Геодезия. Теодалит


Жоспар

Кіріспе

1. Геодезия

2. Геодезиялық өлшеулер

3. Геодезиялық және картографиялық аспаптар мен құралдар

4. Теодалит

5. Геодезиялық сызықтар

6. Геодезиялық пункттерді жергілікті жерде белгілеу және бекіту

Кіріспе

Геодезия - Жер пішіні мен өлшемін анықтау, планда және картада бейнелеу үшін жер бетіндегі өлшеулер туралы ғылым жүйесі. Геодезия - жер туралы өте ежелгі ғылымдардың бірі. Адамзаттың бағзы заманда жер бетінде қашықтық пен ауданды өлшеудегі ашқан зандылықтары Геодезияның ғылым ретінде қалыптасуына негіз болды. Геодезия өте ерте заманда жер бетін шаруашылық мақсаттар үшін зерттеу қажеттігі туған кезде пайда бодды. Әсіресе Ежелгі Египетте Геодезияның пайда болуы мен дамуына ерекше қолайлы жағдайлар туды. Б. з. д. XIV-XII ҒҒ. Қытайда "бүкіл жерді" зерттеу мақсатында геодезиялық жұмыстар жүргізілді. Геодезия Ежелгі Грекияда жоғары дамып, теориялық жағынан негізделді. Оған бізге жеткен Александриялық Геронның (шамамен 1 ғ. ) "Диоптрия тура геожүйелердің қалыптасу, қызмет ету және даму процестері. Олар геожүйелердің қасиеттері мен құрамдарының, шекаралары мен өзара байланыстарының өзгеруімен қатар жүреді. Геодезиялық процестер заттық, энергетикалық немесе ақпараттық, географиялық нақтылыққа байланысты - физикалық-географиялық (табиғи), қоғамдық - ( географиялық, сондай-ақ табиғат пен қолы" және "Ауданды өлшеу" атты кітаптары дәлел бола алады. Бұл кітаптарда геодезиялық жұмыстар мен геодезиялық құралдардың еипаттамалары келтірілген. Грекғалымы Эратосфен (б. з. д. 276-194 жж. ) Египетте жердің көлемін анықтады. Ол жер шарының радиусы, шамамен, 6000 км екенін анықтап бе

Геодезия

Геодезия (грек. ge - жер және daі - бөлемін) - Жердің пішіні мен мөлшерін, қабылданған координаттар жүйесіндегі нүктелер орнын анықтаудың әдістері мен тәсілдерін зерттейтін, жер бетінің планы мен картасын салу, жер бетіндегі өлшеулерді жүргізумен айналысатын Жер туралы ғылымдардың бір саласы. [1] Жердің физикалық бетін зерттеу үшін картографиялық және топографиялық әдістер мен пландық және биіктік координаталар құрылады. Геодезия ғылымы астрономиялық және гравиметриямен тығыз байланысты, сондықтан Жердің пішіні мен мөлшері градустық өлшеу әдісімен анықталады. Оның шамасы - геогр. координаттар арқылы доғалардың сызықтық және бұрыштық мәндерін анықтаудан тұрады. Г-дағы координаттық негіздер триангуляция, полигонометрия, геометриялық және тригонометриялық нивелирлеу әдістерімен геодезиялық торлар құру арқылы жасалынады. Өндірістік, гидротехн. және т. б. құрылыс объектілерінің пландық пен биіктік негізін салуды және инж. түсірімдерді орындау мәселелерін инж. Геодезия шешеді. Қазіргі уақытта мұхит, теңіздердің және көлдердің байлықтарын меңгеру үшін олардың жағаларын, түбін зерттеу жұмыстары жүргізіліп, гидрографиясы толықтырылды, бұл су асты Г-сын дамытты. Үлкен территорияларда топографиялық жұмыстартез және тиімді жасалу үшін әуеден жер бетінің фотогр. бейнесі алынды, осыған байланысты Г-ның аэрогеодезия мен ғарыштық геодезия саласы қалыптасты. Жер асты байлықтарын (кен қазбаларын, мұнай мен газ өнімдерін, т. б. ) меңгеруде инж. -техникалық жобалар мен сызбаларды қамтамасыз ету үшін жер асты Г-сыныңмаркшейдерияның) тәсілдері қажет. Г-ның ғыл. және практикалық шешу әдістері матем. мен физ. заңдарына негізделген. Республикада ғылыми және практикалық мәні зор көптеген геодезиялық және топогр. жұмыстар жүргізіліп келеді. Егер 1917 ж. дейін Қазақстан аумағының тек 13, 5%-іне 1:126000 масштабты аспаптық түсіру жұмыстары орындалса, 1945 ж. ол 86, 6%-ке жеткізілді және масштабы 1:100 000, 1:200 000 топогр. карталар жасалды. 1920 - 45 ж. 22800-ден астам анықталды. 1950 жылдары Қазақстан аумағы толығымен түсіріліп бітті. 1954 ж. масштабы 1:25000 картографиялық түсірілу басталды. Дәлдігі жоғары 1-, 2- және 3- класты мемл. триангуляция торы құрылды. Бұрынғы шығарылған масштабы 1:100 000 карталар жаңартылды. Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық институтытының Қазақстан филиалы Геодезия және картогр. Бас басқармасының картогр. материалдарын пайдаланып Қазақстан аумағының фотокартасын түсірді және а. ш-ғының картасын жасады (1960) . Г-лық тәсілдермен жер сілкінудің алдын ала болжау мүмкіндігін анықтау мақсатында, жер қыртысының жылжуын зерттеу үшін Тянь-Шань аймағында геодинамикалық болжау полигоны құрылды. Полигонда қазіргі кездегі жер қыртысының жылжуының вертикаль және горизонталь құраушылары зерттеледі

Геодезия - Жер пішіні мен өлшемін анықтау, планда және картада бейнелеу үшін жер бетіндегі өлшеулер туралы ғылым жүйесі. Геодезия - жер туралы өте ежелгі ғылымдардың бірі. Адамзаттың бағзы заманда жер бетінде қашықтық пен ауданды өлшеудегі ашқан зандылықтары Геодезияның ғылым ретінде қалыптасуына негіз болды. Геодезия өте ерте заманда жер бетін шаруашылық мақсаттар үшін зерттеу қажеттігі туған кезде пайда бодды. Әсіресе Ежелгі Египетте Геодезияның пайда болуы мен дамуына ерекше қолайлы жағдайлар туды. Б. з. д. XIV-XII ҒҒ. Қытайда "бүкіл жерді" зерттеу мақсатында геодезиялық жұмыстар жүргізілді. Геодезия Ежелгі Грекияда жоғары дамып, теориялық жағынан негізделді. Оған бізге жеткен Александриялық Геронның (шамамен 1 ғ. ) "Диоптрия тура геожүйелердің қалыптасу, қызмет ету және даму процестері. Олар геожүйелердің қасиеттері мен құрамдарының, шекаралары мен өзара байланыстарының өзгеруімен қатар жүреді. Геодезиялық процестер заттық, энергетикалық немесе ақпараттық, географиялық нақтылыққа байланысты - физикалық-географиялық (табиғи), қоғамдық - ( географиялық, сондай-ақ табиғат пен қолы" және "Ауданды өлшеу" атты кітаптары дәлел бола алады. Бұл кітаптарда геодезиялық жұмыстар мен геодезиялық құралдардың еипаттамалары келтірілген. Грекғалымы Эратосфен (б. з. д. 276-194 жж. ) Египетте жердің көлемін анықтады. Ол жер шарының радиусы, шамамен, 6000 км екенін анықтап берді.

Геодезиялық жұмыстардың Ресейде ғылыми жолға қойылуы I Петр кезінде жүзеге асырылды. XIX ғ. бірінші жартысында Ресейдегі геодезиялық жұмыстардың ғылыми жағынан жоғары қойылуына атақты орыс астрономы және геодезисі, Пулков астрономиялық обсерваториясының негізін салушы және бірінші директоры В. Я. Струве (1793-1864 жж. ) болды.

Қазіргі кезде геодезия іргелі ғылымдардың жетістіктеріне сүйенетін күрделі әрі жан-жакты дамыған ғылымдардың бірі болып саналады. Оның негізгі атқаратын міндеті - Жердің пішіні, келисіп және гравитациялық өрісін зерттеу, пландар мен карталарды және олардың электрондық ұқсастығын - жергілікті жердің цифрлық моделін және электрондық карталарды жасау, шаруашылық салаларының жоіте еліміздің корғанысының жергілікті жердегі әр түрлі инженерлік мәселелерін шешу. Адамзат қоғамының және ғылым мен техниканың дамуына байланысты Геодезияның мазмұны да өзгеріп отырды. Соның нәтижесінде өзінің даму процесінде геодезия бірқатар дербес ғылыми және ғылыми-техникалық пәндерге бөлінді.

Жоғарғы геодезия жердің және [[[планета] ] лардың пішіндері мен көлемдерін зерттейді, сондай-ақ геодезиялық негізгі тірек жүйелерін құру жөніндегі міндеттерді шешеді. Жоғарғы геодезия міндеттерін шешу әдістерін егжей-тегжейлі зерттеу басырында одан геодезиялық астрономия, геодезиялық гравиметрия және ғарыш геодезиясы жеке пәндер болып бөлінеді.

Геодезиялық өлшеулер

Геодезиялық өлшеулер. Геодезиялық өлшеу деп өлшенетін шаманы бастапқы бірлік ретінде кабылданатын басқа бір шамамен салыстыру процесін айтады. Геодезиялық өлшеулерді негізінен үш түрге белуге болады:

-сызықтық-жер бетіндегі нүктелердің арақашықтықтарын анықтау;

-бұрыштық-горизонталь және вертикаль бұрыштардың мәндерін анықтау;

-биіктік (нивелирлеу) -жекелеген нүктелер арасындағы биіктік айырымдарын аныктау.

Сызықтық және биіктік өлшеулерде (арақашықтық, биіктік, биік айырым) үзындық өлшеу бірлігіне метр (м) алынады. Метрдің ұзындығына шамамен Париж арқылы өтетін меридиан ұзындығының 1:4 бөлігі алынған. Осының негізінде платина-иридий қорытпасынан метрдің эталоны жасалынды, ол «архив метрі» деп аталды. Кейінгі кездегі жүргізілген дәлдігі жоғары өлшеулер негізінде «архивтік метрдің» ұзындығы бастапқы анықталғаннан 0, 21 мм-ге қысқа екендігі анықгалды. Сөйтіп, 1899 жылы 90% платина мен 100% иридий қорытпасынан метрдің халықаралық жаңа 31 эталоны жасалынды. Ресей оның 11 және 28 көмірлі екеуіне ие болды. №28 метрлік эталонЛениградтағы Д. И. Менделеев атындағы ғылыми-зерттеу институтында сақтаулы.

Ұзындық өлшеу жұмыстары дәлдігінің артуы мен метрлік эталон жаңғыртудың қажеттігіне байланысты, метрдің жарық толқынының ұзындығына негізделген табиғи этапонына көшу мақсаты көзделді. Өлшеуіштер мен таразылар жөніндегі XI - Бас конференция 1960 метрдің халықаралык бірліктер жүйесінің негізіне «метр-криптон-86 атомының, вакуумдегі шығару ұзындығына тең ұзындық» деген жаңа анықтама қабылдады. Сөйтіп, 68 жылдың 12 қаңтарында Кеңестер үкіметінің стандарты бойынша мемлекеттік тұрақты шама жаңа метрлік эталон болып бекітілді.

Ал, қашықтық өлшеуіш сымдар мен рулеткалардың ұзындықтарының дәлдігін аныктап тұру үшін, ұзындығы мемлекеттік эталонмен салыстырылған үш метрлік арнайы белгілер (компараторлар) дайындалған. Еліміздің көптеген калаларында орнатылған осындай компараторлардың бірі-№541 Мәскеудің геодезия, картография иженерлік институтындағы белгілі компаратор. Бір метрде (м) 100 см. немесе 1000 мм. бар. Бұрыштарды өлшеудің бірлігіне градус алынған, ол тік бұрыштың 1/90 бөлігіне тең. Толық шеңбер 360°-тан тұрады, бір градуста-60 / минут, бір минутта - 60 //секунд бар. Бұрыштардың мәндерін радиандық өлшеммен көрсетуге болады. Радиан-радиусқа тең шеңбер доғасына тірелген центрлік бұрыш. Үзындығы 2πR доға 2π радианнан тұрады. Демек, радианның градустык, минуттық, секундтық мәндері р=57, 3°; р=3438/; р=206265" тен. Аудандар өлшемінің бірлігі шаршы метр (м) : 1 м2=1 гектар (га) ; 1 м2=100га= 1 км². Уақыт, салмак және температура өлшем бірліктеріне секунд, халықаралык килограмм және Цельсия шкаласы бойынша градус алынған.

Атмосфера ауасының жер бетіне және ондағы барлық заттарға түсетін қысым атмосферапық қысым деп аталады. Атмосфералық қысым мм-мен көрсетілген сынап бағанасының биіктігімен өлшенеді. Нормальдық атмосфералық қысым деп, деңгейінен есептегенде 45° географиялық ендік бойындағы биіктігі 760 мм-ге ген болғаны. Халықаралық бірліктер жүйесі атмосфералық қысым өлшемінің бірлігі паскаль (Па) деп қабылдады, 1 мм сын. баг. =133. 322 Па.

Геодезиялык өлшеулер тура және жанама болып келеді. Егер шама аспаптың көмегімен тікелей анықталса, оны тура өлшеу деп атайды. Егер шама есептеулер арқылы анықталса, онда ол өлшемдердің шама тәсілі болып есептеледі. Геодезиялык жұмыстар далалық және өңдеу жұмыстары болып бөлінеді. Далалық жұмыстарда әр түрлі өлшеулер жүргізіледі, ал өндеу жұмыстары: есептеу мен графикалық процестерден тұрады. Далалық өлшеулерге пландар мен карталар жасауда немесе арнайы мақсаттарда барлау траншеялары мен құрылыстарын бөлу, трассалар салуда) жер бетінде жүргізілетін геодезиялық өлшеулер жатады. Өлшеулер кезінде қолданылатын аспаптарға:

-арақашықтықтарды өлшеуге арналған өлшеу ленталары, сымдар, рулеткалар, оптикалық кашыктык өлшеуіштер, жарық сәулелі қашықтық өлшеуіштер, т. б;

-бұрыштарды өлшеуге арналған теодолиттер, буссольдар, гониометрлер және т. б;

-вертикаль биіктіктерді өлшеуге арналған нивелирлер, рейкалар, барометр-анероид, т. б. жатады.

Геодезиялык жұмыстардың нәтижелері арнайы журналдарга жазылады да, дала жағдайында тексеріліп, түсірілетін объектінің схемалық сызбалары жасалынады. Ол сызбаларды сұлба (арбис) деп атайды.

Жер бетінің әрқилы физика-географиялық жағдайлары жүргізілетін геодезиялық өлшеулер дәлдігіне әсерін тигізеді. Сондықтан да қоршаған ортаның зиянды әсерін жою немесе әлсірету өлшеу жұмыстары кезінде пайдаланатын аспаптарды, өлшеу әдістерін және жұмыс жүргізу тәртібін дұрыс таңдауға тікелей байланысты. Есептеу процесі өлшеу нәтижелерін бір жүйеге келтіріп, математикалық өндеуден және оларды пайдалануға неғұрлым жарамды түрге келтіруден тұрады. Есептеулерді жеңілдетіп, қажет нәтижелерді тез табуға және есептеулердің дұрыстығына көз жеткізу үшін, барлық есептеулер белгілі бір схемалар (ведомостер) бойынша жүргізіледі. Геодезиялық өлшеулердің әртүріне лайықты арнайы есептеу схемалары таңдалынып алынады. Есептеу жұмыстарын жеңілдету үшін әртүрлі қосымша қүрал-жабдықтар: кестелер, графиктер, электрондық есептеу машиналары, т. б. қолданылады.

Графикалық, процесс өлшеу мен есептеу нәтижелерін белгілі шартты белгілерді сақтай отырып, сызба түріне келтіру. Алынған жазбалар жүргізілген геодезиялық немесе маркшейдерліқ жұмыстардың түпкі өнімі болып саналады. Кейінгі әртүрлі инженерлік жобалау, есептеу және жобадан жергілікті жерге көшіру жұмыстары алынган осы сызбалар негізінде жүргізіледі. Сондықтан, сызбалар мұқият тексеріліп, өте дәл мәліметтер нәтижесінде жасалынуы қажет. Сонымен катар, графикалық жағынан сапасы өте жоғары болуга тиіс.

Геодезиялық және картографиялық аспаптар мен құралдар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Далалық геодезиялық практика
Теодолитті жұмысқа әзірлеу
Теодолитті тексеру және түзету
Әуежай ғимараттарын салудағы геодезиялық жұмыстар
Геодезиялық аспаптардың метрологиялық сипаттамасы, стандарттары
Теодолитті жұмыс қалпына келтіру
GPS құрылғылары және геодезиялық аспаптар мен жабдықтар
Қазақстандағы геодезия жүйесінің жұмыс реті
Картографиялық жұмыстар
Қазақстанда геодезиялық қызметтің дамуы және жұмыс реті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz