Сыртқы борыш және оның жай-күйін талдау



Жоспары:

Мазмұны

Кіріспе

 бөлім. Сыртқы борыш және оның жай.күйін талдау

1.1 Мемлекеттік және мемлекеттік кепілдік берген борыш
1.2 Мемлекеттің басым қатысуы бар ұйымдардың борышы
1.3 Жеке сектордың сыртқы борышы

 бөлім. Сыртқы борышты басқару шаралары

2.1 Жалпы сыртқы борыштың құрылымы
2.2 Борыштың салыстырмалы параметрлері
2.3 Ақпаратпен алмасу. Құқықтық қамтамасыз ету
2.4 Бағыттар бойынша борышты басқарудың жеке мәселелері
2.5 Жалпы үйлестіру, ұйымдастыру мәселелері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар
Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық даму бағытының өзгеруі осы елдер ішінде қандай болса , әлемдік нарықта да соншалықты экономикалық өзгерістер туғызды. Дамушы елдерде қаржы құралдарының жетіспеуі, ал дамыған елдерде олардың молшылығы бір жағынан елдерде экономикалық әр сатыға бөлсе, екінші жағынан халықаралық қатынастардың дамуына әсерін тигізді. Халықаралық қатынастардың дамуы, өз негізінде, нашар дамыған елдердегі технологиялық процестің жылдамдауына ықпал жасады.
Осы сыртқы қаржы құралдарын қолдануда ең маңыздысы халықаралық еңбек бөлінісін тереңдету, тиімді экономикалық механизмдерді жандандыру, мемлекеттік мүддемен байланысты стратегиялық бағдарды анықтау тәрізді экономиканы реформалаудың тактикалық мәселелерін кешенді шешу. Сонымен әлемдік тәжірибеден елдер экономикасы алдында туындаған нақты мәселелерді шешуде сыртқы құралдардың тиімді әрі орынды пайдаланудың үлгілі нәтижелеріне көз жеткізуге болады. Осыдан келіп өтпелі экономикадағы елдер, оның ішінде Қазақстан да, әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан шығуда сыртқы қаржы құралдарын маңызды факторлардың бірі есебінде қарастыра бастады.
Алайда көптеген елдерде қарыз капиталы түріндегі қаржылық құралдар ағымының өсуі жаңа бір мәселені – сыртқы қарыз немесе сыртқы берешек мәселесін туғызды. Ал дамушы елдерде сыртқы берешектің өсуі ірі ғалами экономикалық мәселелердің біріне айналды, яғни валюта-қаржылық мәселеден елдердің басым көпшілігінің мүдделерін қозғайтын халықаралық мәселеге айналды.
Қарыз мәселесінің шиеленісуі дамушы елдерге қандай болса, дамыған елдерге де соншалықты әсер ететін, тіптен бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін соңы насырға шабатын экономикалық және саяси зардаптар әкелуші дағдарысты жағдайларды жеңу жөнінде белгілі бір шаралар жасап, жүзее асыру қажеттіліктерін туғызды.
Қарыздық реттеудің халықаралық механизмдері халықаралық валюта-несиелік қатынастарға айтарлықтай әсер ете отырып қарыз дағдарысын сәл де болса бақыланатын жағдайға ауыстыруға ықпал жасады. Әйткенде де қарыз мәселесі созылмалы түрге ие болып дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайына, жалпы әлемдік экономика жағдайына кері әсерін тигізуде.
Сондай-ақ тәуелсіз экономикалық даму кезеңіне аяқ басқан Қазақстан Республикасы да сырттан қарыз құралдарын тарту саясатын белсенді жүргізе бастады. Осы мақсатта мемлекеттің құқықтық, саяси, экономикалық, ұйымдастыру мүмкіндіктері жұмылдырылды. Сыртқы құралдарды тарту үшін сыртқы секторды дамытудың заңды және институционалды негізі жасалынды.
Бұл ретте, еліміздің жалпы сыртқы борышы 2007 жылғы 1 тоқсанның аяғына ЖІӨ-нің 77,6%-ын құрай отырып, 2001 жылдан бастап өсіп келеді. Халықаралық ұйымдардың жіктемесі бойынша көрсетілген көрсеткіштер Қазақстанды сыртқы борышның бірқалыпты деңгейі бар елдер тобына жатқызуға мүмкіндік береді. Алайда, жалпы сыртқы борышты одан әрі арттыру елдің ішкі экономикалық жағдайларына ғана емес, экономикалық қауіпсіздігіне де теріс әсерін тигізе алады.
Бұдан басқа, қаржы қауіпсіздігінің тиімді жүйесін қамтамасыз ету мақсатында ЖІӨ-ге шаққанда белгіленген қатынас шегінде орта мерзімді кезеңде елдің жалпы сыртқы борышының деңгейін ұстау қажет.
Елдің борышын басқарудың тиімді жүйесін құру үшін мемлекеттік борышты, мемлекеттің басым қатысуы бар ұйымдардың борышын, мемлекеттің шартты міндеттемелерін басқару және жеке сектордың сыртқы борышын реттеу сапасын арттығуға бағытталған бірқатар шараларды қабылдау қажет.
Зерттеу жұмысының мақсаты елдің жалпы сыртқы борышының қазіргі бар деңгейін орта мерзімді кезеңде ЖІӨ-ге шаққанда 65-70% деңгейіне дейін азайтуға және ұзақ мерзімді перспективада елдің жалпы сыртқы борышын ел үшін қауіпсіз деңгейде ұстауға, мемлекеттік борышты, мемлекеттің басым қатысатын ұйымдардың, мемлекеттің шартты міндеттемелерін сапалы басқаруға және несие капиталының сыртқы нарықтарында жеке сектордың қарыз алу мәселелерін тиімді реттеуге ықпал етуге мүмкіндік беретін біртұтас және тиімді жұмыс істейтін борышты басқару жүйесін қалыптастыру болып табылады.
Зерттеу жұмысының міндеттері мыналар болып табылады:
Мемлекеттік сектордың борышын, оның ішінде борыштық міндеттемелер бойынша тиісті есеп жүргізу бөлігінде басқару жүйесін оңтайландыру, борыш ахуалының жүйелік мониторингін және оны бақылауды жүзеге асыру, тәуекелдерді басқару, мемлекеттік органдар мен мемлекеттің басым қатысуы бар ұйымдардың тиімді өзара іс-әрекеті;
Елдің жалпы сыртқы борышын барынша есепке алу әдістемесін айқындау;
Қазақстан үшін «дабылды» шекті мәндер ретінде әрекет ететін жалпы сыртқы борыштың орта мерзімді перспективаға арналған салыстырмалы көрсеткіштерін айқындау, оларға сәйкес мемлекеттік органдар жалпы сыртқы борыштың осы шектерден асып кетуіне жол бермеу үшін белгілі бір шек қою шараларын қабылдайтын болады;
Несие капиталының сыртқы нарықтарында жеке сектордың қарыз алу мәселелерін реттеу тетіктерін айқындау;
Борыш құралдарының ішкі нарығын дамыту үшін алғышарттар жасау.

1. Сыртқы борыш және оның жай-күйін талдау

Соңғы уақытта республиканың жалпы сыртқы борышының көлемі едәуір қарқынмен өсіп отыр. 2006 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша елдің жалпы сыртқы борышының көлемі 2001 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (ҰБ) абсолюттік мәнде 13,3 (ҰБ) млрд. АҚШ долларынан 46,8 млрд. АҚШ доларына дейін, елдің ЖІӨ-не шаққанда 69,8 (ҰБ) %-дан 77,7%-ға дейін артты.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Көкенова А. Т. Әлемдік тәжірибедегі сыртқы қарыздың пайда болу себептері // Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ – Түрік Университеті
1. Әмірқанов Р. Ә., Тұрғұлова А. Қ. Қаржы менеджменті. Оқу құралы. – Алматы: 1999. – 188 бет.
2. Бабич А. М., Павлов Л. Н. Финансы. Учебное пособие. – Петербург: 2000. – 192 с.
3. Балабанов И. Т. Основы финансового менеджмента. Учебное пособие. – М.: Приор, 2000. – 256 с.
4. Дробозина Л. А. Финансы. Учебник для Вузов. – М.: ЮНИТИ, 2000. – 527 с.
5. Дюсембаев К. Ш. Анализ финансового положения предприятия. Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 1998. – 184 с.
6. Елубаева Ж. М., Бюджетная система Республики Казахстан: теория, практика и направления развития. – Алматы: 2004 – 346 с.
7. Зейнельгабдин А. Б. Финансовая система: экономическое содержание и механизм использования. – Алматы. Қаржы – қаражат. 1995. – 160 с.
8. Ильясов К. К., Исахова П. Б. Расходы государственного бюджета. Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2003. – 290 с.
9. Құлпыбаев С. Және басқалары. Қаржы теориясы. Оқу құралы. – Алматы: Мерей, 2001. – 176 бет.
10. Мамыров Н. К., Саханова А. Н. и др. Государство и бизнес. В 4-х т. – Алматы: Экономика, 2002.
11. Мельников В. Д., Ли В. Д. Общий курс финансов. Учебник. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2001. – 285 с.
12. Финансы. Учебник для вузов. Под. ред. М. В. Романовского. – М.: Перспектива / ЮРАЙТ, 2001. – 520с.
13. Финансы, деньги, кредит. Учебник. Под. ред. О. В. Соколовой. – М.: ЮРИСТ, 2001. – 784 с.
14. Финансы. Денежное обращение. Кредит. Учебник для вузов. Под. ред. Л. А. Дробозиной. – М.: ЮНИТИ, 2000. – 429 с.
15. Финансы. Учебное пособие (Под. ред. Проф. А. М. Ковалевой). 4-изд. – М.: 2000.
16. Илиясов Қ. Қ., Құлпыбаев С. Оқулық. – Алматы: 2003. – 448 бет.
17. Международное банковское дело. У. Риггин. Вашингтон. 1996 г.
18. Банки и банковские операции. Е. Ф. Жукова. – М.: Финансы и статистика. 1990 г.
19. Банковское дело. Учебник. В. И. Колесникова. – М.: Финансы и статистика. 1995 г.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

Мазмұны

Кіріспе

( бөлім. Сыртқы борыш және оның жай-күйін талдау

1. Мемлекеттік және мемлекеттік кепілдік берген борыш
2. Мемлекеттің басым қатысуы бар ұйымдардың борышы
3. Жеке сектордың сыртқы борышы

(( бөлім. Сыртқы борышты басқару шаралары

2.1 Жалпы сыртқы борыштың құрылымы
2.2 Борыштың салыстырмалы параметрлері
2.3 Ақпаратпен алмасу. Құқықтық қамтамасыз ету
2.4 Бағыттар бойынша борышты басқарудың жеке мәселелері
2.5 Жалпы үйлестіру, ұйымдастыру мәселелері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Дамушы елдердің әлеуметтік-
экономикалық даму бағытының өзгеруі осы елдер ішінде қандай болса , әлемдік
нарықта да соншалықты экономикалық өзгерістер туғызды. Дамушы елдерде қаржы
құралдарының жетіспеуі, ал дамыған елдерде олардың молшылығы бір жағынан
елдерде экономикалық әр сатыға бөлсе, екінші жағынан халықаралық
қатынастардың дамуына әсерін тигізді. Халықаралық қатынастардың дамуы, өз
негізінде, нашар дамыған елдердегі технологиялық процестің жылдамдауына
ықпал жасады.
Осы сыртқы қаржы құралдарын қолдануда ең маңыздысы халықаралық
еңбек бөлінісін тереңдету, тиімді экономикалық механизмдерді жандандыру,
мемлекеттік мүддемен байланысты стратегиялық бағдарды анықтау тәрізді
экономиканы реформалаудың тактикалық мәселелерін кешенді шешу. Сонымен
әлемдік тәжірибеден елдер экономикасы алдында туындаған нақты мәселелерді
шешуде сыртқы құралдардың тиімді әрі орынды пайдаланудың үлгілі
нәтижелеріне көз жеткізуге болады. Осыдан келіп өтпелі экономикадағы елдер,
оның ішінде Қазақстан да, әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан шығуда сыртқы
қаржы құралдарын маңызды факторлардың бірі есебінде қарастыра бастады.
Алайда көптеген елдерде қарыз капиталы түріндегі қаржылық құралдар
ағымының өсуі жаңа бір мәселені – сыртқы қарыз немесе сыртқы берешек
мәселесін туғызды. Ал дамушы елдерде сыртқы берешектің өсуі ірі ғалами
экономикалық мәселелердің біріне айналды, яғни валюта-қаржылық мәселеден
елдердің басым көпшілігінің мүдделерін қозғайтын халықаралық мәселеге
айналды.
Қарыз мәселесінің шиеленісуі дамушы елдерге қандай болса, дамыған
елдерге де соншалықты әсер ететін, тіптен бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін
соңы насырға шабатын экономикалық және саяси зардаптар әкелуші дағдарысты
жағдайларды жеңу жөнінде белгілі бір шаралар жасап, жүзее асыру
қажеттіліктерін туғызды.
Қарыздық реттеудің халықаралық механизмдері халықаралық валюта-
несиелік қатынастарға айтарлықтай әсер ете отырып қарыз дағдарысын сәл де
болса бақыланатын жағдайға ауыстыруға ықпал жасады. Әйткенде де қарыз
мәселесі созылмалы түрге ие болып дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық
және саяси жағдайына, жалпы әлемдік экономика жағдайына кері әсерін
тигізуде.
Сондай-ақ тәуелсіз экономикалық даму кезеңіне аяқ басқан
Қазақстан Республикасы да сырттан қарыз құралдарын тарту саясатын белсенді
жүргізе бастады. Осы мақсатта мемлекеттің құқықтық, саяси, экономикалық,
ұйымдастыру мүмкіндіктері жұмылдырылды. Сыртқы құралдарды тарту үшін сыртқы
секторды дамытудың заңды және институционалды негізі жасалынды.
Бұл ретте, еліміздің жалпы сыртқы борышы 2007 жылғы 1 тоқсанның аяғына
ЖІӨ-нің 77,6%-ын құрай отырып, 2001 жылдан бастап өсіп келеді. Халықаралық
ұйымдардың жіктемесі бойынша көрсетілген көрсеткіштер Қазақстанды сыртқы
борышның бірқалыпты деңгейі бар елдер тобына жатқызуға мүмкіндік береді.
Алайда, жалпы сыртқы борышты одан әрі арттыру елдің ішкі экономикалық
жағдайларына ғана емес, экономикалық қауіпсіздігіне де теріс әсерін тигізе
алады.
Бұдан басқа, қаржы қауіпсіздігінің тиімді жүйесін қамтамасыз ету
мақсатында ЖІӨ-ге шаққанда белгіленген қатынас шегінде орта мерзімді
кезеңде елдің жалпы сыртқы борышының деңгейін ұстау қажет.
Елдің борышын басқарудың тиімді жүйесін құру үшін мемлекеттік борышты,
мемлекеттің басым қатысуы бар ұйымдардың борышын, мемлекеттің шартты
міндеттемелерін басқару және жеке сектордың сыртқы борышын реттеу сапасын
арттығуға бағытталған бірқатар шараларды қабылдау қажет.
Зерттеу жұмысының мақсаты елдің жалпы сыртқы борышының қазіргі бар
деңгейін орта мерзімді кезеңде ЖІӨ-ге шаққанда 65-70% деңгейіне дейін
азайтуға және ұзақ мерзімді перспективада елдің жалпы сыртқы борышын ел
үшін қауіпсіз деңгейде ұстауға, мемлекеттік борышты, мемлекеттің басым
қатысатын ұйымдардың, мемлекеттің шартты міндеттемелерін сапалы басқаруға
және несие капиталының сыртқы нарықтарында жеке сектордың қарыз алу
мәселелерін тиімді реттеуге ықпал етуге мүмкіндік беретін біртұтас және
тиімді жұмыс істейтін борышты басқару жүйесін қалыптастыру болып табылады.
Зерттеу жұмысының міндеттері мыналар болып табылады:
Мемлекеттік сектордың борышын, оның ішінде борыштық міндеттемелер
бойынша тиісті есеп жүргізу бөлігінде басқару жүйесін оңтайландыру, борыш
ахуалының жүйелік мониторингін және оны бақылауды жүзеге асыру,
тәуекелдерді басқару, мемлекеттік органдар мен мемлекеттің басым қатысуы
бар ұйымдардың тиімді өзара іс-әрекеті;
Елдің жалпы сыртқы борышын барынша есепке алу әдістемесін айқындау;
Қазақстан үшін дабылды шекті мәндер ретінде әрекет ететін жалпы
сыртқы борыштың орта мерзімді перспективаға арналған салыстырмалы
көрсеткіштерін айқындау, оларға сәйкес мемлекеттік органдар жалпы сыртқы
борыштың осы шектерден асып кетуіне жол бермеу үшін белгілі бір шек қою
шараларын қабылдайтын болады;
Несие капиталының сыртқы нарықтарында жеке сектордың қарыз алу
мәселелерін реттеу тетіктерін айқындау;
Борыш құралдарының ішкі нарығын дамыту үшін алғышарттар жасау.

1. Сыртқы борыш және оның жай-күйін талдау

Соңғы уақытта республиканың жалпы сыртқы борышының көлемі едәуір
қарқынмен өсіп отыр. 2006 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша елдің жалпы
сыртқы борышының көлемі 2001 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (ҰБ)
абсолюттік мәнде 13,3 (ҰБ) млрд. АҚШ долларынан 46,8 млрд. АҚШ доларына
дейін, елдің ЖІӨ-не шаққанда 69,8 (ҰБ) %-дан 77,7%-ға дейін артты.
Елдің жалпы сыртқы борышының өсімі 2004 және 2005 жылдары ғана
тиісінше 9,0 және 9,6 млрд. АҚШ доллларын құрады. 2005 жылғы 1 сәуірден
бастап 2006 жылғы 1 сәуір аралығы кезеңдегі 1 жылда жалпы сыртқы борыштың
өсімі 13,4 млрд. АҚШ долларын құрады.
Сыртқы борышты есепке алудың әдіснамалық проблемалары бар, ол жалпы
сыртқы борыштың салыстырмалы көрсеткіштеріне әсер етеді.
Мемлекеттік борыш бөлігінде елдің сыртқы борышының қолданылатын
салыстырмалы құрылымы халықаралық әдіснама ұсынатын жіктемеге сәйкес
келмейді. Бұл мемлекет басым қатысатын ұйымдардың борышына жатады, ол
қазіргі уақытта мемлекеттік сектордың борышы ретінде жіктелмейді.
Тұтастай алғанда, ел үшін борышты басқару жөніндегі жүйелік шараларды
қабылдау үшін негіз болып қызмет ететін борыштың қауіпсіз деңгейін айқындау
саясаты жоқ.
Бұдан басқа, мемлекеттік деңгейде борышты басқарудың нақты стратегиясы
қалыптастырылмаған, тәуекелдерді басқару жүйесінде икемділік пен уақтылылық
жоқ, корпоративтік сектордың қарыз алуын реттеу тетігі жоқ, мемлекеттің
басым қатысуы бар ұйымдар борышының тиісті мониторингі жүргізілмейді,
тұтастай алғанда уәкілетті мемлекеттік органдар арасында өзара іс-әрекет
жасау және ақпарат алмасудың толыққанды жүйесі жоқ.
Қолданыстағы заңнамада елдің борышын басқару мәселелері жеткілікті
регламенттелмеген, бұл жоғарыда көрсетілген проблемаларға әкеп соқтырады.
Тұтастай алғанда, мемлекеттік органдардың елдің жалпы сыртқы борышын
үйлестіру жөніндегі функциялары заңнамада жеткілікті нақты айқындалмаған,
атап айтқанда мемлекеттік органдардың мемлекеттің қатысуы бар ұйымдардың
қарыз алуы мен борышын басқару, сондай-ақ жеке сектордың сыртқы қарыз алуы
мен борышын реттеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруы көрсетілмеген.
Осылайша, жалпы ішкі борышты басқару үшін жеткілікті құқықтық база
құрылмаған.
Сондай-ақ, халықаралық қаржы ұйымдарымен жұмыс істеу жөніндегі
бірыңғай мемлекеттік саясат әзірленбеген, олардың жұмыс ерекшелегіне және
қарыз қаражатын беру шарттарына қарай олармен ынтымақтасу бағыттары
анықтамайды.

1.1. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш

Соңғы бес жылда Қазақстан Республикасы Үкіметінің орта мерзімді
фискалдық саясатында көзделген мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген
қарыз алу мен борышты басқару мақсаттары, атап айтқанда ЖІӨ-ге пайыздық
қатынаста үкіметтік борыштың мөлшерін түсімді қысқарту және үкіметтік борыш
құрылымында сыртқы борыш үлесін біртіндеп азайту орындалып отыр. Айталық,
2006 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ЖІӨ-ге пайыздық қатынаста үкіметтік
борыш үкіметтік сыртқы қарыздар бойынша мерзімінен бұрын өтеу есебінен де,
ЖІӨ-нің атаулы мәнінің өсуі есебінен 2000 жылғы 21,3 %-дан 6,1 %-ға дейін
біртіндеп төмендейді (оның ішінде көрсетілген кезеңге сыртқы үкіметтік
борыш – ЖІӨ-нің 2,5%). Үкіметтік борыш құрылымында сыртқы борыштың үлесі
2006 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 2000 жылғы 84,5%-дан 40,9%-ға
төмендейді.
2006 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Ұлттық Банктің борышы тек қысқа
мерзімді ноттардан ғана тұрды. 2000 жылғы мамырда Халықаралық валюта
Қорының қарыздарын мерзімінен бұрын өтегеннен кейін Ұлттық Банк сыртқы
қарыз алуды жүзеге асырған жоқ. Қазіргі уақытта Ұлттық Банктің сыртқы
борышы жоқ.
Ұлттық Банк ақша-кредит саясатының мақсаттарына сәйкес ұлттық және
шетел валютасында қысқа мерзімді ноттар шығаруға құқылы.
2006 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша айналымда тек қана ұлттық
валютада номинацияланған қысқа мерзімді ноттар болды.
2006 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қысқа мерзімді ноттар бойынша
берешектің көлемі (айналым көлемі) 294,8 млрд. теңгені құрады. Қазіргі
уақытта қысқа мерзімді ноттардың айналым мерзімі 28 күнді құрайды
Сонымен бірге, бүгінгі күні үкіметтік борышты басқару тиімділігін
арттыру үшін шешуді талап ететін бірқатар мәселелер бар.
1.1. Борыштық құралдардың ішкі нарығын дамыту.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қарыз алуы республикалық бюджеттің тапшылығын
қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылады. Бюджеттің профициті болған кезде
Қазақстан Республикасының Үкіметі үкіметтік борышты бірлесіп қаржыландыру
үшін қарыз алуды жүзеге асыра алады.
Сонымен қатар, көптеген елдерде үкіметтік борышты тиімді басқару
мақсатында қабылданатын шаралар сондай-ақ бағалы қағаздардың ішкі нарығының
тиімді жұмысын дамытуға және қолдауға бағытталған.
Мысалы, Жапонияда мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту
мемлекеттік борышты басқарудың маңызды мақсаты болып саналады, өйткені бұл
нарық кредит тәуекелінің төмен деңгейінің арқасында ішкі қаржы нарығына
бағдар болып қызмет етеді және неғұрлым белсенді сауда жүргізілетін ішкі
бағалы қағаздар нарығының сегменті болып табылады.
Қазақстанда даму институттары, сондай-ақ мемлекет құратын жыл сайын
республикалық бюджеттен оларды капиталдандыруға қаржы бөлінетін ұлттық
компаниялар бос ақша қаражатын мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыруды
жүзеге асыру практикасы бар. Нәтижесінде мемлекет қосарланған шығыстарды
жүзеге асырады – даму институттарын капиталдандыру кезінде және мемлекеттік
бағалы қағаздар бойынша пайыздар төлеу кезінде. Айталық, 2006 жылғы 1
қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағалы
қағаздарын ұстаушылар құрылымындаға даму институттарының үлесі 15%-ды
құрады.
1.2. Валюталық тәуекелдер.
Бірнеше жылдар бойы Қазақстанның валюта нарығында ғана емес, барлық
халықаралық нарықтарда жалғасып келе жатқан АҚШ долларының әлсізденуі мен
құнсыздануы қарыз алушы ретінде Қазақстан үшін тиімді.
Алайда, валюта бағамдарының ауытқу тәуекелдері бар. Сондықтан
валюталық тәуекелді төмендету мақсатында үкіметтік борыштың валюталық
құрылымына енетін валюталардың бағамдарына әсер етуі мүмкін экономикалық
және саяси факторларды талдау қажет.
Үкіметтік борыштың валюталық құрылымының төмен әртараптандырылуы
мемлекеттің экономикалық қауіпсіздік жағдайына теріс әсер етенін тәуекел
нәтижесінде қаржылық шығындардың басталу және валюта бағамдарының ауытқу
тәуекеліне ұшырауы мүмкін.
1.3. Жергілікті атқарушы органдардың реттелмеген борыштары.
Жергілікті атқарушы органдардың реттелмеген және танылмаған борыштарын
есепке алу жөніндегі проблемалар шешілмеген мәселелер болып табылады,
оларды екі топқа бөлуге болады:
1) кредиттер бойынша міндеттемелерді уақтылы орындамау. Жергілікті
атқарушы органдардың борыштарын жүйелі үнемі қайта құрылымдау республикалық
бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуына теріс әсер етеді;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдар
әкімдерінің кепілдігімен тартылған өткен жылдардың кредиттері бойынша
республикалық бюджет алдында борыштарды растау және өтеу проблемасы.
1.4. Мемлекеттің шартты міндеттемелері.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, үшінші тұлғалар алдында борыштық
міндеттемелері мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген заңды
тұлғалардың қарыздарды тартуы және оларға кейіннен борышкерлердің тікелей
қызмет көрсетуі тиімсіз жүзеге асырылады. Үшінші тұлғалар алдында борыштық
міндеттемелері мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген заңды
тұлғалардың қаржы жағдайын бақылаудың тиісті жүйесі жоқ. Заңнамада
көзделген берілген (берілетін) кепілдіктер бойынша мемлекет міндеттемелері
басталуының мүмкін тәуекелдерін азайту жөніндегі шаралар үшінші тұлғалар
алдында борыштық міндеттемелері мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз
етілген заңды тұлғалардың борышын басқарудағы жолсыздықтарға уақтылы әрекет
ету және жою жөнінде шаралар қабылдауға мұмкіндік бермейді.
Қазақстанда мемлекеттік-жеке серіктестіктің қолданыстағы тетіктерін
жетілдіру және жаңаларын енгізу және концессиялық келісімдер бойынша
жобаларды іске асыру нәтижесінде мемлекет Бағалы қағаздар нарығы туралы
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекетке берілетін объектінің
құнына сай келетін сомада мемлекет пен эмитент арасында жасалған
инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жөніндегі концессиялық келісімнің
шеңберінде кепілдеме береді.
Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысында берілген кепілдемелер
бойынша мемлекеттік жауапкершіліктің орындалу тәртібіне және мөлшеріне
байланысты проблемалар анықталды.
Кепілдеме институты жеке сектор қаражатын, атап айтқанда
инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін, сондай-ақ инфрақұрылымдық
облигациялар нарығын дамыту үшін зейнетақы жинақтауларын тарту мақсатында
енгізілгендігін ескере отырып, қазіргі уақытта мемлекет тарапынан бағалы
қағаздар нарығының осы сегментін дамытуды институционалдық қамтамасыз ету
проблемасы шешуді талап етеді.

1.2. Мемлекеттің басым қатысуы бар ұйымдардың борышы

Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі борышының мониторингі мен оны басқарумен қатар, мемлекет басым
қатысатын ұйымдардың, олардың еншілес, тәуелді және бірлесіп бақылайтын
ұйымдарын қоса алғандағы борышының мониторингі мен оны басқарудың
қажеттілігі бар.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамның акционері оның
міндеттемелері бойынша жауап бермейді және оған тиесілі акциялар құнының
шегінде қоғамның қызметіне байланысты шығындар тәуекелін тартады. Бұл норма
әлемдегі барлық корпоративтік құрылымдар үшін тән екендігін атап өткен жөн.
Сонымен бірге, шетелдік компаниялардың мемлекеттің қатысуы бар
акционерлік қоғамдардың борыштық міндеттемелерін орындау жөніндегі, оның
ішінде заң тұрғысынан мемлекеттік борышқа жатқызылмаған борыштар бойынша
сот қуынулары Қазақстан Республикасының Үкіметіне қойылатын жағдайлар орын
алып отыр. Мұндай сот талқылаулары елдің халықаралық мәртебесіне теріс әсер
етеді.
Еншілес құрылымдарды есепке алмағанда мемлекеттің басым қатысуы бар
ұйымдардың сыртқы борышы 2005 жылдың соңына 1 039 млн. АҚШ долларын құрады
(жалпы сыртқы борыштың жалпы көлемінің 2,5%-ы).
Мемлекеттің қатысуы бар ұйымдар борышының жай-күйі мониторингімен
проблемалар бар. Ақпаратты жинақтау ыдыраңқы және толық емес сипатта.
Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың олардың сыртқы борышының
мониторингін жүзеге асыру мақсатында еншілес, тәуелді және бірлесіп
бақыланатын заңды тұлғалардың тізбесін беру жөніндегі өзара іс-әрекет
жасауын жақсарту қажет.
Бұдан басқа, тұтастай алғанда қазіргі уақытта мемлекеттің қатысуы бар
ұйымдардың сыртқы қарыз алуы мен борышын басқару жөніндегі мемлекеттік
саясат жоқ.

1.3. Жеке сектордың сыртқы борышы

ЖІӨ-нің жыл сайынғы жоғары қарқынмен өсуіне қарамастан 2001 жылы ЖІӨ-
нің 68,5%-нан 2005 жылы ЖІӨ-нің 74%-ына қол жеткізген елдің жалпы сыртқы
борышының үздіксіз өсуі Үкіметтің және Ұлттық Банктің назарын аудармай
қоймайды. Жалпы сыртқы борыш өсімінің жоғары қарқыны көп деңгейде жеке
сектордың сыртқы борышының өсімі есебінен, оның ішінде банк секторының
борышы есебінен қолдау табады. 2005 жылы қол жеткізілген елдің жалпы сыртқы
борышы өсімінің 9,5 млрд.АҚШ долларының 7 млрд. АҚШ долларын (Қазақстанның
Даму банкі АҚ қоспағанда) банк секторының борышы құрайды.
3.1. Қаржы секторының борышы.
Қазіргі уақытта банк секторының белсенді сыртқы қарыз алу үрдісі
сақталып отыр. 2003, 2004 және 2005 жылдары екінші деңгейдегі банктердің
сыртқы борышының өсу қарқыны тиісінше 150%-ды, 94,5%-ды және 102,7%-ды.
2005 жылдың қорытындысы бойынша банк секторының сыртқы берешегі 13,9 млрд.
АҚШ долларын құрады, бұл жалпы сыртқы борыш көлемінің жалпы көлемінің 33,5%-
ын құрады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қазіргі уақытта
резидент еместердің қазақстандық банктердегі депозиттерді екінші деңгейдегі
банктердің борышына қоспайды, бірақ кейіннен осы міндеттемелер банк секторы
берешегін бағалауға қосылатын болады.
Банк секторының сыртқы қарыз алуының қарқынды өсуі жалпы сыртқы борыш
өсіміне елеулі әсер етеді, бұл ретте халықаралық қаржы нарықтарында ахуал
төмендеген жағдайда банктердің әлсіздігі күшейе түседі.
Банк секторының валюта тәуекелдерін басқару мақсатында валюталық
ұстанымның лимиттері қайта қаралды:
Standard&Poor’s агенттігінің А-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі
немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі
рейтингі бар елдердің шетелдік валюталары және жеке капитал шамасының 15%-
нан аспайтын мөлшерде Еуро валютасы бойынша ашық валюталық ұстанымның
(ұзын және қысқа) лимиті 30%-дан азайтылды;
Standard&Poor’s агенттігінің А-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі
немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің жеке капитал шамасының 5%-
ынан аспайтын мөлшерде осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің
шетелдік валюталары бойынша ашық валюталық ұстанымның (ұзын және қысқа)
лимиті ұзын ұстаным бойынша 30%-дан, қысқа ұстаным бойынша 15%-дан
азайтылды;
банктің жеке капитал шамасының 30%-нан аспайтын мөлшерде валюталық
таза ұстаным лимиті 50%-дан азайтылды.
Елдік тәуекелді ескере отырып, активтерді шетелде орналастыру
жөніндегі банктердің тәуекелдерін шектеу мақсатында 2005 жылғы 1 шілдеден
бастап резидент емес ұйымдарда (еншілес резидент емес банктерді қоспағанда)
орналастырылған активтер бойынша 100%-дан 150%-ға дейін тәуекел деңгейін
арттыру көзделді.
Кейіннен банк секторын реттеу құралдарын одан әрі қатандандыру
мақсатында валюталық ұстанымның жекелеген лимиттері азайтылды:
Standard&Poor’s агенттігінің А-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі
немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі
рейтингі бар елдердің шетелдік валюталары және Еуро валютасы бойынша ашық
валюталық ұстанымның (ұзын және қысқа) лимиті банктің жеке капиталы
шамасының 15%-ынан 12,5%-ға дейін азайтылды;
банктің жеке капитал шамасының 30%-нан валюталық таза ұстаным лимиті
25%-ға дейін азайтылды.
Осы лимиттер 2006 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді.
Бұдан басқа, өзге қаржы ұйымдары сыртқы қарыздарды елеусіз көлемде
тартатындығын атап өткен жөн. 2005 жылға арналған жайғдай бойынша өзге
қаржы ұйымдары (екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда) тартқан сыртқы
қарыздар 190,4 млн. АҚШ долларынан астамды (жалпы сыртқы борыштың 0,5%-ы)
құрады.
Қаржы секторының осалдығы үлкен, өйткені қаржы институттарының әдетте
төлем мерзімінің сәйкес келмеуіне әкеп соқтыратын жоғары левериджі бар,
симметриясыз ақпарат тәуекелі мен моральдік тәуекел жоғары нарықтарда жұмыс
істейді.
Резидент еместер алдында міндеттемелер өсімінің негізгі
проблемаларының бірі атап айтқанда банк секторының қайта қаржыландыру
тәуекелдеріне, валюталық, пайыздық тәуекелге және өтімділік тәуекеліне
ұшырауының артуы болып табылады. Шетел валютасында тартылатын сыртқы қарыз
алу банктердің валюталар бағамының толқуына байланысты валюталық тәуекелге
ұшырауын күшейтеді, ал жеке валюталық көздері жоқ қарыз алушыларға
кредиттер беру жолымен осы қаражатты қайта кредиттеу банктердің кредит
тәуекелін күшейтеді. Бұдан басқа, орналастырылған активтер мен тартылған
міндеттемелердің мерзіміндегі теңгерімсіздік отандық банктердің валюталық
өтімділік деңгейіне теріс әсер етеді.
3.2. Қаржылық емес корпоративтік сектордың борышы.
Қаржылық емес корпоративтік сектордың сыртқы борышының 2003 – 2005
жылдарда өсу қарқыны тиісінше 17,1%-ды, 25,4%-ды және 17,2%-ды құрады.
Мемлекеттің басым қатысуы бар ұйымдардың борышын қоспағанда қаржылық емес
корпоративтік сектордың сыртқы борышы 2005 жылдың қорытындысы бойынша
25 055,4 млн. АҚШ долларын (ЖІӨ-нің 44,7%-ды) құрады.
Сонымен қатар, корпоративтік сектордың сыртқы борышының 44,3%-ын
шетелдік бас және еншілес компаниялар алдындағы қазақстандық ұйымдардың
фирмааралық берешегі құрайды.
Бұдан басқа, шетелдік мердігерлердің филиалдары өнімді бөлу туралы
келісімдер (ӨБК), жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар бойынша
жүзеге асыратын барлауға арналған шығындар сыртқы борышқа жатқызылады. 2005
жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын
барлаумен айналысатын шетелдік компаниялар филиалдарының өздерінің бас
компаниялары (шетелдік) алдында сыртқы берешегі 7 418 млн. АҚШ долларын
құрады.
Сыртқы борышты басқару контексінде фирмааралық берешек соншалықты
қауіпті емес, өйткені тікелей инвестор-кредитор қарыз алушының төлем
қабілетсіздік тәуекелін оның қызметін басқаруға өзінің қатысуы арқылы
бөледі. Алайда, дағдарысты жағдайда фирмааралық борыш валюта курсына
қосымша қысым жасауға қабілетті, өйткені шетелдік инвесторлар
міндеттемелердің өтеуі деп төлем қабілетті кәсіпорындардың ішкі активтерін
(мысалы, банктердегі жедел депозиттер және өзге де уақытша бос қаражат)
айырбастап, әкете бастауы мүмкін.
Барлаудың оң нәтижелері кезінде шығындардың барлық жиналған сомасы
өніммен оны өндіріп, өткізгеннен кейін өтелуі мүмкін. Өтеуді талап ететін
шығындар неғұрлым жоғары болса, мұнай өткізу салдарынан ЖІӨ мен экспорттың
өсуіне қарамастан соншалықты аз ішкі валюта нарығында ұсынылуы мүмкін
валюта пайдасын алады.
Шектеулі рентабельділікпен бірлесіп корпоративтік секторды шетел
валютасында шектен тыс қаржыландыру жәненемесе қысқа мерзімді
қаржыландыруға қатысты жоғары левериджі бар құрылымды қаржыландыру жалпы
корпоративтік төлем қабілетсіздігіне әкелуі мүмкін. Шетел валютасында қарыз
алатын, бірақ шағын экспорт тауарларын немесе қызметтерін (мысалы
Индонезияда болғандай) өндіретін корпорациялар ұлттық валюта құнсыздана
бастағаннан қолма-қол ақша (және табыс) ағынының қатаң қысқартуына
ұшырайды.
Корпоративтік сектордағы айтарлықтар қауіптер сала құрушы компаниялар
болып табылатын және жоғары сыртқы берешегі бар ірі қарыз алушлар тарапынан
да тууы мүмкін. Мұнда нәтижесінде борышты төлеумен уақытша қиындықтар
тәуекелі бар, мысалы мұнайдың және республиканың негізгі экспорттық
номенклатурасының өзге тауарлары бағасының құлдырауы.
Қазақстан Республикасының заңнамасында сыртқы қарыз алу кезінде
туындайтын корпоративтік сектордың тәуекелдерін азайту мақсатында Салық
кодексінің 94-бабында белгіленген жекелеген шектеулер (жеткілікті
капиталдандыру ережесі (бұдан әрі - ЖКЕ)) көзделеді.
ЖКЕ-нің мәні, егер қарыз алушының міндеттемелері өзінің капиталына
(левередж) ара қатынасы қаржылық ұйымдар үшін – 7-ден, қаржылық емес
ұйымдар үшін – 4-тен асып кетсе резидент еместерге сыйқақы беру жөніндегі
шығыстарды шегеруге жататын мөлешерін азайту. Бұл ретте, қарыз алушының
міндеттемелерінің жалпы сомасынан сыйақы аударылмайтын міндеттемелер алып
тасталады. Бұдан басқа, қосарланған салық салуды болдырмау туралы
халықаралық келісімдердің талаптарына сәйкес ЖКЕ тек қана бiрiктiрiлген
резидент еместердің және осындай келісімдер жасалмаған елдердің резидент
еместерінің қарыздарына қатысты ғана қолданылуы мүмкін.
Осылайша, практика көрсетіп отырғандай, заңнамада белгіленген шаралар
корпоративтік сектордың сыртқы борышын тежеу үшін жеткілікті тиімді емес.

2. Сыртқы борышты басқару шаралары

Дүниежүзілік тәжірибені талдау борышты басқарудың қандай-да бір
белгіленген нақты стратегиялары мен жүйелерінің жоқ екендігін көрсетіп
отыр. Көптеген елдер өздерінің ұлттық экономикалық ерекшеліктерін ескере
отырып өздерінің жеке борышты басқару жүйесін қалыптастырады. Мысалы,
көптеген елдерде борышты басқару жөніндегі функциялар бірқатар мекемелер
бойынша шоғырландырылған, сонда да экономикалық жағынан дамыған елдерде
(Ирландия, Жаңа Зеландия, Швеция, Ұлыбритания және т.с.с.) мемлекеттік
борышты басқару жөніндегі арнайы тәуелсіз қызметтер бар. Көптеген елдерде
мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландырудан басқа мемлекеттік
(үкіметтік) қарыз алу саясаты ішкі қор нарығын дамытуда фокусталады, алайда
елдің қаржы институттары үшін бәсекелестік тудырмау үшін көп деңгейде
үкіметтік қарыз алуды сыртқы капитал нарықтарында жүзеге асырылатын елдер
(Бразилия) бар. Бұдан басқа, жалпы сыртқы борыш мөлшерінің деңгейі бойынша
елдердің ұстанымдары әр түрлі.
Халықаралық тәжірибеге негіздей отырып және елдің борышын басқарудың
ағымдағы ахуалының жағдайын ескере отырып мынадай бағыттар бойынша борышты
басқарудың тұрақты және тиімді жұмыс істейтін жүйесін қалыптастыру үшін
тиісті шараларды іске асыру орынды болып отыр.

2.1. Жалпы сыртқы борыштың құрылымы

Қазақстан Республикасының сыртқы борышының статистикасын қалыптастыру
әдіснамасы тұтастай алғанда Халықаралық Валюта қорының, Дүниежүзілік
Банктің және Құраушылар мен пайдаланушылар үшін сыртқы борыштың
статистикасы жөніндегі нұсқаулық 2003 ж. (бұдан әрі - Нұсқаулық) айтылған
басқа халықаралық ұйымдардың әдіснамалық ұсынымдарына негізделген және БҰҰ-
ның Ұлттық шоттар жүйесін (ҰШЖ 1993 ж) қалыптастырудың және төлем балансы
статистикасының (Төлем балансы жөніндегі нұсқаулық, ХВҚ, 1993 ж.) негізгі
қағидаттарына сәйкес келеді. Сонымен бірге, қазіргі уақытта сыртқы борыштың
статистикасын қалыптастырудың қазіргі әдіснамасы елдің сыртқы борышының
құрылымы мен көлемі туралы тиісті талдамалық ұғым беруді жүзеге асыруға
мүмкіндік бермейді.
Жалпы сыртқы борыш туралы жан-жақты қамтуды және негізгі ұғымды
қамтамасыз ету мақсатында ел резиденттерінің резидент еместер
алдында жиынтық борышын білдіретін елдің сыртқы борышы мынадай талдамалық
ұғымда айқындалатын болады:
1. Мемлекеттік сектордың борышы:
1.1. Мемлекеттік басқару секторының борышы:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің борышы;
1.2. Мемлекет басым қатысатын ұйымдардың (50 және одан жоғары %), олардың
еншілес, тәуелді және бірлесіп бақылайтын ұйымдарын қоса алғандағы борышы;
1.2.1 Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың борышы (шаруашылық жүргізу
құқығымда);
1.2.2 Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың борышы (жетел
басқару құқығымда);
1.2.3 Акционерлық қоғамдардың және мемлекет басым қатысатын жауапкершілігі
шектеулі серіктестердің борышы:
1.2.3.1. Барлауға арналған шығындар;
1.2.3.2. Өзге берешек.
1.2.4 Мемлекет басым қатысатын өзге де ұйымдардың борышы.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шартты міндеттемелері:
2.1. Мемлекет кепілдік берген борыш;
2.2. Мемлекеттің кепілдемелері бойынша борыш.
3. Жеке сектордың борышы (мемлекеттің басым қатысуы бар ұйымдарды (50 және
одан жоғары %) қоспағанда):
3.1. Қаржы секторы ұйымдарының борышы (мемлекет басым қатысатын ұйымдарды
қоспағанда);
3.1.1. Екінші деңгейдегі банктердің борышы;
3.1.2. қаржы ұйымдарының борышы;
3.2. Қаржылық емес корпоративтік сектордың борышы (мемлекет басым қатысатын
ұйымдарды қоспағанда);
3.2.1. Фирмааралық берешек;
3.2.1.1. Барлауға арналған шығындар;
3.2.1.2. Өзге фирмааралық берешек;
3.2.2 Қаржылық емес корпорациялық сектордың өзге борышы;
3.3 Мемлекеттің кемінде 50 % акциясының қатысуымен ұйымның борышы.
3.3.1 Барлауға арналған шығындар;
3.3.2 Өзге берешек.
3.4. Басқа берешек (үй шаруашылығы және үй шаруашылығына қызмет көрсететін
коммерциялық емес ұйымдар, жеке тұлғалар)

Жаңа құрылымда көрсетілген Мемлекеттік басқару секторының борышы
ұғымы бюджет заңнамасында айқындалған мемлекеттің тікелей борыштық
міндеттемесі болып табылатын мемлекеттік борыш ұғымына сәйкес келеді.
Борыштың көрсетілген жаңа құрылымы мемлекеттің қазіргі борыштық
міндеттемелерін арттыруды білдірмейді, бірақ БҰҰ, ХВҚ-ның секторалдық
ұстанымдарына және Тұжырымдаманың мақсаттарына барынша сәйкес келетін
жіктеме болып табылады.
Мемлекеттің кепілдігі мен кепілдемесі мемлекеттік және жеке сектор
ұйымдарына беріледі және тек мемлекеттің шартты міндеттемелері болып
табылады, көрсетілген талдамалық құрылымда жалпы сыртқы борыштың сомасы 2-
тармақтың мағынасын есепке алмағанда, 1 және 3-тармақтардың жиынтық
сомасына сәйкес келеді.
Мемлекеттің басым қатысуы бар ұйымның борышы мемлекеттік сектор
борышына жатады. Мемлекет Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген
жағдайларды қоспағанда, мемлекет басым қатысатын ұйымдардың және олардың
еншілес, тәуелді және бірлесіп бақылайтын ұйымдарының борыштық міндеттері
бойынша жауап бермейді. Жалпы сыртқы борыш құрылымының көрсетілген
талдамалық құрылымында көзделетін мемлекеттің басым қатысатын ұйымдардың
(50 және одан жоғары %), олардың еншілес, тәуелді және бірлесіп бақылайтын
ұйымдарын қоса алғандағы борышы жөніндегі мәліметтер осы ұйымдардың сыртқы
борышының тиісті мониторингін және реттеу сапасын арттыру үшін
пайдаланылады.
Осы Тұжырымдамада жеке сектор мемлекеттің басым қатысуынсыз қаржы
секторы мен корпорациялық сектор ұйымдарының жиынтығы есебінде қаралады.
Осы Тұжырымдаманың мақсаттары үшін өзге қаржылық ұйымдар есебінде
инвестициялық портфельді басқаратын сақтандыру ұйымдары, жинақтаушы
зейнетақы қорлары, брокерлер және (немесе) дилерлер, зейнетақы активтерін
басқаруды жүзеге асыратын тіркеушілер, ұйымдар, банк операцияларының жеке
түрлерін жүзеге асыратын ипотекалық компаниялар, ұйымдар түсіндіріледі.

2.2. Борыштың салыстырмалы параметрлері

Мемлекеттік сектордың борышын басқару (ұсынылып отырған жаңа құрылым
бойынша) және жеке сектордың сыртқы борышын реттеу жүйесін құру шеңберінде
ел үшін ықтимал шекті мән болатын орта мерзімді перспективаға арналған
жалпы сыртқы борыштың салыстырмалы көрсеткіштерін айқындау қажет, олардан
асып кетуге жол бермеу үшін мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының
заңнамасы шеңберінде белгілі бір шектеу шараларын қолданады. Ел борышын
басқару тиімділігін арттыру мақсатында көрсетілген шекті мәні сыртқы
борыштың көрсетілген жаңа құрылымы бойынша айқындалған бағыттар бөлігінде
де анықталатын болады.
Жалпы сыртқы борыштың, сондай-ақ оның жеке бағыттары бойынша шекті
мәні Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкімен бірлесіп айқындайтын тәртіппен елдің әлеуметтік-экономикалық даму
саясатын, жеке бағыттар бойынша сыртқы борыштың өзгеру қарқындарын,
қаржылық күйзелістерге және тәуекелдерге ұшырау дәрежелерін ескере отырып,
орта мерзімді кезеңге анықталады.
Дүниежүзілік банктің сыныптамасына сәйкес шамадан тыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау
Қазақстан Республикасының несиелік ұйымдарының қызметіне қаржылық қағалау
Қазақстан Республикасындағы бюджеттің тапшылығы және бюджет балансы
Кәсіпорынның активтерін талдау
Бюджет тапшылығы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышы
Қр-дағы мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және мемлекеттік қарыздарды басқару
Мемлекеттік борыш және оны басқару
Жергілікті бюджет. Республикалық бюджет
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарызды жою жолдары
Пәндер