Бухгалтерлік құжаттар және олардың жіктелуі



Жоспар:
І.Кіріспе
Бухгалтерлік құжаттар және олардың жіктелуі.
ІІ.Негізгі бөлім
1. Түгендеу, оның маңызы
2. Есеп регистрлары және ондағы қателерді түзету әдістері.
3. Бухгалтерлік есепті жүргізу формалары.
ІІІ.Қорытынды
Есеп саясаты.
Кәсіпорында жүргізілетін барлық шаруашылық операциялар ақтаушы құжаттармен өңделіп отыруы керек. Бұл құжаттар алғашқы есептік ақпараттар болып, бухгалтерлік құжат жасалған шаруашылық операцияны іс-әрекет деп танып, оған материалдарды жауапты адамды бекітетін жазбаша куәлік.
Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінде күніне көптеген және әртүрлі операциялар болып жатады. Әрбір шаруашылық операция өз кезесінде есептік құжатта тіркеледі. Есептік құжаттық объектілері болып жабдықтау, өндіріс және өткізу процестері, сонымен қоса, кәсіпорынның ішіндегі және сыртындағы қаржылық, шаруашылық, есептік қатынастар табылады.
Құжаттардың мазмұны мен формалары әртүрлі болып келеді. Бұл кәсіпорында жүргізілетін операциялардың да сипаты әр түрлі болатындығымен байланысты. Бірақ та, әрбір құжат шаруашылық операциясын сипаттайтын және жүргізілген операцияны растайтын белгілі бір көрсеткіштер жиынын қамтуы қажет. Мұндай көрсеткіштер құжаттарда реквизиттер деп аталады. Міндетті реквизиттерге мыналар жатады: құжаттың аты, толтырылған күні, шаруашылық операциясының мазмұны және оның негізі, есептік өлшегіштер, операцияны жүргізуге қажетті тұлғалардың қолы.
Құжаттар олардың заң күшін қамтамасыз ететін барлық реквизиттреі көрсетіле отырып толтырылуы керек. Құжаттар шаруашылық операцияның жүргізілу сәтінде, яғни дер мезгілінде толтырылуы қажет.
Алғашқы құжаттар шаруашылық операция, іс-әрекет жасалған мезетте топтастырылады. Алғашқы құжаттарды толтырған және қол қойған адамдар ондағы мәліметтердің нақтылығы мен құжатгардың сапалы құрастырылуына жауап береді. Құжаттардағы барлық көрсеткіштер толық толтырылып, бос бағаналар мен жолдар сызылып тасталады. Алғашқы құжаттардың типографиялық тәсілмен шығарылған арнайы формалары болмаған жағдайда міндетті түрде келесі реквизиттер болуы керек:
- құжат аты;
- форма коды;
- құжат толтырылған дата;
- құжат тиесілі кәсіпорын оты;
- шаруашылық операция мазмұны;
- шаруашылық операция өлшемдері (мөлшері, сомасы),
- шаруашылық операцияны жасауға жауапты тұлғалардың аты-жөні,
қызметі, қолдары.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Жоспар:
І.Кіріспе
Бухгалтерлік құжаттар және олардың жіктелуі.
ІІ.Негізгі бөлім
1. Түгендеу, оның маңызы
2. Есеп регистрлары және ондағы қателерді түзету әдістері.
3. Бухгалтерлік есепті жүргізу формалары.
ІІІ.Қорытынды
Есеп саясаты.

Кәсіпорында жүргізілетін барлық шаруашылық операциялар ақтаушы құжаттармен өңделіп отыруы керек. Бұл құжаттар алғашқы есептік ақпараттар болып, бухгалтерлік құжат жасалған шаруашылық операцияны іс-әрекет деп танып, оған материалдарды жауапты адамды бекітетін жазбаша куәлік.
Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінде күніне көптеген және әртүрлі операциялар болып жатады. Әрбір шаруашылық операция өз кезесінде есептік құжатта тіркеледі. Есептік құжаттық объектілері болып жабдықтау, өндіріс және өткізу процестері, сонымен қоса, кәсіпорынның ішіндегі және сыртындағы қаржылық, шаруашылық, есептік қатынастар табылады.
Құжаттардың мазмұны мен формалары әртүрлі болып келеді. Бұл кәсіпорында жүргізілетін операциялардың да сипаты әр түрлі болатындығымен байланысты. Бірақ та, әрбір құжат шаруашылық операциясын сипаттайтын және жүргізілген операцияны растайтын белгілі бір көрсеткіштер жиынын қамтуы қажет. Мұндай көрсеткіштер құжаттарда реквизиттер деп аталады. Міндетті реквизиттерге мыналар жатады: құжаттың аты, толтырылған күні, шаруашылық операциясының мазмұны және оның негізі, есептік өлшегіштер, операцияны жүргізуге қажетті тұлғалардың қолы.
Құжаттар олардың заң күшін қамтамасыз ететін барлық реквизиттреі көрсетіле отырып толтырылуы керек. Құжаттар шаруашылық операцияның жүргізілу сәтінде, яғни дер мезгілінде толтырылуы қажет.
Алғашқы құжаттар шаруашылық операция, іс-әрекет жасалған мезетте топтастырылады. Алғашқы құжаттарды толтырған және қол қойған адамдар ондағы мәліметтердің нақтылығы мен құжатгардың сапалы құрастырылуына жауап береді. Құжаттардағы барлық көрсеткіштер толық толтырылып, бос бағаналар мен жолдар сызылып тасталады. Алғашқы құжаттардың типографиялық тәсілмен шығарылған арнайы формалары болмаған жағдайда міндетті түрде келесі реквизиттер болуы керек:
oo құжат аты;
oo форма коды;
oo құжат толтырылған дата;
oo құжат тиесілі кәсіпорын оты;
oo шаруашылық операция мазмұны;
oo шаруашылық операция өлшемдері (мөлшері, сомасы),
- шаруашылық операцияны жасауға жауапты тұлғалардың аты-жөні,
қызметі, қолдары.
Қажет болған жағдайда қосымша реквизиттер де егізілуі мүмкін.
Орындалған есептік құжаттар архивте сақталады. Алғашқы құжаттардың сақталуы бухгалтерлік есепті дұрыс құруда маңызды роль атқарады. Есептік құжаттарды сақтау нормативті актілермен бекітілген уақыттар ағымында жүргізіліп, кез-келген уақытта кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау үшін немесе мемлекеттік органдар мен аудиторлық фирмалар талап еткен кезже мәліметтер алуға мүкіндік береді.
Түгендеу дегеніміз ақша қаражаттарының, тауарлық-материалдық қорлардың нақты қолда барын анықтау және оларды бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстыру.
Түгендеу толық болуы мүмкін, онда барлық тауарлық-материалдық қорлар, кәсіпорынның ақша қаражаттары түгенделеді және жартылай болуы мүмкін, бұл жағдайда тек жекелеген объектілер тексеріледі.
Түгендеу жоспарланған және жоспарланбаған болады. Жоспарланған түгендеу нормативті актілермен белгіленген мерзімде өтеді. Ал жоспарланбаған түгендеу материалды жауапты тұлғалар ауысқанда, табиғат апаты, ұрлық болған жағдайда, сот-тергеу орындарының талабы бойынша, құжаттық тексерістер өткізілген жағдайларда жүргізіледі.
Түгендеуді кәсіпорын басшысы тағайындаған комиссия жүргізеді. Жұмыстар басталмас бұрын материалды- жауапты тұлға комиссияға барлық кіріс және шығыс құжаттары бухгалтерияға өткізілген, кіріске алынбаған және есептен шығарылмаған құндылықтар жоқ екені жөнінде қолхат береді.
Түгендеу кезінде тексерілген барлық тауарлық-материалдық қорлардың нақтылы қолда бары түгендеу тізіміне жазылады. Жатып қалған, сұранымы жоқ, бүлінген материалдық құндылықтарға жекеленген тізім құрылады.
Тізімдегі толтырылмай қалған жолдар сызылады. Өшірулерге жол берілмейді. Түгендеу тізімдері бухгалтерияға жіберіледі, онда түгендеу нәтижелері есептік мәліметтермен салыстырылады. Артықшылықтар немесе жетіспеушіліктер анықталған құндылықтар бойынша салыстыру тізімдемесі толтырылады.
Анықталған ауытқулар сипатын және оларды реттеу тәртібін комиссия анықтайды. Артықшылықтар кіріске алынуы керек, ал жетіспеушіліктер өндіріс шығындарына немесе айналым шығындарына жатқызылады. Түгендеу қорытындысы актпен құжатталады.
Есеп процесінде қолданылатын бухгалтерлік құжаттар есеп регистрлері деп аталады.
Бухгалтерлік есептің даму тарихы осы есеп регисгрлерінің эволюциясымен тығыз байланысты. Бух.есептің дамуымен қатар есеп регистрлері де жетіліп, ықшамдалып, ақпаратты көп сыйдыратынымен ерекшеленіп келеді.
Шаруашылық операцияларының көптүрлілігіне байланысты, есеп регистрлерінің формалары да әртүрлі. Есеп регистрлары мына белгілері бойынша: сыртқы түрі, жазба түрлері және ақпарат көлеміне қарай жіктеледі.
Сыртқы түрі бойынша регистрлар бухгалтерлік кітапқа, карточкаларға және жеке беттерге бөлінеді.
Бухгалтерлік кітаптар - есептік кестелер бар беттердің бір мұқабаға бірігуі. Кітаптардың беттері басынан соңына дейін номерленеді. Кейбір маңызды кітаптар қосымша жіппен байланып, мөрмен бекіліп, мынадай жазба жазылады: "Бұл кітапта осынша бет номерленіп, тігілді", сонымен қоса жауапты адамдардың қолдары болады.
Кітап беттеріндегі ақпаратты тез табуы үшін, оның басында немесе соңында мазмұны болады немесе арнаулы алфавиттік көрсеткіш беріледі. Кітаптар көбінесе типографиялық тәсілмен басылып шығады.
Қазіргі бухгалтерлік есеп тәжірибесінде есеп регистрлері ретінде кітаптар шектеулі түрде қолданылады.
Бұл оларда көптеген жетіспеушіліктердің болуымен түсіндіріледі. өйткені кітаппен бір мезгілде бір-ақ адам жұмыс істей алады да, есептік жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттыруға кедергі келтіредіжәне жекелеген (бос) есеп регистрлерін талап ететін есепті автоматтандыруға мүмкіндік бермейді.
Бірақ, сонда да кітаптар бухгалтерлік ақпаратты сақтаудың қауіпсіз құралы болып табылады. Кітап формасындағы есеп регисгрлеріне мысал ретінде касса кітабын, материал қалдықтарының кітабын және әртүрлі тіркеу журналдарын айтуға болады.
Бос беттер - типографиялық жолмен жеке қағаз беттерінде басылған есеп регистрлері. Бос бет түріндегі есеп регисгрлерінің көлемдері және ондағы бағана мен жолдар саны әртүрлі болады және міндетті түрде сәйкес атауы бар (журнал-орден, тізімдеме, және т.б.)- Есеп регистрлері белгілі бір есептік кезеңге арналады (ай, тоқсан). Бос беттер жұмысқа өте, қолайлы, есептік жұмысшылар арасында еркін ауысып отырады, пайдалануы өте қарапайым.
Карточкалар - бос беттердің бір түрі болып саналады. Олар да типографиялық тәсілмен, үлкен емес форматқа қатты қағаздан жасалады. әрбір карточка жазбалардың белгілі санына арналған.
Картотека - карточкаларды сақтауға арналған арнайы жәшік. Материалдық бағалықтар есебі, есеп айрысу есебі және басқа да есеп түрлеріне жеке карточкалар пайдаланылған дұрыс. Картотекада карточкалар көрсетілген шот шифрларының ретімен орналасады.
Регисгрлардағы жазбалар түрлеріне қарай, олар хронологиялық және жүйелік болып бөлінеді.
Хронологиялық регистрлар операцияларды хронологиялық жазу үшін арналған, яғни, операцияларды бейнелеу толықтығын тексеруде бақылау функциясын атқарады.
Жүйелік регистрлар операцияларды жүйелі түрде жазуға арналған. Оларда операциялар белгілі белгілері бойынша топталады. Жүйелік регисгрдің нақты мысалы Бас кітап бола алады.
Сонымен, қазіргі бухгалтерлік есепте есеп регисгрлері ретінде бос беттер, карточкалар және кітаптар пайдалынылады. Олардың өзіндік айырмашылықтары мен жетіспеушілікгері және артықшылықтары бар. Есеп регистрларын таңдау құқығы бухгалтерлік есепті жүргізу талаптарына байланысты.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастапқы құжаттарды классификациялау
Бухгалтерлік құжаттар, құжаттардың деректемелері
Бухгалтерлік шоттардың жіктелуі
Бухгалтерлік құжаттар
ҚҰЖАТТАУ ЖӘНЕ ТҮГЕНДЕУ
Шаруашылық операциялардың құжатталуы және олардың бағалануы
Бухгалтерлік алғашқы құжаттар
Бастапқы құжаттарды ұйымдастыру
ЖОСПАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ НҰСҚАСЫН ЖАСАУ
Бағалау – субъектінің бухгалтерлік есебі объектінің құндылық мөлшері
Пәндер