Коммерциялық банктерді құру, олардың қызметтерін ұйымдастыру және басқару құрылымы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Коммерциялық банктер және олардың қызметін ұйымдастыру . . . 5

1. 1Коммерциялық банктер банк жүйесінің негізгі буыны . . . 5

1. 2 Коммерциялық банктің ұйымдастырушылық құрылымы . . . 8

1. 3 Коммерциялық банктің қызметтері мен операциялары . . . 10

2 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктің қаржылық жағдайын талдау . . . 13

2. 1 «Темірбанк» АҚ - ның пайда болуы және қалыптасуы мен қызмет ету ерекшеліктері . . . 13

2. 2 «Темірбанк» АҚ - ның құрылымы мен операциялық қызмет бөлімшелерін сипаттау . . . 17

2. 3 «Темірбанк» АҚ -ның қаржылық көрсеткіштерін талдау . . . 21

3 Коммерциялық банк қызметінің даму жолдары . . . 30

Қорытынды . . . 34

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 36

Қосымшалар . . . 37

Кіріспе

Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.

Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигациялар немесе акциялар жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.
Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр. Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-айырысулар, элемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы жатады.
Біздің еліміздегі қазіргі банктік институттар аталған жаңа қызметтерді атқара бастады. Клиенттің заказы бойынша маркеингтік зерттеуді, валюталық операцияларды, басқа да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-анықтамалық консультациялық, қор және т. б. жүргізеді.
Халыққа қызмет көрсетіп жүрген банктер ролін жандандырудың мәні мынада: шығынды азайта отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге, банктік қызмет көрсетуінде клиенттер қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыруға, жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету сапасын
жақсартуға, банктік қызметтер спектрін кеңейтуге және олардың өзіндік құнын төмендетуге жағдай жасау.
Жоғарыда аталған көптеген мәселелердің шешу жолдарын табу үшін оған терең үңіліп, барлық тақырыпшаларға жеке - жеке тоқталып, ашатындай етіп, кешенді түрде қарастыру қажет. Банктік қызметтердің дамуы мен перспективалары - біздің еліміздегі арнайы ғылыми түрде аз зерттелген мәселе болса да, банк саласында қызмет атқарып жүрген көптеген экономисттердің көкейінде жүрген маңызды сұрақтардың бірі.
Курстық жұмыстың басты мақсаты: ҚР-сының коммерциялық банктің функцияларын және операциларының дамуын талдап мәселесін ашу. Осы мақсатын ашу үшін мына міндеттемелерді орындау керек:

  • Коммкрциялық банктет банк жүйесінің негізгі буыны
  • Коммерциялық банктің ұйымдастырушылық құрлымы
  • Коммерциялық банктің қызметтері мен операциялары

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімі, қортындыдан тұрады.

1 Коммерциялық банктер және олардың қызметін ұйымдастыру

  1. Коммерциялық банктер - банк жүйесінің негізгі буыны

Кредит жүйесінің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей көрсететін және коммерциялық негізде қаржы қызметінің кең ауқымын көрсететін дербес банк желісінен тұрады. Бұлар коммерциялық банктер деген жалпы атауымен банк заңнамасына сәйкес бірігетін коммерциялық, коорперативтік және жекеменшік банктер.

"Коммерциялық банк" термині банктер негізінен алғанда саудаға, тауар алмасу операциялары мен төлемдерге қызмет көрсететін банк ісі дамуының алғашқы кехеңінде пайда болған. Негізгі клиентура саудагерлер ("коммерциялық" деген атау осыдан келіп шығады) еді. Алайда өнеркәсіптің және басқа да салалардың дамуына байланысты банктер экономиканың өзге сфераларына да қызмет көрсете бастады, кейінен банк атауындағы "коммерциялық" термині өзінің бастапқы мәнін жоғалтты. Ол енді банктің "іскерлік" сипатын, қызмет тегіне қарамастан шаруашылық агенттерінің барлық әрекет түрлеріне қызмет көрсетуге бағытталанын көрсететін болды. Коммерциялық банктер - нарықтық экономиканың кәсіпкерлік практикасында нақты қаржы операциялары мен қызметтерінің көпшілігін орындайтын кредит мекемелерінің ертеден келе жатқан ең бұқарашыл тобына жатады.

Бүгінгі таңда коммерциялық банк өз клиенттеріне 200-ден астам алуан өнім мен қызмет түрлерін ұсынуға қабілетті. Операциялардың осыншалық кең әр тараптануы коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтап қалуға және қолайсыз деген коньюнктураның өзінде пайдаға шығуға мүмкіндік береді.

Қайсыбір операцияның шығындары осындай қиын ахуалда қолайлы жағдай тапқан өзге операциялардың пайдасымен жабылып отырады. Нарықтық экономикасы бар елдердің барлығында коммерциялық банктердің кредит жүйесінің басты операциялық буыны болып қалуы тегін емес. Олар кредит - ақша рыногының құбылмалы жағдайларына жеңіл көндігуге қабілетті екендіктерін көрсетіп отыр.

Дипозиттік -ссудалық операцияларды орындай отырып, коммерциялық банктер барлық мүдделі жақтарға нақты пайда әкеледі. Салымшылар өздерінің депозиттерінің айналым құралдары және өтімді активтер функциясын орындағанын, кей жағдайларда пайыздық пайда әкелгенін кәдеге жаратады. Зайымшылар ссуданы әжептәуір ұзақ уақыт кезеңінде пайдаланады. Жекелеген ұсақ салымшылардың кқпшілігі банкке азын - аулақ ақша сомасын қамшының сабындай қысқа уақытқа салуға ниеттенген жағдайдың өзінде осындай дәрежеге жететін еді. Коммерциялық банктер болмаса ірі фирмалардың ешқайсысы уақытша бос ақша қаражаты бар ұсақ фирмалардың зайымшылары ретінде іскерлік операцияларды жүргізе алмас еді.

Әлбетте, банктер де бұл операциялардың пайда көреді. Олар ссудаларға салымдар бойынша төлейтіннен неғұрлым жоғары пайыз қойып, табыс табады.

Жалпы қоғамға қатысты алғанда ол банктердің ссудалық операцияларынан алатын пайдасы ссудаға берілуге тиісті қаржы ұсынысының шектеулі көлемімен неғұрлым өнімді мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді (мәселен, пайданың жалпы нормасын 4-тен 5%-ға дейін арттырады) . Болашақ зайымшыларды мақсатты түрде іріктей алатындарына ғана ссудалар беріп, банктер ақша қаражатының ағынып жоғары қайтарым алуды қамтамасыз ететін тиімділігі жоғары шаралар арнасына бұрады.

Коммерциялық банктер өз клиенттеріне ақшаны сақтаудың алуан депозиттер түріндегі оңтайлы формасына ұсынады. Мұның өзі ақшаның сақталуын және клиенттің өтімділіке қатысты сұранысын қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін ақша сақтаудың мұндай формасы оны облигацияларға немесе акцияларға салудан әлдеқайда қолайлы болып табылады.

Банк кредиті - қаржы қызметінің неғұрлым оңтайлы және көп жағдайларда теңдесеі жоқ формасы болып табылады. Ол нақты зайымшының сұраныстарын ілкімді түрде есепке алуға және оларға ссуда алудың шарттарын икемдеуге мүмкіндік береді (мұның займ мерзімдері мен өзге де шарттары стандартты, біркелкі болып келетін бағалы қағаздар рыногынан айырмашылығы да осында) .

Қазіргі заманғы коммерциялық банктер туралы айта отырып, олар кредит жүйесінің өзге де буындары сияқты ұдайы дамып отыратынын атап көрсету керек. Операциялар формасы, бәсекелестік әдістері, бақылау және басқару жүйесі өзгеріп отырады.

Коммерциялық банктің оны банк жүйесіне қосатын базалық функциялары бар. Олар: депозиттерді, ақша төлемдері мен есеп айырысуды қабылдау, кредиттер беру.

Коммерциялық банктердің сирек кездесетін қабілеттерінің бірі және оны өзге қаржы иниституттарынан айрықшалап тұратын сипатты білгісі ақшаны жасау мен жою болып табылады. Бұл жерде ақша ретінде қолма -қол ақша ғана емес, сондай - ақ талап етілгенге дейінгі салымдар да жатада. Банктердің ақша жасау мүмкіндгі экономика үшін үлкен маңызға ие. Ол экономика өсімінің салыстырмалы түрде тұрақты өсімнің қажет шарты болып табылатын икемді кредит жүйесінде жүзеге асады. Банк кредиттерінің жетіспеуіне және кредит мөлшерлемелерінің жоғары болуына байланысты өндірісті кеңейту көп жағдайда мүмкін болмайды. Кей жағдайда пайдадан бөлінімдер жинақталғанға немесе өзге көздерден алынғанға дейін кейінге қалдырылады. Халық шаруашылығы ауқымында мұндай практика тиімсіз болар еді, себебі бір жағынан ірі ақша сомалары белгісіз уақытқа дейін қозғалыссыз жатар еді де, екінші жағынан бұл ақшаға деген зор зәрулік байқалар еді.

Коммерциялық банктер осы мәселені шешуде маңызды рөл атқарады. Өздерінің депозиттік және кредиттік операцияларымен олар уақытша бос қаржыны жұмылдырып, кредит түрінде береді. Сөйтіп халық шаруашылығының ақшаға деген сұранысын қанағаттандырады, яғни жаңа төлем құралдарын жасайды.

Әлбетте, өз қызметі барысында банктер ақшаның бір бөлігін жояды. Бұл, біріншіден, клиент банкідегі есебінен қолма - қол ақша алғанда (ақшаның жалпы массасын өзгертпей), екіншіден, кредиттерді зайымшының есебінен сызу жолымен өтегенде жүзеге асады.

Өз қызметінде коммерциялық банктер нақты принциптерді басшылыққы алады:

  • мерзімдері бойынша банк активтерінің құрлымына сәйкес келетін қолда бар ресурстар ауқымында жұмыс істейді, яғни қолда бар ресурстар қысқа мерзімді болып табылады, оларды активтерге салу да қысқа мерзімді болуға тиіс, әйтпесе ссуданы өтеу, қайтару қамтамасыз етілмейді;
  • банкиер экономикалық дербестікке ие болуға тиіс, яғни өз қаражатымен және тартылған ресурстармен еркін жұмыс істеуі керек, клиенттер мен салымшыларды еркін таңдауы қажет, өз табысына еркін ие болуы тиіс. Тек осы жағдайларда ғана олар өз қызметінің нәтижесі үшін, өзіне тиесілі барлық қаражаты мен мүлкі арқылы өз міндеттемелері үшін жауап бере алады. Өз оерацияларына қатысты барлық тәуекелді банк өз мойнына алады;
  • коммерциялық банктің өз клиенттерімен қарым-қатынасы кәдімгі нарықтық қатнастар сияқты құрылады, олардың өлшемдері пайда, өтімділік, тәуекел болып табылады;
  • мемлекеттік банк қызметін тек жанама әдістерімен ғана реттей алады. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғаларына банк қызметіне кез келген формада араласуына тыйым салынады. Банк кредиторларының мүдделерін қорғау және республиканың банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк ҚР Үкіметімен келісе отырып, капиталының мөлшері оларға заңда белгіленген санкцияларды қолдану жолымен мәжбүр етіп шектеу туралы шешім қабылдай алады.

Банктер мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сондай-ақ мемлекет те олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Банктің ұйымдастырушылық құрлымы екі негізгі әдіс - басқару құрлымы және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметтерінің құрлымы арқылы айқындалады.

  1. Коммерциялық банктің ұйымдастырушылық құрлымы

Банк жүйесінде ұйымдастырушылық белгісі бойынша филиалсыз банктерді, бөлімшелері бар банктерді және банк топтарын бөліп көрсетуге болады. Көпшілік елдерде банк жүйелері нақты бір түрде жұмыс істейтін болса, Қазақстанға банк ұйымдарының барлық түрлері дерлік бастапқы дамыған қалпында тән болып отыр.

Банктер өз филиалдары мен еншілес банктерін Қазақстан Республикасының аумағында, сондай - ақ шет елдерде Ұлттық банктің рұқсатымен құра алады, ал өкілдіктерін Ұлттық банкті хабардар етіп құрады.

Банктің филиалы - заңды тұлға болып табылмайтын, банк орналасқан жерден тысқары орналасқан, банк атынан банк қызметін жүзеге асыратын және өзіне банк берген өкілеттік шегінде әрекет ететін банктің оқшауланған бөлімшесі. Банк филиалының банкпен бірыңғай балансы, сондай - ақ банк атауымен толық сәйкес келетін атауы болады. Өз филиалын ашу, біріктіру үшін банк Ұлттық банктің келісімін алуы керек. Бұл үшін жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың келісімі талап етілмейді.

Қазақстанда шет елдік банктердің филиалдарын ашуға тыйым салынады. Шет елдік қатысуы бар банктердің филиалдарын ашу тәртібін Ұлттық банк белгілейді. 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес Қазақстан банктерінің 398 филиалы болды.

Банктің өкілдігі - заңды тұлға болып табылмайтын, банк орналасқан жерден тысқары орналасқан, банктің атынан және асырмайтын банктің оқшауланған бөлімшесі.

Өкілдік клиенттерге кассалық және кредиттік қызмет көрсетпейді. Шаруашылық шығындарды жүзгізу үшін оған ағымдағы есеп ашып беріледі. Өкілдік өзін құрған банк бекіткен ережелерге сәйкес өз қызметін жүзеге асырып, Ұлттық банкті хабардар қылған сәттен бастап ашылды деп есептеледі. ҚР резидент емес банктерінің өкілдіктері ел аумағында Ұлттық банктің келісімімен ашылады.

Банктің есеп айырысу - касса бөлімі (ЕКБ) - Ұлттық банктің келісімімен құрылған, аумақтық жағынан оқшауланған, заңды тұлға болып табылмайтын, филиал немесе өкілдік мәртебесі жоқ, ҚР аумағында жекелеген банк операцияларын орындайтын банк бөлімшес. 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан банктерінің 1148 ЕКБ-сы болды.

Еншілес банк - заңды тұлға болып табылатын, жарғылық қорының 50%-ы отау - банкке тиесілі банк мекемесі. Еншілес банктер дербес заңды тұлға болып табылады және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 12 - 28 баптарында белгіленген тәртіппен құрылады. Еншілес банктің өзге еншілес банк құруға қақысы жоқ.

Банктердің еншілес ұйымдары болуы мүмкін. Банк тура (тікелей) немесе жанама (жарғылық капиталында өзге заңды тұлғалардың қатысуы арқылы) дауыс беруші акциялардың 50%-ынан астамын (қатысу үлестерін) иеленетін немесе солармен дауыс бере алатын болмаса өздерінің арасындағы шартқа сәйкес банк аталған заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді анықтай алатын заңды тұлға банктің еншілес ұйымы болып табылады.

Осы заңның 8-бабы беретін өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін банк Ұлттық банктің рұқсаты болғанда ғана еншілес ұйым құра алады немесе иелене алады. Өз қызметін үйлестіру, ортақ мүдделерді қорғау, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және өзге де ортақ міндеттерді шешу үшін банктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын банк ассоциациялары мен одақтарын құруға қақылы. Банк ассоциациялары (одақтары) банк жүйесіндегі бәсекелестікті шектеу, сыйақы мөлшерлемелерін, кредиттер мен басқа да қызметтер ұсыну шарттарын өзгерту мақсатында пайдаланыла алмайды (10-бап) .

Кредиттер ұсыну және басқа міндеттерді шешу үшін банктер өзге консорциумдармен, ассоциациялармен бірлескен қызмет жөніндегі шарт негізінде консорциумдар құруға қақылы (10-1 бап) .

Қазақстан бұрынғы КСРО-дан монополияландырылған банк жүйесін мұраға алды. Бұрынғы мамандандырылған банктер (Тұранбанк, Кредсоцбанк, Агроөнеркәсірбанк, Әлембанк, Халық банкі) республиканың бүкіл аймағында ауқымды бөлімшелер желісіне ие болса, жаңадан құрылған банктер(мәселен, Казкоммерцбанк, Центркредитбанк, Темірбанк, т. б. ) өз филиалдарын енді құра бастады.

Әлемдік банк практикасы тұрғысынан алғанда бөлімшелері бар банктің артықшылығы бөлімшенің бас банктің толықтай бақлауында болуында, бөлімше (филиал) шын мәнінде бас банктің балансында болатын оның оқшауланған бөлігі болып табылады.

Алайда жоғарыда аталған мамандандырылған банктердің күрделі иерархиялық құрылымы болады. Олардың бас кеңселері Алматыда орналасып, оған облыстық басқармалар, ал оларға аудандардағы бөлімшелер бағынады.

Шет елдерде банк филиалдарының заңды тұлға болуға, дербес мекеме ретінде тіркелуге құқығы бар. Әдетте, филиалдардың көпшілігі тұтыну кредиті, лизинг, факторинг, жылжымайтын мүлікті ұзақ уақытқа сату және т. б. салаларда мамандандырылған. Соңғы кездері Қазақстанда құрылған көптеген коммерциялық банктердің филиалдары жоқ, яғни банк операцияларының барлық түрі бір банкке шоғырландырылған.

Батысевропалық банк жүйесіне бүкіл ел көлемінде тармақтанған бөлімшелер желісі бар ірі банктердің шағын топтары тән. Көптеген елдерде бөлімшелер ашу үшін аумақтық шектеулер қойылмайды.

1988 жылы Германияда 6 ірі коммерциялық банктің 3108бөлімшесі бар желісі болды, ал барлық банк институттары (жинақ банкілері мен кредит кооперативтерін қосқанда) филиалдарының саны 39, 7 мыңға барабар еді. Франция, Канада, Италия, Жапония банктерінің тармақталған бөлімшелері мен филиалдарының желісі бар.

АҚШ-тың банк жүйесі сәл өзгеше құрылған. Штаттардың заңнамаларында жекелеген банктерді ашуға шектеу қойылған. Мәселен, кейбір штаттар банктерге штаттың бүкіл аумағында банк кеңсесі тұрған қала аумағында ғана, филиалдар ашуға рұқсат берсе, келесілері бөлімше ашуға тйым салады. Қай банк болмасын өз штатынан тыс жерде филиалдар аша алмайды. Осыған байланысты елде жалпыұлттық филиалдар желісі жоқ. Бұл шектеулердің туындауына штаттардың дәстүрлі жікшілдігі және ірі банктердің монополиясынан сескену себеп болған. Соған қарамастан бірқатар жағдайларға орай (өндірісті орталықсыздандыру, автомобиль жолдарының дамуы, халықтың қаланың шет аймақтарына жаппай көшуі және т. б. ) филиалдық желі жедел өсіп келеді: 1970жылы 22, 9 мың болса, 1988жылы 50, 4 мыңға жетті.

Бөлімшелер мен банктердің тармақталған желісі банкке белгілі бір артықшылықтар береді: бас банкке толықтай бағыныштылық, операциялар шеңберінің кеңеюі және депозиттер тарту үшін ауқымды аумақты қамту, осы фокторладың есебінен пайданың молаюы.

Бас кеңсе тарапынан бақылаудың қиындауы, монополистік процестердің күшеюі теріс әсер ретінде қарастырылуы мүмкін.

Банк ұйымының қандай да бір түрін таңдау көптеген фауторлар арқылы айқындалады. Олар: банктің стратегиялық міндеттері, жекелеген қызметтерге деген оның көзқарасы, аталған мекемеде қабылданған жалпы басқару философиясы. Қазіргі заманғы практикада бөлімшелерге барлық мәселелерді шешуде дербестік берілетін банк желісін басқарудың орталықсыздандырылған жүйесі көбірек қолданылады. Мәселен, банкте бір - екі бөлімше болған жағдайда орталықтандырылған басқаруды қолданған ыңғайлы. Кез келген жағдайда бүкіл жүйені жедел әрі тиімді басқару түрінің міндетті түрде болғаны шарт, бас кеңсе мен бөлімшелер арасында шешім қабылдауда, ақпарат алмасуда алшақтық болмағаны абзал.

  1. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары

Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады.

Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс - әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.

Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарату мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ, осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.

Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып алу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.

Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.

Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операцияларды орындай алады:

  • ақылы негізде депозиттерді тарату;
  • клиенттер мен банк - корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;
  • қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелерберу;
  • инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
  • заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді) ;
  • төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;
  • ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзге де міндеттемелерді беру;
  • тауар тасмалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассациялық (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;
  • банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
  • клиенттер үшін құжаттар мен бағалы қағаздарды сақтандыру бойынша қызметтер (сейфтік бизнес) ;
  • коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай - ақ сату құқынсыз (форфейтинг) ;
  • клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару) ;
  • банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
  • лизингтік операцияларды жүзеге асыру.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚШ және Германия банк жүйесінің қалыптасуы
Банктік қызметтің мәні
Ақша - несие саясатының стратегиялық мақсаттары
Банк жүйесі басқарылатын жүйе
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы
Банктер нарықтық қатынастар жағдайындағы өзіндік ерекшелігі бар кәсіпкерліктің дербес түрі
Банк қызметін қадағалау және бақылау жүйесі мен сатылары
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму жолдары
Қазіргі жағдайдағы коммерциялық банктерді басқару тиімділігі
Ақша айналысын басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz