Экономикалық саясат
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Экономикалық саясат туралы жалпы түсінік
1.1. Экономикалық саясаттың қалыптасуы және субьектілері ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Экономикалық реттеудің әлеуметтік . экономикалық және қолданбалы мақсаттар жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
ІІ. Қазақстан Республикасының экономикалық саясат проблемалары мен перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.1. Қазақстан Республикасының экономикалық саясат мақсаттарының қайшылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.2. Экономикалық саясат қайшылықтарын шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... 21
Қорытындылар мен ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қосымшалар

Кіріспе
Экономикалық саясат теориясы өмірде кездесетін кез-келген жағдайлардың бәріне дәлме-дәл келетін, дайын шешімдерін табуға ұмтылмайды және бұл мүмкін де,қажет те емес. Мақсат басқада: нақты қалыптасқан жағдайларды жан-жақты ескере отырып, оңтайлы шешім қабылдауға көмектесу. Ал бұл үшін, анықталған қалыпты жағдайларды терең де нақты түрде зерттеп ұғыну қажет болады; бұл әдісті экономикалық процестердің бастапқы кезінде қолдану ерекше маңызды: онда факторлардың саны аз, сондықтан процестің болашақ дамуын болжап, нақты іс-әрекеттерге бару мүмкіншілігі жоғары. Кеңейіп, өріс алған жағдайлар бойынша экономикалық саясат кеңістік немесе уақыт шеңберінде өзара байланысты және бір-біріне қарама-қайшы келетін қоғамдық-әлеуметтік күштерді жан-жақты зерттеп, олардың дәлелдеген сипаттамасын жасауға бағытталады.
Экономикалық саясат – экономикалық мәселелерді шешуге және олардың құралдарын жүзеге асыруда жүргізілетін мемлекеттің іс-әрекеті. Экономикалық саясат міндеттердің жүзеге асыруы экономикалық жүйенің өзгеруіне және экономикалық теорияның дамуында жаңа білімдердің қалыптасуына әкеледі. Сондықтан да экономикалық саясат өзекті мәселе болып келеді.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – экономикалық саясаттың қалыптасу заңдылықтарын, тәртіптерін және принциптерін айқындап көрсету.
Экономикалық саясаттың заңдылықтарын, тәртіптерін, принциптерін, проблемаларын, оң және теріс жақтарымен толығымен таныспай, экономикалық саясатты жүргізу қиынға соғады. Сондықтан курстық жұмыстың міндеті – экономикалық саясатты түсіндіру, негізін анықтау.
Курстық жұмыстың негізгі обьектілері экономика болып табылады.
Экономикалық саясаттың базалық теориясын алғаш рет 50-жылдардың

Қолданылған әдебиеттер
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімдік (2030 ж. дейінгі) даму стратегиясы. – Алматы, 1997.
2. Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н., Жатқанбаев Е.Б., ж.б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы: ҚазМҰУ, 1998.
3. Саяси экономия. Оқулық. Алматы, 1991ж.
4. Саясат-Policy №5, 2006.
5. Саясат-Policy №6, 2006.
6. Саясат-Policy №7, 2006.
7. Саясат-Policy №8, 2006.
8. Саясат-Policy №2, 2007.
9. Саясат-Policy №3, 2007.
10. «Курсив» газеті №35 (2005) жылдың 8 қыркүйегі.

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Экономикалық саясат туралы жалпы түсінік
1.1. Экономикалық саясаттың қалыптасуы және
субьектілері ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Экономикалық реттеудің әлеуметтік – экономикалық және қолданбалы
мақсаттар жүйесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..12
ІІ. Қазақстан Республикасының экономикалық саясат проблемалары мен
перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 19
2.1. Қазақстан Республикасының экономикалық саясат мақсаттарының
қайшылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.2. Экономикалық саясат қайшылықтарын шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... 21
Қорытындылар мен
ұсыныстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 24
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..25
Қосымшалар
Кіріспе
Экономикалық саясат теориясы өмірде кездесетін кез-келген жағдайлардың
бәріне дәлме-дәл келетін, дайын шешімдерін табуға ұмтылмайды және бұл
мүмкін де,қажет те емес. Мақсат басқада: нақты қалыптасқан жағдайларды жан-
жақты ескере отырып, оңтайлы шешім қабылдауға көмектесу. Ал бұл үшін,
анықталған қалыпты жағдайларды терең де нақты түрде зерттеп ұғыну қажет
болады; бұл әдісті экономикалық процестердің бастапқы кезінде қолдану
ерекше маңызды: онда факторлардың саны аз, сондықтан процестің болашақ
дамуын болжап, нақты іс-әрекеттерге бару мүмкіншілігі жоғары. Кеңейіп, өріс
алған жағдайлар бойынша экономикалық саясат кеңістік немесе уақыт
шеңберінде өзара байланысты және бір-біріне қарама-қайшы келетін қоғамдық-
әлеуметтік күштерді жан-жақты зерттеп, олардың дәлелдеген сипаттамасын
жасауға бағытталады.
Экономикалық саясат – экономикалық мәселелерді шешуге және олардың
құралдарын жүзеге асыруда жүргізілетін мемлекеттің іс-әрекеті. Экономикалық
саясат міндеттердің жүзеге асыруы экономикалық жүйенің өзгеруіне және
экономикалық теорияның дамуында жаңа білімдердің қалыптасуына әкеледі.
Сондықтан да экономикалық саясат өзекті мәселе болып келеді.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – экономикалық саясаттың
қалыптасу заңдылықтарын, тәртіптерін және принциптерін айқындап көрсету.
Экономикалық саясаттың заңдылықтарын, тәртіптерін, принциптерін,
проблемаларын, оң және теріс жақтарымен толығымен таныспай, экономикалық
саясатты жүргізу қиынға соғады. Сондықтан курстық жұмыстың міндеті –
экономикалық саясатты түсіндіру, негізін анықтау.
Курстық жұмыстың негізгі обьектілері экономика болып табылады.
Экономикалық саясаттың базалық теориясын алғаш рет 50-жылдардың
басында голландық экономист Ян Тиберген кешенді түрде талдады. Ал
Қазақстанда экономикалық саясатты Назарбаев Н.Ә., Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев
К.Н., Жатқанбаев Е.Б.,т.б. зерттеген.
Курстық жұмыс кіріспе, жоспар, 2 тарау, қорытынды, қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады. І тарау: Экономикалық саясат туралы жалпы
түсінік, ІІ тарау: Қ.Р. экономикалық саясат проблемалары мен
перспективалары.
І тарау.Экономикалық саясат туралы жалпы түсінік
1.1 Экономикалық саясаттың қалыптасуы және субьектілері
Нарықтық экономика, оны біртұтас жүйе ретінде алғанда, тұрақты да
тоқтаусыз өзгеріп дамиды және күрделене түседі. Нарықтық экономика дамыған
сайын, оның бір-бірімен байланысты, экономикалық, әлеуметтік,
демографиялық, технологиялық, экологиялық, тіпті саяси және халықаралық
т.б. даму факторлары және ішкі ұйымдық- экономикалық құрылымдары
(объективтілері мен субъективтілері) қалыптасып- өзгеріп, бір- біріне ықпал
жасап, әр түрлі қайшылықтарды өмірге әкеледі. Мезгілі жеткен кезде олар
шешімі күрделі әлеуметтік, экономикалық, саяси қиыншылықтарға соқтыруы
мүмкін, бірақ осының жалпы басым нәтижесі – нарық механизмі тиімділінің
артуы болады. Бұл заңдылық нарықтық экономиканың барлық тарихи даму
кезеңдерінде, оның қарапайым тауар айырбастау формаларының пайда болуынан
бастап, ұлттық – мемлекеттік шеңбердегі нарықтық шаруашылықтардың
қалыптасуын қоса, осы күнгі күрделі халықаралық нарық түрлеріне дейін
тоқтаусыз жалғасып келеді.
Мысал ретінде ХVІІІ ғ. соңы – XІХ ғ. бас кезінде Батыс елдерінде
болған процестерді алуға болады. Бұл кезең адамзат тарихында әлеуметтік –
экономикалық прогрестің мәнін терең түрде өзгерткен, өнеркәсіптік револоция
(өнеркәсіптік төңкеріс) деп танылған процеспен сипатталады. Нәтижесі –
экономикалық дамудың қарқынды өсуін тудырған жаңа сапалық даму деңгейі.
Экономикалық өсу қарқыны артуы және нарықтық қатынастар ауқымының кеңеюі
нәтижесінде тауарларды көптеп (жаппай) өндіру әдісі машиналық –
индустриялық өндірістің негізгі белгісі болады. Тауарларды жаппай (көптеп)
өндіру бір өнімге (өнім өлшеміне) кеткен өндіріс шығындарын азайтуға
мүмкіндік берді. Өнімнің арзандауы, өндіріске тартылған халық санының өсуі
және табыстардың артуы нарық айналымын елеулі түрде кеңейтті.
Өндірістің техникалық дамып-өсуі – кездейсоқ болған уақиға емес. Оны
тек адамзат қоғамындағы білімнің қордалануымен ғана түсіндіруге болмайды.
Ғылыми-техникалық жаңалықтардың ашылуы экономикалық қажеттіліктен
туындайды. Сауданың өсіп-кеңейюі, айналымдағы тауар-ақша массасының артуы
бәсекелестікті өршітті. Оның үстіне Европаның шектеулі аумағында халықтың
саны өсіп, экономикалық кеңістік тарыла түсті; бұл жағдай да бәсекелістікті
одан әрі асқындырып жіберді. Бір-бірімен қарсыластық, басқалардан жоғары
экономикалық нәтижеге ұмтылу, өндірістегі өз орнын сақтап қалу мақсаты
іскерлер қауымының көптеген өкілдерін жаңа техникалық және технологиялық
шешімдер іздестіруге итермелеп, ынталандырды.
ХVІІІ-ХІХ ғғ. Экономикалық өзгерістер көптеген басқа әлеуметтік –
экономикалық процестердің өзара байланыстарына, нақты айтқанда, нарық
механизмі мен мемлекет арасындағы байланыстарға жаңаша негіз қалады.
Шаруашылық жүйенің күрделенуі мемлекеттің қолдау, түзету, үйлестіру
әрекеттерін арттыруға мәжбүрледі. Мемлекеттің міндеті нарық инфрақұрылымын
құру болды, немесе экономикалық дамуды құқықтық институттар мен тәртіп
нормаларымен қамтамасыз ету, экономикалық дамудың ішкі және сыртқы
қауіпсіздігін, ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау. Осындай инфрақұрылым
нарық механизміне, оның тиімдірек қызмет атқаруы үшін қажет болды.
Осы айтылған экономикалық ақиқаттылықтардың өзара қабысу (нарық-
өндірістік революция, нарық-мемлекет) тиімділігінің жоғары болғаны сондай,
ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарында экономиканың өсу қарқыны тіпті шамадан
тыс артып кетті. Ол кезде шруашылық жүйенің жалпы экономикалық тепе-
теңдікті сақтап қалу механизмі әлі жоқ еді.1929-1933 жылдардағы бүкіл
әлемдік экономикалық дағдарыс соның қасіретті айғағы. Осыдан кейін:
мемлекеттің экономикаға қатысуын жаңа деңгейге көтеріп, шаруашылық
механизмі мен мемлекеттің өзара байланыстарының тиімдірек нұсқасын
(вариантын) табу қажет деген тұжырым жасалды. Экономика мемлекеттің жан-
жақты және тұрақты қолдауын қажет ететін болды. Осылай экономикалық
саясат деп аталатын құбылыс (феномен) пайда болды.
Өзгеріп кеткен жағдайда мемлекет инфрақұрылымдық сипатты шаралар
жүйесін күрт кеңейтті. Бірақ нарық механизмінің жаңаша өзгерген түрінің
негізгі қажет еткені – нарықтық экономиканы сырттан реттеп – үйлестіру
әдістері болды. Нарық механизмінің өзін-өзі іштен реттеу мүкіншілігінің
шектеулі екені айқындалып, оны енді сырттан түзетіп-реттеу (корректировка)
қажеттігі артты.
Сырттан реттеп-түзету шаралар жүйесіне үздіксіз дамитын нарықтық
экономиканың жалпы экономикалық тепе-теңдігін сақтаптұру жатады. Тепе-
теңдік ұғымының өзі экономикалық қана емес, сонымен қатар, әлеуметтік реңк
алды. Әлеуметтік сақтандырудың көп тармақты жүйесін жасау қажет болды.
Экономикалық саясат элементтерінің жасалған кезеңін ХІХ ғасырдың
соңынан бастаған дұрыс. Мысал ретінде бұл жағынан басқалардан озған
Германияны алуға болады. О. Бисмарктың нұсқауымен Германияда әлеуметтік
қорғау туралы заңдар қабылданды, соның негізінде жаңа сфера өмірге келді.
Алғашқы экономикалық саясаттың ерекше сипаттық белгісі – оның жеке-
жеке қалыптасқан жағдайларды түзетуге бағытталған стратегиясы. Мұндай
экономикалық саясат теорияда нүктелік (точечная) стратегия деп аталады.
Оның шеңберінде экономикалық саясаттың келесі жекелеген түрлері практикада
қолданылады: кедендік, аграрлық, өндірістік, әлеуметтік. ХХ ғ. бас кезінде
осындай шашыранды саясаттың орнына оның жаңа нұсқасы келді.
Кең ауқымды да кешенді экономикалық саясат жасап, оны жүргізуге
қуатты ықпал жасаған және мәжбүр еткен бірінші және екінші дүниежүзілік
соғыстар болды. Соғыс қоғам өмірінде өте өткір саяси- әлеуметтік және
экономикалық проблемалар жүйесін қалыптастырды.
Бірақ сонда да нарықтық экономиканың өзін-өзі реттеу мүмкіншілігіне
деген сенімді түпкілікті үзген – жоғарыда айтылған, 30-шы жылдардың әлемдік
экономикалық дағдарысы болды. Мемлекеттің араласуы аймақтық қана емес,
жалпы экономикалық, ал кейінірек – халықаралық сипат алды.
Арнайы әдебиеттерде экономикалық саясаттың көптеген анықтамалары
кездеседі. Солардың ішінде ГФР елінің белгілі ғалымы Х.Гирш қысқа, бірақ
мазмұны терең анықтама берген еді. Гирштің пікірінше, мемлекеттің
экономикалық саясаты – экономикалық процестердің бағытын бір арнаға түсіру
үшін жасалған, оларға ықпал ету, немесе олардың ағымын алдын ала анықтап,
тікелей реттеу шараларының жиынтығы. Мемлекеттік реттеудің іс-шаралар
жүйесінде оның әртүрлі, мысалы, практикалық және ғылыми, жақтарын бөліп
анықтауға болады. Практикалық жағы – бұл мемлекеттік реттеудің нақты іс-
шаралар жиынтығы. Теориялық жағы – бұл ұлттық экономиканың ең тиімді
дамуына ықпалжасайтын жағдайларды, себептерді және іс-әрекеттерді жүйелі
түрде зерттеу; оның ғылыми аспектісіне экономикалық саясаттың үлгілерін
(модельдерін) және болжау-бағдарламасын жасау да жатады.
Ғылыми-экономикалық сананы қалыптастыру – экономикалық саясат
теориясының маңызы зор міндеті болып саналады. Нақты алғанда, мемлекеттің
міндеті – жалпы жағдайды жасау, ал оның шеңберінде әрбір шаруашылық
субъектілері рационалды шешімді өздері қабылдап,іс-әрекет қылу қажеттігін
түсіндіру. Экономикалық саясатта жалпы-экономикалық процестерге
ықпалжасаушы және нақты шаруашылық салаларын реттеуші әдістер бөліп
көрсетіледі. Соңғыларына мемлекет қызметкерлерінің еңбек ақысын реттеу,
жоғары және жалпы білім беру мекемелерін қаржыландыру, ұсақ кәсіпкерлікті
қолдау, т.б. жатады. Институционалдық және салалық анықтау принциптеріне
сәйкес аграрлық, өндірістік, сыртқы экономикалық, әлеуметтік саясат түрлері
анықталады. Функционалдық анықтау белгілеріне сәйкес экономикалық саясаттың
конъюнктуралық, құрылымдық, баға, валюта, несие және қаржы нұсқаларын
(варианттарын) анықтауға болады. Экономикалық саясаттың қалыптасу жағдайын
қарастырып болған соң, оны мынндай үш қағидалық анықтамамен аяқтауға
болады.
1. Экономикалық саясат әрқашан да екі фактордың: шаруашылық
жағдайының тоқтаусыз өзгеруі және экономикалық сана мен
ойлау деңгейінің ықпалында болады.Осы факторлар өзара
байланысты келеді, сонымен бірге, олар шартты түрде бір-
біріне тәуелсіз болады.
Қоғамның дамуымен бірге экономикалық сана мен сенім де өзгереді,
экономикалық құндылық ұғымының мазмұны ауысады. Осыған байланысты, тіпті,
дәстүрлі міндеттемелердің өзі де жаңаша көзқарасқа сәйкес шешіледі.
2. Дамыған елдерде қалыптасқан тәжірибе көрсеткендей, экономикалық
саясаттың тиімділігі сол елдің нақты жағдайына неғұрлым жақын жасалса,
соғұрлым жоғары болады екен. Экономикалық саясат елдегі саяси күштердің
арақатынастарын, өндірістік-техникалық мүмкіншіліктерін, әлеуметтік
құрылымының жағдайларын, мемлекеттік мекемелердің жалпыэкономикалық және
жергілікті тәртіптерін есепке алып, ескеруі қажет болады екен.
3. Экономикалық саясат елдің саяси бағытын қолдан нығайтатын маңызды
құрал болады.
Бұрынғы Кеңес әдебиеттерінде экономикалық саясаттың субъектісі ретінде
тек қана мемлекет алынған. Бұл, әрине, шектеулі идеологиялық көзқарас.
Экономикалық саясат субъектілері бірнешеу. Оларға мемлекеттің өзі (оның
құрамындағы аймақтық және жергілікті институционалдық құралымдарын
қосқанда) және мемлекеттік емес қоғамдық одақтар мен бірлестіктер жатады.
Осы саяси-экономикалық субъектілердің іс-әрекеттік сипаттары әртүрлі.
Мемлекеттің саяси және экономикалық билігі бар. Қоғамдық одақтар мен
бірлестіктер тек өздерінің мүмкіншілігіне ғана сүйене алады, олардың заң
қабылдау биілігі жоқ.
Мемлекет экономикалық саясат субъектісі ретінде. Мемлекеттің биілігі
елдегі әртүрлі өндірушілер мен тұрғындар топтарының мүдделерін келістіріп,
олардың еңбек пен іскерлік әрекеттерінің белсенділігін белгіленген біржақты
мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдалануы қажет. Экономиканың мемлекеттік
реттелуі кейде иерархиялық жүйе ретінде құрылады. Ең жоғарғы мемлекеттік
деңгейде Заң шығарушы және оны атқарушы билік тармақтары ажыратылып,
олардың қызмет атқару шектері айқындалған. Парламентте экономикалық
саясаттың негізгі бағыттары талқыланады және қабылданып бекітіледі немесе
қайта қайтарылады. Қабылданған экономикалық саясаттың өмірге енгізіліп,
оның іске асырылуына атқарушы билік тармағы – үкімет жауап береді. Үкімет
өз кезегінде саясат мақсаттары мен тапсырмаларын іске асыру құқықтарын
мемлекеттің әртүрлі мекемелеріне (институттарына) бөліп береді.
Қызметтерді бөлісу принципі мемлекеттің ұйымдық-саяси типіне
байланысты. Соңғысы федерациялық немесе орталықтандырылған мемлекет болуы
мүмкін. Федеративті құрылымда экономикалық саясаттың үш субъектілік
деңгейлері анықталады: федералдық, аймақтық және жергілікті.
Батыстың құқықтық жүйесі жағдайында мемлекетке жақын тағы да
эономикалық саясаттың субъектілері ретінде танылады. Оларға қоғамдық-
праволық деп аталатын мәртебесі (статусы) бар құрылымдар жатады. Олар жеке
меншік фирмалар сияқты толық ерікті емес, сонымен қатар, мемлекеттің
басқару аппараты құрамына да кірмейді. Оларға мемлекеттік басқару
құрылымдарының құзырынан белгілі бір қызмет түрлері алынып берілген.
Мысалы, ГФР-да осындай құрылымдар қатарында аймақтық (регионалдық)
сақтандыру басқармалары, жергілікті емдеу мекемелерінің касса (төлем төлеу)
жүйелері бар; Швейцарияда – қоғамдық транспортты қолдау агенттігі, өрт
қауіпсіздігін сақтау ұйымдары бар.
Осындай институционалдық ұйымдар мемлекет пен жеке сектор арасындағы
аралық орындарды иеленеді. Олар экономиканың жеке меншік секторы
мемлекеттің тікелей және белсенді реттеу роліне қарсы болатындығына
байланысты құрылған. Экономиканы мемлекет тарапынан реттеу механизмінде
олардың атқаратын қызметтері шектеулі.
Экономикалық саясаттың мемлекеттік емес субъектілері. Оларға белгілі
бір әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіретін және қорғайтын әртүрлі
бірлестіктер жатады. Бұл, ең алдымен, кәсіподақтар және кәсіпкерлердің
әртүрлі одақтары.
Экономикалық саясатта кәсіпкерлер одақтарының ролі, өзінің маңыздылығы
бойынша, мемлекеттік буындардың ролінен кем емес. Мұның себебі – белгілі
топтардың экономикалық саясатты анықтап, оны жүргізетін билік құрылымдарына
салмақ салып, тіпті қысым жасау мүмкіншілігінде. Жеке меншік экономика
секторының мүдделері мен мемлекет арасында ашық айтыстар жиі болып отырады.
Олардың әрқайсысы өз мүддесін экономикалық саясатта іске асыруға ұмтылады.
Бұл тартыста мемлекеттің (үкіметтің) жағдайы әрқашан өзгелерден артық бола
бермейді. Кәсіпкерлер одақтары қоғамдағы өздерінің атақ-беделін, тамыр-
таныстық байланыстарын астыртын жұмсап және реклама, газеттер мен
телевидение арқылы мамандардың жеке пікірлерін тез әрі кең түрде таратып,
өз мүдделеріне сәйкес қоғамдық пікір қалыптастырып, жалпы мемлекеттік
саясатқа күшті ықпал жасайды. Олар мемлекет органдарына сайлау науқанына
қатысып, өздерінің сенімді адамдарын немесе өкілдерін билік орындарына
өткізеді; жеке парламент мүшелеріне қысым жасап, оларға өз мүдделерін
жүктеп, салмақ салады. Осының барлығы экономикалық саясатқа ықпал ету
жасалады. Сондықтан, қоғамдағы бар топтық мүдделердің толық жиынтығын
мемлекет тарапынан тұрақты түрде есепке алу қажет болады.
Мемлекет пен жеке экономикалық одақтардың мүдделерін келістіру
нұсқаларының бірі – белгілі қызметтік міндеттерді шешу құқығын осы
одақтарға бөліп беру. Мысалы, Батыс Европа елдерінде ауыл шаруашылық
одақтарына аграрлық саясатты нақты іске асыру міндеті жүктелген.
Мемлекет жалпы қоғам мүдделерін іскерлік топтар мүдделерімен
сәйкестендірудің басқа да жаңа жолдарын үздіксіз іздестіруі қажет.
Мысал ретінде үш жақты тарифтік келісім-шарт жасау жүйесін алуға
болады: онда мемлекет, кәсіподақтар және кәсіпкерлер одақтарының өкілетті
өкілдері бірігіп ортақ шешім қабылдайды.
Экономикалық саясатты жүргізу процесіне тікелей қатысатын мемлекеттік
институттар мен экономикалық одақтардан басқа, саяси-экономикалық
шешімдердің қабылдануына жанама ықпал жасайтын қоғамдық құрылымдар мен
ұйымдарды да айтуғу болады. Бұл жерде саяси ұйымдар, партиялар, ақпарат
құралдары, қоғамда белгілі және беделді тұлғалар, сарапшылық кеңестер және
қоғамдық пікір туралы сөз қозғалып отыр. Осы субъектілердің экономикалық
саясатқа ықпал жасау сипаты мемлекеттің саяси құрылымына, елдегі
қалыптасқан жағдайға байланысты келеді.
Сонымен, экономикалық саясат ұғымы мемлекеттік реттеу ұғымынан
кеңдеу. Экономикалық саясатты жүргізу барысында, мемлекет оның бастаушысы
(инициаторы) және негізгі орындаушысы ретінде қатар көрінеді. Дамыған
елдердің тәжірибесі көрсеткендей, жалпы экономикалық ретеудің жемісті болуы
мемлекеттің тоталитарлығында (барлық проблемаларды толық қамтуында) емес,
керісінше, өткізіліп отырған саясатқа мүмкін болғанша қоғамдағы барлық
әлеуметтік топтардың өкілдерін тартып, олардың өзара бірігіп жұмыс істеуін
ұйымдастыруда болмақ.
1.2 Экономикалық реттеудің әлеуметтік – экономикалық және қолданбалы
мақсаттар жүйесі
Экономикалық саясат дегеніміз – белгіленген бір мақсаттарды анықтау
және соларды іске асыру. Қоғамның дамуында көптеген міндеттер мен
мәселелерді қатарластыра шешіп отыру қажет болады. Осы проблемаларды
шешудің алғышарты – оларды алдын-ала анықтап, бір жүйеге түсіру. Ғылымда
мәселелерді шешудің мынадай тәртібі ұсынылады.
Алдымен, ең жалпылама деңгейде экономикалық дамудың түпкі мақсаты
анықталады. Теорияда экономикалық дамудың түпкі мақсаты – қоғамның
тұрмыстық деңгейі (жағдайы) жоғарылауы делінеді.
Экономика теориясында жақсы тұрмыс (благосостояние) ұғымы АҚШ-та және
Англияда белсенді зерттелді, осы елдерде тіпті жақсы тұрмыс экономикасы
деген ғылыми концепция да қалыптасты. Бастаушы мақсат ретінде бұл ұғым
бұрынғы жоспарлы экономика теориясында да орын алғаны белгілі.
Жақсы тұрмыс ұғымы туралы сөз болғанда, бір мәселе: оны нақты түрде,
яғни оның өлшемдік көлемін (деңгейін) анықтап көрсету қиынға соғатыны
айтылады. Бұл көрсеткіш көбінесе шартты және салыстырмалы түрде анықталады.
Бірақ осы ұғым экономикалық саясаттың және экономикалық дамудың түпкілікті
жәнежалпылама мақсатының мазмұнын дұрыс жеткізетіне күмән жоқ.
Осы түпкі мақсаттан кейін екінші анықтаудеңгейіндегі міндеттер шығады.
Оларды шартты түрде негізгі мақсаттар тобы деп анықтауға болады.
Экономикалық әдебиеттерде олар мемлекеттің функциялары (мақсаттық
қызметері) ретінде түсіндіріледі. Осы жерде мынадай әдістемелік жағдайға
назар аудару жөн болады: әртүрлі міндеттердің арақатынастары диалектикалық
(себеп-салдарлық) байланыста болады, яғни төменгі деңгейдегі міндеттерді
орындау – түбегейлі жалпылама мақсатқа жақындаудың құралы және оған жетудің
әдісі мен жолы.
Осы күнгі әлеуметтік құрылымның негізгі мақсаттарына қоғамның еркін
дамуы, құқықтық тәртіп,ішкі және сыртқы қауіәпсіздік жатқызылады. Негізгі
мақсаттар құрамы сыртқы және ішкі жағдайға байланысты өзгереді. Олардың ең
алғашқы классикалық анықтамалық градациясын А.Смит ұсынған еді. Ф.Бэкон
және У.Петти еңбектеріне сүйене келе, ол қызметтердің (мақсаттардың) келесі
тізімін ұсынады:
1. Сыртқы сфераға қатысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
2. Құқықтық тәртіп орнату;
3. Мемлекет тарапынан нарық инфрақұрылымын бастау.
Кейіннен экономистер бұл анықтамалық тізімді ары қарай дамытып
толықтырды, оның ауқымын анағұрлым кеңейте түсті.
Осы күнгі қоғамның еркін дамуы негізгі мақсат ретінде бірінші орынға
шығарылып отыр. Еркіндік ұғымын бірқалыпты түрде сипаттап беру мүмкін емес,
мұнда көп нәрсе қоғам топтарының мүдделеріне байланысты. Бұл ұғымның
мазмұнын философиялық, әлеуметтік және экономикалық категория ретінде тұтас
қарастырып анықтауға болады. Қоғамда жеке адамның еркіндігі қаншалықты
жоғары бағаланатын болса, мемлекетке экономикалық еркіндік соншалықты
маңызды даму факторы ретінде қабылданады. Осыдан келіп нарықтық
экономиканың дамуына мемлекеттің қандайда бір араласуы (тіпті ол көмек
ретінде болса да) экономикалық еркіндікті шектейді деген пікір
қалыптасқан. Экономикада еркіндіктің нақты деңгейі әрбір кезде саяси
ымыраға келудің нәтижесі ретінде көрінеді.
Экономикалық еркіндік туралы түсінік ір елде ондағы қалыптасқан
экономикалық жағдайға және экономикалық мүмкіншілікке байланысты.
Экономикалық еркіндік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz