Әлеуметтік философия
Жоспары
1. Әлеуметтік философия предметі. Қоғам феномені.
2. Антропосоциогенез. Қоғам өмірінің күрделіленуі.
3. Саясат. Мемлекет. Қоғамдық келісім идеясы.
4. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Қоғам динамикасы.
5. Қоғамның экономикалық негіздемелері.
6. Әлеуметтік жатсыну феномені.

Қоғам - дегеніміз басқа да барлық организмдер сияқты ғылыми техникалық прогрестің, ресурстық, потенциалдық, ақпараттық және басқадай байланыстардағы өзгерістердің әсерімен, сондай – ақ бүкіл әлемнің, геосаяси қалыптың, әсіресе көрші елдердің әсерімен дамиды.
Қоғам көпжақты, әртүрлі қатынастар жүйесі. Олар бір – бірімен тығыз байланысты, бірінен – бірі туындап отырады. Дегенмен, қоғамдық қатынастар өзінің маңызына, атқаратын рөлінен қарай бірдей немесе бір қатарда бола алмайды. Мысалы, әр адам өзінің өмірін ұйымдастыруда материалдық жағдайы мен басқа да мүмкіндіктерін есепке ала отырып, ең алдымен, қандай қажеттілікті қанағаттандыру керектігін анықтайды, әрине тіршілікті қамтамасыз ететін тамақ, тұратын баспана, киетін киім болмаса, басқа құндылықтар туралы ойлау қиын болатыны сөзсіз.
«Материалистік түсінік бойынша, тарихтағы шешуші нәрсе, сайып келгенде, тіршіліктің өзін өндіру және ұдайы өндіріп отыруы болады, - дейдіФ.Энгельс – Ал оның өзі тағы да екі түрлі болады. бір жағынан – тіршілік заттарын, ... киім – кешектерді, пәтер – үйлерді және осыған керекті құралдарды өндіру; екінші жағынан – адамның өзін өндіру тұқым жая беру түрінде болады».
Материалдық өндіріс – тарихи процестің негізі. Адамдар материалдық игіліктерді өндіру үшін белгілі бір өндірістік қатынастарды тудырады.
Адам баласы басынан әртүрлі қоғамдық өндіріс әдістерін өткізді. Олардың даму дәрежесін бейнелейтін бір ортақ көрсеткіш бар. Ол еңбек құралы. Еңбек – күрделі процесс, қозғалыс, даму. Құрал бола алатын кез келген зат еңбек құралы бола бермейді. Ол ең алдымен, адамның қажеттілігін өтеуге жарамды болып, оның тікелей қатысымен еңбектенуге қолайлы құралға айналуы керек. Ертедегі тас дәуірі – жабайы адамдар тастан жасаған балта, балға, пышақ тектес құралдарды қару еткен заман болған еді.
Еңбек құралы мен адам бір уақытта пайда болып, бірге жасап келеді. Олар бір – бірімен біте қайнасқан.
Табиғат заттарын игеру бірқалыпты бола бермейді, күрделеніп отырады. Адам еңбек құралдарын жетілдіре берді. Бұл процесс шексіз. Адамның табиғатпен байланысы ұлғайып, тереңдеген сайын оның керексінуі артады, еңбек қарулары өзгереді, өздері де жаңаша қалыптаса береді.
Қоғам көпжақты, әртүрлі қатынастар жүйесі. Олар бір – бірімен тығыз байланысты, бірінен – бірі туындап отырады. Дегенмен, қоғамдық қатынастар өзінің маңызына, атқаратын рөлінен қарай бірдей немесе бір қатарда бола алмайды. Мысалы, әр адам өзінің өмірін ұйымдастыруда материалдық жағдайы мен басқа да мүмкіндіктерін есепке ала отырып, ең алдымен, қандай қажеттілікті қанағаттандыру керектігін анықтайды, әрине тіршілікті қамтамасыз ететін тамақ, тұратын баспана, киетін киім болмаса, басқа құндылықтар туралы ойлау қиын болатыны сөзсіз.
«Материалистік түсінік бойынша, тарихтағы шешуші нәрсе, сайып келгенде, тіршіліктің өзін өндіру және ұдайы өндіріп отыруы болады, - дейдіФ.Энгельс – Ал оның өзі тағы да екі түрлі болады. бір жағынан – тіршілік заттарын, ... киім – кешектерді, пәтер – үйлерді және осыған керекті құралдарды өндіру; екінші жағынан – адамның өзін өндіру тұқым жая беру түрінде болады».
Материалдық өндіріс – тарихи процестің негізі. Адамдар материалдық игіліктерді өндіру үшін белгілі бір өндірістік қатынастарды тудырады.
Адам баласы басынан әртүрлі қоғамдық өндіріс әдістерін өткізді. Олардың даму дәрежесін бейнелейтін бір ортақ көрсеткіш бар. Ол еңбек құралы. Еңбек – күрделі процесс, қозғалыс, даму. Құрал бола алатын кез келген зат еңбек құралы бола бермейді. Ол ең алдымен, адамның қажеттілігін өтеуге жарамды болып, оның тікелей қатысымен еңбектенуге қолайлы құралға айналуы керек. Ертедегі тас дәуірі – жабайы адамдар тастан жасаған балта, балға, пышақ тектес құралдарды қару еткен заман болған еді.
Еңбек құралы мен адам бір уақытта пайда болып, бірге жасап келеді. Олар бір – бірімен біте қайнасқан.
Табиғат заттарын игеру бірқалыпты бола бермейді, күрделеніп отырады. Адам еңбек құралдарын жетілдіре берді. Бұл процесс шексіз. Адамның табиғатпен байланысы ұлғайып, тереңдеген сайын оның керексінуі артады, еңбек қарулары өзгереді, өздері де жаңаша қалыптаса береді.
Әлеуметтік философия
Жоспары
1. Әлеуметтік философия предметі. Қоғам феномені.
2. Антропосоциогенез. Қоғам өмірінің күрделіленуі.
3. Саясат. Мемлекет. Қоғамдық келісім идеясы.
4. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Қоғам динамикасы.
5. Қоғамның экономикалық негіздемелері.
6. Әлеуметтік жатсыну феномені.
Қоғам - дегеніміз басқа да барлық организмдер сияқты ғылыми техникалық прогрестің, ресурстық, потенциалдық, ақпараттық және басқадай байланыстардағы өзгерістердің әсерімен, сондай - ақ бүкіл әлемнің, геосаяси қалыптың, әсіресе көрші елдердің әсерімен дамиды.
Қоғам көпжақты, әртүрлі қатынастар жүйесі. Олар бір - бірімен тығыз байланысты, бірінен - бірі туындап отырады. Дегенмен, қоғамдық қатынастар өзінің маңызына, атқаратын рөлінен қарай бірдей немесе бір қатарда бола алмайды. Мысалы, әр адам өзінің өмірін ұйымдастыруда материалдық жағдайы мен басқа да мүмкіндіктерін есепке ала отырып, ең алдымен, қандай қажеттілікті қанағаттандыру керектігін анықтайды, әрине тіршілікті қамтамасыз ететін тамақ, тұратын баспана, киетін киім болмаса, басқа құндылықтар туралы ойлау қиын болатыны сөзсіз.
Материалистік түсінік бойынша, тарихтағы шешуші нәрсе, сайып келгенде, тіршіліктің өзін өндіру және ұдайы өндіріп отыруы болады, - дейдіФ.Энгельс - Ал оның өзі тағы да екі түрлі болады. бір жағынан - тіршілік заттарын, ... киім - кешектерді, пәтер - үйлерді және осыған керекті құралдарды өндіру; екінші жағынан - адамның өзін өндіру тұқым жая беру түрінде болады.
Материалдық өндіріс - тарихи процестің негізі. Адамдар материалдық игіліктерді өндіру үшін белгілі бір өндірістік қатынастарды тудырады.
Адам баласы басынан әртүрлі қоғамдық өндіріс әдістерін өткізді. Олардың даму дәрежесін бейнелейтін бір ортақ көрсеткіш бар. Ол еңбек құралы. Еңбек - күрделі процесс, қозғалыс, даму. Құрал бола алатын кез келген зат еңбек құралы бола бермейді. Ол ең алдымен, адамның қажеттілігін өтеуге жарамды болып, оның тікелей қатысымен еңбектенуге қолайлы құралға айналуы керек. Ертедегі тас дәуірі - жабайы адамдар тастан жасаған балта, балға, пышақ тектес құралдарды қару еткен заман болған еді.
Еңбек құралы мен адам бір уақытта пайда болып, бірге жасап келеді. Олар бір - бірімен біте қайнасқан.

Адамның от жаға біліп, пайдалануы өміріне түбегейлі өзгеріс әкелді. Ол металлургия өндірісінің өзегіне айналды. Тас, қола, темір ғасырлары деп аталған әртүрлі технологиялық өндіріс әдістері өмірге келді.
К.Маркстің экономикалық дәуірдің айырмашылығы не өндіретіндігінде емес, қалай және қандай еңбек құралдармен өндіретігінде деген тұжырымы өміршеңдігін көрсетті. Шындығында, еңбек құралы қоғамның өсу дәрежесін белгілейді және бейнелейді. Ұзақ мерзімді қамтыған қоғам дамуының тарихы еңбек құралдарының даму тарихы десе де болады.
Адамзат тарихының балаң дәуірінде өндіргіш күштердің дамуының деңгейі мейлінше төмен болды, соған сәйкес қажеттіліктер де қарапайым еді.
XX ғасырда әлеуметтік қажеттіліктер жан - жақты дамып, күрделене түсті. Адамдар ешқашан қол жеткенге қанағаттанып, тоқырап қалған емес, керісінше, өндірісті үздіксіз жаңартып, алған білімін, ашқан жаңалығын, тәжірибеде пайдаланумен келеді. Жаңадан пайда болған өндіріс құралдары адамнан білім мен тәжірибені, қабілетті талап етеді. Күнделікті тұрмысқа, өндіріске енген электроника адамдардан едәуір дәрежедегі дайындықты керек етеді.
Еңбек құралдарының дамуы нәтижесінде техника пайда болды. Техника- жасанды органдар жүйесі, оған адам өзінің көптеген функцияларын сеніп тапсырады. Қазіргі замандағы техника - адамға таусылмас энергия мен шексіз мүмкіндік беретін ерекше әлем.
Еңбек құралдары мен техника өндірістің құралдары болып табылады. Оларды материалдық өндірістің заттық бөлшегі деп қарастыруға болады.
Өндіріс тәсілінің құрылымында адам ерекше орынға ие. Адамның жан қиярлық еңбегі, қажымас қайраты, кәсіптік шеберлігі, ұйымдастыру қабілеті кез - келген материалдық өндірістің дамуындағы аса маңызды фактор. Адам - өндіріс тәсілінің тұлғалық бөлшегі.
XX ғасырда нақты білім жүйесі ретінде ғылым қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналды. Материалдық өндірістің өсу қарқыны, денсаулық сақтаудың келелі мәселелері, адам өмірін ұзартудағы жетістіктердің бәрі ғылымның дамуына байланысты.
Қоғамның тарихы - адам мен өндіріс құралдарының өзара әрекеттесуінің тарихы. Әрбір адам жаңа экономикалық және әлеуметтік, тағы да басқа қатынастарды игеріп және жете меңгеріп отырады.
Өндіріс тәсілінің маңызды элементі - өндірістік қатынастар. Олар материалдық өндіріс процесінде адамдар арасында қалыптасатын әртүрлі байланыстар мен қатынастарды білдіреді.
Өндірістік қатынастардың жүйелік құрамы күрделі, оған әртүрлі бағыттағы қатынастар кіреді. Меншіктік қатынастар, құралдар мен еңбектің нәтижелері кімнің қолында екенін анықтайды. Меншік иелері жеке адам, әлеуметтік топ немесе мемлекет болуы мүмкін.
Өндіру процесінде оған тікелей қатынастын адамдар арасындағы қатынастарды технологиялық қатынастар деп атауға болады.
Өндіріліген өнімді бөлу мен иемдену, айырбастау, сату мақсатында әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар аса маңызды роль атқарады.
Адам өзін сақтап және келешек ұрпақты өсіріп, адамзат өмірін жалғау үшін игіліктерді шығарғанда бір - бірімен экономикалық байланыс қатынасын жасайды. Жекелеген қоғамдық - экономикалық формациялардың өндірісіне енеді, іс - әрекет жасайды, өндірісті дамытады, қоғамдық қатынастарды қамтиды. Сөйтіп, еңбекшілер - қоғамдық қатынастарды бойына сіңірген, іске асыру үлгісін жасаушы, таратушы.
Әрбір тарихи дәуірде адамдар әртүрлі өндіріс тәсілін дамытты.
Балаң дәуірдегі жинақтау өркениетінде материалдық өндірістің қарапайым түрі дамыды, еркектер аң немесе балық аулады, еңбек құралдарын дайындады, ал әйелдер үй шаруашылығын басқарды.
Аграрлы өркениеттің материалдық өндірісінің негізі жер өңдеу мен мал өсіру облды. Жер өңдеумен қатар қолөнер де ілгеріледі. Қосымша өнім пайда болып, сауда - саттық дамыды, саудагерлер әлеуметтік топқа айналды.
XVIII ғасырдың ортасынан бастап өндірістік өркениет қалыптасты. Осы дәуірде ағылшын ғалымы Дж.Уатт алғашқы бу машинасын ойлап тапты. Табиғатты игеруге мүмкіндік беретін көптеген машиналар пайда болды. Темір жолдар салынып, елдің өндірістік қатынасы нығая түсті. Газеттер мен телефон бірыңғай ақпараттың және рухани кеңістіктің қалыптасуына ықпал етті. Өндірісті көркениеттің тамаша жетістігі - адамдардың космосты игеруі. Бұл өркениет саяси партиялар, профсоюз, парламентарий сияқты қоғамды өмірдің маңызды институттарын тудырды.
XX ғасырдың 60 - 70 жылдарында материалдық өнідірістің жаңа бағыттары дами бастады. Олар адамзаттың өркениеттің, жаңа сатысына, яғни постиндустриялық өркениетке көтерілгендігін дәлелдейді. Оған дейін индустриялдық қоғам дамыды. Көрнекті батыс ғалымы Р.Арон өзінің Тарих философиясы деген еңбегінде индустриалдық қоғамның негізгі қасиеттерін атап көрсетеді:
1) өндірісті ғылыми түрде ұйымдастыру;
2) материалдық молшылықтарға жету;
3) ұлттық өнімде өндірістің үлесінің көбеюі және соған сәйкес ауыл шаруашылығының үлесінің кемуі;
4) баюдың көзі ретінде соғысты жою;
5) индустриалдық қоғамда өндіріс құралдарына деген меншік формаларының еш маңызы жоқ.
Р.Арон атап көрсеткен индустриалдық қоғамның маңызды белгілері одан әрі тереңдеп, постиндустриялық, яғни индустриялықтан кейінгі қоғам деген ұғымды туындатты. Постиндустриялық қоғам теориясын жасаушылардың бірі болған Д.Белл (1919 ж.) қызмет көрсету экономикасы, плюралистік демократия және меритократия сияқты қоғамның жобаларын ұсынды.
М.С.Горбачев Основы философии деген кітабында постиндустриялық өркениеттің материалдық және рухани негіздерін атап көрсетеді. Оларға мыналар жатады:
- адам өзінің көптеген функцияларын техникалық тетіктерге тапсырады;
- адамзаттың керемет энергетикалық қоры, қазіргі уақытта планетада 250-ге жуық атомдық электр станциялары мен жылу - энегетикалық цехтары жұмыс істейді;
- халық шаруашылығында жаңа және икемді өндіріс технологиялары қолданылады;
- ауқымды ақпараттық инфаструктура, бұған космостың байланыс құралдарының көмегімен құралған ақпарат жүйелерін қосуға болады;
- адамның шаруашылық іс - әрекеттерінің көпжақтылығы, мемлекеттік және жеке меншіктің түрлерінің өзара мидай араласып кетуі, әлеуметтік бағытталған нарықтық экономиканың құрылуы;
- біртұтас әлемдік экономикалық организмнің қалыптасуы, елдер мен аймақтар арасындағы шаруашылық байланыстардың нығаюы.
Сонымен қатар, қоғамда рухани өндірістің, яғни ғылыми білім мен ақпарат алудың көздері де ерекше дами түсуде.
Ғылыми техникалық прогресс және ғылыми - техникалық революция ұғымдары адамның еңбек ету әрекетінің ұдайы дамуып отыруының объективті логикасын көрсетеді.
Ғылыми - техникалық прогресс деп өндіріс тәсілінің барлық заттық элементінің ұдайы жетілдіруі мен ғылымның нақты білім жүйесі ретінде одан әрі дами беруі бағытын айтамыз. Адам нақты бір міндетті шешу үшін жаңа технологияны, еңбек құралдарын жасайды және энергия көздерін іздестіреді.
Ғылыми - техникалық революция дегеніміз - қазіргі ғылым мен техника жүйесінде болып жатқан, осы жүйенің барлық компоненттерін, технологиялық қатынастардың барлық жақтарын қамтитын түбірлі сапалық өзгеріс.
Техника өз дамуының жаңа кезеңіне, яғни ғылыми техникалық революцияның нәтижелерін өндірісте қолданудың сара бағыты болып табылатын автоматтандыру кезеңіне аяқ басты. Адам технологиялық процеске тікелей қатысып, оны басқарады, ал ол орындайтын еңбек процестерін технологиялық жүйенің өзі атқарады.
XX ғасыр ғалымдары ашқан революциялық табыстар техникалық даму дәрежесіне өте үлкен әсер етіп, атом реакторларын, атом үдеткіштерін,космос ракеталарын, электрондық есептеу машиналарын, нәзік регистратор аппаратурасын, космос байланыс жүйелерін жасауға жол ашты.
Қоғамның әлеуметтік құрылымы күрделеніп, одан сайын жіктеле түседі. Онда жаңа кәсіптік топтар пайда бола береді. Мысалы, менеджерлер, программистер, космонавтар т.б. Қала халқының саны өсіп, ал ауылдағылардың саны күрт азаюда.
XX ғасырдың екінші жартысында қоғам мен табиғаттың өзара қарым - қатынасы күрт өзгерістерге ұшырады. Адамның табиғатқа әсер етуі бұрынғыдан терең көлемді сипатқа ие болуда. Бұл экологиялық мәселелерді тудырады.
Ғылыми - техникалық прогресс адамдардың биосферадағы іс - әрекетінің аясын кеңейте түсуде. Ал оның аясына космостың жерге таяу кеңістігі де ене бастаған, басқа планеталардың ресурстарын пайдалану туралы мәселе қарастырылуда.
Ғылым мен техниканың күрт өсуіне байланысты адамдардың білім деңгейі мен кәсіптік шеберлігі де арта түсуде. Енді өз ісінің шын мамандары мен шеберлерінің қолы жүрер сәті туды. Себебі, нарықтың заңы солай. Бұл үрдіс XXI ғасырда одан әрі кеңейе береді. XXI ғасырдың жалпы белгілері - жоғары технология, жаңа байланыс жүйелері, информатиканы дамыту. Осы жалпы бағыттан Қазақстанды тыс қалды деуге болмайды. Сондықтан да:
- электроника және физиканың оны қамтамасыз ететін тиісті бағыттары;
- есептеуіш техника мен математиканың оны қамтамасыз ететін салалары;
- машина жасау және оның технологиясы XXI ғасырдағы Қазақстан ғылымының жаңа салаларына жатады.
Әрине, мұндай түбегейлі өзгерістер дәуірінде адам да оған әруақытта дайын болуы қажет. Демек, ендігі жерде күнделікті күйбең тіршілікке алданып, уақыт өткізбей, ең болмаса, бір мамандқыты игеріп алудың қамына кірісу керек, меңгеріп қана қоймай, оның ұңғыл - шұңғылын жетік біліп, өз ісінің шебері болған адам ғана заман талабына сай еңбек ете алады.
Ғылыми техникалық революция қоғамға кері де әсер ете алады. Өйткені ол адам баласындағы табиғи бьастаулар мен қоршаған ортаның әдемілігін, үйлесімділігін бұзады.
Ғылыми - техникалық революцияның салдары тіл, дәстүр, мораль, адамгершілік сияқты дәстүрлі мәдениет үлгілеріне әсер етіп, әлеуметтік психологияны, отбасылық қатынастарды өзгертуде.
Саяси сала қоғамдық өмірдің күрделеніп, ондағы әлеуметтік жіктелудің тереңдеп, әлеуметтік теңсіздіктің қалыптасуы нәтижесінде пайда болды. Ол үлкен топтардың қарым - қатынасының реттелуімен тығыз байланысты, оның негізгі элементі билік орталығы болып табылатын мемлекет.
Саясат дегеніміз - билікті өз пайдасына шешу, өзінің талап - тілегін жүргізіп отыруға мүмкіндік алу үшін индивидтер мен әлеуметтік топтар арасындағы айрықша іс - әрекеттің формасы. Бұл іс - әрекет адамдардың мүлдесі мен еркінің, эмоциясы мен ақыл - ойының өзара қабысуы. Саясат - бұл биліктің қатынастар жүйесі. Саясаттың философиялық анықтамасының мәні осында.
Саясат индивидтер мен әлеуметтік топтардың өзара әрекеттесуінің сферасы. Өйткені олардың меншіктік, құқықтық, адамгершілік, тағы да басқа мүдделері өзара бәсекеге түседі.
Саясат әрқашан да күрделі және шатасқан іс - әрекет, одан не нәрсе күту керек екенін айту қиын. Саясат - мемлекетті және қоғамды басқарудың өнері, сондықтан ол саналы іс - әрекеттер саласы. Саясатта саналы іс - әрекет етіп, көрнекті табыстарға жету үшін көптеген қасиеттер қажет.
Саяси билік - деп белгілі әлеуметтік топ пен индивидтің әр түрлі ұйымдар мен заңдардың, идеялардың, қатынастардың күшіне сүйене отырып саясатта өз еркін жүргізу қабілетін айтамыз. Билік ету дегеніміз - басқа адамдардың іс - әрекетіне, тәртібіне әсер ете отырып, өз мүддесін іске асыру. Саяси биліктің күре тамыры - мемлекеттік билік болып табылады. Бұл күш қоғамда тұрақтылық пен реттілікті орнатады.
Саяси өмір қоғамның мүдделері бір - біріне қарама - қарсы әлеуметтік топтарының қалыптасуы нәтижесінде өрбіп дамыған. Қоғам күрделене түсті, әлеуметтік мүдделерді өзара мәмілеге келтіру мақсатында саясат пайда болды. Халық басқарушыларға, элитаға және бағынушыларға, бұқараға бөлінді. Саясаттың негізгі функциясы мемлекеттің көмегімен ықпалды топ пен таптың мүддесін қорғау үшін бүкіл қоғамды басқару болды.
Саяси сала - қоғамның әлеуметтік өмірінде туындап, дамып отыратын процестердегі салдары мен бейнесі.
Саяси қажеттіліктер мен мүдделер - адамдардың саяси қызметінің қозғаушы күші. Бұған меншіктік қажеттіліктер, олардың идеалы мен абыройы, адамгершілік жөніндегі ойлары жатады.
Саяси сана қоғамның саяси өмірінің рухани жағын бейнелейді. Оған саясат пен мемлекект туралы қарапайым көзқарастар мен ілімдер, теориялар жатады. Саяси сана жоқ жерде толық қанды саяси өмір де болуы мүмкін емес. Саясат туралы білім мен көзқарастарына сүйене отырып, адамдар оған саналы түрде ат салысуға, саяси фактілер мен құбылыстарға баға беруге мүмкіндік алады.
Қоғамның саяси өмірін зерттей отырып, философия саясат субъектілерінң саяси мәдениетіне, лидерлер мен бұқараның өзара қарым - қатынасына, саясатқа қатысушылардың рухани деңгейіне ерекше көңіл аударады. Философия саяси өмірдегі субъективті бастаманың жоғары деңгейін атап көрсетеді. Ол, сонымен қатар, қоғамның қаншалықты деңгейде демократиялық, яғни саясатқа қатысушылардың мүмкіндіктері бірдей ме, бірдей емес пе деген мәселелерге көңіл қояды. Саяси өмірідің институттарына әртүрлі партиялар, қоғамдық ұйымдар мен ассоциялар жатады. Дегенмен, саясаттың негізгі құралы мемлекет болып табылады.
Саясат билікті сақтау, тұрақтау, функциясын орындап қана қоймай сонымен қатар қоғамда азаматтық келісім, ізгілік орнатуға да атсалысады.осы мақсатта іс - әрекеттің өркениетті формалары констуктивті диалог, компромисс, партнерлік кеңінен қолданылады.
Саясатта айлакерлік те, екіжүзділік те, таза емес ойын да, жауыздық та, қаталдық та бар.
Саяси қатынастар әлеуметтік топтар мен индивидтер арасында билік үшін күрес жолында қалыптасатын байланыстар мен бағынушылақтар.
Саяси іс - әрекеттер саяси принциптер мен идеяларға сүйенеді.
Ең алдымен, заңның үстемділігін барлық жерде қамтамасыз ете алатын нақты құқықтық мемлекет құру бірден - бір қажеттілік. Мұны жүзеге асыру үшін мемлекеттік құрылымдардың өздері заңда белгіленген ережелер бойынша қимыл жасауы керек. Саяси процестің басқа субъектілеріне қойылатын талап та осындай. Сонымен қатар, қоғамдағы барлық азаматтар заңға сәйкес өмір сүріп үйренуге тиіс. Бұл толыққанды демократияға көшудің сара жолы.
Демократияның қанат жаюы экономикалық өмір шарты мен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басқа да іргелі құқықтардың іс асырылуымен тығыз байланысты.
Орталық Азияда халықаралық экстремизм қысымының ұлғайып келе жатқанын еске ала отырып, халықтың аса күрделі ұлттық және мәдени құрамын ұдайы назарда ұстап, процестерді дұрыс бағытта дамытып отыруымыз керек.
Саяси жүйені демократияландыру сот жүйесін жетілдіру, құқықтық реформа, өкімет органдарының өкілеттілігін кеңейту, сайлау процесін, азаматтық қоғам институттарын нығайту бағыттарын дамыту арқылы іске асырылады.
Қоғам өте күрделі жүйе. Ол өзінің сан ғасырлық даму барысында адамның материалдық - өндірістік, әлеуметтік - саяси, рухани - адамгершілік салаларына енгеннен кейін сан түрлі қажеттілік тудыратын орасан мол материалдық және рухани қазыналар туғызды. Бір адамдар әсем бұйымға әуес болса, келесі біреулер театр алдында, кітап дүкенінде көбірек болғанды ұнатады. Адамның қажеттілігі қарапайым материалдық мұқтаждықтан асқақ рухани сұранысқа дейін жетеді.
Қоғамда белгілі бір әлеуметтік құрылым болады. Әлеуметтік құрылым ұғымы қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндіріс күштерінің және өндірістік қатынастардың деңгейіне байланысты қалыптасқан қауымдардың тұтастығы мен олардың өзара тұрақты қатынастарын білдіреді. Әлеуметтік құрылым қатарына адамдардың жас шамасына, жынысына, ұлтына, кәсібіне, туған жеріне, тағы басқа да ерекшеліктеріне байланысты шоғырланған топтары жатады. Бұл осы топтардың қажеттеліктері мен қызығушылықтарының іс - әрекеті мен белсенділігінің себептерінің әлемі. Мұның өзі қоғамдық өмірге тән ерекше сипаттағы әлеуметтік кеңістікті қалыптастырады.
Бұл жүйенің өзіндік құрылымы бар, яғни әр элементтің әлеуметтік кеңістікте өз орны, өзіне тән сипаттары бар.
Әлеуметтік құрылым - салыстырмалы, тұрақты және бірқалыптағы топтарының жиынтығы мен олардың арасындағы өзара іс - қимыл жасаудың, байланысудың белгілі бір реті.
Әлеуметтік кеңістікте жіктелудің мынандай түрлері бар:
- адамдардың әлеуметтік - таптық қауымдастығы (таптар, топтар)
- әлеуметтік демографиялық топтар (жастар, әйелдер, қариялар)
- адамдардың шағын топтары (отбасы, еңбек ұжымы)
Әлеуметтік қауымдастық дегеніміз - жалпы қызығу объектілері мен іс - әрекеттері, психологиялық ерекшеліктері мен өмір салты бір - бірімен ұқсас адамдардың біртұтастық жиынтығы.
Қауым - адамзат басынан өткерген дүние жүзі халықтарының бәріне ортақ алғашқы қауымдық құрылыстың негізгі экономикалық ұясы. Онда өндіріс құрал - жабдықтарына қоғамдық меншік болған. Еңбек ерлер мен әйелдер, еркектер мен балалар арасында табиғи түрде бөлінді. Өндірілген өнімді бірлесе отырып, бөліп, тұтынып отырды.
Қауымның дамуы - қауым мүшелері тұрақты атқаратын еңбек түрлерінің күрделеніп, көбейе түсуімен және осы түрлердің өзара байланысының күшеюімен сипатталады.
Қоғамдық еңбек күрделене түскен сайын қоғамның әлеуметтік жүйесі де біркелкі болмайды, ол да өзгеріске ұшырап отырады.
Қоғамның әлеуметтік құрылымының біркелкі болмайтыны туралы көне дүние философтары айтып кеткен. Мәселен, Аристотель Әрбір мемлекетте үш бөлік бар: өте дәулеттілер, ең жарлылар және үшіншілер, яғни солардың тұрғандар.
Қоғамдағы таптар туралы ілімді жан - жақты дамытқан К.Маркс еді. Ол жұмысшы табы мен капитал арасындағы қарама - қайшылық қоғамның ішкі қасиетінен туындайтындығын, яғни капитал дүниесінің өзінен бастау алатындығын көрсетті.
К.Маркстің таптар туралы ілімі кеңес одағында ерекше маңызға ие болып, оның бастапқы қағидалары көп жылдар бойы қоғамның әлеуметтік жіктелуінің теориялық, методологиялық негізі болып келді.
К.Маркс ерекше көңіл аударған меншіктік қатынас пен өндіріс тәсіліне сүйене отырып, қоғамда жұмысшы табы мен колхозшы, шаруа табы ғана бар деп есептедік. Ал интеллигенцияны аралық топ деп қарадық.
Бір жақтылыққа кеңес ғалымдарының ішінде алғашқы көңіл аударған белгілі социолог Р.В.Рывкина болды. Ол 1989 жылы талдау құралдарының әдістемелік және теориялық құрамында әлеуметтік стратификация (бөлшектеу) теориясының алар орны ерекше. Біз үшін әлеуметтік топтардың, олардың меншікті иелену жүйесінде, билік, табыс және бедел мәселесінде іс - әрекет методикасын анықтау өте қажет деп жазған.
Р.В.Рывкина атап көрсеткен әлеуметтік стратификация теориясының авторы 1922 жылы шетелге кеткен әйгілі орыс ғалымы П.Сорокин еді. Ол АҚШ-та жемісті еңбек етті. 25 жыл бойы Гарвард университетінің социология кафедрасын басқарды.
П.Сорокин тарихта жіктелуге, әсіресе әлеуметтік жіктеуге тап болмаған қоғамның болмағандығын, олай болмады деп ойлау миф екендігін айқын дәлелдейді. Оның ойынша, кез - келген қоғамда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz