Қазақстан Респуликасының инвестициялық жобаларды қаржыландыру


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Қысқартылған сөздер тізімі

ПИҚ - пайлық инвестициялық қор

ТМД - тәуелсіз мемлекет достастығы

АҚ - акционрелік қоғам

ҚИҚ - Қазақстан инвестициялық қоры

FCI - Factors Chain International

Кіріспе

Банктік несие - ол банкте шоғырлаған қаражат қорынан клиенттерге қайтарым мерзімін белгілеп, ақша түрінде беретін және де жеке шаруашылық операцияларды жүргізуді қарастыра отырып, қысқа мерзімді банктік несиелерді жүргізу. Яғни осы несиелерді жүзгізу барысында лизингтік, ипотекалық, маусымдық несиелерді форфейтинг факторинг операцияларды қолдану барысында қысқа мерзімді банктік несиелеудегі инвестициялы жобаларды қаржыландыру дамыту қолға алу.

Инвестициялық дамуға бағытталған қаржыларды топтастыруда маңызды орын алады, ал бұрын ол тек немқұрайлы бухгалтерлік санатқа жататын.

Инвестициялық несие санатына, негізінен, орта және ұзақ мерзімді, яғни мерзімі бір жылдан астам несиелер жатады. Мұндай несиелердің қаржыландыру тетігімен де, қамтылуымен де ерекшеленетін көптеген түрлері бар.

Инвестициялық несие алудағы басты қиындық қаржы институтына барабар құндылықпен қамтамасыз ету болып табылады. Инвестициялық жобаларды қаржыландыруда әрқашан сол несиеге алынып отырған құрал жабдықтың өзі кепілге қойылады. Қазіргі қазастандық нарықта инвестициялық несиелеуге баса көңіл аударған дұрыс деуге болады, себебі, өзге инвестициялық ресурстар тарту түрлері аса қымбатқа түсіп, әлі кеңінен қолданысқа ие болмай отыр.

Инвестицияларды әр түрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту бүгінгі күні кең көлемде қолға алынды. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде. Инвестиция негізінен екі бағытта тартылады: бірінші бағыт несие алу арқылы, ал екінші бағыт бағалы қағаздар шығарып сату арқылы. Инвестициялық жобаларды дайындай отырып ссудалық қаражаттарды бизнеске тарту соңғы жылдары Қазақстан банктерінде қолға алына бастады. Яғни бұл жердегі өзекті мәселе инвестициялық жобаның қаржылық көрсеткіштерін болжау, жобаның сапалық сипаттамаларын талдау, нәтижесінде іске асады және жобаның қаржылық дәлдігін анықтауға арналған, яғни бір жағынан, оны жүзеге асыруға байланысты туындайтын қаржылық міндеттемелерді өз мерзімінде, әрі толық көлемінде орындау қабілетін, екінші жағынан кәсіпорынның күш жігерімен капиталын балама түрде пайдаланғанда түсуі мүмкін пайдадан кем болмайтынын анықтау.

Сонымен курстық жұмыстың мақсаты инвестициялық жобалардың қаржыландыру көздерін дамыту болып табылса, міндеттеріне банктік несиелеудегі инвестициялық жобалардың әрі қарай қаржыландыру көздерін табу, жаңа жобаларды іске асыру болып табылады.

Осыған байланысты курстық жұмыстың бірінші тарауында Банктік несиелеуді негізіг түрлерін ашып корсету және де факторингтік форфейтинтік операцияларды, вексельдік несиелеу қарастырылған.

Екінші тарауда инвестициялық жобаларды негіздеу және қаржыландыруды сипаттау және де даму институттары « Қазақстандағы Даму банкі», «Қазақсатнның инвестициялық қоры» Акционерлік қоғам инвестициялық жобаларын талдау сипатталған. Ал үшінші тарауда ҚР инвестициялық жобаларды қалыптастырудың жетілідіру жолдары көретілген.

Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.

1 Инвестицияны қаржыландыруға арналған несиелердің ерекше нысандары

  1. Банктік несиелеудің негізгі түрлері

Банктік несие - бұл банктердің, арнайы несие-қаржылық мекемелерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі.
Банктік несие коммерциялық несиенің шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар кез келген өндіріс саласына беріледі және банктік несие арқылы кез келген бағытта қозғала алады.

Банктік несие сферасы коммерциялық несие сферасына қарағанда несиені колдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет етеді, ал банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына кызмет етеді. Банктік және коммерциялық несиенің динамикасы әр түрлі. Коммерциялық несиенің көлемі өндіріс пен тауар айналымының ұлғаюымен жоғарылайды және олардың азаюымен қысқарады. Өнеркәсіптің дамуы кезеңінде оған ұсыныс және сұраныс жоғарылайды, ал дағдарыстар кезінде азаяды. Өндіріс дағдарыстары әсерінен тауарлардың өндірілуі мен өткізілуі де қысқарады, ал қарыздарды төлеу үшін банктік несиеге деген сұраныс өседі.

Өндірістің жанданып, жоғарылаған кезінде нағыз капиталдың көлемі өседі, өндірістік мақсаттар үшін банктік қарыздарға деген сұраныс жоғарылайды. Қоғамдық капиталдың ұдайы өндірілуі тұрғысынан банктік несие қарыз капиталына (қарыз алушылар қаражаттарды жұмыс істеп тұрған капиталдың көлемін ұлғайту үшін пайдаланғанда) және ақшалай қарызға (қарыз алушылар қаражатты өздерінің қарыздық міңдеттемелерін өтеу үшін алғанда) бөлінеді. Жеке капиталды ұдайы өндіріс тұрғысынан алғанда, бұл бөліну қарыздың қамтамасыз етілуіне байланысты және қарыз алушы капиталының шамасына несиенің әр түрлі әсерін көрсетеді. Несие алу кезінде тауарларды, бағалы қағаздарды кепілдікке қоя отырып, борышқор банктен қосымша капитал алмайды. Оның көзқарасы тұрғысынан, бұл -ақша қарызы.
Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткені банк арқылы қайта бөлінген қарыз капиталы экономиканың барлық салаларында қолданыс табады. Бұл ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады. Қарыз мәмлесінің дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік капиталдан бөлектенген. Кредитордың мақсаты - пайыз түрінде табыс алу. Қарыз алушыға қайтарымдылық, мерзімділік және пайыз төлеу жағдайларында қарыз капиталын ұсынушы банктік мекеме кредитор ретінде көрінеді.
Банктік несие өзінің маңызды ерекшеліктерін сақтай отырып, едәуір сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Олардың біреуі қарыз мәмілесінің қатысушыларымен байланысты. Қазіргі уақытта ол мәміленің екі қатысушыларымен банкирлер және жұмыс істеп жүрген капиталистермен шектеліп қалмайды. Бір жағынан, қарыз капиталын беруді банктерден басқа әр түрлі мекемелер (қаржылық компаниялар, өзара несие банктері) жүзеге асырады. Қарыз капиталымен мәміле жасаушы жаңа типтегі мекемелер кейде «банктік емес» деген атқа ие, ал бұл жағдай олардың мәнін өзгертпейді (мысалы, Ұлыбританиядағы құрылыс қоғамы олардың қызметі тұрғын үй несиесін берумен байланысты) . Екінші жағынан, қарыз алушылардың құрамы өзгереді. Жұмыс істеп тұрған капиталистерден басқа (акционерлік компаниялар және жеке кәсіпорындар) қарыз алушылар - несиелік-қаржылық мекемелер, тұрғындар, үкімет және жергілікті үкімет органдары болып табылады. Банктік мекемелерде қарыз алушыларға ақшалай қаражаттарды берудің әр түрлі мүмкіндіктері бар.

Несиелік мүмкіндіктер ғана емес, сонымен қатар берілген қарыздардың көлемдері де өзгереді. Несиелік операциялардың көлеміне ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. Біріншіге банктің қолында бар ресурстардың көлемі жатады. Ресурстардың өсуіне сәйкес оның несиелік мүмкіндіктеріне әсер етеді және активтік операциялардың ұлғаюына жағдай жасайды.

Банктің белгілі бір шетке капитал шығару және оны қарыз алушыларға беру мүмкіндігі бар. Қазіргі жағдайда депозиттер банктік ресурстардың бірден-бір көзі болып табылмайды. Несиелік мекемелер ақшалай қаражаттарды банк аралық нарықтан қарызға алады, сонымен қатар көрсетілген мақсатқа облигациялык қарыздарды да белсенді пайдаланады.

Банктік несиенің шамасына ақшалай-чектік эмиссиямен толтырылған нақтылы ресурстардың көлемі ғана емес, оған өнеркәсіптік компаниялар, жеке тұлғалар және мемлекеттік мекемелер тарапынан қарыз қаражаттарына деген сұраныс та әсер етеді. Осылайша экономикалық төмендеу кезінде қарыз капиталы нарығының конъюнктурасын айқындаушы негізгі фактор болып, банктердің ресурстары емес, несиеге деген әлсіз сұраныс болып табылды.
Несиелік жүйе мемлекет тарапынан болатын ықпалға ұшырайды. Мемлекетгік органдар және орталық банктер ұдайы қолданылатын несиелік шектеулер, активтік операциялардың жасанды түрде қысқарылуын тудырады. Осылайша, несиенің экономикалық ғана емес, оның әкімшіліктік те шектері бар.

Банктер өз саясатын қайта қарастыра отырып және несиенің берілуі мен қызметтің басқа түрлері арасындағы қолайлы арақатынасты табуға тырысады. Мысалы, қаржылық инженеринг жүйесі - әр түрлі экономикалық кеңес беруді қоса алғандағы, қаржылай қызмет көрсетулердің толық комплектісін ұсыну дамытылады.

Кредитор ретінде банктердің ролі біршама төмендегеніне қарамастан, ол әдеуір шамада қысқаруы мүмкін деп есептеуге негіз жоқ. Өйткені көптеген кәсіпорынның қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктері, бірінші кезекте, банктік несие есебінен қанағаттандырылуы мүмкін, ол өнеркәсіптік компаниялар үшін, жеке тұлғалар үшін де қарыз қаражаттарын алудың анағұрлым ыңғайлы формасы болып келеді. Осылайша, несиелік жүйенің негізін ірі банктер құрайды, ал банктік несие өзінің басымдық жағдайында қалады.

Банктік несие кәсіпорынның инвестицияны тартуда алдынғы орынды иемденеді. Қазіргі экономикада кәсіпорындарға берілетін банктік несиелердің келесідей түрлері бар.

Банктік ( қамтамасыз етілмеген) несие - ол банкте шоғырлаған қаражат қорынан клиенттерге қайтарым мерзімін белгілеп, ақша түрінде беретін және де жеке шаруашылық операцияларды жүргізуге беріледі. Банктік несие өндірушіден де, сатушыдан да оқшшауланып қарыз капиталы ретінде беріледі. Негізінен, бұл несие кәсіпорынның есеп айырысу кассалық қызмет көрсететін коммерциялық банкпен беріледі. Ресми түрде ол сипатқа ие болса да, кәсіпорынның дебиторлық берешек көлемімен, есеп айырысудағы және басқа да шоттардағы қаражаттармен қамтамасыз етіледі. Аталған несие түрі қысқа мерзімге беріледі.

Контокорренттік несие («овердрафт») . Аталған несиені ұсыну кезінде банк кәсіпорынға контокорренттік шот ашады. Бұл шотта несиелік және есеп айырысу операциялары ескеріледі. Контокорренттік шот несиелік келісім шартында бекітілген, максималды теріс қалдықтан аспайтын ( контокорренттік лимит) мөлшерде несие көзі ретінде қолданылады.

Контокорренттік шоттың теріс қалдығы бойынша кәсіпорын банкке бекітілген несие пайызын төлейді бірақ, келісім шартында оң қалдық кезінде банк кәсіпорынға депозиттік пайызды аударуын қарастыруы мүмкін. Кәсіпорынның контокоренттік шоты бойынша түсімді және төлемді есептеу келісім шартта көрсетілген уақыт аралығында жүргізіледі.

Овердрафт (ағылш. оvеrdraft - жоспардан жоғары) - клиенттің ағымдық шотындағы қаражат қалдығынан төлейтін төлемдер сомасы жоғары болған жағдайда банктің беретін қысқа мерзімді несиесінің ерекше нысаны. Мұндай жағдайда клиенттің шотынан қаражатты толық көлемде шегеріп тастап, банк, шоттағы қалдықтан асатын сомада клиентке автоматты түрде несие береді. Овердрафт нәтижесінде, бухгалтерлік тілмен айтқанда банкте дебеттік қалдық түзіледі. Овердрафты келісімшарт бойынша банктің сенімді клиенттері ғана пайдалана алады, ол келісімшартга овердрафтың ең жоғарғы сомасы, овердрафт бойынша несие беру және оны қайтару шарты көрсетіледі. Овердрафтың басқа қарыздардан ерекшелігі, несиені қайтарудағы барлық сома клиенттің ағымдық шотында есепке алынады.

Лизингтік несие- ол тауар түрінде яғни банк клиенттерінің құрал-жабдықтарды және техниканы жалға алумен байланысты берілетін несие. Лизинг деген маманданған қаржы компаниясының делдалдық етуімен машиналарды, құрал жабдықтарды, жылжымайтын мүліктерді және негізгі капиталдың басқа да элементтерін орташа немесе ұзақ мерзімге үшінші жаққа жалға беру болып табылады. Тауар өндірушіге немесе сатушыға лизинг компаниясы оның құнын төлеп, мүлікті меншіктеу құқығына ие болады. Лизинг бойынша жалға бір өндірістік циклда жойылмайтын кез келген экономикалық дербес объектіні алуға болады. Экспортты және импортты қаржыландыру тұтқасы болып табылатын халықаралық лизингте келісімге қатысушы субъектілер әр түрлі елдерде болуы мүмкін.

Вексельдік несие - банктің сенімді клиентеріне вексель нысанында берілетін қысқа мерзімді несиесі. Мұндай вексельдерді банктер шығарады және олардың номиналды құны болады, сондай-ақ олардың бағасы жай банктік несиеге қарағанда біршама арзан.

Бір реттік несие - қаржылану жобасының толық сомасы бойынша бір рет берілетін, жасалған төлеу кестесі бойынша бір н/е бірнеше реттік төлем арқылы қайтарылатын несие.

Әр айдағы қарыздық амортизациямен маусымдық несиелер . Несиенің бұл түрі кәсіпорнынның қажеттіліктерімен байланысты айналым активтерінің ауыспалы бөлігін қалыптастыру кезінде беріледі. Несиенің ерекшелігі: несиені қызмет көрсетумен қатар, келісім шартында қыздың негізгі шартында қарыздың негізгі сомасының ай саыйынға амортизациясы ( өтелуі) қарастырады. Борыштың амортизация кестесі кәсіпорынның ақша қаражатқа деген маусымдық қажеттіліктердің төмендеу көлемімен байланысты.

Маусымдық несие - жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие. Маусымдық несие көбіне ауыл шаруашылығы өндірушілеріне егін салып, одан табыс алғанға дейінгі шығынды жабу мақсатында беріледі.

Ашық несиелік линиялар . Келісім шартында мерзімі, шарттары және нақты қажеттілігі туындағанда банктік несие берілетін максималды сомасы қарастырылады. Кәсіпорын үшін қарыз қаражаты нақты қажеттіліктерге сәйкес қолданылуы осы несиенің артықшылығын сипаттайды. Көбінесе несиелік линия бір жылға дейін ашылады. Ол келісім шарттық сипатқа ие емес, бірақ клиент - кәсіпорынның қаржылық жағдайы төмендеген жағдайда линия жабылуы мүмкін.

Револьверлік (автоматикалық қайта толатын) несие. Несие анықталған кезеңге беріледі; кезең аралығында несие қаражаттардың кезеңділік «таңдауына» рұқсат сондай-ақ несие бойынша жекелей не толықтай өтеліміне мүмкіндік беріледі. Ашық несиелік линияға қарағанда осы несиенің артықшылығы - бұл банк анықтайтын минималдық шектеулер. Алайда, пайыздық мөлшерлемелер негізінен жоғары сипатқа ие.

Онкольдық несиелер. Оның ерешелігі -несие берілгенде қарыз алушыға оны қолдану мерзімін (негізінен қысқа мерзімді ) анықтамайды, бірақ қарыз алушының бірінші талап етуімен қайтару міндеттілігі. Несиені өтеуде несие жеңілдетілген кезеңге беріледі. (үш күнге дейін)

Ломбарттық несиелер. Бұл несиені кәсіпорынның жоғарғы өтімді активтерін(вексельдер, мемлекеттік қысқа мерзімді облигациялар) кепілге беру арқылы алуға болады. Өтімді активтер несиелеу кезеңінде банкке беріледі. Несие көлемі кепілге берілген активтер құнының анықталған(барлық емес) бөлігіне сай келеді. Негізінен бұл несие қысқа мерзімді болып келеді.

2002 жылы 1 қыркүйектегі «жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» ҚР заңына сәйкес ипотекалық несиенің бұл түрі кәсіпорынның негізгі құралын немесе мүлігін кепілге ала отырып, банктің («ипотекалық банктер») ұзақ мерзімді қарыз. Кәсіпорын банк пайдасына кепілге беретін мүлігін толық көлемде сақтандыру қажет. Мұнда, кепілге берілген мүлік кәсіпорынның пайдаланылуына қала береді.

Ипотекалық несие ол жылжымайтын мүліктерді жерді, өндірістік және тұрғын ғимараттары, үйлерді, пәтерді кепілдікке алып ұзақ мерзімге берілетін ақшалы несие. Мүліктердің кепілдікке алынғаны туралы ипотекалық банк несие алушыға қарыздар куәлігін береді. Ипотекалық несиенің ақшалы қоры, негізінен, банктер мен корпорациялардың ипотекалық облигациялар шығарып, сатудан түскен қаржыдан құралады.

Ипотека термині кепілдік, кепілзат, кепілге салу деген мағынаны білдіреді. Ипотекалық несиенің басқа несие түрінен ерекшеліктері : ипотекалық несие бұл қатаң анықталаған кепілзатпен берілетін ссуда. Несие қайтарылмаған жағдайда кепілге салынған жылжымайтын мүлік сатылады және одан түскен қаражатпен несиегердің алашағы өтеледі. Сол себепті де ипотека несиесі несиегер үшін ең «сенімді» несие ретінде саналады.

Ипотекалық ссуданың көбісі қатаң мақсатты тағайындауға ие, өйткені, ол тұрғын үй мен өндірістік үй жайларды ұаржыландыру, сатып алу, тұрғызу үшін және жер учаскелерін игеру үшін пайдаланылады.

Ролловерлік несие. Ол кезең аралығына пайыз мөлшерлемесін қайта қарастыратын ұзақ мерзімді несие түрі.

Консорциумдық (консорциалдық) несие. Кәсіпорынға қызмет көрсететін банк өзінің клиентін қаржыландыруға басқа банктерді тартуы мүмкін (мұндай несиелік операцияларды жүргізу үшін банктердің одағын «консорциум»деп аталады. ) Кәсіпорын- клиенттпен несиелік келісім шартына қол қойғаннан кейін банк басқа банктердің қаражаттарын жинады және қарыз алушыға береді. Борышты басқару кезінде пайыз сомасын сәйкесінше бөледі.

1. 2 Факторингтік және форфейтингтік операциялар

Ең алдымен, шетелдік тәжірибеде кеңінен таралған, отандық банк тәжірибесі үшін өте маңызды болып табылатын инвестицияны қаржыландыруыдың ерекше нысандары, коммерциялық банктердің делдеалдық қызметтеріндегі факторингтік және форфейтингтік операциялар жатады.

Факторинг алғашқы кезде ХІҮ ғасыр Англияда белсенді түрде дами бастады. ХІХ ғасырдың аяқ кезінде АҚШ та пайда болып, кейіннен өнеркәсібі жағынан дамыған Батыс Еуропада қолданылды. 1968жылы әлемнің 50 ден астам елінде 190 мүшесі бар әлемдегі ең ірі факторингтік ассоцация болған Factors Chain Internatioal пайда болды.

Коммерциялық банктер факторингті соңғы 25-30 жыл ішінде кеңірек қолдана бастаған.

Факторинг 80- жылдардың ортасында Батыс Еуропа елдеріндегі тұрақты экономикалық өрлеу кезеңінде кеңірек таралды. 90- жылдардың басында факторингтік компаниялар 3, 6 есе өсті. Факторингтік операциялардың бүгінгі көлемі (ішкі және халықаралық факторингті қосқанда ) келесідей: Еуропада -56%, Америкада -30%, Азияда және Тынық мұхит жағалауындағы елдерде 13% Африкада -1% .

Факторинг өзара коммерциялық және ақша қаражаттарының айналысын жылдамдатуға көмектеседі. Факторинг банктік және коммерциялық несиеге қарағанда инвестицияны қаржыландырудың тиімді нысаны болып табылады. Факторинг тауарларды немесе қызметтерді жабдықтаушыдан төлем талабыни сатып алуды білдіреді. Сонымен қатар, факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауарлары үшін уақытын кешіктіріп төлеуге беретін тауар нысанындағы және ашық шот түрінде ресімделетін коммерциялық несиенің болуын сипаттайды.

Факторинг клиенттің айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда комиссиялық операциялардың бір түрі.

Факторингтің мақсаты- кез келген несиелік операцияладың ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекелді қалпына келтіру. Нарықты экономикасы дамыған елдерде төлемдердің сатылу мерзімдеріне басты назар аударады. Ендеше факторингтік компаниялар мен банктердің фактор бөлімдерінің қызметі жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы қатынастардағы тәуекелдер мен төлемдер мерзіміндеріне байланысты мәселелерді шешуге бағытталады.

Ағылшын тілінде «Faktor» сөзі «маклер, деледал» деген мағынаны білдіреді. Экономикалық жағынан алғанда бұл делдалдық операция.

Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшін уақытын кешіктіріп төлеуге беретін тауар нысанындағы және ашық шот түрінде ресімделетін коммерциялық несиенің болуын сипаттайды. Бұл жерде факторингтік компания клиенттерінің 90% дейінгі шотын сатып алады.

Факторингтік операция -клиентпен төленбеген қарыздық талаптар (шот-факторлар, вексельдер) бойынша төлемді талап ету құқын басқаға (банкіге) беру. Факторингтік операция түрлері:

- Егер фактор банк бір мемлекетте орналасса ішкі факторингтік

операция деп, ал үш жақтың бір немесе екеуі басқа мемлекетте

болса халықаралық деп атаймыз

- егер қарызгер мәміледе қатысу туралы факторингтік компаниядан білсе ашық және жабық.

- Регресс құқығымен, яғни жеткізушіге төленген соманы қайтарудың қайта талабы, немесе регресс құқысыз

- Алдын ала төлем немесе белгілі күнге талаптарды төлеу түріндегі жеткізушінің несиелеу шартымен.

Факторинг - жиі қаржылық қиындықтарды басынан кешетін шаруашылық органдар үшін біршама тиімді қызмет көрсету болып табылады. 1988 жылы жеке құқықты жүйелеудің халықаралық институтымен қабылданған Халықаралық факторинг туралы Конвенцияға сәйкес, келесідей төрт белгі қанағаттандырылғанда ғана факторинг операциясы болып саналады.
1) қарыздық талаптарды алдын ала төлеу формасында
несиелеудің болуында;

2) жабдықтаушымен бухгалтерлік есепті жүргізу, ең алдымен өткізу

есебін;

3) жабдықтаушы қарызын инкассолау;

4) несиелік тәуекелден жабдықтаушыны сақтандыру.

Факторингтің үш қатысушысы: фактор, бастапқы несие беруші, борышқор. Жабдықтаушы өз қарыздық талаптарын факторға сатады. Фактор, ол талаптың 80% бөлігін сол жерде төлейді (комиссиондық төлемдерді алып тастағанда) . Қалған бөлігі борышқормен төленгеннен кейін қайтарылады. Сонымен қатар, банк осы операциямен байланысты барлық жауапкершілікті, тәуекелді, талаптарды инкассолауды өз мойнына алады. Жабдықтаушы шығындарына мыналар жатады: бухгалтерлік есепті жүргізгені үшін және факторлық жиындар үшін комиссиондық төлемдер; банктің немесе факторингтік комиссияның пайдасы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрғын үй
Мемлекеттік бюджет жайлы
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы
Инвестицияларды қаржыландыру көздері экономикалық мәні мен мазмұны
Қазақстанның инвестициялық саясаты
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ
Бюджеттің қорғанысқа жұмсалатын шығындарын жоспарлау және қаржыландыру
Қазақстан Республикасының инвестициялық климатын талдау
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдығы
Инвестицияның методологиялық мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz