Тамақтану мәдениеті



Жоспары:
1. Отбасында тамақтану
2. Дастархан сәнді болса, тамақ та дәмді болады
3. Мерекелік дастархан
4. Мерекелік дастарханды жабдықтау
5. Тамақ ұсыну ережелері
6. Мерекелік мәзір
7. Мерекелік дастархандағы гүл
Отбасында тамақтану
Біздің жанталас тіршілігімізде отбасында тамақтану отбасылық бас қосудын бірден – бір себебі десе де болғандай. Дастархан басына жиналып отырып, ортақ бір мәселелерді шешуге болады. Сондықтан отбасы болып бірге тамақтануды дәстүрге айналдырыңыздар және дастархан басына түгел жиналуға тырысыңыздар. Бұл кезде ешбір бөгде әңгіме, әсіресе, телефонмен сөйлесу артық. Үй іші бас қосқан 15—30 минуттай уақытта сіздер сырт адамдар үшін жоқ болуларыңыз керек. Олай болмаған күнде телефонмен сөйлесіп тұрған кісінің асы суып қалады, басқалар да алаңдап отырады, ал сөйлесіп тұрған кісі де телефон соққан адамды ренжітіп алмас үшін сөзді келте қайырып қоя алмайды. Егер белгілі бір себептермен жай күндері дастарқан басында бас қосу мүмкін болмаса, сенбі не жексенбі күндері ертеңгі, түскі не кешкі тамақты бірге отырып ішуді әдетке айналдырыңыздар. Дұрыс ұйымдастырылған отбасылық дастарханның мәні зор.
Бұлай тамақтану отбасы мүшелерінің дұрыс тамақтануының ғана емес, олардың өзара қарым-қатынасының да кепілдігі болып саналады. Оның тәрбиелік мәні де үлкен. Бірге отырып тамақтану отбасы мүшелерін ынтымақтастырып, жақсы әдеттерді қалыптастырады, балаларға жақсы тәрбие береді.
Отбасы дастарханына тамақты бөлек-бөлек не болмаса әр кісіге арнап шағын-шағын етіп салып берген жөн. Біріншіден, бұлай етсе тамақ суымайды, дәмі де кетпейді, екіншіден тамақты мөлшерсіз артық жеуден сақтандырады. Елімізде ересектердің жартысынан астамы, ал балалардың төрттен біріне жуығында артық салмақ барлығы белгілі болып отыр. Бір өкініштісі, ересектердің көпшілігі толықтық денсаулыққа /көріктілікке де/ зиянды екенін жақсы түсінеді және арықтау үшін не істеу керек екенін де біледі, бірақ осы бір жақсы ниетті бірден жүзеге асыруға олардың бәрінің бірдей ерік-күші жете бермейді. Оларға бұл ойларын іске асыруға көмектесуге болады, ол үшін дастарқанға тағамды шағындап /шамамен 2/3 бөлігіндей/, не болмаса екіге бөліп /бір бөлігін үлкен, екіншісін кішірек етіп/ қою керек. Осындай әдіс нәтиже берсе, 1—2 аптадан кейін бірінші, екінші тағамның тиісті бөліктерін, сондай-ақ гарнир мен нанды алғашқы мөлшердің жартысына дейін кемітуге болады. Осылай үйде тамақты шамалап ішу әдетін бірте-бірте қалыптастыруға, тамақ ішу мәдениетін меңгеруге болады. Сөз соңында отбасы дастарқанына тағы да бірнеше кеңес берейік. Әрбір адамның жеке ыдысы — кесесі, қасығы, тарелкесі болғаны жөн. Мұның өзі отбасы мүшелерінің бірі ауырып қалса, аурудың екінші адамға жұғу қаупін азайтады. Тамақ ішкен кезде алдыңызға (көлемі 40x40 см) орамалша салып отырған дұрыс, ол киімді ластанудан сақтайды.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Тамақтану мәдениеті
Жоспары:
1. Отбасында тамақтану
2. Дастархан сәнді болса, тамақ та дәмді болады
3. Мерекелік дастархан
4. Мерекелік дастарханды жабдықтау
5. Тамақ ұсыну ережелері
6. Мерекелік мәзір
7. Мерекелік дастархандағы гүл

Отбасында тамақтану
Біздің жанталас тіршілігімізде отбасында тамақтану отбасылық бас қосудын бірден - бір себебі десе де болғандай. Дастархан басына жиналып отырып, ортақ бір мәселелерді шешуге болады. Сондықтан отбасы болып бірге тамақтануды дәстүрге айналдырыңыздар және дастархан басына түгел жиналуға тырысыңыздар. Бұл кезде ешбір бөгде әңгіме, әсіресе, телефонмен сөйлесу артық. Үй іші бас қосқан 15 -- 30 минуттай уақытта сіздер сырт адамдар үшін жоқ болуларыңыз керек. Олай болмаған күнде телефонмен сөйлесіп тұрған кісінің асы суып қалады, басқалар да алаңдап отырады, ал сөйлесіп тұрған кісі де телефон соққан адамды ренжітіп алмас үшін сөзді келте қайырып қоя алмайды. Егер белгілі бір себептермен жай күндері дастарқан басында бас қосу мүмкін болмаса, сенбі не жексенбі күндері ертеңгі, түскі не кешкі тамақты бірге отырып ішуді әдетке айналдырыңыздар. Дұрыс ұйымдастырылған отбасылық дастарханның мәні зор.
Бұлай тамақтану отбасы мүшелерінің дұрыс тамақтануының ғана емес, олардың өзара қарым-қатынасының да кепілдігі болып саналады. Оның тәрбиелік мәні де үлкен. Бірге отырып тамақтану отбасы мүшелерін ынтымақтастырып, жақсы әдеттерді қалыптастырады, балаларға жақсы тәрбие береді.
Отбасы дастарханына тамақты бөлек-бөлек не болмаса әр кісіге арнап шағын-шағын етіп салып берген жөн. Біріншіден, бұлай етсе тамақ суымайды, дәмі де кетпейді, екіншіден тамақты мөлшерсіз артық жеуден сақтандырады. Елімізде ересектердің жартысынан астамы, ал балалардың төрттен біріне жуығында артық салмақ барлығы белгілі болып отыр. Бір өкініштісі, ересектердің көпшілігі толықтық денсаулыққа көріктілікке де зиянды екенін жақсы түсінеді және арықтау үшін не істеу керек екенін де біледі, бірақ осы бір жақсы ниетті бірден жүзеге асыруға олардың бәрінің бірдей ерік-күші жете бермейді. Оларға бұл ойларын іске асыруға көмектесуге болады, ол үшін дастарқанға тағамды шағындап шамамен 23 бөлігіндей, не болмаса екіге бөліп бір бөлігін үлкен, екіншісін кішірек етіп қою керек. Осындай әдіс нәтиже берсе, 1 -- 2 аптадан кейін бірінші, екінші тағамның тиісті бөліктерін, сондай-ақ гарнир мен нанды алғашқы мөлшердің жартысына дейін кемітуге болады. Осылай үйде тамақты шамалап ішу әдетін бірте-бірте қалыптастыруға, тамақ ішу мәдениетін меңгеруге болады. Сөз соңында отбасы дастарқанына тағы да бірнеше кеңес берейік. Әрбір адамның жеке ыдысы -- кесесі, қасығы, тарелкесі болғаны жөн. Мұның өзі отбасы мүшелерінің бірі ауырып қалса, аурудың екінші адамға жұғу қаупін азайтады. Тамақ ішкен кезде алдыңызға (көлемі 40x40 см) орамалша салып отырған дұрыс, ол киімді ластанудан сақтайды.

Дастархан сәнді болса, тамақ та дәмді болады
Дастарханның жалпы көрінісі, ыдыстарды қою, тағамдарды рет-ретімен дұрыс орналастыру адамның тәбетін ашады, ал ол дегеніміз өз кезегінде тамақтың бойға жақсы сіңуіне қолайлы әсер етеді.
Дұрыс тамақтану салтына академик И.П.Павлов үлкен мән беріп, былай деген еді: "...дұрыс тамақтану дегеніміз -- ерекше тәбетпен, ләззат ала отырып тамақтану...".
Аса дәмді де көркем безендірілген тағамдар. Алайда дастархан жасауды, тағам безендіруді елдің бәрі бірдей біле бере ме?
Тағам безендіру және дастархан жасау. Ерекше мерекелі күндері ғана емес, күнделікті, көп күш әрі көп уақыт, жұмсамай-ақ асты ұқыптылықпен, әдемі де сәнді әзірлеуге дағдылана біліңіз.
Ең алдымен, тағамды оның түр-түсін барынша тиімді пайдалана отырып, табаққа немесе тарелкеге дұрыс орналастыра білу керек. Ыдыс-аяқ таза, жарық-сынықсыз болсын. Тағам майлы, ыстық болса, тәрелкені алдын-ала қыздырып алған жөн.
Негізгі асты табақтың тәрелкенің ортасына орналастырады, оның жан-жағына гарнир салады, бір ескерер жай -- гарнир табақтың жиегінен асып тұрмасын. Сөлі шығатын көкөністер қызылша, қырыққабат бөлек шұңғыл ыдысқа салынады.
Піскен етті сәл салқындатып, талшықтарына көлденең, қиғаштап шағын-шағын етіп турайды. Стөлге қоярдың алдында шұжық пен сүзбені қабықтарынан тазартып, жұқалап кесіп, тәрелкеге табаққа бірінің шетімен екіншісінің шетін бастырып, орналастырады. Құсты алдымен боршалап алады да, ыдысқа сырттай карағанда тұтас болып көрінетіндей етіп орналастырады.
Бір ыдысқа әртүрлі сортты ет пен шұжықты қатар салуға болады. Ал балық, майшабақ мен сүзбені қашан да бөлек-бөлек қояды.
Тағамды ішу ретіне, жыл мезгіліне қарай сәндейді.
Балыққа, майшабаққа және етке гарнир ретінде тұздалған корнишон, жасыл салат, қызанақ, жұмыртқа, желкек, қияр т. б. қосып береді.
Салаттар мен басытқыларды порей жапырағымен, қызанақпен, шалқанмен, жасыл бұршақпен, түсті қырыққабатпен т. с. с. безендіреді.
Бір түсті тағамдар қатар келіп қалмауын қарастыру керек. Мысалы, жұқалап кесілген ветчина мен қызанақ қатар қойылса, екеуі де қызыл, қызғылт түс қосылып кетеді. Ал егер безендіру үшін жасыл салаттың жапырағын алып, оның үстіне ширек жұмыртқа қойса, ветчина тіпті әдемі болып кетеді, қызғылттана түсіп, тәбетіңді ашады.
Ет, майшабак, көкөністен жасалған салаттарды арнайы салат ыдысына үйіп салып, қасықпен сылап тегістеп қояды. Оларды табақша, жалпақ шыны ыдыстарға да салуға болады. Стөлге қоярда бұл салаттарға майонез құйып, көкпен, салат жапырақтарымен, маринадталған қара өрік, қияр, қазанақ, әбден пісірілген жұмыртқа түйірлерімен салаттың дәміне қарай әшекейлеп, сәндейді.
Ыстық тағамдарды дастарханға әкелер алдында ғана әсемдейді және тамақ суып қалмас үшін тез жасау керек. Ет тағамдарын көкөніс, сәбіз, брюссель қырыққабаты, жасыл бұршақ, салат, т. б. көркемдеген жақсы. Егер еттен, сондай-ақ құс етінен дайындалған тағамдардың сөлі көп болса, онда дайындалған тұздықтың бәрін құю міндет емес, тұздықтың қалған бөлігін тұздық құйғышқа не шағын шұңғыл салат салғышқа құйып, тағамның жанына бөлек қоюға болады.
Дәмді дайындалған ас дастархан сәнді жайылып, отыру ыңғайлы болса ғана рахатқа батырып, ләззат береді. Орындықтарды стөлдің айналасына отырушыларға ыңғайлы етіп қояды. Отырушылардың бір-біріне шынтағы, сондай-ақ оларға стөлдің аяғы, басқа да бөгде заттар бөгет жасамайтындай етіп орналастырылады. Ол үшін әр адамға 60 -- 70 см орын қажет. Дастархан қашан да таза болуы керек.
Дастарханға қойылған ыдыс-аяқтың түр-түсінің де үйлесімділігін ескерген жөн. Егер ыдыс ала, түрлі-түсті болса, дастарханның бір түсті болғаны дұрыс. Ал ыдыс-аяқ өрнек, гүлсіз, бір түсті болса, онда бір түсті дастарқан да, гүлді, басқа да ою - өрнегі бар дастархан да жараса береді. Стөлге дастархан жаймас бұрын оның астына жұмсақ қалың мата төсеген дұрыс. Бұл стөл бетін ыстықтан, басқа да зақымдаудан сақтайды. Жұқа, ақ дастарханның астынан бажырайып көрініп тұрмас үшін төсеніш матаның ақ болғаны жөн. Оның үстіне түрлі - түсті матаға су тигенде бояуы шығып, ақ дастарханды бүлдіруі де мүмкін.
Үлкен жиын, көп қонақ шақырғанда қонақтардың қайсысын қай жерге отырғызу рәсімі қиындық туғызатын болса, ресми аты-жөні жазылған қағаз пайдаланған жөн. Оны санаулы адамдарға қолдану міндет емес. Бір қабат қатты қағаздан немесе қалыңдау кәдімгі қағазға қонақтың аты жазылады, кейде оған қандай да бір әдемі сурет салынады, немесе бір бұрышына моншақ қадалып қойылады, т. с. с. безендіріледі.
Көңілдес жақын адамдар жиналғанда өлең сөздерін, мысқыл сөзді де жазып қоюға болады. Қағазды көркемдеудің жолдары көп, тек ең бастысы намысқа тимейтін, мәнерлі де ұнамды болсын. Карточканы стөлдің ортасына қарай бокалға сүйеп қояды. Қазіргі дастархан басында тамақ ішудің белгілі бір ережесі жоқ. Бұл жерде бәрі де стөл жабдықтаушы, үй иесінің талғамына байланысты. Әрине, дастархан жасау мәнді болғаны жақсы, ал егер қымбат ыдыстарын, хрусталь, күміс жабдықтарын көрсету мақсатында болса еш жақсылық жоқ.

Мерекелік дастархан
Мерекелік дастарханға салқын тағамдар, басытқылар қойылады. Жұқалап кесілген тоқаш пен нан ақ майлықтың үстіне қойылады. Стөлде сондай-ақ тұз, бұрыш, қыша да болуы керек. Оңай кесіліп басытқыға жеңіл жағылатын май, паштет, дірілдек және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асханада қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Оқушылар мен мектеп жасына дейінгі балалардың сапалы тамақтануы
Дене шынықтыру және оқушылардың салауатты өмір салты
Тұтынушылық сұраныс және жарнама
Тамақтану жайлы ғылым
Қонақ уйдегі қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Тыйым сөздер мен ырымдардың мағынасы
Толық сервисті мейрамханалар
Денсаулықтың гигиеналық негіздері
Салауатты өмір салты ұғымы
Пәндер