Асханалық ыдыс – аяқтар мен құрал – аспаптар


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Асханалық ыдыс - аяқтар мен құрал - аспаптар

Жоспары:

1. Асханалық ыдыс - аяқтардың түрлері және олардың сипаттамалары

2. Ас ішетін құрал-аспаптардың тарихы

3. Ас ішетін құрал-аспаптардың қойылуы

4. Ас ішетін құрал - аспаптардың сипаттамалары

Асханалық ыдыс - аяқтардың түрлері және олардың сипаттамалары:

Фарфор ыдыс-аяқтар - жеңіл, берік болып келеді. Жылуды жақсы сақтайды. Фарфор ыдыстың шетіне тигенде әдемі, анық дыбыс шығады.

Фаянс ыдыс-аяқтар - механикалық беріктігі мен термиялық тұрақтылығы фарфор ыдыспен салыстырғанда төмен болып келеді.

Фарфор мен фаянс ыдыстарын салыстыруға болады (1 - кесте) .

1 кесте - Фарфор мен фаянс ыдыстардың қасиеттері

Ыдыс-аяқ

материалы

Дыбысы

Беріктілігі

Қалыңдығы,

мм

Ыдыс-аяқматериалы: Фарфор
Дыбысы:

Беріктілігі:

Қалыңдығы,мм:

2, 5

Ыдыс-аяқматериалы:

Фаянс

Дыбысы:

Беріктілігі:

Қалыңдығы,мм:

3, 5-4

Керамикалық ыдыс-аяқтар саздан жасалынады. Оларды майолик ыдыстары деп те атайды. Майолик бұйымдарын ішінен де, сыртынан да глазурьлеп, лактайды.

Ағаш ыдыс-аяқтар - ағаштың аса қатты түрлерінен дайындалады. Ішін де, сыртын да лактайды.

Металл ыдыс-аяқтар сынбайтын қасиетке ие. Кокотницада соустағы саңырауқұлақ, соустағы крабтар, жульен, шала пісірілген жұмыртқа жіберіледі. Кокильницада теңіз өнімдері, салқын және ыстық басытқылар, қуырылған жұмыртқа, пісірілген бүйрек жіберіледі. Менажницада фондю (сүзбеден, бидай нанынан, ақ шараптан дайындалған тағам) жіберіледі. Икорницада балық уылдырығы жіберіледі. Порционды табада құймақ, бұқтырылған екінші ыстық тағамдар жіберіледі. Баранчикте соустағы екінші ыстық тағам жіберіледі: домалақ баранчикте - ет тағамдары (бефстроганов, рагу, палау) ; доғал баранчикте - үй және жабайы құс, балық тағамдары жіберіледі. Салатник 4-, 6-порционды болып келеді, онда натуралды көкөністер, әртүрлі тұздықтар, салат және маринад жіберіледі. Соусник 1-, 4- порционды болып келеді, онда соус және қаймақ жіберіледі. Таганчикте бифштекс жіберіледі. Пошотницада «яйцо в мешочке» жіберіледі. Сливочникте ыстық сусындарға берілетін кілегей жіберіледі. Сүтқұйғышта сүт жіберіледі. Ледницада мұз жіберіледі. Туркада шығысша кофе жіберіледі.

Хрусталь ыдыс-аяқтар - салтанатты тойларда қолданылатын ыдыс-аяқтар. Ақ шыныға күміс немесе қорғасынды қосып дайындайды. Ең алғашқы хрусталь Англияда, кейін Францияда пайда болды. Сапасы жоғары болып келетін хрусталь Румыния және Австрияда дайындалады. Шыны ыдыс-аяқтар - хрустальмен салыстырғанда арзан болып келетін ыдыс-аяқтар. Белоруссияның шыны ыдыс-аяқтары өте жақсы бағаланады.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында ыдыс - аяқтардың қолданылуы берілген (02 - кесте) .

2 кесте - Ыдыс - аяқтардың қолданылуы

Ыдыс-аяқтар
Қолданылуы
Ыдыс-аяқтар: Фарфор
Қолданылуы: Салатник, бірінші, екінші ыстық тағамдар жіберілетін тәрелкелер, десерт тәрелкелері, сливочник, ыстық сусынға арналған сервиздер, розетка
Ыдыс-аяқтар: Фаянс
Қолданылуы: Салатник, бірінші, екінші ыстық тағамдар жіберілетін тәрелкелер, десерт тәрелкелері, сливочник, ыстық сусынға арналған сервиздер, розетка, ваза, дәмдеуіш салатын судоктар
Ыдыс-аяқтар: Керамика
Қолданылуы: Бұқтырылған ұлттық тағамдар жіберілетін горшочиктер, шай және кофе сервиздері, құмыран, гүл вазалары, пепельница
Ыдыс-аяқтар: Ағаш
Қолданылуы: Нан сауыт, соусник, дәмдеуіш салатын судоктар, салқын сусындарға арналған бокалдар
Ыдыс-аяқтар: Металл
Қолданылуы: Салқын және ыстық басытқылар жіберілетін тәрелкелер, бірінші және екінші ыстық тағамдар жіберілетін ыдыстар, соусниктер, подностар, тәтті тағам және сусындарға арналған ыдыстар
Ыдыс-аяқтар: Хрусталь
Қолданылуы: Десерт және салат жіберілетін ыдыстар, гүл вазалары, құмыран, алкогольді және алкогольсіз сусындар жіберілетін ыдыстар
Ыдыс-аяқтар: Шыны
Қолданылуы: Ваза, кувшин, пепельница, алкогольді және алкогольсіз сусындар жіберілетін ыдыстар

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында тәрелкелердің өлшемдері берілген (3 - кесте) .

3 кесте - Қолданылатын тәрелкелердің өлшемдері

Қолданылуы
d, см
Қолданылуы: Нан
d, см: 16-18
Қолданылуы: Десерт
d, см: 20-22
Қолданылуы: Салқын және ыстық басытқылар
d, см: 26-28
Қолданылуы: Көже (кесе)
d, см: 28-31
Қолданылуы: Сорпа
d, см: 22-24
Қолданылуы: Гарнир
d, см: 27-32
Қолданылуы: Екінші ыстық тағамдар
d, см: 33-37
Қолданылуы: Лимон (розетка)
d, см: 9
Қолданылуы: Жеміс (ваза)
d, см: 30

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында хрусталь және шыны ыдыс-аяқтардың сипаттамасы ұсынылған (4 - кесте) .

4 кесте - Хрусталь және шыны ыдыс-аяқтардың сипаттамасы

Ыдыс-аяқ түрі, аталуы
Сыйымды-лығы, см 2
Қолданылуы
Ыдыс-аяқ түрі, аталуы: Тутер рюмкасы
Сыйымды-лығы, см2: 20
Қолданылуы:

Коньяк

Ыдыс-аяқ түрі, аталуы: Арақ рюмкасы
Сыйымды-лығы, см2: 50
Қолданылуы: Арақ, настойка
Ыдыс-аяқ түрі, аталуы: Мадернді рюмка
Сыйымды-лығы, см2: 75
Қолданылуы: Күшті және десертті шараптар
Ыдыс-аяқ түрі, аталуы:

Рейінвейінді

рюмка

Сыйымды-лығы, см2: 100
Қолданылуы: Ақ құрғақ және жартылай құрғақ шараптар
Ыдыс-аяқ түрі, аталуы: Конусты стакан
Сыйымды-лығы, см2: 100-150
Қолданылуы: Натуралды шырындар
Ыдыс-аяқ түрі, аталуы: Айриш-кофе бокалы
Сыйымды-лығы, см2: 100-200
Қолданылуы: Мексиканша және Ирландша кофе
Ыдыс-аяқ түрі, аталуы: Олд-фэшенд стақаны
Сыйымды-лығы, см2: 100-250
Қолданылуы: Мұзбен жіберілетін алкогольді сусындар
Ыдыс-аяқ түрі, аталуы: Маргаритта рюмкасы
Сыйымды-лығы, см2: 100-300
Қолданылуы: Коктейль
Ыдыс-аяқ түрі, аталуы: Лафитті рюмка
Сыйымды-лығы, см2: 125
Қолданылуы: Қызыл асханалық шараптар
Ыдыс-аяқ түрі, аталуы: Бокал
Сыйымды-лығы, см2: 125-150
Қолданылуы: Шампан
Ыдыс-аяқ түрі, аталуы: Снифтер
Сыйымды-лығы, см2: 125-600
Қолданылуы: Бренди
Ыдыс-аяқ түрі, аталуы: Кларет рюмкасы
Сыйымды-лығы, см2: 150-200
Қолданылуы: Асханалық шараптар
Ыдыс-аяқ түрі, аталуы: Шутер бокалы
Сыйымды-лығы, см2: 180-250
Қолданылуы: Кабаттаттама коктейль
Ыдыс-аяқ түрі, аталуы: Шай стақаны
Сыйымды-лығы, см2: 200
Қолданылуы: Шай
Ыдыс-аяқ түрі, аталуы: Хайбол стақаны
Сыйымды-лығы, см2: 200-250
Қолданылуы: Микс дринк
Ыдыс-аяқ түрі, аталуы: Коблер рюмкасы
Сыйымды-лығы, см2: 200-300
Қолданылуы: Балмұздақты коктейль
Ыдыс-аяқ түрі, аталуы: Кофе стақаны
Сыйымды-лығы, см2: 250
Қолданылуы: Кофе-гляссе
Ыдыс-аяқ түрі, аталуы: Фужер
Сыйымды-лығы, см2: 250
Қолданылуы: Минералды және жеміс жидекті сулар
Ыдыс-аяқ түрі, аталуы: Цилиндрлі стақан
Сыйымды-лығы, см2: 250-300
Қолданылуы: Коктейль
Ыдыс-аяқ түрі, аталуы: Сыра бокалы
Сыйымды-лығы, см2: 250-500
Қолданылуы: Сыра
Ыдыс-аяқ түрі, аталуы: Графин
Сыйымды-лығы, см2: 250-1200
Қолданылуы: Алкогольді сусындар
Ыдыс-аяқ түрі, аталуы: Хайрикен бокалы
Сыйымды-лығы, см2: 400
Қолданылуы: Экзотикалық коктейль
Ыдыс-аяқ түрі, аталуы: Кувшин
Сыйымды-лығы, см2: 1000-2000
Қолданылуы: Морс, квас
Ыдыс-аяқ түрі, аталуы: Ваза
Сыйымды-лығы, см2: 2500
Қолданылуы: Крюшон

Ас ішетін құрал-аспаптардың тарихы

Ас ішетін құрал - жабдықтардың ең көнесі пышақ. Ең бірінші пышақтар Италияда қанжар формалы пайда болды. Әркім өз пышағын қалтасында ұстап жүріп, өз тағамын сол пышағымен кесіп жейтін болған. Бұл дәстүр ұшы өткір пышақ жасауға тиым салғанға дейін сақталған. Содан бері барлық жерде қолданылып жүрген дөңгелек бас пышақ пайдаланып келеді. Бұл да сән қуудың бірі болса керек.

Қасықтың ғұмыры да пышақпен пара-пар десе де болғандай, ол Еуропада біздің заманымыздан бұрын 3 мың жыл бұрын пайда болған. Мұның өзі Еуропа халықтарында сұйық, қоймалжың тағамдардың көп болғанын дәлелдейді. Біздің заманымызға дейін алғашқы 1 мың жылдықтың орта шенінде мүйізден, қоладан, алтын мен күмістен жасалған қасықтардың түр - формасы қазіргі кезде қолданылып жүрген қасықтарға сәйкес келеді. Ресейде алғашқы қасықты 996 ж. Владимир Святосилович өзінің жасақтарымен бірігіп жасаған екен.

Бірінші шанышқы XVI ғасырда Италияда пайда болған. Қолмен жеп үйренген адамдарға шанышқыға үйрену қиыншылықтар әкелді.

Ас ішетін құрал-аспаптардың қойылуы

Пышақ негізгі тәрелкенің оң жағына жүзі іш жаққа қаратылып қойылады. Ал шанышқы сол жаққа қойылады, дастарқанды тесіп кетпеу үшін оның ұштарын жоғары қаратып қойылады. Балық кесетін пышақ ыстық тағамға арналған пышақтың оң жағына қойылады. Қуырылған балық тағамына дейін басытқы немесе жеңіл тамақ берілетін болса, оларға арналған шанышқы мен пышақ беріледі.

Тағам беру ретіне қарай олар шеткі тәрелкеде әрірек орналастырылады. Дастарқанға шанышқыны үш жұптан артық қоймайды. Пышақ пен шаңышқы бір - бірінен 1 см қашықтықта орналасады.

Қасықты дастарқанға түбін қаратып шалқасынан қояды. Қасықтың сабы оң жаққа қарай жатқызылып қойылады. Ас қасық тәрелкенің оң жағына пышақпен қатар қойылуы да мүмкін. Ондайда пышақтың оң жағына қойылады.

Ас ішетін құрал - аспаптардың сипаттамалары

Мейрамханаларда қолданатын асханалық құрал - аспаптар екіге бөлінеді:

  1. негізгі құрал - аспаптар (тағам қабылдау үшін) :
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық тамақтанудағы қызмет көрсету және өндірісті ұйымдастыру
Ыдыстарды таңдау, танертеңгі, түскі және кешкі асқа үстелді алдын-ала сервировкалау әдістерін үйрену, майлықтарды орау
Қызмет көрсетуді ұйымдастырудың этаптары
Банкет-коктейль, тағайындалуы, дайындық, банкетті өткізу ерекшелігі
Мейрамханадан тыс қызмет көрсету-кейтеринг
Сауда бөлмелерінің түрлері және сауда бөлмелерін қызмет көрсетуге дайындау
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы қызмет көрсетуді жетілдіру
Тұтынушылар нарығының жағдайы
Автожолаушылар мен су көлігінде тамақтануды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету
200 орынды көпшілікке ортақ асхананың көкөніс цехының жобасы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz