игі жағдай туғызды. Ғылымының Қазақ тілінің жоғары курсынан лекциялар
атты бұрын баспа бетін көрмеген қолжазбасы қазір баспаға берілді. Сонымен
қатар Қ.Жұбановтың Қазақ әдебиет тілінің терминдері туралы, Термин
сөздерінің спецификасы жөнінде деген т.б. мақалалардағы термин сөздерге
қатысты ғылыми тұжырымдары да оның қазақ терминологиясын қалыптастыруға
үлкен үлес қосқаның, термин жасау ісіне өзінің де белсене араласқанын
анықтайды.
Қ.Жұбановтың фонетика жайлы теориялық еңбектерінің ішінде Қазақ тілі
грамматикасының фонетика бөлімін ерекше атауға болады. Онда дыбыс,
дыбыстың саны мен сапасы, дауысты-дауыссыз дыбыстар, олардың артикуляциясы
мен акустикасы, дыбыстау-аппараты, буын, сингорманизм, екпін туралы жүйелі
баяндалды.
Ғалым тіл дыбыстары туралы айтар ойын сан мен сапа арқылы түсіндіреді:
Бір тілде жұмсалатын дыбыстардың жалпы санының ұшы-қиыры жоқ, бірақ оның
бәрінің бірдей сапасы әр түрлі бола бермаейді. Сапасы әр түрлі болатын
дыбыстар белгілі мөлшерде ғана болады да, көп болмайды дейді. Қазақ
тілінде сапасы әр түрлі болатын дыбыстардың арнаулы саны бар екенін айта
келіп, Қ.Жұбанов: Қазақ тілінде сапасы 26 түрлі дыбыс бар. Олар:
а,б,ш,ж,д,е,ғ,й,к,л,м,н,ң,қ,р,п,о,с ,т,ұ,ү,ұү,ы,ый, бұлардың е-ден
басқаларының бәрі де бірде жуан, бірде жіңішке болып екі түрлі айталады да,
51 дыбыстың орнына жүреді дейді. Мұның өзі профессор Қ.Жұбановтың тіл
дыбыстарын зерттеуде сандық деректерді тиімді пайдалануы, қазіргі
лингвостатистиканы сол кезде-ақ танығанын байқатады.
Профессор өз еңбегінде 26 дыбысты 1) дауысты дыбыстар, 2) дауыссыз
дыбыстар, 3) сонор дыбыстар деп үш топқа жіктейді. Дауысты дыбыстардың жеті
түрін (а,е,ұ,ы,ұу,ый) көрсете келіп, жуан дауыстылардың а,о,ы, үу,ый, ал
жіңішке дауыстылардың - ә,ү,і,үу,ій әріптерімен белгіленетінін, жазуда
дауысты дыбыстардың жуанын бір әріппен, жіңішкесін, екінші әріппен, ал
дауысыздардың жуанын да, жіңішкесін де бір-ақ әріппен таңбалайтынымызды
еске салады. Дауысты дыбыстарды айтылу түріне қарай 1) толық дауысты
(а,ә,,е,о,ө), 2) келте дауыстылар (ы,і,ү,ұ,), 3) қосынды дауыстылар (ұу,
үу, ый, ій) деп үшке бөліп, толық дауыстылар өз сапасын жоймай толық
айтылса, келте даукытылар өте мүкі түрде, кейде қысқарып, түсіп қалып
айтылатынын (мәселен: орын-орны), ал қосынды дауыстылар бірі дауысты, бірі
дауыссыз екі дыбыстан (үу,үу) құралатынын айтады. Дауысты дыбыстарды жасалу
түріне қарай 1)ерін дауыстылалар – о,е,ұ,ү, 2) езу дауыстылар – а,ә,ы,і,е
деп екіге бөлген.
Қ.Жұбанов сонор дыбыстарын басқа дауыссыздарды үнді (ұяң дыбыстар)
және үнсіз (қатаң) дыбыстар деп те бөлген. Оларды егіз жұбайлас дыбыстар
деп те атайды. Дыбыс тек салдар болып шығатын сыңарын үнсіз дауыссыз
дейміз. (к,қ,ш,с,т,п,). Ал дыбысында үн аралас болатын сыңарын үнді дейміз.
(г,ғ,ж,з,д,б,) дейді. Дауыссыздарды созылып созылмай айтылуына қарап
үздікті, үздіксіз деп те жіктейді. Үздікті дауыссыздар үздік-үздік шығады
да, созылып айтылуға келмейді. Ал, үздіксіз дыбыс дегеніміз шұбатыла
айтылады да, созып айтуға келеді. Дуыссыз дыбыс дегеніміз – салдыр
дыбыстар дер едік. Салдыр ауыздың ішінде пайда болады. Ауыздың бір жері бір
жеріне иә соғып қалады, иә жуысып қалады. Салдыр шығатыны осыдан. Ауыздың
әр жерінің салдыры әр түрлі болады. Мәселен, екі ерін бір-біріне соғып, не
жуысып қалса бір түрлі салдыр, тіс тіске соғып не жуысып қалса екінші түрлі
салдыр болады деп көрсетеді. Сонымен қатар, автор салдыр дауыссыздарды
жасалу орнына қарай үш түрлі артикуляциялық топқа жіктейді. 1) п-б
дыбыстары ерінде болатын салдыр болғандықтан ерін дауыссыздары, 2) қ,к,ғ,г
дыбыстары тілдің көмейге соққан салдарынан пайда болатындығынан көмей
дауыссыздары, 3) т,д,с,з,ш,ж дыбыстары тілдің үстіңгі күрек тіске не соғып,
не жуысып қалуынан пайда болатындықтан тіс дауыссыздары дейді.
Ауыздың екі жері бір-біріне жабысып, ашылғаннан пайда болған дыбысты
жабысыңқы, ал жабыспай, тек жуысқаннан пайда болған дыбысты дуысыңқы
дауыссыз дейді. Үздікті дауыссыздар жуысыңқы болатынын ескертеді. Жуысыңқы
дыбыстарды дыбысталу түріне қарай сыбыр, сыбыс дыбыстары деп екіге бөледі.
Себебі, сыбыр дыбыс (с,з,) сыбырлар сөйлегенде де анық естісе, ал ш,ж
дыбысы сықырып сыбыс бергенде ұқсас естілетінін айтады. Бұдан біз ғалым әр
дыбыстың ерекшеліктерін жете талдағанын көреміз. Салыры мен үні тең
дыбыстады Қ.Жұбанов сонор дыбыстары деп екіге бөлді. 1) Тура жолды сонорлар
у мен ий, себебі ауа тура шығып кетеді де, мұрынға кетіп, не ауыз
ішінен өзінде бұрылып, бұлтақтамайды. Шығатын орны жағынан у дыбысы
еріннен, ал и дыбысы таңдайдан шығады, жасалу түрі мен созылымдығына
қарасақ, екеуі де жуысыңқы дыбыс, екеуі де созуға келетін үздіксіз
дыбысатр, у дыбысы шығарда екі ерін бір-біріне жуысады, ал и дыбысында
тілдің үстіңгі жағы таңдайға жусады дейді.
2) Айналма жолды сонорлар тура жолды сонорлар сияқты тура шықпай
бұрылып, айналып өтетін демнен шыққан салдар әсерінен жасалатынын айтып,
айналма жолды сонорларды өз ішінде екі түрге саралайды. 1) мұрын жолды
айналма сонорлар (м,н,ң) айтылғанда дем тура ауыздан шықпай, кеңсірікпен
айналып барып мұрыннан шығатынын, 2) ауыз жолды айналма сонорлар (л,р)
айтылғанда дем басқа дыбыстардай тура шықпай, ауыздың өзінің ішінде
бұлтарып жүріп барып шығатынын ескертеді.
Қазақ дыбыстарын артикуяция-акустикалық жағынан топтап, әр дыбыстың
ерекшеліктеріне қарай жіктеу тарихында Қ.Жұбановтың орны өзгеше. Себебі
ғалым қазақ дыбыстарының артикуляциялық кестесін жасап, қазақ тілі
фонетикасының дамуына үлес қосып қана қоймай, пән ретінде қалыптасуына
негіз салды. Қазіргі оқулықтардағы дыбыстардың топтастырылу негізінен
Қ.Жұбановтың жіктеулерімен сәйкес келеді. Сондай-ақ, оның дыбыстарды
жіктеуде ұсынған өзіндік терминдері І.Кеңесбав Қазіргі қазақ тілі
оқулығында шұғыл дыбыстың ерекшелігін танытуда Қ.Жұбанов еңбектеріндегі
үздікті, жабысыңқы, ал ызың дыбыстарды айтқанда үздіксіз, жуысыңқы
терминдерін қосымша анықтама ретінде қолданған. Сонымен бірге ұяң дыбыстар
– үнді, қатаң дыбыстар – үнсіз дыбыстарға сәйкес келетіні байқалады. Ал
сонор дыбыстадың жасалуы туралы айтқанда Қ.Жұбанов у,м дыбыстарын ерін
арқылы жасалады десе, оқулықта да ерін, н,л, - дыбысын тіс арқылы, оқулықта
тіл ұшы, й,р, - таңдай, оқулықта тіл алды, ң – көмей, оқулықта тіл арты деп
берілуі екі ғалымның ойы бір-біріне өте жақын келгенін көрсетеді.
Профессор Қ. Жұбановтың дыбыстардың жіктелуін төмендегідей кесте
жасап көрсеткен.
ДАУЫСТЫЛАР
Ашық дауысты Келте дауысты Қосынды дауысты
ерін езу ерін езу ерін езу
жуан о а ұ ы ұу ый
жіңішкесі ө ә,е ү І үу ій
барлығы 2 3 2 2 2 2
5 4 4
ДАУЫССЫЗДАР
жасалу түріне қарай жабысыңқы жуысыңқы
созылымдығына қарай үздікті үздіксіз
дауысталуына қарай сыбыр сыбыс
үн түріне үнсіз қ,к п,т с ш
қарай үнді ғ, г б,д з ж
шығатын орнына қарай арғы-бергі ерін тіс
көмей
СОНОРЛАР
шығатын жолы шығатын орындары
ерін тіс тіс таңдай көмей
күрек тіс азу
Ауыз мұрын у
- -м -
- -ң -
- л-
й
- р-
-
- -ң тура айнал
малы тура айнал
малы тура айнал
малы тура айнал
малы тура айнал
малы
Қазақ тілінің дыбыс құрылысын зерттеуде Қ,Жұбанов ілімдерін одан әрі
жетілдіріп, жалғастырған және қазақ тілі фонетикасының ғылым дәрежесіне
көтерілуіне бірден-бір үлес қосқан академик І.Кеңесбаев болды. Ол іргелі
зерттеулерінің нәтижесінде ғылым жетісіктеріне сай оқулық қалдырды. Соңғы
кездерде қазақ тілінің дыбыс жүйесін тәжірибе жүзінде зерттеуге көп көңіл
бөліп келеді. Осыған сәйкес, қазақ тілі дыбыстарының жекелеген мәселелері
туралы Ж.Аралбаев, Ә.Жүнісбеков сияқты ғалымдар құнды зерттеулер жариялады.
Осы жетістіктердің барлығы да профессор Қ,Жұбанов негізін салған іргелі
зерттеулердің жалғасы еді. Ендеше, фонетика саласындағы қазіргі
жетісітіктеріміздің бастау бұлағы ретінде Қ.Жұбановтың еңбектері бүгінгі
күнмен ғылыми жалғастығын үзбеуі тиіс.
1.3. Қ.Жұбанов және қазақ тілінің морфологиясы мәселелері
Қ.Жұбанов қазақ тілі бөлімінің морфология саласына көбірек көңіл
бөлді. Ғалым морфологияға мынадай анықтама берген болатын: Сөз-сөздің
қалай құралатынын жалпы түрде қарайтын ғылымды морфология дейміз [4, 101].
Бұл саланың негізгі категорияларына қатысты алғашқы мәліметтерді Жұбанов
Қазақ тілі грамматикасы атты мектеп грамматикасында береді. Морфологиялық
обьектілерден ғалымның кейінірек сөз еткені сөз таптары сөздердің
топтастыру принциптері, күрделі сөздер олардың жасалуы көмекші етістер
қалып етістері оған тән ерекшеліктер сөз құрылымы, сонын ішінде өлі
түбірімен өлі қосымшалар сияқты мәселелер сөздің құрылымдық түрлері тәрізді
мәселелері.
Ғалым сөздің қай-қайсысы болса да өзіндік лексика граматикалық
сипатына қарай үнемі біркелкі келмейтінін олардың іштей бірнеше бөлікке
бөлінетіндігін және ол жіктердің қалай болса солай емес белгілі бір
заңдылықтарға негізделетінін соның негізінде топтасып жататынын өте терең
аңғарған.
Сөздерді топтастырудағы Қ.Жұбанов ұсынған үш қағидасы күні бүгінге
дейін барлық грамматика авторлары мен тіл білімі зерттеулерінің негізгі
нұсқа еткен өзегіне айналып отыр. Ғалымның сөздерді топтастыру жүйесінде
қазіргі танылып жүрген сөз таптарының бәрі де бар. Ғалым сөз таптарын ең
әуелі үш салаға бөледі: 1. Түбір тап. Бұған Зат есім, сын есім, сан есім,
етістік, мезгіл есімін жатқызады. 2. Шылау тап. Оны қосалқы және қосымша
деп бөледі. Қосымшаның өзін автор іштей жалғау және үстеу деп айтады.
Мұндағы үстеу деп отырғаны қазіргі тілмен айтқанда жұрнақтар. Қосалқының
өзін жалғаушы және үстеуші деп бөледі. Мұндағы жалғауыш деп отырғаны
жалғауға ұқсап, өзін ерткен сөздері басқа сөзбен жалғастыру жұмсалатын
қосалқы шылау сөздер. 3. Одағай тап. Мұнда одағай жеке қаралады.
Ғалым өз еңбегінде осы шақтың ғылыми сипаттамасын берген, жасалу
жолын, жіктелу жүйесін дәлелдеген. Осы шақтың көсемшенің –а, -е, -й жұрнағы
арқылы жасалатын түрін дағдылы қимылды білдіреді деп таныған. Осымен
байланысты ғалым осы шақты іштей төртке бөледі:
1) настоящее универсальное;
2) настоящее непрерывно-длительное (форматив-жүр);
3) натоящее непрерывно-длительное-данное (форматив-тұр);
4) настоящее активно-данное (форматив-отыр) [1, 80-81].
Осы шақты бұлай топтастыруда ғалым оның ішкі мағыналық ерекшелігін
негізге алған.
Қ.Жұбанов заманында осы шақ туралы ғылыми дәлелденген пікір
түркітануда жоқ болатын. Сондықтан бұл еңбек осы шақ туралы қазақ тіл
білімінде ғана емес, түркологияда да тұңғыш ғылыми еңбек болды.
Қ.Жұбанов осы ғылыми зерттеулеріне сүйеніп, осы шақты топтастырды.
Қ.Жұбанов 1936 жылы Оқу комиссариаты бекіткен Қазақ тілінің
бағдарламасына шақ түрлерін кіргізді. Ол төмендегідей:
1. Дағдылы осы шақ: жазады, оқиды, білмейді (келер шақ екені мен осы
шақ екені төңірегіндегі басқа сөздермен білінеді.
Мысалы: Сиыр мөңірейді – осы шақ. Ертең сиыр мөңірейді – келер шақ.
2. Дәл осы шақ, оның тараулары:
а) Жалпы осы шақ – жазып жатырмын.
б) Кәдімгі осы шақ – жазып жүрмін.
в) Қазіргі осы шақ – жазып отырмын.
г) Әзіргі осы шақ – жазып тұрмын [5, 8].
Өкінішке орай, нақ осы шақтың ішкі мағыналық ерекшеліктеріне қазір
жеткілікті көңіл бөліне бермейді. Ал осы шақтың ғалым көрсеткен күрделі
грамматикалық тұлғасы 1971 жылы қорғалған Н.Оралбаеваның докторлық
диссертациясында танылып, ғылыми тұрғыда аналитикалық форма деп дәлелденді.
Атап айтқанда, Қ.Жұбановтың осы шақтың күрделі формасы туралы ой-пікірі
аналитикалық форма теориясының бастау көзі деп қаралу керек. Бұдан ғалым
пікірі ғылымның кейінгі дамуына әсер еткенін көреміз.
Қ.Жұбановтың нақ осы шақ тұлғалардың грамматикалық мағына реңктерін
көрсеткен пікірлері төмендегідей қорытынды жасауымызға негіз болады: а) іс-
әрекеттің сөйлеп тұрған уақытпен сәйкестігін білдірулері; ә) қимылдың өту
сипатын, яғни қимылдың созылыңқы жасалуы, үзіліпен орындалуын, қайталануын
білдірулері; в) төрт етістіктің ішінара синонимдес болуы.
Ғалым етістіктерге тобындағы көмекші етістіктерге жасаған жіктеуі –
ғылыми-теориялық тұрғыдан құнды пікір саналады. Сол замандағы грамматиканың
бәрі де мектептік грамматика болғандықтан ғалымның Көмекші және күрделі
етістіктер туралы ескертпелерін жазуы ғылым қажеттілігі болып табылады.
Қазақ тіл біліміндегі ғылыми құнды бұл еңбекте Қ.Жұбанов қазақ тіліндегі
көмекші және күрделі етістіктерге алғаш рет жүйелі талдау жасайды.
Қазақ тіліндегі күрделі етістіктер мәселесін шешу үшін ғалым сол
күрделі етістік құруға негіз болатын көмекші етістіктерді бірінші кезекте
талдайды. Бұл жөнінде: Поэтому мы решили посильно ответить этот вопрос в
серии заметок о вспомогательных глаголах без которого не обходится ни один
сложный глагол – дей келе, көмекші етістіктер жөніндегі алғашқы
ескертпелерін Қ.Жұбанов түркі тілдерінің барлығында осы шақ мағынасын
білдіретін, тілдің барлық деңгейінде өнімді қолданылатын отыр, жатыр, тұр,
жүр көмекші етістіктерін сипаттауға арнайды. Бұл етістіктердің өзге
етістіктерден ерекшелейтін негізгі айырым белгілерін ұсынады. Отыр, жүр,
жатыр, тұр етістіктерінің көптеген мағына реңктерге ие екенін, орыс тілінде
еш сөзбен сәйкес келмейтіндігін атап көрсетеді. Осы көмекші етістіктердің
қай түрі негізгі етістіктердің қайсысымен тіркесіп келгенде қандай мағынаны
білдіретіндігіне басты назар аударған.
Ескертпелерде көңіл аударған келесі бір мәселе ол – осы көмекші
етістіктердің негізгі өз мағыналарында жұмсалатындығын автор мынадай
мысалдарда олардың негізділік және көмекшілік қызметтерін айыру қиындықтар
тудырады дейді: ұйықтап жатыр, келіп тұр, өлшеп жүр, қағаз жазып отыр,
шауып жатыр, жамбастап жатыр. Зертеуші бұл мысалдарды талдап, күрделі
етістіктердің негізгі лексикалық мағынасы мен грамматиклық мағыналарын
дәлелдеуге оларды орыстіліне аударып көрсету арқылы мағыналарына көз
жеткізеді.
Профессор Н.Оралбаева Қ.Жұбанов саралап көрсеткен көмекші
етістіктердің мағыналық құрылымдарын жіктеуін қимылдың даму процесіне
қатысты мынадай мағыналарды көрсеткен дейді:
1. Қимылдың созылыңқы жасалуы.
2. Қимылдың үзіліспен жасалуы.
3. Қимылдың жасалу процесінің үдеуі, күшейуі.
4. Қимылдың жасала бастауы.
5. Қимылдың бірнеше субъект арқылы жасалуы [6, 68].
Ғалым көмекші етістіктердің негізгі етістікке тіркесіп, оған түрлі
мағына үстейтінін отыр, жатыр, тұр, жүр етістіктері арқылы ғылыми дәрежеде
дәлелдеген. Ол осы төрт етістіктен басқа етістіктерден үш түрлі ерекшелігін
көрсеткен: 1) бұл 4 етістік өзіне тікелей етістік жалғауын қабылдайды,
басқа ешбір етістікке жіктік жалғауы тікелей жалғанбайды. 2) олар түбір
қалпында осы шақ формасында тұрады, басқа етістіктерде ол қабілет жоқ. 3)
олар түбір қалпында ешбір қосымшасыз екі жақты білдіре алады. Олар: 2-жақ
бұйрық рай және 3-жақ осы шақ, қалған етістіктер түбір қалпында тек 2-жақ
бұйрық райды ғана білдіреді деп көрсеткен.
Қ.Жұбанов Қазақ тілінің грамматикасының бағдарламасында көмекші
етістікпен келген күрделі етістіктерді қосынды етістік деп атайды, көмкші
етістіктердің қызметін айқындайды, қолданылу мақсатын көрсетеді. Ғалым
көсемшелі етістіктердің шақтық түріне қарай көмекші етістіктердің әр түрлі
мағынаға ие болатынын көрсеткен. Ол тек кел, бар етістіктері осы шақтық
көсемше көрсеткішінде жатыр етістігімен тіркесіп, күрделі осы шақты
білдірмейді, жатыр етістігі көмекшілік қызметті атқармайды дейді.
Профессор Қ.Жұбанов 1936 жылы жарық көрген Заметки о сложных и
вспомогательных глаголах деген еңбегінде түркі тілдерінде, оның ішінде
қазақ тілінде қимылдың жасалуы өте дәл суреттеледі, ол орыс тілінің вид
категориясына ұқсайтын сияқты болып көрінеді, бірақ ол вид емес деп жазған
болатын [5, 19]. Ғалым сол кездің өзінде-ақ оның көрініс категориясы емес
екенін дұрыс байқаған, бірақ оның қай категория екенін дәл айтқан жоқ
болатын.
Ғалым қимылдың орындалуын сипаттайтын көрсеткіштердің тілдегі
етістіктермен түгел талғаусыз қолданыла бермейтінерекшеліктерін анықтап,
лексика-грамматикалық мағыналарын ескерте отырып, бұл категорияның
көрсеткіштері тілдегі етістіктердің бәріне жалғанып, тіркесуі міндетті емес
екендігіне назар аударады. Қимылдың тәсіліне мынадай анықтама береді:
Қимылдың қалай жасалғанын көрсететін мағыналық ерекшеліктердің тілде
көрінуі – қимылдың тәсілі категориясына жатады. Мысалы, атқыла, кескіле,
тепкіле, соққыла, жұлқыла етістіктерінде ату, кесу, тебу, соғу, жұлу
қимылының қалай жасалғаны берілген дейді.
Қ.Жұбановтың көмекші етістіктердің қимылдың басталуынан аяқталуына
дейінгі аралықтағы іс-әрекеттің түрлі динамикалық ерекшелігі болатынын тап
басып айтқан пікірі түркітануда жарты ширек ғасыр уақыттан кейін ғана
барып, ғалымдардың ұзақ пікірталасынан кейін ғылымда орнықты.
Қ.Жұбанов атап көрсеткен іс-әрекет, қимыл барысындағы көмекші
етістіктердің үстейтін түрлі мағыналық ерекшелігі қазақ тіл білімінде
қимылдың өту сипаты категориясы болып қалыптасты.
1.4. Қ.Жұбанов еңбектеріндегі қазақ синтаксисі мәселелері
Құдайберген Қуанұлы Жұбанов – қазақ тіл білімінің негізін салушылардың
бірі, қазақ филологиясындағы тұңғыш профессор 1932. Оның тіл білімі
саласындағы әмбебап ғалым екеніне фонетика, сөзжасам, орфография,
терминология, этимология жайындағы ой-пікірлері дәлел. Ал синтаксис
саласына қатысты ой-пікірлері өзінше бір төбе. Бұл жөнінде синтаксис маманы
Талғат Сайрамбаев ...Қ.Жұбанов та тілдің барлық саласында сол бағытта
жұмыс берген. Бірақ Қ.Жұбанов еңбегінің өн бойынан тілдің басқа салаларынан
гөрі көбіне синтаксистік жағы нақты көрініс тауып отырады. Сондықтан
автордың еңбектерінің, оның ішінде жеке еңбектерінің негізінде бұл ол
кісінің нағыз өнімді зерттеген саласы синтаксис деп білеміз. Сондықтан
Қ.Жұбанов синтаксис зерттеуші деген қорытындыға келеміз деп орынды баға
берген [7]. Біз де осы оймен келісе отырып, Құдайберген Жұбановты шын
мәнінде синтаксисті зерттеушілердің бірі деп танимыз. Ғалым сол кездің
өзінде-ақ синтаксистің келелі мәселелерін көре біліп, оларды өз
еңбектерінде зерттеу нысандары ретінде алуға тырысқан.
Ғалымның синтаксис туралы негізгі ойлары Қазақ тілі грамматикасы
деген еңбегінде. Автор ойынша, сөйлем бір сөзді де, бірнеше сөзді де
болады. Бір сөзді сөйлем – басы, қол-аяғы жоқ тас-домалақ дене сияқты, яғни
іштей талдауға болмайды. Ал көп сөзді сөйлем – басы, кеудесі, қолы, аяғы
бар дене сияқты. Көп сөзді сөйлемнің осындай түгел ойдың бір бөлшегін
білдіретін әр сөзін сөйлем мүшесі деген автор оларды баяндауыш, бастауыш
және айқындауыш деп үшке бөледі. Ғалымның тілімен айтсақ, айқындауыштар,
тұрлаусыз мүшелер. Сөйлемнің айқындауыш мүшелері анықтауыш пен толықтауыш
арқылы тиянақталған. Ғалым жалғаулы болса, толықтауышқа, жалғаусыз болса
анықтауышқа телиді [1, 401-402].
Бүгінгі таңда сөз тіркесі аясында қарастырып жүрген жайттардың бірі
– тіркесімділік мәселесі. Тіркесімділік – тілдің қабаттарында орын алатын
құбылыс. Тіл салаларының ішінен синтаксис бұл жағынан үлкен орын алатыны
белгілі. Бұл жөнінде Т.Сайрамбаев Егер фонетикалық, лексикалық тіркестер
бір сөздің аясында ғана берілсе, ал синтаксис ешуақытта бір сөз арқылы
берілмей, негізінде кемінде екі сөз, екі сөйлем арқылы берілетіні белгілі.
Міне, осыдан барып тіркесімділік синтаксистің өз бойына ғана тән және
синтаксис үшін қажетті сала екені өзінен-өзі түсінікті.
Құдайберген Жұбанов тіркесімділік ұғымының жалпы тіл жүйесінде
атқарар қызметі мен маңызының мол екенін сол кездің өзінде-ақ көрегендікпен
байқаған. Лексикалық элементтердің тіркесінде синтаксистің орны алатын
ғалым жай сандар мағынасы мен сөз мағынасын жымдастыра отырып тіл білімінің
келелі мәселесін қозғаған. Элементы словесного выражения нопоминают собою
элементы графического выражения чисел. Последние имеют не только
непосредственное значение, наличное у отдельно взятых цифр: 1,2,3,и т.д.,
но и относительное значение, которые они приобретают и не могут
приобретать, когда сочетаются друг с другом, как в случаях: 123 или 321,
или 213 или 231, или 2+1+3 и т.д. Подобно этому и слова, в отдельности
[2, 432-б.]. Міне осы относительное значение деген ғылыми термин
Фердинанд де Соссюрден басталатын сөз (слово), мағына (значение) және маңыз
(значимость) деген категориялармен үндесіп жатқанын, әрі ті біліміндегі
тіркесім (сочетаемость) проблемасын зерттеуге септігін тигізетінін ғалым
С.Нұрқанов та өзінің еңбегінде атап өткен.
Қ.Жұбанов өзінің еңбегінде синтагма деген терминге тоқталып, оны
сөздердің қайсысы кейін келетінін қарайды деп түсіндірген. Ғалымның өз
сөзімен айтсақ: ...Мен оқушымын деген тіркестің құрамындағы мен=мын дейтін
есімдіктердің біріншісін айтқанда екіншісін айтпай немесе екіншісін айтпай
немесе екіншісін айтқанда біріншісін айтпай қоюға болатыны мәлім. Осы
ілгері-кейінділікті Ф.де Соссюр синтагма дейді де, бірінші мен екіншіні
қосып, синтагма тізбегі деп атайды. Сөйтіп Ф.де Соссюрдің синтагмасы дыбыс
болсын, басқа болсын қайсысы бұрын, қайсысы соң келу тәртібін қарайды.
Жоғарыдағы тіркестің екінші сыңарындағы сөз мүшелерінің орналасуын синтагма
тізбегі деп түсіндіре отырып, оқушымен дегендегі морфемдердің тәртібін
бұзбасақ қана ол дұрыс ұғым береді, әйтепесе сөз болмай шығады, не басқа
сөзге айналып кетеді... Содан әрі мен де оқушымын деген мысал келтіріп
оны ассоциация қатары деп түсіндіреді. Өйткені бұлайша тіркескен сөз
тәртібінің де өз мағынасы бар деп қарайды деп Соссюрдің тілге көзқарасын
талдай лингвистикамызда зерттелемеген мәселерді қозғады. Мұнда жоғарыда
аталып өткен тіл қабаттарының саласында кезедесетін тіркесімділік
мәселесіне тоқталғаны байқалады.
Қ.Жұбанов жақсы бала, екі бала мен жақсы келдің, екі келдің деген
тіркестердің құрамындағы жақсы, екі сөздері екі сөз табына – сын есім мен
үстеуге, сөйлем мүшелерінен анықтауыш пен пысықтауышқа жататынын көрсете
білуін оның қай сөз табы мен қай сөз табы тіркеседі, қай сөйлем мүшесі қай
сөйлем мүшесімен байланысады деген сұрауға жауап іздегенін білдіретін
сияқты. Автор тіркесімділіктің аясын қай сөйлем мүшесі мен қай сөйлем
мүшесі байланысады деген тұрғысынан қарастырған. Мәселен, Сочетания слов
в предложении или отдельной группе бывает параллельное, когда несколько
слов одиноково зависят от одного и того же слова (сказуемого или какого–ибо
первичного члена), и последовательное, когда одно слово зависит от другого,
последнее от третьего и т.д. Первичные члены приведенного предложения
служат примером параллельного сочетания. Сырын білмеген аттың сыртынан
жүрме. Здесь сыртынан – первичный член, управляемый непосредственно
сказуемым жүрме; аттың – вторичный член, относящийся к сыртынан; білмеген –
тертичный, зависящий от аттың, сырын – четвертичный, зависящий от білмеген.
Вся фраза составляет одну пеоследовательную цепь.
О формах сочетания в казахском языке деген еңбегінде де Очень
важную роль в этом отношении играет казахском языке форма сочетания слов,
в определяющих не только отношение слов а определении, но и значение их
дейді. Мұнда да ғалым бір сөйлемнің құрамындағы сөздердің тіркесі арқылы
олардың мағыналарының өзгеретінін байқаған. Ол Сен көрген қымбат алпауыттан
да Қызыл құрт Ертай ұстаның Темірбайдан алған төрт бесті аты жақсы деген
сөйлемді алып оның орсыша нұсқасын: В сочетании в приведенном порядке эти
15 слов составляют предложение, значающее в переводе на русский язык
следующее: Чем дорогой помещик (лошадь помещичьей породы), виденный тобою,
лучше и гнедой пятилетний мерин, полученный кузнецом Ертаем кызыл-
куртовцом от Темирбая. Енді осы сөйлемді түрлегенде: Қызыл құрт Ертай
ұстаның Темірбайдан көрген аты қымбат. Торы алпауыттан да сен алған бесті
жақсы – Мерин кузнеца Ертая кызыл-куртовца, заподозрившего (в похищении
этого мерина) Темирбая, дорог. Чем гнедой помещик (лошадь) лучше и
полученный тобою пятелетки. Мәселен осындағы: Слово же (6) көрген только
потому, что находится после слова Темірбайдан и, следовательно, управляет
им, коренным образом меняет свое значение; безотносительный перевод его
значит уже не видевший, а заподозривший, но так как оно предшествует
слову аты и потому служит определением к этому слову – объекту действия
көрген, то автоматически (без изменения приставки) принимает форму
страдетельного залога деуі оның сөйлем мүшелерінің байланысы арқылы сөз
бен сөздер тіркесінің мағынасын ашқандығы болып отыр.
О построении речи на казахском языке атты мақаласындағы
төмендегідей ойлары да сөздер тіркесінің мәселесіне саятын сияқты. При
параллельном сочетании члены, одинаково относящиеся к одному и тому же
слову и имеющие те или иные формальные принадлежности, характеризующие это
отношение, могут быть расположены без определенного порядка, подчиняющегося
в этом случае только логическому ударению.
Последовательное же сочетание не допускает иного порядка, как только
восходящего; ...члены предложения, выраженные именами прилагательными
(поскольку они не обращены в имена существительные или не служат
сказуемыми): определения и обстоятельства образа действия, помещаются
непосредственно перед определяемым словом. И параллельное сочетание таких
членов предложения представляет большие затруднения, а в некоторых случаях
бывает совершенно невозможно без особой интонации или без помощи особых
служебных слов, вроде әрі, өзі: Әрі үлкен, әрі биік, әрі жарық, әрі жылы
ағаш үй ...Общее определение для нескольких определяемых слов типи
первые рука и нога недопустимо. Также недопустимо и сочетание типа
правая и левая руки, где множество определений предлагает множество
определяемых слов. В таких случаях приходиться повторять: в первом случае
определение: Оң қол мен оң аяқ и во втором случае определяемое слово: Оң
қол мен сол қол; Определения, имющие при себе какие-либо формальные
принадлежности (несмотря на отсутсвие согласования с определяемым словом),
легко вступают в параллельное сочетание: қолаң шашты, қой көзді, қыр мұрын,
имек қас, ақ құба қыз... При параллельном сочетании разнородных определений
определения с такими формальными принадлежностями всегда предшествуют
определениям, выраженным основными прилагательными (качеств) и
аффектированными существительными.
Егер де заттың анықтауышы болса, олардың қайсысының алдыңғы,
қайсысының соңғы шепте тұратынын да айтқан. Мәселен, ғалым биік тас үй және
екі тас үй деген мысалдарды ала отырып, сөздердің тіркесу еркіндігі туралы
сөз қозғайды: Бұл былай. Үй деген сөздің, мәселен, екі анықтауышы бар
екен: бірі – биік (с.ес.), бірі – тас (з.ес.). Кәне, бұл екеуінің қайсысы
бұрын, қайсысы соң тұру керек? Биік бұрын, тас соң тұру керек – биік тас үй
түрінде. Тас сөзін үй сөзімен екі араға жібермеске биік сөзінің амалы жоқ.
Екі тас үй десек тас сөздің өзі мен сөзінің арасына салмасқа екі сөзінің
амалы жоқ.
Жақсы деген сөз бала деген сөзбен қосылғанда бала деген заттың
жақсылығын, келдің деген сөзге қосылғанда келгендіктің жақсылығын, келу
деген істің жақсылығын ғана көрсетіп тұр. Мұның екеуінде де жақсылықтан
басқа мағына жоқ. Осы сияқты екі деген сөз де бала деген сөзге қосылғанда
бала екеу екендігін, келдің деген сөзге қосылғанда келудің екеу екендігін
көрсетіп тұр. Жақсылық деген сипат, екі деген – сан, белгілі бір затқа
жабысып қалған нәрелер емес. Сондықтан оны зат есімді айқындаса да,
етістікті айқындаса да екеуінде де бір-ақ түрлі айқындауыш мүше деп
түсінуге болады. Осындай сөздердің кейде бір сөз табы, келесі жағдайда
екінші сөз табының қатарынан орын алып жүргенін зерттеуші аңғара отырып,
оның шатасушылыққа әкелетінін мойындаған. Бұл күнде осы іспетті сөздер бір
ғана сөз табына жатады. Сонда ғалымның мұнда қарасытрғаны: сын есім мен зат
есімнің тіркесуі, сын есім мен етістіктің тіркесуі, сан есім мен етістіктің
тіркесуі т.с.с. Ал осы күнгі грамматика сөйлем мүшелерінің байланысы
аясынан кеңіп, сөз табы, сөз табының тіркестері ретінде қарау орын алды.
Сөз орнына психологиялық бейнелі қимылдың қолданылумен олар да
синтаксистік үнемдеуге себеп болады. Сөз айтылмайды, үнемделеді, бірақ
синтаксистік бірліктің мазмұны адресатқа түсінікті болады.
Ең бастысы, толымсыз құрылымдардағы мазмұнды адресаттың дұрыс
қабылдауы үшін де қызметі орасан. Қ. Жұбанов бұл туралы былай деген:
Дыбыстап сөйленген сөздің олқысы, көбінесе ыммен толады. Тіпті бірінің
тілін бірі білмеген я болмаса бірінің тілі мүлде жоқ болған уақытта да,
ыммен ылаждап түсіну-ге болады. Бұлайша кодталған хабарды дұрыс түсіну
үшін тілсіз қатынастың мән-мағынасы мен түрлері, оның контекске қатысты
құбылуы (адамның бір нәрсеге күйінгенде, қатты риза болғанында да екі
алақанын сарт ұратыны бар) жөнінде адресаттың білімі адресантпен тепе-тең
болуға тиіс [8, 17].
Жоғарыда талданған синтаксистің бір ғана мәселесі арқылы Қ.Жұбановтың
өз уақытысында айтқан теориялық қағидаларының өміршеңдігін байқай отырып,
оның осы арқылы жан-жақты әрі терең білімді қазақтың алғашқы лингвистерінің
қарлығашы екенін тағы да мойындай түсеміз.
1.5. Қ.Жұбанов және қазақ терминологиясы
1924 жылы Орынборда мәдениет қызметкерлері мен ғылым қайраткерлерінің
І съезі ашылды. Онда тұңғыш рет қазақ тілінің терминологиясы туралы сөз
болды. Халық ағарту комитеті жағынан әдеби-ғылыми кеңес құрылды. Ол
кеңестің міндеті қазақ тілінің терминологиясы жөніндегі сұрақтарды зерттеу
болатын. Әдеби-ғылыми кеңестің тағы бір алға қойған мақсаты - қазақ тілінің
қоғамдық саяси терминдерді жасау және аудару еді. 1926 жылдан бұл жұмысты
Халық ағарту комитеті жанындағы Методикалық бюро басқарады. Методикалық
бюро 1931 жылы біздің 800 термин енгізген Атаулар сөздігін шығарды [9,
14].
1926 жылғы Бакудегі түркологтардың І съезінде ұлт тіліндегі
терминология мәселелері сөз болды. Съезд қарарында барлық Бүкілодақтық
алфавит комитетінің бөлімшелерінде терминологиялық комиссия ұйымдастыру
қажеттігі айтылды. 1933 жылы біздің республикамызда Мемлекеттік
терминологиялық комиссия құрылды. Мемлекеттік терминкомның төрағасы болып
профессор Қ.Жұбанов тағайындалды.
Дәл осы 1933 жылы Москвада академик С.А.Чаплигин мен профессор
Д.С.Лоттеннің бастамасы СССР ҒА-ның жанынан ғылыми-техникалық
терминологиялық комитет ұйымдастырылды. Алайда, Қазақстанның мемлекеттік
термин комиссисясы Москвада құрылған академиялық комитетке тәуелсіз өз
алдына дербес мекеме болатын. Сондықтан бұл екі органның ұстанған ғылыми-
теориялық бағыттарында кейбір ұқсастықтар болғанымен, шын мәнінде бұлардың
қоғамдық әлеуметтік мәртебелері екі басқа еді. Терминком құрылғаннан кейін
қазақ елінің тіл мәдениет көтеруді, қазақ мектептеріне арналған
оқулықтардың, бағдарламалардың, әдістемелік нұсқаулардың, түрлі практикалық
құралдардың тілін жетілдіріп, бір ізге салуды көздеді. Бұрынғы араб
әліппесінен латын әліппесіне 1930 жылы ғана ауысқан қазақ жазуының
алфавиттік жүйесі мен емле ережесінде көптеген олқылықтар бар еді.
Қ.Жұбанов мемлекеттік терминком отырысында қазақ алфавитіне ф және х
дыбыстарын енгізу хақында ұсыныс жасайды.
1935 жылы мәдениет құрылыс қайраткерлерінің бүкілқазақстандық І съезін
шақырумен байланысы термин комиссиясына республикадағы тіл мәдениетін
көтеру шараларын күн тәртібіне қою міндеті жүктелді. Съезді ұйымдастырушы
академиялық комиссиясы төрағасы болып Қ.Жұбанов белгіленді. Съезде қазақ
тілінің алфавит, орфография, терминология мәселелері бойынша Қ.Жұбанов
баяндама жасады. Мемлекеттік терминкомның Бюллетеннің төрт саны
Қ.Жұбановтың редакторлығымен шығарылды. Онда орфография жобасы, әр ғылым
саласыдағы он мыңнан астам термин үлгілері және де Қ.Жұбановтың орфография,
терминология проблемалары туралы теориялық негіздерін дәйектейтін
мақалалары жарияланды. Олар қазақ терминологиясының негізгі қағидалары
болып қалды.
Р.Сыздықованың айтуынша ғалымның 1935 жылғы мемлекеттік терминком
Бюллетеннің үшінші номерінде басылған Термин сөздерінің спецификасы
жөнінде атты мақаласында Қ.Жұбанов термин деген не, термин болатын
сөздердің жай сөздерден ерекшелігі қандай деген жайттарды ашып,
терминология табиғатын түсіндіріп берген. Тіліміздің терминдер қорын
жасауда интерноционалдық сөздерден қашпау керек деген принципті дәлелдеген
[10, 40]. Профессор Қ.Жұбановтың өз сөзін келтірсек: Термином называется
специфический вид определенных словесных обозночений, передеющих
определенные понятия, устанаовленные на данном этапе развития науки и
революционной практики, причем передаваемое термином терминологическое
понятие может не совпадать со славарным значением, которые присуще данной
словесной величине в обыденной жизни [1, 361].
Қ.Жұбанов Қазақ әдебиеті тілінің терминдері туралы еңбегінде
терминология принциптерін жасап, көпшілік назарына ұсынды. Бұл принциптері
Мәдениет қайраткерлерінің съезінде бекітіліп, терминология саласының берік
қалыптасуына негіз болды.
Мақаладағы алғашқы жобада принциптер 11 пунктті болып берілсе, съезде
2-пункт 9 пунктіге қосылып, 10 пункт болып қабылданған.
1. Революция, совет, теория, практика, тенденция, медицина,
хирургия, климат, абсолютный сияқты халықаралық шеңберде
бірыңғай қолданылатын терминдерді қысқашаға аударуға және
өзгертудің қажеті жоқ, сол күйінде алу керек:
2. Әдебиет тілінде әр елдің өз тіліне аударылып алынатын
терминдер өндіріс, еңбек, ақша, түбір, сабақ, бұлшық ет, бөлу,
көбейту сияқтылар қазақ тіліне аударылып алынды. Кейбір
аударылып алынатын терминнің қазақ тілінде эквиваленті
табылмаса немесе қазақшаға аударғанда түсініксіз, я тіпті
теріс ұғым беретін болса, ондай реттерде орысша алынады:
сославие, состав, клетка, слет, т.б.
3. Әр қилы ғылым саласында бір мағынада қолданылатын немесе
мағына жағынан бір-біріне жақын, біркелкі байланысы бар
терминдер сол мағынасында бір-ақ түрде алынды. Форма-porma,
материя-materija (философия мен физика), түбір-tybir
(математикада, ботаникада, лингвистикада), морфология-
мorpologija (ботаникада, лингвисткада), реакция-reaksija
(химияда, биологияда, политикада), экскурсия-eiskusija
(физиологияда, педагогикада).
4. Бір сөзбен айтылатын бірақ түрлі пәндерде түрлі мағынада
жүретін: мануфактура (тарихи экономикада және жаңа мата
мағынасында), продукт (өндіріс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz