Дәстүрлі күйшілік өнер



Жоспар:

Кіріспе.
Күйшілік өнердің пайда болуы және дамуы.
Күйшілік аймақтар, олардың ерекшеліктері.
Дәстүрлі күйшілік өнер
Қорытынды.
Домбыра мұнша шешен болдың неге?
Күй толған көкірегің шежіре ме?
Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесін
Саусағым тиіп кетсе ішегіңе
(Қ. Аманжолов)

Қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі ол өзінің ұлттық музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері. Бұл мұра ғасырдан ғасырға іріктеліп, сұрыпталып, сүргіленіп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отырған. Байырғы кезде қазақ үйінің төрінде әрдайым домбыра ілулі тұрған немесе үй-ішінің біреуі домбырада күй шертпейтін отбасы қазақ арасында кемде-кем болған. Осы орайда халық арасында сұрақтар пайда болуы мүмкін. Осы домбыра, күй сөздері қайдан шыққан? Нені білдіреді? Ол қай кезден бар? Неге домбыра қазақ арасында соншама кең таралған? Осындай сұрақтарға жауап іздеп көрелік.
Белгілі зерттеуші Хайролла Жүзбасовтың пікірінше домбыра сөзі «дөпбұра», «дәлбұра», «дембұра» деген сөздердің тізбегі арқалы жасалған. Бұл белгілі бір логикаға бағындырылған қызғылықты жорамал. Тағы бір болжамды этнограф Ерік Көкеев еңбектерінен табуға болады. Ғалымның пікірінше «том» деп түюлі жұдырық немесе қолдың саласы айтылады. Кейіннен бұл түбір ұяңданып « домға» айналған, «быра» тіркесі бір нәрсені шерту, тарту, дыбыс шығару деген мағына береді-мыс. Яғни домбыра сөзі «қолдың саласымен немесе бес саусақпен шекті шерту» деген мағына береді.
Кейбір деректерде «домбыра» сөзі арабтың « дунбаһи бурра» тіркесінен, яғни «қозы құйрық» деген сөзінен қалыптасқан деген долбар әңгіме бар. Бұлай дегенде шамасы домбыраның шанағының сүйірленіп барып, қозы құйыршықтанып бітетіндігін негізге алған болуы керек.
Құдайберген Жұбановтың еңбегінде «күй» сөзіне мынадай пікірін білдіреді: « Қазақта «күй» түрінде айтылатын шағатай, ұйғыр тілдерінде, анатоль түрік тілінде «көк» болып айтылуы тиіс. Қазақтың «и» дыбысының бір қатары шағатай тілінде, ескі ұйғыр тілінде, түркімен, әзірбайжан, анатоль түріктерінің тілінде к, г-ге айналады. Қазақша «байламақ» деген сөз оларша «бағламақ» болады; қазақша «тимек» деген сөз оларша «текмек» болады … сондықтан «күй» деген сөз оларда «көк» болуы табиғи нәрсе», — дейді. Сондай-ақ Ақселеу Сейдімбек те осы пікір жайлы « Күй деп басталатын қай сөздің де сезіммен астасып жатыр. Сол сөз көшпенділердің ең киелі сезімі – тәңірлік наным сеніммен ұштасып жатады. Демек, «күй» деген сөз әу баста Тәңірлік құбылысты білдірген. Тәңірдің дыбысы деген сенімдегі мағынамен шендес болғаны аңғарылады», — деп Құдайберген Жұбановтың пікіріне қосылған.
Пайдаланған әдебиеттер:
А. Жұбанов «Ән – күй сапары» Алматы 1976
А. Жұбанов «Ғасырлар пернесі» Алматы 2002
А. Сейдімбек «Қазақтың күй өнері» Астана 2002
Т. Мерғалиев, С. Бүркіт, О. Дүйсен «Қазақ күйлерінің тарихы» Алматы 2000
Ж. Жүзбай «Шертпе күйдің төрт мектебі» Астана 2009
А. Тоқтаған «Күй тәңірдің күбірі» Алматы 1996.
Т. Жұмағалиева, Д. Ахметбекова, Б. Ысқақов, Ә. Қарамендина, З. Қоспақов «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы» Алматы 2005
http://bilimkozy.idhost.kz/11-ky-referat.html

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе.
Күйшілік өнердің пайда болуы және дамуы.
Күйшілік аймақтар, олардың ерекшеліктері.
Дәстүрлі күйшілік өнер
Қорытынды.
Домбыра мұнша шешен болдың неге?

Күй толған көкірегің шежіре ме?
Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесін
Саусағым тиіп кетсе ішегіңе
(Қ. Аманжолов)

Қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі ол өзінің ұлттық музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері. Бұл мұра ғасырдан ғасырға іріктеліп, сұрыпталып, сүргіленіп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отырған. Байырғы кезде қазақ үйінің төрінде әрдайым домбыра ілулі тұрған немесе үй-ішінің біреуі домбырада күй шертпейтін отбасы қазақ арасында кемде-кем болған. Осы орайда халық арасында сұрақтар пайда болуы мүмкін. Осы домбыра, күй сөздері қайдан шыққан? Нені білдіреді? Ол қай кезден бар? Неге домбыра қазақ арасында соншама кең таралған? Осындай сұрақтарға жауап іздеп көрелік.
Белгілі зерттеуші Хайролла Жүзбасовтың пікірінше домбыра сөзі дөпбұра, дәлбұра, дембұра деген сөздердің тізбегі арқалы жасалған. Бұл белгілі бір логикаға бағындырылған қызғылықты жорамал. Тағы бір болжамды этнограф Ерік Көкеев еңбектерінен табуға болады. Ғалымның пікірінше том деп түюлі жұдырық немесе қолдың саласы айтылады. Кейіннен бұл түбір ұяңданып домға айналған, быра тіркесі бір нәрсені шерту, тарту, дыбыс шығару деген мағына береді-мыс. Яғни домбыра сөзі қолдың саласымен немесе бес саусақпен шекті шерту деген мағына береді.
Кейбір деректерде домбыра сөзі арабтың дунбаһи бурра тіркесінен, яғни қозы құйрық деген сөзінен қалыптасқан деген долбар әңгіме бар. Бұлай дегенде шамасы домбыраның шанағының сүйірленіп барып, қозы құйыршықтанып бітетіндігін негізге алған болуы керек.
Құдайберген Жұбановтың еңбегінде күй сөзіне мынадай пікірін білдіреді: Қазақта күй түрінде айтылатын шағатай, ұйғыр тілдерінде, анатоль түрік тілінде көк болып айтылуы тиіс. Қазақтың и дыбысының бір қатары шағатай тілінде, ескі ұйғыр тілінде, түркімен, әзірбайжан, анатоль түріктерінің тілінде к, г-ге айналады. Қазақша байламақ деген сөз оларша бағламақ болады; қазақша тимек деген сөз оларша текмек болады ... сондықтан күй деген сөз оларда көк болуы табиғи нәрсе, -- дейді. Сондай-ақ Ақселеу Сейдімбек те осы пікір жайлы Күй деп басталатын қай сөздің де сезіммен астасып жатыр. Сол сөз көшпенділердің ең киелі сезімі - тәңірлік наным сеніммен ұштасып жатады. Демек, күй деген сөз әу баста Тәңірлік құбылысты білдірген. Тәңірдің дыбысы деген сенімдегі мағынамен шендес болғаны аңғарылады, -- деп Құдайберген Жұбановтың пікіріне қосылған.
Күй сөзі түрік тілдерінің деректерінде XI ғасырдан бері белгілі.Махмұд Қашқаридің әйгілі еңбегі Дивани лұғат ит түрік атты сөздігіндегі көк (қазақта күй болып айтылады) деген атау аспапты музыканы да , әнді де білдіреді. Осы күнгі татар тілінде де күй сөзі аспапты музыка мен вокалдық музыкаға ортақ қолданылады. XVI ғасырдан бермен қарай күй сөзі тек аспапты музыканы ғана білдіретін мағынаға ие болады.
Ен далада күн кешкен елдің аузынан шыққан күй деген сөздің аспаптық музыкаға тән атау екені, оның түп-тамыры одан да арғы замандарда жатқаны он төртінші ғасырдан бері белгілі. Осыған дәлел байырғы заманда 600 жыл бұрын тасқа салынған суреттін табылуы. Сондай ақ күй сөзінің көнелігін білдіретін тағы бір дерек қазақта Ақсақ құлан атты күй болуы. Туу тарихы жағынан бұл күй Шыңғыс хан жорықтарымен тұстасады. Қазақ халқының басына қара заман боп орнаған ХІІІ-ХІV ғасырдың тарихи оқиғаларын баяндайтын шығармаларды алсақ , олардағы музыкалық тілдің тереңдігі, асқан шеберлікті керек ететін ойнау әдіс-амалының молдығы, аңыз хикаяларды суреттеудегі бағдарламалық жүйесі Қазақстан жерінде аспаптық музыка мәдениеті аса жоғарғы дәрежеде ертеде-ақ дамығанына бірден бір айғақ. Қазақ халқының тұрмыс-харекетімен, өмір-тіршілігімен әрқашанда тығыз байланыста болатын күй - жүздеген жылдардан бері қанат жайып, өркендеп келе жатқан жанр. Халқымыздың музыкалық қазынасында сары алтындай сандалкер күйлер жүздеп саналады. Оларды хатқа түсіретін нота мәдениеті жоқ болса да, сыры мен сымбатын жоғалтпай, қайта ажарлана, әрлене түсіп, ауыздан ауызға көшіп, атадан балаға мирас боп қала берді. Әлбетте, құм басқан қалалардай, бізге жетпей, уақыт шыңының астына көміліп қалған күйлер де есепсіз екені және даусыз.
Көпке белгілі, қазақтың халық арасында ең кең тараған музыкалық аспабы - домбыра. Оның әлденеше себептері бар.
+ Біріншіден - домбыраны жасау аса қиынға соқпайды, қолы ұсынақты адам көрінген ағаш затынан жасап ала береді.
+ Екіншіден - домбырада тарту, үйрену, басқа аспаптарға қарағанда аса қиынға соқпайды. Домбыраның пернелері барлық дыбыстарды скрипка сияқты мойын бойлап іздетпей, дәл үстіне түсіреді. Қай пернеде қандай дыбыс бар екенін баста біліп алса, ұмытпау дәрежесі айта қалғандай болса, орындаушы кейін де сол пернені оңай тауып алады.
+ Үшіншіден- домбырада түрлі жағдайда тартуға бола береді, үйде отырып та, түрегеліп тұрып та, шалқадан жатып та, ат үстінде де. Бұл айтылғандар, халық аралап жүрген домбырашылар үшін аса керекті жағдай. Халық күйшілерінің ат үстінде тұрып тартуларыда, шалқасынан жатып тартулары жайында ел аузында әңгімелер көп. Бірнеше күн бұрын кетіп қалып, екі-үш күннен кейін қайтып келіп, үйдің үстінде қалықтап жүрген Топан атты бүркітін түндіктің ашық жерінен көрген Дәулеткерейдің жақсы көрген қыранына арнап шалқасынан жатып тартып шығарған Топан күйі немесе Тәттімбетпен күй тартысқан Абайдың анасы Ұлжанның сіңлісі Тайғараның (Малғара) кей кездерде орнынан түрегеліп кетіп домбыраны емшектің үстіне қойып тарту - оның адам ыңғайына келе беретіндігін дәлелдейді.
+ Төртіншіден - домбыра сүйемелге де ыңғайлы. Мұнда шалқайыңқырап отырып әндетуге де болады. Әншінің даусына кесел келтірмейді. Сондықтан домбыра, бір жағынан әншінің жыршының ақынның да қолқанаты.
Әрине, домбыра бәрінен бұрын күйдін аспабы. Қазақ күйлерінің көпшілігі домбыраға арналып шығарылған.
Академик Әлкей Марғұлан қазақ эпостарының бес кезеңге бөлген. Қазақ эпостарын тектегенде саралаған тарихи кезеңдер күй аңыздары үшін де ұрымтал кілт бола алатынына күмән жоқ. Ол кезеңдер:
1. Ең байырғы заман;
2. Оғыз Қыпшақ заманы;
3. Тарихи дәуірлер (XIII-XIV), яғни қазақ даласына Жошы ұлысының ірге тебуі;
4. Жоңғар арасындағы екі ғасырға созылған күрес кезеңі;
5. Феодалдық қайшылықтарға қарсы күрес кезеңі;
Бірінші кезеңнің күй аңыздары (яғни күйлері де) жаңаша жыл санауға дейінгі VIII-V ғасырлар мен жаңа заманның VI ғасырдағы аралықты қамиды. Бұған Еуразияның Ұлы даласындағы көшпелілер арасына ислам діні тарағанға дейінгі қиял ғажайып тақырыптарға арналған күйлер, жорық сарындары, жаугершілік кезеңдерде ел есінде қалған айтулы батырлар, ақылды арулар, ерге серік болғандай қанатты пырақтар, киелі жануарлар туралы күйлер мен олардың аңыздары жатады. Мәселен, Қос мүйізді Ескендір, Көк төбет, Көк бөрі, Аққу, Сарын, Өгіз өлген, Тарғыл бұқа сияқты күйлер мен күй аңыздарын айтуға болады.
Екінші, оғыз қыпшақ кезеңінің (VI-XII ғғ) күй аңыздары. Бұған Қорқыт ата аңыздары, Абыз толғауы, Саймақтың сары өзені, Балжыңгер сияқты күйлердің аңыздары жатады. Осы заман Қорқыт заманынан деседі. Қорқыт IХ- ғасырда өмір сүрген аңыз кейіпкер. Ол Шыңғыс Уалиханов айтқандай: Қорқыт алғаш қобыз тартып, сарын айтуды үйреткен ең бірінші бақсы. Бақсылық дәстүрді ұстай отырып, қазақ музыкасының негізін қалыптастырды десе болады. 1975 жылы фольклоршы Мардан Байділдаев және қобызшы Мұсабек Жарқынбеков қызылордалық қобызшы Ысмайыл Шәменұлынан Қорқыттан қалған 10 шақты күйін жазып алды.
Қорқыттан соң үшінші ноғайлы кезеңінің (XIII -- XVI ) күйлері. Оғыз қыпшақ кезеңінің аласапыранынан кейін көшпелілердің рулық тайпалық тұтастануы, Алтын орда сияқты айтулы мемлекеттің бой көтеруі осы заманға сәйкес келеді. Тек ол ғана емес, ілгері ғасырлар талқысында тарихи тағдырын ортақтастырған даналық ру тайпалардың саяси одақ құрып, бір бірімен біте қайнасып қазақ деген кең мағыналы этникалық атаумен тарих сахнасына шыға бастаған кезеңі осы тұс. Сондықтан да елдің өзін-өзі тұтастыққа тану сапасы мейлінше шыңдалғанын, бір рудың қырбайлығы тұтас елдің қабырғасын қайыстыратын, ел шетінен найзаның ұшы көрінсе тұтас ел болып ереуілдейтінін, әсіресе, фольклорлық туындылардан айқын аңғаруға болады. Ер Төстік, Жиренше шешен, Алдар көсе сияқты циклданған ертегі-аңыздар, Алпамыс, Қобыланды батыр, Қамбар батыр, Едіге, Ер Тарғын, Ер Қосай, Ер Шорай, Ер Жабай, Орақ-Мамай сияқты эпикалық жырлар, Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз, Жиренше шешен сияқты жыраулар, тапқыр шешендер бәрі-бәрі сол ноғайлы заманына қатысты.

Ноғайлы кезеніңде туған музыкалық және фольклорлық мұралардың санатына Жошы ханның жортуылы, Шора батыр, Әмір асқақ, Қамбар күйі сияқты халық күйлерімен бірге, Кетбұғаның Ақсақ құлан, Асанқайғының Ел айырылған, Қазтуғанның Сағыныш күйлерін және олардың аңыздарын жатқызуға болады.
Төртінші, Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі (XVII-XVIII ғғ) күйлер мен күй аңыздары. Осы екі ғасырда созылған алаапыран халықтың сан-сала рухани мұрасында шыншылдықпен, тарихи деректілікпен орын алды. Аңыз-әңгіме, жыр-дастан, толғау-термелерден бастап, ән-күйге дейін халықтың азатшыл рухы аста-төк көрініс тауып отырды. Осы кезең өзінің рухына лайық Бұқар, Тәтіқара, Қанай, Толыбай, Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты шешен-билерді, жыршы- жырауларды дүниеге әкеліп, олар қара халықтың күйзелісі мен қаһарман ерлігін өлмес өнер тілінде бейнелеп отырды. Мұның айғағы ретінде Қаратаудың шертпесі, Қалмақ биі, Беласар, Қалмақтың қара жорғасы, Кеңес, Абылайдың қара жорғасы, Қоржынқақпай сияқты күйлер мен олардың аңыз-әңгемелерін атауға болады.
Бұл кезеңнің күй аңыздары ширыққан оқиғасымен, тосын шешімдерімен назар аударады. Бір қуаныш, бір қайғы итжығыс түскен заманның мың сан көрінісі өнер тілінде де алуан өрнекпен алдыңнан шығып отырады. Әсіресе, күй аңыздарының белгілі бір тарихи оқиғамен сабақтастығы, нақтылы тұлғалар өміріне арнаулы деректілігімен иландырып отырса, соған үндес музыкалық тілі бейнелегіш қасиетімен баурайды.
Бесінші, XVIII-XIX ғасырларда және XX ғасыр басында туған күйлер мен олардың аңыздары. Бұл кезеңнің рухани мұраларына саяси-әлеуметтік сарынның мейлінше айқын көрінісі тауып отыратынын алдымен айту қажет. Бұл кезеңде туған күйлер де, күй аңыздары да ерекше молдылығымен, тақырыбының әралуандығымен , оқиғасының деректілігімен назар аударады. Әсіресе күйлердің әуен-сазының мейлінше шыңдалған кәнігі (профессиональный) деңгейін айрықша атап өткен жөн. Бұл кезеңге Боғда, Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Тоқа, Ықылас, Қазанғап, Сейтек сияқты ондаған дәулескер күйшілер қазақ музыкасының ұлттық тілін біржолата орнықтырып, жалпы адамзаттық мәні бар рухани феномен деңгейінде танылды.
Жоғарыдағы бес кезеңнен өткен күйшілік өнер күйшілерінің орындау мәнері аймақтық күй ұяларына байланысты дамиды. Күй әуені интонациялы саз ретінде әуелде бір түбірлі болғанмен орындаушылық мәдениеттің тезіне түскен кезде әртүрлі арнаға түседі. Қазақтың күй өнері негізінен төкпе, шертпе деп айдарланған екі машыққа бөлінеді, соған орай олардың жерге, топыраққа тартып тұратын айшықты мінездемелері де бар. Төкпе және шертпе деген анықтама күйдің тәсілі тартысына байланысты туындаған кейінгі аттар, Ахмет Жұбановтың Ғасырлар пернесі кітабындағы Тәттімбет жайлы зерттеуде шертпе күй деген сөз кездеспейді, мұндай атау Уали Бекеновтың кітаптарынан кейін енген (Шертпе күй шеберлері).
Күйлердің қазіргі оқытудағы аймақтарға қарай ұялық бөліністері жеті мектепті құрайды:
1. Алтай күйшілік аймағы - Шығыс Қазақстан ;
2. Арқа күйшілік аймағы - Орталық Қазақстан ;
3. Жетісу күйшілік аймағы - Оңтүстік Шығыс Қазақстан ;
4. Қаратау күйшілік аймағы - Оңтүстік Қазақстан ;
5. Жиделі Байсын күйшілік аймағы - Сырдария, Арал өңірі ;
6. Орда күйшілік аймағы - Батыс Қазақстан ;
7. Түбек күйшілік аймағы - Маңғыстау .
Күйшілік ұялардың бұлай бөлінуінің жүйесін алғаш ұсынған Ақселеу Сейдімбек болды ( Күй шежіресі монографиясы), оған дейін мұндай мектеби жіктеу жасалған емес. Бұл күй тарихы мен орындалу мәдениетіне дұрыс бағдар бере алатын нақты әрі дәл анықтама болды. Қазақ күйлерінің аймақтық ұяларының мұнан да басқа әлі айқындала қоймаған күйшілік мектептер бар, олардың көбісі өзінше төбелі мәнер болғанымен аз ескеріліп жүр. Алтай күйшілік мектебінде - Тарбағайлық, Арқада - Тоқырауындық, Жаңа арқалық, Жетісуда - Таластық, Қаратауда - Күнгейлік, Жиделібайсында - Аралдық, Ордада - Оралдық, Түбекте - Үстірттік (Түркіменше шалу мәнері) мектептер қалыптасқан, және олар жеке күйшілік ұя болуға әбден лайықты. Бұлардан өзге Іле, Шығыс Түркістан мен Байөлке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ сахнасында ән-аспаптық эстрадалық ансамбль өнерінің даму мәдениеті
Халық музыкасы
Күй
Қазақтың күй өнері
Жаңғали ұстаздың еңбегінен дәм татыңыздар!
Дәстүрлі музыкалық өнер
Қазіргі замандағы шертпе дәстүрі
Қазақтың күй өнері және күйшілік мектептері
Шал мырза
Қазақ халқының дәстүрлі күй өнері
Пәндер