Кәсіпорынның жұмысын болжамдау және жоспарын талдаукәсіпорынның жұмысын болжамдау және жоспарын талдау



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫ ТЕОРАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты 9
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың 13
ақпараттық негізі
1.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері 17
2.КӘСІПОРЫННЫҢ ЖҰМЫСЫН БОЛЖАМДАУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЫН ТАЛДАУ
2.1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының 18
жалпы сипаттамасы
2.2. Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау 22
2.3. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау 37
3. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙНН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен 41
төлем қабілеттілігін арттыру
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен 43
іскерлік белсенділігін арттыру
ҚОРЫТЫНДЫ 45
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 46
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ тілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іскерлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өңделуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшылыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік - міршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз») меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды.
Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.

Маңыздылығы
өзектілігі
Мақсаты
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001 ж.
2. Русак Н.А. Анализ финансового положения предприятия. В учебнике «Анализ хозяйственной деятельности в промышленности». Под общ. ред. В.И. Стражева - Минск: Высшая школа, 1995.
3. Радионова В.М., Федотова М.А. Финансовая устойчивость предприятия в условиях инфляции. — М.: Изд-во «Перспектива», 1995.
4. Крейнина М.Н. Анализ финансового состояния и инвестиционной привлекательности акционерных обществ в промышленности, строительстве и торговле. - М.: АО «ДИС», «МВ-Центр», 1994.
5. Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия. - М.: Центр экономики и маркетинга, 1995.
6. Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. пособие. - М.: Финансы и статистика, 1994.
7. Бухгалтерско-аудиторский портфель. ( Книга предпринимателя. Книга бухгалтера. Книга аудитора ) / Отв.ред. Рубин Ю.Б., Сол-даткин В.И. - М.: «ОМИНТЭК», 1994.
8. О бухгалтерском учете. Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 26 декабря 1995 г., №2732.
9. Стандарты бухгалтерского учета. Национальная комиссия Республики Казахстан. - Алматы,1996.
10. Бухгалтерский анализ: Пер. с англ. - К.:Торгово-издательское бюро ВНУ, 1993.
11. Введение в бухгалтерское дело: Пер. с англ.: — К.: Торгово-издательское бюро ВНҮ, 1994.
12. Руководство по финансовому учету, отчетности и аудиту. Первая редакция Центральный и операционный отдел учета и отчетности. Всемирный банк, январь 1995.
13. Методические рекомендации по составлению финансовой отчетности. Утверждены директором Департамента методологии бухгалтерского учета и аудита. Министерства финансов Республики Казахстан 21.05.97 г., №7 /Бюллетень бухгалтера. 1997., №29.
14. Анализ хозяйственной деятельности в промышленности: Учебник ІИ.А. Богдановская, Г.Г. Виноградов, О.Ф. Моргун и др:. Под.общ. ред. В.И. Стражева. - Минск: Высшая школа, 1995.
15. Ковалев В.В. Финансовый анализ: Управление капиталом. Вы-бор инвестиций. Анализ отчетности. — М.: Финансы и статистика, 1995.
16. Финансовый менеджмент: теория и практика: Учебник /под. ред. Е.С. Стояновой. — М.: изд-во «Перспектива», 1996.
17. Ковалев В.В. «Практикум по анализу и финансовому менеджменту». -
Москва, Финансы и статистика, 2006.
18.Кубышкин И. «Использование финансового анализа для управления компанией».// Финансовый директор. - 2005. - №4.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
h3
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
4
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты 9
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың 13
ақпараттық негізі

1.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері
17
2.КӘСІПОРЫННЫҢ ЖҰМЫСЫН БОЛЖАМДАУ ЖӘНЕ

ЖОСПАРЫН ТАЛДАУ

2.1. Халлибуртон Интернэшнл Инк. компаниясының 18
жалпы сипаттамасы

2.2. Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау
22
2.3. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау
37
3. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙНН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

3.1. Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен
41
төлем қабілеттілігін арттыру

3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен 43
іскерлік белсенділігін арттыру

ҚОРЫТЫНДЫ
45
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 46

h3

4

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің
экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің
әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі
бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ
тілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іскерлік
шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өңделуі
қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі
әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне
асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшылыққа ұсынуы
керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі
ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп,
айтарлықтай кеңейеді.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік -
міршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі
одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік (иесіз) меншік
жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік,
басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен
алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері. h4
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс-
әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар
мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни
миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды.
Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды
қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу
келмеске кетеді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың
шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып,
олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне
мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті
серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің
тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай
жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып
алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.
Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз тандауымен
нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып,
оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің
орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша
қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен
өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің
қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген
үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау
негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін
арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты
ұсыныстар беруге болады.
Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген,
сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба
алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық
дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен,
сондай-ақ және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік
қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік,
коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен
қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және
пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-
қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен
сипатталады.
Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын
көрсетеді. h4
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі
қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі
мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін бола-тын
деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып,
табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның
дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы.
Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі
процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі
бөлігі болып табылады". Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең
алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының
қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет)
өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері
мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы
басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар
кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық
міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға,
оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеу-меттік климатты
жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы
қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақты-лығына
әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
•кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
•шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем
қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
•төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
•шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
• қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік
пен қаржы ресурстарының жағдайы;
•кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері,
қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс
және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты,
кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық
байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы
тәсілі, бұл талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық
қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен
басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәспорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік
қызметі арасында байланыстырушы қызмет атқарады.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржы-лық
жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
•қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
•активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды
таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
•айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы
міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
•қаржы есептік және несие ережесін сақтау;
•кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
•ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және
қорлар есебі;
•баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу
қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
• кәсіпорын табыстылығын бағалау;
• кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың
деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
• кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
• кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді
болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның, шаруашылық қызметін талдаудың
қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау,
өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және
қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы
қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына
өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі
түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға,
меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың
рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында
қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің
қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен
өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның
өндірістік сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын
төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала
қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге
сәй-кестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.

Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық
ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім
сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша
қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның
төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының
болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс
процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады.
Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін
сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз
жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының
өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың
мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы
қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық
ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста
талдап қорытылады.
Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорының өзіндік қаражаттарының
көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс
табады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі
қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның
төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін
және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

h41.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп
беру болып табылады.
ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 "Бухгалтерлік есеп
туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп
беруге мыналар жатады:
1) бухгалтерлік баланс;
2) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында анықталған
жеңілдетілген түрде толтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егер де
төмендегі көрсетілген 3 шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы 2
қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:h4
1) зейнетақыны, жәрдем ақша және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу, сон-
дай-ақ жылдық табыс ҚР заңымен көрсетілген 10000 есе есептік көрсеткіштен
аспайды; 2) қаржылық жыл бойы қызметкерлердің орташа саны 50-ден аспайды;
3) активтердің жалпы құны 60000 еселік есептік көрсеткіштен аспайды.
Қазіргі кезде бізде қолданылып жүрген отандық қаржылық есеп негізі шамалары
бойынша халықаралық есеп стандартының талаптарына сай келеді, себебі ҚР-да
соңғы жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге бейімдей отырып
реформалау процесі белсенді жүргізілді, ол біріншіден негізін құраушы
нарықтық қатынастар болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің
қалыптасуымен, екіншіден, біздің еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке
кіруімен байланысты.
Әрі қарай олар баланстың негізгі элементтерін келесідей сипаттайды:
Активтер-бұл ұйымға тиісті немесе ол пайдаланатын бағалы нәрсе. Пассивтер -
басқа біреуге тиісті нәрсе. "Пассив" термині таза бухгалтерлік ұғым болып
табылады және ол кәсіпорынның қарызы дегенді білдіреді.
Капитал - пассивтердің арнайы түрі.
Капитал алғашқы капитал мен қызметте қалдырылған табысты қоса алғандағы
меншік иесінің бизнестегі үлесі болып табылады.
Міндеттеме - бұл тұлғаның (қарыз адамның) белгілі бір әрекетті басқа бір
тұлғаның (несие берушінің) пайдасына жасайтын міндеті - мүлікті беру, жұмыс
атқару, ақша төлеу және басқалар немесе белгілі бір іс-әрекеттен бас тарту,
ал несие берушінің қарыз адамнан өзінің міндетін орындауын талап етуге
құқығы бар.
Меншіктік капитал - бұл субъектінің өз міндеттемелерін шегеріп тастаған-
нан кейінгі активтері . Сонымен, қаржылық есептің негізгі элементтерінің
анықтамасын түсіндіруде батыс елдерінен ешқандай айырмашылық жоқ деп айтуға
болады.
Баланста ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің жиынтық сомасы
анықталады. Баланста ағымдағы активтер мен міндеттемелерді және олардың
жиынтық сомасын анықтау, қаржылық есепті пайдаланушыларды кәсіпорын-ның
қаржылық жағдайын бағалауда және дәлелді басқарушылық шешімдер қабылдауда
қажет болатын ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Баланс активі мен пассивін құру принциптері бұрынғы қалпында қалып отыр,
яғни активтер олардың өтімділік деңгейіне байланысты, өтімділігі төмен
активтерден өтімділігі жоғары активтерге қарай, пассивтер принцип бойынша
төлем мерзімінің жеделдік деңгейіне байланысты мерзімінің жеделдігі азынан
көбіне қарай.
Тікелей түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:
1) ұзақ мерзімді активтер;
2) ағымдағы активтер;
3) меншікті капитал;
4) ұзақ мерзімді міндеттемелер;
5) ағымдағы міндеттемелер.
Баланс қаржылық есеп беруде үш элементті сипаттайды: активтер, меншікті
капитал және міндеттемелер. Қалған екі элемент - табыс және шығын – қаржы
шаруашылық қызметі нәтижелері туралы есеп беруде көрсетіледі
Есепті кезеңде табылған табыстар мен шығындардың барлық баптары есепті
кезеңнің таза табысын немесе шығынын анықтау барысында есепке алыңады.
Осылайша кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп,
қаржылық есептің қалған екі элементі туралы, яғни табыс пен шығындар туралы
мәліметтерден тұрады. ҚР Президентінің 1995 жылы 26 желтоқсандағы №2732
"Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар Жарлығында, сондай-ақ ҚР-ның Ұлттық
комиссиясының қаулысымен бекітілген бухгалтерлік есеп бойынша 1996 жылы 12
қарашада каржылық есепті дайындау және тапсыруға қажетті Концептуалдық
негізінде айтылғандай, бұл элементтер субъектінің қаржылық көрсеткіштерін
өлшеумен тікелей байланысты. Табыстар активтердің көбейюін немесе
міндеттемелердің азаюын көрсетеді, ал шығындар – активтердің азаюын немесе
есепті кезеңдегі міндеттемелердің көбеюін көрсетеді.
Табыстар мен шығындар баптарынын арасына койылған шектеулер тәжірибеде
жалпы қабылданған болып табылады. Бұл шектеу, баптың қалыптасу көзі осы
субъектінің ақша қаражаттарын болашақта айналдыру мүмкіндігін бағалау
барысында белгілі бір маңызға ие болады деген негізде жүргізіледі.
"Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі" ҚР шаруашылық
субъектілерінің қаржылық есеп беруіндегі жаңа үлгі болып табылады. Бұл
есепте кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі ақша қаражаттарының көздері
анықталады және оларды пайдаланылу жолдары көрсетіледі. Кәсіпорынның есепті
кезеңіндегі қаражаттары жеткілекті ме, соңы көрсетеді. Ол сондай-ақ
қолданушьшарды кәсіпорынның операциялық, инвестициялық және қаржылық
қызметінің белгілі бір бөлігіндегі есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының
келіп түсуі мен шығыны туралы ақпараттармен қамтамасыз ете отырып, оларға
кәсіпорынның қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауға мүмкіндік береді.
Ақша қаражаттары - бұл кассадағы және банк шоттарындағы қолма-қол ақша.
Операциялық қызмет деп субъектің табыс алу жөніндегі негізгі қызметін,
сондай-ақ оның инвестициялық және қаржылық қызметіне қатысы жоқ, басқада
бір қызметін түсінеміз.
Инвестициялық қызмет дегеніміз - бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу
және сату, өтелінетін несиелерді беру және алу.
Қаржылық қызмет, бұл нәтижесінде меншікті капитал мен қарыз
қаражаттарының құрамы мен мөлшері өзгеріске ұшырайтын субъектінің қызметі
болып табылады. Субъект қызметінің барлық осы түрлері ақша қаражаттарының
келіп тусуі мен шығуының негізгі арналары болып табылады.
Қаржылық есеп берудің жаңа түрі, кәсіпорынның коммерциялық құпиясы болып
табылатын ақпараттарына сүйенбестен, оның қаржылық жағдайын ке-шенді түрде
талдауға мүмкіндік береді .

h41.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері

Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді
талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді
кажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі
ақпараттық көздері бар.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді,
қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет
органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның каржылық жағдайы және есепті
кезеңдегі шаруашылық кызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық
газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық
есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін
динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы кезеңдегі
жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметтерін
жариялайды. Есеп берудің екінші түрі - басқару талдауы, бұл кәсіпорын
шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы,
сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып,
өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған,
басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішіндегі
жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығындар сияқты
жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері
болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін
анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін
көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті
жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде
жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қаржылық
жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет. h4
Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде
көптеген параметрлерді сырттан бекітетін орталықтандырылған әкімшілік
сипатты жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде сарқынды өзгеріп
отыратын нарықтық коньюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға
ұмтылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен
тактикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану
кәсіпорынның өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар,
коммерциялық құпияға айналады. Жоспарланған нормативтерден ауытқуды талдау,
кәсіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік
есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы талдау сипатына ие
болады, яғни бұл кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттардың шектеулі
бөлігінен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы кәсіпорынның мүдделі
контра-генттерінің, меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген
кәсіпорынның шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау
әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау
мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы
пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де
қажет.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін
қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:

1) көлденең талдау;
2) тікелей талдау;
3) трендтік талдау;
4) салыстырмалы талдау;
5) факторлық талдау;
6) қаржылық коэффициенттер әдісі.
Көлденең (уақытша) талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңі-
мен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің
түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға
мүмкіндік береді.
Тікелей (кұрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге
тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің
құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды
көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді.
Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы,
яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.
Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондық-тан
да есептік бухгалтер үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің
динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.
Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл
деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын
есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп
позициясын бір қатар өткен кезендермен салыстыруды және трендті, яғни жеке
кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған
көрсеткіш негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен
болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, одан кейін
перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.
Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек тарал-ған
әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады.
Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу
кезінде шамалардың біреу бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынас
ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициентерді есептеу баланстың жеке
баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар
кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база
болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын
құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара
математикалық қатынастарды көрсетеді.
Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың пайдалылығы
оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдаудың ең
қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы
факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық
жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар.
Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау - бұл фирмалардың, еншілес фирма-
лардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша
есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ
берілген фирманың керсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы
экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен
салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.
Факторлық талдау - бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды
көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе
реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау
қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде тура, ал
оның жеке элементтерін жалпы қорытынды керсеткішке біріктіргенде ол кері
(синтез) болуы мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда
экономикалық (элиминирлеу, баланстық үйлесу және тағы басқа), сондай-ақ
экономикалық және математикалық статистиканың (топтау, орташа және
салыстырмалы шама, графиктік және иңдекстік әдістер, корреляция, регрессия
және тағы басқа) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономикалық
ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану
кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық
субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға
байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда аудиторлық түрлі
әдістер мен тәсілдерді қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы
талдауды жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып,
аудитор қаржылық жағдайға терең, жан-жақты әрі кешенді талдау жүргізе
алады, сондай-ақ объективті және анық баға береді, қаржылы-тұрақтылықтың
нығаюы мен кәсіпорынның табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.

2.КӘСІПОРЫННЫҢ ЖҰМЫСЫН БОЛЖАМДАУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЫН ТАЛДАУ
2.1. Халлибуртон Интернэшнл Инк. компаниясының жалпы сипаттамасы
Халлибуртон Интернэшнл Инк. компаниясы 1919 жылы құрылған. Оның
негізгі қызметі мұнай өндірісі, құрылысы, мұнай газ өңдіру скаважиналарын
жөңдеу және іске қосуға қажетті құрал жабдықтарды жасау және жабдықтаумен
айналысу болып табылады.
Компанияның орталық офисі Хьюстонда (Техас штаты) орналасқан.
Жұмысшылар саны 85 мың адамды құрайды.
Кәсіпорынның әлемнің 120 мемлекетінде бөлімшелері бар, солардың қатарында
Қазақстан да бар. Қазақстандағы кәсіпорынның бөлімшесі Каспийдегі мұнай
жобаларын әзірлеумен айналысады.
Компанияның Energy Services Group бөлімшесі мұнай және газ саласында
қызмет етеді және скважиналар құрастыру, оларды аяқтау және жөңдеу бойынша
қызметтер көрсетеді.
Компанияның екінші бөлімшесі Halliburton Engineering and Construction
Group теңіздегі платформаларды, мұнай және газ өңдеу зауыттарын
жабдықтаумен және өндіріс объектілерін салумен , жөңдеумен айналысады.
Әлемнің 30 халықаралық тәуелсіз компанияларымен бірлесіп қызмет ету
тәжірибесі бар.
Халлибуртон Интернэшнл Инк. компаниясы Қазақстанда Қашағанды игеріп
жатқан Agip KCO консорциумымен, Казахойл Актобе компаниясымен және
Тенгизшевройлмен (ТШО) қызмет жасайды.

Халлибуртон Интернэшнл Инк. компаниясының басқарушылық құрылымы
төмендегі 1- суреттетен көруге болады.h4

h

2.2. Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау
Баланс активтерінін құрамы мен құрылымының динамикасын талдау –
кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стратегиялық жоспарлау бойынша дәрістер
Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау мен болжамдау
Қазіргі жағдайда толық есепке ала отырып, банкрот проблемасын толық түсіндіру
Қаржылық жоспарлау және болжамдау
Кәсіпорынды қаржылық болжамдау мен талдаудың теориялық негіздері
Бизнес-жоспар кәсіпорын қаржысын стратегиялық жоспарлау мен басқарудың құралы ретінде
Бюджет және бюджетті жоспарлау
Ұйымды басқару функциялары
Қаржылық жоспарлау– шаруашылықты жургізу
Кредиттік оқу жүйесі
Пәндер