Ұлттық құндылықтар – білім бастауының қайнар көзі



Кіріспе
Қазіргі кезеңде қоғам өмірінің демократияландыру, ізгілендіру, бәсекеге қабілетті экономикалық дамыту, бәсекеге қабілетті қоғам мүшелерін тәрбиелеу барысында Қазақстан Республикасында елеулі оңтайлы өзгерістер пайда болып жүзеге асырылуда.
Осыған орай қазіргі кезде жаһандану және ұлттық дамудың әсерлігі мен ынтымақтастықты, ұлттық қасиетімізді қастерлеу барысында адамның адамгершілік қасиеттерін сапаландырып, ар-намысын шыңдау, әсіресе, адамның бойында құндылықты, отаншылдықты, ұлт-жандылықты қалыптастыру міндеті тұр. Себебі, ХХІ ғасырдың басында адамзаттың алдында бейбітшілікті сақтау, әрбір елде тыныштықты орнықтыру, нығайту, ғылым мен экономиканы дамыту, азаматтарды әлеуметтік қорғау, саяси жедел жаңару, жаңа технологияларды өмірге ендіру, қоршаған ортаны қорғау, спорт, дін салаларында ынтымақтастықты арттыру сияқты үлкен міндеттер тұр. Осы мәселелерді шешуге жасөспірімдердің лайықты үлестерін қосу үшін адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға оқушылардың бейім-қабілеттерін дамытуға өзін-өзі қатыстыруды, жағдай туғызу қажет.
Жеке тұлғаның адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың мәнділігі, біріншіден, барша саланың ғаламдануы, екіншіден телекоммуникация, ақпараттық, интернеттік байланыстардың артуы, үшіншіден рухани жаңару, тазару, сондай-ақ азғынданудың да қатарласа дамуы мүмкін. Жеткіншіктердің санасын түрлі жолдармен уландыру тәрбие жұмыстары әлеуеттерінің әлсіреуі, нашақорлық, жұмыссыздық, тастанды балалар санының көбеюі, кейбір сапалардың төмендігі де ықпал жасайды. Әсіресе, қазіргі жастарды теріс жолға түсіретін, санасын бұзатын жәйттердің бірі – дүниеқұмарлық. Нарық заманы бай етсе, біреуді кедейлендіріп, дүниенің қызығы адамгершілік міндеттерінен ажыратуға себеп болады. Болашағымыз – жеткіншектерге адамгершілік құндылықтарын: білімділік пен тәрбиелілік, еңбекшілдік пен әдептілік, ар-намысшылдық, отаншылдық пен парасаттылық, ұлтшылдық пен жауапкершілік, батылдық пен ептілік, мейірімділік пен қайырымдылық, өзін-өзі тануы мүмкінділігі мен қабілетін білуі және оларды игеруі, қолдауы, жетілдіруі, саяси жедел жаңаруға жеткізетіндігімен маңызды болмақ.
Осыдан туындайтын мәселе жеткіншектерді жан-жақты үйлесімді дамыту, оқу-тәрбие үдерісін мемлекеттік стандарт, оңтайлы бағдарлама, өмірлік талаптар, жасампаздық жолдаулар басшылыққа алынып, жоспарланып, жаңа тәрбие технологиялары негізінде ұйымдастырылып, тәрбие жұмыстарын озық, уақыт сынынан сараланып өткен, тиімділігі мол ғылыми-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық тұрғыда зерттеу, қоғам, ел, талап-тілектеріне сай жүргізу қажеттілігі байқалады.
Жас ұрпақ – мектеп оқушылары болашағымыз жеткіншектерде, шәкірттерде адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру барлық кезеңдерде алда тұрған. Әсіресе, ХХІ ғасырда әлемдік дамудағы шапшаңдықты ұлғайтқан уақыттың өзектілігі сезіледі.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қайранкөл орта мектебі КММ

Баяндама:

Бастауыш сынып мұғалімі Мусина А.Б.

2014-2015 оқу жылы

Кіріспе
Қазіргі кезеңде қоғам өмірінің демократияландыру, ізгілендіру, бәсекеге қабілетті экономикалық дамыту, бәсекеге қабілетті қоғам мүшелерін тәрбиелеу барысында Қазақстан Республикасында елеулі оңтайлы өзгерістер пайда болып жүзеге асырылуда.
Осыған орай қазіргі кезде жаһандану және ұлттық дамудың әсерлігі мен ынтымақтастықты, ұлттық қасиетімізді қастерлеу барысында адамның адамгершілік қасиеттерін сапаландырып, ар-намысын шыңдау, әсіресе, адамның бойында құндылықты, отаншылдықты, ұлт-жандылықты қалыптастыру міндеті тұр. Себебі, ХХІ ғасырдың басында адамзаттың алдында бейбітшілікті сақтау, әрбір елде тыныштықты орнықтыру, нығайту, ғылым мен экономиканы дамыту, азаматтарды әлеуметтік қорғау, саяси жедел жаңару, жаңа технологияларды өмірге ендіру, қоршаған ортаны қорғау, спорт, дін салаларында ынтымақтастықты арттыру сияқты үлкен міндеттер тұр. Осы мәселелерді шешуге жасөспірімдердің лайықты үлестерін қосу үшін адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға оқушылардың бейім-қабілеттерін дамытуға өзін-өзі қатыстыруды, жағдай туғызу қажет.
Жеке тұлғаның адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың мәнділігі, біріншіден, барша саланың ғаламдануы, екіншіден телекоммуникация, ақпараттық, интернеттік байланыстардың артуы, үшіншіден рухани жаңару, тазару, сондай-ақ азғынданудың да қатарласа дамуы мүмкін. Жеткіншіктердің санасын түрлі жолдармен уландыру тәрбие жұмыстары әлеуеттерінің әлсіреуі, нашақорлық, жұмыссыздық, тастанды балалар санының көбеюі, кейбір сапалардың төмендігі де ықпал жасайды. Әсіресе, қазіргі жастарды теріс жолға түсіретін, санасын бұзатын жәйттердің бірі - дүниеқұмарлық. Нарық заманы бай етсе, біреуді кедейлендіріп, дүниенің қызығы адамгершілік міндеттерінен ажыратуға себеп болады. Болашағымыз - жеткіншектерге адамгершілік құндылықтарын: білімділік пен тәрбиелілік, еңбекшілдік пен әдептілік, ар-намысшылдық, отаншылдық пен парасаттылық, ұлтшылдық пен жауапкершілік, батылдық пен ептілік, мейірімділік пен қайырымдылық, өзін-өзі тануы мүмкінділігі мен қабілетін білуі және оларды игеруі, қолдауы, жетілдіруі, саяси жедел жаңаруға жеткізетіндігімен маңызды болмақ.
Осыдан туындайтын мәселе жеткіншектерді жан-жақты үйлесімді дамыту, оқу-тәрбие үдерісін мемлекеттік стандарт, оңтайлы бағдарлама, өмірлік талаптар, жасампаздық жолдаулар басшылыққа алынып, жоспарланып, жаңа тәрбие технологиялары негізінде ұйымдастырылып, тәрбие жұмыстарын озық, уақыт сынынан сараланып өткен, тиімділігі мол ғылыми-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық тұрғыда зерттеу, қоғам, ел, талап-тілектеріне сай жүргізу қажеттілігі байқалады.
Жас ұрпақ - мектеп оқушылары болашағымыз жеткіншектерде, шәкірттерде адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру барлық кезеңдерде алда тұрған. Әсіресе, ХХІ ғасырда әлемдік дамудағы шапшаңдықты ұлғайтқан уақыттың өзектілігі сезіледі.
Негізгі бөлім
Жалпы адамгершілік құндылықтардың мәні мен мазмұндары көне заманнан бүгінгі күнге дейін философтар, психологтар, педагогтар мен әлеуметтанушылар, мәдениеттанушылардың зерделерінен орын алып, қоғам ерекшеліктері мен сұраныстарына орай талданып, жүйеленіп келеді. Өйткені, жалпы адамзаттық құндылықтар әрбір адамның ақыл-ой байлығының тікелей көрсеткіші. Сол себептен де, құндылықтың мәні мен табиғаты, оның адам мен қоғам тіршіліктеріндегі алатын орны, жас ұрпақты тәрбиелеудегі ықпалы т.б. мәселелер ғалымдарды толғандырып келеді.
Еліміздегі нарықтық экономика жағдайында жасөспірімдердің мінез-құлықтарында бәсекелестік қабілетті қалыптастыру жаhандану заманында сұранысы артып отыр. Әсіресе, заманауи технологиялық үдерістер әлеуметтік-экономикалық өмір тіршілігіне етене енуіне байланысты интернет, ақпаратты - коммуникативтік, жаңашылдық (инновация) үстемдік құрғанда адамгершілік құндылықтары жүйесінің орны ауқымдылығымен сипатталынуда. Мәселен, құндылықтарға бейімделу, мойындау, әрбір адамзатқа көңілінен орын алатын мәдениетті қарым-қатынас жасау жүйесі жеке тұлғаның өмірлік мәні, ой-санасы, бет-бейнесі болып табылады.Құндылық дегеніміз не ?
Құндылық
Еліміздің қазіргі кезеңдегі адамгершілік тәрбиесінің теориялық-әдіснамалық негізін зерттеу барысында, өзіндік жаңа ұстанымға негіздей келе, жалпы адамзаттық құндылықтар ішінен төменде көрсетілген құндылықтарға ерекше назар аударамыз.
Жалпы адамзаттық құндылықтар
Қазіргі кезеңдегі басты тұлға, басты капитал жасампаздықтың иесі, гуманистік бағыттағы жан, ең маңызды құндылық иесі - Адам екендігі даусыз.
Тәрбиедегі басты мәселе-тұлғаның тұлға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам құқығын қорғау
Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеялары
Махаббатың христиан дініндегі алатын орны
ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ТҰЛҒАДА ӘСЕМДІК СЕЗІМІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ЖОО білімгерлерінің гуманистік көзқарастарын қалыптастырудағы жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар
Ауыз әдебиеті өмірдің айнасы, тәрбиенің таптырмас халықтық құралы
Музыкалық білім беру педагогикасының маңызы және педагог - музыканттың әдіснамалық мәдениеті жайлы
Қобыланды батыр жырындағы этнографизмдердің құндылығы
Математикадан өткізілетін деңгейлік олимпиядалар және олимпияда есептері
Музыкалық білім беру педагогикасының маңызы және педагог - музыканттың әдіснамалық мәдениеті
Пәндер