Дидактикалық материалдар арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту.



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

Дидатикалық материалдар арқылы бастауыш сынып оқушыларын тілін дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Тіл дамыту жұмысында жаңа технологиялық әдіс.тәсілдерді қолданудың қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

Тәжірибе және оның нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

Шығармашылық тапсырмаларды балалардың ой.өрісін дамытуға қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
«Тіл-жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел болмайды. Тілінен айырылған жұрт-жойылған жұрт. … баланың тілі дұрыс болса, елдің тілін көркейтіп, байытып гүлдендіреді …» Х.Досмұхамедұлы

Кіріспе
Әлемдік деңгейде кең қанат жайып келе жатқан ғаламдану процесінде әр халықтың өзіндік бет-бейнесін сақтап қалу, ұлттық ерекшеліктерді қазіргі өркениет талаптарына сай жетілдіру мәселесі зор маңызға ие болып отыр.
Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің барлық саласы адамның жеке тұлғасын дамытуды көздейді. Жеке тұлғаны тәрбиелеуде ана тілін жетік меңгертудің маңызы зор.
Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин де балаларды оқыту және тәрбиелеу ісінде тілді дамытудың маңызды орын алатынын айта келіп: «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай-қай тілде болса да еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес», — деп ана тілін оқытуды жетілдіру, жақсарту мәселесінің маңыздылығын дәлелдеді.
Сол себепті жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беруде тіл мәселесі ерекше орын алатыны белгілі. Сондықтан бұл мәселе шығармашылық жұмысымның тақырыбын «Мектепалды дайындық тобында жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы бала тілін дамыту жолдары» деп алуыма негіз болды. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту кешенді мәселе болып табылады, өйткені ол педагогика, психология, сондай-ақ лингвистика, психолингвистика деректерін негізге алады.
Педагогтар, психологтар және лингвистика саласындағы тіл мамандарының (Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, К.Д.Ушинский, Ф.А.Сохина Антонова Л.Г, Ушакова О.С. т.б.) зерттеу нәтижелері балалардың тілін дамытудың алғышарттарын құрды [22].
Қазақстандық Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы сынды ағартушы ғалымдардың тіл мәселесіне қатысты құнды еңбектерін басшылыққа ала отырып, Б.Баймұратова «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасын» ұсынған болатын [6]. Осы дидакт-ғалымдардың еңбектерінен бүгін де тіл дамыту жұмысы жөніндегі жаңа стандарттағы түсініктермен үндесетін идеяларды табуға болады.
Әдебиеттер тізімі:
1. Айтмамбетова Б.Р., Керимов Л.К. Оқыту әдістері. Алматы, 1992.
2. Абрамова Г.С. Практическая психология. М., 2001.
3. Битянова М.Р. Практическая психология. М., М., 1997.
4. Бірмағамбетов Э. Бастауыш сынып пәндерін оқыту. «Бастауыш мектеп».1999.
5. Венгер А.Л. Схема индивидуального обследования детей школьного возраста. М., 1999.
6. Базыкеева Г. 10 санның құрылымын оқыту. «Бастауыш мектеп», 1999, 6.
7. Гильбух Ю.З. Внимание: одаренные дети. М., 1991.
8. Гатаулин Г.Ф. Сабақ түрлері және оның құрылымы. «Бастауыш мектеп», 1998,5.
9. Крутецкий А.В. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1979.
10. Қоянбаев Ж.Б. , Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана, 1999.
11. Қыдыршаев А. Балалардық жас ерекшеліктерін ескеру. «Ұлағат», 2000, 1.
12. Немов Р.С. Психология. В 3 томах. М., 1995.
13. Махмутов М.И. Развивающее обучение. М., 1976.
14. Мухина В.С. Детская психология. М., 1990.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2

Дидатикалық материалдар арқылы бастауыш сынып оқушыларын тілін дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

Тіл дамыту жұмысында жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді қолданудың қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

Тәжірибе және оның нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

Шығармашылық тапсырмаларды балалардың ой-өрісін дамытуға қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Тіл-жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел болмайды. Тілінен айырылған жұрт-жойылған жұрт. ... баланың тілі дұрыс болса, елдің тілін көркейтіп, байытып гүлдендіреді ... Х.Досмұхамедұлы

Кіріспе
Әлемдік деңгейде кең қанат жайып келе жатқан ғаламдану процесінде әр халықтың өзіндік бет-бейнесін сақтап қалу, ұлттық ерекшеліктерді қазіргі өркениет талаптарына сай жетілдіру мәселесі зор маңызға ие болып отыр.
Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің барлық саласы адамның жеке тұлғасын дамытуды көздейді. Жеке тұлғаны тәрбиелеуде ана тілін жетік меңгертудің маңызы зор.
Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин де балаларды оқыту және тәрбиелеу ісінде тілді дамытудың маңызды орын алатынын айта келіп: Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай-қай тілде болса да еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес, -- деп ана тілін оқытуды жетілдіру, жақсарту мәселесінің маңыздылығын дәлелдеді.
Сол себепті жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беруде тіл мәселесі ерекше орын алатыны белгілі. Сондықтан бұл мәселе шығармашылық жұмысымның тақырыбын Мектепалды дайындық тобында жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы бала тілін дамыту жолдары деп алуыма негіз болды. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту кешенді мәселе болып табылады, өйткені ол педагогика, психология, сондай-ақ лингвистика, психолингвистика деректерін негізге алады.
Педагогтар, психологтар және лингвистика саласындағы тіл мамандарының (Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, К.Д.Ушинский, Ф.А.Сохина Антонова Л.Г, Ушакова О.С. т.б.) зерттеу нәтижелері балалардың тілін дамытудың алғышарттарын құрды [22].
Қазақстандық Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы сынды ағартушы ғалымдардың тіл мәселесіне қатысты құнды еңбектерін басшылыққа ала отырып, Б.Баймұратова Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасын ұсынған болатын [6]. Осы дидакт-ғалымдардың еңбектерінен бүгін де тіл дамыту жұмысы жөніндегі жаңа стандарттағы түсініктермен үндесетін идеяларды табуға болады.

Дидактикалық материалдар арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту.
Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшелігі - жеке тұлғаға бағдарланған инновациялық оқыту технологияларының кең қолданысқа енуі.
Қазақстан Республикасындағы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатын көздеген. Осының өзі жеке тұлғаны дамытуға бағытталған білім беру мәселелеріне ерекше назар аударылып отырғанын айқындайды. Сөйтіп, білім парадигмасы өзгеріп, білімді жеке тұлғаға бағыттау, оқушының өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуы алғашқы орынға шықты. Сондықтан әрбір оқушының шығармашылық белсенділігін ашу тұрғысынан педагогтар қауымына оқытудың жаңа технологияларын оқыту үрдісіне енгізу мақсаты қойылып отыр.
Оқыту технологиясы білім беру формасын оңтайландыруды көздеген, оқыту және білімді меңгеру үрдісін құрудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі ретінде қарастырылады.
Бір жағынан, оқыту технологиясы - бұл оқу ақпаратын өңдеу, көрсету, өзгерту және ұсыну әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы, ал екінші жағынан - бұл оқыту үрдісінде қажетті техникалық немесе ақпараттық құралдарды қолдана отырып, педагогтың оқушыға әсер ету тәсілдерін ұсынатын ғылым. Оқыту технологиясында оқыту мазмұны, әдістері мен құралдары өзара байланысты болады. Педагогтың педагогикалық шеберлігіне білім беру бағдарламасының міндеттеріне сәйкес оқытудың қажетті мазмұнын іріктеу, оңтайлы әдіс-тәсілдерді қолдану жатады.
Технология: techne -- өнер, шеберлік және logos - ғылым, яғни шеберлік туралы ғылым деген ұғымды білдіретін гректің сөзі. Технология шеберлікпен өнім алу, нәтижеге жету, белгілі бір жоба, моделмен оқыту дегенге саяды.
Соңғы онжылдықта танымал болған технология терминін бірқатар ғалымдар оқыту, білім беру үрдісіне қатысты педагогикалық тұрғыда қарастырып, оның мәнін анықтайтын бірқатар анықтамалар береді:
Технология - қандай да болсын істе, өнерде қолданылатын тәсілдер жиынтығы (орыс тілінің түсіндірме сөздігі). Технология - бұл өнер, шеберлік, іскерлік, белгілі бір қалыпты өңдеу, өзгерту әдістерінің жиынтығы ( В.М.Шепель). Педагогикалық технология - оқу үрдісін іске асырудың мазмұндық техникасы (В.П.Беспалько). Педагогикалық технология - оқытуда жоспарлы нәтижеге жету үрдісінің сипаттамасы (И.П.Волков). Педагогикалық технология - бұл оқу процесін ұйымдастыру және өткізу барысындағы балалар мен мұғалімдерге жайлы жағдай туғызудың біріктірілген педагогикалық қарым-қатынастың барлық жағдайларды ойлап қарастырған моделі (В.М.Монахов) [2]. Педагогикалық технология - педагогикалық мақсаттарға жету үшін қолданылатын барлық жеке тұлғалық, құралдық, әдіснамалық құралдардың қызмет ету жиынтығы мен реттелімі. (М.В.Кларин) [3]. Педагогикалық технология - алдыңғы авторлардың барлық анықтамаларының мағынасын өзіне ендіретін мазмұнды жалпылау (Г.К.Селевко) [4].
Жаңа оқыту технологияларына мән беріп қарасақ, педагогикалық технологиялар мынадай төрт негізгі шартты қанағаттандыруы тиіс:
- оқытудағы педагогикалық экспроматтарды жою;
- баланың танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесінің жобасын негіздеу;
- оқу мақсатын диагностикалық түрде анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалау;
- іс жүзінде оқу үрдісінің толықтығын қамтамасыз ету [5].
Оқыту технологиясының негізгі мақсаты - берілген үлгі бойынша өнім алу, оқытудың тиімділігін, сапасын көтеру.
Отандық және шетелдік педагогикада жинақталған педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік ғылым жетістіктері, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе, халықтық педагогика педагогикалық технологияның қайнар көзі болып табылады.
Кез келген педагогикалық технология педагогикалық ғылым мен іс-тәжірибе жетістіктерінің жиынтығынан, бұрынғы тәжірибенің дәстүрлі элементтері мен қоғамның ізгілендіру, демократияландыру қарқынымен туындаған жаңасын үйлестіре білуден тұрады.
Білім берудің кейбір технологияларын атап өтуге болады:
- дамыта оқыту технологиясы;
- модульдік оқыту технологиясы;
- шоғырландырып, қарқынды оқыту технологиясы;
- жобалап оқыту технологиясы;
- ақпараттық оқыту технологиясы.
Қандай да болмасын бір технология нақты орындаушылардың қолында түрліше көрініс табады, жеткен нәтижесі де әртүрлі болады. Десек те осы қарастырылған технологияны сипаттайтын орташа көрсеткіші жуықтас келеді. Яғни, педагогикалық технология тұлғаның сапасымен байланысты, бірақ тұлғаның сапасымен анықталмайды.
Мемлекетіміздің білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының қабылдануы білім саласындағы үлкен жаңалық. Білім беру жүйесінен күтілетін нәтижелердің бірі - өмірлік білімнен баршаға өмір бойы игерілетін білім. Бұл өмірдің әртүрлі талқысынан сүрінбей өту, тұлға ретінде дамуы үшін адамға білім қай жаста қажет екенін әр адам өз өмірі барысында үздіксіз білім алуға тиіс екенін айқындай түседі. Демек, оның жас ерекшелігіне қарай білім алу жасы да, әдісі де әртүрлі болатындығы белгілі. Бағдарламада мектепке дейінгі тәрбие берудегі мақсат: балабақшадағы әдістемеге және тәрбие беру үрдісінің мазмұнына жаңа сапа беруге қатысты болып отыр,- деп ерекше айтылған. Білім берудің жаңа құрылымына сай қойылып отырған бұл талап тәрбиешілерден өзінің кәсіби шеберлігін шыңдауды талап етіп отыр. Сондықтан оқу технологияларын оқу мазмұны мен балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеден өткізудің маңызы зор. Ең алдымен осы технологиялардың мән мағынасын түсініп алған жөн.
Білім беру жүйесін қайта құру балабақшадан басталатыны белгілі. Ал білім беруді жақсарту педагогке байланысты екендігі сөзсіз. Соған орай білім берудің жаңа технологияларын мақсатқа сай қолдана білу қажет. Мысалы: ертегінің мазмұнын ашу барысында дамыта оқыту технологиясын қолдансақ, онда Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесінің негізгі мақсаты - жеке адамның жоғарғы дәрежеде жан-жақты дамуы үшін негізін жасау. Демек, дамыта оқыту технологиясы бала тұлғасын жан-жақты дамытуды көздейді.
Міне, осындай сынды идеяларды бастауыш сыныпта қолданудың маңызы өте зор. Дамыта оқыту негізінде тіл дамыту әдістемесін жүйелеуге болады. Десек те, тіл дамытуды жетілдіретін өзге де технологияларды жан-жақты қарастыруға болады.
Ойын технологиясы. Оқытудың ойындық әдісі ерте кезден бастап күні бүгінге дейін қолданылып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Қазіргі кезде оқу үрдісінің тиімділігін арттырып, балалардың белсенділігін көтеру мақсатында ойын әдісі төмендегі бағытта қолданылып жүр:
- оқу пәнінің бір тақырыбын немесе бір бөлімін өткенде, ұғымдарды меңгеру барысында өзіндік технология ретінде;
- барынша көлемді бір технологиялардың элементі ретінде.
Сабақта қолданылатын ойындардың түрі көп, біз олардың ең балабақшаның оқу-тәрбие үрдісіндегі ең маңыздыларын және жиі қолданылатындарын ғана іріктейміз.
Жалпы ойынға қарағанда балабақшадағы қолданылатын ойындардың ерекшелігі нақты мақсаттардың және соған сәйкес нәтиженің болуы.
Балабақшаның оқу-тәрбие үрдісіндегі ойын технологиясының орны мен маңызын анықтау педагогтың ойын қызметін түсінуімен тікелей байланысты.
Ойын технологиясының нәтижелілігі, біріншіден, оларды қолданудың жүйелілігімен, екіншіден, дидактикалық міндеттермен үйлестірілген ойындардың мақсаттылығымен анықталады.
Қазіргі балабақша тәжірибесінде қолданылып жүрген сыни ойлауды дамыту технологиясының стратегиялары баланың ойлауына, шығармашылық ізденісіне, тәрбиешінің шеберлігіне жол ашады [12]. Технология әдістерін қолдануда тәрбиешілер нәтижесінде: баланың ойлауына, бала белсенділігіне, сөздік қорын дамытуға, баланың өзіндік пікірінің қалыптасуына мүмкіндік жасайтындығын айтып жетістікке жетуде. Баланың өз ойын сын тұрғысынан ойлап, дәлелдеуге тырысады, ой-өрісін кеңейтеді, еркін ойлай отырып, бірте-бірте тәрбиешінің түсіндіргеніне қарағанда өз ізденісімен қызығу танытып, шығармашылық қабілеттері ұшталады. Сонымен қатар жекелей жұмыстар, жұптық және топтық жұмыстар арқылы өз ойларын ашық айта білу, пікір айтуға үйрену, пікір таластыру, ойланып жауап беру, жолдастарының ойын тыңдау, жауаптарын бағалай білу, сыйластыққа, ұйымшылдыққа, білім деңгейлерінің жоғары болуына көп әсерлерін тигізеді. Оның ішінде ерекше бір жағдай: топта көп сөйлемейтін, ойлау дәрежелері төмен балалардың да қызығушылығы туып, олардың өз мүмкіндіктеріне қарай топтар бойынша сабаққа қатысуға тырысуы байқалады. Сөйтіп жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашуда.
CТО (сын тұрғысынан ойлау) технологиясына негізделген сабақтар материалды жан-жақты және тереңірек ашуға, балаларға бағыт-бағдар беріп, әсер етуге септігін тигізеді.Технологияның ерекшелігі көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Балабақшаға баратын балалар білім берудің барлық деңгейлерінде білімді тез қабылдайды және жалпы өмірде табысты болып келеді. Бүгінгі таңда жаңаша ойлайтын оқыту мен тәрбиенің технологиясын күнделікті жұмыста қолдана білетін педагогтың жұмысы жемісті болмақ.
В.Ф.Шаталовтың схемалы үлгілер негізінде оқыту технологиясы. Бұл әдістемесінің негізгі ұстанымы - білімді қайталау негізінде игеру, қыспақсыз оқыту, тіректерді пайдалану. Жаңа теориялық білімді алғаш рет немесе екінші рет қабылдау тіпті өте білікті маман сабақ бергеннің өзінде оның толық меңгерілуіне кепілдік бере алмайды және бұл оның ұзақ есте сақталуына, демек, сол білімді практикада, шығармашылық қызметте қолдануына мүмкіндік бермейді [2].
Мазмұндық ерекшеліктері: оқу материалдары сызба (схема) конспектілер түрінде дайындалады. Мектепалды дайындық тобындағы балаларда образды бейнелі ойлау орын алады. Сондықтан тірек сызбаларды, суреттер тіректерді қолдану жолдарын бала жасына сай таңдауға болады. Сабақтарда тірек суреттерді қолдану оқу материалының мазмұнын аша түседі.

Тіл дамыту жұмысында жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді қолданудың қажеттілігі
Бүгінгі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектепалды дайындық тобындағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту саласын да заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, сондай-ақ жаңа технологиялармен қамтамасыз ету қажеттігі туындап отыр [5].
Жаңа стандарттың жалпы ережесінде педагогикалық процестің жаңашылдығын қамтамасыз ету көзделген. Осы стандартқа сай балабақшада тәрбиелеп оқытудың басты құралы - бағдарламалар жаңартылып, оқу-тәрбие жұмысының мазмұнына елеулі өзгерістер әкелді. Осы өзгерістерге орай мектепалды дайындық тобында оқытуды жетілдіру әр педагогтан оқыту ісін оңтайландыру жолдарын тәжірибеге енгізуді талап етеді.
Оқыту жолдарының көптүрлілігі, олардың бірте-бірте жетілуі педагогтар алдына тиімді жолдарды анықтап, қолдану керектігі туралы күрделі мәселе қояды. Сондықтан әр педагогқа сапалы білім беру үшін көп ізденуге, жаңаша ізденуге тура келеді. Н.В.Микляева Инновации в детском саду атты еңбегінде авторлық әдістеме мен технологияны құру мәселесін сипаттай отырып, әдістеме тіл дамыту әдістемесі, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі т.т.б. деп стандартқа сай дәстүрлі жіктелген. Дегенмен мектепке дейінгі білім берудің қандай да бір әдістемесі аясында нақты міндетті шешуге қатысты жекелеген әдістемелер құрылуы мүмкін. Мәселен, тіл дамыту әдістемесі аясында -- сөздің дыбыстық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі не болмаса балаларды шығармашылық әңгімелеуге үйрету әдістемесі құрылады деген еді [19].
Демек, балаларды шығармашылық әңгімелеуге үйрету жолдарын бір әдістеме ретінде қарастыруға болады. Ол үшін осы әдістемеге енетін материалдардың мазмұнына ерекше көңіл бөлу қажет.
Бағдарламалар түрлі өмір жағдайларында жинақталған тәжірибені қолданудың басты көрсеткіші ретінде балалардың негізгі құзыреттілігін қалыптастыру міндеттерін шешуге бағытталған.

Біздің ана тіліміз-қазақ тілінің келешегі балалардың сөйлеу мәдениетінің деңгейімен байланысты. Осы тұрғыда әр баланың тілін жетілдіру, олардың сөйлеу мәдениеті қоғамдық қажеттілік болып табылады.
Сөз мәдениеті дегеніміз тек тіл түзулігін (норманың сақталуын) ғана көздеу емес, тіл әсемдігін нысанаға алу.
Қазақ мәдениеті мен білім-ғылымында ана тілі -- сөз мәдениеті туралы едәуір зерттеулер жарық көрді. Бірақ тіл сияқты халқымыздың ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын дұрыс, әсем жұмсаудың жөн-жосығын көрсету, дұрыс-бұрысын ажыратып отыру, жалпы сөз мәдениетін насихаттау жағы әлі де жеткіліксіз. Сондықтан баланың тілін дамытуда жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдануды мақсат еттім. Осыған орай келесі міндеттерді шешуді көздеймін:
мектепалды дайындық тобындағы балалардың білімдерін тереңдету және қоршаған әлем туралы түсініктердің негізінде сөздік қорларын байыту және оны белсендендіру;
Тілдік шығармашылыққа мектепалды дайындық тобындағы балалардың тұрақты қызығушылығын тәрбиелеу.
Аталған мақсат-міндеттерді негізге алып, балалардың тілдік шығармашылығын қалыптастыру жолдарына баса назар аудару қажет. Осыған орай шығармашылықпен әңгімелеуге үйрету, мақал-мәтелдерді қолдану, жаңылтпаш айтуға төселдіру, жұмбақтардың шешімін таба білуге, өз ойынан қарапайым, қысқа жұмбақтар құрастыра білуге, ертегіні қайталап айтуға және өз ойынан ертегі, әңгіме құрастыруға үйрету жолдарын қарастырамыз. Сонымен қатар, халқымыздың шешендік өнеріне де ерекше орын беремін.
Шешендік сөздер - терең оймен, шебер тілмен айтылған халық шығармасы. Ол тапқырлық пен шешендікке үйрететін көркем сөз үлгісі болып табылады. Шешендік сөз сырты қандай сұлу болса, ішкі мазмұны да терең мағынаны білдіреді.
Бүгінгі мектепалды дайындық топтарында, бастауыш сыныптарды шешендік өнерді қолдану тәжірибесі жиі кездеседі. Сабақта, ертеңгіліктерде және т.б. оқу-тәрбие үрдісінде баланың жас шамасына, тіліне лайықтап шешендік сөздерді ұтымды қолдануға болады.
Педагог баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп, өзінің ұстанған әдістері мен құралдарын жүйелейді. Қандай жолды таңдаса да, ол шеберлігі арқылы сол жолдың тиімділігін, әсерлілігін арттыра түседі [16].

Тәжірибе және оның нәтижелері
Шығармашылық жұмысымды жүргізу барысында ең алдымен тақырыбыма сәйкес әдебиеттерді іздестіріп, материалдар жинақтадым. Технология ұғымына көңіл бөле отырып баспа беттерінен озық тәжірибелі педагогтардың жаңа технологияларды қолдану іс-тәжірибесімен таныстым. Жаңа технологияларды өз іс-тәжірибемде қолданысқа енгіздім.
Мектеп алды дайындық -- білім берудің іргетасы болғандықтан оқу мен тәрбиенің түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіріп, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдаланудың жолдарын қарастырдым.
Мектепалды дайындық топтарынды дамыта оқыту технологиясы басымдық танытады. Жалпы сабақ құрылымдары дамыта оқытуға негізделген. Сондықтан тәрбиешілер дамыта оқыту технологиясын басшылыққа алады. Технология кепілді нәжиже береді. Десек те тіл дамыту мазмұнын толық ашу үшін осы аталған технологиямен қатар басқа да технологиялардың әдіс-тәсілдерін енгізу қажет.
Осы орайда А.Байтұрсыновтың: ²Қай әдіс жақсы?² деген еңбегіндегі: ²Әр әдіс өз орнында жақсы. Әдіс - керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай² -- деген қағидасын басшылыққа аламын.
Тіл дамыту жұмысын жетілдірудің тиімді жолы ретінде жаңа технологияларды қолданамын.
Қандай технологияларды таңдадым және қалай тәжірибеге енгіздім?
Мектеп алды дайындық тобында ойын технологиясын жиі қолданамын. Өйткені осы жастағы балалар қоршаған орта туралы түсінікті ойын арқылы қабылдайды. Сондықтан да ойынның сан алуан түрлерін қолдану тиімді. Ойынның өзі дидактикалық, сюжетті- рөлдік, қимылды және театр ойындары деп бөлінеді. Осы ойындардың ішінен театр ойынын алсақ, театр ойыннының бір түрі Саусақ ойыны тиімді. Саусақ ойын өлеңдерінің эстетикалық әсері зор. Мәселен қазақтың Қуырмаш өлеңін алып қарайық. Қуырмаш ойыны әрі баланың көңілін көтеру үшін, әрі еңбекке тәрбиелеп, дүниетанымын арттыру үшін жүргізіледі.
Қуыр-қуыр қуырмаш,
Бидай қуыр, қуырмаш.
Тауықтарға тары шаш:
Бас бармақ,
Балан үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек, -- деп қуырмаш айтады да, баланың саусақтарын санамалап, жұдырыққа түйіп, одан соң әрбір саусаққа қызмет беріп, іске жұмсап, жұдырығын жазады. Осы өлеңнен кейін Төлін ата деген дидактикалық ойын ойнауға болады.
Өз тобымда Қуыршақты ұйықтатамыз сюжетті-рөлдік ойынын ұйымдастыруға болады [10]. Тәрбиеші ойын шартын ретімен орындай отырып, Бесік жырын айтып сәбилерді ойнатады.
Әлди - әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем.
Жылама, бөпем, жылама,
Көзіңнің жасын бұлама. (Халық ауыз әдебиетінен)
Тәрбиеші қуыршақты ұйықтатуға байланысты Бесік жыры өлеңінің бір-екі шумағын баяу әуезді үнмен орындайды. Ойынды қайталап ойнату кезінде барлық балалар тәрбиешіге қосылып айтады. Ойынға ұсынылған тақпақтарды арнайы жаттатпай-ақ бірнеше рет қайталау барысында, өздері-ақ үйреніп алады. Ойынды былайша ойнатуға болады.
Қуыршақты ұйықтатамыз.
Ойын шарты: Тәрбиеші балаларды дөңгелете отырғызып, ақырын дауыспен сөйлейді. Қазір қуыршақ ұйықтайды, бәріміз сыбырлап қана сөйлесейік. Сендер қарап отырыңдар. Мен қуыршақты шешіндіремін. Әуелі аяқ киімін, шұлығын, сосын көйлегін шешіп орындықтың арқасына әдемілеп қоямыз. Қуыршақты төсекке жатқызып, баяу дауыспен бәріміз Әй-әй, бөпем өлеңін айтамыз.
Сабақ мазмұнын бала санасына жеткізуде дидактикалық ойындардың маңызы зор. Ауыз әдебиеті үлгілерін насихаттауда келесі ойындарды қолдандым. Мәселен, Түлкі туралы халық ертегілері бойынша (Түлкі мен арыстан, Түлкі мен құмыра, Түлкі мен бөдене, Түлкі мен торғай т.б.):
Жабайы жануарларды ата?
Мақсаты: Балалардың жабайы жануарлар туралы білімдерін бекіту. Тез ойлау қабілетін, зейінін тәрбиелеу, белсенділігін арттыру.
Ойынның шарты: Ойыншылар екі топқа бөлініп, әр түрлі табиғат көрінісі салынған бір-бір үлкен картадан алады. Мұғалімнің белгісі бойынша балалар жануарлар бейнеленген үлестірмелі карточкаларды үлкен картадағы салынған сурет мазмұнына қарай бос тор көздерге орналастырады. Кім бос тор көздерді толтырып, жануарларды дұрыс атаса, сол жеңіске жетеді. Ойыншылар үлкен карталармен алмасып, ойынды одан әрі жалғастырады.
Бұл қандай құс?
Мақсаты: Белгілі бір ерекшеліктеріне қарай құстарды суреттеуге үйрету және оларды ажырата білу.
Ойынның шарты: Педагог қарлығаш пен тоқылдақтың суреттерін балаларға көрсетіп, әрқайсысының ерекшелігін суреттеп беруді ұсынады. Балалар бұл құстардың ерекшеліктерін суреттеп, аттарын атайды.
Мұғалім: Бұл құстарды тағы қалай атауға болады? Олардың қандай пайдасы бар? (тоқылдақ орман дәрігері, қарлығаш адамның досы)
Не артық
Мақсаты: балаларды байқағыштыққа, атау септігінің сұрағына дұрыс жауап беруге дағдыландыру, сөздік қорын байыту, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Ойын шарты: Педагог тақтаға бірнеше суретті іледі де, ішінде не артық екенін сұрайды. Балалар не артық екенін және неге артық екенін дәлелдеп айтады.
Мысалы: түлкі, қоян, түйе, қасқыр.
Қоян, жолбарыс, аю, гүл және т.т.б.
Ойын технологиясымен қатар сын тұрғысынан ойлау технологиясын назарға алып келемін. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану үшін арнайы курстан өтіп, теориялық-тәжірибелік білім жинақтадым. Байқау тәжірибе жүргіздім. Ендеше, сын тұрғысынан ойлау технологиясына және Шаталовтың тірек сызба технеологиясына негізделген сабақ үлгілеріне тоқталайын.
Сабақтың тақырыбы: Торғай мен түлкі ертегісі
Сабақтың мақсаты: Ертегі мазмұнымен таныстыра отырып, кейіпкерлердің іс-әрекетін талдауға үйрету. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту -- шығармашылық қиялдарын, сөздік қорларын молайтып, тіл байлықтарын дамыту. Сыйластық, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: СТО әдістері-ой қозғау, венн диаграммасы, Шаталов технологиясы негізінде құрылған суретті-сызба әдісі.
Көрнекілігі: Торғай, түлкі, ит, бидай, егін шаруашылығының суреттері
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері
Армысың, алтын күн!
Армысың, асыл жыр!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жан досым!
Жылуыңа жылу қос,
Міне менің қолым!
II. Қызығушылықты ояту. Ғажайып сәт (музыка әуені ойналады)
Педагог: Балалар, мына үйшікте кім тұрады екен? Мен таптым. Бірақ мына үйшікте кім тұратынын менің жұмбағымды шешіп өздерің тауып көріңдер.
Өзі айлакер, өзі бір қу,
Жүрген жері айқай да шу. (түлкі)
Қосымша сұрақ: жануарлардың ішінде қайсысы қу?
Балалар жұмбақты шешкеннен кейін түлкі шығады.
Түлкі: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Сендер мені таныдыңдар ма?
Педагог: Әрине, түлкіжан. Біздің балалар сен туралы көптеген ертегілерді біледі.
Түлкі: Кәнекей, балалар! Мен туралы қандай ертегілер білесіңдер?
(Балалар түлкі туралы өткен ертегілерді айтып береді)
Түлкі: Жарайсыңдар, көп ертегі біледі екенсіңдер.
Педагог: Балалар мен ертегімді бастамас бұрын сол ертегінің тағы бір кейіпкерін жұмбақ арқылы жасырғым келіп тұр. Қане, бәріміз жұмбақты тыңдайық.
Итпен бірге таласып,
Табаққа қонып қоймайды.
Білесің бе, кәне, айта ғой,
Танисың ба, . . . . . (торғайды)
Қосымша ой салу: Ол құс ... .
(Балалар ойланып, естеріне түсіріп жұмбақтың шешуін табады)
Педагог: Жарайсыңдар, торғай туралы не білеміз? (Балалар жауабы)
Педагог: Жарайсыңдар, дұрыс айтасыңдар. Ендеше біздің бүгінгі тыңдайтын ертегіміз Торғай мен түлкі деп аталады. Мен бұл ертегіні айтып берейін, ал сіздер жақсылап отырып тыңдаңдар, жарай ма!
(Балалармен қосылып түлкі де ертегіні тыңдайды)
III. Мағынаны тану.
Ертегідегі жаңа сөздердің мағынасын ашу.
Педагог: Түлкіжан, таң сәрі деген не деген сөз?
Түлкі: Таң сәрі - таңертеңгі мезгіл.
Педагог: Ал бұлттың жөңкеле көшкені дегенді қалай түсінеміз?
Түлкі: Ой, ол бұлттардың тез жылжуы.
Педагог : Шоңқиып отыру дегенді балаларға қалай түсіндіресің?
Түлкі: Бұл аяғын бүгіп отыру деген сөз.
Тәрбиеші: Рахмет саған түлкіжан! Біз бұл ертегінің ішіндегі түсінбей жүрген сөздерді сен арқылы түсіндік.
Ертегіні бөлікке бөліп оқу. Педагог ертегіні бөлікке бөліп оқиды.
I бөлімде: Түлкі мен торғай дос болған. Екі дос егін егіп, жинауға кіріседі.
II бөлімде: Түлкі торғайды алдайды. Егінді торғайға жинатады. Торғай түлкінің айтқанын тыңдайды, түлкі өтірік айтады.
III бөлімде: Торғайды ренжітеді, егінді аз береді. Торғайға ит кездеседі. Ит түлкіге ашуланып, түлкіге барады. Түлкі иттен қорқып қашады.
Түлкі: Ой мен қатты ұялып отырмын. Кешіріңдер, енді ешкімге де қулық жасамаймын. Мен тез арада бұл жерден кетіп қалайын. (сыбырлап, ортадан шығып кетеді).
Қулық ойлап түлкі,
Ортада болды күлкі.
Жүгірді де жылдам,
Асып кетті қырдан.
IV. Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Сергіп кәне, алайық.
Торғай болып ұшайық,
Кәне, қанат қағайық.
Шоқып жемді алайық,
Орнымызды табайық.
V. Тірек -- сурет бойынша жұмыс. Сурет арқылы суретті-сызбаны құрастыру (Түлкі мен торғай. Түлкі мен торғайдың егін егуі. Түлкінің төбе басында шоқиып отыруы. Торғайдың егінді жинауы. Торғайдың ренжігені, итке кездескені. Иттің түлкіні аңдуы,жазалауы)
Педагог: Жарайсыңдар, демек ертегінің не туралы екенін және мазмұнын түсіндіңдер ғой, солай ма балалар?
VI. Қорытынды. Балалар, біз бүгін кіммен кездестік? Түлкі мен торғай шын дос болды ма? Түлкі қандай қулық жасады? Торғай неге өкпелеп кетті? Түлкі мен ит қай жерде кездесті? Олай болса ертегі кейіпкерлері қандай?
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының венн диаграммасымен жіктеу.

Түлкі
Өтірікші,
Алдайды,
Еріншек

Торғай
Адал
Аңқау
Еңбекқор
Ашуланды

Ертегі кейіпкері қандай?

Педагог: Жарайсыңдар, алғыр, ақылды екенсіңдер! Бүгін бәріңде ертегіні мұқият тыңдап, сызба-суреттерді дұрыс құрастырдыңдар. Түлкі сияқты алдамшы дос болудың жақсы емес екендігіне көзіміз жетті. Біз алда тағы көптеген ертегілермен танысатын боламыз.
Келесі ашық сабақтың тақырыбы: Көктем құстары
Сабақтың мақсаты: Балаларды көктемгі табиғат ерекшелігімен таныстыру. Көктем құстары туралы білімдерін кеңейту, құстар туралы балалардың шығармашылық сөздік қорын жетілдіру. Табиғатқа, жыл құстарына деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Технологиялық әдістер: дамыта оқыту технологиясының сөздік, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда дидактикалық материалдарды пайдалану
Қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда дидактикалық ойындардың ролі
Көрнекі құралдар түрлері
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Бастауыш мектептің оқыту процесі
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
Дидактикалық ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекеттерін белсендендіру
Көрнекі құралдар
Оқу үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының қабілетін дамытудың маңыздылығы
Психикалық дамуы тежелген төменгі сынып оқушыларының үрдісін ұйымдастыру
Пәндер