Кәсіпорын жұмысының нәтижесін жоспарлау, бағалау


ЖОСПАР
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. КӘСІПОРЫНДАР ТҮРЛЕРІ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҒЫНАСЫ
2. ПАЙДА-КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІ ТИІМДІЛІГІНІҢ БАСТЫ ШАРАСЫ
3. КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІН ЖОСПАРЛАУ, БАҒАЛАУ
4. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖАҒДАЙЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастардың құрлымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизімде де қаржы зор рөл атқарады.
Қаржы-нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайды қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әркет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Нарықтық экономика жағдайына экономикалық қызметтің, барлық экономикадағы негізгі буыны-бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс.
Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдары, табыстары және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерн қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымның мән-мағынасы болып табылады.
Қазіргі нарықтық жағдайда тек мынандай ғана кәсіпорын өміршек бола алады, егер де ол нарық талабына аса сауаттылықпен және компоненттілікпен анықтайтын, сұраныс талабын қанағаттандыратын өнімдері өндіруді ұйымдастыратын және білікті қызметкерлерге жоғары табыспен, ең соңында, көп пайданы табуды қамтамасыз ете алатын болса.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршендігін кепілі мен жай-күйінің орнақтылығың негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша, қаражаттын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз үрдісін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, оның қаржылық жағдайын талдау қажет.
Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында, еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
КӘСІПОРЫНДАР ТҮРЛЕРІ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҒЫНАСЫ.
Кәсіпорын - экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және жұмысшы мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады. Еркін өнеркәсіп кәсіпорны дегеніміз өндірістік-техникалық, ұйымдастыру- әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін, әртүрлі қызметтер көрсетулер арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады.
Өндірістік жүйе ретінде кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы болады.
Сыртқы ортаға -экономикалық саясат, құқұқтық жағдай, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және технологиялық жағдайлар жатады.
Ішкі ортаға-еңбек ресурстары, техника және технология, бәсекелестік, маркетинг және т. б. жатады.
Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы негізгі мақсаты-бәсекелесуге қабілетті өнім шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу және ең аз шығынмен ең жоғарғы пайда табу негізінде сұранысқа ие және бәсекелеуге қабілеті бар өнім шығару болып табылады.
Өнеркәсіп кәсіпорнының функциялары мыналар:
- өндірісте және жекеше тұтынылатын өнім шығару;
-тұтынушыға өнімді жеткізу және сату;
- өнімді сатып болғаннан кейін қызмет атқару;
- кәсіпорындардағы өндірісті материалдық-техникалық жабдықтау;
- кәсіпорын жұмысшыларының еңбегін ұйымдастыру және басқару;
- кәсіпорындағы өндіріс көлемін жан-жақты дамытып, ұлғайту;
кәсіпкерлік;
- салықтарды төлеу, мемлекеттік бюджеттің және басқа да қаржы ұйымдарының міндетті емес төлемдерін орындау;
-мемлекеттік заңдарды, нормативтер мен стандарттарды орындау.
Қазақстанда «Меншік туралы» заңғы байланысты мемлекеттік меншіктегі және аралас меншіктегі кәсіпорындар құрыла алады.
Мемлекеттік кәсіпорындар-бұл негізгі қорлары мемлекет меншігінде болатын және басқару органдарын мемлекет тарапынан ұйымдар тағайындайтын кәсіпорындар болып табылады.
Егер мемлекеттік кәсіпорын бюджеттік болса, ол мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Ал, егер кәсіпорын мемлекеттік ұйымдардың қарамағында болса, ол кәсіпорын қазыналық болып есептелінеді.
Кәсіпорындар түрлі белгілеріне қарай бөлінеді:
- сала түріне байланысты;
- шаруашылық іс-әрекетінің түріне байланысты;
- құқықтық жағдайына байланысты;
- меншік жағдайына байланысты.
Меншік формасына байланысты кәсіпорындардың түрі:
- мемлекеттік;
- кооперативтік;
- ұжымдық;
- жеке.
Кәсіпорынға қажетті заттар:
- материал, шикізат;
- Қосалқы бөлшектер, құрал-жабдықтар, есептеу құралдары, ақпарат, отын, отын-энергия, жер ресурстары, ғимараттар, көлік құралдары, өндірістік және шаруашылық құрал-жабдықтар, ақша қаражаттары.
Кәсіпорының шығаратын заттары:
- белгілі бір ассортименттегі, номенклатурадағы, көлемдегі дайын өнім;
- өндіріс қалдықтары;
- өндіріс шығындары;
- ақша қаражаттары.
Кәсіпорынның құрылымы:
- негізгі өндіріс;
- көмекші өндіріс;
- қызмет етуші және қосалқы бөлімдер.
Кәсіпорын жүргізетін үрдістер:
- ғылыми зерттулер;
- проект (жобалау) конструкциялау;
- дайындау;
- жөндеу;
- бақылау;
- Қызмет ету, сақтау, тасымалдау, түптеу, орау, басқару.
Кәсіпорынның басқару функциялары;
- статистика, есеп;
- талдау;
- жоспарлау;
- шешім қабылдау;
- ынталандыру;
- бақылау;
- реттеу.
Кәсіпорындардың ұйымдастыру функциялары:
- нормалау;
- оперативтік жоспарлау;
- диспетчерлеу;
- басқару функциясын орындау;
- ресурспен қамтамасыз ету;
- жұмыс орындарын жоспарлау;
- ыңғайлы жұмыс жағдайларын жасау;
- дайын өнімді сату.
Өндіріс-қоғамның өмір сүру және дамуы үшін қажетті материалды өнімдерді шығаратын процесс. Өндірістің дамуын еңбек құралдарынан, еңбек заттарынан және белгілі бір мақсатпен жасалынатын жұмыс үрдісінен тұратын еңбек ету жағдайы анықтайды.
Қазіргі заманғы өндіріс, ғылыми-техникалық процестің нәтижелерін қолдану, соның ішінде автоматизацияландыру арқылы дамиды. Әрбір өндірістік кәсіпорын-цехтардан, учаскелерден, қосалқы шаруашылықтардан, басқару және ұйымдастыру шаруашылығы ұйымдарынан тұрады.
Өндірістік бөлімдердің жиынтығы, олардың саны мен өзара қарым-қатынастары және өндірістің көлемі мен жұмысшылардың саны кәсіпорынның жалпы құрылымын құрайды.
Кәсіпорынның өндіріске байланысты бөлімдері: цех, участок, қызмет көрсететін шаруашылықтар бірігіп, кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды. Өндірістік құрылым еңбек өнімділігінің деңгейін, өндіріс шығындарын, табиғи байлық пен техниканы қолданудың экономикалық тиімділігін анықтауға ықпал жасайды.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік құрылымының бөлігі болып цех саналады. Цех-әкімшілік жағынан оқшауланған, жай өндіріс үрдіснде белгілі бір жұмысты атқаратын буын.
Цехтардың 3 түрі болады
- негізгі;
- көмекші;
- қосалқы және т. б.
Негізгі цехтарда сатуға әзірленген дайын өнімдер шығарылады. Көмекші цехтарға-құрал-жабдықтар, жөндеу жұмыстары, энергетикалық, көлік цехтары жатады. Қосалқы цехтарға -қайта өңдеу цехтары, шығарылған өнімді безендіретін қораптар мен басқа да жұмыстар жатады (орау, жүктеу, тасымалдау, түсіру) .
Цехтар-учаскелерден тұрады. Учаскелер 3 түрге бөлінеді:
- негізгі;
- көмекші;
- қосалқы.
Өнеркәсіптік кәсіпорындығы өндірістік құрылымының 3 түрі (типі) бар:
- заттай;
- технологиялық;
- аралас.
Заттай құрылымды қолданған кезде кәсіпорынның негізгі цехтары мен учаскелерінің әрқайсйсы белгілі бір өнімді, не болмаса белгілі бір бөлшектерді өндіруге маманданады. Заттай құрылымның көптеген пайдалы көрсеткіштері болады. Өйткені ол цехтардың арасындағы байланысты дамытады, өндіріс циклын азайтады, жұмысшылардың өнім сапасын көтеруге деген көзқарасын жақсартады. Соның арқасында өнім өндіру ұлғаяды, өндіріс шығындары азаяды.
Технологиялық құрылым қолданылғанда технологиялық процестің ретіне байланысты жұмыс орындалады. Өндірістік құрылымның бұл типі цехты не болмаса учаскені басқаруды оңайлатады және өндірістің бір номенклатуралы өнім шығарудан келесі номенклатуралы өнім шығаруына ықпал жасайды. Кемшіліктері: цехтардың арасындағы өндірістік қарым-қатынастардың күрделену, жоғарғы өнімді құрал-жабдықтар мен құралдар қолданудың мүмкіншілігінің жоқтығы жатады. Бұлардың бәрі еңбек өнімділігінің төмендеуіне, шығындар көлемінің өсуіне әсерін тигізеді.
Ал өндірістік құрылымның аралас түрі болса, заттай құрылымның да, технологиялық құрылымның да элементтерінен тұрады және бұл бұл тип цехаралық тасымалдардың көлемінің азаюына, өнім өндірудің өндірістік циклының қысқаруына, еңбек жағдайын жақсартуға еңбек өнімділігін арттыруға, өнімнің өзіндік құнын азайтуға әсерін тигізеді.
Өндірісті ұйымдастырудың түрі дегеніміз-өнеркәсіптік кәсіпорынды ұйымдастыру ерекшеліктері мен техникалық жағдайының жалпы сипаттамасын беру.
Өндірісті ұйымдастырудың түріне көптеген факторлар әсер етеді:
- мамандандыру деңгейі;
- өндіріс көлемі;
- шығарылатын өнім номенклатурасының күрделігі және төзімділігі т. б.
Өндірістің негізгі 3 түрі болады:
- жеке-дара өндіріс;
- сериялық өндіріс;
-жаппай өндіріс.
Жеке-дара өндіріс-алуан түрлі және тұрақты емес номенклатуралы өнімдерді жекелеп шығарумен сипатталатын өндіріс үлгісі. Мысалы: ірі трубиналар, кемелер, металлургиялық, кен жабдығы және тұтыну заттарын шығаратын тәжірибелік заводтар, кәсіпорындар жеке дара өндіріске жатады.
Ерекшеліктер:
- әртүрлі номенклатуралы өнімдердің шығарылуы;
- жұмыс орындарын технологиялық мамандандыру бойынша ұйымдастыру;
- әмбебап құрал-жабдықтар мен технологияларды қолдану;
- қолмен жинау жұмыстарының үлкен көлемі;
- жоғарғы білікті әмбебап жұмысшылардың санының көп болуы;
- өндіріс циклының ұзақтығы;
- аяқталмаған өндіріс көлемінің көп болуы.
Сериялық өндіріс түрі кең номенклатуралы, біртектес өнімдерді бір уақытта сериялармен шығаруды көздейді. Сериялы өндіріске партиялармен енгізілген, конструкциялары бірдей өнімдерді бір уақытта шығарып жатады.
Негізгі ерекшеліктер:
-біртекктес өнімдердің үлкен номенклатурасының тұрақты шығарылып тұруы;
-жұмыс орнының бірнеше операцияларды орындауға мамандануы;
-бөлшектер мен өнімдерді партиямен шығару;
-мамандандырылған құралдар мен технологиялық жабдықтардың көп қолданылуы;
-қолменжинау еңбегінің аз мөлшері;
-орташа білікті жұмысшылар санының көп болуы;
-өндіріс циклының ұзақ еместігі;
-Өнім сапасын бақылау үрдісінің автоматтандырылуы.
Түрлері-ұсақ сериялы, орташа сериялы, жаппай сериялы өндірістер, Мысалы: самолет шығаратын, мотор шығаратын заводтар.
Жаппай өндіріс-өндірісті мамандандырудың ең жоғары сатысы. Мысалы: автомобиль, трактор заводтары. Бұл түрі бойынша әртүрлі өнімдер бір уақытта үзіліссіз шығарылып отырылады.
Ерекшеліктері;
-тек қана номенклатуралы өнімдерді үлкен көлемде шығару;
-жұмыс орнының тек қана бір операцияны орындауға мамандандырылуы;
-жұмыс орындарының операциялардың ретіне қарай орналасуы;
-арнайы және мамандандырылған технологиялық құрал-жабддықтардың үлкен көлемі;
-механикаландырылған, автоматтандырылған технологиялық үрдістердің көп қолданылуы;
-операцияларды дайындау және аяқтау уақытының аздығы;
- қолмен жинау жұмыстары көлемінің азаюы;
-ең төменгі білікті жұмысшылардың еңбегін қолдану;
-өндіріс циклының қысқаруы;
-өндірісті басқаруды және жоспарлауды шоғырландыру;
-кәсіпорындарды басқаруда автоматтандыруды енгізу.
Өндіріс құрылымына мындай факторлар әсер етеді:
-кәсіпорынның халық шаруашылығының қай саласына жататындығы;
-шығарылған өнімнің номенклатурасы;
-оның конструциялық ерекшеліктері;
-қолданылған материалдар;
-шикізаттар және оларды өңдеу түрлері;
-өнімнің конструкциялық қарапайымдылығы және технологиялық төзімділігі;
-өнім сапасына қойылатаын талаптар;
-өндіріс тұрпаты, оның мамандандырылуы және кооперацияландыруы;
-технологиялық құралдар мен жабдықтардың құрамы;
-өндірістің өзгертілген номенклатуралы жаңа өнім шығаруға қалыптаса алуы;
-өндіріс үрдісінің негізгі, көмекші және қосалқы цехтардағы ерекшеліктері.
Әрбір сала кәсіпорындарының өндірістік құрылымдары негізгі өндірістің жағдайына байланысты өзіндік ерекшеліктерімен оқшауланады. Тек, көмекші және қызмет етуші шаруашылықтар ғана барлық кәсіпорындарда бірдей болып келеді.
Өндіріс құрылымын әрі қарай дамытудың жолдары:
-кәсіпорындар мен цехтарды ірілендіру;
-негізгі, көмекші және қосалқы цехтардың арасындағы тиімді байланысты сақтау;
кәсіпорынды жоспарлаудың тиімділігін арттыру жолында тұрақты жұмыс жүргізу;
-өндірісті ірілендіру арқылы (тұрақты) қуатты, ғылыми-өндірістік ұйымдар ұйымдастыру;
-техника мен жоғары сапалы технологияны тұрақты түрде дамыту, өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру;
-өндірістің тиімділігін арттыру.
Кәсіпорындар мен цехтарды ірілеңдіру арқылы жаңа жоғарғы өнімді техниканы кең көлемде енгізуге жағдай туады, технологияны дамыту, өндірісті ұйымдастыру жақсарады.
Еңбекақы ( жұмысақы) төлеудің маңызын, қызметтерге еңбек міндетін орындағаны үшін берілетін сыйақы деп түсінеміз.
Еңбекақы төлеудің негізінде еңбекақы төлеудің шекті өнімділігімен шектелінетін, өндіріс факторы ретіндегі еңбектің құны жатыр. Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбекақының орнын толтыратын өнім өндіруге міндетті, олай болса еңбекақы қызметкердің еңбек тиімділігіне тәуелді.
Әлеуметтік-экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қарастыру қажет.
Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызматкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл-ауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады. Осыдан еңбекақының ынталандырушы ролі алынатын сыйақының көлемін көбейту үшін еңбек нәтижесін жақсартудан тұрады.
Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші әсіресе бұйымның бірлігіне кететін шығындарды барынша азайтуға тырысады.
Еңбекақы кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды ынта және еңбек төлемінің нышаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік қызмет атқарады.
Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай (натуральный) нышандары бар. Қызметкерлерге ақшаны өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай форма еңбекақы төлеудегі ең басты нышандардың бірі болып саналады. Қазіргі кезде еңбекақы төлеудің заттай нышаны сирек пайдалынылады. Еңбек төлеудің мұндай нышанын ақша айналымының бұзұлыуы кезінде, экономиканың тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау жағдайларында кең қолданамыз.
Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудың механизмі (тетігі)
жұмыс күшінің еңбекақыға өзгеруінің үрдісін тікелей қамтып
көрсетеді. Олардың қазіргі нарықтық реалияға (жағдайларға)
қаншалықты сәйкес келетінді, еңбекақының негізгі қызметті
орындауына байланысты. Еңбекақының ұйымдастыру арқылы нарықтық экономиканың екі қозғалушы күштері арасында
әлеуметтік әріптестік қатынастардың дамуына мүмкіндік беретін, жұмыс беруші мен қызметкердің мүдделері арасында келісімдер жасалынады.
Еңбекақының көлеміне қызметкердің иемденетін ақшасының мөлшері ғана емес, сонымен қатар оның ол ақшаға нені сатып ала алатындығы да себепші болады. Сонда ақшаның сатып алу қабілеттілігі нақты еңбекақы мен номинальдық еңбекақының арақатынасы арқылы анықталады. Кәсіпорын қызметкерге еңбекақының мемлекеттің бекіткен ең төменгі деңгейінен жоғары төлеуге міндетті.
2 ПАЙДА- КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІ ТИІМДІЛІГІНІҢ БАСТЫ ШАРАСЫ.
Табыс-төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немесе материалдық құндылықты алуды көрсетеді.
Кәсіпорынның табыстарын қалыптастыру.
Кәсіпорынның табысы олардың активтерінің артуы немесе капитал меншігінің көбеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі. “Табыс” ұғымы жалпы мемлекетте (ұлттық табыс), кәсіпорындарда (жалпы табыс, таза табыс), ал жеке тұлғаларда (халықтың ақшалай табысы, жеке табыс) болып қолданылады.
Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім тауарларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, мүліктік бағалылықты сатудан, несие берілгендігі алынатын тиісті проценттер және басқа да ақшалай және материалдық түсімдер жатады.
Жиі қолданылатан «таза табыс» ұғымы жалпы табыс және материалдық ресурстардың шығындары арасындағы айырмашылығы болып саналады.
Экономикалық теорияда табыс деп тұрақты және нарықтық субъектілердің қарамағына заңды түрде тікелей түсетін ақша сомаларын айтады Табыс алудың шарты-бұл қоғамның жататын тауарларды шығару. Мына төмендегі табыстардың түрлерін айыруға болады:
-Жалпы (ЖТ) - бұл тауарлардың белгілі мөлшерін сатудан түскен ақшалай самасы. Ол таур бағасын тауар мөлшеріне көбейтуге тең.
-Орта табыс (ОТ) - жалпы табысты (ЖТ) өнім өлшемінің мөлшеріне бөлу (К)
-Шекті табыс (ШТ) - бұл өнім өлшемін сатуды көбейту арқасында жалпы табыстың үстелуі
Шекті табыс шығарған әрбір қосымша өнім өлшемінің өтемділігін бағалауға мүмкіндік береді. Және де өзіндік құнмен ұштаса отырып, кәсіпорынды ұлғайту мүмкіндігінде құндық бағдарлар қызмет етеді.
Таза пайда экономикалық санатының маңызды және кез келген коммерциялық мекемелері қызмітінің негізгі мақсаты болып табылыды. Нарықтық қатынастарда пайда экономикалық санаты ретінде құрылған материалдық өндіріс саласының таза пайдасын қамтиді.
Кәсіпорын пайдасын үлестіру және қалыптастыру
Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіш пайда түсімі болып табылады. Пайда дегеніміз-тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кірісі пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Былайша айтқанда, пайда-бұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін кәсіпорын қызметінің нәтижелі экономикалық көрсеткіші. Кез келген кәсіпорында жалақы ұжымға оның жұмсаған еңбегінің тек бір бөлігінің ғана орнын толтыратыны, ал оның басқа бөлігі-қосымша еңбек-қосымша өнім немесе құн жағынан алғанда, пайда құрайтыны осыдан келіп шығады. Мұнсыз жалпы тауар өндірісінің болуы мүмкін емес. Шынында да, сатқанда бұйым тек жұмсалған шығынды ғана өтеп, ешқандай пайда келтірмесе, кәсіпорынға бұйым шығарудың қажеті не?
Шынында да, кәсіпорын қорлануының мөлшері неге байланысты? Егер белгілі бір кезеңде ұжым қажет болып отырған өнім өндіруді арттырып, оның сапасын жақсартып, ассортиментін кеңейтсе, егер еңбек өнімділігі артып, өндіріс шығыны азайтылса, пайда мөлшері де өседі. Демек, бұл кәсіпорын өндіріс тиімділігін арттырды деген сөз.
Пайда баланстық және есептеулік болып бөлінеді. Жалпы баланстық пайда мынадан құралады:
-тауарлы өнімдерді сатудан түскен пайда;
-тауарлы өнімінің құрамына жатпайтын басқа өнімдерден және қызмет көрсетуден түскен пайда немесе зиян;
-сатылатыннан тыс оперцияларды жоспарлаудан түскен пайда немесе зияндар. Оған жататындар: айыппұлдар, сыйлықтар және т. б.
Есептеулік пайда-бұл негізгі өндірістік және айналмалы нормативтік қорларды және банктерден алған несиелерді шегергендегі бюджетке түсетін жалпы байланыстық пайда.
Пайда жоспары бағалар мен келісім-шарттар, салыстырмалы және қазіргі қолданылып жүрген бағалар негізінде жасалады. Пайда көлемін анықтау тікелей есептеу немесе талдау әдістерімен жүргізіледі. Пайданы тікелей есептеу әдісімен анықтау-өнімнің әрбір жеке түрлерін көтерме бағамен есептегендегі сатудан түсетін ақшалай түсім және оның өзіндік құнының арасындағы айырмасы болып табылады.
Пайда белгілі бір нысандарды орындайды.
Біріншіден, кәсіпорын қызметінің нәтижесіне жетуде экономикалық тиімділікті сипаттайды.
Екіншіден, пайда ынталандыру нысанына ие болады.
Оның мазмұны, ол бір жолғы қаржы нәтижесі және кәсіпорынның қаржы ресурстарының негізгі элементтері болып табылады.
Үшіншіден, пайда бюджеттің түрлі деңгейін қалыптастырудың бірден-бір көзі. Ол бюджетке салық түрінде түседі және басқа да табыс түсімдерімен қатар қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржыландыруға пайдаланады.
Нарықтық экономика жағдайында пайданың маңызы орасан зор. Оны алуға ұмтылу тауар өндірушілерді өнім өткізудің көлемін арттыруға, оған кететін шығындарды азайтуға бағыт корсетеді.
Кәсіпорынның пайдасы әр түрлі қызмет есебінен алынуы мүмкін. Барлық пайданың жиынтық деңгейі-кәсіпорынның жалпы пайдасы. Жалпы пайданың негізгі жиынтық элементтері болатындар:
-өнімді сатудан, қызмет атқарудан, қызмет көрсетуден түсетін пайда;
-негізгі қорларды, сол сияқты басқа да кәсіпорынның мүліктерін сатудан түсетін пайда;
-өткізуден тыс операциялардың қаржы нәтижелері.
Кәсіпорынның пайдасы екі көрсеткішке байланысты: өнім бағасы және оны өндіруге кететін шығындарда. Нарықтағы өнім бағасы -сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылының нәтижесі. Еркін бәсеке жағдайында нарықтық баға құрылымы заңының әсерінен өнім бағасы не жоғары, не төмен болуы өндірушінің немесе сатып алушының қалауынша болуы мүмкін емес, ол автоматты түрде теңеседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz