Инвестициялық ахуалды қалыптастырудың теориялық аспектілері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1. Инвестициялық ахуалды қалыптастыру- экономика дамуының негізі ретінде

1. 2. Инвестициялық ахуалды қалыптастырудың тетіктері

1. 3. Инвестициялық ахуалды қалыптастырудың шетелдік тәжірибесі

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2. 1. Инвестициялық ахуалдың қазіргі жәйі

2. 2. Инвестициялық ахуалды қалыптастырудағы проблемалар

2. 3. Инвестициялық ахуалды қалыптастыруды жетілдіру жолдары

Қортынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстанның әлеуметтік, өндірістік потенциалын қалыптастыру, ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету, жалпы алда тұрған әлеуметтік-экономикалық жоспарларды іске асыратын инвестицияларсыз мүмкін емес. Сондықтан, қазіргі кезенде инвестициялық үдерісті қай жағынан болмасын зерттеу өмірдің өзі талап етіп отырған заңды құбылыс.

Қазақстандағы инвестициялық үдерістің дамуы алғашқы кезеңде дүниежүзілік шаруашылықтың негізгі элементі болып табылатын шетел инвестициялармен тікелей байланысты болды. Халықаралық капитал қозғалысының ХХ ғасырдың аяғында қарқындап дамуы дүниежүзілік экономиканың интернационалдандыру процесінің басталуына, халықаралық кәсіпкерлік пен қарыз капиталы кеңістігінің адам айтқысыз кеңеюіне әкелді. Бұл процесс жаңа нарықта шұғыл игеруге кіріскен жеке кәсіпкерлік пен қарыз капиталының Қазақстан сияқты өтпелі-транзиттік экономика елдеріне ұмтылысын күшейтті. Ал, еліміздің қай саласында болмасын жүріп жатқан оңтайлы өзгерістерді одан әрі дамытуда, экономикамыздың дамуын тұрақтандырып, әлеуметтік саласын өркендетуге инвестициялардың, соның ішінде елдің қолайлы инвестициялық ахуалын қалыптастыру үдерісінің маңызы аса зор.

Әрине, бұндай жағымды үдерісті біртіндеп, Қазақстанның ішкі мүмкіншіліктерін қоса отырып, дамыта түсу керек. Соңғы жылдары мұндай мүмкіндіктер жиі көзге түсуде. Дегенмен де ішкі қорлар, қаржылар әлі жеткіліксіз, сол себепті инвесторлар үшін қолайлы ивестициялық ахуалды қалыптастыру маңызды мәселе болып қала береді. Тек олардың қызметін заңдардың негізінде дұрыс реттеп, халқымыздың әл-аухатын көтерудегі ролін арттыра беруіміз қажет. Инвестициялар өндірістің экономикалық өсуіне ғана емес, әлеуметтік ортаға да ықпал ететінің ескере отырып, аймақтың, жергілікті билік пен басқару орындарының инвестициялық қызметті дамытуға байланысты мәселелерді шешудегі белсенділігін арттыра түсіру қажет.

Диплом жұмысының деректік негізі ретінде Қазақстан Республикасының «Шетел инвестициялары туралы», «Инвестициялық ахуалды жетілдіру туралы» және «Инвестициялық қорлар туралы» заңы, сонымен бірге С. Б. Мақыштың «Инвестициялық қаржыландыру және несиелеу» атты оқу құралы және ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің өткен жылдардағы статистика деректері алынып отыр.

Инвестиция саласында нормативтік-құқықтық, салық және әкімшілік өзгерістері мен жеңілдіктері енгізілген ҚР «Инвестициялық ахуалды жетілдіру туралы» заң жобасы 2014 жылы қабылданған заң жобасы. Бұл заң жобасы еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен ұсынылып, қабылданған.

Серік Биханұлы Мақыш экономика ғылымының докторы, профессор, Қ. Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің «қаржы» және «банк ісі» мамандықтары бойынша бойынша дәріс беретін ұстаз. С. Б. Мақыштың оқу құралдары ҚР Білім және ғылым министрлігімен мақұлданған және жоғары оқу орындарына негізгі оқу құрал ретінде ұсынылған.

Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалы және оған әсер етуші шетелдік тәжірибе болып табылады.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Қазақстанның инвестициялық ахуалын қалыптастыру мәселесі тәуелсіздік алған жылдардан бастап зерттеліп, жетілдіріліп, дамып келе жатыр. Мәселен жыл сайын Қазақстанда Шетел инвесторларының кеңесі, әлемнің түрлі дамыған мемлекеттерінде «ҚР инвестициялық ахуалы» туралы конференциялары өтіп тұрады. Мысалы аталмыш экономикалық маңызы зор конференция өткен жылдары Лондон, Мәскеу және т. б. қалаларында ұйымдастырылды. Атқарылған іс-шараларға қарап еліміздің инвестициялық ахуалы айтарлықтай зерттеліп келетіні анық. Дегенімен әлі де дамытылып, жетілдірілуі тиіс.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру мәселелесін зерттеп, зерделеу. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер атқарылуы тиіс:

  • Инвестициялық ахуалды қалыптастыру мәселесін қарастыру;
  • Қазақстанда инвестициялық ахуалдың қалыптасуын зерттеу;
  • Инвестициялық ахуалды қалыптастыру ерекшеліктерін қарастыру;
  • Қазақстандағы инвестициялық заңнамаларын зерделеу;
  • Қазақстанның инвестициялық ахуалын талдау;
  • Шетелдік тәжірибе негізінде Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалының қалыптасу тетіктерін зерттеу;
  • Қазақстанның инвестициялық ахуалын жетілдірудегі проблемаларын және оны шешу жолдарын қарастыру;

Зерттеудің методологиялық негізі. Инвестициялық ахуалды қалыптастыру ұғымын, классификациясын, Қазақстандағы шетелдік тәжірибесінің мәнін, сондай-ақ қалыптасу тетіктерін зерттеп, елдің қазіргі инвестициялық ахуалын статистикалық көрсеткіштер негізінде салыстырмалы және аналитикалық әдіс-тәсілдер негізінде талдау. Сонымен бірге инвестициялық ахуалды қалыптастырудың жетілдіру жолдарын қарастырып, ұсыну.

Зерттеудің құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімнен және қосымшалардан тұрады.

  1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1. Инвестициялық ахуалды қалыптастыру- экономика дамуының негізі ретінде

“Инвестиция” сөзі латынша “іnvectіre” қазақ тіліне аударғанда қаражат салу, жұмсау дегенді білдіреді. “Инвестиция” сөзі отандық экономикамыз үшін біршама жаңа термин. Олай болып келу себебі, 1991 жылға дейін оның орнына “капитал жұмсалымы” деген сөзі жиі қолданылды. Енді осы екі сөздің арысында қандай айырмашылық болуы мүмкін, соған мəн берейік.

Инвестиция ұғымы капитал жұмсауға қарағанда кең мағыналы. Жоспарлы экономика тұсында “капитал жұмсалымы” деп негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне жұмсалынатын, соның ішінде оларды жөндеу шығындарын қамтитын барлық шығындарды түсінген. Ал инвестиция ұғымына келсек, қазіргі экономикалық əдебиеттерде, соның ішінде сөздіктерде оған əртүрлі ұғымдар берілген. Осы ұғымдарға тоқталайық.

Б. А. Райзберг, Л. Ш. Лозовский жəне Е. Б. Стародубцеваның жазған экономикалық сөздігінде: “Инвестиция - пайда табу мақсатында өэ елінде немесе шет елде əр түрлі саланың кəсіпорындарына, кəсіпкерлік жобаларға, экономикалық-əлеуметтік бағдарламаларға, инновациялық жобаларға, ұзақ мерзімге жұмсалынатын мемлекеттік немесе жеке капиталды білдіреді ” - делінген. [3, 140-145 б. ]

Лапусты М. Г. жəне П. С. Никольскийдің жалпы редакцияны басқарумен дайындалған сөздікте: “Инвестиция - табыс алу жəне əлеумкттік теңділікке қол жеткізу мақсатында кəсіпкерлік объектісіне жəне басқада құндылықтар түрлеріне жұмсалынған ақшалай қаражаттар, мақсатты банк салымдар, пайлар, акциялар жəне өзге де бағалы қағаздар, технологиялар, машиналар, жабдықтар, лицензиялар, несиелер, басқа да мүліктер немесе мүліктік құқықтар, жəне интелектуалдық құндылықтар” - деп түсіндіріледі.

Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтауда көптеген пiкiрлер бар. Пол Самуэльсон: “Таза инвестициялау” немесе капиталды құру деп, бiз қоғамның нақты капиталының (ғимараттар, құрал-жабдықтар, материалды-өндiрiстiк қорлар және т. б. ) таза өсiмiн айтамыз. Тұрғын адам “инвестициялау” деп, өзiнiң жер учаскесiн, айналымда жүрген бағалы қағаздарды немесе басқа да меншiк объектiсiн сатып алғанын айтады. Бiрақ таза инвестициялау тек қана жаңа нақты капитал құрылған кезде ғана орын алады деп жазған.

Әйгiлi “Экономикстiң” авторлары инвестиция түсiнiгiн кең түрде түсiндiрдi. Олардың анықтамалары бойынша инвестиция- “өндiрiс шығындары және өндiрiс құралдарын жинақтау және материалды қорларды ұлғайту”, яғни өндiрiс шығындарының және жинақтардың барлық жиынтығы. [12, 35-36 б. ]

Б. А. Колтынюктің еңбегінде: “Инвестициялау - бұл көптеген экономикалық игіліктерді өндіру үшін капитал (ресурс) қорын жасау немесе толықтыру. Қаржы жəне экономика тұрғысынан қарағанда инвестициялау - бастапқы жұмсалынатын капиталдан асатын мөлшерде алдағы уақыттарда таза пайда алу мақсатында экономикалық ресурстарды ұзақ мерзімде жұмсау” - деп сипаттама береді. [4, 10-15 б. ]

Инвестиция көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза табысының жинақтаған бөлігі саналады.

Инвестиция маңызы - экономиканың тұрақты және жоғары қарқынының қалыптастыруда, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізуде, инфрақұрылымды дамытуда бөлінеді. Инвестицияны дамытуда кәсіпорынды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге немесе беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамның акцияларынан құралған инвестициялық қорлар ерекше роль атқарады. Қазақстан Республикасының заңдары экономиканың барлық саласын инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытталған.

Инвестиция туралы заңға сəйкес “шет ел инвестициясы - Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жарғылық қорына қатынасу нысанында, сондай-ақ оларға займдар (несиелер) беру жəне Қазақстан Республикасының “Лизинг туралы” заңымен көзделген шартпенен лизинг заттарын беру жолымен жүзеге асырылатын инвестицияларды білдіреді. Қазақстан Республикасы аумағында шет ел инвесторлары заңмен тиым салынбаған кез келген объектіге жұмсалынады.

Инвестициялау объектілеріне мыналар жатады: [6, 8-9 б. ]

  • халық шарушылығының барлық салаларындағы жаңадан құрылатын жəне жаңартылатын негізгі қорлар мен айналым құралдары;
  • мақсатты ақшалай салымдар;
  • ғылыми-техникалық өнімдер;
  • интелектуалдық құндылықтарға қатысты құқықтар;
  • мүліктік құқықтар.

Шет ел инвестициясы төмендегідей жолдармен жүзеге асады:

  • заңды жəне жеке тұлғалармен бірігіп құрылатын кəсіпорындарға үлес қосу;
  • шет ел инвесторларына толық тиеслі кəсіпорындар, сондай-ақ шет елдік заңды тұлғалардың филиалдарын құру;
  • кəсіпорындар, ғимараттар, құрылғылар, кəсіпорындарға қатысу үлесін, пай, акциялар, облигациялар жəне өзге де бағалы қағаздарды сатып алу;
  • жерді жəне басқа да табиғи ресурстарды пайдалану құқығын сатып алу;
  • займдар мен несиелер беру;
  • мүліктер мен мүліктік құқықтар беру”.

Өндірістік инвестициялар , жұмыс жасап отырған кəсіпорындарды кеңейтуге, қайта құруға жəне техникалық жағынан қайта қаруландыруға, жаңа құрлысқа капитал жұсмаумен байланысты инвестицялар.

Интелектуалдық инвестициялар , интелектуалдық жəне рухани өнімдерді жасауға жұмсалатын инвестициялар.

Бақыланатын инвестициялар , басқа компаниялардың дауыс беруге құқығы бар акцияларының елу пайыздан астамын иеленуді қамтамасыз ететін тікелей инвестициялар.

Бақыланбайтын инвестициялар , басқа компаниялардың дауыс беруге құқығы бар акцияларының елу пайыздан төмен бөлігін иеленуді қамтамасыз ететін тікелей инвестициялар.

Инвестицияның төмендегідей типтері болады:

1) Портфельдік (қаржылық) инвестициялар , мемлекеттік, муниципальдық өзін-өзі басқару органдардың корпоративтік компаниялардың шығарған акцияларына, облигацияларына жəне басқа да бағалы қағаздарына жұмсаған ақша қаражаттары. Портфельдік инвестицияны жүзеге асыру барысында инвестор пайыз немесе дивиденд түрінде табыс алады жəне өтімді резервтерін қалыптастырады. Портфельдік иневстицияны уақытша бос ақша қаражаты бар банктер, инвестициялық компаниялар жəне фирмалар жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында портфельдік иневстициялардың құрылымында корпоративтік бағалы қағаздарға қарағанда мемлекеттің бағалы қағаздарына жұмсалымдардың үлесі біршама жоғары. Оның себебін мемлекеттің бағалы қағаздарына салынған қаражаттың сенімділігін, яғни тəуекелге ұшырамайтынан көруге болады. Ал корпоративтік бағалы қағаздар қаншалықты табысы жоғары болса, соншалықты олардың тəуекелі де жоғары болып келеді.

Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:

а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;

ә) ұзақ мерзімдік - иелену мерзімі бір жылдан артық;

2) Нақты капитал (капитал жасайтын) инвестициялар - материалдық өндіріске материалдық-заттай қызмет түрлерін ұзақ мерзімді қаражат салу немесе басқаша айтқанда, жұмыс жасап отырған кəсіпорындарды қайта құру жəне техникалық жағынан қайта қаруландыруға, жаңа кəсіпорындар салуға жұмсалған инвестициялар. Бұл жерде инвестор-кəсіпорын өзінің капиталын, соның ішінде негізгі өндірістік қорларын ұлғайту мақсатында жұмыс жасайды.

3) Материалдық емес активтерге салынған инвестициялар - кəсіпорынға, жобаларға жəне қандай да бір істі бастауға қажет құқықтарға, лицензияларға, ноу-хау, мүлікке жəне басқа да ғылыми-техникалық өнімдер нысанындағы ақшалай емес инвестициялар.

Сонымен бірге инвестициялар тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей (реалды) инвестиция - мемлекетпен және жеке фирмамен инвестицияны бір өндіріске құйылуы.

Тікелей инвестиция екі әр түрлі қолпакеттерден тұрады. Біріншісі инвестицяны жарғылық капиталға құю, ол дегеніміз қайта жасалған капиталды жағдай (компьютер өндірісі құрылымы, өндіру станоктары) .

Екінші компонент - инвестицияны товар - материалдық қорға құю, бұл дегеніміз шиізат қорларын үлкейту, өндіріс процесіне жататын, немесе өтпеген дайын тауарлар. Коммерциялық тауар - материалдық қорлар, капитал қорының бір негізгі бөлімі ретінде саналады экономикалық жүйеде; олар капитал құрал-жабдықтар сияқты өте қажет өндіріс ғимараты.

Тікілей инвестицияның өзі ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.

Ішкі - бұл шаруашылық субъектінің қаржаты өзінің өндіріс факторына өзінің қаржы - қаражаттан қаржыландыру.

Сыртқы - бұл инвестициялық институттардың құралдарын өндіріс факторына, инвестиция керек шаруашылық субъект Тікелей инвестицияға тағыда жалпы және таза инвестицияларды жатқызуға болады. Жалпы таза инвестиция бұл жалпы инвестиция деп аталады, өйткені ұсталымдарды шегерімнен кейін өзіндік капиталдан тұрады. [7, 29-33 б. ]

Жанама инвестициялар - қоржындағы инвестициялар. Басқаша айтқанда, құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарай ірі банктердің инвестициялық қоржынында жетекші рөлге ие болып отырған меншік инвестициялар мен қайталама өтімді резервтер.

Ұсталыным сипаты бойынша:

  • Бірінші инвестициялар немесе нетто инвестициялар, олар кәсіпорынды құрғанда немесе сатып алғанда жасалады.
  • Ұлғаюға инвестициялар; (экстенцивті инвестиция) бұл инвестиция кәсіпорынның өндіріс процесін ұлғайтады.
  • Реинвестиция: бұл инвестициядан түскен табыстан бос ақшаны қайта жаңа құрал жабдықтарды алуға, және жаңа өндіріс құралдарына құю, бұл кәсіпорынның негізгі қорларын ұстауға жұмсалған.
  • Ауыстыру инвестициясы: бұл ескі құрал - жабдықтарды, жаңа құрал- дабдықтарға ауыстыру.
  • Инвестицияны рационализациялау: бұл инвестицияны техника және технологиялық процестерді модернизациялау.

Шығарылатын тауарды өзгертуге салынатын инвестиция:

  • Әртараптандыруға салынған инвестиция: тауардың номенклатурасын ауыстыруына байланысты, жаңа тауар түрін шығару және даңа өткізу орындарын табу.
  • Инвестицияны кәсіпорында тоқтап қалмауын қамтамасыз ету, ҒЗКТЖ-ға жіберу, кадр дайындау, жарнама, қоршаған ортаны қорғау.
  • Буртто инвестиция: ол нетто - инвестициямен реинвестициядан тұрады.
  • Тәуекел инвестициялар немесе венчурлы капитал инвестиция, жаңа акциялар шығару түрінде, жаңа қызымет саласында шығарылатын, үлкен тәуекелмен байланысты.

Венчурлық капитал инвестициясы бір - бірімен байланысты емес объектілерге құйылады, бұл салынған ақшаның тез ауқуы. Бұндай капитал салымдар, өндірушіден біраз акциясын алумен жасалады, сонымен бірге соңғы акциялардың конверсиялақ құқығы бар. [8, 44 б. ]

Капиталдың енгізілуі тәуекелділіктің жоғары деңгейі кішігірім, шағын кәсіпорындарды қаржыландыруға, жаңа технологиялар енгізумен көрінеді. Тәуекел капиталдың өзінде бірнеше формалары бар: Ссудалық, акционерлік, кәсіпкерлік. [9, 49 б. ]

Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанама түрде де салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі капиталға салынатын инвестиция - құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай-ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, мал, екпе ағаштар, жер қойнауын барлау, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармалардың түпнұсқалары, жаңа үйлер және жаңа ақпарат жатады. Негізгі капиталға салынған инвестиция Қазақстанда 2000 жылы бейқаржылық активтерге салынған инвестиция көлемінің 79, 1%-ы болды. Бейқаржылық инвестицияның қалған 20, 9%-ы материалдық айналым құралдарының қорларын толықтыруға, құндылықтар мен бейөндірістік активтерді (жер, жер қойнауы телімдерін, патенттер, лицензиялар, т. б) сатып алуға жұмсалды. Негізгі капиталға салынатын инвестиция елдің экономикалық өрлеуінің негізгі факторы болып табылады. Шетелдік инвестиция - шет ел инвесторы жүзеге асыратын инвестиция Әлемдік экономикалық жүйені жаһандандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. Өтпелі кезеңде экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің ішкі қорларының жеткіліксіздігінен оның рөлі мен мәні арта түсуде. Шетелдік инвестицияға тікелей шетелдік инвестиция (яғни қаражатты кәсіпорындардың немесе компаниялардың жарғылық қорына не акцияларына салу), қоржындық шетелдік инвестиция, сондай-ақ, сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек жатады. Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесінің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа рыноктарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді. Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және сыртқы борышты қалыптастырмайды.

Қоржынды инвестициялар кәсіпорынды басқаруға тікелей қатысуды көздемейді, шетелдік инвесторлар арқылы акция мен құнды қағаздарға, яғни бұл кәсіпорындарға ақшалай салынған капиталға девидендтер алуды болжайды.

Қоржынды инвестициялар - бұл шетелдік кәсіпорын әрекетіне тікелей бақылау мүмкіндігін бермейтін капитал салымының акция, облигация сияқты өзге формалары. Инвесторлар тек құнды қағаздар жөніндегі бекітілген ережелерге сәйкес табыс ала алады.

Қоржынды инвестициялар - ірі корпорациялар, орталық (мемлекеттік) және жеке меншік банктер шығаратын облигациялық заемдарды қаржыландыруға арналған шетелдік капиталды тартудың маңызды көзі. Шетелдік қоржынды инвестицияның жүзеге асырылуында делдал ретінде, әдеттегідей, ірі инвестициялық банктер бой көрсетеді.

Қоржынды инвестициялардың қозғалысына жекелеген елдерде төленетін пайыздық мөлшерлеме нормасындағы айырмашылық мәнді әсерін тигізеді.

Инвестиция экономикалық категория ретінде экономикада бірқатар қызмет атқарады. Инвестицияның қызметінсіз кез келген мемлекеттің тұрақты дамуы мүмкін емес. Инвестицияның атқаратын қызметтерін екі деңгейде бөліп қарауға болады:

І. Макродеңгейде атқаратын қызметтері:

• ұлғаймалы ұдайы өндіріс саясатын жүзеге асыру;

• ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету; • отандық өнімдердің сапасын жақсартып, олардың бəсекелестік қабілетін арттыру;

• экономиканың барлық салаларының бірдей дамуын қамтамасыз ету;

• əлеуметтік аяны, соның ішінде денсаулық сақтау, мəдениет, білім саласын дамыту;

• жұмыссыздық мəселесін шешу;

• инфляция қарқынын тежеу;

• қоршаған ортаны қорғау;

• əскери-өнеркəсіп кешенін конверсиялау;

• мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету.

ІІ. Макродеңгейдегі атқаратын қызметтері мыналар:

• өндірісті кеңейту жəне дамыту;

• негізгі қорлардың шамадан тыс моральдық жəне заттай тозуын болдырмау;

• өндіріс дейңгейін техникалық жағынан қайта жарақтау;

• нақты кəсіпорындардың өнімдерінің сапаларын арттыру жəне бəсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;

• табиғатты қоршау шараларын жүзеге асыру;

• бағалы қағаздар сатып алу жəне басқа кəсіпорындардың активтеріне қаражат жұмсау. 0

Инвестициялық саясат дегеніміз - халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың, оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың, қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін, өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.

Жалпы алғанда мемлекет инвестициялық қызметтің жандануына мынадай құралдар көмегімен ықпал етеді:

  • несие саясаты;
  • қаржы саясаты;
  • салық саясаты;
  • амортизациялық саясат;
  • ғылыми-техникалық саясат.

Мұндағы амортизациялық саясат мемлекеттің ғылыми-техникалық жəне инвестициялық саясатымен тығыз байланысты. Мемлекет амортицизациялық аударымдарды есептеу жəне пайдалану тəртібіні белгілей отырып, бірінші кезекті негізгі өндірістік қорлардың жаңару жылдамдығын, ұдайы өндірістің қарқыны мен сипатын реттейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық қатынастарды мемлекеттік реттеу
Қазіргі Қазақстан мәдениеті
Шетел инвестицияларын экономикаға тиімді тартудың мемлекеттік саясаты
Қаржылық жоспарлау, болжау
Инвестицияның қайнар көздерінің жіктелуі
Қазақстандағы инвестициялық қызметтің дамуы
Инвестиция туралы ақпарат
Қазақстан экономикасының дамуына шетел инвестицияларын тарту және пайдалану мәселелері
Өндірісті кенейтуге бағытталған инвестициялар
Инвестициялық мүмкіндіктер мен тәуекелдердің экономикалық мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz