Құс топтары. Қыртөсті құстар
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
І.Бөлім. Құстарға сипаттама. Құстардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.1. Құстардың көбею мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Құстардың дене құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
ІІ.Бөлім. Құс топтары
2.1. Қыртөссіздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.2. Пингвиндер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.3. Қыртөсті құстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
2.4. Қазтәріздестер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.5. Торғайтәріздестер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
2.6. Сұңқартәріздестер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
2.7. Тауықтәріздестер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
2.8. Тырнатәріздестер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
Дереккөздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41

Кіріспе
І.Бөлім. Құстарға сипаттама. Құстардың түрлері
Құстар (лат. Aves) – омыртқалы жануарлар тип тармағының бір класы. Құстардың эволюциялық даму сатысы 4 кезеңге бөлінеді:
1. алғашқы құстар – археоптерикс;
2. тісті құстар;
3. қырсыз жалпақ төстілер – түйеқұстар, киви, пингвиндер;
4. қырлы төсті құстар.
Құстар – жылықанды омыртқалы жануарлар (омыртқасы бар жануарлар). Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғң аяқ-қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Құстардың денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы болады. Дегенмен ұшпайтын құстар да кездеседі.
Құстар 2 класс тармағына: бір ғана отряды бар кесірткеқұйрықтылар (жойылып кеткен) және 34 отрядқа бірігетін 9 мыңдай түрі (оның 28 отряды осы кезде де кездеседі) желпуішқұйрықтылар немесе нағыз құстар деп бөлінеді. Құстар Арктикадан Антарктика жағалауларына дейінгі барлық табиғи белдемдерде таралған.
Қазақстанда құстардың 18 отрядқа жататын 489 түрі бар. Оларды мекен ететін орындарына қарай орман, ашық дала, батпақты-шалшықты және су құстары деп бөледі. Алғашқы құстардың дене тұрқы 1,8 м-ге дейін жеткен, тістері жақсы жетілген, ұша алмаған. Тіссіз, жақсы ұшатын ихтиорнистер қазіргі құстарға өте жақын болған. Құстардың басқа омыртқалы жануарлардан айырмашылығы – олардың ауада ұша алатындығы. Атап айтқанда, алдыңғы аяғы қанатқа айналған, төс, сан және мойын бұлшық еттері жақсы жетілген, сүйектері жұқа, көбінің іші ауаға толы қуыс болғандықтан және бір-бірімен жіксіз тұтасатындықтан, қаңқасы жеңіл әрі берік. Құстарда тек құйымшақ безі ғана болады (ол су құстарында жақсы жетілген). Жүрегі 4 камералы. Зат алмасу процесінің тез және қарқынды жүруі – олардың ұшуына қажетті энергия бөлінуін және дене температурасының тұрақты әрі жоғары болуын (38 – 41°С) қамтамасыз етеді. Құс қанаты, қауырсыны ұшу, қозғалу құралы ғана емес, денедегі жылылықтың бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді және шамадан тыс салқындаудан немесе қызып кетуден сақтайды. Ас қорыту органдары қоректі

Пайдаланған әдебиеттер
1. Жизнь Животных т.6 Птицы М.: Просвещение 1986
2. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Т Энциклопедия. — Алматы: DPS, 2011
3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар
4. С. П. Наумовтың “Омыртқалылар зоологиясы”
5. 2. Беркінбай Омархан. Орнитология: оқулық. — Алматы: Жібек жолы,

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
І.Бөлім. Құстарға сипаттама. Құстардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.1. Құстардың көбею мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Құстардың дене құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
ІІ.Бөлім. Құс топтары
2.1. Қыртөссіздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.2. Пингвиндер ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.3. Қыртөсті құстар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
2.4. Қазтәріздестер ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.5. Торғайтәріздестер ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
2.6. Сұңқартәріздестер ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
2.7. Тауықтәріздестер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
2.8. Тырнатәріздестер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
Дереккөздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
Кіріспе
І.Бөлім. Құстарға сипаттама. Құстардың түрлері
Құстар (лат. Aves) - омыртқалы жануарлар тип тармағының бір класы. Құстардың эволюциялық даму сатысы 4 кезеңге бөлінеді:
1. алғашқы құстар - археоптерикс;
2. тісті құстар;
3. қырсыз жалпақ төстілер - түйеқұстар, киви, пингвиндер;
4. қырлы төсті құстар.
Құстар - жылықанды омыртқалы жануарлар (омыртқасы бар жануарлар). Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғң аяқ-қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Құстардың денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы болады. Дегенмен ұшпайтын құстар да кездеседі.
Құстар 2 класс тармағына: бір ғана отряды бар кесірткеқұйрықтылар (жойылып кеткен) және 34 отрядқа бірігетін 9 мыңдай түрі (оның 28 отряды осы кезде де кездеседі) желпуішқұйрықтылар немесе нағыз құстар деп бөлінеді. Құстар Арктикадан Антарктика жағалауларына дейінгі барлық табиғи белдемдерде таралған.
Қазақстанда құстардың 18 отрядқа жататын 489 түрі бар. Оларды мекен ететін орындарына қарай орман, ашық дала, батпақты-шалшықты және су құстары деп бөледі. Алғашқы құстардың дене тұрқы 1,8 м-ге дейін жеткен, тістері жақсы жетілген, ұша алмаған. Тіссіз, жақсы ұшатын ихтиорнистер қазіргі құстарға өте жақын болған. Құстардың басқа омыртқалы жануарлардан айырмашылығы - олардың ауада ұша алатындығы. Атап айтқанда, алдыңғы аяғы қанатқа айналған, төс, сан және мойын бұлшық еттері жақсы жетілген, сүйектері жұқа, көбінің іші ауаға толы қуыс болғандықтан және бір-бірімен жіксіз тұтасатындықтан, қаңқасы жеңіл әрі берік. Құстарда тек құйымшақ безі ғана болады (ол су құстарында жақсы жетілген). Жүрегі 4 камералы. Зат алмасу процесінің тез және қарқынды жүруі - олардың ұшуына қажетті энергия бөлінуін және дене температурасының тұрақты әрі жоғары болуын (38 - 41°С) қамтамасыз етеді. Құс қанаты, қауырсыны ұшу, қозғалу құралы ғана емес, денедегі жылылықтың бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді және шамадан тыс салқындаудан немесе қызып кетуден сақтайды. Ас қорыту органдары қоректі көп мөлшерде қабылдап, тез қорытуға бейімделген. Ұшу кезінде құстардан көп энергия бөлінетіндіктен, жоғары калориялы қоректі қажет етеді. Тыныс алу жүйесі ұшуға байланысты ерекше өзгеріске ұшыраған. Құстардың ішкі органдары мен бұлшық еттері арасында және тері астында жалпы көлемі өкпеден едәуір үлкен 9 - 10 ауа қапшықтары болады. Олар өкпемен кеңірдек арқылы байланысқан. Сондықтан құстар ұшу кезінде қанатын жайғанда кеуде қуысы кеңейіп, өкпеге енген ауа осы ауа қапшықтарына өтеді. Ал қанатын қомдағанда кеуде қуысы кішірейіп, ауа қапшығындағы ауа өкпе арқылы сыртқа шығады. Құстардың өкпесінде қан оттегімен екі рет (дем алған кезде және дем шығарған кезде де) тотығады. Онықосарлы тыныс алу деп атайды. Бұл тек құстарға ғана тән қасиет. Құстардың жүйке жүйесі жақсы дамыған, миы үлкен, ми сыңарлары, көру орталығы, мишығы жақсы жетілген. Құстардың сезім органдарының дамуы әр түрлі. Тез ұшатын үкі,жапалақ, басқа да жыртқыш құстардың көзі жақсы жетілген. Иіс сезу көп құстарда жетілмеген, ал дыбыс есту қабілеттілігі жақсы дамыған. Құстардың көру және есту органдарының жақсы дамуы, олардың алыс және жақын кеңістіктерді игеруіне, мезгілімен қоныс аударып, түрішілік және түраралық қатынас жасауына әсер етіп, құс тіршілігінде маңызды рөл атқарады. Құстар 1-ден 20 - 25-ке дейін жұмыртқа салады. Оны 12 күннен 80 күнге дейін басады. Құстар өсімдіктерді тозаңдандырып, олардың тұқымдарын таратады, зиянды жәндіктер мен кемірушілерді құртып, олардың табиғаттағы санын реттеуге қатысады. Кейбір түрлері бау-бақшаға, егістікке зиянын тигізіп, әр түрлі жұқпалы, паразиттік аурулардың қоздырғыштарын таратады.
1868 ж. Вена қаласында (Aвстрия) алғаш рет құстарды қорғау туралы ресми шешім қабылданған. 1922 ж. Құстарды қорғаудың Халықаралық кеңесі құрылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының "Қызыл кітабына" құстардың 209 түрі мен 83 түр тармағы, ал Қазақстанның "Қызыл кітабына" 56 түрі енгізілген.
1.2. Құстардың көбею мен дамуы
Құстардың көбеюі. Құстардың көбею биологиясында бірнеше тамаша прогрессивті ерекшеліктер бар.
Олардың негізгілері мыналар: 1) құстар ұрықтанған жұмыртқаларын арнаулы ұя-ларға салады; 2) жұмыртқалары ата-аналарының денесінен шыққан қызудың әсерінен дамиды. Сондықтан құстар жұмыртқасының дамуы сыртқы ортаның температурасына байланысты емес; 3) Ата-аналары жауларынан ұяларын әр түрлі тәсілмен қорғайды; 4) ата-аналары шыққан балапандарын бағады.
Құстардың жыныс бездерінің жетілуі түрліше: ұсақ торғай тәрізді құстардың жыныс безі 8 -- 12 айда, қарғалар, ұсақ шағалалар, үйректер, ұсақ күндізгі жыртқыштар -- өмірінің екін-ші жылында, ал ірі шағалалар, гагарлар мен бүркіттер үшінійі жылында жетіледі.
Көптеген құстардың жыныс безі жетілген кезде жыныстық диморфизмі байқалады. Ұрғашыларына қарағанда еркектерійің дене мөлшерінде, дауысында, пластикалық белгілерінде, түсінде ерекшелік білінеді. Еркектері әрқашанда ұрғашыларынан ірі болады. Бірақ бұл заңдылыққа сәйкес келмейтін қазуарлар, кивилер, тинамулар, күндізгі жыртқыштар сияқты құстар да бар. Әтештерінің түсі ашық, әсем болады. Мысалы, тауық тәрізділерде, Керісінше солтүстікте тіршілік ететін жүзгіш балшықшының (Рһаіагориs) мекиенінің түсі ашық, айқын болады. Бұларда жұмыртқасын еркектері басады.
Тауықтардың, құрлардың және қыргауылдардың әтештері-нің құйрығында қауырсындары және аяқтарының арт жағында мүйізді өсінді -- тегеуіріні болады.
Жыныс диморфизмі құстардың бір азғанасында болмайды. Бұл сияқты құстарға пингвиндер, түтік тұмсықтылар, ескек аяктылар, гагарлар, сұр қарлығаштар т. б. жатады. Ал кейбір құстардың жыныс диморфизмі (шағалалар, чистиктер, пастушкалар, балшықшылар және торғай тәрізділердің көпшілігі) нашар білінеді.
Көпшілік құстар "күй салтанаты" кезінде монагамды. жұп құрайды, яғни бір еркегі мен ұрғашысы қосылып бір жұп болып жүреді. Қосарланып жүру уақытының ұзақтығы түрлі құстарда түрліше уақытқа созылады. Мысалы, аққулар, ірі жыртқыштар, дегелектер бірнеше жылдарға дейін, кейбір жағдайда өмір бойына жұбымен жүреді. Қаздар, бірқатар үйректер (пеганка, отайка), бірнеше торғай тәрізділер, тек көбею маусымында ғана жұп құрайды. Балапандарын шығарып,ұшырғасын мұндай құстар жұбын ажыратады. Көпшілік үйректер жұмыртқа салар алдында шағылысу кезінде ғана жұп құрап, ұяларын салып болғасын ажырасып кетеді. Кейбір құстар шағылысу кезінде, бірнеше минут немесе сағат қана жұп құрайды. Мүндай құстардың әтештері, бір көбею маусымында, бірнеше мекиендерді ұрықтандырады. Олар күн сайын жаңа жұп құрайтын болады. Шын мәнінде бұл полигамдар, анығырақ айтқанда полигиндер деп атала-ды. Бұған меңіреу құрлар, турухтандар, колибрилер жатады. Табиғи жағдайда нағыз полигиндерге тауыстар, үй құстарынан тауықтар жатады.
Құстардың бір азғана тобында полиандрия, яғни көп этеш-тілік байқалады. Мұндай жағдай ушсаусақтыларда (Тигпісеs), жүзгіш балшықшыларда (Рһаlагориs) және тинамуларда кездеседі.
Құстардың көптеген түрлері шағылысар алдында, еркегі мен ұрғашысы жұп құрап, азғана уақыт бірге жүреді. Мұның өзі олардың жыныс бездерінің толық және тез жетілуіне әеер етеді. Бұл кезде құстардың мінез-құлқы өзгеріп, әр түрлі қимылдар жасайды және қанаттарын үрпитіп, дауыстарын өзгертеді. Мысалы, бұлдырықтар "күй ойнағын" өткізетін тоғайдың ашық алаңдарына түнде жиналады да "күй ойнағына" таң ата кіріседі. Әтештері қанатын сүйретіп, құйрық қанаттарын үрпитіп жайып жібереді. Олар ерекше дауыс шығарып, оның ырғағын өзгертіп әндетеді. Ойындары әбден қызып келген кезде ерекше дыбыс шығарады да әтештері бірімен-бірі таласады. Бұл кезде мекиендері бұталарда немесе тоғайдың ашық жерлерінде оіьь рады.
Гагардың әтештері "күй ойнақ" кезінде, суда айрықша бір қимылдар жасап, тез қозғалады. Ақ кекілік "күй ойнақ" кезінде мезгіл-мезгіл жерден жоғары аспандап ұшып, ерекше қықылықтайтын дыбыс шығарады. Шағылысар алдында арнаулы дыбыс Шығару -- көптеген құстарға тән қасиет. Шағылысар алдында дыбыс шығарып жырлау көмекейдегі дыбыс қатпарлары арқылы орындалады, ал кейбіреулерінде басқа органдар арқылы да орындалады. Мысалы, таукұдырет "күй ойнақ" кезінде ауада ұшып жүріп, төмен қарай түскенде, құйрық қанатын жайып жібереді. Тоқылдақ "күй ойнақ" кезіндеқұрғақ ағашқа орнығып алып, тұмсығымен ағашты үсті-үстіне соғып, дауыс шығарып -- "жырлайды" -- мұны "барабан сарыны" деп атайды.
Құстардың шағылысу алдында, әтештерінің мінез-құлқының өзгеріп "күй ойнақ" жасауы, сыртқы ортаның негізгі әсерінің бірі болып саналады. И. П. Павловтың айтуынша, сыртқы ортаның осындай әсерінсіз ("сигналынсыз") мекиендердің шағылыс циклының қалыпты түрде аяқталуы және оған дайындалуы мүмкін емес. Шағылысар алдындағы құстардың мінез-құлқының өзгеруі -- олардың жоғарғы нерв әрекеттерінің айқын көрінісі болып саналады.
Жұп құрғаннан кейін құстар ұя салуға кіріседі. Құстардың ұясы алуан түрлі, бірақ белгілі бір түрінің ұясы әрқашанда белгілі бір формада салынады. Ұяларының сипаты, олардың биологиялық түр ерекшеліктеріне және ұя салатын ортасының экологиялық ерекшелігіне тығыз байланысты. Құстардың кейбір түрлері ұя жасауға әрекеттенбей-ақ кезкелген жерге туа береді. Мысалы, қайрлар, жалаң тастың үстіне бір ғана жұмыртқа салады. Ешкіемерлер (1 -- 2 жұмыртқасын) арнаулы үя жасамай-ақ топырақтың шұңқыр жеріне туа салады. Кіші зуектер мен өзен крачкалары құмдардың шұңқыр жерлеріне салады. Ұяда төсеніш болмайды, бірақ құм жауып қалмайтындай етіп оның жиегін ұсақ тастармен көмкеріп қояды. Балшықшылар мен тауық тәрізділердің көпшілігі ұяларына аздап та болса құрылыс материалдарын пайдаланады. Жұмырткаларын топырақтың ояздау жеріне салады да ұясының астына болар болмас төсеніш төсейді.
Ағаштарға ұялайтын құстардың да ұяларының бірқатары қарапайым құрылысты болады. Мысалы, кейбір көгершіндер бір азғана бұтақтан құрастырып, оның жиегін көмкермей-ақ ортасын шұңқырлайды да, соған жұмыртқалайды.
Күндізгі жыртқыш құстарда ұяларын осы типтес етіп жасайды, бірак, олардың ұясы өте қалың болады. Торғай тәрізділердің көпшілігінің үялары күрделірек және ұясының қуысы терең болады. Ұясын жасауға құрылыс материалдар есебінде -- құрғақ шөптерді, мүктерді, қыналарды, шаш және қауырсындарды пайдаланады. Шымшықтар ұясының ішін балшықпен сылайды. Орман құстарының ұялары, елеусіз екі бұтақтың айрылысқан жеріне салынады. Кейбір құстар жұмыртқаларын жауларынан қорғау үшін жабық ұялар -- "ұя-үйшіктер" жасайды. Мұндай ұя салатын құстарға пеночектардың кейбір түрлері, ұзынқұйрық сарышымшықтар, құрқылтай, тропикалық нектарницалар мысал бола алады. Бұл құстардың соңғы екеуінің ұясы ағаштың
196 жіңішке бұтағына ілініп тұрады, сондықтан оған ағаш бойымен өрмелеп жүретін жыртқыштар жете алмайды.
Көптеген құстар ағаштың діңіндеғі қуыстарға ұялайды. То-қылдақтар өзегі шіріген ағаштардың ортасын қуыстап, ұя салады. Қараторғайлар, дүпілдектер, шымшықтар, жапалақтың кейбір түрлері, тотылар және көгершіндер -- ағаштардың табиғи қуыс жерлеріне немесе тоқылдақтардың жасаған шұңқырларына ұялайды. Азияның оңтүстігін мекен ететін мүйіз тұмсықты құстар ағаштың қуысына ұясын салып, мекиенін ұя басқан күйінде қалдырып, одан мекиенінің тұмсығы сиғандай тесік қалдырып, басқа жерін сылап, бекітеді. Енді бір құстар тұмсығы-мен немесе аяқтарымен жерді қазып ін жасап, ұяларын сол індерге салады. Інде ұялайтын құстар: жаға қарлығаштары, щуркалар, зимородкалар және балта тұмсықтар т. б.
Жаңа Гвинейдің қорс тауығының ұясының өзіндік ерекшелі-гі бар. Олар құмды топырақтан үлкен етіп шұңқыр қазып, оны шіри бастаған өсімдіктермен толтырады. Оның маңында көп уақытқа дейін болып, қазып температурасын байқайды. Температура 29 градусқа жетсе, ортасын шұңқырлап, сол жерге жұмыртқалап болғасын, үстін шіріген шөпке құмды араластырып, жауып тастайды. Жұмыртқалары күннің қызуының және шөптесін заттардың шірігенде шығаратын жылуының әсерінен дамиды.
Көпшілік құстардың жұмыртқаларының түсі, жұмыртқа сал-ған жердің түсі түстес келеді. Осының салдарынан жыртқыш-тар, ондай жұмыртқаларды аңғармаңды. Мысалы, ешкіемер-дің, шілдердің, кейбір балшықшылардың жұмыртқаларын 1 -- 2 м жерден байқауға болмайды. Торғай тәрізділердің бір қатары, ұясының сыртына мүктерді, қыналарды өсімдіктің жапырағын іліп қояды. Сондықтан да мүндай ұялар бұтақ-тардың жуан буынтығы сияқты көрінеді де, жауына байқалмайды.
Казаркалар әдетте лашындардың ұяларының маңайына ұя-лайды. Лашындар өз ұяларын актив қорғаумен қатар, басқа жыртқыштарды ұясының маңайына келтірмейді. Міне сондық-тан казаркалардың да ұялары аман сақталады.
Шөлдегі торғайлар ұясын дала бүркітінің ағаш бұтағынан жасаған ұясының арасына салады. Сөйтіп, олардың да ұясы аман сақталатын болады.
Құстар амфибилер мен рептилилерге қарағанда жұмыртқа-ны аз салады. Құстар түрлеріне қарай 1 -- 25-ке дейін жұмыртқа салады. Қайрлардың, чистиктердің көпшілігі, кейбір ірі шағалалар және ірі күндізгі жыртқыштар бір ғана жұмыртқа туады. Көгершіндер, колибрилер, тырналар, гагарлар, кейбір ешкіемерлер мен чистиктер көбінесе екі жұмыртқа салады. Шағалалардың көпшілігі үш жұмыртқа, ал балшықшылардың жұмыртқасы төртеу болады. Ұсақ жыртқыштар, кейбір торғай тәрізділер 5 -- 6 жұмыртқа салады. Қаз тәрізділер, тауық тәрізділер
және кейбір торғай тәрізділер, бұдан да көбірек жұмыртқа са-лады. Мысалы, барылдауық үйрек 6 -- 14 жұмыртқа, сұр үйрек-тер 7 -- 13 жұмыртқа, сұр кекілік 12 -- 26-ға дейін жұмыртқа салады.
Қызылшақа балапан шығарушы құстардың жұмыртқасы-ның санынан, ширақ балапан шығаратын құстардың жұмыртқасы көбірек болады, Ол ширақ балапанның қиындықсыз тез өсуіне байланысты. Әйткенмен мұндай заңдылық әрқашанда сақтала бермейді. Мысалы, ширақ балапан шығаратын шағалалар мен балшықшылар 3 -- 4 жұмыртқа туса, қызылшақа балапан шығаратын торғай тәрізділер 10-нан артық жұмыртқа салады. Тағы бір ескеретін жағдай, бір түрге жататын құстар-дың ішінде көп жұмыртқа туу солтүстік ендікте ұялайтын құстарға тән. Ол солтүстікте күн ұзақ, `Сондықтан балапандары көп болса да, азық тауып бере алады; екіншіден, солтүстікте күзде күн салқындаранда және оңтүстікке қарай ұшқанда бір-нешеуі өліп шығын болуы мүмкін.
Жұмыртқаны ата-анасыньгң біреуі немесе мекиені мен әтеші кезектесіп басып, балапан шығарады. Тауық тәрізділердің көпішлігі, торғай тәрізділер, қаз тәрізділер, жапалақтар, кейбір күндізгі жыртқыштар мен балшықшыларда балапандарын тек қана мекиендері басып шығарады. Австралияның және Американын, түйеқұстары, тинаму, кейбір балшықшылар, мы-салы, біздің солтүстіктегі плавунчиктерде жұмыртқаларын әтештері басып, балапан шығарады. Қалған құстардын, әтеші мен мекиені кезектесіп басады.
Құстардын жұмыртқаларын басу мерзімі, олардың түр өз-гешелігіне және жұмыртқанын мөлшеріне байланысты бола-ды. Балапандары ширақ болатын құстар, әлсіз, қызылшақа балапан шығаратын құстарға қарағанда ұзағырақ басады. Ұсақ торғай тәрізді қүстардың жұмыртқаларының дамып, балапан шығару мерзімі 9 -- 14 күн; кара тоқылдақтың жұмыртқасы -- 14 күн, қарғалардікі -- 17 -- 20, қырғи -- 31 -- 35 күн, бүркіт -- 44 күнде балапан басып шығарады. Балапандары ширак болатын құстарда: тауқұдірет -- 17 -- 18 күн, кекіліктер -- 21 күн, қырғауыл -- 21 -- 25 күн, құр -- 23 күн, жабайы үйректер -- 24 -- 28 күнде жұмыртқасын басып, балапан шығарады.
Жұмыртқадан шыққан балапандардың ширақтық дәрежесі түрлі құстарда түрліше болады. Осыған сәйкес ширақ балапан шығарушылар және әлсіз, қызылшақа балапан шығаратындар болып екіге бөлінеді. Ширақ балапан шығарушы құстардың балапаны -- жұмыртқадан шыққанда көзі ашык, денесі ма-мықпен жабылған, өзі жүріп жемді шоқи бастайды. Құстардың бүл түріне көбінесе жерде және суда мекендейтін: тауық тәріз-ділер, дуадақтар, жылқышылар, қаз тәрізділер жатады. Әлсіз, қызылшақа балапан шығарушылардың балапандары -- жала-ңаш, кейде аздап та болса қауырсыны болады, көпшілігінің кө-198
зі жұмулы, әлсіз болады. Ата-аналары ғана қоректендіреді. Балапандары әлсіз, қызылшақа болатын құстарға: торғай тәрізділер, тоқылдақтар, сұр қарлығаштар, көгершіндер, колибрилер, көк қарғалар, зимородкилер, ескек аяқтылар жатады. Жапалақ және күндізгі жыртқыштарда әлсіз қызылшақа балапан шығарады. Бірақ, бұлардың балапаны біршама жетіліп, денесінде мамық болып туады; ал күндізгі жыртқыштардың балапанының көзі ашық болады.
Құстар тіршілігінің жыл маусымдық циклы және ұшып кетуі. Құстардың тіршілігі, басқа жануарлардікі сияқты, белгілі биологиялық ритмге байланысты. Биологиялық ритмі -- тіршілік жағдайының маусымды өзгеруіне және түрдің ортаға бейімделуіндегі тұқым қуалаушылық сипатына байланысты. Қорыта келгенде құстардың жылдық тіршілік циклі көптеген биологиялық фазадан құралады, сол кезде қандай болмасын бір биологиялық қүбылыс басымырақ болады. Мысалы, шағылы-су, жұмыртқа басу, түлеу т. б.
Құстардың жылдық биологиялық циклінің негізгілері мыналар:
Көбеюге дайындық -- құстардың тіршілік жардайларының күрделі жиынтығының заңды әсерлерінің нәтижесінде байқалатын, туа пайда болған инстинкт. Бұл көпшілік жағдайда "сигналдық" (И. П. Павловтың айтуынша) сипатта болады. Жыныстық инстинкті қоздырушы факторлар: тәулік ішіндегі күн жарығыньщ заңды өзгеруі және климаттық басқа ерекшеліктері, әтештерінің болуы және олардың мінез-құлқындағы өзгерістер ("күй ойнақ"), ұя салған ландшафтаның ерекшелігі, ұяның өзі т. б. факторлар.
Бұл күрделі құбылысты түсіндіруде жоғарғы нерв системасының әрекеті шешуші роль атқарады. И. П. Павлов оны; "физиологияның үлкен бөлімі -- нерв системасы, негізінен организмнің жеке органымен емес бүтін организммен ортаның арасындағы қарым-қатынасын қалыптастырады" деп жазған болатын. Көбеюге дайындық жасау, жұп құрау, ұя салу үшін белгілі территорияға ие болудан басталады. Бұл дайын-дық мерзімінің ұзақтығы түрлі құстарда түрліше болады. Торғай тәрізділердің көпшілігі ұя салмаған уақытта бірнешеуі бірігіп,топтанып жүреді де, көбею алдында, көктемде жұп құрайды.Бұл жағдайда ұялайтын жеріне алғаш әтештері ғана ие болады да, оған кейлн мекиендері қосылады. Қаз тәрізді-лер мен жыртқыш құстар қыс ішінде жұп құрап, ұя салатын жеріне қалыптасқан қосақ түрінде келеді. Жыртқыш құстарда ұялайтын жеріне әтеші мен мекиені бірге ие болып, балапан-дары ұшқанша жұбын жазбайды. Мұндай жағдайды қаз тәрізділерде де кездестіруге болады.
Балапан шығару кезеңі -- құстардың шағылысу, ұя жасау, жұмыртқа салу, жұмыртқа басу және балапандарын қоректендіру сияқты бірінен сон, бірі келіп отыратын өте маңызды биологиялық құбылыстарды қамтиды. Бұл уақытта құс-тар ұясының маңында болады, тек қана балапандарына жем іздеген кезінде ғана ұясынан қашықтап кетеді.
Құстардың түлеу кезеңі -- түрлі кұстарда түрліше болады. Көпшілігінде құстар көбейгеннен кейін ғана түлейді. Балапандарын жұмыртқадан тек қана мекиендері, немесе көпшілік жағдайда мекиендері басып шығаратын құстарда әтештері ерте түлейді. Бірқатар құстар біртіндеп ұзақ уақыт түлейді, ол кезде олардын, активтігі аздап та болса да бәсеңдейді. Мекен еткен жерін өзгертпей, тасалау жерді тауып, сол жерде болады. Оған торғай тәрізділер мысал болады. Ал тауық тәрізділердің түлеуі өте тез орындалады, сондықтан олар түлеу кезінде таса жерде жасырынып тіршілік етеді. Қаз тәрізділердің де түлеуі өте тез орындалғандықтан, олар уақытша үшу қабілетін жояды, соған сәйкес су жағасының меңіреу түкпірлеріне ауысады.
Құстардың түлейтін орны қоректік заттарының шамасымен емес, құстардың қорғану, жасырына алу ерекшелігіне сәйкес таңдалып алынады. Құстар түлеу кезінде өте арықтап кетеді.
1.3 Құстардың дене құрылысы
Тері жамылғысы және оның туындылары. Құстардың терісі жұқа, оның сыртқы эпидермисқкабаты нашар жетілген Тері қабатында ешқандай бездері және сүйекті туындылары болмайды, тек қана құйрық түбірінің үстіңгі жағында құймышақ безі болады. Оның шығарған секрет заттары қауырсындарды майлап, оған су жұқпайтын етеді. Құймышақ безі су құстарында жақсы дамыған, құрлықта тіршілік ететін кұстарда болмайды. Сүйекті туындыларының болмауына байланысты эпидермистің түрін өзгерткен түрлі мүйізденген туындылары тері бетінде көп кездеседі. Мысалы, жоғарғы және төменгі жақтарының үсті азды-көпті болсын мүйізденген қапшықпен қапталып, тұмсықты құрайды. Тырнақтары мен сирақтарының сыртын мүйізді қабыршақтар қаптаған. Құстардың көпшілік түрлерінің денесі бір тегіс қауырсынмен қапталып тұрмайды. Қауырсыны бар жерін птерилия, ал денесінің қауырсыны жоқ жерін, немесе сирек кездесетін жерін аптерия деп атайды
Құс қауырсындары құрылысына және атқаратын қызметіне қарай түрліше болады. Денесінің сыртын қалыпты (контурный) қауырсын жауып тұрады. Ол негізгі қаламнан және оның екі жағында симметриялы орналасқан азды-көпті пластинка опахаладан тұрады Қауырсынның теріге еніп тұратын бөлімін (очин) қалам қауырсын дейді. Қауырсын сабағының жоғарғы пәр бекіген бөлімі сабағы деп аталады. Пәр ұзын бірінші дәрежедегі мұртшалардан және оған орнаған кішкене екінші дәрежедегі мұртшалардан қалыптасады. Екінші дәрежедегі кіші мұртшалардың ұсақ, көптеген ілмешектері болады. Осы ілмешектер өз ара байланысып, бір серіппелі тақташа желпеуіш құрайды.
Қалыпты -- контурлы қауырсын бүкіл денесін сыртынан жауып тұрады. Бұл қауырсындар құстың денесін сыртқы механикалық әрекеттерден және дене жылуының азаюынан сақ-тайды.Құстың қанаттары мен құйрығы осы қауырсындардан қалыптасады. Бұл қауырсындарды орналасу жерлеріне қарай бірнеше топтарға бөледі. Мысалы, екі қанатының артқы жиектеріне орналасқан ұзын қауырсындарды -- қақпа (маховые) қауырсындар, кұйрығындағы ұзын қанаттарын бағыттаушы ,(руль) қауырсындар, қанатының үстін жауып жататын кауырсындары -- қанат үстін жабушы, құйрық үсті қауырсындар деп аталады.
Қалыпты қауырсындардың астыңғы жағында ұсақ -- мамық, қауырсындар орналасады. Бұл кауырсындардың сабағы жіңішке, екінші дәрежедегі ұсақ мұртшалары жоқ, сондықтан олардан серіппелі тұтасқан пластинкалар калыптаспайды. Кейбір мамық қауырсындардьщ сабағы өте жіңішке болады, сондықтан мұртшалары сабақтың жоғарғы жағында бір шоқ болып орналасады. Мүндай мамық қауырсындарды -- нағыз мамық қауырсын -- деп атайды. Мамық және нағыз мамық қауырсындар су құстарында, әсіресе салқын жақта тіршілік ететш құстарда көбірек болады. Олардың негізгі қызметі -- организмдегі жылуды жоғалтпайды. Мамық кауырсындардың арасында, мұртшалары жоқ жіпше тәрізді қауырсындар да кездеседі Көптеген құстардың езуіне орналасқан қылтандары да болады (ешкіемер, қарлығаш). Ауада үшып жүріп қорегін ұстайтын насеком жемділердің түрлерінде аузын ашқан кезде воронка сияқтанып насекомдарды қағып алу мүмкіндігін арттырады.
Қауырсындардың дамуы, олардың рептилилермен ата тегі жағынан тығыз байланысты екенін байқатады.
Қауырсындары үздіксіз түлеп отырады. Көпшілік құстар жылына 1 -- 3-ке дейін түлейді. '
Ет системасы. Құстардың бұлшық еттері, олардың тіршілік әрекетіне байланысты бірнеше ерекшелігімен сипатталады. Біріншіден, балықтарға, амфибилерге және рептилилерге қарағанда құстардың бүлшық еттері біршама жіктеліп, барып күрделенген. Ол ұшу кезіндегі күрделі қозғалысқа, жүруге, өрмелеуге және тамағын табура мүмкіндік береді. Екіншіден, аяқтарын қозғауға икемделген көлемді бұлшық еттер дене скелетіне орналасып, екшші сіңір ұштарымен аяқтарға бекінген. Үшіншіден, негізгі қимылын қанаттары атқаратын болғандықтан, қанаттарын қозғалтатын ірі бұлшық еттер денесінің арқа жағына орналаспай, қанаттарды қозғайтындай болып көкірек бөліміне, төс сүйегінің екі жағына орналасқан. Әсіресе аяқтарының бұлшық еттері назар аударарлық. Төс сүйегінің қырына бекінген ірі төс еті құстың жалпы салмағының 20 процентіне жетеді де, қанаттарын төмен түсіруге қатысады. Оның астында жатқан бұғана асты еттері көлемі кіші болса да, қанатты жоғары көтеруге мүмкіндік береді. Артқы аяқтарын қозғайтын 35-ке жуық күрделі бұлшық еттері болады. Бүлардың ішінде көбірек көзге түсетіні оралымды бұлшық ет. Бұл ет жамбастан басталып ,ортан жілік бойымен созылып келіп, тізенің үстінен сіңір сияқты, қатты тарамыс түрінде оралып өтіп, одан саусақтарды иіп тұратын тарамыстарға барып жалғасады. Құс бұтаққа келіп қонғанда, тізесі иіліп, оралымды ет созылады, соның салдарынан саусақтарын иіп тұратын сіңір созылады, саусақтары бүгілігі бұтақты бүреді. Құс неғұрлым төменірек басылып, орнықтырақ отырған сайын, оралымды бұлшық ет күштірек созыла түсе де, саусақтар бұтақты бүре түседі. Сондықтан да, бұтақта қонақтап, ұйқтап отырған құстар құлап кетпейді.
Құстардың басқа түрлерінде (торғай тәрізділерде) саусақ-тарының автоматты иілуі басқаша. Бұл өзгешелік саусақтар-дың қалыңырақ қабатта жатқан игіш бұлшық елің әрекетіне байланысты. Бұл еттің сіңірі саусақтардың ұшына барып бекиді. Сіңірдің астыңғы жақ бетінде көптеген бұдыры болады, ол сіңір қынаптың ішімен өтеді. Қынаптың ішкі бетінде көлде-нең орналасқан қабырғалар бар. Құс бұтаққа қонып, саусақта-рымен бұтақты бүргенде, ,сіңірдің төменгі бетіндегі бұдырлары құстың салмағымен, қынап ішіндегі қабырғаның арасына кіре түседі де, тістеседі. Осының нәтижесінде, иілген саусақтар сол қалпында қалады, құс бұтаққа ешбір бұлшық еттің жәрдемінсіз-ақ бекиді. Енді құс көтерілгенде, сіңірдің бұдыр беттері, қынаптың қабырғаларынан алшақтап барып ашылғанда саусақтары жазылады.
Скелетінің ұшуға бейімделуіне және құрлықта жүруіне бай-ланысты өзіндік ерекшеліктері бар: біріншіден, алдыңғы аяқтарының, иык, және жамбас белдеуінің өзіндік өзгерісінің болуы; екіншіден, барлық скелетінің жеңіл, әрі мықты болуы. Сүйек-терінің жеңіл болуы көптеген сүйектерінде куыстың болуынан, ал беріктігі -- даму кезеңінің ерте мерзімінде бірқатар сүйектерінің жымдасып, бірігіп кетуінен болады. Тіпті ересек құстар-дан сүйектердің жігін байқау мүмкін емес.
Омыртқа жотасы -- мойын, кеуде, бел, сегізкөз және құймышақ-кұйрык; бөлімдерінен калыптасады. Бел омыртқалары ересек құстарда күрделі құрылысты сегізкөз құрамына енеді. Бас күрделі қимылдар жасайтындықтан мойын омыртқалары ұзын және тез қозғала алады. Құстардың мойын омыртқаларын гетероцельдік омыртқалар деп атайды. Себебі, мойын омыртқалары бір-біріне ер сияқты жалғасады. Мұның өзі олардың тез кимыл жасауын да қамтамасыз етеді. Құстардың мойын омыртқаларының саны 11-ден 25-ке дейін болады. Бас сүйегімен жалғасатын алғашқы екі омыртқасы амниоттардың омыртқалыларының құрылысына ұқсас болып келеді, оларды атлант және эпистрофей деп атайды.
Кеуде омыртқалары (3-тен 10-ға дейін) бір-бірімен сегізкөз және кұймышақ омыртқаларымен бірігіп кеткен. Оларда болатын қабырғалар төс сүйегіне қозғалмалы болып бекіген. Қабырға көкірек және арқа бөлімдері болып екі бөліктен тұрады. Олардың қосылған жері, қозғалмалы бекініп, денесінің артына қарай сүйір бұрыш жасайды. Қабырғалардың мұндай құрылыста болуы арнаулы бұлшық еттерінін, жиырылуының нәтижесінде төс сүйегін омыртқа жотасына бірде жақындатып немесе қашықтатып отырады. Соның нәтижесінде көкірек көлемі өзгеріп отырады, мұның тыныс алу орындалуда маңызы зор.
Бел омыртқалары өз ара бір-бірімен, мықын сүйектерімен және сегізкөз омыртқаларымен тұтасып бірігіп кеткен. Құйрық омыртқаларының да бірқатары сегізкөз-құймышақ омыртқалармен қосылып кеткен. Соның нәтижесінде (10 -- 22) тек қана кұстарға тән күрделі сегізкөз-құймышақ қалыптасады, жая омыртқалары құстарда рептилилердегідей екеу болады. Құстар жер бетімен жүргенде денесінің салмағы артқы екі аяғына түседі, сондықтан күрделі сегізкөз организмге тірек қызметін атқарады. Құстарда бос қозғалмалы құйрық омыртқалар 6 -- 9 болады. Құйрық омыртқалары бірден құйыршық сүйегіне айналады -- мұны құйрық сүйек немесе пигостиль деп атайды. Пигостиль біріккен бірнеше құйыршық омыртқаларынан тұрады. Құйыршық сүйектері құйрық қанаттары бекитін тірегі облып есептеледі. Құйрық сүйектері, құйрық қанаттарының бекуіне мүмкіндік береді.
Құстардың бас сүйегінің -- құрылысы рептилилердің бас сүйегінің құрылысына ұқсас. Желке бөлімі төрт сүйектен құралады (негізгі, екі бүйір және жоғарғы шүйде сүйектері). Желке бұдыры рептилилердікі сияқты біреу ғана болады. Есіту капсуласы үш құлақ сүйегінен қалыптасады. Ересек кұстарда бұл сүйектер бірігіп кетеді. Бас сүйегінің түбі: негізгі сына тәрізді, алдыңғы сына тәрізді, тандай және қанат тәрізді сүйектерден қалыптасады. Бас сүйегін үстіңгі жағынан -- қос танау, төбе, маңдай және кеуілжір сүйектер қаптап тұрады. Жоғарғы жағы -- жақ аралық және жоғарғы жақ сүйектерінен тұрады. Жоғарғы жақ сүйегіне арт жағынан -- бет және шаршы бет сүйектері жалғасады. Бұл соңғы екі сүйек шаршы сүйектермен қосылады. Соның нәтижесінде құстарға тән төменгі самай доғасын құрайды. Мұның өзі көз ұясы мен самай ұясын бөліп тұрады. Төменгі жағы рептилилердегі меккел шеміршегі сияқты -- буынды сүйектен және тері тектес -- тіс пластинкасы, бұрыш және жақтың имек өсінді сүйектерінен қалыптасады .
Тіл асты аппараты сүйекті ұзын пластинка тәрізді болады, ол желбезек доғасының бірінші парына сәйкес келеді.
Есіту сүйекшесі рептилилердікі сияқты бір сүйектен тұрады. Құстардың бас сүйегінін, рептилилердің бас сүйегіне ұқсас белгілерімен қатар өзінше көп өзгешеліктері де бар: құстардың миының көлемінің, әсіресе ми сыңарларының үлкен болуына байланысты ми сауыты да үлкен болады; көз алмасының үлкен болуына байланысты, көз ұясының да шұңқыры үлкен 'болады құстардың көзі маңызды сезім мүшесі болып табылады. Жақ сүйектері бір-бірімен тұтасып, азықтық затты қармап алуға қо-лайлы күшті аппаратқа айналған; ми сауытының сүйектері жұ-қа және жіктері өте ұсақ, сондықтан да ми сауыты мықты және жеңіл болады.
Қанаттары және иық белдеуі -- ұшуға бейімделуге байла-нысты ерекшеліктері болған. Иық белдеуі жауырыннан, коракоидтан және бұғанадан құралады. Бұлардың жоғарғы жақ бастары түйісіп келіп тоқпан жілік бекитін ойықты қалыптастырады. Жауырынының тұрқы ұзын, түрі қылыш тәрізді иіліп келеді. Ол қабырғалардың үстінде жылжып қозғала алатындай болып орналасқан. Коракоид өте жақсы дамыған, оның бір ұшы төспен ұштасады да, екінші ұшы буын арқылы тоқпан жілікпен жалғасады. Құстардың оң және сол жақтағы бұғаналары бірігіп кетеді -- мұны "айыр" сүйек деп атайды. Ол иық белдеуіне серпімділік қасиет береді .
Қанат скелеті бес саусақты жануарлардікі сияқты бірнеше сүйектерден құралады. Әйткенмен иық және бұғана сүйектері "өзгермеген, керісінше нашар дамыған.
Артқы аяқтар және оның белдеуі. Жүргенде құстардың барлық салмағы, артқы екі аяғына түсетін болғандықтан, олардың құрылысында бірқатар өзгешеліктердің бар екенін көреміз. Жамбас белдеуіне күрделі сегізкөз бен мықынның үлкен қалақша сүйектерінің ұзына бойына тұтасып барып орналасқандығы үлкен тірек болып саналады. Мықын сүйектерімен өте ірі шонданай сүйегі бірігіп кеткен. Шап сүйегі өте жіңішке шыбық тәрізді болады. Олар шонданай сүйегінін сырт жағына орналас-қан. Жамбас сүйектерінің ұштары түйісіп келіп, ортан жіліктің ұршық басы бекитін ойықты құрайды, од және сол жамбас сү-йектерінін, құрсақ жағына қараған ұштары бір-біріне қосылмай сыртына қарай алшақтап тұрады. Мұндай жамбасты ашық жамбас деп атайды. Мұның өзі, сырты қатты қабықпен қаптал-ған ірі жұмыртқа тууына байланысты болған.
Артқы аяқтары -- ортан жілік, асықты жілік және сирақ пен саусақтардан тұрады. Бұл үш бөлімнің бірінші бөлімі -- ортан жілік деген бір үлкен сүйектен, екінші бөлімі -- асықты жілік және оның шыбығынан; үшіншісі -- сирақ және саусақтардан тұрады. Асықты жіліктің төменгі басына сирақтың бас жағы келіп жалғасады. Ересек құстардың сирақтары бір ғана сүйектен тұрады. Эмбриональдық аму кезінде осы жоғарыда көрсетіл-ген сүйек -- табан сүйектердің және толарсақ сүйектердің бірқатарының бірігуінен келіп қалыптасқаны байқалады.
Құстардың саусақтарының саны көпшілігінде төртеу, үшеу болуы сирек кездеседі, ал Африка түйеқұсында екеу болады.
Ас қорыту органдары. Осы заманда тіршілік ететін кұстар-дың тісі болмайды. Олардың қызметін қоректерін қармап ұс-тауға көмектесетін, сырты мүйізді затпен қапталған қатты тұм-сығы атқарады. Әрбір құстардың қоректену тәсіліне және қа-былдайтын азықтарының түріне қарай тұмсығының формасы да түрліше болады. Мысалы, жыртқыш құстардың тұмсығы төмен қарай иілген, тұмсығының көпшілік жері қалың мүйізді затпен қапталған. Дәнмен қоректенетін қүстардың тұмсығы дәнді шоқып, теріп жеуге икемделудің нәтижесінде біз тұмсықты болып келеді. Қаздардың тұмсығы жалпақ, сырты мүйізді пластинкамен қапталған. Бірқазандардың тұмсығының астыңғы бөлімінде ұстаған балықтарын салатын тері "қалтасы" болады.
Құстардың ауыз қуысының түп жағына тілі бекиді. Оның формасы алуан түрлі болып келеді. Мысалы, жыртқыш құстардың тілі кысқа, әрі қатты болса, қаздардың тілі -- етті, жалпақ, тоқылдақтардың тілі -- өте ұзын, жіңішке болады. Оның үстіндегі желім тәрізді заты қоректік заттарын тез жабыстырып алады.
Сілекей бездері түрлі құстарда түрліше дамыған. Кейбір құстардың сілекей бездері жоқтың қасында (мысалы, ешкіемерде). Сұр қарлығаш өздерінің сілекей бездерінен шықкан сілекейінен ұя жасайды. Оны жұрт "қарлығаштың ұясы" деп дұрыс атамайды. Жыртқыш кұстардың сілекейлері, қоректік заттарын жұмсатып оның шыланған кесегі өңешінен кептелмей, бөгетсіз жылжуына себепкер болады .
Кейбір құстардың (тауықтардың, көгершіндердің т. б.) өңе-шінде азықтық заттарын уақытша сақтайтын және аздап қоры-тылатын (қуыс) кеңістік болады, оны -- жемсау деп атайды.
Көгершіндер балапандарын шығарған кезде, жемсауының ішкі қабатынан "сүт" деп аталатын майлы бөртбе тәрізді зат шығады, онымен олар балапандарын қоректендіреді.
Өңеш қабырғасы жұқа, безді қарынға барып жалғасады. Безді қарынның ішінде қоректік заттарды корытатын ас корыту шырыны болады. Бұл ас қорыту шырынын қарын бездері жасап шығарады. Безді қарыннан қоректік заттар қабырғасы қалың етті қарынға барып түседі. Бұл қарынның ішкі беті мүйізді қабыршақпен қапталған. Бұл қарында қоректік ірі заттар үгіледі. Ірі қоректік заттарды үгуге, біріншіден -- етті қарынның қабыршағы себепші болса, екіншіден -- құстың жұтқан ұсақ тастарының да әсері тиеді. Қарынның дамуы да түрлі құстарда қоректік заттың түріне сәйкес түрліше болады. Мысалы, насеком жемді және жыртқыш құстардың ет қарыны нашар дамыған. Дәнмен қоректенетін құстарда ол жақсы жетілген. Өсімдіктердің ірі, жас бөліктерімен қоректенетін тауық тұқымдас кұстардың қарыны басқалармен салыстыр-ғанда соншалықты жақсы дамыған. Құстардың аш ішегі едәуір ұзын болады. Он екі елі ішектің иінінде ұйқы безі орналасқан. Тоқ ішек пен тік ішектің аралығы жіктелмеген, оларды бір-бірінен ажырату қиын. Көпшілік құстардың аш және тоқ ішектерінің артқы бөлімінің ұштасқан жерінде, екі кішкене тұйық өсінді болады, оны фабрициев қалтасы деп атайды. Бұл өсінділердің атқаратын жұмыстары әлі толық анықталмаған, ал кейбір мәліметтерге қарағанда, гормон шығаратын ішкі секреция бездерінің қызметін атқаруы мүмкін. Құстың жасы ұлғайған сайын бұл қалтаның көлемі кішірейе түседі.
Құстардың бауыры үлкен және екі бөлімнен кұралады. Өт көпшілік кұстарда болады, ал көгершіндердің өті болмайды. Өт жолы он екі елі ішекке келіп ашылады.
Қорыта келгенде, ас қорыту системасының мына ерекшелік-терін көрсетуге болады: 1. Тістерінің болмауы, тісінің қызметін бірқатарында қатты тұмсықтары, бірқатарында ет қарындары атқарады. 2. Ішектерінің қысқарақ болуы (егер шөп жейтін сүт қоректілердің ішектерінің ұзындығы денесінен 20 есе ұзын бо-лады десек, ал өсімдік тектес заттармен қоректенетін тауық тұқымдастарының ішегі өздерінің денесінен 4-ақ есе ғана ұзын болады). 3. Құстардың тісінің болмауы -- ішегінің қысқа, қар-нының екіге бөлінуіне әкеліп сокқан. 4. Артқы ішектерінің, тоқ ішек және тік ішекке жіктелмеуі, денесін жеңілдетуге бейімделу деп қарау керек. Өйткені, тік ішектің негізгі қызметі коректік зат қалдығының уақытша тоқталып тұру және оның ішіндегі артық суды сіңіру болып саналады.
Тыныс органдарының -- өзіндік ерекшелігі және ауада ұшуға ыңғайлылығы, басқа ішкі органдарға қарағанда анағұрлым күштірек және өте айқын көзге түседі.
Көмекей саңылауы кеңірдекпен жалғасады, оның жоғарғы бөлімін көмекей деп атайды. Көмекей бір оймақ тәрізді және екі ожау тәрізді шеміршектен тұрады. Бұл жоғаргы көмекейдің дыбыс шығаруға ешбір қатысы болмайды.
Дыбыс шығару қызметін төменгі көмекейдің атқаруы тек дана құстарға тән ерекшелік. Төменгі көмекей кеңірдектің екі
өкпеге тарамдалатын жеріне орналасады, оған тірек болатын сүйек тектес сақина бар.
Көмекей қуысына, оның сыртқы жағынан келетін сыртқы дыбыс жарғақтары болады, ал осы жерде кеңірдектің төменгі тарамдалған жерінен ішкі дыбыс жарғақтары да келіп түйіседі Дыбыс жарғақтары бекіген, арнаулы еттердің жиырылуынан, яғни тітіркенуінен олардың формалары және қалыптасуы өзгереді де, дыбысы түрліше құбылып шығады.
Құстардың өкпесі амфибилердің және кейбір рептилилердің өкпесі сияқты қуыс қапшық емес, тығыз көпіршікті дене тәрізді болып, көкірек қуысының арқа жақ қабырғасына бекиді. Бронхылары өкпе ішіне еніп, бірнеше ұсақ тарамдарға бөлінеді. Олардың кейбір салалары өкпені тесіп өтіп, ауа қапшықша-лармен жалғасады. Бронхылардың тарамдары өз ара нәзік түтіктер -- парабронхалар, арқылы қосылады. Олардан бірнеше тұйық бітетін түтіктер тарайды, оны бронхиолдар деп атайды. Бронхиолдардың айналасына қан капиллярлары шоғырлана-ды.
Жоғарыда айтылғандай, бронхылардың тарамдары жұқа қабы бар, ауа қапшықтарын құрайды. Мұндай ауа капшық-тарының көлемі, өкпенің көлемінен бірнеше есе үлкен болады. Ауа қапшықтары түрлі ішкі органдардың аралығына орналасады. Олардың түтіктері бұлшық еттердің араларынан өтіп, тері астын қуалап орналасады және сүйектердің қуыстарына да енеді. Құстардың денесінде болатын ауа қапшықтары мойын бөлімінде екеу, бұғана аралығында біреу, кеудеде 2 -- 3 пар және құрсағында үлкен 1 пар болады.
Ауа қапшықтарының ең басты маңызынын, бірі құстар ұшқанда, олардың тыныс алу механизмін реттейді.
Жерде отырғанда құстарда кеуде қуыстарының үлкейіп және кішіреюі арқылы тыныс алады. Құстар ұшқанда кеуде еттері керіліп тұрады, сондықтан көкірек бөлімінің көлемі үлкейіп немесе кішіреймейді. Міне, осы кезде құстар ауа қапшықтарындағы ауалармен және солардың әрекетімен тыныс алады. Құстар қанаттарын көтергенде, ауа қапшықтарының көлемі үлкейіп, ішіне өкпе арқылы ауа толады, ал қанаттарын төмен түсіргенде ауа қапшықтарының көлемі кішірейіп, ауа өкпе арқылы сыртқа шығады. Ауа қапшықтарының ішінде ешбір газ алмасу болмайды. Анығырақ айтканда, құстар денесіне ауа ендіргенде де және шығарғанда да қанда ұдайы тотығу процесі болып отырады. Бұл құбылыс қос тыныс деп аталады. Мұндай жағдай құстардың ұшу кездерінде, денесінің тез қимыл жасауына байланысты, газ алмасу процесін тездетеді. Ұшқанда кұстардың тыныс алуы олардың қанатының қимылының шапшаңдығына байланысты. Неғұрлым құс қанатын тез сермеп, тез ұшатын болса, соғұрлым тыныс алуы күшейеді. Сондықтан да құс жоғарылай ұшқанда тұншықпайды.
Қан айналу органдары. Құстардың жүрегі төрт бөлімнен тұрады. Оның жоғарғы екеуін жүрекше, ал төменгі екі бөлімін қарыншасы дейді. Өкпеде тотыққан қан өкпе денасы арқылы сол жүрекшеге, одан сол қарыншаға құйылады. Сол қарыншадан жалғыз оң жақ қолқа шығып, өз тарапынан екі атсыз артерияға тарамдалады, ал қолқаның негізгі бөлімі оң жақтағы бронханы айналып, дененің арқа бөліміне қарай созылып барып, одан ішкі органдардағы артерияларра тарамдалады да омыртқа жотасының астыңғы жарын қуалай отырып, арқа қолқасына айналды. Сегізкөз тұсына барғанда арқа қолқасынан сан және шат қос артериялары тарамдалып шығады да, қолқаның өзі кішкене құйрық артериясына айналады және ол құйрықтың ұшына барып бітеді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz