Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу
Мазмұны
Қысқартылған сөздер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1 Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны және тиімділігін бағалау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1 Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері ... ... ... ... ... ...
1.3 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобаларға тартылған инвестициялардың құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Инвестициялық жобалардың тиімділігін талдау және бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Инвестициялық жобалар мен инновация тиімділігін бағалау әдістемелерін сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2«Самұрық.Қазына» ұлттық әл.ауқат қоры» АҚ.ның инвестициялық.инновациялық жобаларын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Инвестициялық жобаны бағалау критерийлерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ..
3 Қазақстанда индустрия . инновациялау жағдайында инвестициялық жобалардың тиімділігін арттыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымшалар

Кіріспе
Инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және бағалауды, материалдық және заңды түрде тікелей жауап беретін инвесторлар жүргізеді. Қазақстан Республикасында инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың методологиясы мен әдістері, меншік формасына қарамастан, Ресейде жасалынған және 31 март 1994 жылы бекітілген, инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және оларды қаржыландыруға тандап алу жайлы әдістемелік нұсқауларды қолдану арқылы негізделеді.
Осы әдістемелік нұсқауларға байланысты инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін бағалауда: коммерциялық (қаржылық) тиімділік - қатысушылар үшінжобаны іске асырудың қаржылық нәтижелерін; бюджеттік тиімділік - жобаны іске асырудан түскен қаржылық түсімдердің жергілікті және аймақтық бюджетке түсімдерін; экономикалық тиімділік - жобаны іске асыруға байланысты болған шығындар мен соңғы нәтижелерді анықтауда қолданылады.
Инвестициялық жобалардың тиімділігі көрсеткіштер жүйесімен анықталады. Ондай көрсеткіштерге:
• таза дисконтталған құн (ТДҚ) немесе таза дисконтталған табыс (ТДТ);
• инвестициялардың рентабельділігі (ИР), табыс индексі (ТИ);
• табыстың ішкі нормасы (ТІН);
• қайтарым уақыты (Тқай).
Осы көрсеткіштермен - пайданың жай нормасы, капитал құру, шығындардың интегралдық тиімділігі көрсеткіштері де қолданылады.
Курстық жұмыстың тақырыбы: «Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері».
Курстық жұмыстың өзектілігі: «Индустриялды-инновациялиқ даму» дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстырумен көзделген экономикалық даму бағыты.Қазақстан Республикасының Индустриалдық – инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясы Қазақстан Президентінің «Елдегі жағдай туралы және 2002 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы» Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсіпкерлерінің оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзірленген болатын. 2003-2015 жж. Индустриалды-инновациялық дамуы Стратегиясының басты мақсаты да тұрақты өсім траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшу мақсатында өндіріс салаларын дамыту. Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: әлемдегі өнеркәсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, әлемді жаһандану процесінің орын алуы, еліміздің ДСҰ-на кіру мақсатына байланысты өнеркәсіпті бәсекелестікке дайындау қажеттілігі және бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету болып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты: Инвестициялық жобалардың тиімділігін талдау және бағалау.
Курстық жұмыстың міндеті: инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістерін ашып көрсету және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның инвестициялық жобаларына талдау жүргізу.
Курстық жұмыс құрылымы: қысқартылған сөздер тізімі, кіріспе, үш бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде, инвестициялық жобаларды мәні, маззмұны және тиімділігін бағалау әдістері туралы жазылған.
Екінші бөлімде, инвестициялық жобалардың тиімділігі талданған.
Үшінші бөлімде, Қазақстанда индустрия - инновациялау жағдайында инвестициялық жобалардың тиімділігін арттыру жолдары сипатталған.
Курстық жұмысты жазу барысында ҚР «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Самұрық-Қазына» АҚ жылдық есебі және ҚР Ұлттық банкінің шығарған нормативтері, шектеулері мен ережелері, сонымен қатар шетелдік және отандық авторлардың еңбектері, бұхааралық ақпарат көздерінен алынған мәліметтер, статистикалық көрсеткіштер пайдаланылды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы №373-II Заңы;
2. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері». Қазақстан Ресупбликасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 29 қаңтар 2010 жыл.
3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін индустриалды-инновациялық даму стратегиясы;
4. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы;
5. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қоры» АҚ-ның 2010 жылдық есебі
6. Омарова А.К. Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу: Оқулық – Алматы: Таугуль Принт, 2009-236б.
7. Кадерова Н.Н., Макенова А.А., Әбуова Ж.М. Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу. Оқулық – Алматы: ТОО «Print-S», 2011. -570б.
8. Асилова А.С. Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу: Оқулық – Алматы: Экономика,2011-280б.
9. Әлжанова Н.Ш. Инвестициялық жобалау: Оқу құралы. – Алматы. 2007ж
10. Игошин Н.В. «Инвестиции». М.: Юнити, 2001г
11. Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2010. – 404б.
12. Мадиярова Э.С., Сүйеубаева С.Н. Қаржылық менеджмент: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2008.-262б.
13. Өтебаев Б.С. Қаржылық талдау: Оқулық. – Астана, ҚазЭҚХСУ, 2008 -230б.
14. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. – Алматы: Экономика, 2001. – 291-305 бб
15. Полтерович В.М. Проблема формирования национальный инновационной системы. // Экономика и математические методы. – 2009.№2,3-18
16. Супугалиева Г.И. Банк аясындағы инвестициялау. // Хабаршы-Вестник,№3 2010. – 26-29 бб.
17. Тулеубаева М.К. ҚР-ң инвестициялық қызметінің талдауы. //Хабаршы-Вестник, №5 2009 – 69-71 бб.
18. Бохаев Д. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері //Экономика негіздері, №6 2010. – 4-7 бб.
19. Бохаев Д. Инвестицияның тиімділігін бағалаудың қарапайым әдістері. // Қаржы-қаражат, №5 2010. – 29-32 бб.
20. Кучкаров К. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобаларға тартылған инвестициялардың құрылымы. // Экономика негіздері, №5-6 (48), 2011, 29-31бб.
21. Қалдияров Д.А. Инвестициялық жобалар мен инновация тиімділігін бағалау әдістемемлері туралы. // ҚазНУ хабаршысы, №6 (88),2011 – 34-37бб.
22. www.google.kz
23. www.afn.kz
24. www.sk.kz
25. www.nationalbank.kz

Қысқартылған сөздер тізімі
ҚР - Қазақстан Республикасы;
АҚШ - Америка Құрама Штаты;
АҚ - Акционерлік қоғам;
ҰӘҚ - Ұлттық әл-ауқат Қоры;
ЖЭС - Жылу электр станциясы;
СЭС - Су электр станциясы;
ТЭН - техникалық-экономикалық негіздеме;
ҚМДБ - Қазақстанның Мемлекеттік даму банкі;
ЖШС - Жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
ҰЭЖ - Ұлттық электр желісі;
ТОБЖ - талшықты-оптикалық байланыс желісі;
ҰИЖ - Ұлттық инновациялық жүйе;
АЭА - арнайы экономикалық аймақ;
ҚҚ - Қазақстандық құрам;
ОТӨ - отандық тауар өндірушілер;
ҰК - Ұлттық компания.
Мазмұны
Қысқартылған сөздер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1 Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны және тиімділігін бағалау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
0.1 Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
0.2 Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері ... ... ... ... ... ...
0.3 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобаларға тартылған инвестициялардың құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2 Инвестициялық жобалардың тиімділігін талдау және бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Инвестициялық жобалар мен инновация тиімділігін бағалау әдістемелерін сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры АҚ-ның инвестициялық-инновациялық жобаларын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
0.3 Инвестициялық жобаны бағалау критерийлерін талдау ... ... ... ... ... ... ... . .
3 Қазақстанда индустрия - инновациялау жағдайында инвестициялық жобалардың тиімділігін арттыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымшалар
Кіріспе
Инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және бағалауды, материалдық және заңды түрде тікелей жауап беретін инвесторлар жүргізеді. Қазақстан Республикасында инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың методологиясы мен әдістері, меншік формасына қарамастан, Ресейде жасалынған және 31 март 1994 жылы бекітілген, инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және оларды қаржыландыруға тандап алу жайлы әдістемелік нұсқауларды қолдану арқылы негізделеді.
Осы әдістемелік нұсқауларға байланысты инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін бағалауда: коммерциялық (қаржылық) тиімділік - қатысушылар үшінжобаны іске асырудың қаржылық нәтижелерін; бюджеттік тиімділік - жобаны іске асырудан түскен қаржылық түсімдердің жергілікті және аймақтық бюджетке түсімдерін; экономикалық тиімділік - жобаны іске асыруға байланысты болған шығындар мен соңғы нәтижелерді анықтауда қолданылады.
Инвестициялық жобалардың тиімділігі көрсеткіштер жүйесімен анықталады. Ондай көрсеткіштерге:
* таза дисконтталған құн (ТДҚ) немесе таза дисконтталған табыс (ТДТ);
* инвестициялардың рентабельділігі (ИР), табыс индексі (ТИ);
* табыстың ішкі нормасы (ТІН);
* қайтарым уақыты (Тқай).
Осы көрсеткіштермен - пайданың жай нормасы, капитал құру, шығындардың интегралдық тиімділігі көрсеткіштері де қолданылады.
Курстық жұмыстың тақырыбы: Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Индустриялды-инновациялиқ даму дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстырумен көзделген экономикалық даму бағыты.Қазақстан Республикасының Индустриалдық - инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясы Қазақстан Президентінің Елдегі жағдай туралы және 2002 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсіпкерлерінің оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзірленген болатын. 2003-2015 жж. Индустриалды-инновациялық дамуы Стратегиясының басты мақсаты да тұрақты өсім траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшу мақсатында өндіріс салаларын дамыту. Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: әлемдегі өнеркәсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, әлемді жаһандану процесінің орын алуы, еліміздің ДСҰ-на кіру мақсатына байланысты өнеркәсіпті бәсекелестікке дайындау қажеттілігі және бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету болып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты: Инвестициялық жобалардың тиімділігін талдау және бағалау.
Курстық жұмыстың міндеті: инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістерін ашып көрсету және Самұрық-Қазына ҰӘҚ АҚ-ның инвестициялық жобаларына талдау жүргізу.
Курстық жұмыс құрылымы: қысқартылған сөздер тізімі, кіріспе, үш бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде, инвестициялық жобаларды мәні, маззмұны және тиімділігін бағалау әдістері туралы жазылған.
Екінші бөлімде, инвестициялық жобалардың тиімділігі талданған.
Үшінші бөлімде, Қазақстанда индустрия - инновациялау жағдайында инвестициялық жобалардың тиімділігін арттыру жолдары сипатталған.
Курстық жұмысты жазу барысында ҚР Инвестициялар туралы Қазақстан Республикасының Заңы, Самұрық-Қазына АҚ жылдық есебі және ҚР Ұлттық банкінің шығарған нормативтері, шектеулері мен ережелері, сонымен қатар шетелдік және отандық авторлардың еңбектері, бұхааралық ақпарат көздерінен алынған мәліметтер, статистикалық көрсеткіштер пайдаланылды.
1 Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны және тиімділігін бағалау әдістері
3.1 Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны
Халықаралық тәжірибеде кәсіпорының даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол инвестициялық жоба деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба - бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.
Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады. Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін(арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі(жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызады. Тактикалық жобалар, Әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарлатуымен және қонырғыларды жаңартуымен байланысты болады.
Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа түсінік емес. Бұрынғы уақытта оның айырмашылығы кәсіпорынның дамуының негізгі бағыттарын заң бойынша осы кәсіпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық саланың анықтайтыны болып табылатын. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және жоғары басқару құрамы өз келешектерін, барлық стратегиялық және тактикалық мәселелерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс.
Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол циклдың келесі кезеңдерге ие.
1.Жобаның тұжырымдалуы.Бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәір дәлелді аргументациялар болуы қажет. Кәсіпорынның одан әрі дамуы жөнінде бірнеше идея пайда болуы мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және іске асырымды болса,онда даярлаудың соңғысы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық жобалар әзірленеді.
2.Жобаны дайындау. Жобаның бизнес- идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен кейін, оң немесе теріс деген тиянақты шешім қабылдауға болғанға дейін оны ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде жоба жоспарының барлық бағыттарында - коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық, институционалды және т.б. - оны бірте-бірте нақтылау мен жетілдіру талап етіледі. Бұл кезеңде жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін бастапқы ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып табылады. Жобаның сәтті іске асуы жобаны талдау процесінде пайда болатын мәліметтерді дұрыс өңдеу алуға және бастапқы ақпараттардың шынайлығына тәуелді екенін түсіну керек.
3.Жобаны сараптау. Жобаны жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы - жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілуі керек.
Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын болса, онда инвестордың өзі сараптама жүгізеді, мысалы, болашақта жобаны іске асыру процесінде ақшасының көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді бір консалтингтік фирмаға ақшасының кейбір бөлігін жұмсауды қалауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен
өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет.
4.Жобаны іске асыру. Бұл кезең бизнес- идеяның дамуынан бастап жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді. Берілген кезең жобаның іске асуының негізгі бөлігін де қамтиды, ал оның мақсаты - бастапқы инвестицияны жабу үшін жоба өндіретін ақша ағымдарының жеткіліктігін тексеру және инвесторлврдың салған ақшаларынан күтетін қайтарылымдарын қамтамасыздандыру.
5.Нәтижелерді бағалау. Бұл жобаның соңында, сондай-ақ жобаны орындау процесі кезінде жүргізіледі. Бұл қызмет түрірнің негізгі мақсаты жобаға салынған идеялар мен олардың іс жүзіндегі орындалу дәрежесі арасындағы нақты кері байланысты алу болып табылады. Мұндай салыстырулардың нәтижесінде жобаны қарастырушылар аса құнды тәжірибе жинақтайды. Бұл тәжірибені басқа жобаларды іске асырғанда да қолдануға мүмкіндік береді.
Жобалық талдау тәжірибесі жобаларды әзірлеу тәжірибесін жалпылауға және типтік жобаларды атап айтуға мүмкіндік береді. Шетелдік тәжірибеде кездесетін инвестициялық жобалардың негізгі түрлері мынадай:
1.Тұрақты масштабтағы бизнестің табиғи жалғасуы ретінде ескірген қондырғыларды ауыстыру. Әдетте осыған ұқсас жобалар ұзақ және күрделі дәлелдемелерді, шешім қабылдауды талап етпейді. Ұқсас қондырғылардың бірнеше түрі бар болса және олардың ішінен біреуінің басымдылығын дәлелдей керек болса, көп баламалылық пайда болуы мүмкін.
2.Ағымдағы өндірістік шығындарды азайту мақсатында қондырғыларды ауыстыру. Осындай жобалардың мақсаты - жұмыс істеп жатқан қондырғының орнына неғұрлым жетілгенін қолдану, бірақ онысы моральдық тозған қондырғыға қарағанда салыстырмалы түрде тиімділігі азырақ болады. Жобалардың осы түрі әрбір жекелеген жобаны бөлшектеп қажет етеді, өйткені техникалық мағынада неғұрлым тиімді бола бермейді.
3.Өнім шығаруды арттыру және қызмет көрсету нарығын кеңеуті. Жобалардың бұл түрі әдетте кәсіпорын басқармасының жоғарғы деңгейі қабылдайтын жауапты шешімді талап етеді. Жобаның коммерциялық орындалуын нарықтық ортасының кеңеюінің тиянақты дәлелдемесімен және сату көлемін арттырудың табыстың өсуіне алып келе-келмеуін анықтай отырып, жобаның қаржылық тиімділігін тиянақты талдау керек.
4.Жаңа өнім шығару мақсатында кәсіпорынды кеңеуту. Жобалардың бұл түрі жаңа стратегиялық шешімдердің нәтижесі болып табылады және бизнестің мәнінің өзгерісін қозғауы мүмкін. Жобаның осы түрі үшін талдаудың барлық кезеңдері теңдей дәрежеде маңызды болып келеді. Жобалардың осы түрлерін әзірлнген кезде жіберілген қате кәсіпорынды неғұрлым сәтсіз жағдайларға алып келетінін атап кеткен жөн.
5.Экологиялық жүгі бар жобалар. Инвестициялық жобалау барысында экологиялық талдау жасау аса қажетті элемент болып табылады. Экологиялық жүгі бар жобалар өздерінің байланысты болғандықтан, талдаудың осы бөлігі барынша қиын болып табылады. Шешуді және қаржы критерийлерінің көмегімен дәлелдеуді қажет ететін негізгі дилемма - жобалардың қай түріне назар аудару керек: 1) капиталдық шығындарды көбейте отырып, қондырғының аса жетілген және қымбат түрін қолдану немесе 2) ағымдағы шығындарды көбейте отыры, аса қымбат емес қондырғыны қолдану.
6.Шешім қабылдаудағы маңыздылығы аса жоғары емес жобалардың түрі. Мұндай жобалар жаңа офис салу, жаңа автомобиль сатып алу және т.с.с. қамтиды.
Болашақ инвестициялық жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес идеясын іске асыра ала ма деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы
жағдайын талдау керек. Талдаудың осы түрі инвестициялық жобаны әзірлеу мен оны талдаудың алдан ала кезеңінің мазмұнын құрайды. Батыстық жобаларды талдау тәжірибесінде әдетте төмендегі критерийларді қолданады:
oo саланың пісіп - жетілуі;
oo кәсіпорынның бәсекеге жарамдылығы.
Саланың пісіп-жетілуін оны даму жағдайының төрт түрінің біреуіне жатқызу арқылы талдау қалыптасқан: эмбрионалдық, өспелілік, пісіп жетілген немесе ескірген. Екінші критерийге сәйкес, кәсіпорынның тиісті сала шеңберінде оның бәсекеге жарамдылығын орнату керек. Басқаша айтқанда, тауар мен қызмет көрсетудің мақсатты нарығында берілген кәсіпорынның басқа кәсіпорындармен салыстырмалы жағдайын анықтау. Әдетте кәсіпорынның негізгі алты жағдайын қолданады: басым, мықты, тұрақсыз, әлсіз, өмір сүре алмайтын.
Кәсіпорынның пісіп- жетілу критерийі мен бәсекелік қабілетін салыстыру арқылы кәсіпорынның өмір сүру циклының матрицасын құруға болады және ол матрица конструктивті сипатқа ие болады: кәсіпорынның жағдайын қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамуы бойынша қағидалық кеңестер береді.
Жобаны талдаудың алдан ала кезеңінің соңғы нәтижесі көрсетілген критерийлер бойынша нақты бір кәсіпорынның жағдайын белгілеу болып табылады, яғни берілген кәсіпорынның матрицадағы нақты торға жататындығын білдіреді.
Талдаудың алдын ала кезеңі уақыт бойынша ұзақ болмауы керек және алдын ала кезеңінде жасалатын қорытындылар сапалық бағаларғанегізделеді. Соған қарамастан, бұл кезең келесі екі себепке байланысты қажет
oo стратегиялық инвестормен ары қарай қатынас жасау барысында саланың пісіп-жетілуі мен кәсіпорынның бәсекелік жағдайы туралы мәселелер міндетті түрде қозғалады және бұған алдын ала дайындалу керек;
oo егер кәсіпорынның басқарушылары талдауға назар аудармаса, онда стратегиялық инвестор бұл жұмысты өзі атқарып, оң нәтижелерге келмеуі мүмкін.
Жобаның көптүрлігіне қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір жалпы сызбаға сәйкес келеді, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институционалдық орындалуын бағалайтын арнайы бөлімшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс жоба тәуекелді талдаумен аяқталуы керек. Сызбада қолданылатын жоба қолданбайды революциясы шарттық сипатта болатынын атап өткен жөн. Шындығында да жоба бастапқы қалпымен қабылданбауы қажет. Сонымен қатар жобаның түрі, мысалы, оның техникалық орындалмауы жағынан өзгеруі мүмкін және жаңартылған жобаны талдау басынан басталуы керек.
Қағида бойынша, маркетингтік талдаудың мәні екі қарапайым сұрақтың жауабына байланысты:
1.Жобаны іске асыру нәтижесі болып табылатын өнімді сата аламыз ба?
2.Бұдан біз инвестициялық жобаны ақтауға жеткілікті көлемде пайда көре аламыз ба?
Соңғы жылдардың статистикалық мәліметтері бойынша, үшінші әлем елдеріндегі фирмалардың банкротқа ұшырауының дәрежесі 80% құрайды. Банкротқа ұшыраудың негізгі себебі- маркетингтің жеткілікті болмауында.
Маркетингтік талдаудың базалық сұрақтары мынандай:
1.Жоба қандай нарыққа фокусталған? Халықаралық нарық па немесе ішкі нарық па?
2.Жоба халықаралық нарық пен ішкі нарық арсындағы балансты ойластырама?
3.Егер жоба халықаралық нарыққа бағытталған болса, онда оның мақсаты мемлекеттің саяси қағидалық шешімімен сәйкес келе ме?
4.Егер жоба ішкі нарыққа фокусталған болса, онда оның мақсаттары мемлекеттің ішкі саясатыны жауап бере ме?
5.Егер жоба мемлекеттің саясатымен сәйкес келмейтін болса, онда оны ары қарай қарастыру керек пе?
Инвестициялық жобаны техникалық талдау міндетіне мыналар жатады:
1.жоба мақсаттарының көзқарастарына неғұрлым сәйкес келетін технологияларды анықтау;
2.жергілікті жағдайларды талдау, оның ішінде шикізатқа, энергияға, жұмыс күшіне қол жеткізуді және оның құнын;
3.жобаның іске асуы мен жоспарлаудың потенциалды мүмкіндіктерін тексеру.
Техникалық талдауды, әдетте, кәсіпорынның жеке сарапшылар тобы арнайы мамандарды шақыру арқылы жүргізеді. Техникалық талдаудың стандартты процедурасы қолда бар жеке технологияларды талдаудан басталады.
Инвестициялық жобаның қаржылық талдау бөлімінде көлемді және еңбек сыйымдылығы жоғары. Бұл мәселені түпкілікті қарастыруға жекелеген тауарлар арналады. Инвестициялық жобалаудың қаржылық бөлімінің жалпы нұсқасы қарапайым тізбекке негізделген:
1.Кәсіпорын қызметінің соңғы 3 жыл ішіндегі қаржылық жағдайына
талдау жасау.
2.Инвестициялық жобаны дайындау кезеңіндегі кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау.
3.Негізгі өнім өндірісінің залалсыздығына талдау жасау.
4.Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысындағы пайда мен ақша ағымдарын болжамдау.
5.Инвестициялық жобаның тиімділік бағасы.
Кәсіпорынның бұдан бұрынғы қызметі мен ағымдағы жағдайына қаржылық талдау жасау әдетте кәсіпорынның пайдалылығы мен оның басқару тиімділігін, несие қабілеттілігін, өтемпаздығын көрсететін негізгі қаржылық коэффициенттерінің интерпретациясы мен есептеулеріне келтіріледі.Әдетте бұл қиындық туғызбайды. Қаржылық бөлімде кәсіпорынның өткен жылдардағы негізгі қаржылық есебін беру және негізгі көрсеткіштерді салыстыру қажет. Егер инвестициялық жоба батыстық стратегиялық инвесторды тарту үшін дайындалса, онда қаржылық есепті беруін инвесторды тартқан батыс мемлекеттің форматтарына келтіру керек. Шығынсыздықты талдау негізгі өнімдерді шығару мен өткізудің өзіндік құн құрылымын талдау бойынша жүйелік жұмыстарды және барлық шығындарының айнымалылар мен тұрақтыға бөлінуін қамтиды.
Жобаның қаржы бөлімінің неғұрлым жауапкершілігі мол бөлігі оның инвестициялық бөлігі болып табылады, ол мыналарды қамтиды:
oo жоба бойынша кәсіпорынның инвестициялық қажеттіліктерін анықтау;
oo инвестициялық қажеттіліктердің қайнар көздерін белгілеу;
oo инвестициялық жобаны іске асыру үшін тартылған капиталдың құнын бағалау;
oo жобаның іске асуы есебінен түсетін пайда мен ақша ағымдарын болжау;
oo жоба көрсеткіштерінің тиімділігінің бағасы.
3.2 Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері
Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы отандық және шет елдік инвестициялардың тартылумен тығыз байланысты болып келеді. Инвестицияларды әр түрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту бүгінгі күні кең көлемде қолға алынды. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде. Инвестиция негізінен екі бағытта тартылады: бірінші бағыт несие алу арқылы, ал екінші бағыт бағалы қағаздар шығарып сату арқылы. Инвестициялық жобаларды дайындай отырып ссудалық қаражаттарды биснеске тарту соңғы жылдары Қазақстан банктерінде қолға алына бастады. Мұндай инвестициялық жобалардың тиімділігі есептелініп, қарыз алушыға қажетті сома әрбір аяқталған жұмыстан кейін беріледі. Инвестициялық жобалар негізінде несие алу барысында кепіл мүлікті талап етілмейді. Инвестициялық құралдардың арасындағы жобалар арқылы несие алу экономиканың нағыз секторларын дамытуда болашақта негізгі құрал болатыны сөзсіз.
Жобалық несиелеу - бұл халақаралық және отандық тәжірибеде қолданылатын несиелеудің жаңа нысаны болып табылады және оның дәстүрлі банктік несиелеудің мынандай артықшылықтарын атап айтуға болады:
oo инвестициялаудың стратегиясын дайындау;
oo инвестициялаудың белгілі-бір уақытша аясын белгілеу;
oo инвестициялық приоритетті анықтау;
oo баламалы нұсқаларды қарастыру;
oo инвестицияның жүзеге асыру жоспарын дайындау;
oo бір уақытта бірнеше көздер арқылы қаржыландыра алу.
Дұрыс қолданылған инвестициялық жоба жалпы ресурстар көздерін
ұтымды пайдалану есебінен экономикадағы ресурс тапшылығын азайта алады. Алайда, жобалық әдістің өзіне тән кемшіліктері де бар. Ең алдымен, бұл болжаудағы, есептеулердегі мүмкін болатын қателер,
сонымен қатар нарықтағы әр түрлі өзгерістер, инфляция құбылмалығы, заңдардың өзгеруі сияқты түрлі факторлар әсері жобалық әдістің тартымдылығына тежеу болады. Сонымен қатар, қарыз алушыға тән жобалық несиелеудің мынандай жағымсыз жақтары көрініс береді:
oo тәуекелдің жоғарлығына байланысты несие бойынша пайыздың өсуі және комиссиондық ақының қымбатқа түсуі (жобаны бағала-ғаны үшін, жобалық бақылау жүргізгені үшін алнатын ақы);
oo жобалық несиелеу алдындағы шығындар (техникалық-экономикалық негіздеме дайындау, пайдалы қазбаларды табу жұмыстары, қоршаған ортаға жобаның тигізетн зияндары, терең маркетингтік зерттеулер, т.б.);
oo несие алуға деген өтініш пен оны несиелеу туралы шешім қабылдау кезеңдерініңұзақтығы;
oo қарыз алушының қызметіне банк тарапынан жүргізілетін
oo бақылаудың қаталдығы (қаржылық, өндірістік, коммерциялық);
oo кейбір жағдайдағы қарыз алушының өз тәуелсіздігін жоғалтып алу қаупі.
Соңғы уақыттарда республикамыздағы екінші деңгейдегі банктер экономика секторларын несиелеу барысында ұзақ мерзімді жобалармен тығыз жұмыс жасауда. Жобалар бойынша экономика секторларын несиелеуде бұл қазіргі несиелеу механизмінің өзіндік ерекшеліктерін сипаттайды.
Жоба - бұл белгілі-бір бастапқы мәліметтері бар және нәтиженің болуын талап ететін және оны шешу тәсілдеріне негізделетін міндеттерді білдіреді. Жобалардың келесідей түрлері болады: тұрғын үй немесе құрылър !оаъдкуісін салу, инвестициялау портфелін қалыптастыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламаларын, кәсәпорынды қайта құру, жаңа техника және технологиялар жасау, кинифильмдер шығару, аймақты дамыту және т.б.
Жобаны бағалауда және оның тиімділігін есептеуде жобалық талдаудың негізгі санаттарын білу керек. Бұндай талдаудың негізгі ұғымы жобаның өмір сүру циклі болып табылады. Өмір сүру циклі деп жобаның пайда болуы мен оның жойылуы кезіне дейінгі уақыт аралығын айтамыз.
1.3 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобаларға тартылған инвестициялардың құрылымы
Қазақстанда инвестиция нақты және қаржылық түріндегі қысқа, орта және ұзақ мерзімді капитал салымы ретінде кең таралған, мұнда нақты инвестициялар материалды және материалды емес активтерге салынатын капиталды құраса, қаржылық инвестициялар қаржылық активтерге салынатын инвестицияларды құрайтынын анықтап, инвестициялық нарық құрылымын талдауға болады.
Нақты инвестициялау обьектілерінің нарығы инвестиция қызметінің болашағы бар және тиімді бағыты болып табылады. Нақты инвестициялау обьектілері нарығының маңызды факторлары: жылжымайтын мүлік нарығы (ғимараттар,құрылыстар, жер телімдері, аяқталмаған құрылыс, көпжылдық егістер, тұрғын үйлер), тікелей капитал салымдарының нарығы (жаңа құрылыс, қайта өңдеу, техникалық қайта салу), нақты инвестициялаудың басқа да лбьектілерінің нарығы (көркем құндылықтар, бағалы металдар мен өнімдер, басқа да материалдық құндылықтар, т.б.)
Жылжымайтын мүлік нарығының обьектісі қайта құрылған және жаңаланған негізгі және айналым қорлары болып табылады, олар ылжымалы мұліктің обьектілерін қамтиды: жұмыс және жүк машиналары мен қондырғылар; өлшеу және бақылау құралдары; есептік техника мен көлік құралдары; құралдар мен материалдар және т.с.с. инвестиция тауарларының түрі көп болғандықтан, инвестиция тауарлары нарығының бірнеше түрін атап өтуге болады. Бірақ, мұндай бөлу шартты, өйткені неғұрлым жалпыланған немесе бөлшектенген бірыңғай жіктелу белгілері жоқ.
Жабдықтар мен машиналарды сатып алуға шығатын шығындар ұзақ мерзімді инвестицияларға жатады, себебі олардың өлшемі қатысымды, ал есесінің қайтарылу мерзімі ұзақ. негізгі қорға қатысты машиналар мен жабдықтар бір уақытта ұзақ мерзімді инвестицияның обьектісі болып, кәсіпкерлік қызметтің болашақ обьектісінің сапалы инвестицияларының қатарына кіреді.
Күрделі құрылыста, яғни ғимараттар мен құрылыстарды салу кезінде, пайдаланылатын тауарлар топтары үшінші нарық түрін құрайды. Ол - құрылыс материалдар нарығы. Инвестиция тауарлары түрлерінің өтімділік деңгейі бір қалыпты болмағандықтан, инвесторлар үшін тартымдылық деңгейі де әр түрлі болады. Берілген көрсеткіш жоғары инфляция мен экономика жағдайының тәуелсіздігін жағдайында ерекше мағынаға ие.
Сонымен қатар, өндірістік қор көп жағдайда өндірістің қазіргі деңгейіне жауап бермейді, тек оның тиімділігін төмендететін факторы болып табылады. Инвестициялық тауарлар нарығында конъюктуралық құраушы факторлар болып ұсынысқа деген сұраныс табылады, соңғылардың қатынасы негізінде тапшылық немесе артықшылық деңгейі, яғни инвестициялық тауарлар нарығының қанымдылығы анықталады.
Машина құрылысы кешені кәсіпорынында қызмет ету мерзімі 10 жылдан асатын құрал-жабдықтар паркінің тең жартысын құрайды. Ескірген құрал-жабдықтарының жалпы көлемінің 55%-н түбегейлі жаңалау керек, ал 25%-ы қазіргі техникалық деңгейге сәйкес келмегендіктен, дереу ауыстыруды қажет етеді. Кәсіпорынның жаңа өнеркәсіптік құрал-жабдықтарды қажет етуі пайданы өсіру тілегімен емес, банкроттықтың алдын алу мен тиімді өндіріс үдерісін құрумен түсіндіріледі.
Инвестициялық қызметте маңызды түрін құрайтын машиналар мен құрал-жабдықтар нарығын екі құраушы бөліктің (құрастыратын және құрастырмайтын нарықтар) жиынтығы ретінде бейнелеуге болады. Құрастыратын құрал-жабдықтарға стнаоктар, конвейерлер, өңдеуші жолдар және т.б.,яғни ненің көмегімен өнімді тікелей өндіруге болатын заттардың барлығы жатады. Екінші топқа көлік түрлері мен инженерлік және инфрақұрылымдық коммуникацияларға қосуды талап ктпейтін құрал-жабдықтардың түрлері жатады.
Сәйкес келген жөндеу жұмыстарын қажет етпейтін құрал-жабдықтар ұрама құрал-жабдықтарға қарағанда неғұрлым өтімді тауар болып саналады, сол себептен, инфляциялық жағдайда жөндеуді қажет етпейтін құралдарға инвестициялауды өсіру арқылы іске асыруға болады. Жөнделетін құрал-жабдықтарға шығатын шығындарды кәсіпорындар 90-шы жылдарды бірінші жартысында 8-9 есе төмендеткен. Құрал-жабдықтардың атаулы түріне жасалатын инвестициялардың қысқаруы жөндеу жұмыстары сатып алынған жабдықтың жалпы құнын өсіретініне байланысты. Алайды, экономиканың тұрақты экономикалық өсу траекториясына жылдам өтуі үшін кәсіпорынның ескірген өндірістік паркін жаңалау керек, себебі осымша техникаға қарағанда, технологиялық құрал-жабдықтарды ауыстыру - аса маңызды.
Сонымен қатар, нарық конъюктуарысын зерттеу қажеттілігі әлеуетті инвесторлардың инвестициялық тауарлардың түрлеріне тауарлар бағасы бойынша жақсы бағалар алуынан туындаған, сбебі баға деңгейі төлеу қабілеттігінің сұранысына үлкен ықпалын тигізеді.
Істегі өнідірістердің басым көпшілігіне инвестиция құю нәтижесінде соңғылары тиімсіз болып қалады. Айта кететін жағдай, барлық тауар нарықтары бойынша, соның ішінде металл өнімдерінің нарығы, химия өнімдерінің нарығы, машина және құрал-жабдықтардың нарығы, құрылыс материалдарының нарығы және т.б., аймақтар бойынша барлық фирмалық тауарлардың көтерме бағаларының тарқауы кең ауқымды, олардың аймақаралық айырмашылығы айтарлықтай болуы мүмкін. Атаулы айырмашылықтар жедел және тұрақты байланыс құралдарының жоқ болуымен шартталып отыр, сонымен қатар елдегі тұтыну мен өндірудің монополиялық сипатының сақталып келе жатқаны да септігін тигізеді.
90-шы жылдардың асында биржалық сауданың қарқынды өтуі байқалып келе жатқанда, тауар биржалары баға реттеушілері ретінде көтерме саудадағы өзгерістерге белгілі деңгейде ықпалын тигізіп, баға ақпаратының жалғыз көзі қызметін атқарған. 90-шы жылдардың аяғында қаржы дағдарысы, доллар бағамының күрт жылжуы, баға жасалуының бұзылуы инвестициялық тауарлар мен биржалық сауда жасау тәжірибесін кеңейтуді қажет етті. Инвестициялық белсенділікті көтеру мақсатында инвестициялық тауарлар нарығын жедел құру мен дамыту қажеттілігі туындайды, сбебі онсыз елдің қарқынды және тез дамуы мүмкін емес.
Жылжымайтын мүлік нарығы өндіріс құралдар нарығының екніші құрамдас бөлігін құрайды, ал жылжымайтын мүліктің өзі нақты инвестициялар мен ұзақ мерзімді инвестициялау обьектісі ретінде қызмет атқарады. Алайда, жылжымайтын мүлік ерекше қызметтерге ие тауар болып саналады, ол туралы жоғарыда айтылға болатын. Жылжымайтын мүлік нарығын зерттеу көп жағдайда қолданбалы сипатта болады, негізінде ол жылжымайтын мүлік құнымен байланысты, ал соңғысы әлеуетті инвесторлар үшін капиталдың әрбір обьектіге салу шешімін қабылдау кезінде өте маңызды болып келеді. Нарық конъюктурасының талдауы мен жылжымайтын мүлік пайдалану түрлері әр әлеуетті инвесторға тиімді және орынды әдістерді қабылдау мен инвестициялаудың тиімді бағытын анықтау жолымен пайдасы бар инвестициялық жобаларды іске асыруға жағдай жасайды. Жылжымайтын мүлік нарығына инвесторлар үшін жағымды да, жағымсыз да қасиеттер тән.
1 Инвестициялық жобалардың тиімділігін талдау және бағалау
2.1 Инвестициялық жобалар мен инновация тиімділігін бағалау әдістемелерін сипаттау
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен бекітілген Қазақстанның 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық дамуының Стратегиясы, кейіннен 2015 жылға дейінгі Ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру мен дамыту бойынша Үкімет әзірлеген Бағдарлама, қазақстандық экономиканың диверсификациясына бағытталған негізгі құжаттар болып табылады. Диверсификация мен мұнайға деген тәуекелділіктен саналы түрде кету, мемлекетімізде бәсекеге қабілетті инновациялық экономиканы құрған жағдайда ғана мүмкін бола алады. Өз кезегінде шаруашылық субьектілердің және жалпы мемлекеттің экономикалық қызметі, инвестициялардың көлеміне, құрылымына, құйылу бағыттарына және тиімділігіне белгілі бір деңгейде тәуелді болып келеді. Ақыры, инвестициялық қызметтің тиімділігі мен экономикалық өсудің екпінділігі, белгілі бір дәрежеде, жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды таңдай жүйесінің жетілдірілуі мен уақыт аралығында өзгеретін экономиканың қызмет ету шарттарына бейімделумен анықталады. ҚР экономикасының индустриалды-инновациялық даму шарттарына сәйкес келетін, бағалау құралдары мен есептік үлгілердің біртұтас жүйесін әзірлеудің қажеттілігі туындайды.
Әлемдік экономиканың жаһандануы мен халықаралық бәсекелестіктің күшеюі жағдайында, жаңа нарықтық белестерді игеру, технологияларды жаңарту, ұйымдастырушылық және технологиялық жаңалықтар енгізу мемлекеттің индустриалды-инновациялық дамуының маңызды элементі болып табылады.
Ғылымды қажет ететін салалардың дамуы динамикалық экономикалық өсімнің негізін құрып, әлемдік күш орталықтарының қалыптасуының маңызды факторы болып табылады. Жаһандану мен экономикалардың өзара тығыз байланысы, инновациялық үдерістерді басқару міндетін тым күрделендіре түседі. Сондықтан инновациялық жолға түсуді қалайтын әрбір жеке мемлекет, өзінің инновациялық әлеуетін дамытуға бағытталған стратегиялық алғышарттарын дұрыс беліглеп алуы қажет. Осыған орай, инновациялық саясатты қалыптастырудың жүйелік жолы басты мәнге ие болады.
Бұдан басқа, қазіргі әлемдік экономиканың даму тенженциялары адами капиталдың тізгінүзді дамуын қажет етеді. Аталған фактор әлемдік инновациялық дамудың ең маңызды сипаттамасы болып табылады. Білімінің жедел таралуын қамтамасыз ететін кадрлар мобильділігінің де мәні зор.
Инновациялық белсенділіктің жедел өсімін қамтамасыз ету үшін ақпараттық технологияларды да дамыту қажет. Ал білімнің таралу үдерісін алсақ, ол баяғыдан-ақ жеке ұлттық экономикалардың шегінен шығып кеткен болатын.
Жаһандану трансұлттық компаниялардың неғұрлым жоғары дәрежеде қатал бәсекелестікті жүргізуді мұқтаж етеді. Сонымен қатар бәсекелестік ортаның тығыздылығы, мамандану мен инновациялардың оқшаулану процесстерін ынталанырады.
Бүгінгі таңда қоғамда ұлттық инновациялық жүйені (ҰИЖ) қалыптастырудың түрлі нұсқалары талқылануда. Бірақ бұл үдеріс естен тандыратындай сипатта болмас үшін, аралық институттардың стратегиясы деп аталатын, неғұрлым өнімдірек жолды қолдану қажет. Алғашқы кезеңдерде ол мемлекеттің абсорбциялық қабілеттерін өсіруге себепші болатын механизмдердің құрылуын қарастыру қажет. Ал әлемдік технологиялық деңгейге жақындаған сайын, бұл механизмдерді инновациялық дамудың жеке меншік институттарымен толықтыру қажет.
Ұсынылып отырған концепцияны, өз кезегінде, экономикалық кереметті басынан өткізген мемлекеттердің тәжрибесі растайды. Сонымен қатар бұл тәжірибе еліктеу кезеңінде ірі фирмалар мен банктік жүйенің басты ролде болатынын көрестеді. Ал инновациялық жолға ауысқан сайын, кіші, орта фирмалар мен қаржылық нарықтардың мәні арта түседі. Инновацилық жүйені бағалауға қатысты, инновациялардың тиімділік деңгейін анықтау мақсатымен жобалардың инвестициялық тиімділігі бойынша әдістемелік ұсыныстарды қолдану қате деп тұжырымдайтын авторлардың ойларымен келісуге болады. Инновациялық үдерісте инвестициялық жобаны таныстыру мен жүзеге асыру үдерісімен салыстырғанда, қатысушылардың ортасы едәуір кең.
Ал инновациялардың экономикалық тиімділігін бағалау үшін, төмендегі әдістемелік ұсыныстарды ескірген жөн:
oo инновациялардың тиімділігі тек табыстың ортақ салмағына ғана емес, өсімнің қарқындылығына да тәуелді;
oo инноваицлярады енгізудің есептік жылын, оларды пайдаланудың бастапқы жылын, инвестицияларды пайдаланудың соңғы жылын нақты белгілеу қажет;
oo инновациялардың тиімділігін бағалағанда қолда бар есептеулердің неғұрлым тиімді нұсқасын таңдау мүмкіндігінің болуы;
oo инновациялардың тиімділігін бағалау әдісі құрастырушылардың, өндірушілердің, тұтынушылардың және бюджеттің қызығушылығын ескеретін, бағалық көрсеткіштер жүйесінде негізделуі керек;
oo инновациялардың құрылуынан, енгізілуінен және пайдалануынан интегралды әсерді шағылыстыру көрсеткіштерін қамтитын жаңалықтарды енгізу тиімділігін бағалау әдістерінің қолданылуы, инновациялар тиімділігінің кешенді бағасын беріп қана қоймай, сондай-ақ инвестициялық қызметтің әрбір қатысушысының үлесін нақты анықтауға мүмкіндік береді;
oo инновациялардың тиімділігін бағалау үшін дисконттау әдістерін ғана емес, компаутинг және аннуитет әдістерін де қолдаған маңызды;
oo инновациялардың тиімділігін бағалағанда, есептік жылдың бір жолғы шығындарын келтіру және инновацияның өндірушілері мен инвесторлардың қызығушылығын ұйғару салынған капиталға табыстың екі нормасын қолдануға болады.
Ұсынылып отырған инновациялардың тиімділігін бағалау әдістері әмбебеп екендігін және оларды инвестициялық жобалардың тиімділігн бағалау үшін де қолдануға болатындығын ескерген жөн. Жоғарыда айтылғандарды ескерсек, инновациялардың тиімділігін бағалау үшін көрсеткіштердің экономикалық мазмұнына қарамастан, олардың бір түрі емес, толық жүйесі пайдаланылуы керек.
Қазақстандағы инвестициялық мәселелердің барлығы, сайып келгенде, бір мәселеге жүгенеді - инвестиция үшін ақшаны қандай көздерден және тиімді шарттармен қарызға алуға болады. Содан кейін үдеріс кездейсоқтық сипатта болады. Бұдан сол ақшаны қай жерге инвестициялауға болатынын ұғынамыз, не болмаса, отандық немесе шетел срапшылары ойға салады. Шетел тәжірибесін қолданамыз.
Бұл тактика қате. Себебi басты мәселе, инвестициялық ресурстарды барынша тиiмдi пайдалану, сондай-ақ неғұрлым жоғары қаржылық әсердi қамтамасыз eтeтiн инвестициялық жобалардың тiзiмдемесiнiң iшiнен неғұрлым тиiмдiсiн нақты және алдын ала таңдап алу мәселелерiн қамтиды. Ешбiр жағдайда баламалар бойынша шешiм қабылдауға болмайды, себебi инвестициялардың тиiмдiлiгi көп жағдайда жобалар бойынша құрылған объектiлердiң қызмет eтyi мен жүзеге асырылуының сыртқы және iшкi шарттарьша тiкелей тәуелдi. Бұлфакторларды инвестор басқара алмайды, ал оларды ескерген өте маңызды. Бұл факторлар өз әcepiн белгiлi бiр инвестициялықүдерiстердiң тиімдiлiгiне ғaнa тигiзбейдi.
Өндiрiстiк инвестициялық жобалар - бұл жобаның аумағында инвестициялар негiзiнен капитал қалыптастырушы болып табылатын жобалар екендiгi белгiлi. Бұған қарамастан, өндiрiстiк инвестициялар түсінігінің мағынасы кең, оларға коммерциялық пайданы алу және өндiрiстiң техникалық қайта қарулануы мен дамуы мақсатымен материалды салаға және қызмет көрсету саласына бағытталған ресурстар ғaнa емес, мемлекеттiң және жеке бизнестің , тарапынан әлеуметтiк-экономикалық, экологиялық және басқа мәселелердi шешуге бағыттaлған ресурстар да жатады.
Берiлген жaғдайда әдiстемелiк құрал ретiнде қолданбалы жүйелiк талдаудың пайдаланылуы мақсатты болып табылады, оның негiздерi мысалы келтiрiлген.
Жүйелiк ойлау концепциясы, оның қағидаттары, әдiстемесiнiң негiздерi және оларды тәжiрибелiк есептеулерде пайдалану мiндеттерi инвестициялық жобалардың тиiмдiлiгiн бағалауға жатады.
Жүйелiк ойлау негiзiнде ресми Инвестициялық жобалардың тиiмдiлiгiн бағалау бойынша әдiстемелiк ұсыныстардың әзiрленуi де кездейсоқтық емес.
Сондай-ақ бiр жағынан, жобаның сыртқы және iшкi ерекшелiгiн талдау жүйесiнiң жан - -жақтылығы, оның микроэкономикалық көрсеткiштерi мен динамикалық сипаттамалары ,екiншi жағынан, оны құрудың макроэкономикалық шарттары, қызмет eтyi мен дамуы өтe маңызды мәселе болып табылады.
Барлық экономикалардың түрлерi үшiн ортақ осы қағидаттардың жүйесi (әдiстемелік, тәсiлдiк және жедел), көптеген отандық жене шетелдiк жұмыстарда талданған болатын.
Инвестициялық жобалардың ақша ағындарының құрылымы мен көрсеткiштерiн оңтайландыру үшiн экономико-математикалық талдау мен синтез әдiстерi қолданылады. Сондай-ақ берiлген мәлiметтердi iздестiру мен анықтау үшiн ақпараттық технологиялар әдісі де қолданылады. Белгiлi бiр әдiстiң немесе қос әдiстiң қолданылуы инвестициялық жобаның түpiнe және oғaн қойылған талаптардың түpiнe байланысты анықталады. Бұл талаптарды
нормативтiк, зерттеу, сенiмгерлiк түрде болуы мүмкін. Фирмаларға қатысты, олар нүктeлік, аралық, алгоритмдiк бола алады.
Қазiргi таңда инвестициялық жобалаудың әдiстерi жүйелiк, объектiлi-бaғдарлы және есептiк-тәжiрибелiк шарттармен немесе олардың үйлесуiмен сипатталады. Бұл әдiстер, - қолданлуының aлғышарты сараптамалық зерттеу, математикалық үлгiлердің және бағдарламалық құралдардың әзiрленуi болып табылады.
Жүйелiк жол инвестициялық жобаны белгiлi бiр ортақ мақсатқа бaғытталған байланысты элементтердiң үйлесуi, байланысы, яғни жүйе түрiнде қарастырады. Ал жеке элементтер, олардың байланысы және жобаның мақсаттың бағыттылығы құрылымдаудың нәтижесiндегi жүйелер болып қарастырылуы мүмкін.
Жүйелiк жолдағы құрылымдық шешiмдер инвестициялар субъектiлерiнiң қызығушылығын бiлдiретiн оңтайландырылған критерийлер мен шектеулерге сәйкес қалыптасады.
Объектiлi-бағдарлық жол баламалы мiндеттердi шешу ұшiн логикалық және математикалық құрылыстарды таратуға мүмкiндiк бередi. Мысалы, Марковиц үлгісі бастапқыда бағалы қағаздар портыелінің құрылымын оңтайландыру үшін әзірленгенболатын, кейіннен бұл жаңалық инвестициялық жобалардың портфелін оңтайландыру үшін қолданылып келеді. Шарп үлгісі де портыельдік және нақты инвестициялардың тәуекелін талдау үшін қолданыс тапқан.
Күрделі инвестициялық үлгілер өзінің мазмұндық және функционалды элементтерін бұрынғы үлгілерден мирас етеді. Аталған жол техника-экономикалық негіздеменің және бизнес жоспардың әзірленуіне жұмсалған шығындарды қысқартады. Есептік-тәжірибелік әдіс экономикалық жүйенің үлгілері мен ойлық тәжірибеге негізделге және инвестициялық циклдің үлгілерін зерттеуге мүмкіндік береді. Компьютерлік тәжірибелер күрделі үлгілердің синтезін жасауға мүмкіндік береді. Инвестициялық жобалаудағы жетілдірілген ақпараттық технологиялар жобаның технико-экономикалық жүзеге асырылуы мен оның нәтижесін бағалау үшін, инвестициялық шешімдерді оңтайландыру және инвестициялық жобаларды басқару үшін қызмет етеді.
Қазіргі қазақстандық экономиканың қызмет етуі жағдайында, әлемдік тәжірибеге ортақ экономикалық қатынастардың қағидаттарын қолдануды қамтамасыз ететін бірқатар жаңалықтар енгізу қажет. Осындай бағыттардың бірі - инвестициялық жобалау және инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыру үдерісінде нарықтық қатынастардың реттілігін қолдану болып табылады. Бұл әдіс дамыған мемлекеттердің экономикасында кең қолданыс тапқан.
Жобалық қардыландыруды нақты инвестициялық жобаны қаржыландыру деп қарастыруға барлық негіз бар. Сонымен қатар, Қазақстандағы жобалық қаржыландыру жүйесінің жеткіліксіз дамуы ұзақ мерзімді банктік несиелеуді тежейтін басты мәселе болып табылады.
Бұл ретте негізгі құралдарға салынатын инвестициялардың тиімділігі әр түрлі факторларға байланысты. Бұл факторлардың негізін инвестицияларды тәжірибелік қолдану, инвестициялардың өтелу мерзімі, инфляция, жобаның өмірлік циклі ішіндегі инвестициялардың рентабельділігі, салымдардан түсетін құралдардың толық келуі және де капитал салымдарының басқа да баламалы түрлерінің болуы құрайды.
Капиталдық немесе қаржылық салымдар түріндегі инвестициялау тиянақты экономикалық негіздемені қажет етеді. Инвестициялық шешімдерді талдаумен байланысты технико-экономикалық есептеулер, жоспарлық және болжамдық шығындар мен табыстарға негізделуі керек. Сондықтан бастапқы материалдарды қарастырғанда, сондай-ақ инвестициялық шешімді таңдау мен инвестициялық жобаны әзірлеу үдерісінде бірнеше баламаларды ойластырған жөн.
2.2 Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры АҚ-ның инвестициялық-инновациялық жобаларын талдау
Самұрық-Қазына ұлттық әл ауқат қоры акционерлік қоғамы Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысы на сәйкес Қазына орнықты даму қоры акционерлік қоғамы мен Самұрық мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамын біріктіру жолымен құрылды.
Самұрық-Қазына ұлттық әл ауқат қоры ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және әлемдік нарықтағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге ықтимал жайсыз әсер етуі факторларынан сақтандыру үшін құрылды.
Ұзақ мерзімді құндылықтарын күшейту және әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялар мен басқа да заңды тұлғалардың өзіне меншік құқығында тиесілі акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару Қорды негізгі мақсаты болып табыла ды.
Қор қызметінің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
* Қордың жалғыз акционері ретінде мемлекеттің мүдделерін сақтау;
* Қордың және оның компаниялары қызметінің ашықтығы, тиімділігі және икемділігі;
* шешімдер қабылдауда және оларды іске асыруда кезінде жүйелілік және шұғылдық;
* жауаптылық және есептілікте болу.
Қор қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
* ұлттық экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға жәрдемдесу;
* елдің экономикасын тұрақтандыруға жәрдемдесу;
* компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларын, Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын, Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы бағдарламасын, компаниялардың алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру шеңберінде жаңғырту мен әртараптандыру Қордың және компаниялар қызметінің негізгі бағыты болып табылады.
Қор экономиканың шынайы секторына инвестициялар тарту, өңірлерде жұмыстарды жандандыру, салааралық және өңіраралық байланыстарды нығайту жөніндегі мәселелерді жылдам әрі шұғыл шеше отырып және бар басымдықтар мен мүмкіндіктерді барынша қолдана отырып Қазақстан Республикасының Үкіметіне барынша жәрдемдесу үшін танылған.
Ұлттық экономиканы тиімді әртараптандыру және жаңғырту, әсіресе, мынадай экономиканың басым секторларында белсенді инвестициялық қызметті іске асыру арқылы жүзеге асырылады:
* мұнай- газ секторы;
* электр энергетикасы;
* металлургия;
* химия, мұнай-химия;
* инфрақұрылым.
Самұрық-Қазына ұлттық әл ауқат қоры акционерлік қоғамының негізгі инвестициялық жобалары.
БАЛҚАШ ЖЭС САЛУ
Жобаның мақсаты: Қазақстанның энергияға тапшы оңтүстік өңірлерінің тұтынушыларын электрмен жабдықталуын қамтамасыз ету; ҚР энергетикалық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Жобаның орындаушысы: Балқаш ЖЭС АҚ, оның акционерлері мыналар болып табылады:
* Самұрық-Энерго АҚ;
* KEPCO және SAMSUNG оңтүстік корей компанияларының консорциумы;
* KAZAKMYS PLC.
Жобаны іске асыру кезеңі: 2010 - 2015 жылдар.
Орналасқан жері: Үлкен кентінен 2,5 км, Алматы облысы Жамбыл ауданы және Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы аумағында Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағалауы.
Өндірістік қуаты: жылына 7722 ГВтсағ.
Жобаны іске асырудан күтілетін нәтиже:
* Алматы өңірін сенімді электрмен жабдықталуын қамтамасыз ету;
* Жұмыс орындары: құрылыс сатысында - 3550, пайдалану кезеңінде - 800.
Жобаны әзірлеу сатысы:
Жобаның ТЭН, сондай-ақ дайындық кезеңінің бірінші кезектегі объектілері бойынша ЖСҚ әзірленді. 2010 жылғы қаңтарда алғашқы объектілерді салу басталды.
МОЙНАҚ СУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫН САЛУ
Бұл жоба Шарын өзеніне (Алматы облысы) бекітілген қуаты 300 МВт су электр станциясын салуды көздейді.
Жобаның мақсаты:
* ҚР оңтүстік өңірлерінің тапшы энергия жүйесіне электр қуаты мен энергияны жеткізуді ұйымдастыру үшін маневрлі көз жасау;
* оңтүстік өңірлердің қарбалас жүктемелерін жабу (электр энергиясының құрылатын теңгермелі нарығындағы жұмыс).
Қатысушылар:
* Мойнақ СЭС-і АҚ (51% - мемлекеттің 100% қатысуымен ҚазҚуат АҚ; 49% - Бірлік АҚ жеке меншік компаниясы);
* Қытай су шаруашылығы мен энергетика ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz