Мұнай және газ саласындағы терминологиялық өрістің ерекшелігі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   

Мұнай және газ саласындағы терминологиялық өрістің ерекшелігі (ағылшын және қазақ тілдерінің материалдары бойынша)


МАЗМҰНЫ:

Кіріспе
4
Кіріспе: 1
4: Мұнай-газ саласындағы терминдердің ағылшын және қазақ тілдеріндегі қалыптасу жайы . .
8
Кіріспе: 1. 1
4:

Терминология саласындағы зерттеулердің теориялық

негіздемесі

8
Кіріспе: 1. 2
4: Мұнай және газ саласындағы терминологияның жүйелік-құрылымдық қалыптасу жайы .
12
Кіріспе: 1. 3
4: Ағылшын тіліндегі мұнай-газ саласындағы терминжүйенің қалыптасу жайы мен жалпы сипаты .
15
Кіріспе: 1. 4
4: Қазақ тіліндегі мұнай-газ саласындағы терминжүйенің қалыптасу жайы мен жалпы сипаты . .
20
Кіріспе: 1. 5
4: Мұнай-газ саласындағы терминдердің құрылымдық және қызметтік мінездемесі
25
Кіріспе:
4:
Кіріспе: 2
4: Мұнай және газ саласындағы терминдердің жасалу жолдары ….
36
Кіріспе: 2. 1
4: Терминдер сөзжасамының синтаксистік тәсілі .
36
Кіріспе: 2. 2
4: Терминдер сөзжасамының лексикалық тәсілі . . .
41
Кіріспе: 2. 3
4: Терминдер сөзжасамының морфологиялық тәсілі
49
Кіріспе: 2. 4
4: Терминдер сөзжасамының семантикалық тәсілі . . .
59
Кіріспе: Қорытынды . . .
4: 65
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .
4: 68
Кіріспе: Қосымша. Мұнай-газ саласындағы терминдердің екі тілді (ағылшын-қазақ) сөздігі .
4: 71

Кіріспе

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Тәуелсіз Қазақстанның экономикасының түбегейлі өзгеруіне байланысты және еліміздің мұнай-газ саласының халықаралық ұйымдардың араласуымен қарқынды түрде дамуына сәйкес бұл ғылым саласында көптеген жаңа терминдер пайда болды. Бұл жағдай оларды жүйелеуді, тәртіпке келтіруді және ғылыми тұрғыдан түбегейлі зерттеуді қажет етіп отыр.

Мұнай әлемдік жанар-жағар май өндірісінде негізгі орынды алатындығы бәрімізге белгілі. Аталған шикізаттың жалпы қолданыстағы тұтыну үлесі күннен-күнге өсіп келеді. Мұнай-газ саласында аудармашыларды қатыстыру арқылы көптеген мемлекетаралық қарым-қатынастар жүзеге асып келеді. Бұдан өзге, бұл сала заңгерлік, қаржылық, маркетингтік және басқа да қызмет көрсету саласының қызметкерлерімен де үнемі байланысты болады. Соңғы жылдары мұнай химиясы, мұнай өндіру және мұнай өңдеу салаларында айтарлықтар өзгерістер болды, ал бұл өз кезегінде осы саланың терминологиясының өзгеруіне тікелей әсер етті. Арнаулы сала тілін түсіну бүкіл қызмет көрсету кешенінің жұмысын жоғарылатады, қарқынды нарықтық жағдайда олардың белгілі бір терминнің мағынасын іздеуге жұмсалатын уақытын қысқартады.

Ұсынылып отырған магистрлік диссертацияда ағылшын-қазақ тілдеріндегі мұнай-газ саласындағы терминологияның жүйелік және семантикалық ерекшеліктері салғастырмалы түрде қарастырылады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі мұнай-газ саласындағы терминдердің ағылшын және қазақ тілдеріндегі сипатының салғастырмалы түрде зерттелуімен анықталады.

Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда мұнай-газ саласындағы мұнай өндіру, өңдеу жұмыстарының қарқынды түрде дамуына байланысты осы салаға қатысты көптеген сөздіктер мен энциклопедиялық еңбектер баспадан шығарыла бастады. Бұл еңбектерде арнаулы сала тілін аударуда көптеген қателіктер жіберіліп жатты, ал бұл мұнай саласындағы қызметкерлерге терминдерді қолдануда, құжаттар жүргізуде көптеген қиындықтар келтіріп отырды. Осының негізінде, аталған салада терминдік жүйені қайта қарау және оларды жүйелеу ісінің қажеттігі туып отыр. Бірақ терминжүйені біріздендіру үшін аталған мәселенің зерттелу жайына шолу жасай келе, осы салаға қатысты әрбір терминнің нақты түсініктемесін тілдік заңдылықтарға бағына отырып, әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктерін анықтау қажет. Бүгінгі күні мұнай-газ саласындағы терминдер біздің тілімізге орыс тілі арқылы қабылданып отырған жоқ, тікелей ағылшын тілінен алынып отырғандығы белгілі, демек бұл саладағы терминдер осы екі тілді салғастырмалы түрде зерттеудің қажеттігін көрсетіп отыр.

Аталған зерттеу жұмысымызда арнаулы сала тілін жан-жақты зерттеуге ұмтылыс жасалды, мұнай-газ саласына қатысты ағылшын және қазақ тілдеріндегі терминдерге семантикалық тұрғыдан түсініктеме беруге тырыстық, сол сияқты екі тілдің терминдік жүйесі арасындағы өзгешеліктер мен ұқсастықтарын ажыратуға көңіл бөлінді.

Зерттеу жұмысының мақсаты мұнай-газ саласына қатысты терминжасам тәсілдерін анықтау, зерттеу еңбектеріне шолу жасау, ағылшын және қазақ тілдерінің материалдарына сүйене отырып, мұнай-газ саласы терминдерінің құрылымдық-семантикалық, атауыштық және қызметтік қасиеттеріне сипаттама беру болып табылады.

Аталған мақсатқа жету жолында төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:

  1. ағылшын және қазақ тілдеріндегі «мұнай-газ» терминологиялық өрісінің қалыптасу және даму тарихына шолу жасау;
  2. қарастырылып отырған тілдердегі терминдердің сыртқы пішінін анықтау, түсіндірме сөздіктерге сүйене отырып, әрбір терминнің дәл түсініктемесін беруге ұмтылыс жасау;
  3. екі тілдегі «мұнай-газ» терминологиялық өрісінің терминдеріне тән атауыштық және қызметтік, құрылымдық белгілерін анықтау, талдау, сипаттама беру;
  4. «мұнай-газ» терминологиялық өрісі терминдерінің терминжасам тәсілдерін зерттеу.

Зерттеу нысаны ағылшын және қазақ тілдеріндегі мұнай-газ саласына қатысты терминдер болып табылады.

Зерттеу пәні ағылшын және қазақ тілдеріндегі мұнай-газ саласына қатысты терминдердің терминжасамы.

Зерттеудің теориялық негізі төмендегіше қазақстандық ғалымдардың еңбегіне сүйенді: А. Байтұрсынов, С. Аманжолов, Ә. Қайдар, І. Кеңесбаев, Т. Сайрамбаев, Б. Нургазина, А. Ысқақов, Г. Нұрсұлтанова, Ө. Айтбаев, М. Балақаев, Қ. Жұбанов, Ш. Құрманбайұлы, Ш. Біләлов, Қ. Тұңғышбаев, К. Е. Темиргалиев, Э. Д. Сүлейменова, Н. Ш. Шаймерденова, А. А. Абдульманов; сол сияқты шетелдік ғалымдар: А. А. Реформатский, Г. О. Винокур, В. В. Виноградов, С. Г. Бархударов, О. С. Ахманова, Ю. Д. Апресян, Ю. Н. Караулов, В. Г. Гак, В. М. Грязнов, Г. Н. Немец, Б. Н. Головин, К. А. Левковская, В. П. Даниленко, В. М. Лейчик, Л. Ю. Буянова, А. В. Суперанская, Н. В. Подольская, В. Б. Гольдберг, Е. Н. Лучинская, В. В. Городилов және т. б.

Диссертациялық жұмысты жазу барысында төмендегіше лексикографиялық еңбектер де пайдаланылды: «Англо-русский словарь по химической терминологии» (1963 ж. ), Н. Тұяқбаев, А. Абдрахмановтардың авторлығымен шыққан «Русско-казахский словарь по разведочному бурению» (1972 ж. ), «Технический словарь-справочник по топливу и маслам» (1986 ж. ), «Большой англо-русский политехнический словарь» (1991 ж. ), «Русско-английский химико-политехничекий словарь» (1993 ж. ), Т. Танатарова, С. Лимановалардың авторлығымен жарық көрген « Русско-казахский толковый словарь разведывательного бурения» (1994 ж. ), А. Тажутовтың «Французко-англо-руско-казахский словарь по нефтеразведке» атты сөздігі (1998 ж. ), «Мұнай және газ геологиясы терминдерінің түсіндірме сөздігі» авторлары - Т. Н. Жұмагалиев, Н. Сеитова, Б. А. Есқожа, К. С. Шудабаева, Б. Т. Жұмагалиев (2000 ж. ), «Русско-английский словарь нефтяных и газовых терминов // Russian and English Glossary of Oil and Gas Terms» (2000 ж. ), «Русско-английский словарь по нефти и газу» (2000 ж. ), А. К. Кусаиновтың редакторлығымен шыққан «Казахско-русский, русско-казахский терминологический словарь: Горное дело и металлургия» (2000 ж. ), «Англо-русский словарь по химии и переработке нефти», авторы - В. В. Кедринский (2001 ж. ) , «Мұнай өңдеуде жиі қолданылатын терминдер мен сөз тіркестерінің орысша-қазақша сөздігі // Русско-казахский словарь терминов и словосочетаний, наиболее часто употребляемых по нефтепереработке» -Қ. Сұлтанғали, А. Мырзағалиева (2003 ж. ), «Современный англо-русский и русско-английский словарь по нефти и газу», А. И. Булатов (2006 ж. ), «Бурение и освоение нефтегазовых скважин - Терминологический словарь - справочник» А. И. Булатова, Ю. А. Проселкова (2007 ж. ) .

Зерттеу әдістері терминологиялық материалды зерттеу барысында сипаттама, салғастырмалы, статистикалық, талдау-жинақтау әдістері пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:

  1. ағылшын және қазақ тілдеріндегі «мұнай-газ» терминологиялық өрісінің пайда болу, даму және қалыптасу тарихы қарастырылды;
  2. ағылшын және қазақ тілдеріндегі терминологиялық түсіндірме сөздіктерді игерудің негізінде салғастырылып отырған тілдердегі мұнай-газ терминдерінің сыртқы пішіні анықталды;
  3. ағылшын және қазақ тілдеріндегі «мұнай-газ» терминологиялық өрісінің терминдеріне тән құрылымдық, атауыштық және қызметтік негізгі белгілері нақтыланды;
  4. қарастырылып отырған тілдердегі «мұнай-газ» терминологиялық өрісіндегі терминдердің терминжасамдық тәсілдері белгіленді.

Зерттеу жұмысының теориялық маңызы екі тілдің «мұнай-газ» терминологиялық өрісі терминдерінің салғастырмалы түрде зерттелуінен, арнаулы сала тілі терминдерінің жүйеленуінен көрінеді. Зерттеу жұмысында анықталған терминдердің негізгі белгілері мұнай-газ саласына қатысты ғылыми еңбектер жазуда, сөздіктер құрастыруда негіз болады.

Зерттеу материалдарын мұнай-газ мамандықтары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуде, аударма жұмыстарын жасауда негізге алуға болады.

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелері лексикология және терминтану пәндері бойынша арнаулы курстарды жүргізуде пайдаланылады. Елтану пәні бойынша дәріс және семинар сабақтарында зерттеуге алынған терминдер қосымша және иллюстративті материал ретінде қолданыла алады. Диссертациялық жұмыстың практикалық маңыздылығы екі тілді, үш тілді сөздіктерді құрастыруда негізгі материал болатындығымен айқындалады.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

  • қазақ тілінің «мұнай-газ» терминологиялық өрісіндегі терминдер ағылшын тіліндегілерімен бірдей болып келеді. Яғни тілімізде ағылшын тілінен тікелей қабылданған терминдер бар.
  • Ағылшын және қазақ тілдеріндегі терминдердің пішінін анықтау арқылы мұнай-газ саласына қатысты терминдер құрылымына қарай дара және күрделі болып бөлінеді. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі терминологиялық тіркестердің «терминологиялық ұясы» анықталды, бұл «мұнай-газ» терминологияық өрісі терминдерінің жүйелілігі туралы айтуға мүмкіндік береді.
  • Қарастырылып отырған тілдердегі мұнай-газ терминдері кірме лексиканы қабылдау, калькалау, қосымшалардың жалғануы арқылы және терминді басқа тілдегі баламасымен толықтай ауыстыру арқылы қалыптасқан. Тілдің терминологиялық құрамы сөздердің конверсия жолымен ауысуы арқылы да толығып отырады. Терминдерді қабылдау кезінде интернационалдық сипаттағы қосымшалар сақталады.
  • «Мұнай-газ» саласындағы терминдер сөзжасамның синтетикалық, аналитикалық және лексика-семантикалық тәсілдері арқылы жасалады. олардың ішінде аналитикалық тәсіл өнімді болып саналады. Лексика-семантикалық тәсіл терминдерді калькалау тәсілі арқылы қабылдағанда қолданылады. Қазақ тіліндегі кірме лексиканың негізі бөлігін орыс тілінен қабылданған сөздер құрайды. Терминжасамдағы синтетикалық тәсіл кірме лексиканың түбіріне сөзжасамдық қосымшаны жалғау арқылы жүзеге асады.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

І тарау. Мұнай-газ саласындағы терминдердің ағылшын және қазақ тілдеріндегі қалыптасу жайы

1. 1 Терминология саласындағы зерттеулердің теориялық негіздемесі

Терминология ғылым саласы ретінде зерттеушілердің қызығушылығын тудырып отыр. Себебі терминология саласында қазіргі халықаралық ғылым салаларының тоғысуы байқалады.

Терминтану саласындағы белгілі зерттеуші В. М. Лейчик терминтануды арнайы ғылым саласы ретінде қарастырады [1, 14] . Бірқатар ғалымдар қатары (Н. В. Васильева, В. П. Даниленко, Н. В. Подольский, А. В. Суперанская, Г. П. Немец, т. б. ) терминология - бұл жасанды жолмен қалыптасатын қабат, мұндағы әрбір бірліктің қолданылу аумағы шектеулі болып келеді және арнайы шарттарды сақтап қолданылады.

Термин лексикалық бірлік ретінде белгілі бір ғылым саласымен тікелей байланысты және белгілі бір терминологиялық өріс аумағында қарастырылады. Белгілі бір өріс құрамында қарастырылатын терминдер өзара байланысты болып келеді.

Термин басқалардан ғылыми тұжырымдарға тәуелділігі арқылы ерекшеленеді. Терминнің тілдік деңгейі өзі қатысты ғылым саласының әсерімен байланысты. «Термин де, сөз сияқты, белгілі бір нәрсені бейнелейді және теориялық мағлұматты береді» [2, 8] . Ғалымдар Г. П. Немецтің [3, 41], В. М. Лейчиктің [4, 21], Л. Ю. Буянованың [5, 11] пікірлеріне сүйенсек, термин өзі қолданылатын ғылым саласымен тығыз байланысты болады.

Ғылым қай кезде де тарихпен тікелей байланысты. Орыс тіліндегі ғылыми терминдердің қалыптасу тарихын ХVІІІ ғасырдың бастапқы жылдарымен байланыстыра аламыз. Ресейдің терминология саласындағы көрнекті өкілдері ретінде төмендегі ғалымдарды атай аламыз: А. А. Реформатский, Г. Ш. Винокур, В. В. Виноградов, С. Г. Бархударов, О. С. Ахманова, К. А. Левковская, Б. Н. Головин, В. М. Лейчик. Терминологияны қолданбалы негізде қарастырған ғалымдар қатары: Э. К. Дрезден, Д. С. Лотте, С. А. Чаплыгин, Т. Л. Канделаки, В. И. Сифорова, В. С. Кулебакин. Қазақ тіл білімінде терминтану саласында А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, Ә. Қайдаров, Ө. Айтбаев, Б. Қалиев, Ш. Құрманбайұлы тәрізді ғалымдар көп еңбек сіңіргендігін айта аламыз.

Ғылымда «термин» деген ұғым ХХ ғасырдың 20-30 жылдары пайда болды және осы жылдары терминжасамға қатысты алғашқы зерттеулер жүргізіле бастады. Десек те, «термин» ұғымының анықтамасын беруде ғалымдар арасында әлі де даулы мәселелер жоқ емес. Қазақ терминологиясының негізін салушы ғалым А. Байтұрсынов ХХ ғасырдың 20-жылдары терминжасамның екі негізгі қағидасын ұсынады:

  1. термин жасауда төл сөздерді кеңірек тарту, яғни өз байлығымызды А. Байтұрсынұлынша айтқанда, сарқа пайдалану принципі;
  2. Аударуға келетіндерін аударып, калька жасау жолымен тілімізге сіңген терминдерді қолданыста қалдыру [6, 88] .

Қазіргі тіл білімінде «термин» ұғымына бірнеше анықтама беріледі. «Термин - бұл әрқашанда арнайы-кәсіби қарым-қатынас пен кәсіби ойлаудың құралы және жемісі», - деп есептейді Б. Н. Головин [7, 98] . В. М. Лейчик те осыған ұқсас анықтаманы ұсынады: «Термин - белгілі бір тілдің арнайы мақсатта қолданылатын лексикалық бірлігі, ол арнаулы бір ғылым саласының жалпы - нақты немесе абстрактілі теориялық түсінігін білдіреді [8, 16-17] . Ғалым Д. С. Лотте төмендегідей тұжырымды ұсынады:

  1. термин ұлттық терминологиялық жүйенің мүшесі ретінде қарастырылады;
  2. термин ең кіші бірлік болып табылады, ол терминологиялық мағынаға ие және терминжасамға қатысады;
  3. терминдер «абсолютті»және қатысымдық бір мағынаға ие болуымен ерекшеленеді;
  4. міндетті түрде «төл» және «кірме» терминдер деп бөлінеді;
  5. ең алдымен, мамандар жаңа терминді қабылдағанға дейін бірізге түсірілген терминдерге түсініктеме берген дұрыс;
  6. бірінші кезекте бір ретке келтірілген терминдерге терминологиялық түсініктеме беру қажет, себебі мамандар терминнің жаңа мағынасына үйренісіп қалады;
  7. ең алдымен, салалық терминология құрылымының негізін қалаушы және солардың жасалуына әсер етуші терминдер түйінін дұрыс құрастыруға назар аударылуы қажет;
  8. жаңа термин заттың немесе белгілі бір ұғымның атауы, яғни зат есім болуы қажет және осы салада оған синоним болып келетін сөз болмауы керек, омоним сөз де кездеспеуі керек;
  9. бұрыннан бар және қайта жасалған термин белгілі бір ассоциацияға - «жеке» (мағыналық) немесе «салалық» (агрегаттық) ие болуы қажет [9, 56-58] .

Бүгінгі күні терминтануды ғылыми дискурс төңірегінде зерттеу жұмыстары үшін өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Термин ғалымдар тарапынан жан-жақты зерттелгенімен, аталған тақырыпқа қатысты жазылған еңбектер жоқтың қасы.

Қазіргі тіл білімінде терминді игеруде екі негізгі көзқарас орын алған: нормативтік және дескриптивтік. Нормативтік тұрғыдан қарастырылғанда термин, жалпы әдеби тілдегі сөздерден оны ерекшелеп тұратын семантикалық және грамматикалық құрылымға ие, белгілі бір типтің лексикалық бірлігі ретінде алынады. Нормативтік көзқарасты жақтаушылар терминге төмендегідей талаптарды қояды: термин тек бір мағыналы, нақты, жүйелі, қысқа және синонимдері жоқ болуы керек. Бұл көзқарасты ұстанушы ғалымдар қатарына Д. С. Лотте [9], А. А. Реформатский [10], В. И. Сифоров, Т. Л. Канделаки [11], В. П. Татариновтарды [12] жатқыза аламыз. Аталған ғалымдардың еңбектерінде термин тілдегі динамикалық түрде қызмет етуші емес, өзгерістерге ұшыраған статикалық элемент ретінде көрсетіледі. Тіл білімінде мұндай термин «идеалды термин» деген анықтамаға ие.

Фиксациялаудан басқа қызмет ету саласы да бар, бұл турасында Г. О. Винокур былай дейді: «қоршаған тілдік ортадан оқшаулау өте қиын» [13], себебі олар шынайы жағдайда ұсынылады. В. П. Даниленко фиксациялау саласы мен қызмет ету саласының арасында үлкен айырмашылық бар екендігін ерекше айтып өтеді [14] .

Дескриптивтік көзқарасты ұстанушылар (Г. О. Винокур [13], Б. Н. Головин [15], В. П. Даниленко [16], А. И. Крылов [17], Р. Ю. Кобрин, А. Н. Пекарская [18], А. С. Герд [19] жоғарыда келтірілген (терминге қойылатын) талаптарды жоққа шығарады. Олардың пікірінше, терминнің ерекшелігі оның ерекше сөз болып табылатындығында емес, ерекше қызметке ие сөз екендігінде. Ашып айтсақ, кез келген сөз термин бола алады, ал кез келген термин жалпы қолданыстағы сөздер шеңберіне ене алады. Сонымен, термин мен қарапайым сөздің арасындағы айырмашылық олардың лексикалық бірлік ретіндегі қасиетіне байланысты емес, олардың қызмет ету саласына қатысты болып келеді. Термин тілдік бірлік болып табылады, тіл заңдылықтарына бағынады, сондықтан да ол көпмағыналы бола алады, ал белгілі бір түсінікті беруде ол синоним, антоним сөздерімен ауыстырыла береді. Қазіргі зерттеулер дескриптивтік көзқарасты ұстанушылар тұжырымының дұрыстығын дәлелдеп отыр, бұл көзқарасты біз де ұстанамыз.

Жалпы қабылданған анықтаманың және «термин» ұғымының параметрлік түсініктемесінің жоқтығына байланысты «тілдік субстрат» концепциясы» деп аталатын жаңа теорияның пайда болуына әсер етті, бұл тұста термин «күрделі үш қабатты» түрде пайда болады:

а) табиғи-тілдік субстрат - термин құрылымының материалды (дыбыстық немесе графикалық) құрауышы, сол сияқты бұл құрылымның қай табиғи тілдің лексикалық жүйесіне терминнің тәуелді екендігін анықтап беретін идеалды (семантикалық) құрауышы болып табылады;

ә) логикалық суперстрат түсініктер жүйесінде терминге жалпы - абстрактілі немесе нақты түсініктерді анықтауға мүмкіндік беретін мазмұнды белгілер;

б) мазмұнды және қызметтік белгілер терминге адамның білімі мен іс-әрекетінің арнайы бір саласын сипаттайтын теорияның элементінің қызметін атқаруға мүмкіндік беретін терминологиялық ішкі мән болып табылады [20] .

В. М. Лейчиктің «тілдік субстрат теориясы» Ю. Н. Марчук [21] пен Л. Ю. Буянованың [5] еңбектерінен қолдау тапты. Терминді бұл тұрғыдан зерттеу оның лингвистикалық және терминологиялық болмысын тығыз байланыста қарастыру және терминологияны қазіргі әдеби тіл лексикасының маңызды құрамды бөлігі деп есептеу болып табылады. Демек, кез келген тілдің ұсақ тарамдарынан тұратын барлық жүйесін қамтитын лексикасын алар болсақ, жалпы әдеби тілдің лексикасы мен терминологияны төмендегіше белгілер біріктіріп тұрады: грамматикалық категориялардың болуы, атаулардың, топтардың, түрлерінің, заттардың және жеке заттар мен құбылыстардың болуы [22] . Жалпы әдеби тілдегі сөздер тәрізді терминдерге де көпмағыналылық, омонимдік, синонимдік құбылыстар тән болып келеді.

Терминдер мен жалпы әдеби тілдегі лексиканың арасында ұқсастықпен қатар айырмашылық та бар. Ең алдымен, бұл - терминнің өзіне ғана тән қасиеті [23], ол семантиканың деңгейінде ғана анық көрінеді [24], сол сияқты терминология тұйықталған сөздік контексті қамтиды, «олардың шекарасы белгілі бір шындықтың әлеуметтік ұйымдасуымен шарттасады» [2] .

Тілдік бірліктердің семантикалық табиғаты күрделі мәселелердің бірі болып табылады, тілдің семантикалық жүйесі мен оның қызметін зерттеу терминологияның өзекті бір мәселесін - терминологиялық, әсіресе, тарсалалық бірліктердің семантикалық табиғатын кеңінен игеруге мүмкіндік береді. Аталған мәселенің өзекті болғандығы ХХ ғасырдың екінші жартысында ғалымдар тарапынан терминологиялық бірліктердің семантикалық құрылымын зерттеуге деген қызығушылық тудырғандығынан байқалады [25-26] . Сөздің семантикалық құрылымында әдетте тура (негізгі номинативтік) мағынасы мен ауыспалы (туынды) мағынасын анықтайды, айыру барысында, ең алдымен, тілдік таңбаның тілден тыс объектіге қатысын ескеру қажет.

«Термин» ұғымын анықтауда семантикалық тұрғыдан сәйкесті тілдік бірліктердің лексикалық мағынасына тәуелділігі ескерілуі қажет, сол сияқты жаңа терминологияға тән тіркестердің термин ретіндегі қолданылу мүмкіндігін де ұмытпаған жөн.

Терминологияның қалыптасуы қоғамдық жаңа өзгерістерді қамтитын ғылым саласына тәуелді болып келеді. Мұнай-газ саласына байланысты терминология да бүгінгі күні жаңа өзгерістерді басынан кешіріп отыр. Қоғамдық дамуға байланысты бұл салада да жаңа терминдерді қалыптастыруға байланысты көптеген терминологиялық өзгерістер болуда. Бұл салаға қатысты терминдер ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында сөзжасамдық қалыптасуын баяулатса, ХХ ғасырдың соңына таман жаңа сипатты иеленді. Демек, бұл ғылым саласындағы терминологияның «екінші тынысына» байланысты қайтадан терминжасам мәселесі жаңа тұрғыдан сөз етіле бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Техникалық мәтіндерге сипаттама және техникалық мәтіндердің функционалды стилдік ерекшеліктері
Мұнай газ саласындағы терминдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мәселелері
Мемлекеттік тілдегі өндірістік салада, нақты техникалық мәтіндерді аудару барысындағы ерекшеліктерін анықтау
Техникалық мәтінді аударуда кездесетін грамматикалық мәселелер
Техникалық аудармаға қойылатын талаптар
Мұнай-газ терминдерінің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуындағы ерекшеліктері
Мұнай-газ терминдерінің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуындағы ерекшеліктерін анықтау
Мұнай газ саласындағы мәтіндердің техникалық аудармасы
Сөз тіркесі түріндегі терминдер
Фотондық иондаушы сәулелер - жанама электромагниттік иондаушы сәулелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz