Бруцеллез


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Агроөнеркәсіп факультетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасы
ӘОЖ. 616. 981. 42. 63
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: «Ауылшаруашылық малдардың бруцеллез ауруын дауалау және онымен күрес шаралары»
Точибеков Хасан Агзамжанұлы
Ғылыми жетекшісі: Аға оқытушы Мәмбетәлі О. Д.
Шымкент 2013
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер . . .
Анықтамалар . . .
Белгілеулер мен қысқартулар . . .
Кіріспе . . .
- Негізгі бөлім . . . Жануарлар бруцеллезі және оның таралуы . . . Бруцеллезді балау әдістері . . . Серологиялық зерттеулер . . . Агллютинация реакциясы . . . Пластинкадағы жылдамдатылған АР . . . Комплементті байланыстыру реакциясы . . . Комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы . . . Сүттен қоятын сақина реакциясы . . . Бруцеллезді балаудың жедел әдісі . . . Аллергиялық зерттеулер . . . Бруцеллез ауруы кезіндегі иммунитет . . . Бруцеллезді дауалау және онымен күрес шаралары . . .
- Өзіндік зерттеулер . . . Зерттеулерді жүргізу әдістемелері мен қолданылған нәтижелері . . . Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылық малдарының бруцеллез ауруының індеттік жағдайын зерттеу . . . Түлкібас ауыл округі бойынша атқарылған шаруашылық жұмыстардың талдауы және эпизоотияға қарсы жүргізілген ветеринарлық шаралардың тиімділігін анықтау . . . Зерттеулер кезінде даярланған антигендік және антителалық эритроцитарлық диагностикумдардың белгілі диагностикалық тесттермен салыстырмалы балаулық құндылығын анықтау . . . Бруцеллез ауруын дифференциалды диагностикалау үшін Розбенгал сынамасымен сиыр сүтін тексеру тәсілін қолдану . . .
- Қорытынды . . .
- Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
- Қосымшалар . . .
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері .
Дипломдық жұмыстың мақсаты Оңтүстік Қазақстан облысы мал шаруашылығындағы бруцеллез індетінің таралуын зерттеп, осы індетті дифференциалды балау тәсілдерін ойластырып және бруцеллезден сауықтыру шараларын қарастыру болып табылады.
Бұл мақсаттарды орындау үшін диплом қорғаушының алдына төмендегідей міндеттер қойылды:
1. Оңтүстік Қазақстан облысы мал шаруашылығындағы бруцеллез індетінің таралуын зерттеу.
2. Бруцеллез ауруын дифференциалды балау үшін қолданылатын серологиялық тәсілдерді ( РБС, РНГА, РНА ) жетілдіруді ойластыру.
3. Ойластырған серологиялық тәсілдерді ветеринариялық - зертханалық сынақтан өткізу.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік бағалығы .
Дайындалған антигендік және антителалық эритроцитарлық бруцеллез диагностикумдарын ТЕГАР және РНАт реакцияларында қолдана отырып, биоматериалдардан бруцеллездің қоздырғышын немесе оныңөзіндік тән антигенін тез арада (4- сағат) анықтауға мүмкіндік беруі болып саналады.
Сиыр сүтін СРБС тәсілімен тексеру әдісі сезімталдығы жағынан басқа серологиялық әдістерден қалыспайтындығымен, ал ең бастысы оңай әрі тез арада жауап алуға болатындығымен және тәжірибелік қарапайымдылығымен ерекшеленеді.
Жұмыстың сынақтан өтуі. Дипломдық жұмыс нәтижелері:
«Оңтүстік Қазақстан халық шаруашылығы дамуының экономикалық аспектілері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында Шымкент, 2009; Ауезов оқулары 10: 20-жылдық белес: Ғылым, білім және мәдениеттің инновациялық даму бағыттары халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында; Шымкент 2011 жыл; және «ҚазАгроИнновация» АҚ ВҒЗИ -ның Оңтүстік Қазақстан ғылыми-зерттеу станциясы филиалының ғылыми кеңестерінде 2011, 2012 баяндалып талқыланды.
Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы.
Дипломдық жұмыс материалдары 90 компьютерлік бетте басылып оған: нормативтік сілтемелер, анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар, кіріспе, әдебиеттерге шолу, өзіндік зерттеулер, зерттеу нәтижелерін талқылау, қорытынды, ұсыныстар, қолданылған әдебиеттер тізімі енгізілді.
Дипломдық жұмыс 10 кестемен 4 суретпен безендірілді.
Қолданылған отандық және шетелдік әдебиеттер саны 34.
Нормативтік сілтемелер
Дипломдық зерттеу жұмысы туралы бұл есепте келесі стандарттарға сілтемелер жасалынды.
ГОСТ 7. 32. -2001 Информациялар жайлы стандарттар жүйесі, кітапханалық және баспаханалық жұмыс туралы ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есебі, құрылымы және әрлеу ережесі.
ГОСТ 4. 492-89 өнім сапасының көрсеткіштер жүйесі. Биологиялық ветеринариялық препараттар, көрсеткіштер номенклатурасы (атаулары) .
ГОСТ 12. 1. 008. -. 76 Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі, биологиялық қауіпсіздік, жалпы талаптар.
ГОСТ 1770-74 Лабораториялық шыны өлшеуші ыдыс, цилиндр, мензуркалар, колбалар, пробиркалар.
ГОСТ 28085 - 89 Биологиялық препараттар. Стирилділікті бақылаудың бактериологиялық әдістері.
ГОСТ 22967 Сиымдылығы 25-10 мл егуге арналған шприцтер.
ГОСТ 20730 -75 қоректік орталар.
ТУ 64-2-10-87 Шыны флакондар.
ГОСТ 4233-77 Тұздар.
ТУ 38-006-108-90 Резенке тығындар.
ГОСТ 28085-89 Биологиялық препараттар.
ГОСТ 5962-67 Этил спирті ректификат 96
ТУ 004-2506 Дистелденген су.
ТУ 480-11-10, 7, 3 Шыныға арналған қалам
ГОСТ 2918 -64 Кальцилендірілген сода
МРТУ 6-09, 3177-66 Хлорамин
МРТУ 42-102-63 Хирургиялық қайшы, Биолам микросеопы, көлденең автоклав, су моншасы, дистилятор.
ТУ 6-09-385475 Ксилол
ГОСТ 4233-77 хлорлы натрий
ТУ 51-05-73-88 Геммерсиялық май
ГОСТ 22379-93 Мақта марлядан жасалған заттар, медициналық, техникалық жағдай.
ГОСТ 25046-81 Бір рет қолданылатын егу инелері. Негізгі өлшемдері, техникалық талаптар, бақылау әдістері.
ГОСТ 5556-81 Гигроскопиялық медициналық мақта, техникалық жағдай.
Анықтамалар
Осы жұмыста келтірілген терминдердің анықтамалары:
Бруцеллез - жаппай іш тастаумен, дене қызуының көтерілуімен және сыртқы белгілерінің әр түрлілігімен сипатталатын малдан адамға жұғатын індет.
Иммунитет - ағзаның генетикалық тұрғыдан алғанда бөгде инфекциялық емес агенттерді жұқтырмаушылығы.
Антигендер - ағзада иммунды жауап тудыратын бөгде заттар.
Антиденелер - жұқпалы ауру қоздырушыларына және генетикалық тұрғыдан алғанда бөгде заттарға қарсы бағытталған ағзаның лимфоидтық жасушаларынан тұратын маңызды қорғаныс факторлары.
Агглютинация - антиген мен антидененің желімделуі.
Агглютинат - антиген мен антидене кешені
Аллергия - ағзаға қайтадан енген кезде жоғары сезімталдықпен білінетін белгілі бір антигенге бағытталған жай-күй реактивтілігі.
Серологиялық реакция - антиген мен антидененің әрекеттесуі нәтижесінде жүретін реакция.
Диссоциация - бактерияның дамуы кезіндегі оның биологиялық қасиетінің өзгеруіне ұласатын, терең морфологиялық, функционалдық және биохимиялық өзгерістердің өтуі.
Идентификация - микроорганизмдердің белгілі бір түрге, туысқа т. б жататындығын анықтау, олардың биологиялық белгілері жиынтығын (морологиясы, биохимиялық белсенділігі, антигендік қаситеті, малға ауру тудыруы т. б) зерттеуге негізделген.
Санация - ағзадағы дерттік өзгерістерді емдеп, жазу, сауықтыру.
Патогендік зардаптылық - патологиялық процестің немесе күйдің даму механизмі. Микробтардың індеттік ауруды қоздыру қабілеті.
Иммундеу - ағзаға белгілі бір вакциналарды жіберу арқылы белгілі жұқпалы ауруларға қарсы төтеп беретіндей қсиеттер дарыту.
Балау - жан-жақты зерттеулер нәтижесінде ауруды анықтау, ауырған ағзаның хал-жағдайы туралы қорытынды.
Биологиялық сынама - зертханалық жолмен жануарларға патологиялық материалдарды жұқтырып, соны зерттеу арқылы жұқпалы ауруларды балаудың бір тәсілі.
Вакцина - микроорганизмдерден, олардың жекелеген компонеттерінен, антигендерінен немесе олардың өмір сүру процесі кезінде түзілетін заттардан дайындалатын биологиялық дәрмек.
Уыттылық - белгілі бір микроб штаммының уыттылығы, оның ауырту қабілетінің күштілігі.
Белгілеулер мен қысқартулар
ҚР - Қазақстан республикасы
ОҚО - Оңтүстік Қазақстан облысы
ЕМК - Еншілес мемлекеттік кәсіпорын
РМК - Республикалық мемлекеттік кәсіпорын
АБП/БДҰ - Аграрлық бірлестіктің федерациясы/ Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы
РБС - роз-бенгал сынамасы
ПРА - пластинкадағы агглютинация реакциясы
АР - агглютинация реакциясы
КБР - комплементті байланыстыру реакциясы
КҰБР - комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы
СР - сақина реакциясы
ИФР - иммунды флуоресценция реакциясы
ДНҚ - дезоксорибонуклеин қышқылы
ЕПС - ет-петон сорпасы
ЛПС (LPS) - липополисахарид
м. ж - микроб жасушасы
г - грамм
ВҒЗИ - ветеринария ғылыми-зерттеу институты
ҒЗС - ғылыми - зерттеу стансасы
АҚ - акционерлік қоғам
ТМД - тәуелсіз мемлекеттер достастығы
ПВП - поливинилпирролидон
ОФР - офсонофагоцитарлық реакция
КСРО - Кеңестік социалистік республикалар одағы
АтБР - антителаны бейтараптандыру реакциясы
ТЕГАР - тіке емес гемагглютинация реакциясы
ИФА - иммуноферменттік анализ
Кіріспе
Ел басының Қазақстан Республикасы халқына жасаған жолдауында және ауылды көтеру мәселесіне байланысты мемлекеттік бағдарламасында Қазақстан халқының оның ішінде ауылдық жағдайын жақсарту мәселесі айрықша атап көрсетілген.
Бұл мақсаттарды табысты атқару үшін, ең алдымен ауылшаруашылығындағы мал басын көбейтіп, одан алынатын өнімдерді (ет, сүт, жүн, жұмыртқа т. б) мейлінше көбірек өндіру қажет. Бірақта аталған проблемаларды жүзеге асыру оңай шаруа емес екені белгілі. өйткені басқаны айтпағанда мына малдардың арасында кездесіп, өлім-жетімге және де басқа қыруар шығынға әкеліп соқтыратынәртүрлі жұқпалы аурулар үлкен бөгет болып келеді. Бұрыннанда әсіресе соңғы жылдары төрт түлік малдардың арасында жұқпалы бруцеллез ауруы өте қауіпті малдан малға және малдан адамдарға жұғатын індет болғандықтан, бұл ауруға шалдыққан малдар арнайы нұсқаулар бойынша арнайы малдәрігерлік санитарлық тәртіпті сақтай отырып көзі жойылады.
Қазақстанда малдардың бруцеллез ауруының эпизоотологиясы, шығу көздері, аурудың белгілері, қоздырғышның биологиясы, ауруды анықтап балау жолдары мен алдын алу шаралары жөнінде бірқатар ғылыми тәжірибелік жұмыстар атқарылғаны белгілі. Соған қарамастан бұл ауру малдәрігерлік ғылымы мен өндірістің әлі де болса толық шешімін таппаған мәселеге айналып отыр.
Бруцеллез зооантропоноздық ауру болғандықтан, ол біздің елімізде үлкен әлеуметтік - экономикалық мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақстанда бруцеллезбен ауыратын адамдар мен жануарлар саны бұрынғы одақ және ТМД елдерімен салыстырғанда алғашқы орындардың бірін алып отыр.
Бруцеллез нозеареалы әр қилы, шаруашылықтың экономикалық, табиғи-географиялық жағдайына, халықтың тұрмысы және арнайы ветеринариялық шаралардың жүргізілу деңгейіне байланысты болып келеді.
Адамдардың негізгі бруцеллезжұқтыру көзі жануарлар болып табылатын балғандықтан, бруцеллезбен күресу шаралары өте жоғары дәрежеде және тиімді болуы керек.
Республика аумағында ауыл шаруашылық малдар арасындағы бруцеллез індетінің таралуы әлі күнге дейін әр жылы әр түрлі дәрежеде, көбіне бруцеллезге қарсы арнайы шаралардың орындалуына да байланысты болып келеді.
Бруцеллез қазіргі кезде адамдар мен жануарлардың өте күрделі ауруы екендігі дәлелденіп, оны жою үлкен экономикалық және әлеуметтік мәселеге айналып отыр.
Бруцеллезбен күрес шараларының тиімді болу үшін, олар міндетті түрде ғылымның жетістіктеріне негізделуі қажет.
Бүгінгі таңда індетті ауруларға қарсы белсенді иммундеу заттарын ойластырудың екі жолыбар. Олардың бірі - тірі, ал екіншісі - экологиялық жағынан қауіп төндірмейтін өлі вакцина қолдану.
Бруцеллезбен күрес шараларының тиімдіболуы ең бірінші бұл індетті дер кезінде әрі нақты балауға да байланысты.
Осыкүнге дейін қолданып келген бруцеллезді дифференциалды балау, дауалау әдістері әлі де қанағаттандарарлық дәрежеде емес. өйткені соңғы уақытта кең таралған мал өсіру технолгиясы (жекелеген шаруа қожалықтары, жеке меншік үлесіндегі малдар) бруцеллезді балау, дауалау және онымен күрес шараларын сәйкесінше, өзгеше жүргізуді қажет етеді.
Соңғы бесжылдықта жыл сайын Қазақстанда бруцеллезге шалдыққан адамдар саны 3000-нан кем емес, эпидемиологиялық жағдай әсіресе республикамыздың оңтүстік аймағында күрделі болып отыр. Бұл фактілер ветеринария және медицина қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктейді.
Қазіргі кезде ветеринария тәжірибесінде қолданылып жүрген мал бруцеллезіне қарсы шаралар жүйесі шаруашылықтарды бруцеллез індетінен толықтай сауықтыруды қамтамасыз ете алмай отыр.
Айтылғандарды ескере отырып жүргізілген, осы ғылыми зерттеужұмыстарында Оңтүстік Қазақстан облысындағы жануарлар бруцеллезін дифференциалдық балау, дауалау және оған қарсы жүргізілетін арнайы шараларды жетілдіру мен нәтижелерін өндіріске енгізу мәселелері алға қойылады.
1 Негізгі бқлім
1. 1 Жануарлар бруцеллезі және оның таралуы
Қазіргі кезде бруцеллез деп аталып жүрген жануарлар ауруы Англияда XIX ғасырдың басында ақ белгілі болған. Бұл ауру онда кеңінен таралып жануарларға тән белгі бойынша "жаппай іш тастау" деп аталған. Оның этиологиясы көп уақыт бойына белгісіз болып келген.
1876 жылы Франк іш тастаған сиырлардан патологиялық жадығаттар алып, сау аналықтардың жыныс жолдарына енгізу арқылы іш тастау шақырып осындай жолмен аурудыц жұқпалылығын анықтады.
Аздаған уақыттан соң Ленерт (1878) және Броурер (1880) бұл аурудың жұқпалылығын растады.
Ауру жұқпалы іш тастау атына ие болды. Бірақ аурудың қоздырғышы тек 1896 жылы дат зерттеушісі Банг Стрибольт ауру сиырлардан, соңынан Банг бацилласы деп аталып кеткен, микроб тауып алған кезден бастап белгілі болды.
19 ғасырдың аяғында Жерорта теңізінің жағалауларында және аралдарында, соның ішінде, Мальта аралында қызба ауруына адамдардың көп шалдыққаны байқалды, оны «мальталық, гибралтарлық, криттік неаполитандық» немесе жай «жерорта теңіздік» деп атаған. Мальта аралы ағылшындарға қараған, бұл аралда үлкен горнизон болған. Ауру жергілікті тұрғындар арасында көптеп таралған соң, одан ағылшын горнизонының әскер де аман қалған жоқ.
Ағылшын дәрігерлері аурудың себебін анықтау бағытында ұзақ және көп жұмыстар істеді және 1886 жылы Брюс мальта қызбасынан өлген солдат өлігін зерттеу кезінде, талақтан алынған жадығаттарды микроскоп арқылы қараған кезде микробты анықтады. Зерттеуді жалғастыра отырып, Брюс осындай микробты патологиялық жадығаттарды қоректік ортаға себу кезінде анықтады. Алынған микробты Брюс микрококк-деп атады.
Брюстың ашқан жаңалығы көптеген жаппай зерттеулерге жол ашты және бірқатар микробиологтар оны қостады.
Брюстың жаңалығынан соң, осы жерде жұмыс істеген Заммит бұл аурудың қоздырғыштарын тасымалдаушылар ешкілер екендігін анықтады. Ары қарай зерттеулер арқылы адамдар мальта қызбасымен ауру ешкінің сүтін ішкен кезде залалданатындығы байқады. Осындай жолмен, адамдардың және ешкілердің мальта қызбасымен ауруының арасында байланысы анықталды. Сонымен катар, Банг бацилласы мен Брюс микрококктары бірдей екендігі дәлелденді. Ауру қоздырғышын Брюс атымен бруцелла деп, ал ауруды бруцеллез деп атай бастады.
Брюс және Бангтың ашқан жаңалығынан соң, қазіргі кезге дейін түрлі елдерде өте көп зерттеулер жүргізілді және жануарлар бруцеллезі мен оның адамдар ауруына қатынасы туралы көптеген мәселелер зерттелді.
Аурудың қоздырғышы табылып, оның адамдар мен жануарларға тигізетін зияны туралы білген кезден бастап, бруцеллезді зерттеу жолындағы ғ
мәліметтер үлкен теориялық және тәжірибелік маңызы бар жаңалықтармен тол ықтыры лды.
1рі қара малда бруцеллез көп жағдайда клиникалық белгілері анық білінбей, үстіртін латентті (жасырын) түрде өтеді. Ауырған аналық малдың негізгі белгісі - іш тастау (аборт) . Буаз аналықтардың іш тастауы 3-4 айлық немесе 6-8 айлық кезінде болады. 1ш тастау мезгілі ауру микробының жұғуына тығыз байланысты. Жаппай іш тастау көп жағдайда алғаш туатын құнажындарда байқалады. Оның мөлшері 30-50 пайызға дейін жетеді.
Ауру сиырда іш тастау бір рет болады, ал екі не үш рет іш тастауы өте сирек кездеседі. Сиырда іш тастауына 2-3 күн қалғанда оның сыртқы жыныс органдары ісініп, қызарады және жатыр алды бөлімінен қызғылт иіссіз кілегей ағады. Мұндай малдың буындары қабынып, жүргенде қатты қиналады, көпке дейін оның шуы түспейді, жатыр ішінде шіриді. Ақырында мал эндометритке метритке, вагинитке ұшырайды. Оның желіні қабынады. Мұндай жағдайда аналық малдың ұрықтану қабілеті төмендейді немесе жойылады.
Ауырған ірі қараның негізгі белгісінің бірі - буындарының ісініп қабынуы, әсіресе, тобық, Тізе буындары. Бастапқы кезде буын іспей, ұстап қарағанда мал ауырсынады, содан соң ісініп, ісігі күннен күнге ұлғая береді. Бара-бара буынға ірің микробтары түсіп, буын ісіп қатты қызып, мал мүлде жүре алмай қалады. 1сік тесіліп, одан ірің ағады. Буында өзіне тән емес ұлпалар өсіп, ол әк тұздарымен қапталып, буын қозғалысы бұзылады.
Бруцеллезбен ауырған бұқаларда іріңді орхит, эпидидимит, артритте және синовиттер болады.
Бруцеллезбен ауырған сиырларда патологиялық өзгерістер лимфа бездерінде, паренхиматозды ұлпаларда және жыныс мүшелерінде болады. Жыныс мүшелерінің кілегей қабықтары ісініп, қызарады, жатыр алды бөлімінен қоңыр-қызыл түсті кілегей ағады. Хорион мен жатырдың кілегей қабығының арасында іріңді-фибринді эксудат пайда болады, хорион ворсинкасы мен жатыр карункулында көп нүктелі қанталаулар, кей жағдайда өлі плацент қалдықтарымен жабылады.
Ұрықтың қабығы қалыңдап, ісіп қызарады, үсті іріңді-фибринге қиыршыққа толы, көп жері қанталаған. Хорионды гистологиялық тексеруден өткізгенде көптеген некроз бен эпителийдің қалыңдағаны көрінеді. Хорион ворсинкаларынан іріңді және некрозды қабынғаны немесе жаппай грануляциялық ұлпалардың өскені байқалады.
Кей жағдайда ұрық мумификацияга ұшырайды. Мүшелердің және құрсақ қуысының кілегейлі және сыртқы қабықтарында ұсақ тары тәріздес қанталаған тері асты көк етте серозды және геморрагиялық қабынған талақ пен сөл түйіндерінің ісінгені байқалады. Бауырда күңгірт сары түсті некроз кездесіп, өкпе іріңді-қатаральді пневмонияга ұшырайды. Буаз сиырлардың желіні мен оның үстіндегі лимфа бездері қабынады, олар іріңді және фибриозды желінсау түрінде өтеді. Бүйректе интерстициальді нефрит кездесед1. Бұқалардың ені мен қосалқы ендерінің көлемі үлкейіп, ұстап қарағанда өте қатты болады, ал кесіп көрсе онда некрозды ірің қалдықтары кездеседі, сперматогенез функциясы
мүлдем жойылады не болмаса азаяды. Ен паренхимасы атрофияға ұшырай ен каналдарында өзіне тән емес тканьдер өсіп, тесіктері бітеледі.
Бруцеллез ауруының белгілі дәрежеде кеңінен таралуына себеп жануарлар ағзасында қоздырушылардың әртүрлі тірі затпен қоректенуге икемделіп, жануарлардың ауруға бейім келуі үлкен бір шеңбер құрайтындығымен сипатталады.
Қазіргі таңда бруцеллез індеті барлық әлемде тіркелген десек те болады.
Біріккен сараптама комитетінің АБФ/БДҰ-ң бруцеллез мәліметтеріне сүйенсек (алтыншы баяндама, 1986 ж. ), ауылшаруашылық малдарының бруцеллезі дамыған капиталистік АҚШ, Франция, Канада, Австралия, Италия, Испания, Нидерланды елдерінде де таралған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz