Ағымдағы және ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебі


Ағымдағы және ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебі
Жоспар:
І. Кіріспе
Міндеттемелер және олардың жіктелуі
ІІ. Негізгі бөлім
- Займдар есебі
- Салықтар, басқада міндетті және ерікті төлемдер бойынша есеп айырысулардың есебі
- Жабдықтаушылармен және алынған аванстар бойынша есеп айырысулардың есебі
- Дивиденттер бойынша есеп айырысулар және болашақ кезеңдердің табыстарының есебі.
ІІІ. Қорытынды
Еңбек ақы бойынша персоналдармен есеп айырысулар есебі
Міндеттеме - қарыз немесе міндеттеме, бір нәрсені белгілі бір жолмен қызмет етуі немесе орындау. Міндеттеме - өткен кезең жағдайларында пайда болған субъектінің қарызы және оларды реттеу экономикалық пайдасы бар ресурстардың ұйымнан кетуіне әкеледі. Міндетті түрде қазіргі және болашақтағы міндеттемелерді ажырата білу керек.
Міндеттеме 3 белгісі бойынша анықталады:
1. Міндеттемені туғызған құбылыстың орын алған жері;
2. Міндеттемелерді реттеу тек активтерді ауыстыру немесе қызметті басқа субъектіге жеткзу жолымен жүргізілуі мүмкін;
3. Міндеттеме пікір таластырылмайтын болуы керек.
Осы анықтамаға сәйкес міндеттеме қабылданса, онда ол міндетті түрде бухгалтерлік кітапқа енгізілуі керек. Міндеттеменің сомасы бірге жүретін тәуекелге барлық болашақ төлемдерінің ағымдық құнымен есептелеуі керек (ақшалай емес активтер немесе қызметтердің ақшалай эквиваленті) . Міндеттемеге негізгі пайыз бен сома кіреді.
Міндеттемелерді реттеу әртүрлі әдістермен жүргізіліу мүмкін:
- ақша қаражаттарын төлеу;
- басқа активтерді беру;
- қызмет көрсету;
- бір міндеттемені екішісімен ауыстыру;
- міндеттемелерді капиталға ауыстыру.
Реттеудің басқа да бастарту немесе кредиторлармен өз құқығын шығару сияқты түрлі әдістері бар болуы мүмкін. Міндеттеменің пайда болуы болашақта ресурстың кетуін білдіреді, берілген міндеттеменің орындалу мерзімі субъектінің қаржы жағдайын дұрыс бағалау үшін маңызды. Активтермен ұқсастығына байланысты міндеттемелер қысқа мерзімді кредиторлық қарыз және ұзақ мерзімді кредиторлық қарыз.
Қысқа мерзімді міндеттемелер ұйымның қызметіне әсер ете алады, ал ұзақ мерзімді әсер ете алмайды. Өйткені ағымдағы міндеттеме ағымдағы ресурсқа өз наразылығын көрсете алады. Бұл наразылықтар ұзақ мерзімдіктен ерекшеленеді, өтеу уақыты бірнеше жылдарды құрауы мүмкін.
Мынадай жағдайларда міндеттемелер қысқа мерзімдік болып жіктелуі керек: оны ұйымның операциялық циклының қалыпты жағдайымен өтеу көзделеді; есепті күннен бастап 12 ай аралығында ол өтеу уақытына жатқызылады.
Қысқа мерзімді міндеттемелерге келесілер кіреді:
- қысқа мерзімді несиелер жәнеовердрафт;
- ұзақ мерзімді несиенің ағымдағы бөлігі;
- кредиторлық қарыздар:төленуге тиісті шоттар мен вексельдер; сатып алушылардан және тапсырыс берушілерден алынған аванстар; салық бойынша қарыздар; төленуге дивидендтер; негізгі шаруашылық серіктес тікпен оның еншілес серіктестері арасындағы қарыз; акционерлік қоғамның қызметкер тұлғаларының қарызы; басқа да кредиторлық қарыздар.
- төленуге тиісті есептелген шығындар;
- алдағы кезең табыстары;
- көрілмейтін жағдайлар бойынша есептелген төлемдер.
Нақты қарыз бойынша пайыздық қойылым - деп сондай уақыт мерзіміне алынған қаржыны заемға алу кезіндегі нақты пайыздық қойылыммен әйкес келеді. Нақты пайызды қойылым болашақта ақшалай қарыздарды төлеуде дисконттағы қолданылады. Заемщиктен алынған ақша қаражаттарының немесе ақша эквивалентінің сомасына нақты пайыздық қойылым қолданылады.
Қарыздың толық сомасы - бұл қарызды өтеу күнінде төленуі керек сома, осы күнде жүргізілуі тиіс әр қандай пайыздық төлемдерді алып бастағанда.
«Пайыздық емес» деген сөз мұндай типтегі векселге ең жақсы анықтама емес, өйткені бұндай векселдер шын мәнінде төлеуге жұмылдырады. Мұндай векселдердің номиналды құнының құрамына қарыз сомасы мен төлену мерзіміне бырыңғай соманы құрайтын осы қарызға байланысты пайыздар. Қарыз алушы векселдің номиналды құнына емес, ал вексельдің номиналды сомасы мен пайызының айырмашылығына тең соманы алады. Алыну ақша қаражаты түрінде вексельде көрсетілген сома - бұл нақты пайыздық қойылымды қолданумен номиналды соманың дисконтталған құны. Ақша қаражатының дисконттық құны мен вексельдің номиналды құны арасындағы айырмашылықтың қалған сомасы пайыз болып табылады. Нақты пайыздық қойылым тәуекелділіктің нақты ұқсатушы деңгейімен құжаттарда қолданылатын нарықтық пайыздық қойылымға қарап анықталады. Нақты пайыздық қойылым вексельде көрсетілмейді, бірақ қысқа мерзімдік пайыздық емес векселдерге белгілі бір нақты шартпен пайыздық қойылым анықталуы керек.
Несие - бір заңды тұлғаның екінші бір заңды тұлғаға немесе жеке адамның заңды тұлғағаәдетте келісілген мөлшерде пайыз алу үшін белгілі бір уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда болатын экономикалық қарым-қатынас жүйесі болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында несие коммерциялық және банктік болып екіге бөлінеді.
Коммерциялық несие - бір субъектінің екінші бір субъектіге сатқан тауарының құнынан алынатын төлемнің кейінге қалдырылуына байланысты туындайды.
Банк несиесі - субъектіге ақша қаражаты түрінде өндірісін ұлғайтуға, ағымдағы қызметтерге байланысты қарыздарын төлеу үшін беріледі.
Берілетін уақыт аралығына байланысты банк несиесі қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі уақыт) және ұзақ мерзімді (бір жылдан артық уақыт) болып екіге бөлінеді.
Несиенің объективті қажеттілігі- бұл, субъектінің өндірістік және сауда айналымы капиталының жетіспеушілігінен туындайды.
Б анкке несие алу үшін бірінші рет барған кәсіпорын өзінің жарғысын, ұйымдастыру құжаттарының көшірмесін, ережелерді, жалға алу келісімдерін, тіркеу куәлігін және клиенттін кредит алу құқығының барлығын растайтын құжаттар ұсынады.
Қарыз алушыға несие жасалынған несие шартына сай беріледі. Бұл келісімде кредиттің мақсаты, мөлшері және мерзімі, құжаттар тізімі және олардың банкке ұсынылу мерзімділігі, кредиттің мақсатты пайдаланылуын және қамсыздандырылуын тексеру нысандары, несие бойынша қарыздарды өтеудің есебіне кепілге салынған мүліктерді өткізудің рәсімдері, қамсыздандыруды тексеру үшін банкке ұсынылатын ақпараттардың мазмұны көзделді.
Қысқа мерзімді кредит әдетте 12 айдан аспайтын мерзімге кредиттелетін материалдық құндылықтардың айналымдылығына және шыққан шығынның өзін-өзі ақтауына негізделіп беріледі.
Банктер несиені кәсіпорындарға қаржы бөлу үшін құрылыс, қалпына келтіру және өнеркәсіптік және әлеуметтік жәене тұрмыстық бағыттағы объектілерді техникамен қайта жабдықтауы техника, жабдық, көлік саймандарын, ғимараттар мен құрылыстар алуға; бірлескен кәсіпорындар құруға; ғылыми-техникалық өнімдер және басқа да (кәсіпорын) меншіктік объектілер бойынша шығындар жасауға береді.
Несие бойынша қарыздарды өтеудің әдістері және нақты мерзімдері, тәртібі несие шартында қарастырылады.
Несиелеу қарыз капиталының қозғалысы болып табылады - ол пайыз түрінде үстеме төлем қайтару шартымен қарызға берілген капиталдың қозғалысы.
Алынған несиелерді есепке алу 3010 «Қысқа мерзімді банк займдары», 3020 «Алынған қысқа мерзімді займдар», 4010 «Ұзақ мерзімді банктік займдар», 4020 «Ұзақ мерзімді алынған займдар» пассивті шоттарында жүргізіледі. Бұл шоттардың кредиті бойынша банк және басқа мекемелер алдындағы несиелер бойынша қарыздардың қалдығы және алынған несиелер сомалары, ал дебеті бойынша несиелердің қайтарылуы, яғни қарыздардың азайтылуы көрсетіледі.
Несиелер есебі бойынша шоттар корреспонденциясның кестесі
3010, 3020,
4010, 4020
3010, 3020,
4010, 4020
3010, 3020,
4010, 4020
Есепті кезеңнің соңында 7310 «Пайыздар бойынша шығындар» 5610 «Қорытынды пайда (зиян) » шотымен жабылады.
Займдар шотының кредиті бойынша операциялар есебі үшін №4 журнал -ордер арналған. Оған бухгалтерлік жазбалар банк көшірмелері және басқадай ақша құжаттары негізнде жүргізіледі.
Ұйымдар бюджетпен төлемдердің әр түрлері бойынша есеп айырысулар жасайды: заңды және жеке тұлғалардан табыс салығы, ҚҚС, акциздер, жер салығы, және т. б.
Бюджетпен есеп айырысулардың есебі 3100 «Салықтар бойынша міндеттемелер» бөлімшенің келесідей шоттарында жүргізіледі:
3110 - «Төленуге жататын корпоративтік табыс салығы»;
3120 - «Жеке табыс салығы»;
3130 - «Қосылған құн салығы»;
3140 - «Акциздер»;
3150 - «Әлеуметтік салық»;
3160 - «Жер салығы»;
3170 - «Көлік құралдарына салық»;
3180 - «Мүлік салығы»;
3190 - «Басқа да салықтар».
Шоттардың кредиті бойынша төленетін салықтар бойынша бюджетке кредиторлық қарыздар жөнінде ақпараттарды және енгізілуге тиісті сомаларды, яғни есеп беру айында есептелгендерін, ал дебет бойынша есепке жатқызылуға тиісті сомаларды немесе іс жүзінде бюджетке аударылған сомаларды көрсетеді.
3110 “Корпоративтік табыс салығы” шоты заңды тұлғалардан есептелген және аударылған табыс салығы сомаларын көрсетуге арналған. Шегерімдер мен жеңілдіктерді алып тасталған жылдық жиынтық табыс салық салу объектісі болып табылады. 3110 шоттың кредиті бойынша жыл соңында анықталатын, бюджетке енгізілуге тиіс табыс салығының сомалары 7710 «Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар» шотымен корресподенциясында көрсетіледі. 3110 шоттың дебеті бойынша бюджетке аударылған аванстық төлемдер сомалары, ақша қаражаттарын есептеу (1010, 1030, 1060) шоттармен корреспонденциясында көрсетіледі. Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер 4310 шотта есепке алынады.
Бюджетке аударылатын жеке табыс салығының сомасына 3120 «Жеке табыс салығы» шот кредиттеледі және 3030 3350 және басқа шоттар дебеттеледі.
3130 - «Қосылған құн салығы» шоты бюджетпен қосылған құнға салық бойынша есеп айырысулар жөніндегі операцияларды көрсетуге арналған. Қосылған құн салығы жанама салықтарға жатады және тауарлар, жұмыстар, қызметтердің өндіру және айналым процесінде қосылған құнның өсімшесінің бөлігін бюджетке алу түрі болып табылады.
3130 - «Қосылған құн салығы» шотының кредиті бойынша 1210, 1220, 1230, 2110, 2130 шоттардың дебетімен корреспонденциясында сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге өткізілген өнім және басқа да активтер үшін көрсетілген топтар бойынша ҚҚС сомасы көрсетіледі, ал дебеті бойынша 1420 «Қосылған құн салығы» шотымен корреспонденциясында есепке жазылуға тиіс қосылған құн салығы сомалары, ал ақша қаражаттарының (1010, 1030 және т. б. ) шоттарымен корреспонденциясында - бюджетке аударылған ҚҚС сомалары көрсетіледі.
Акциздік салық - сатып алушы төлейтін тауардың бағасына немесе тарифіне қосылатын жанама салық болып табылады.
Қосылған құн салығы және акциздер есебі бойынша
шоттар корреспонденциясның кестесі
Акциздердің есебі 3140 «Акциздер» шотында жүргізіледі. Акцизді есептеген кезде 1210, 2110 шоттары дебеттеліп, 3140 шот кредиттеледі. Ал оны бюджетке аударған кезде 3140 шот дебеттеліп, 1030 шот кредиттеледі.
Әлеуметтік салықты жұмыс беруші кәсіпорын есептейді, ол ақшалай да, заттай да төленуі мүмкін. Әлеуметтік салық есебі 3150 шотта жүргізіледі. Есептелген әлеуметтік салық мына шоттардың дебетінде 7110, 7210, 8110, 8210, 8310, 8410 және 3150 шоттардың кредитінде көрініс табады.
Бюджетке төленетін жер салығының есебі 3160 шотта жүргізіледі. Жер салығын есептегенде 7210 «Әкімшілік шығындар» шоты дебеттеліп, 3160 шот кредиттеледі. Салықты төлеу 1-шілдеден кешіктірілмей жергілікті бдюджетке төленгенде 3160 шот дебеттеліп, 1040 шот кредиттеледі.
Көлік құралдарына салынатын салықты есептеген кезде 7210 «Әкімшілік шығындар» шоты дебеттеледі және 3170 «Көлік құралдарына салық» шоты кредиттеледі.
Мүлікке салынатын салық есебі 3180 шотта жүргізіледі. Есептелген мүлік салығына 7210 «Әкімшілік шығындар» шоты дебеттеледі де, 3180 - «Мүлік салығы» шоты кредиттеледі.
Салықтар бойынша міндеттемелер шоттарының кредиттік айналымдары №5 журнал - ордерде бейнеленеді.
Ұйымдар салықтық төлемдерден басқа міндетті және ерікті төлемдер бойынша да есеп айырысулар жүргізеді. Олардың есебі үшін 3200 бөлім шоттары арналған:
3210 - «Әлеуметтік салық бойынша міндеттемелер»;
3220 - «Зейнетақы қоры бойынша міндеттемелер»;
3230 - «Басқадай міндетті төлемдер бойынша міндеттемелер»;
3240 - «Басқадай ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер».
Бұл шоттардың кредиті бойынша қарыздардың қалдығы және оның өсуі, ал дебеті бойынша - оның азаюы көрсетіледі.
Әлеуметтік сақтандыруға аударымдар 3210 - «Әлеуметтік салық бойынша міндеттемелер» шотының кредиті және ұйымның шығын шоттарының (7110, 7210, 8110, 8210, 8310, 8410) дебеті бойынша бейнеленеді. Міндетті зейнетақы жарналарын ұстау 3350 «Еңбек ақы бойынша қысқа мерзімді қарыз» шотының дебеті және 3220 «Зейнетақы қоры бойынша міндеттемелер» шотының кредитімен көрсетіледі.
Басқа міндетті бөлулер (жинақтар, баж салығы, төлемдер) 3230 «Басқадай міндетті төлемдер бойынша міндеттемелер» тобы сәйкес шоттарының кредиті және 1310, 1330, 1350, 2410 шоттарының дебеті бойынша есепке алынады. Ерікті төлемдер есебі үшін 3240 - «Басқадай ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер» шоты пайдаланылады. Мұнда мүліктерді сақтандыру және негізгі және көмекші өндірістер жұмысшыларын сақтандыру төлемдері есептелінеді. Көрсетілген сомаларға 3240 шот кредиттеледі және 8410 «Үстеме шығындар» шоты дебеттеледі.
Жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауарлық-материалдық қорларды жеткізушілер немесе әр түрлі қызметтер көрсететін және әр түрлі жұмыстар орындайтын кәсіпорындар мен ұйымдар жатады. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулар, әдетте, қолма-қол ақшасыз жолмен жүргізіледі. Есеп айырысу түрі келісіммен немесе шартпен анықталады. Есеп айырысудың негізгі түрлері мыналар: акцепті, аккредитивті, төлемдік тапсырыс бойынша, чектермен, төлемдік тапсырыспен жоспарлық төлемдер ретінде, өзара талаптарды есепке жазу ретінде, вексельдермен.
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулар жөніндегі ақпараттарды көрсету үшін 3310 «Жабдықтаушылардың және мердігерлердің қысқа мерзімді кредиторлық қарызы», 4110 «Жабдықтаушылардың және мердігерлердің ұзақ мерзімді кредиторлық қарызы» шоттары арналған. Бұл шоттың кредиті бойынша алынған тауарлық - материалдық қорлар, айналымнан тыс активтердің құны 1310, 1330, 2410, 2730, 7110, 7210, 8410 шоттарының дебетімен корреспонденциясында көрсетіледі. Алынған бағалықтар бойынша ҚҚС сомасы 3310, 4110 шоттардың кредиті және 1420 «ҚҚС» шотының дебеті корреспонденциясында бейнеленеді.
Жабдықтаушылармен және мердігерлер шотын төлеу 3310, 4110 шоттардың дебеті және ақша қаражаттарын есептеу бойынша шоттардың кредитімен (1010, 1030) көрсетіледі. 3310, 4110 шоттар бойынша операциялардың есебі үшін №6 журнал - ордер арналған. Шоттардың кредиті бойынша жазулар жабдықтаушылармен көрсетілген және төлемге қабылданған шот- фактуралар негізінде, жүкке ере жүретін құжаттар негізінде жүргізіледі.
Тауарларды жеткізуге не жұмыстарды орындауға алынған аванстар бойынша, сондай-ақ ішінара дайындығына қарай тапсырыс берушілер үшін өндірілген өніммен атқарылған жұмыстар өтемақысы бойынша есеп айырысулар үшін келесідей шоттар пайдаланады:
3510 «Қысқа мерзімді алынған аванстар»,
4110 «Ұзақ мерзімді алынған аванстар»
Алынған аванстар мен өнімді және жұмыстарды дайындау кезінде алынған төлемақы сомасына
Дебет шот 1030
Kредит шот 3510, 4410
Алынған аванстардың және толық дайын бұйымдарды, материалдарды жеткізгені және орындалған жұмыстар үшін, сатып алушылар мен тапсырыс берушілер шоттарды ұсынған кезде, есепке алынған ішінара дайын өнімдер мен жұмыстар бойынша төлем ақы сомасына
Дебет шот 3510, 4410
Kредит шот 1210
Егер алдағы уаққытта тауарлар жеткізуге, не жұмыстар мен қызметтерді орындауға, авансқа алынған төлемақы сомасын жабдықтаушы пайдаланбаған болса, бұл сома сатып алушыға қайтарылып берілуі тиіс, сонда шоттар корреспанденциясы
Дебет шот 3510, 4410
Kредит шот 1030
3510, 4410 шоттар бойынша операцияларды тіркеу №9 журнал -ордер кредиттік айналымдары үшін, №9 тізімдеме дебетттік айналымдары үшін қолданылады.
Дивидендтер дегеніміз акционерлер иелігінде болатын акциялардың саны мен түрлеріне сәйкес оларға тиесілі акцияларына табыс түрінде жыл сайын акционерлер арасында бөлінетін акционерлік қоғам табысының бір бөлігі.
Дивидендтер бойынша есеп айырысулар 3030 «Дивидендтер бойынша және қатысушылардың табысы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар» шотында жүргізіледі.
Дивидендтерді есептеген кезде 3030 шоттар кредиттеледі және мына шоттар дебеттеледі:
5510, 5520 - есепті жылдың және бұрынғы жылдардың бөлінбеген табысы есебінен акция ұстаушыларға дивиденттер есептегенде;
5410, 5460 - артықшылығы бар акциялар бойынша есептелген дивидендтер сомасына, бөлінбеген табыстың болмауы немесе жетімсіздігі кезінде.
Акциялар бойынша дивидендтер төлемін көрсеткенде
Д m шот 3030
K m шот 1010, 1030 - дивидендтің заттай төлемінде.
Төлемнің қайнар көзінен ұсталынған табыс салығының сомасына 3030 шот дебеттеледі және 3120 «Жеке табыс салығы» шоты кредиттеледі. Дивидендтер салық салуға 15 пайыз ставкасы бойынша жатады және одан кейін салық салуға жатпайды. Жеке табыс салығын бдюжетке аударуда 3120 шот дебеттеліп, 1010, 1030 шоттар кредиттеледі.
3030 «Дивидендтер бойынша және қатысушылардың табысы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар» шоты бойынша кредиттік айналымдар №9 журнал- ордерде бейнеленеді.
Кәсіпорынның есепті айда алған, бірақ кейінгі есепті кезеңдерге жататын табыстары болашақ кезеңдерінің табыстары болып есептеледі (жал төлемі немесе пәтерақы төлемі; коммуналдық қызметтер үшін төлемдер; жол билеттерін сатудан алынған табыстар; баспалық жазылымдарға жазылу құны; байланыс қызметтерін пайдаланғаны үшін абоненттік төлемдер) . Алдағы кезең табыстарының есебі 3520 және 4420 шоттарда жүргізіледі. Бұл шотта айлық және тоқсандық билеттер бойынша кәсіпорынға алдын-ала төленген ақылары, автомобиль тасымалдары және басқалары үшін күні бұрын төленгені ескеріледі. Осындай төлемдер түскенде
Дебет шот 1010, 1030, 1060
Kредит шот 3520, 4420
Алдағы кезеңнің кірістерін есептегенде 1210, 1220, 1230, 1230 шоттар дебеттеледі және 3520, 4420 шот кредиттеледі.
Есепті айға жататын ертеректе алынған табыстар тізімі
Дебет шот 3520, 4430
Kредит шот 6010, 6210, 6280 бойынша көрсетіледі.
Өткен жылдарда анықталған жетіспейтін ақша қарыздарының алдағы кездегі түсім қаражаттары сомасына: Д m шот 1250 K m шот 3520, 4420
Өткен жылдар ішінде анықталған жетпейтін ақша бойынша қарыздар үшін төлемдер түскенде: Д m шот 1010, 1030 K m шот 1250
Сонымен бір мезгілде тиісті сома 3520, 4420 шот дебетіне және 6010 шот кредиті бойынша жазылады. 3520, 4420 шоттарының кредиттік айналымдары №9 журнал -ордерде көрсетіледі.
Өндірістік қызметке жұмысшылардың қатысуына байланысты персоналдар өнеркәсіптік өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді .
Жұмысшыларды тізімдік және тізімдік емес құрамға бөледі . Тізімдегі құрамға бір күннен артық негізгі қызметі бойынша, ал басқа қызмет түрлері бойынша бес күннен кем мерзімге жұмысқа қабылданған барлық тұрақты, кезеңдік және уақытша жұмысшылар жатады .
Ұйымда атқаратын функцияларына байланысты жұмыс істеушілерді екі топқа бөледі: жұмысшылар және қызметкерлер . Қызметкерлер тобынан келесідей категорияларды бөлуге болады : жетекшілер, мамандар және қызметкерлерге жататын басқа да мамандар .
Жұмысшылар - математикалық игіліктерді жасау процесімен тікелей айналысатын тұлғалар.
Жетекшілер (басшылар) кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімдерінің басқарушылары, сонымен қатар бас мамандар мен оның орынбасарлары .
Мамандар - өндіріс процестерін ұйымдастыру және басқаруды жүзеге асыратын, инженерлі - техникалық және басқа жұмыстармен айналысатын қызметкерлер, мысалы : инженер, экономист, бухгалтер, механик т. б.
Қызметкерлерге жататын басқа да мамандар - құжаттарды дайындайтын және толтыратын, есептеу мен бақылауды, шаруашылық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын жұмысшылар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz