Дебиторлық берешек есебі мен аудитін, талдауын жетілдіру жолдары


“УаИс” ЖШС-ң дебиторлық берешек есебі мен аудитін, талдауын жетілдіру жолдары
- Дебиторлық борыштар есебінің теориялық негіздеріДебиторлық борыш түсінігі, түрлері, оған әсер ететін факторларСатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебіКүмәнді дебиторлық борыш есебіЕншілес (тәуелді) серіктестердің есебі
- “Қайнар Сауда ЛТД” ЖШС-ң қаржылық жағдайын талдау“Қайнар Сауда ЛТД” ЖШС-не жалпы сипаттама“Қайнар Сауда ЛТД” ЖШС-ң бухгалтерлік баланс активі мен пассивінің құрамы мен құрылымын талдау“Қайнар Сауда ЛТД” ЖШС-ң негізгі қаржылық көрсеткіштерін талдау“Қайнар Сауда ЛТД” ЖШС-ң дебиторлық берешек есебін талдау
Кіріспе
Қазіргі таңда нарықтық экономиканың жағдайын дамытуда және басқаруды жетілдіруде, кәсіпорынның дамуының жаңа стратегиясын қалыптастыруда бухгалтерлік есеп жүйесінің рөлі мен маңызы артып отыр.
Нарықтық экономика жағдайында әрбір кәсіпорын өзінің нарықтағы тұрақты орнын сақтап қалу және ондағы үлесін арттыру үшін қаржылық жағдайына, төлемқабілеттілігіне және өзінің клиенттерінің сеніміділігіне бағалау жүргізіп отыруы қажет.
Бухгалтерлік есеп және қаржы-шаруашылық қызметі талдауының ақпараттары шаруашылық субъектілерінің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін оперативті басқару, экономикалық болжамдар және ағымдық жоспарлар құру және ел экономикасының даму заңдылықтарын зерттеу үшін қолданылады.
Қазіргі кезде барлық шаруашылық субъектілері алдында тұрған ең маңызды, өзекті мәселе - есеп айырысу операцияларымен тікелей байланысты, яғни тұтастай шаруашылық субъектісінің жұмысын реттеуші - дебиторлық берешек.
Дебиторлық берешек шаруашылық субъектілерінің активтерінің маңызды бөлігі және нарықтық экономикада оның ең өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Сатып алушылармен есеп айырысу қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді дебиторлық берешектердің туындауларына алып келеді. Бұл берешек төлемінің келіп түсуінің тауардың жөнелтілу, қызметтің көрсетілу және жұмыстың атқарылу уақытына сәйкес келмеуімен байланысты.
Дебиторлық берешек - кәсіпорынға тиесілі, бірақ әлі алынбаған ақша қаражаттары немесе ұсынылған тауарлар және қызметтер үшін ақша төлеу бойынша кәсіпорын алдындағы клиенттердің (дебиторлардың) міндеттемелері.
Кәсіпорындарда дебиторлық берешектің бар болуы айналымнан ақша қаражаттарының алынғандығын көрсетеді. Осы ретте берешек сомасының төмендеуі барлық жағдайларда кәсіпорын үшін жағымды бола бермейді, себебі бұл ақша қаражаттары есеп айырысуға емес, өткізілмей қоймаларда жатқан дайын өнімдер үшін айналымнан алынғандығын көрсетеді. Дебиторлық берешектің уақытылы келіп түсуі кәсіпорынның тиімді қаржылық жағдайын қамтамасыз ету үшін қажет.
Дебиторлық берешектердің дұрыс ашылуы және жіктелуі кәсіпорынның қаржылық жағдайын дәл бағалау үшін қажет. Бұл үшін кәсіпорынның бухгалтерлік есеп шоттарында дебиторлық берешек уақытылы және дәл көрініс табу керек.
Дебиторлық берешекті зерттеу және оған талдау жүргізу кәсіпорын үшін оның қарыз алушыларының шеңберін және олармен жұмыс істеу, сондай-ақ мерзімі өткен дебиторлық берешекті қайтару бойынша шараларды қабылдау, берешек көлеміне бақылау жасау және оның қаржылық тұрақтылыққа әсер ету дәрежесін анықтау болып табылады.
Дебиторлық берешекті талдаудың негізгі мақсаты болып есептесуді жылдамдатуға және төлемеушілік тәуекелін төмендетуге бағытталған сатып алушыларды несиелендіру саясатын қалыптастыру және негіздеу табылады.
Есепте зерттеу объектісі болып «Қайнар Сауда ЛТД» ЖШС-гі табылады.
Үшінші өндірістік іс-тәжірибені өту бойынша есептің тақырыбы “Қайнар «Сауда ЛТД” ЖШС-ң дебиторлық берешек есебі мен талдауын жетілдіру жолдары». Есеп екі бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде дебиторлық берешектер түсінігіне, маңызына, түрлеріне және оған әсер ететін факторларға қысқаша сипаттама берілген. Сонымен қатар, дебиторлық берешекті басқаруға көмектесетін кәсіпорындардың несиелік саясатттары жөнінде мағұлматтар ұсынылған. Және де кез келген кәсіпорын үшін маңызды мәселе болып табылатын мерзімі өткен дебиторлық берешек және оның алдын алу шаралары, сондай-ақ есебін ұйымдастыру қарастырылған. Кәсіпорын тәуекелін азайту мақсатында дебиторлық берешекті талдауды жетілдіру жолдары ұсынылған.
Екінші бөлімде есепте зерттелініп отырған объект - «Қайнар Сауда ЛТД» ЖШС-ң қызметіне, оның қаржылық жағдайына талдау жүргізілген. Сонымен қатар серіктестіктің дебиторлық берешек есебінің ұйымдастырылуына және онда кездесетін шоттардың есебін жүргізу ерекшеліктері зерттелген.
“Қайнар Сауда ЛТД” ЖШС-ң кәсіпкерлік қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және Қазақстан Республикасының “Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер” туралы заңымен, жеке кәсіпкерлер туралы заң актілерімен пайдаланып құрылды.
- Дебиторлық борыштар есебінің теориялық негіздері
1. 1 Дебиторлық борыш түсінігі, түрлері, оған әсер ететін факторлар
Дебиторлық берешек - сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы емес болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.
Дебиторлық берешек - жеке немесе заңды тұлғалармен өзара шаруашылық қатынастардың нәтижесінде олардан кәсіпорынға (ұйымға‚мекемеге) тиесілі борыштардың сомасы.
Дебиторлық берешекте тұрған қаражат кәсіпорынның шаруашылық айналымына қатыспайды‚ сондықтан айтарлықтай сомада берешектің болуы оның қаржы жағдайына салқынын тигізеді‚ оны өндіріп алу мерзімін қысқарту шараларын қолдану қажет. Дебиторлық берешектің уақтылы өндіріп алынуы кәсіпорынның қаржы жағдайын жақсартудың аса маңызды құралдарының бірі. Түрлері: қалыпты (заңды) дебиторлық берешек - шартта белгіленген мерзімде кредитордың (сатып алушының) айналымынан қаражат алу; мерзімі өткен дебиторлық берешек - шартта белгіленген мерзімнен тыс төлем тәртібін бұзу жолымен айналым қаражатын алу; үмітсіз (неғайбыл) дебиторлық берешек - соттың өндіріп алудан бас тартуы немесе борышқордың төлем төлеуге қабілетсіздігі мүмкін емес деп танылған борыш. Үмітсіз дебиторлық берешек жағдайында берешек сомасы менқұжаттар бақылау үшін теңгерімде 3 жыл бойына (қуыну талабының ескіруі) және теңгерімнен тысқары шотта 5 жыл бойына есепке алынуға тиіс. Қуыну мерзімі өткеннен кейін дебиторлық берешек залалға жатқызылады;
Дебиторлық берешек - несиеге тауар, материал жеткізуге, қызметтер көрсетуге немесе бөліп-бөліп төлеуге байланысты алынуға тиесілі шоттар. Кең таралған түрлері: сатып алушылар мен тапсырыскерлердің өздеріне босатылған тауарлар, материалдар, көрсетілген қызметтер үшін берешегі; орындалған, бірақ ақысы уақытылы төленбеген жұмыстар үшін берешек; ұйым өзқызметкерлеріне берген несиенің осы мақсаттар үшін алынған несиеден асып түсуі.
Дебиторлық берешек ұйымның айналысынан қаражатты алаңдатады, оның қаржы жағдайын нашарлатады. Оны уақтылы өндіріп алу - ұйым бухгалтериясының аса маңызды міндеті. Талап ету мерзімі өткеннен кейін дебиторлық берешек залалға жатқызылып, есептен шығарылуға тиіс.
Саудалық дебиторлық берешек - негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.
Саудалық емес дебиорлық берешек- іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (мысалы қызметтерге аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер алуға арналған дивидендтер мен пайыздар және т. б) пайда болады.
Дебиторлық берешек 3 топқа бөлінеді:
1) алынуға тиісті шоттар;
2) алынған вексельдер;
3) басқалар [1] .
Алынуға тиісті шоттарға: ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсеткен қызметке, субъектілердің ақшалай емес активтеріне деген тілек-талаптары кіреді. Дебиторлық берешек алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе борышты өтеу күніне қарай ағымдық және ұзақ мерзімді дебиторлық берешек болып бөленеді. Дебиторлық берешек саудалық шот фактурамен расталады. Алынған вексельдер бабы ресми борыштық міндеттемелермен расталады. Дебиторлық берешек пайда болатын сипатына қарай қалыпты және аяқталмайтын болып бөлінеді. Субъектінің өндірістік шаруашылық іс-әрекетінің барысында, сондай-ақ есеп айрысудың қолданыста жүрген нысандары мен пайда болатыны қалыптыға жатады. Мерзімінде төленбеген дебиторлық берешек аяқталмайтын болып саналады. Ол есеп және қаржы тәртібін бұрмалаушылықтар, ұйымдағы және бухгалтерлік есеп жүргізудегі кемшілктер, тауарлық-материадық қорларды жіберуді бақылаудағы босаңсулар салдарынан пайда болады[3] .
Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу - ол пайыз түрінде қарызға төлем ақы ретінде қайтарылатын капитал. Несиенің объективтік қажеттілігі ең алдымен өнеркәсіп пен сауда капиталының айналымдық заңдылығымен байланысты. Несиелерді есепке алу үшін «Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер» бөлімшесіне енгізілген 4010 «Ұзақ мерзімді банк несиелері», 4020 «Үәкілетті органның және (немесе) Ұлттық банктің лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын ұзық мерзімді қарыздар», 4030 «Өзге ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер» сияқты пассивті шоттары пайдаланылады. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бекіткен «Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүргізіледі[2] .
Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлағалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары - 1200 қысқа мерзімді дебиторлық борыштар(алынуға тиісті шоттар) деп танылады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі «Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында есептелінеді.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:
- ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;
- тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
- вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
- негізгі ұйымдар мен еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
- ұйымның лауазымды адамдарының (тұлғаларанының) дебиторлық борышы;
- басқадай дебиторлық борыштар[5] .
Қысқа мерзімді дебиторлық борыштар келесідей бөлімдерден тұрады:
1210 «Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»
1220 «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы»
1230 «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі »
1240 «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»
1250 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»
1260 «Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»
1270 «Алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар»
1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек»
1290 «Күмәнді қарыздар бойынша резервтер»
1620 «Алдағы кезең шығындары»
1630 «Өзге қысқа мерзімді активтер»
Яғни осы жоғарыда аталған баптар бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан алашақ сомалары дебиторлық борышы болып табылады [6] .
1. 2 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
Кәсіпорындар мен ұйымдардың 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі » деп аталатын бөлім шоттары сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы ақпараттарды қорытындылау үшін арналған. Аталған бөлімде келесідей шоттар қаралған:
1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқамерзімді дебиторлық берешегі»
1280«Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары»
Бұлар активті шот болып табылады. Сондықтан да бұл шоттардың дебетінде борыштың сомасы жазылса, ал кредитінде борыштың азаюы көрсетіледі. Алынуға тиісті шоттар (дебиторлық борыштар шоты) сатып алушы заңды немесе жеке тұлғалардың сатып алған тауарлары, сондай-ақ кәсіпорынның оларға көрсеткен қызметі үшін қарыз сомаларын білдіреді [2] .
Сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар бойынша қосылған құн салығы есептелгенде 1210 «Алынуға тиісті борыштар», «Алынған вексельдер», 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері дебеттелініп, «Қосылған құн салығы» шоты кредиттелінеді[1] .
"Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы" шоттарына қатысты бухгалтерлік есепте мынадай корреспонденциялар жазылады:
Мысалы: сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге 3 (үш жүз мың) теңгенің дайын өнімдері 5 (бес жүз мың) теңгеге сатылды (соның ішінде 8 (сексен мың) теңге ҚҚС сомасы) .
Сатылған тауарлардың өзіндік құнына:
Д-т: Сатылған дайын өнімдердің
өзіндік құны 3 тг.
К-т: Дайын өнімдер 3 тг.
Сатылған тауарлардан алынатын сомаға:
Д-т: Алынуға тиісті борыштар шоты 42 тг.
К-т: Дайын өнімдерді сатудан алынатын
табыс шоты 42 тг.
Сатылған тауарлар үшін есептелген ҚҚС сомасына:
Д-т: Алынуға тиісті борыштар шоты 8 тг.
К-т: Қосылған құн салығы сомасы 8 тг.
Сатылған тауарлар үшін алынатын сома
келіп түскенде:
Д-т: Ақшалар шоты 5 тг.
К-т: Алынуға тиісті борыштар шоты 5 тг.
Жоғарыдағы екі жақты жазудан көріп отырғанымыздай кәсіпорындар мен ұйымдардың сатқан (тиеп жіберген) тауарлары, атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметтеріне байланысты қосылған құн салығы есептелгенде "Алынуға тиісті борыштар" шоты дебиттелініп, "Қосылған құн салығы" шоты кредиттелінеді.
Шетелдік валютада сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің тиімді баға айырмашылықтарының пайда болуына 1210 «Алынуға тиісті борыштар», «Алынған вексельдер», 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілер дебеттеліп, «Бағамдық айырмашылықтан алынатын кіріс» шоты кредиттелінеді.
Алынуға тиісті айыппұлдардың, өсімақылардың сомаларына 1210 «Алынуға тиісті борыштар», «Алынған вексельдер», 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері, 6010, 6280 «Өнімдерді өткізу мен қызметтер көрсетулен түскен кірістер» шоты кредиттелінеді.
Сатып алушылардан оларға сатылған өнім, тауар және атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдер келіп түскенде 1000 «Ақша қаражаттары» бөлімінің тиісті шоттары дебеттелініп, 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» деп аталатын бөлім шоттарының тиістілері кредиттелінеді.
Сатылған тауарлар мен дайын өнімдер әр түрлі себептермен кейін қайтарылған жағдайда 6020 «Сатылған тауарлардың қайтарылуы» деп аталатын шот дебеттеліп, 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» деп аталатын бөлім шоттарының тиістілері кредиттелінеді[1] .
Кейін қайтарылған тауарларға жасалған сату және баға шегерімдерінің сомасына 6030 «Бағадан және сатудан жеңілдікттер» немесе 6030 «Баға шегерімі» шоттардың тиістілері дебеттелініп, 1210 «Алынуға тиісті борыштар», 1210«Алынған вексельдер», 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілерінің дебетіне, 3130 «Қосылған құн салығы» шоттың кредитіне жазылып сторно етіледі (алып тасталынады) .
Тізімдемелердегі жазулар - шоттар, фактуралар немесе олардың орнына қолданылатын басқадай құжаттар негізінде активтердің топтары бойынша жазылады. Тізімдеменің бағдарында (графасында) сатып алушылар (тапсырыс берушілер) бойынша ай басындағы қалдықтар көшіріледі және бұйымдардың аттары немесе топтары бойынша сатлыған активтердің сандық мәліметтері көрсетіледі. «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» шотының бөлімше шоттарының кредиті бойынша операциялардың есебі үшін № 11 Журнал-ордер қолданылады [5] .
Тауралрды сату мен сатып алу кезіндегі барлық қатынастар, жеткізу келісімдері, консигнация жайлы келісімдер мен сату және сатып алу келісімдері, сондай-ақ келісімшарттарымен және тағы да басқа құжаттар құқықтық ресімделуі қажет. Келісімнің және соған сәйкес есептің басты объектісі «тауар» болып табылады. Сондықтан келісімшартта тауардың сипаттамасы толығымен көрсетіліп, оның бағасы мен келісілген жалпы құны аталып өтуі қажет. Келісім бағалары тұрақты, тұрақсыз және бекітіген болып көрсетілуі мүмкін.
Сатылған тауарлар мен дайын өнімдер үшін вексельдер алынғанда:
Дт: 1210«Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқамерзімді дебиторлық берешегі» шоты
Кт: 1270 «Алынуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар» шоты
Ал вексель бойынша сатып алушылардың борыштарының жабылуына, яғни ақша келіп түскен мерзімінде (пайызсыз) :
Дт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»
Кт: 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқамерзімді дебиторлық берешегі» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады [8] .
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары шоты бойын-
ша жүргізілетін операциялар келесі 1-ші кестеде көрсетіледі.
Кесте 1
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары шоты бойынша жүргізілетін операциялар
1-ші кестенің жалғасы
Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу операциялары операциялары арнаулы тізімдемелерде есептеліп, онда сатылған айналымнан тыс активтер, қаржылық инвестициялар, тауарлы-материалдық қорлар бойынша шот фактуралары немесе басқадай есеп айырысу құжаттары жинақталып, топтастырылып бөлек көрсетіледі.
1. 3 Күмәнді дебиторлық борыштар есебі
Сатып алушылар мен тапсырыс беруші заңды және жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін анықтау жүйесін қанщалықты арттырғанымен, оларға несиеге сатылған тауарлар немесе көрсетліге қызмет үшін уақтылы есеп айырыспай немесе алынуға тиісті сомалардң бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс-тәжірибеде әрдайым кездесіп отырады. Мұндай жағдайлардың алғашқы нысандары болып борышкер кәсіпорындар мен ұйымдардың банкрот болып қалуы немесе ол кәсіпорындар мен ұймдардың тартылуы, сондай-ақ борышты талап ету мерзімінің өтіп кетуі табылады. Сатып алушылардың келісімшартқа сәйкес белгіленген мерзімде төлемеген шоттары «күмәнді қарыздар» деп аталады. Күмәнді қарыздрға - уақытында төленбеген, жабылмаған және де тиісті кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебиторлық борыштар жатады. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық берешек күмәнді қарыз болып саналады. Өтелу-өтелмеуі белгісіз, күмән тудыратын борыштарды есептен шығарудың екі тәсілі бар. Біріншісі - тікелей есептен шығару әдісі, мұнда шығындар нақты шоттарда үмітсіз деп танығаннан кейін ғана тікелей есептен шығарылады. Екіншісі - резервтік әдіс, бұл жағдайда шығындар алдын ала қарастырылған тәсілмен есептеледі [6] .
Салық кодексіне сәйкес күмәнді талаптар - Қазақстан Республикасының заңды және жеке кәсіпкерлері - резиденттеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы іс-әрекет жасайтын заңды тұлғалар-резидент еместерге тауар өткізу, жұмыс орындау, қызмет көрсету нәтижесінде пайда болған және талап пайда болр сәттен бастағанда үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар; сонымен қатар өткізілген тауарлар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызметтер бойынша пайда болған және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық төлеуші-дебиторды банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәнді деп танылады.
Егер күмәнді дебиторлық болуы ықтимал және бағалануы мүмкін болса, оны шотта көрсету қажет. Салыстыру принципі бойынша дебиторлық берешектің кезеңде күмәнді шығындары мойындалуын талап етеді. Болжанатын дебиторлық бе операциялық іс-әрекеттен болған шығыс - күмәнді борыштар шығыстары көрсетіледі.
Егер күмәнді дебиторлық берешек күтілмесе, онда кірістер мен алынуға шоттарға ешқандай түзетулер талап етілмейді, ал дебиторлық берешек үмітсіз мойындау кезеңіне есептен шығарылады. Мұндай амал тікелей есептен шығару тәсілі деп аталады.
Егер күмәнді дебиторлық берешек ықтимал (мерзімі біткен) және есепке алынуы мүмкін болса, есепті кезең соңында түзету жазбасын жасау талап етіледі. Мысалы субъект 15000 теңге сомасында күмәнді дебиторлық берешекті күтсе, күмәнді ( бойынша шығынды көрсететін мынандай проводка енгізіледі: 7440 «Жалпы және әкімшілік шығындар» шот дебеті 1420 «Күмәнді борыштар бойынша резерв» шот кредиті 15000.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz