Зақымдаушы факторлардан халықты инженерлік қорғау. Зақымдану ошақтарындағы құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар



Жоспары

1. Қорғаныс ғимараттары.
2. Жеке қорғаныс құралдары және олардың түрлері.
3. Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздері.
4. Төтенше жағдайлардың салдарын жою.
Қорғаныс ғимараттары – бұл арнайы мақсаттағы инженерлік ғимараттар. Олар халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, радиациялық және химиялық қауіпті нысандардағы авариялар кезіндегі шыққан радиациялық заттардан, зақымдағыш факторлардың ықтимал қайталануынан, жарылыстардан, сондай – ақ зілзаладан, авариялар мен апаттардан қорғайды.
Бұл ғимараттар қорғаныстық ерекшеліктеріне байланысты панаханалар және радиациядан қорғайтын паналау орындары болып бөлінеді. Сонымен қатар адамдарды қорғау үшін қарапайым үлгідегі панаханалар да қолданылуы мүмкін.
Адамдар тіпті қираған панаханаларда ұзақ уақыт бола алады, олардың қауіпсіздігі бірнеше тәулік бойы қамтамасыз етіледі. Панахананың қорғау сенімділігіне қоршау құрылғыларының өте беріктігі, сондай – ақ қоршаған ортаның үстіңгі беті радиоактивті улағыш заттармен және бактериалдық құралдармен ластанған немесе жаппай өрт қаулаған жағдайда панахананың қауіпті тіршілігін қамтамасыз ететін санитарлық гигиеналық жағдайларды жасау есебінен қол жеткізіледі.

Зақымдаушы факторлардан халықты инженерлік қорғау. Зақымдану ошақтарындағы құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар

Жоспары

1. Қорғаныс ғимараттары.
2. Жеке қорғаныс құралдары және олардың түрлері.
3. Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздері.
4. Төтенше жағдайлардың салдарын жою.

Қорғаныс ғимараттары - бұл арнайы мақсаттағы инженерлік ғимараттар. Олар халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, радиациялық және химиялық қауіпті нысандардағы авариялар кезіндегі шыққан радиациялық заттардан, зақымдағыш факторлардың ықтимал қайталануынан, жарылыстардан, сондай - ақ зілзаладан, авариялар мен апаттардан қорғайды.
Бұл ғимараттар қорғаныстық ерекшеліктеріне байланысты панаханалар және радиациядан қорғайтын паналау орындары болып бөлінеді. Сонымен қатар адамдарды қорғау үшін қарапайым үлгідегі панаханалар да қолданылуы мүмкін.
Адамдар тіпті қираған панаханаларда ұзақ уақыт бола алады, олардың қауіпсіздігі бірнеше тәулік бойы қамтамасыз етіледі. Панахананың қорғау сенімділігіне қоршау құрылғыларының өте беріктігі, сондай - ақ қоршаған ортаның үстіңгі беті радиоактивті улағыш заттармен және бактериалдық құралдармен ластанған немесе жаппай өрт қаулаған жағдайда панахананың қауіпті тіршілігін қамтамасыз ететін санитарлық гигиеналық жағдайларды жасау есебінен қол жеткізіледі.
Панаханалар адамдар аз жүретін жерлерге орналасуы керек. анахана ғимараттары былайша жіктеледі:
* Мақсаты бойынша: кәсіпорын қызметкерлері мен халықты, басқару органдары мен медицина мекемелерін орналастыру үшін. Өте берік ғимараттар мемлекеттік органдар мен әскери басқару органдары үшін салынады. Жұмысшылар мен қызметкерлерді қорғау үшін ғимараттар кәсіпорын аумағына, ал халықты қорғау үшін олар тұратын жерлерге салады. Аса қауіпті нысандардың жанында орналасқан ғимараттарда болу мерзімі - 5 тәулікке дейін;
* Орналасқан жері бойынша: жапсарлас салынғандар, жеке тұрғандар, тау ішінде. Жапсарлас салынған панахана ғимараттың құлауынан үйінді астында қалуы мүмкін, ал жеке тұрғандар мұндай қауіпке ұшырамайды;
* Сыйымдылығы бойынша: шағын 300 адамға дейін, орта 300-600 адам, үлкен - 600 астам.
Панахана мына талаптарды ескере отырып тұрғызылуы тиіс: онда адамдардың үздіксіз келіп кетуінің қамтамасыз етілуі, су баспайтын жерлерге салынуы, су және қысымдық канализация желісінен алыс болуы. Панахана желдеткішпен, санитарлық-техникалық қондырғылармен, улағыш радиоактивті заттар мен бактериалдық құралдардан ауаны тазалайтын құралдармен жабдықталуы тиіс.
Радиациядан қорғайтын орын. Бейбіт және соғыс уақытында, төтенше жағдайлар кезінде паналайтын адамдардың қорғалуын қамтамасыз ететін, қымталған қорғаныс ғимараттары радиациядан қорғайтын орындар деп аталадыОлар адамдарды радиоактивті зақымдалу жағдайында сәуле тиюден, тыныс органдарын, тері мен киімді радиоактивті заттардың түсуінен қорғайды. Селолық жерлерде РҚО үшін погреб, көкөніс сақтайтын жер пайдаланылады.
Қарапайым үлгідегі панаханалар. Халықты қорғау жүйесінде қуыс үлгісіндегі қарапайым панахана салудың үлкен маңызы бар. Олар траншея, окоп, блиндаж. Оны халық аз уақыт ішінде салады. Қуыс ашық немесе жабық болуы мүмкін. Ашық қуыс радиактивті сәуле мөлшерін 2-3 есеге, ал жабық 40-50 есеге азайтады. Оның тереңдігі 200см, жоғарғыдағы ені 120см, төмендегі ені 80см болады, ал ұзындығы паналайтындардың санына байланысты. Жабық қуысты диаметрі 20-30 смбөренеден, темір бетон плитасынан немесе қалыңдығы 20-30 см етіп топырақ қабатын төсейді.

Жеке қорғаныс құралдары және олардың түрлері. Тыныс алу органдарының жеке қорғаныс құралдары - сүзгіш, оқшаулағыш. Респираторлар. Қызметтік принцптеріне байланысты ТАОЖҚҚ сүзгіш және оқшаулағыш болып екіге бөлінеді. Сүзгіш құралдар ауадағы оттегінің жеткілікті болуы және зиянды заттардың шектеулі мөлшерде болуы жағдайында қорғанысты қамтамасыз етсе, оқшаулағыш құралдар ауадағы оттегінің жеткіліксіз болуы және зиянды заттардың шектеусіз мөлшерде болуы жағдайында қорғанысты қамтамасыз етеді.
Сүзгіш ТАОЖҚҚ үш түрге бөлінеді: аэрозольдан қорғануға арналған, шаңға қарсы; булы газ тектес зиянды заттардан қорғануға арналған, газға қарсы; ауада бір мезгілде болатын аэрозольдан және булы газ тектес зиянды заттардан қорғануға арналған, газды шаңнан қорғайтын.
Оқшаулағыш ТАОЖҚҚ екі түрге бөлінеді: шлангты, ауа беруді қамтамасыз етеді, таза аймақтан ауа соруға арналған; автономды, ауамен қамтудың жеке көзінен тынысалу қоспаларының берілуін қамтамасыз етеді.
Тыныс алу органдарын аэрозольдан қорғау үшін әр түрлі маркадағы респираторлар қолданылады. Тыныс алу органдарын ауа құрамында болатын булы газ тектес зиянды заттардан және аэрозольдан қорғану үшін респираторлар қолданылады: газға қарсы, сорбитті - сүзгіш, газды шаңнан қорғайтын, клапансыз, бір рет қолданатын.
Респираторлар негізінен резеңкелі жартылай маскадан және қуыстық сүзгіштерден (екі сүзгіш секция) тұрады. Қуыстық сүзгіштер қағаздан, матадан, шұғадан (фетра), мақталы материалдардан жасалады.
Әмбебап респираторлар бір мезгілде тыныс алу органдарын газдардан және улы, бактериалды, силикатты, цементті, көмірлі және радиоактивті шаңдардан қорғайды.
Дәкелік таңғыштар респираторлардың ең қарапайым түріне жатады және кірлегеніне қарай ауыстырып ортыратын 5- 6 қабат дәкеден тұрады. Дәкелік таңғыштар аз концентрациядағы және аса улы емес шаңдардан қорғануға ұсынылады, мысалы ағаш шаңы.
Газқағарды пайдалануға дайындау шлем - масканың қажетті өлшемін анықтаудан басталады. Ол басты тігінен айналдырып өлшегенде анықталады. Өлшеу төбеден басталып, бет пен иекті қамтиды. Қолданар алдында газқағардың бұзылмағандығы мен герметикалығын тексеру керек. Шлем - масканы тексеру барысында талапқа сай болуын қадағалау керек. Одан кейін оның бүтіндігін әйнектеріне қарап тексеру керек. Бұдан кейін клапан қорапшасы тексеріледі. Ол қоқысқа толған немесе жыртылған болмауы керек. Сүзгіш - жұтқыш қораптар мыжылмай, тот баспай, тесілмей сақталуы тиіс және мойынында зақым болмауы керек. Сонымен қатар қорап ішіне жұтқыш ұнтақ түсіп кетпеуі қадағалануы керек.
Газқағарды мынандай жолмен жинайды. Сол қолымен шлем - масканы клапанды қорапшасынан ұстайды. Оң қолымен сүзгіш - жұтқыш қораптың мойының шлем - масканың клапанды қорабының түтігіне соңына дейін бұрайды. Жаңа газқағардың беттік бөлігін киер алдында ішкі және сыртқы жағынан аздап суланған таза шүберекпен сүртеді, тыныс шығару клапанын үрлеу керек. Егер қандай да бір ақау байқалса, оны жөндейді, ал жөндеу мүмкін болмаған жағдайда ол газқағарды басқа, ақауы жоғымен ауыстырады. Тексерілген газқағарды жиналған күйінде сөмкеге жинайды: түбіне - сүзгіш - жұтқыш қорап, үстіне - бүктелмеген күйде, тек кана әйнектік бөлігі зақымдалмас үшін аздап қайырып қояды.
Көз бен бетті қорғайтын жеке қорғаныс құралдары. Көз бен бетті қорғайтын жеке қорғаныс құралдарына ең алдымен, шаңнан, қатты бөліктерден, химиялық агрессивті емес сұйықтықтар мен газдардан, ультракүлгін сәуле мен басқа да қауіпті факторлардан қорғайтын қорғаныс көз әйнектері жатады. Оларды таққан кездегі кейбір ыңғайсыздықтар оның жоғарғы дәрежедегі тиімділігімен ақталады.
Көз бен бетті қорғайтын қорғаныс құралдары авариялық - құтқару жұмыстары мен оларды орындаудың ерекшелігіне қарай таңдалады. Осыған байланысты қорғаныс көзілдіріктері төмендегідей болып бөлінеді:
* желден, шаңнан, агрессивті емес химиялық сұйықтықтардың шашылуы мен ұсақ қатты заттардан қорғайтын, тікелей желдетілетін жабық қорғаныс көзілдіріктері;
* ультракүлгін сәулелерден қорғайтын, тікелей желдетілмейтін жабық қорғаныс көзілдіріктері;
* ультракүлгін және инфроқызыл сәулелердің тікелей әсер етуінен қорғайтын тікелей желдетілмейтін және сәулелі сүзгіші бар, реттелетін, жабық қорғаныс көзілдіріктері.
Есту органдарын қорғайтын жеке қорғаныс құралдары. Кейбір авариялық құтқару жұмыстардың түрлері ( пневмо - құралдармен, монтажды пистолет және т.б.) айтарлықтай шумен қоса жүреді. Есту органдарын қорғайтын жеке қорғаныс құралдарына шуға қарсы каскалар мен тығындар жатады.
Теріні қорғайтын жеке қорғаныс құралдары. Теріні қорғайтын жеке қорғаныс құралдары (ТҚЖҚҚ) қорғау қызметі бойынша оқшаулағыш және сүзгіш болып екі топқа бөлінеді. Оқшаулағыш құралдардың матералдары газ бен сұйықтықтардың өтуіне жол бермейтін арнайы қабатпен (пленкамен) қапталған. Жаз уақытында мұндай оқшаулағыш киімде жұмыс істеу кезіндегі шамадан тыс қызып кетуді болдырмау үшін төмендегі кестеде көрсетілген жұмыс істеу уақытын қатаң сақтау керек.
Теріні қорғауға арналған қолда бар құралдар. Теріні қорғауға арналған қолда бар құралдар ретінде қарапайым, су өтпейтін плащтар мен жабулар, сондай - ақ калың әрі мықты материалдан жасалған пальтолар, мақталы күртешелер және т.б. Аяқты қорғау үшін резина етіктер, ботылар мен галоштарды пайдалануға болады. Егер олар жоқ болса, аяк киімді қалың қағазбен орап, сыртынан матамен қаптап тастау керек. Қолды қорғау үшін қолда бар барлық резеңке немесе теріден жасалған қолғаптарды пайдалануға болады.
Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздері. Халықты құтқарудың негізгі әдістері. Халықты қазіргі заманғы қырып жою құралдарынан және төтенше жағдайлар кезіндегі апаттардан құтқаруы ұйымдастыру мен іске асыру, оның зардабының әсерін азайту немесе кісі өлімін азайтуға бағытталған қорғаныс шараларын іске асыру әдістерінің ролі ерекше.
Халықты құтқарудыңдың негізгі әдістері мыналар:
* қорғаныс ғимараттарына жасыру;
* халықты таратып қоныстандыру және көшіру;
* жеке және дәрігерлік қорғаныс құралдарын пайдалану;
* дер кезінде хабарландыруды ұйымдастыру;
* азық-түлікті, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық зақымданудан қорғау;
* радиациялық, химиялық, бактериологиялық барлау мен дозиметрлік және лабораториялық бақылауды ұйымдастыру;
* өрттен қорғау, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу;
* зақымдау аймақтарындағы ұйымдарға жұмыспен халықтың өзін-өзі ұстау режимдерін сақтау;
Қорғаныс ғимараттарына жасыру - халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық қорғаныстың жалпы сипаттамасы
Зақымдану ошақтары мен табиғи апат аудандарындағы апаттық құтқару
Транспорттагы төтенше жағдайлар
«Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің негізгі міндеттері»
«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» курсынынан лекция тезистері
Тіршілік әрекетінің қаупсыздігін оқыту әдістері
ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ НЕГІЗДЕРІ пәні бойынша дәрістер жинағы
Азаматтық қорғаныстың міндеттері мен қолданатын шаралары
Зақымдану ошақтарын барлау
Төтенше жағдайлардағы халықты, аумақ пен ұйымдарды қорғау шаралары
Пәндер