Бухгалтерлік шоттар, олардың құрылысы



Жоспар:
І.Кіріспе
Бухгалтерлік шоттар, олардың құрылысы.
ІІ.Негізгі бөлім
1. Екі жақты жазу, оның мәні және маңызы.
2. Шоттардың жіктелуі.
ІІІ.Қорытынды
Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспары.
Кәсіпорында күнделікті көптеген шаруашылық операциялары жүргізіліп, мүлік, ақша қаржылары және міндеттемелер тұрақты қозғалыста болады да, құрамы мен орналасуы және қалыптасу қайнар көздері бойынша өзгеріп отырады.
Шаруашылық қызметті бақылап, басқару үшін белгілі бір кезеңге қаржылық өзгерісі туралы ақпараттар керек. Шаруашылық қаржыларының өзгерісі мен қозғалысын бухгалтерлік баланста бейнелеу мүмкін емес. Ол үшін өзара байланысты жүйеге біріккен бухгалтерлік шоттар қолданылады. Бухгалтерлік шоттар активтің, капиталдың және міндеттеменің әрбір түріне, сонымен қатар табыстар мен шығындарға да ашылады. Есептік кезеңдегі шаруашылық операциялардың есебі мен өзара байланысы құжат деректерінің негізінде шоттар көмегімен жүргізіледі.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу
Жоспар:
І.Кіріспе
Бухгалтерлік шоттар, олардың құрылысы.
ІІ.Негізгі бөлім
1. Екі жақты жазу, оның мәні және маңызы.
2. Шоттардың жіктелуі.
ІІІ.Қорытынды
Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспары.

Кәсіпорында күнделікті көптеген шаруашылық операциялары жүргізіліп, мүлік, ақша қаржылары және міндеттемелер тұрақты қозғалыста болады да, құрамы мен орналасуы және қалыптасу қайнар көздері бойынша өзгеріп отырады.
Шаруашылық қызметті бақылап, басқару үшін белгілі бір кезеңге қаржылық өзгерісі туралы ақпараттар керек. Шаруашылық қаржыларының өзгерісі мен қозғалысын бухгалтерлік баланста бейнелеу мүмкін емес. Ол үшін өзара байланысты жүйеге біріккен бухгалтерлік шоттар қолданылады. Бухгалтерлік шоттар активтің, капиталдың және міндеттеменің әрбір түріне, сонымен қатар табыстар мен шығындарға да ашылады. Есептік кезеңдегі шаруашылық операциялардың есебі мен өзара байланысы құжат деректерінің негізінде шоттар көмегімен жүргізіледі.
Бухгалтерлік есеп шоты - шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерімен болатын шаруашылық операцияларын ақшалай бағада бейнелеу, ағымдағы бақылау және топтаудың тәсілі. Шот - бухгалтерлік есептегі ақпаратты жинақтаушы. Шоттар негізінде есеп берушіліктің ең негізгі формасы - бухгалтерлік құрылады. Шотта, оның атына байланысты көрсеткіш туралы барлық ақпарат жинақталады. Мысалы: 451 Кассадағы ұлттық валютадағы ақша шотында осы кассаға келіп түскен және алынған ақшалар туралы ақпараттар толық болады.
Шоттың көрнекті түрде бейнеленуін Т - шот моделі сызбасымен көрсетуге болады. Бұл қарапайым модель үш элементтен тұрады.
атауы; сол жағы - дебет; оң жағы - кредит.
Модель шаруашылық қызмет факторларын талдау үшін қолданылады және мынадай көріністе болады.

Дебет Шоттың атауы Кредит

Сол жағында жазылған кез-келген жазба шотты дебеттеуді, оң жағындағы жазба шотты кредиттеуді білдіреді. Дебет және Кредит сөздері шоттың оң және сол бөліктерін бейнелеуге арналған бухгалтерлік терминдер. Бұл атаулар ежелден қалыптасқан. Шоттың әрбір жағы сомалардың азайғаны мен көбейгенін бейнелеуге арналған.
Шоттар бухгалтерлік баланс баптарымен тығыз байланысты. Сондықтан да олар активті және пассивті деп бөлінеді.
Активті шоттарда мүліктің барлық түрі, олардың бар болуы мен құрамы және қозғалысы есепке алынады. Активті шоттың алғашқы қалдығы тек дебеті жағында ғана болады. Қалдықты бухгалтерлік есепте сальдо деп те атайды.
Есептік кезең соңындағы активті шоттың сальдосы келесідей жолмен табылады.
Сдо(соң.)=Сдо(б)+∑ дебеттік айналым - ∑ кредиттік айналым. Соңғы қалдық тек қана дебеттік болады.
Пассивті шоттарда шаруашылық қаржыларының қалыптасу қайнар көздері мен міндеттемелер есептеледі. Мұнда алғашқы қалдық кредит жағында көрсетіледі.
Пассивтік шоттардағы есептік кезең соңындағы қалдық мынадай түрде анықталады:
Сдо(соң.)=Сдо(б)+∑ кредиттік айналым - ∑ дебеттік айналым.
Осыларды айта келіп, мынадай түйін жасауға болады:
- активті және пассивті шоттарда дебет және кредит қарама-қарсы мағынада болады;
- активті шоттарда дебет қалдық пен көбеюді, ал кредит мүлік пен міндеттемелердің азаюын көрсетеді;
- пассивті шоттарда, керісінше кредит қалдық пен көбеюді, ал дебет - қайнар көздердің азаюын көрсетеді;
- жаңа немесе соңғы қалдық (есептік кезең соңындағы) алғашқы қалдықтың қай жақта болғанына сәйкес, дебет жағында болса - дебетке, кредит жағында болса - кредитке жазылады.
Екі жақты жазу жүйесі Қайта жаңару дәуірінде пайда болды. Оның алғашқы жүйелік жазды. 1494 жылы пайда болды. (Колумб Американы ашқаннан кейін екі жылдан соң). Есептің қарапайым тәсілі шаруашылық қызметтің даму дәрежесіне сәйкес келе алмады. Сондықтан да ХV ғасыр соңында итальяндық ғалым-математик Лука Пачоли есептің жаңа жүйесін - екі жақты бухгалтерияны жасап шығаруы кездейсоқтық емес.
Екі жақты жазу жүйесі қосарлық принципке негізделген. Өйткені, барлық экономикалық құбылыстар екі аспектіден құралады: көбею мен азаю, пайда болу мен жоғалу, бұлар бірін-бірі толықтырып тұрады.
Екі жақты жазу жүйесінде іс жүзіндегі шаруашылық операциялар екі тіркеледі: бір шоттың дебеті, екінші шоттың кредиті бойынша; дебеттің жалпы сомасы кредиттің жалпы сомасын теңестіреді. Сондықтан да баланстың активінің жиыны пассив жиынына тең.
Шаруашылық операцияға қатысатын шоттар корреспонденттелетін шоттар деп аталады. Шаруашылық операцияны шоттарға жазу бухгалтерлік жазба (проводка) деп аталады.
Екі бухгалтерлік жазбада екі шоттың балансы болса қарапайым жазба, ал, бірнеше шот қатысатын болса, күрделі жазба деп аталады.
Бухгалтерлік есеп шоттарындағы есептелетін шаруашылық операциялар көлеміне байланысты шоттар синтетикалық (жалпылаушы) және аналитикалық (талдамалы) болып бөлінеді.
Синтетикалық шоттар деп қаржылардың біртекті топтары мен олардың қайнар көздері жекелеген элементтерге бөлінбей, жинақталған көрсеткіштерде есептелетін, есеп жалпылама және құндық бейнеде ғана есептелетін шоттарды атайды.
Талдамалы шоттар деп синтетикалық шоттардың мазмұнын бөлшектеп, даралап, детальді түрде есепке алатын шоттарды атайды. Олар қаржылардың, қайнар көздердің жекелеген түрлерін бейнелейді. Талдамалық шоттарда тек құндық өлшемдер ғана емес, табиғи өлшемдер де қолданылады. Талдамалық шоттарды субъект өзінің қаржылық есеп берушілігін толығырақ ашу үшін өзі анықтайды.
Ағымдағы бухгалтерлік есеп мәліметтерін жалпылау үшін синтетикалық және аналитикалық шоттар бойынша айналым ведомості құрылады. Синтетикалық шоттар бойынша айналым ведомостінің түрі келесідей:

Шот номері
Бастапқы қалдық
Ай ішіндегі айналым
Соңғы қалдық

дебет
Кредит
Дебет
кредит
дебет
кредит

Айналым ведомостінде үш теңдік болады: бастапқы қалдықтың дебеті мен кредиті, айналымның дебеті мен кредиті және соңғы қалдықтың дебеті мен кредиті. Бұл үш теңдіктің болуы шаруашылық операциялардың шоттарда көрсетілуінің дұрыстығын білдіреді.
Синтетикалық және аналитикалық есептің теңдігі аналитикалық шоттар бойынша айналым ведомостін құру және оның жиындарын сәйкес синтетикалық шоттардың жиындарымен өзара салыстыру арқылы анықталады.
Шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерін нақты ерекшеліктерін бейнелеуден тәуелді түрде бухгалтерлік шоттар келесі түрлерге бөлінеді: негізгі, реттеуші, операциялық, транзиттік, баланстан тыс.
Негізгі шоттар деп шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздері есептелетін шоттарды атайды. Оларды 6 топқа бөлуге болады:
Инвентарлық шоттар - негізгі құралдар, тауарлы-материалдық қорлар және басқа да бағалықтарды есептеуге арналған. Бұл бағалықтардың бар болуы түгендеу өткізу жолымен тексеріледі. Бұл топқа материалдық емес активтер, дайын өнім шоттары кіреді.
Қаржылық салымдар шоттары - басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталы мен бағалы қағаздарына салынған ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың бар болуы мен қозғалысы туралы ақпаратты жинақтау үшін қолданылады.
Ақшалай шоттар - ақшалай қаржылардың қозғалысын есепке алу үшін арналған. Құрылымы мен бағыты бойынша олар инвентарлық шоттарға ұқсас, оларға жолдағы ақша аударымдарының шоттары, кассадағы және есеп айырысу, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шоттар жүйесі және екіжақты жазу
Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу туралы
Бухгалтерлік есептің шоттары
Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу
Бухгалтерлік есеп
Бухгалтерлік есепті жүргізу
Жұмыстың көлемі мен құрылымы
Кәсіпорынның материалдық емес активтер есебін және аудитін ұйымдастыру теориясын және тәжірибесін зерттеу және осының негізінде оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау
КӘСІПОРЫНДАРДА НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ТҮГЕНДЕУДІҢ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ АНАЛИТИКАЛЫҚ ЕСЕБІ
«Финансовый консалтинг Е&K» ЖШС-нің өндірістік – қаржылық қызметі
Пәндер