Броконерліктің алдын алды - Практикалық іс-тәжірибелік есеп


Жұмыс түрі: Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:
Жоспар:
Кіріспе . . .
Негізгі бөлім . . .
I 1. Тарихы . . .
II 2. Ақпарат көзқарасының тізбесі . . .
III 3. Жаңалықтарға шығарылған мәліметтер тізімі . . .
Қорытынды . . .
Әдебиеттер тізімі . . .
КІРІСПЕ
Төменде іс-тәжірибеден өткен шығармашылық ұйым, оның тарихы және аталмыш арнаның қандай бағдарламалардан және қандай шығармашылық ұжымнан тұратыны жайында жазбақпын.
Іс-тәжірибе кезінде, мамыр айының 26-нан маусымның 7-сі аралағында түсірілген сюжеттерімнің, яғни «Барыстар жеңіспен оралды», «Мерекелік эстафеталық шеру», «Көк туым көкте желбіреп . . . », «Броконерліктің алдын алды», «Мерекеге ерекше дайындық» және оның орыс тіліндегі аудармасы «Особая подготовка к празднику», «Өрт сөндірушілер флеш-моб өткізді» сонымен қатар, «Еуразиялық экономикалық одақ» жайында алынған сауалнамамның толық нұсқасын ұсынбақпын.
Сондай-ақ, іс-тәжірибе барысында үйренгенімді және сюжеттің экранға шығу барысындағы жайттар мен атқарған істерім туралы баяндамақпын.
- Телеарнаның жалпы тарихы
- Студияның қалыптасу кезеңіндегі кешегі өткен өмір дәуренін бүгінде тек тарихтың алтын парақтарынан табуға болады. Қайтып келмес сол бір кездерді ой елегінен бір өткізсек. Кенді Алтайдың киелі ордасы - Өскемен қаласында телевизиялық студия ресми түрде 1958 жылы наурыздың 16-ншы жұлдызында ашылды. Бұл шынымен тарихқа алтын әріппен жазылар оқиға. Себебі, шығыс телеарнасы қазақ жерінде ашылған тұңғыш телевизиялық студия болған еді.
- Кеңес Одағы экономикасының өркендеуіне елеулі үлес қосып, өндіріс саласы қарымды қарқынмен қарыштаған Шығыста бұл әлбетте жұрт мерейін үстеген жаңалық болды. Сол күні телеарнаң эфирінде алғашқы "Жеңіс салюті" бағдарламасы өтті.
- Қызметке ерекше ынта қойып, ыстық ықылас пен құлшына қызу кіріскен ұжым бірлігінің арқасында 1959 жылдан бастап аймақта киноөндіріс құрыла бастайды. Операторлар "Киев-С" деген қарапайым камерамен жұмыс істеді. Ол камераларда түсірілім 15 метрлік пленкасы бар кассеталармен жүргізілетін. Ең қызығы сол, 15 метрлік пленка тек 1 минуттық түсірлімге жететін. Сондықтан студияға пленкалар қап-қабымен жеткізілетін. Қосымша жабдықтар мен дыбыс жазу құрылғылар талоғайдай еді. Бұл ойыншық тәріздес камераларды ауыстыру құрметі "Киноры" және "Пентафлекс" атаулы ауыр салмақтағы камераларға бұйырды. Ол камералардың кәсіби деңгейі де биік еді. 1965 жылы "Район" атты жаңа қондырғы орнатылды. Телевизиялық аппараттардың жаңартылуымен қатар, облыста телевизиялық стансалар мен тарату желі аумағын кеңейту мақсатында радио желісінің құрылысы жүріп жатты.
- 1968 жылдың 1 мамырынан бастап Өскемен мен аудандардың басым бөлігі Орталық телеарнаның бағдарламаларын қабылдау мүмкіндігіне ие болды.
- 1974 жылдан республикалық бағдарламаларды аймақ жұрты тамашалап, Одақ көлемінде болып жатқан елеулі оқиғалар ағымы туралы телеарна эфирінен хабардар болып отырды.
- Ал, 1980 жылы Шығыс Қазақстан облыстық телевизиялық студия кинооператорлары Мәскеу Олимпиадасын түсіруге қатысты. Сонымен қатар 1984 жылы халықаралық жастар мен студенттер арасында өткен фестивальді түсіру құрметіне ие болды. Бұл өз ісінде шеберлігін жылдар бойы шыңдаған мамандардың жоғары біліктігінің арқасында бағындырған аса биік асуы десек артық болмас.
- Дәл осы жылы әкімшілік-техникалық корпусқа қосымша жаңа ғимарат берілді. Жедел және нақтылық ұстанымын негізге алған ұжымға қосымша мүмкіндіктердің ашылуы қызметке жаңа дем беріп, жаңа идеялардың жүзеге асуына жол ашты.
- 1981 жылы «Перспектива» түрлі-түсті телевизиялық аппараттық және жаңа телепроекциялық блоктар орнатылып, пайдалануға берілді. Көрерменнің көзайымы болған арна эфирінде түрлі - түсті форматтағы бағдарламалар мен жаңалықтар шығарылымы телевизиялық өндірістің тағы бір кезеңін артқа тастап, көш ілгерілеуге бағыт алды.
- 1988 жылы жылжымалы телевизиялық станция (ПТС) ғимараты салынды және «Магнолия 83-А» жылжымалы телевизиялық станциясы пайдалануға берілді. Ғасыр талабына сай жабдықталған кешен арқылы әр ауданнан, өңірдің тарихи-мәдени орындарынан эфирге тікелей қосылуға болатын. 30 жыл ішінде арна ұжымы жыл сайын жаңа шығармашылық, техникалық топтармен толығып отырды. Өрлеудің жыл сайынғы жаңа кезеңдерінде жаңа мүмкіндіктер жол бастаған бастамалар әсіресе, тілшілер мен телеоператорлардың жұмысқа деген ынтасын еселей түсті. Облыстық телевизиялық студия көп жыл бойы Мәскеу және Ленинград университеттерінің іс-тәжірибеден өтетін базасы болды. Қазір таңда олар әлемге аты әйгілі қаламы қарымды тілшілер.
- 1997 жылы Семей мен Шығыс Қазақстан облыстарының бірігуіне орай телеарна мен облыстық радио ортақ облысқа жұмыс істейді. Сол жылдың қазан айында теларна 18 сағаттық ауқыммен 12 метрлік қашықтықта хабар таратуды бастайды. Демешуліре көмегінің арқасында «Panasonic» фирмасының бейне техникалары сатып алынды.
- 2003 жылы Өскемен облыстық телерадиокомпаниясы «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның ШҚ облыстық филиалы деп өзгертілді.
- 2008 жылы қараша айынан бастап жаңа хабар тарату жабдығы облыстың тағы барлық елді мекенін қамтыды. Енді бұл жүйе арқылы «Қазақстан - Өскемен» телеарнасының 14 сағаттық хабар тарату тізбегі облыстың 100 % қамтыды.
- 2009 жылы 4 камералы жылжымалы ПТС «Мерседес» көлігі берілді.
- 2010 жылы 28 маусым күні - Астанамен Республикалық телекөпір өтті. Елбасының мемлекеттік индустриялық-инновациялық бағдарламаның дамуына байланысты “Қуатты Қазақстанды бірге көркейтеміз!” жұмыстарында ШҚ-ның ірі жобаларын көрсету телекөпірі «Қазақстан-Өскемен» телеарнасының мамандары көмегімен жүзеге асты.
- 2010 жылы 21 желтоқсан күні Астанамен Республикалық «Қуатты Қазақстанды бірге көркейтеміз» атты жалпыұлттық телекөпір өткізілді. "Қазақмырыш" АҚ еліміздің үдемелі индустриалды-инновациялық дамуы бағдарламасының аясында жүзеге асырылған "Мыс балқыту зауытының" іске қосылу рәсімі сәтті өтті. Экранда көрсетілуге берілген сюжеттер
- Броконерліктің алдын алды
Жүргізуші: «Балық қорғау - 2014» акциясы аясында Тарбағатай ауданына қарасты Омбы-Қапшағай трассасында көксерке балығы заңсыз тасылмалдау кезінде тәркіленді.
КТМ : РММ «Ертіс Облыс аралық бассейндік балық шаруашылық инспекциясының су қоймаларының бақылауында «балықтардың уылдырық шашу» мезгіліне байланысты, кең көлемді «Балық қорғау - 2014» акциясы жүргізілуде. 2014 жылдың 28 мамырында Тарбағатай ауданындағы Омбы-Қапшағай трассасы Боғас қиылысында «Орман және аң аулау шаруашылығының жедел отрядымен» «Газель» маркалы автокөлігі тоқтатылған. Көліктен 1216 киллограмм көксерке балығы табылып, уақытша тәркіленген.
Синхрон: Рахимжанов Талғат Тұрсынханұлы
С/Т: Ертіс Облыс аралық бассейндік балық шаруашылық инспекциясының пресс хатшысы
04:06 Кешегі факт бойынша облыстық Омбы-Қапшағай трассасында заңсыз балық тасымалдаумен айналысып жүрген Өскемен қаласының тұрғыны тоқтатылды. «Газель» автокөлігімен 1 тонна 300 килограмм көксерке балығы тасымалданған. Жыл басынан бергі тәркіленген балықтардың көбі - көксерке. 04:26
КТМ: Сондай-ақ шара барысында 155 құқық бұзушылық әрекет тіркеліп, 1 қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар 14 қайық моторы, 21 қайық, 318 дана балық аулауға қажетті құралдар табылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімі бойынша, заңсыз балық аулауға қолданылған 2 автокөлік тәркіленді.
Синхрон: Синхрон: Рахимжанов Талғат Тұрсынханұлы
Ертіс Облыс аралық бассейндік балық шаруашылық инспекциясының пресс хатшысы
04:35 Жыл басынан бергі заңсыз балық аулаумен айналысып жүрген азаматтарға сот шешімімен 2 нива автокөлігі және 1 «УАЗ» көлігі мемлекет пайдасына тәркіленді. 04:47
КТМ: «Балық қорғау - 2014» акциясы Шығыс Қазақстанда 2014 жылдың 15 маусымына дейін жалғаспақ.
- Барыстар жеңіспен оралды
Жүргізуші: Еліміздің Қазақ түрік лицейлерінің ең мықты деген балуандарының қатарында облысымыздың мәртебесін көтерген 8 балуан - Астанада өткен қазақша күрес турнирінен жеңіспен оралды.
КТМ: Астанаға кеткен балуандарымыздың қанжығалары майланды. Олар жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленіп, облыс атын Республикалық дәрежеде көрсетті.
С/Т: Бауыржан Серғазыұлы, жаттықтырушы
СНХ: ( 07:04 - 07:09) Бізден 9 бала салмақтарына қарай жарысқа қатысуға барған, 8 бала орын алды. (07:14- 07:16 ) СКЛ . Жалпы командалық есепте бірінші орын.
КТМ: Айта кетерлігі, елімізде жарыстың бұндай түрі алғаш рет өткізіліп отыр.
С/Т: Бауыржан Серғазыұлы, жаттықтырушы
СНХ: (06:44 - 06:57 )
Жалпы жарыс - Қазақ түрік лицейлері арасында бірінші рет өтіп отыр. «KATEP» халықаралық қоғамының ұйымдастырылуымен және «Қазақстан барысы Федерациясының».
КТМ: Жарысқа қатысушы Мұхтар Мамедов өз кезегінде облысымыздың ғана емес, еліміздің де атын шығарып жүрген балуан ұлдарымыздың бірі.
С/Т: Мұхтар Мамедов, жарысқа қатысушы, алтын медаль иегері, еркін күрестен спорт шеберіне үміткер, Ресейде өткен халықаралық турнирлер жеңімпазы, Азербайжанда өткен жарыстың жүлдегері
СНХ: (01:20 - 01:37 ) Еркін күрестен кандидат мастера спорта алдым. Ресейде халықаралық турнирларда жеңдім. Азербайжанда екінші орын жүлдегері атандым. Оқуда алтын белгіге барып жүрмін. (02:20 - 02:22) СКЛ. Тренировка көп жасау керек. . (01:42 - 01:47) СКЛ. Қазақстанның атын басқа елдерге танытқым келеді.
КТМ: Барыстарымыз алдағы уақытта еліміздің абыройын қорғайтын, дүбірлі додаларда бақтарын сынап, Қазақстанның атын шығармақ ниетте.
- Мерекелік эстафеталық шеру
Жүргізуші: Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында, қаламызда «Көк туым көкте желбіреп . . . » атты эстафеталық шеру өтті. Шеру өз жалғасын Ертіс жағалауында тапты.
КТМ: Металлургтер мәдениет үйінен бастау алған шеру - эстафета түрінде өтті. Көк байрағамызды ұстау құрметі - Облысымыздың құрметті азаматтары мен қала жастарына бұйырды.
С/Т: Зәмзә Қырықбаев, Өскемен қаласының құрметті азаматы, Еңбек даңқы орденінің толық иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жүргізушісі.
СНХ:14:28 Бүгін міне рәміздер күні, біз үшін өте бақытты күн. Біз үшін өте бақытты күн, шаттықты күн. Біздің ойлаған ойымыз - Қазақстанымыз жасасын! Жастарымыз жасай берсін! Жастарымызға бұл үлгілі тәрбие деп есептелінеді. Біздің Қазақстанымыздың туы жоғары қарай желбірей берсін! Қазақстанымыз жасасын! Алға Қазақстан!14:47
С/Т: Меруерт Келемеденова, спортшы, жеңіл атлетика тренері
СНХ: 07:34 Бүгін біз міне Өскемен қаласының тұрғындарын құттықтаймын рәміз мерекесі, бәріне ашық аспан әрқашанда еліміз тыныш, бәрі бақытты болсын! 07:44
КТМ: Ертіс жағасына дейін, жалауымыз қолдан - қолға табысталып, мәре сызығын Амфитеатр маңында аяқтады. Мерекелік концертке жиналған қауымға, бағалы силықтар ойнатылды. Кештің маңызды қонағы - Мемлекеттік Елтаңба авторы - Жандарбек Мәлібеков болды.
С/Т: Жандарбек Мәлібеков, Мемлекеттік елтаңба авторы
СНХ: 25:25. Біз әнұранымызды шырқаған кезде, одан кейін әнұранымызды естіп, қайтадан ұйықтаған кезде біздің әр күніміздің өзін қасиетті деп есептеуге болады. Өйткені, біз - осы күнді мыңдаған жылдар бойы аңсаған күн деп айтуға болады. 25:40.
КТМ: Жаңбырдың толассыз жауғанына қарамастан, Өскемендіктер - «Мемлекеттік Рәміздер күнін» осылай қарсы алған
- Мерекеге ерекше дайындық
Жүргізуші: Өскемендіктер рәміздер күнін тойлауды бастап кетті. Жетінші жыл қатарынан тойланғалы отырған бұл мерекеге байланысты, амфитеатрда концерттік бағдарлама қойылады.
КТМ: 4 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні. Осыған орай, «Өскемен қаласы әкімдігінің жастар орталығының мамандары» қала халқын ерекше құттықтады.
С/Т: Жандос Дайырбаев, «Өскемен қаласы әкімдігінің жастар орталығының маманы»
СНХ: 09:03:37 Төртінші маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай, бүгін міне мереке қарсаңында Өскемен қаласы әкімдігінің қолдауымен, «Өскемен қаласы әкімдігінің жастар орталығы» қала тұрғындарының арасында осындай парақшалар таратып, онда жалпы мемлекеттік рәміздер жайлы қысқаша ақпарат беріліп, ақпараттар жазылған. Яғни халықты құлақтандыру, хабарлау ретінде бұндай іс- шара ұйымдастырып жатырмыз. 09:04:52. СКЛ. Бұл жерде ертеңгі өтетін мерекелік барлық шаралардың реті жазылған, яғни бұл жерде кешкі сағат жетіде амфитеатрда лоторея ойнатылады. Сол кезде тұрғындар келіп, қатысып, түрлі құнды силықтар ұтып алуына мүмкіндіктер бар. 09:04:23.
КТМ: Сондай-ақ, аталмыш шара тұсында, қала орталығында лоторея билеттері тегін таратылып, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
С/Т: қала тұрғыны
СНХ: (Аударма) ( 09:05:32- 09:06:10 ) Құрметті Өскемендіктер, сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын. Рәміздер - біздің Қазақстанымыздың мақтанышы. Біз - көк байрағы желбіреген елде бір шаңырақ астында тұрамыз. Ал бұл - егемендігіміздің белгісі. Сондықтан, барлығын осындай айтулы мерекемен құттықтаймын!
КТМ: Өскемендіктер осылайша рәміздер күнін тойлауды бастады.
- Особая подготовка к празднику
Диктор : Усть-Каменогорцы начали праздновать день государственных символов Республики Казахстан. В амфитеатре города состоится концертная программа, специальным гостем данного мероприятия является автор государственного герба РК Жандарбек Малибеков.
ЗКТ: Ко дню государственных символов Республики Казахстан «Молодежный центр акимата города Усть-Каменогорска» особо поздравил жителей города.
С/Т: Жандос Дайырбаев, специалист «Молодежного центра города Усть-Каменогорска»
СНХ: (Перевод) (09:03:37 - 09:05:00 ) 4 июня день Государственных символов Республики Казахстан. С поддержкой акимата города Усть-Каменогорска «Молодежный центр акимата города Усть-Каменогорска» жителям города раздают буклеты, на которых имеется информация о государственной символике, для того чтобы народ был информирован о таком знаменательном празднике. Кроме того на листе имеется список всех мероприятий которые будут проходить 4 июня. А также, в семь часов вечера пройдет розыгрыш лотореи, где по этим билетам можно будет выиграть множество ценных призов.
ЗКТ: В честь праздника жителям города раздали бесплатные билеты на лоторею. И подарили праздничное настроение.
С/Т: житель города
СНХ: ( 09:05:32 - 09:06:10) Дорогие Усть-Каменогорцы я хочу поздравить вас всех с праздником, посвещенным символике Республики Казахстана. Символика - это наша Казахстанская гордость. И мы сейчас молодежь и люди воспитываемся на вот этих всех патриотических символики: флаг, шанырак у нас, это уже - свободная страна. Хочу вас всех поздравить с наступающим летом и с этим праздником знаменательным!
ЗКТ: Так Усть-Каменогорцы начали подготовку к празднику.
- Сауалнама
«Еуразиялық экономикалық одақ» жайындағы халық пікірі
СНХ: (06:42 -06:37) Как Вы и знаете Казахстан вступил в Евразийский экономический союз. Как вы считаете выгодно ли нашей стране вступать именно в этот союз?
СНХ: (06:38 - 05:59) Я считаю конечно это выгодно . . . надеюсь на дальнейшее сотрудничество
- СНХ: (01:04 - 00:39) Дұрыс сияқты экономикалық . . . бұл тарихи оқиға
- СНХ: (05:51 - 05:16) Конечно выгодно это . . . бизнес будет продвигатся
05:10 Өзіңіз білетіндей, біз Еуразиялық одаққа кірдік. Бұған сіздің көзқарасыңыз қандай? 05:06
- 04:32 - 04:03
02:53 - 02:51
02:39 - 02:32
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz