Дебиторлық қарыздар, оның түрлері



Жоспар:
І.Кіріспе
Дебиторлық қарыздар, оның түрлері.
ІІ.Негізгі бөлім
1. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулардың есебі.
2. Еншілес және қауымдастырылған ұйымдардың дебиторлық қарыздарының есебі.
3. Кәсіпорын жұмыскерлерінің дебиторлық қарыздар есебі.
4. Алдағы кезең шығындарының және берілген аванстар есебі.
ІІІ.Қорытынды
Күдікті талаптар бойынша резервтер есебі.
Алынуға тиісті шоттарда ақшалай қаржыларға шағымдар, тауарлар және қызметтер және компанияның ақшасыз активтері жатады. Дебиторлық қарыздар ағымдағы және ұзақ мерзімді болады, яғни төленуге тиісті шоттардың төлеу мерзімінен және қарызды жоюдың күнінен тәуелді. Дебиторлық қарыздар шот-фактурамен расталады. Алынған вексельдер баланстық бабы арнайы қарыздық міндеттемелермен расталады.
Саудалық дебиторлық қарыздар – негізгі қызмет нәтижесінде сатылған тауарлар мен қызметтер үшін сатып алушылардың міндететмелі сомалары. Саудалық емес дебиторлық қарыздар- басқа да қызмет түрлері нәтижесінде пайда болады.
Алынуға тиісті шоттар компанияның негізгі өндірістік қызметінің ағымында өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін клиенттің қарыз сомаларын көрсетеді. Бұл шоттар, сонымен қатар саудалық дебиторлық қарыздар деп аталады. Олар шот-фактуралармен ,кейбір жағдайларда жазбаша қарыз міндеттемелермен көрсетіледі. Алынуға тиісті шоттарға жыл ағымында алынған келесі балнстық күн немесе компанияның операциялық циклі ағымында алынған сомаларды қамтиды. Көбіне қарызды жою мерзімі 30 күннен 60 күнге дейінгі кезең саналады. Алынуға тиісті кредиторлық сальдомен жеке шоттар қайта жіктелуі керек және олармен міндеттеме ретінде есеп беру қажет. Бұл кредиторлық сальдо дебиторлық қарызға жатпайды.Қаржылық талдаушыларды дебиторлық қарызды инкассациялау үшін қажетті күндердің орта саны қызықтырады. Дебиторлық қарыз онымен байланысты табыс болғанда ғана мойындалады. Ол алғашқы құннан күмәнді қарызға ақша жеңілдектері сатылған тауарлардың қайтарылуына түзетуге шегеруімен бағаланады. Нәтижесінде алынуға тиісті шоттардың таза құны анықталады. Проценттер сату және жою арасындағы мерзім қысқалығынан қабылданбайды.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Дебиторлық борыштардың есебі

Жоспар:
І.Кіріспе
Дебиторлық қарыздар, оның түрлері.
ІІ.Негізгі бөлім
1. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулардың есебі.
2. Еншілес және қауымдастырылған ұйымдардың дебиторлық қарыздарының есебі.
3. Кәсіпорын жұмыскерлерінің дебиторлық қарыздар есебі.
4. Алдағы кезең шығындарының және берілген аванстар есебі.
ІІІ.Қорытынды
Күдікті талаптар бойынша резервтер есебі.

Алынуға тиісті шоттарда ақшалай қаржыларға шағымдар, тауарлар және қызметтер және компанияның ақшасыз активтері жатады. Дебиторлық қарыздар ағымдағы және ұзақ мерзімді болады, яғни төленуге тиісті шоттардың төлеу мерзімінен және қарызды жоюдың күнінен тәуелді. Дебиторлық қарыздар шот-фактурамен расталады. Алынған вексельдер баланстық бабы арнайы қарыздық міндеттемелермен расталады.
Саудалық дебиторлық қарыздар - негізгі қызмет нәтижесінде сатылған тауарлар мен қызметтер үшін сатып алушылардың міндететмелі сомалары. Саудалық емес дебиторлық қарыздар- басқа да қызмет түрлері нәтижесінде пайда болады.
Алынуға тиісті шоттар компанияның негізгі өндірістік қызметінің ағымында өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін клиенттің қарыз сомаларын көрсетеді. Бұл шоттар, сонымен қатар саудалық дебиторлық қарыздар деп аталады. Олар шот-фактуралармен ,кейбір жағдайларда жазбаша қарыз міндеттемелермен көрсетіледі. Алынуға тиісті шоттарға жыл ағымында алынған келесі балнстық күн немесе компанияның операциялық циклі ағымында алынған сомаларды қамтиды. Көбіне қарызды жою мерзімі 30 күннен 60 күнге дейінгі кезең саналады. Алынуға тиісті кредиторлық сальдомен жеке шоттар қайта жіктелуі керек және олармен міндеттеме ретінде есеп беру қажет. Бұл кредиторлық сальдо дебиторлық қарызға жатпайды.Қаржылық талдаушыларды дебиторлық қарызды инкассациялау үшін қажетті күндердің орта саны қызықтырады. Дебиторлық қарыз онымен байланысты табыс болғанда ғана мойындалады. Ол алғашқы құннан күмәнді қарызға ақша жеңілдектері сатылған тауарлардың қайтарылуына түзетуге шегеруімен бағаланады. Нәтижесінде алынуға тиісті шоттардың таза құны анықталады. Проценттер сату және жою арасындағы мерзім қысқалығынан қабылданбайды.
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулардың есебі үшін 1210 "Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық қарызы" және 2110 "Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді дебиторлық қарызы" шоттарында жүргізіледі. Бұл шоттардың дебеті бойынша қарыздардың қалдығы және оның пайда болуы, ал кредитінен - жойылуы көрсетіледі.
Бұл шотта сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге көрсетілген және жөнелтілген өнімдер, қызметтер мен жұмыстар үшін есеп айырысу құжаттары төлемге банкпен қабылданған есеп айырысулар туралы ақпараттар көрсетіледі.
Сатып алушыларға көрсетілген есеп айырысу құжаттарындағы сомаларға 1210 шот дебеттеліп, 6010, 6210 шоттар кредиттеледі. 1210 шот сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен қарыздарын өтеу кезінде ақша қаражаттары есебінің шоттарымен корреспонденциялана отырып кредиттеледі.

Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулардың есебі бойынша шоттар корреспонденциялары

Шаруашылық операциялар мазмұны
Шоттар корреспонденциясы

Дебет
Кредит
1. Сатылған өнімдер үшін сатып алушыларға шот көрсетілді
1210,2110
6010
2. ҚҚС есептелді
1210,2110
3130
3. Сатылған өнімдердің іс жүзіндегі өндірістік өзіндік құны қажетсіздендірілді
7010
1320
4. Сатып алушылардың қарызын қамтамасыз етуде вексель алынды
1280,2180
1210,2110
5. Вексельдік процент есептелді
1270,2170
6110
6. Ағымдағы банктік шотқа алынды
1030
1210,2110,
1280,2180
7. Ағымдағы банктік шоттан бюджетке ҚҚС есептелді
3130
1030

1210 шотта алынған вексельдермен қамтамасыз етілген сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысулар да есептеледі.
Ұйым сатып алушылар және тапсырыс берушілерден аванстар алуы мүмкін. Алынған аванстар сомасы 3510 Қысқа мерзімді алынған аванстар шотының кредиті мен ақша қаражаты есебінің шоттарының дебеті бойынша көрсетіледі. Тапсырысты орындаудан кейін немесе өнімді тиегеннен кейін алынған аванс сомалары есепке жазылады. Бұл кезде 3510 шот кредиттеледі.
Сатып алушыларға өнім тиелгенде: Дебет шот 7010 Кредит шот 1320. Сатып алушыларға шот көрсетілген кезде 1210 шот дебеттеліп, 6010 шот кредиттеледі.
1210, 2110 тобының шоттары бойынша кредиттік айналымдар №11 журнал-ордер тіркелді, ал бухгалтерияда сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысулар есебі бойынша тізімдемеде жүргізіледі. Тізімдеме сатылған өнімдер бойынша шот-фактураларды жинақтау және топтау үшін және сатып алушылармен оларды уақытылы төленуіне бақылауды жүзеге асыру үшін жүргізіледі.
Еншілес ұйым бас компанияның бақылауындағы ұйым болып табылады.
Тәуелді ұйым инвестордың ықпалынан тәуелді болады және оның еншілес емес, бірігіп бақыланатын заңды тұлға да болмайды.
Еншілес (тәуелді) серіктестердің қарыздарын есепке алу үшін 1220 "Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары" және 1230"Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары", 2120 "Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары" және 1230 "Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары" шоттары арналған.
Бұл шоттарында еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдардың ағымдағы дебиторлық қарыздары жинақталып көрсетіледі.
1220, 1230 шоттарда еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен ағымдағы есеп айырысудың барлық түрлері жөніндегі ақпараттар жинақталып қорытылады (балансаралық есеп айырысу). Бұл шоттар-негізгі, активті, күрделі; әрбір еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдар бойынша талдамалық есеп осы шоттардың көмегімен тізімдемелерде немесе машинограммада жүргізіледі. Кредиттік айналымдары №11 журнал-ордерде тіркеледі.

Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулардың есебі бойынша шоттар корреспонденциялары

Шаруашылық операциялар мазмұны
Шоттар корреспонденциясы

Дебет
Кредит
1. Сатылған негізгі құралдар үшін еншілес ұйымдарға шот көрсетілді
1220
6210
2. ҚҚС есептелді
1220
3130
3. Ағымдағы банктік шотқа еншілес ұйымдардан алынды
1040
1220
4. Ағымдағы банктік шоттан бюджетке ҚҚС есептелді
3130
1040
Кәсіпорын жұмыскерлерінің және басқа да тұлғалардың дебиторлық қарыздары туралы ақпараттарды бейнелеу үшін 1250 "Жұмыскерлердің қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары" және 2150 "Жұмыскерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары" шоттары арналған. Шоттың дебеті бойынша есеп беруге тиісті сомалар, жұмыскерлерге көрсетілген займдар, материалдық шығынды өтеу сомалары көрсетіледі.
Есеп беруге тиісті тұлғалар деп іс-сапар шығындарына немесе шаруашылық шығындарға ақшалай аванстар алған кәсіпорын жұмыскерлерін айтады. Нақты ақшаны кәсіпорын жұмыскерлері алдын ала берілген аванстар және пайданылмаған сомаларды кассаға тапсыру бойынша есептерді көрсеткеннен кейін алады.
Есеп беруші түлғалармен есеп айырысуды есепке алу. Өнеркәсіптік-шаруашылық қызметі барысында кәсіпорын қызметкерлерін қызмет бабымен іс-сапарға жібереді, дүкендерден кеңсе жабдықтарын сатып алады, почта арқылы жіберілген ақшаларды және басқа да шығындарды төлейді. Бұл шығындарды үнемі банк мекемелері арқылы нақты ақшасыз есеп-айырысу жолымен төлеу мүмкін емес. Сондықтан да жоғарыда аталған және басқа да шығындарды төлеу үшін қызметкерлерге нақты ақша беріледі және олар алған ақшасына есеп беруте тиісті.
Ақша кәсіпорын басшысы бекіткен есепке сай көлемде беріледі. Аванс тек қана басшының жарлығымен есеп берілетін сомадан шығын жасау жүктелген қызметкерлерге ғана шығын шығаруға нақтылы қажеттілік туған жағдайда ғана, сондай-ақ қызмет бабымен іссапарға жұмсалған адамдарға ғана беріледі.
Қызмет бабымен іс-сапарға баруға ақша іссапарға жіберілетін адамға тиесілі соманың көлемінде іссапар орнына бару және қайту жолына төлеуге, тәуліктік шығындарды және іс-сапар мерзіміне үй-жай жалдауға шығатын шығындарды төлеуге беріледі. Есеп берілетін соманы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дебиторлық қарыздың аудиті
ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
«Шымкен құс» ЖШС дебиторлық және кредиторлық қарыздар қозғалысын талдау және жетілдіру жолдарын ұсыну
Қысқа мерзімді дебиторлық қарыз
Дебиторлық және кредиторлық есептің аудиті
Қызметкерлердің дебиторлық берешегін және өзге де қысқа мерзімді активтердің есебін қарастыру
Дебиторлық қарыздар: түсінігі, түрлері, бағалау мен тану
Күмәнді дебиторлық борыштар есебі
Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешектерін есепке алу
Дебиторлық қарыздар есебін ұйымдастыру
Пәндер