Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарында ойын технологияларын қолдану әдістемесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ОҚЫТУДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ

1. 1 Оқыту барысында ойын технологияларын қолдану ерекшеліктері . . . 5

1. 2 Оқыту үрдісіндегі ойынның маңызы . . . 12

1. 3 Дидактикалық ойындарды оқыту үрдісінде пайдалану . . . 21

1. 4 Бастауыш сынып оқушыларының жас және психологиялық ерекшеліктері . . . 29

2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА қазақ тілі сабақтарында

ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН қолдану әдістемесі

2. 1 Екінші сынып оқушыларының мүмкіндік деңгейлерін ескере отырып дидактикалық ойындарды пайдалану . . . 33

2. 2 Эксперименттік жұмыс . . . 40

қорытынды . . . 55

қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 57

ҚОСЫМШАЛАР

Кіріспе

Егемен еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Білім бастауы -бастауыш мектепте берілетіні айқын. Осыдан да бастауыш мектепте әртүрлі пәндер тоғысып, оқушы білімін дамытып, келбетін сомдауға үлес қосады. Баламен тіл табысып, шәкірттер нағыз тіршіліктің тынысын сезіне алады.

Ұлы Абай айтқандай, білімімен теңессе ғана ұлттар теңесе алады. Біздің егеменді еліміздің мәртебесін көкке көтеретін, экономикасын, ішкі және сыртқы саясатын дамытатын тек қана жастар.

Жан -жақты сауатты жеке адамның дамуы үшін теориялық білімді тәрбиеде тиімді пайдаланумен үйлестіру үшін кең мүмкіндіктер берілді. Мектеп өмірі балаларға жаңа әлемді ашып береді. Бұл тұрғыда бастауыш мектептің негізгі міндеттері баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін ашып дамыту.

Баланың оқу әрекеті күрделі, жан -жақты үрдіс, ол баланың барлық әрекетін, рухани күштерін керек етеді. Баланың ақыл - ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық, даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Баланың ақыл -ой әрекеті, оның қажеттері мен қызығулары, сезім мен ерік сияқты т. б. психикалық үрдістерімен байланысты іске асырылып отырады. Оқушының өздігінен оқуы жемісті болуы үшін ақыл -ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыру керек.

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ тілі сабағында ойын технологияларын қолдану, оқушылардың сол пәнге деген қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, бағдарламалық материалды қажетті деңгейде меңгеруіне ықпал етеді. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп-өркендей алмайды. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді.

Ғылыми болжамы: Егер ойын технологиялары арқылы қазақ тілі сабақтарында оқушылардың білімін қалыптастырудың ғылыми педагогикалық негіздері айқындалып, ойын арқылы оқушылардың білімін қалыптастыру мазмұны мен әдістемесі жасалса, балалар ерекше сезіммен түсінуге және ойын арқылы білімдерін қалыптастыруға мүмкіндік алады.

Зерттеу мақсаты: Оқушылардың ынта-ықыласын есепке ала отырып, ойын арқылы оқуды қызықты етіп, білім, білік дағдыны қалыптастыру оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.

Зерттеудің міндеттері

  • ойын технологиясының ерекшелігін оқытудағы теориялық негізін талдау
  • қазақ тілі сабақтарында дидактикалық ойындарды қолданудың тиімділігін қарастыру
  • бастауыш сынып оқушыларының жас және психологиялық ерекшеліктерін қарастыру
  • ойын түрлерін қолдану мүмкіншіліктерін көрсету
  • ойын түрлерін қолдану процесін ашып көрсету
  • балалардың қазақ тіліндегі білім деңгейлерін анықтау
  • зерттеу жұмысын жасау

Зерттеу нысаны: Қазақ тілі сабақтарында ойын әдістерін пайдаланып, өткізген әр сабақтан кейін оқушы қажетті білім мен іскерлікті меңгереді.

Зерттеу әдістері: талдау, бақылау, жинақтау, баяндау, жүйелеу, салыстыру, қорыту, сауалнама, тест, қазақ тілі сабақтарында жүргізілген іс тәжірибелерді негізге алу. Эксперимент нәтижесінде баға беру, оларды математикалық тұрғыда өңдеу.

Зерттеу пәні: қазақ тілі сабақтарында ойын технологиялары

Зерттеу базасы: Петропавл қаласындағы №6 орта мектебінің 2 а және 2 б сыныптары

1. 1 Оқыту барысында ойын технологияларын қолдану ерекшеліктері

Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан - жақты дамыған сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі бастауыштан басталғандықтан, жас жеткіншіктердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны еркше. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуде, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас коюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау, зерде үрділерін дамытады. Өмір тәжірбиесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, жүйке жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан да ойын оқу әрекетінде жетекші рөл атқарады [5, 123б] .

Баланың ақыл - ой еңбегін белгілі жүйемен жасауға, оның жалпы мәдениетін арттырып отыруға көңіл аударған жөн. Ең алдымен баланың өз жұмысының мақсат - міндеттерін анықтауға үйрету керек. Ең алдымен баланың өз жұмысын не үшін, қандай мақсатпен жасау керектігін, ол қандай жаңа нәтиже, жаңа білім, дағды беретінін білсе, онда оқушы әрекетінің саналылығы артады. Оқу жұмысының мақсат-міндеттеріне "сай баланың өз бетімен жұмысын жоспарлай білуге, уақытты дұрыс пайдалануға, өз әрекетін қадағалауға, бағалауға, қысқаша айтқанда, өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың маңызы зор.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбевтың: «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте-мөте қажет»- дегендей, инновациялық әдіс- тәсілдері сабақ беру барысында енгізуді жаңаша білім берудің бір шарты деп түсіну қажет [1, 13 б] .

2007 жылы ақпанның 1-3 күндері Алматы қаласында Қазақстанның Білім және Ғылым қызметкерлерінің II съезі өтті. Оған Қазақстан Республикасының Елбасы және Президент әкімшілігі мен Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, министрліктер мен ведомствалардың, білім және ғылым қоғамдарының халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Алқалы жиында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев сөз сөйледі. Елбасы сөзінің басында былай деді: «Тәуелсіздігіміздің он жылдығы- республикамыздың саяси және мәдени рухани өміріндегі тарихи оқиға, оны біз жастарға арнап өткізіуіміз керек . . . » [1, 13б] . Біздің заманымыздың тарихын жазатындар да, қателескен тұстарымызға да, қол жеткен табыстарымызға да әділ баға беретін де солар болады. Бүгінгі Қазақстанда жүріп жатқан аса ауқымды өзгерістердің мәнін әділ пайымдау бәрінен бұрын жастарымызды тәрбиелеп жатқан сіздерге, мұғалімдерге қатысты. Елбасы білім беру жүйесін жан- жақты талдап, алдағы басты міндеттерді айқындап берді. Болашақ ұрпақ оқыту мен тәрбиенің ең басты міндеттердің бірі- мектеп оқушыларының іс-әрекетін ізгілендіріп, рухани дамуының дұрыс жолға қойылуы. Ол үшін оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін гуманистік бағытта тәрбиелеп, олардың алдын-ала шығармашылықпен дамытуына жол ашу.

Осыған байланысты біздің ұжым педагогика негізінде жаңа ғасыр ұрпағының қажеттілігін қанағаттандыратындай жекелеген пәндер бойынша оқушы дарынын дамыту, шығармашылық қабілеттерін ұштауды мақсат етіп отыр. Ол үшін ерекше дарынды оқушыларға арналған авторлық бағдарламалармен олардың қабілеттерін арттыратындай әр түрлі әдіс-тәсілдер қолдану - әр ұстаздың міндеті. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп ңұсқаулық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдісті кез келген үлгіменен құруға мүмкіндік береді [2, 15б] .

Мұның барлығы дидактикалық ойындарды бастауыш сынып оқушыларының оқу-әрекетінде белгілі бір жүйемен пайдалану қажеттілігін дәлелдейді.

Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына, танымдық іс-әрекет сипатына, ойын құрылымына сәйкес жіктемелері бар.

Қазақ халық ойындарының жіктелмесі оқушылардың жас ерекшеліктеріне, ойын сипатына, дене қасиеттерін, қимылдық әрекеттерді дамытуға, ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес жасалды.

Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі, ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Оны мынадай кесте арқылы суреттесек болады:

«Ойын» ұғымына түсініктеме берсек - бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі [5, 123б] . Адамзат тәжірибесіндегі ойын мынандай қызметтерді атқарады:

  • Ойын-сауық
  • Коммуникативтік немесе қарым-қатынастық
  • Диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану)
  • Коррекциялық (өзін-өзі түзету)
  • Әлеументтендіру

Әлде де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты функциялары анықталуда. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы.

Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп-өркендей алмайды. Бұл өмірдің заңдылығы. Еңбек үстінде адамның көптеген ерекшеліктері дамиды, өмір сүру барысында ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Мысалы, үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, ал мектеп оқушылары сабақ үстінде, ойын үстінде көрсетеді.

Ойын - балалар үшін күрделі әрекет. Балалар білімді ойын арқылы да ала алады және үлкендерден үйренеді. Сондықтан сабақтағы ойын арқылы
білімін шындап, ой-өрісін кеңейте алады. Ал ойынның өз мақсаты жоспары,
тәрбиелік мәні, қажетті заттары, ерекшеліктері болады. Сол ойын арқылы
бала өмірден көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін
қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, зейініне сай, әдейілеп
ұйымдастырылған ойындар баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік жігерін қалыптастырады және де сабаққа деген қызығушылығын арттырады.

Аса ірі психологтардың айтуы бойынша бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбек үстінде сондай болады -дейді [5, 125б] . Сондықтан ойын адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Баланың өмірі қоршаған ортаны танып білуі еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапкырлық әрекеті байқалады. Ойын үстінде өмірдің өзіндегіндей қуанып ренжиді. Сондықтан мұғалім баланы сабақта талабын шаттандыратындай, ойын оятатындай, іскерлігін дамытатындай болу керек. Оқушылардың белсенділігін саналы ойлана білуін, төзімділікке баулуды үйрету мүғалімнің негізгі міндеті. Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның мәні педагогикалық жүйеде бұрын да, қазір де қарастырылып отыр. Алдыңғы қатарлы педагогтардың бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды іс-әрекет деп түсінеді. Шетел және біздің ұлттық педагогикамыздың өзінде ойын тарихында бала тәрбиелеуде мынадай бағыттар да қолданылады.

  1. Баланы жан жақты үндестікте үйлесімді дамыту.
  2. Оқыту мақсатын (дидактика) бұл бірінші бағыттағы алғашқылардың бірі чех педагогы Ян Амос Коменский [5, 123б] . Ол ойынды баланың ең қажетті іс-әрекеттің табиғатына және бейімділігіне ең жауапты түрі деп санайды.

Ойын баланың барлық маңызды ақыл-ой әрекеті, онда баланың барлық қабілеттерінің дамуына, ойында айналасындағы дүние жайлы түсініктері кеңеюіне, тілінің дамуына, құрбыларымен жақындасуына көмектеседі.

А. С. Макаренконың айтуынша, ойында баланың физикалық, психологиялық қасиеттернің сапалары да өзгеріп отырады [6, 77б] . Ойын баланың сабаққа ынтасын аудартуға, көңіл қойғызуға, сондай-ақ, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойын-сабақ, ойын-жаттығулар, сергіту ойындары. Бұл дидактикалық максаттағы ойындар оқушылардың жан-жақты дамуына қызмет етеді. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады [7, 149б] . Жас сәбидің өмірі, қоршаған ортаны тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) түрлі психологиялық түсінікпен сезім әрекетіне сүңгиді. Ойын үстінде бала бейнебір өмірдің өзіндегідей қуаныш пен реніш сезімінде болады. «Оқу құралдарының мінезі - мектеп мінезінің айнасы»-деп атақты ұлы педагог психолог, ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай біздің берер білім, тәрбие жолына пайдаланатын әдістемелер мәнді, жұмыр болу керек [8, 65б] . Ол үшім бала ұғымына, қабылдауына сәйкестендіріп, ойын ұйымдастыру қажет. Балаға таңдалған білім баланың ақылына лайықтап, талабын шабыттандыратындай, ойын оятарлық, іскерлігін дамытарлықтай бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы керек.

Ойын - бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерін санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады.

Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады. Сабақты бірыңғай әдістермен жүргізе беру оқушыларды жалықтырары сөзсіз. Егер арасында ойын араласып келіп отырса, оқушылар сабақ мазмұнына аса назар аударып, тез қабылдап, ұғып алады. Ойын төрт түрлі қырымен сипатталады: еркін дамытушы іс-әрекет, ол әрекет белгілі бір нәтиже үшін емес, баланың қанағаттануына байланысты, әрекеттің эмоционалды жағынан көтеріңкі болуы, яғни жарыстық орын алуы, ойынның мазмұнын сипаттайтын қағидалар [9, 152б] .

Жоғарыда аталған белгілерге байланысты ойынның бастауыш сынып оқушыларының білімін берік меңгеруіне тигізетін әсерін анықтау үшін біздер мына сұрақтарға жауап іздейік:

Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін ұйымдастыруда ойынның құрылымы қандай болмақ? Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін ойынды қалай пайдалану керек? Ойынды бастауыш сынып оқушыларының жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қалай қолдану қажет? Сол сияқты тағы басқа сұрақтарға жауап іздеу барысында біздер әртүрлі бастапқыларға талдау жасауды мақсат көздедік. Бастауыш сынып оқушыларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткен Ж. Аймауытұлы, Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров, Т. Тәжібаев т. б [9, 155б] .

Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті - оқу, қарым-қатынас, ойын және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып баланы дамытады. Оқу - білім алу мен білік дағдысын қалыптастырса, қарым-қатынас - бұл балалардың бірін-бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын арттырады. Ойын - пәндік әрекеттерді жетілдіріп, бірлесіп жұмыс жасай білуге дағдыландырады. Ал еңбек - қолдың қозғалысын жақсартып, практикалық кеңестік және көрнекі ойлауын жетілдіреді. Балалардың бұндай әрекеттерге белсене қатысуы олардың психикалық дамуын арттырады деп түсіндірген. Педагогикалық үрдісті жетілдіру ойынның алар орны жөнінде қазақстандық ғалым Н. Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті негізгі іс-әрекет және өмірі деп дәлелденген. Н. Құлжанованың айтуы бойынша, ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай беімдеу деп түсіндірген [9, 160 б] .

Я. А. Коменский «Ұлы дидактика» деген еңбегінде 6 жастан 12 жасқа дейінгі жас кезеңін өнерлі және қамқорлық тәрбие мектебі деп атайды [5, 123б] . Бұл кезеңдерде балаларды нақты, түсінікті ана тілінде білім беру керек. Сонымен қатар білім балалардың есінде қалатындай болуы тиіс. Бұл кезеңде балалар қиындықты сезінбейді, сол себептен оларға оқу әрекеті жеңіл болып көрінеді. Осыған орай бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін жеңілдету бірден-бір құралы ретінде «ойынды» айтуға болады. Бастауыш сынып оқушылары еліктегіш, жаңаны жаны сүйгіш келеді. Сондықтан мұғалім сабақ барысында ойын түрлерін пайдаланып отырса оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, алған білімдерін өмірде қолдана білу мен ізденімпаздық дағдылары жетіле түседі. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін аса зор ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты олар ойынға өте ынталы келеді. Ойын барысында балалар тез серігіп, тапсырманы жылдам, дәл орындауға тырысады.

1. 2 Оқыту үрдісіндегі ойынның маңызы

Қазіргі таңда ғылымның бір қатар салаларында сияқты, педагогикада да тәжірибе мен әдістемелік жұмыстарда көптеген өзгерістер енгізілуде. Кейінгі кезде әсіресе түрлі ойындарға көп назар аударылып келеді.

Бұл жерде, педагогтар тарапынан білім беру немен түсіндіріледі?

Бірінші кезекте тәжірибеге ойын әдістемесін енгізу-мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты жақсартудың бірқатар әлеуметтік мәдени процесіне байланысты.

Оқушының танымдық белсенділігін арттыру, пәндерге деген қызығушылығын тудыру өз кезегінде дидактикалық үрдістегі оқушылардың қарым-қатынас мәдениетінің жоғарылауын қажет етеді.

Бүгінде қоғамдық дамудың басты кезеңдерінің бірі ретінде білім беру құрылымы, оның ішінде жасөспірімдердің одан әрі оқып, білім алуларына қажет, біліктілікті тудыратын бастауыш білім беру құрылымы ерекше орын алады. Кіші топтағы оқушыларды оқытудың да өзіндік ерекше әдістері бар. Бұл жердегі әдістердің басты ерекшелігі өтілетін материалдың сапасына емес санына баса назар аударатынын естен шығармаған жөн.

Мұндай сабақ беру әдістері әрине жақсы нәтиже беруі екіталай. Керісінше, сәйкес түрде түсіндірілмеген бағдарлама, алдағы мағлұматтарға берік тірек бола алмайды.

Бұл жерде бастауыш білім беру бағдарламасының өзіндік ерекшеліктері бар. Осындай жағдайда ұстазға көмекке ойындар келеді. Білім берудің бұл әдісі ежелден келе жатқан көкейтесті әдістердің қатарына жатқызуға болады.

Білім беру жүйесінің тарихында ойын ғылыми зерттеулердің объектісіне айналмас бұрын, балаларға білім беру мен тәрбиелеуде өзіндік орын иеленген.

Білім берудің бірқатар түрлерінде ойындардың өз орны бар. Бұл ойындардың бала табиғатына өте жақындығымен түсіндіріледі. Сәби туғанынан ер жеткенге дейін, ойын ойнауға көп көңіл бөледі. Ойын бала үшін, қызықты көңіл өткізу ғана емес, бұл ішкі және сыртқы әлемді тану жолы, қарым-қатынастарды қалыптастыру жолы, осының негізінде бала табиғатында өз жасындағылармен қарым-қатынастарды қалыптастыру жолы, осының негізінде бала табиғатында өз жасындағылармен қарым-қатынасқа жол салынады. Балалар, әрдайым өзіне ұнайтын ойындар ойлап табуға шебер. Осының негізінде әншейін заттар, баланың қиялындағы қызықты әлемге араласып кетеді.

«Ойын дамып келе жатқан бала организімінің қажеттілігі. Ойын барысында балаларда шыдамдылық жағдайды бағалау сияқты қасиеттер пайда болады»- деп жазды Надежда Крупская [5, 123б] .

Осы жерде ол ойынды дамытудың, оның өмірмен байланысын да қарастырып өтеді.

Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін ойынның маңызы өте зор, ойын олар үшін - оқу, ойын-еңбек, ойын - тәрбие беру.

Қоғамдық қөңіл, ес ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған ойындар, оқушының жалпы дамуына септігін тигізеді. Ойын барысында бала ересектерге бұрыннан белгілі көптеген нәрселерді ашады. Оқушылардың ойын ойнауға құштарлығын, қажетінше білім алу процесіне пайдасы тиетіндей етіп қолданған жөн. Өзіне педагогикалық үрдістерді сыйдырған ойын білім беру мен тәрбиелеу құралына айнала алады. Ойынды жүргізе отырып, балаларды ойынға тарта отырып, ұстаз баланың барлық даму жақтарына: сезімге, есіне, жігері мен жалпы тәрбиесіне ықпал етіп, оның дамуына жол ашады.

Әрине педагогикалық білім беру бағдарламасына осы тектес әдістерді енгізу оқытушы тарапынан мол эксперименттікті талап етеді.

Дидактикалық ойындарды даярлау кезінде, мұғалім көптеген қиындықтарға тап болуы ықтимал. Бұл дидиктикалық материалдардың аздығы балалармен жұмыс кезінде, бөлінген уақыттың жетіспеуі т. с. с

Көп кезде ұстаздар арасында «Сабақ орнына ойын ойнасақ, ережелерді қай кезде өтіп үлгереміз» деген көзқарастар туып жатады. Әйтседе бұл мәселе көбіне ойынның нағыз мәнін түсінбеуден туындап жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Модульді - интерактивтік технология арқылы оқыту мәселесінің зерттелуіне шолу
Дәстүрлі сабақ Шығармашылық сабақ
Бастауыш сыныпта ағылшын тілінен оқуға үйрету жолдары
Бастауыш сынып ана тілін оқытуда қазіргі технологияларды қолдануға болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру
Қазақ тілі сабақтарында ережелерді ұғындырудың жолдары мен тәсілдері
Бастауыш сыныпта қазақ тілінен оқытудың көрнекілік әдістерін пайдалану жолдары
Арифметикалық ұғымдарды оқыту арқылы оқушылардың құзыреттілігін дамыту
Мектептің басқа пәндерінің арасында әдебиеттің орны қандай екенін анықтасақ
Ойынның сабақтың тәрбиелік мақсатына сәйкестігі
АКТ технологияларын оқу сабақтарында қолдану жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz