Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының құрылымы



Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I Бағалы қағаздардың экономикалық маңызыдылығы ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Бағалы қағаздардың пайда болуы, мәні және түрлері ... ... ... ... ... ... ... 5
II Қазақстан Республикасындағы Бағалы қағаздар нарығының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.1 Бірінші және екінші бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеу механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.2 Қазақстан Респуьликасының қор биржаларының қалыптасуы, дамуы және келешегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
IІІ Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының даму проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
Кіріспе

Экономикалық өмір тіршілігінде ақша – несие, қаржыландыру, қорлану саласында бағалы қағаздардың мәні мен маңызы зор. Бағалы қағаздар өз иеленушісіне кіріс әкеледі, капиталды сақтау, капитал өсімін қамтамасыз ету, қаржыға деген тапшылықты азайту ретіндегі әрекеті арқылы экономикалық даму процесінде елеулі рөл атқарады. Бағалы қағаздардың әрбір түрінің әрекет ету ықпалы өзіндік ерекшелігі, ақша – несие жүйесінде, қаржыландыру қызметі жағдайында айқындалады.
Бағалы қағаздар экономиканың барлық саласында қажетті қаржы алуға мүмкіндік беретін әдіске айналған. Бағалы қағаздар нарығы қаржы нарығының бір бөлігі болып отыр. Осы тұрғыда бағалы қағаздар өзіндік сипаты бар айрықша тауар. Бұл, бір жағынан, меншікке иелікті, екінші жағынан, қарыз ретіндегі міндетті бейнелей отырып, пайда табу құқығын білдіреді. Осы қасиетімен бағалы қағаздар өзінің номиналдық құнымен қатар, нақты, шынайы капиталдың белгілі бір өлшемін бейнелейді.
Бағалы қағаздар нарығы қазіргі нарықтық экономика жағдайында
өте маңызды экономикалық инфрақұрылымдардың дамуындағы
экономикалық қатынастардың жиынтығын сипаттайды. Бағалы қағаздар
ерекше түрдегі тауар бола отырып, сауда және өнөркәсіптік
қатынастардың даму нәтижесінде объективті қажеттілік болып туындап
отыр. Сонымен қатар, бағалы қағаздар нарығының пайда болуы,
логикалық дамуы және индустриализациясы өндірістік және қаржылық
қорларды бірлестіру тәсілімен әртүрлі бағалы қағаздар мен олардың
туындыларының құрылуына әсер етті.
Инвестициялық қаржыландырудың басқа да бағыттарының қалыптасуы, бағалы қағаздарды қолдану, қаржылық инструменттің ең икемдісінің бірі болуы, қазіргі таңдағы бағалы қағаздар нарығының өркендеп дамуымен сипатталады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Көшенова Б.А. “Бағалы қағаздар нарығы”. Оқу құралы. – Алматы: “Экономика”, 1999.
2. Смағұлов Р.О., Мәдіханова Қ.Ә., Тұсаева Ә.Қ., Сатыбалдиева Ж.Ш. “Қаржы, ақша айналысы және несие”. – Алматы: “Экономика”, 2008.
3.Міржақыпова С.Т. “Банктегі бухгалтерлік есеп”. Оқу құралы. - Алматы: “Экономика”, 2004.
4. Искакова З.Д. “Банк ісі”. Оқу құралы. – Қарағанды, 2006.
5. Мырзалиев Б.С., Әбдішүкіров Р.С. “Кәсіпкерлік қызметте бухгалтерлік есепті ұйымдастыру”. Оқу құралы. – Алматы, 2008.
6.Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. “Макроэкономика”. – Алматы :
“Экономика”, 2003.
7. Мамыров Н.Қ. “Макроэкономика”. – Алматы: “Экономика”, 2000.
8.Есенгельдин Б.С. “Қаржы теориясы”. - Қарағанды, 2007
9. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. “Қаржы”. - Алматы, 2005.
10. Назарбаев Н.Ә. “Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы” (Қазақстан – 2030). – Алматы, 1997.
11. Көшенова Б.А. “ Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары'' Оқу құралы. – Алматы: “Экономика”, 2000.
12. Алауханов Е. “Қылмыстық құқық”. – Алматы: Жеті жарғы, 2001.
13. Белгібаев Қ.Қ. Қаржы және банк статистикасы бойынша есептер жинағы. – Алматы: “Экономика”, 1999.
14. Сейітқасымов Ғ.С. “Ақша, несие, банктер” Оқу құралы. - Алматы: “Экономика”, 2000.
15. Шалғымбаева Г. “Бағалы қағаздардың бағасы артатын кез әлі алда” “Егемен Қазақстан” – 2000жыл 27 мамыр.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I Бағалы қағаздардың экономикалық
маңызыдылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Бағалы қағаздардың пайда болуы, мәні және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... 5
II Қазақстан Республикасындағы Бағалы қағаздар нарығының
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.1 Бірінші және екінші бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеу
механизмі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... .19
2.2 Қазақстан Респуьликасының қор биржаларының қалыптасуы, дамуы және
келешегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 4
IІІ Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының даму
проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
35

Кіріспе

Экономикалық өмір тіршілігінде ақша – несие, қаржыландыру, қорлану
саласында бағалы қағаздардың мәні мен маңызы зор. Бағалы қағаздар өз
иеленушісіне кіріс әкеледі, капиталды сақтау, капитал өсімін қамтамасыз
ету, қаржыға деген тапшылықты азайту ретіндегі әрекеті арқылы экономикалық
даму процесінде елеулі рөл атқарады. Бағалы қағаздардың әрбір түрінің
әрекет ету ықпалы өзіндік ерекшелігі, ақша – несие жүйесінде, қаржыландыру
қызметі жағдайында айқындалады.
Бағалы қағаздар экономиканың барлық саласында қажетті қаржы алуға
мүмкіндік беретін әдіске айналған. Бағалы қағаздар нарығы қаржы нарығының
бір бөлігі болып отыр. Осы тұрғыда бағалы қағаздар өзіндік сипаты бар
айрықша тауар. Бұл, бір жағынан, меншікке иелікті, екінші жағынан, қарыз
ретіндегі міндетті бейнелей отырып, пайда табу құқығын білдіреді. Осы
қасиетімен бағалы қағаздар өзінің номиналдық құнымен қатар, нақты, шынайы
капиталдың белгілі бір өлшемін бейнелейді.
Бағалы қағаздар нарығы қазіргі нарықтық экономика жағдайында
өте маңызды экономикалық инфрақұрылымдардың дамуындағы
экономикалық қатынастардың жиынтығын сипаттайды. Бағалы қағаздар
ерекше түрдегі тауар бола отырып, сауда және өнөркәсіптік
қатынастардың даму нәтижесінде объективті қажеттілік болып туындап
отыр. Сонымен қатар, бағалы қағаздар нарығының пайда болуы,
логикалық дамуы және индустриализациясы өндірістік және қаржылық
қорларды бірлестіру тәсілімен әртүрлі бағалы қағаздар мен олардың
туындыларының құрылуына әсер етті.
Инвестициялық қаржыландырудың басқа да бағыттарының қалыптасуы, бағалы
қағаздарды қолдану, қаржылық инструменттің ең икемдісінің бірі болуы,
қазіргі таңдағы бағалы қағаздар нарығының өркендеп дамуымен сипатталады.
Бағалы қағаздар нарығы мынадай элементтерден тұрады:
Эмитенттер, яғни әр түрлі бағалы қағаздар шығаратын
шаруашылық субъектілері;
Инвесторлар, уақытша бос ақша иелері заңды және жеке
тұлғалар;
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары брокерлер,
дилерлер, инвестициялық басқарушылар және тағы басқа;
Қор биржалары, дипозитерлер және де басқа да бағалы
қағаздарды тіркейтін, сақтайтын ұйымдар.
Жоғарыдағы айтылған мәселелерден "бағалы қағаздар нарығы" -тақырыбының
мазмұндық маңыздылығы көрінеді. Осы себептерге сәйкес бұл тақырыпты таңдап
алып және осы курстық жұмыс бойынша жалпылама мынадай мәселелер
қарастырылады:
* Бағалы қағаздар нарығының мәні және бағалы қағаздардың пайда
болуындағы алғы шарттар;
* Бағалы қағаздардың түрлері және олардың ерекшеліктері ;
* Бағалы қағаздар нарығының құрылымы;
* Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығын реттеу.
• Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы бағалы
қағаздар нарығының даму проблемасы
Сонымен курстық жұмыста бағалы қағаздар түрлері, оларды топтау және
бағалы қағаздар нарығын талдау, зерттеу мәселелері қарастырылады. Бұл
тақырыпты таңдап алудың негізгі себебі бүгінгі күнде дүниежүзі үшін де,
біздің еліміз үшін де бағалы қағаздар нарығымен жұмыс істеу өте қолайлы
болып табылады.

I Бағалы қағаздар нарығының экономиқалық маңыздылығы
1.1 Бағалы қағаздардың пайда болуы, мәні және түрлері

Жалған капитал - қосымша құнның бір бөлігін дивиденд немесе процент
түрінде иемденуге құқық беретін бағалы қағаздар иесінің меншік титулы.
Бағалы қағаздарды жалған капитал деп атауға себеп болған жағдайлар мыналар:
Біріншіден, табыс көзі - тауар өндірісі. Ал бағалы қағаздардың пайда
болуы өндірістік капиталмен тікілей байланысты.
Екіншіден, бағалы қағаздардың капитал болып есептелетін себебі оларды
сатуға болады. Бірақ олардың өз құны өте төмен, оның нарықтық бағалары
иррационалдық сипатта болады.
Жалған капитал нақты және қарыз капиталдарымен байланысты болғанымен,
олардың оқшауланып шыққан бөлігі, яғни олардың бағалы қағаздардағы көрінісі
ретінде айналыста жүреді. Оның нақты капиталдан мынадай ерекшеліктері бар:
1. Жалған капиталдың өз кұны жоқ. Бірақ бағалы қағаздардың
кейбір түрлері нақты капиталдың орнына жүреді.
2. Бағалы қағаздардың айналысы қор биржасынан және несие
жүйесінен басталады, ол нақты капитал өндіріс аясына
қызмет
көрсетеді.
3. Жалған капиталдың мөлшері бағалы қағаздарды сатудан түскен
табыстың капиталға айналуымен анықталады. Ал өндірістегі нақты
капиталдан түскен пайда сол нақты капиталдың өз
мөлшеріне
байланысты болады.
Жалпы алғанда, жалған капитал нақты капиталға қарағанда шапшаң өседі.
Бұл жағдай акционерлік кәсіпорындардың тез дамуына, бағалы қағаздардан
түсетін дивиденд пен процент мөлшерінің айырмашылығына және де соңғы
кездері бағалы қағаздардың көлемінің тез ұлғаюына байланысты болады.
Сонымен бірге, жалған капиталдың қарыз капиталынан айырмашылығы бар.
Олар:
Біріншіден, бағалы қағаздар қарыз капиталының қозғалысынан пайда бола
отырып, одан бөлініп, бағалы қағаздар нарығында дербес қозғалыс жасайды.
Өйткені бағалы қағаздарды сатып алу деген ақша капиталының бір бөлігін
қарызға берумен бірдей. Ал қарыз - несиелік құжат немесе бағалы қағаздар
түрінде айналыста болады.
Екіншіден, қарыз капиталынан түсетін табыс, оның өзінің мөлшерімен
анықталса, ал жалған капиталдың мөлшері оның айналысынан түсетін табысына
байланысты болады. Ол табыс дивиденд немесе процент түрінде түседі.
Сонымен, бағалы қағаздар қарыз капиталын орналыстыратын ортаның тек
біреуі ғана.
Жалған капиталдың пайда болуы мен оның өсуі байлықтың бір жерге
шоғырлануына әсер етеді. Бағалы қағаздардың пайда болуы мен оның дамуы
капиталистік өндіріс қатынастарының орнауына қатысты. Бәрінен бұрын бұл
коммерциялық несиелеу шекарасының кеңеюімен пайда болды. Коммерциялық
несиелеу негізі болып - вексель табылады, яғни бағалы қағаздардың бірінші
түрі. Вексель несиелік ақша формасына айналады. Бұл жағдайлар бағалы
қағаздардың вексель және өнеркәсіптік өндірістің дамуына зор мәнге ие
болуын куәландырады. Банктік жүйнің іс-әрекетінің даму процессі кезінде
тағы бір бағалы қағаздардың түрі - чектер пайда болды. Несиелік ақша рөлін
ойнайтын және товар айналымы кезінде төлем құралын атқарушы болды. Бірақта
нағыз бағалы қағаздар нарығының пайда болуы мен құрылуы акционерлік
қоғамдар болды. Бағалы қағаздардың басты түрлерінің акциялар мен
корпаративтік облигациялардың пайда болуы объективтік өндіріс
қажеттіліктерінің әсері. Экономикада пайдалы қағаздардың болмауы
мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының рөлінсіз елестетуге мүмкіндік
бермейді.
Мемлекеттік пайдалы қағаздардың ролі экономиканың дамуы кезінде өзгерді.
Мемлекеттік пайдалы қағаздар алғашында мемлекеттік
несие құралдарының бірі ретінде төтенше шығындарды жабу үшін пайдаланылды,
яғни соғыстар мен табиғи апаттарға байланысты. Уақыт өткен сайын
мемлекеттік бағалы қағаздар үлкен өлшемде экономикаға әсер ете бастады.
Сонымен қатар, мемлекеттің ақша айналымның қалыптасуында зор роль атқара
бастады. Қазіргі жағдайда мемлекеттік пайдалы қағаздар көмегімен,
макроэкономиканы қалыптастару мақсатында, ақша несиелік саясат жүріп жатыр.
Экономикадағы бағалы қағаздардың мәніне жалпы баға бере отырып, келесі
басты қызметтерін бөліп көрсетуге болады.
Қазақстанда акционерлік қоғам ХІХ- шы ғасырдың аяғы мен ХХ – шы ғасырдың
басында пайда болды. Акционерлік қоғам деп өзінің қызметін жүзеге асыру
үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға. Ал акция
үлесті немесе меншікті құжаттандыратын бағалы қағаз, яғни акция қоғам
шығаратын және олардың түрлері мен сипаттарына қарай акционердің дивидентер
алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам таратылғаннан кейін оның
қалған мүліктерінің бір бөлігіне құқықтарын куәландырады. Акционер қоғамның
міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының
шегінде қоғамның қызметіне байланысты зияндарға тәуекел етеді. Экономикасы
дамыған елдерде олар корпорациялар деп те аталады. Акционерлік қоғамның
басты қызметі – уақытша босаған ақша қорын өндірісті ұйымдастыру мен
көптеген жұмыс түрлеріне жұмылдыру болып табылады. Акционерлік қоғамдар
ашық және жабық қоғам үлгісінде құрылады. Қоғамды құру туралы шешім
қабылдаған жеке және заңды тұлғалар қоғамның құрылтайшылары болып
есептелінеді. Қоғамды қурушылар орасан зор табысқа иемденеді. Акционерлерге
дивиденд төленеді.
Бағалы қағаздар – бұл капиталдың белгілі бір түріне жекеменшік құқықты
растайтын және өз иесіне табыс әкелетін құжат. Бағалы қағаздар - акциялар,
облигациялар, вексельдер және басқа да түрлерде көрінетін капитал.
Акция – акционерлік қоғам (АҚ) капиталына белгілі ақша сомасын салғанына
кепілдік беретін және оның иесіне дивиденд түрінде пайда түсіруге құқық
беретін бағалы қағаз.Компания қанша уақыт жүмыс істеп тұрса, акция да сонша
уақыт қолданылады. Акционердің акцияны шығарған компанияға қайтаруға құқы
жоқ. Акционерлік капитал бөлінбейді. Акционер оны тек екінші нарықта
сатуына болады.
Акцияны шығару мына жағдайда болады:
а)меншікті акцияландырғанда, яғни акционерлік қоғам қүрып, оның
жарғылық капиталын қалыптастырғанда;
б)бар компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
в)жарғылық капиталды қосымша үлғайту кезінде.
Жарғылық капитал - шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Ол, өз
кезегінде, айналымдағы капитал және компанияның портфелінде қалған бағалы
қағаздар болып бөлінеді. Оларды компания кез келген уақытта өз ойынша
пайдалана алады.
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын үлғайтуға
және оны инфляциядан қорғау үшін жүмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден
бір түрі. Акция - компанияның акционерлер алдындағы қарыз міндеттемесі.
Компанияның өз акциясын қайта сатып алатын қүқы бар. Бірақ бірсыпыра
елдердің заңында, елдер корпорацияның төлем қабілеті жоқ болса, онда ол
акциясын қайта сатып алатын қүқықтан айырылады деген де ереже бар. Дәл осы
жағдай, егер қайта сатып алу корпорацияның төлем қабілеті нашарланатын
болса да
қаралған. Заң жүзінде акцияны бөлуге де болады. Айналымдағы әрбір акцияны
бірнеше бөлікке бөлуге болады.
Корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша жай және
артықшылықты акциялар болып бөлінеді. Жай акцияларды иеленушілердің
корпорацияның тапқан пайдасының мөлшеріне байланысты дивидендтер алу құқы,
жиналыстарда дауыс беру арқылы корпорация жабылып қалған жағдайда несие
берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқы бар.
Құқықтар акция мөлшеріне сәйкес көлемде жүзеге асырылады.
Әрбір акция өз иесіне бір дауыс үлесін береді. Сонымен бірге, жай акция
дивиденд алуға кепілдік бермейді. Себебі дивиденд корпорацияның шаруашылық
нәтижесіне байнанысты. Дивиденд корпорацияның таза пайдасының бір бөлігі,
басқаша айтқанда, дивиденд төлеу пайданың салық төлегеннен қалған қалдығын
бөлуге негізделген.
Көптеген корпорациялар жай акция бойынша номинал құнын бекітеді. Ол
акцияның титулында көрсетіліп, хабарнама сипатында болады. Ол бір акцияға
шаққандағы жарғылық капиталдың мөлшерін көрсетеді. Номинал құны акцияның
нарықтық бағасының одан әрі қозғалысына ешқандай әсер етпейді. Ол акцияны
тек алғашқы орналыстырғанда ғана маңызды роль атқарады. Номинал - акцияның
эмиссиялық бағасы.
Егер акция көпшілікке сатылып кетсе, онда оның бағасын сатуға қатысқан
барлық инвесторлар қалыптастырады. Акцияның нарықтық бағасын, сатушының
төмендеткен төменгі бағасымен және сатып алушының төлейтін жоғары бағасы
анықтайды. Акцияның нарықтық бағасын не корпорация, не басқа біреу
белгілейді.
Акцияның эмиссиялық және нарықтық бағаларынан басқа, оның баланстық
бағасы да болады. Ол қаржы есебінің құжаттары негізінде анықталып,
бухгалтерлік немесе "кітаптык?' баға деп аталады. Ол
активтің таза құнын орналыстырылған акция санына бөлгенге немесе бір
акцияға келетін акционерлерге тиесілі капиталдың көлеміне тең.
Корпорация жай акцияның номиналын көрсетпейді шығаруға құқығы бар. Онда
ол нарықтық бағамен сатылады. Бұл жағдайда акцияның сертификатында
компанияның капиталы бірнеше үлеске бөлінгені көрсетіледі. Корпорация
жабылғанда бұл акциялар акционерлерге активтің белгілі бір бөлігін алуға
кепілдік береді.
Артықшылықты акциялар(првилегированные) - меншік туралы ерекше
сертификат. Олар АҚ шаруашылығының жұмыстары нәтижесіне байланыссыз табыс
әкеледі – оның артықшылығы осында. Олар корпорация пайдасының денгейіне
қарамастан белгіленген мөлшерде неғұрлым нақты дивиденд төленуін қамтамасыз
етеді. Преференционалды акция дауыс құқын бермейді. Ол - дауыссыз бағалы
қағаз. Оған байланысты артықшылық дауыс құқы жоқтығының орнына төлеу
ретінде жүреді.
Артықшылықты акция иемденушісін қорғау үшін акцияның осы түрі бойынша
дивидендтер беруден бұрын төленеді. Сондықтан бұл акциялардан гөрі жай
акция иемдену қауіптілеу. Артықшылықты акциялар номинал қүны көрсетілген
және көрсетілмеген болып екіге бөлінеді. Біріншіжағдайда, дивиденд акцияның
номиналына байланысты процент түрінде есептеледі. Ал номиналсыз
артықшылықты акциялар сирек кездеседі, оларда дивидендтің нақты ақшалы
мөлшері көрсетіледі. Акция номиналының оның нарықтық бағасына әсері жоқ.
Жай акция (простая акция) акционерлер жиынында дауыс алуға құқық береді,
ал оған байланысты алынатын табыс көлемі АҚ-ның бір жылға жұмыс
нәтижесіменанықталады да, ештеңемен кепілденбейді. Жай акция бойынша
төленетін дивидендтер сияқты, артықшылықты акция бойынша да дивидендтер
таза пайдадан төленеді. Артықшылықты акция, әдетте - атаулы бағалы қағаз.
Корпорация бұл акцияның бірнеше сериясын шығаруы мүмкін. Әрбір
сериясының әртүрлі көлемдегі артықшылығы бар. Олар әр сериялы акцияның
сертификатында көрсетіледі.
Егер корпорация артықшылықты акциялардың бір емес көп сериясын шығаратын
болса, онда оның біреуін бірінші артықшылықты деп анықтауы керек. Сондықтан
осы акциялардың тек бір сериясының
ғана басқа серияларынан гөрі артықшылығы мол болады. Ол артықшылық әртүрлі
тәсілдермен жүзеге асырылады: дивиденд алғанда, активтерді бөлгенде немесе
осы екі жағдайды қоса алғанда.
Артықшылықты акциялардың өзі, бірнеше түр тармағына бөлінеді. Оларды
былай топтастыруға болады: қатысушылар және қатыспаушылар, кумулятивтік
және кумулятивтік емес, конвертабельді және конвертабельді емес.
Артықшылықты акциялардың аталған түрлерін шығару мүмкіндігі корпорацияның
жарғысында қаралады.
Акциялардың бұлай бөлінуінің себебі, акция иемденушілердің
артықшылықтарды пайдалануына байланысты. Олар:
а)Үстеме пайданы бөлуге қатысу;
б)Хабарланып, бірақ төленбеген дивиденд алу мүмкіндігіне
келешекте қатысу;
в)Акцияны басқа түріне айырбастау мүмкіндігі.
Қатысушылар артықшылығы өз иемденушісіне үстеме пайданы бөлуге
қатысуға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, корпорация жарғысында жай
акция бойынша төленетін дивидендтің көлемі белгіленген, ал пайда одан
жоғары болса, онда ал артықшылықты акция бойынша төленетін дивидендтің
мөлшерін жоғарылатады. Олардың арасындағы ара қатынасын компанияның өзі
белгілейді.
Қатысушылар акциясының иесі ешуақытта белгіленген деңгейден артық
дивиденд алуға құқы жоқ. Егер артышылықты акциялар кумулятивтік болса, онда
бүрын хабарлаған, бірақ кейбір себептермен төленбеген, дивидендтер міндетті
түрде келесі жылы төленеді. Ол жай акциялар бойынша дивиденд төлеу
хабарланбастан бұрын жүзеге асырылады, яғни төленеді. Кумулятивтік емес
акциялар бойынша төленбеген дивидендтерді келесі жылдық дивидендтіне қосуға
болмайды.
Конвертабельді артықшылықты акциялар өз иемденушілеріне кейбір
жағдайларда осы корпорацияның жай акцияларының белгілі бір
мөлшеріне айырбастауына мүмкіндік береді. Айырбастау жөніндегі талап осы
типті акция шығарған кезде жазбаша түрде корпорация кітабында көрсетіледі.
Артықшылықты акциялардың көбісі конвертабельді. Артықшылықты акциялардың
өте сирек кездесетін түр тармағының бірі -дивиденд төлеуі кейін қалдырылған
акциялар. Олар корпорация құрылтайшыларына ғана арнап шығарылады. Олар
бойынша дивиденд тек жай акциялар бойынша төленетін дивидендтің ең жоғары
квотасы төленіп бағасын ғана беріледі. Содан қалғаны атаулы акция иелеріне
бөлінеді. Егер компанияның ісі өрлеп тұрса, бұл акциялар өте тиімді.
Егер компанияның жарғысында оның директорлары корпорация капиталын
құруға жеке қатысуы керек, делінсе, онда - директорлық квоталы акция деп
аталатын артықшылықты акцияның арнаулы түрі шығарылады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде артықшылықты акциялар саны барлық
акциялардың 10%-нен аспайды. Демек, корпорация қаржысында олардың үлесі өте
төмен. Дегенмен де артықшылықты акциялардың корпорация ісін басқаруда
маңызы орасан зор. Олар акционерлік қоғамның жиналысында дауыс беретін жай
акция иемденушілердің санын өзгертпей-ақ қосымша капитал тартуға мүмкіндік
береді.
Облигация.
Облигация деп эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған ақша
сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны төлеуді міндеттенген жазбаша
қарыз құжатын айтады. Оларды мемлекет те, жергілікті басқару органдары да,
фирмалар, қорлар т.б. да шығаруы мүмкін. Облигациялар ұзақ мерзімді (3-5
жыл) және қысқа мерзімді болуы мүмкін (3-6 ай). Мерзімі өткен соң
облигациялар номиналды құны бойынша жойылады, ал оны ұстаушы өзіндік
құнынан кесімді пайыз түрінде табыс табады. Оп корпорацияның активіне қарсы
қойылады. Облигация арқылы тартылған капитал акционерлік капитал деп
есептелмейді. Облигация шығару - қосымша капитал тартудың бір нысаны.
Эмитенттің жалпы шығыны облигацияны шығаруға және оларды орналыстыруға
жұмсаған жылдық шығынға тең болады. Облигация мерзімдік қарыз міндеттемесі
болғандықтан анық кепілі болып эмитенттің жалпы кепілдігі болып саналады.
Ол кепілдік эмитенттің банкротқа ұшырап, өз міндеттемесін орындай алмаған
кезінде корпорация мүлігінің бір бөлігін иемденуге облигация ұстаушының
құны. Облигация да акция сияқты корпорацияны инвестициялаудың ең маңызды
көзі. Дегенмен, бұл екі бағалы қағаздардың бір-бірінен түбегейлі
өзгешіліктері бар. Ол өзгешеліктердің маңыздылары мыналар:
Облигация иемденушісі корпорацияға несие беруші болып
табылады. Ал облигация корпорацияны несиелендіргеннің куәлігі. Өз
кезегінде, акционер корпорацияны мен меншіктенушінің бірі. Акция сол
меншіктенудің куәлігі тәрізді.
Облигация иемденушісіне сыйақы төленеді. Оның мөлшері
бекітілген және нақты анықталған. Бұл бағалы қағаз өзінде көрсетілген
белгілі бір анықталған уақыт аралығында ғана кіріс түсіреді. Облигация
бойынша сыйақы басқа өтелетін дивидендтерден бұрын төленеді.
Корпорацияның сыйақыны уақытында төлей алмауы, оның банкрот деп
танылуына тең. Акционерде дивиденд түрінде төлем алады. Бірақ
дивидендтің мөлшері тіркелмейді және ол арнаулы уақытта төленбейді.
Егер корпорация дивиденд төлеу туралы хабарламаса, демек, төлегісі
келмесе, онда акционер корпорацияға қарсы ешқандай шара қолдана
алмайды.
Басқа несие беруші сияқты, облигация иесінің дауыс беру
құқы жоқ. Ол акционерлер жиналысына, сонымен қатар, корпорацияны
басқаруға да қатыспайды. Оған керісінше, акция иесінің корпорацияның
мүліктік мүддесін қорғауда шешуші дауыс құқығы бар.
Облигация бойынша сыйақы корпорацияның шығынына
жатады. Ол салық төлейтін пайдадан төленеді. Ал дивиденд салық
төлегеннен қалған корпорацияныңтаза пайдасынан өтеледі.
5.Облигация бойынша мезгіл - мезгіл төленетін сыйақы түріндегі пайда
купонға алмастырылады. Купон деп облигациядан жыртылып алынатын талонды
айтады. Онда сыйақы мөлшері көрсетілген.
Облигацияда бірсыпыра элементтер көрсетіледі: номиналы,
купондық мөлшер, өтеу туралы нұсқау, эмиссия шарты, қамтамасыз етілуі,
рейтингі.
Номиналды деп облигацияның бетінде көрсетілген ақша сапасын айтады. Оны
облигация иесі өтелу мерзімі келгенде алады.
Купондық мөлшер - жыл сайын эмитент төлейтін облигацияның номинал құнына
байланысты келісімімен сыйақы - төлем. Жыл сайынғы купондық мөлшер бөлініп
төленуі мүмкін, мысалы, жарты жылда бір рет немесе тоқсан сайын бір рет.
Мысалға, төлем мына интервалмен орындалады: қаңтар - шілде, ақпан - тамыз,
наурыз - қыркүйек, сәуір -қазан, мамыр - қараша, маусым - желтоқсан. Өтеу
күні - компанияның сатып алушыға облигацияның номиналына тең соманы
қайтарып және сыйақы төлеуді тоқтататын күнтізбектегі күн.
Қамтамасыз етілген облигациялар - оларды шығарғанда кепілдікке
корпорация активтері немесе мүлігі салынады. Облигация қамтамасыз етілген
және қамтамасыз етілмеген болып бөлінеді. Қамтамасыз етілген облигация
корпорацияның негізгі активтерін талап етуге құқық беріп және сонымен
бірге, оның негізгі меншігінің облигацияға салғанын көрсетеді. Егер
корпорация тағайындалған мезгілде өз облигациясын өтей алмаса, онда оны
ұстаушылар кепілдікті өз пайдасына сатуға құқы бар. Қамтамасыз етуге
қозғалмалы, қозғалмайтын мүліктер және басқа бағалы қағаздар салынады.
Осыған байланысты мынадай айырмашылықтарды атауға болады:
а)Қозғалмайтын мүлікке салынған облигациялар. Оларды
қамтамасыз ететін жай немесе арнаулы мүліктер.
б)Басқа компаниялардың траст жағдайында сақталатын
акциялары және облигациялармен қамтамасыз етілген осы компанияның
облигациялары.
в)Қозғалмалы мүлікпен қамтамасыз етілген облигациялар. Оларды
сенімхатпен басқа біреу иемденуіне құқылы.
Қамтамасыз етілмеген облигациялар жалпы кепілдігі бар, басқаша
айтқанда, эмитенттің жақсы атағымен шығарылған қарыз міндеттемесі. Оны
болашақтағы шаруашылық ісінен түсетін табысқа үміттеніп шығарады.
Корпорация банкротқа ұшыраған жағдайда, ол облигацияларды арнаулы түрде
өтейді.
Облигацияның нарықтық бағасы, бір жағынан, заемды шығару жағдайында,
екінші жағынан, нарықтағы әр уақытта әр түрлі болып қалыптасатын жағдайға
байланысты анықталады. Егер нарықта купондық бағасы жоғары жаңа заем болса,
онда ол жағдай айналымдағы облигацияларға екі түрлі әсер етеді.
Біріншіден, егер жаңа жағдайлармен шығарылған заемдар өте көп болса,
онда бұрын төмен бағамен шығарылған облигациялардың курсы төмендейді.
Басқаша айтқанда, олар дисконтпен сатылады. Себебі мұндай облигациялар тек
номиналы бойынша өтеледі. Ал арасындағы айырмашылық жаңа иемденушіге өте
төмен кіріс түсіреді.
Екіншіден, егер жаңа облигациялар аз болса, олар номиналынан жоғары
курспен сатылады. Ол облигацияның жаңа және бұрынғы иелерінің кірісін
теңестіреді.
Инвесторлардың облигациядан алатын пайдасы купондық төлеммен дисконттық
айырмашылықтан түсетін кірістен құралады.

Вексель.
Өндірістөгі жұмыстың айналымдығы, яғни өнімді өндіру, оны сату және
басқа да коммерциялық қызмет көрсету кезінде көбіне қаржы қорының жетіспеуі
сияқты жағдайға душар болады. Сол кезде өнімді сатып алушы жабдықтаушымен
есеп айырысуды кейінге қалдырады. Демек, өнім несиеге сатылады. Несиені
қайтару кезінде несие ақшаларының бір түрі - вексель пайда болады.
Вексель - қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі.
Вексельді борышкер, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар
сатушыға, яғни вексель иемденуге береді. Вексельдің
мәні - несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісімен
жерде өтеу үшін тауар сатып алушының сатушыға берген қарыз міндеттемесі.
Вексель шығарып және оны пайдалануды дамыту ертеден несие -қаржы
қызметін көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып келеді. Себебі,
вексельдің мәні - тек қарызды қайтару кепілі ғана емес, сонымен бірге,
саудалық қарым-қатынастардың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем
міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы ресурстардың айналымын жеделдету.
Сондықтан вексель иемденуші төлемнің түсуін күтпей-ақ вексель сатып алушыны
немесе оны тауар сатып алу үшін, не болмаса қызмет көрсету үшін төлем
қаржысы ретінде қолданушыны іздестіреді.
Вексель - тауар, ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуда
ертеден келе жатқан ең бір басты қаржылық құрал. Қаржы жүйесі дамыған
елдердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады. Қазіргі кезде
электронды несие жүйесінің кез-келген операцияны бар болғаны 1 сағаттың
ішінде орындайтын мүмкіндігі бар.
Вексель төлем дағдарысын реттеп, заттық қорлардың айналысқа түсуін
жеделдетіп, кәсіпорындардағы тауар-зат құндылықтарының қорын азайтып және
халық шаруашылығындағы есептерді тездетеді. Вексель айналымы экономикалық
қатынастардың сан-алуан жүйесін қамти алады.
Вексель нарығының қызметі - қысқа мерзімді несие беру арқылы ақша
қаражатын бөлу. Вексель айналымның негізі - серіктердің бірін-бірі еркін
таңдауымен және бірін-бірі бақылаумен жасалатын несиелік келісім.
Қолдану өрісіне қарай вексель жай және аудармалы вексель немесе трата
болып екіге бөлінеді. Жай вексельді төлеуші, яғни вексель беруші жазады.
Онда вексельді жазған жер, берген уақыты, қандай санаға толтырылды, қай
уақытта және қай жерде өтеу керектігі
көрсетіліп, вексель иемденушіге береді. Жай вексельді пайдаланғанда тек
екі жақ өзара әрекет жасайды, яғни вексель беруші өзі делдалды қарастырмай-
ақ белгіленген уақытта вексель иемденушіге қарызын өтейді. Егер аудармалы
вексель пайдаланылса, онда вексель айналасындағы бірнеше заңды немесе жеке
тұлғалар қатысады. Аудармалы вексель деп несие берушінің қарыз алушыға
вексельде көрсетілген сананы үшінші кісіге төлеу жөніндегі берген жазбаша
үкімін айтады. Трассат тратта бойынша акцепт берген жағдайда ғана қарыздар
болып есептеледі.
Акцепт - есеп айырысуды төлеушінің өз қарызын төлеуге жазбаша берген
келісім. Демек, акцепт есеп айырысудың бір түрі.
Вексельдің қолдану аясына, келісім жағдайына және олардың тауарлармен
немесе ақшамен қамтамасыз етілуіне байланысты коммерциялық, қаржылық және
жалған вексельдер болып бөлінеді.
Коммерциялық вексель тауарларды сату және сатып алу келісімдерінің
негізінде айналысқа түседі. Мұндай вексель нақты тауар кепілдігіне
беріледі, яғни ол сату операцияларын несиелендіру мақсатында беріледі.
Келісім-шарты жасалған шақта, сатып алушының қажетті мөлшерде бос ақшасы
болмаған жағдайда, оның орнына сатушыға басқа төлем құралы - вексельді
ұсынады. Вексель айналысының негізі - коммерциялық вексельдер.
Несие келісімдерінің ақшалай түрін рәсімдеу қаржы вексельдері болып
есептеледі. Оған банктік қазыналық, траст және де басқа банктік емес несие
ұйымдарының вексельдері жатады. Бұған, мысалы, қаржы нарығында өзіне қаржы
тарту мақсатымен бір банктің басқа банкке берген тратталары дәлел бола
алады.
Ал қазыналық вексельдер деп мемлекеттік қысқа мерзімді қаржылық
міндеттемелерді айтады. Қазіргі уақытта вексельдің бұл түрі кең өріс алуда.
Траст - компаниялар ақша салушылардың өздеріне
сенімін арттыру мақсатында олардың салымдары бойынша вексель
міндеттемелері.
Жалған вексельдерді беру нақты не материалдық, не ақша құндылықтарының
қозғалысымен байланысты емес. Оларға достық, қола, яғни құрқуыс және қарсы
жүретін вексельдер жатады. Олардың кепілімен несие алу үшін және банкте
есепте болу мақсатымен беріледі. Демек, жалған вексельдер ештеңемен
қамтамасыз етілмеген құжат.
Вексель айналысы жүйесінің негізгі элементі - вексельдің сенімділігі.
Оны арттырудың бірнеше жолдары қарастырылған. Оның біреуі - акцепт-авальды
операциялар.
Вексельдің акцепті - төлеушінің вексельді төлеуге берген заңды келісімі.
Сол сияқты акцептант төлеуге келісім берген заңды мекеме немесе жеке түлға
болуы мүмкін. Егер акцептанттың рөлін банк атқарса, онда вексель бірінші
класты міндеттеме қүқығын алады. Вексельдің акцепті міндетті емес, бірақ ол
нарықта вексельдің еркін айналуына жағдай жасайды.
Вексельдің авалы - вексель бойынша кепілдік. Авал беруші банк ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы қызметін талдау
Мемлекеттік бағалы қағаздар
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі
Бағалы қағаздар нарығының жалпы түсінігі
Бағалы қағаздар рыногы және оның Қазақстан Республикасындағы дамуы
Қаржы және ақша нарығы
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі даму деңгейі
Қазақстаның бағалы қағаздар нарығының даму кезеңдері
Корпоративті бағалы қағаздар
Клиенттердің тапсырмасын орындау
Пәндер