Қонақжайлылық кәсіпорнының басқару шешімдері.



Жоспар:
І.Кіріспе
Басқару шешімдерінің мазмұны және түрлері
ІІ.Негізгі бөлім
1. Шешім қабылдау үдерісі Шешім қабылдау әдістері
2. Шешім қабылдаудың жеке стилі
3. Басқару шешімінің тиімділік шарттары

ІІІ.Қорытынды
Шешім қабылдауды ұйымдастыру және бақылау
Басқару шешімдері проблемалық жағдайларды шешуге арналған әлеуметтік акт ретінде қарастырылады. Басқару шешімдерінің дұрыс және уақытылы орындалуы басқарудың тиімділігі кейіннен қонақжайлылық кәсіпорнының тиімді жұмысына тәуелді болғандықтан, басқару тұжырымдамалары менеджерлік қызметтің жауапты түрлерінің негізгі бір түрі.
Шешімді қабылдау қажеттілігі басқару үрдісінің барлық кезеңдерінде туады және басқару танымының түрлі аспектілерімен тығыз байланысты. Бір тәулік ішінде әр адам онға жуық шешім қабылдайды (мысалы, түскі асты қайда ішемін? Не сатып аламын? және т.б.), бірақ, басқару шешімдерін қабылдау күнделікті өмірдегі қабылданатын шешімдерден түбегейлі ажыратылады.
Шешімді қабылдау менеджер үшін тұрақты және жауапты жұмыс. Шешімді қабылдау қажеттілігі қонақ үйдің кез-келген деңгейдегі басшысының атқарған қызметінің нәтижесі ретінде қарастырылады. Шешімді қабылдау тек қана менеджерға ғана емес, сондақ-ақ қонақ үйдегі әр түрлі деңгейдегі жұмыс істейтін қызметкерлерге қатысты болғандықтан, басқару аумағында жетістікке жетемін деген әр тұлға үшін маңызды.
Дұрыс шешімді қабылдай білу менеджерлік қызметтің жемісті көрсеткішінің бірі болып табылады. Менеджерлер басқарудың төрт атқарушы қызметін орындайды және іс танымның түпкілікті түрлерімен, (яғни, жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау) істес болып келеді. Шешімді қабылдау және қайта өндіру басшылық қызметтегі шығармашылық үрдіс болып табылады. Ол мына кезеңдерді қамтиды:
1) өндірім және мақсаттың қойылуы;
2) мәселенің байқалуы;
3) талғам және тиімділік өлшемінің қисыны және мүмкін болатын шешімдердің қабылдануы;
4) шешімдердің басқа да нұсқаларының қарастырылуы;
5) таңдау және ақырғы шешімнің тұжырымдалуы;
6) шешімнің қабылдануы;
7) орындалушыларға жеткізілуі;
8) шешімді қабылдауды басқару.
Қорытындылай келгенде баскару шешімі басқару қызметінің нәтижесі ретінде қарастырылады. Басқару шешімін басқару еңбегінің негізгі түрі ретінде және бір мақсатқа бағытталған, белгілі бір логикалық ретпен орындалатын, басқару тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ететін өзара байланысты басқару іс-әрекеттерінің жиынтығы ретінде қарастырады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Егоршин А.П. Основы урпавление персоналом. Учебное пособие. М.: инфра – М. 2007. 110 с.
2. Жаксыбергенов А.Г. Кулажанов Т.К. Менеджмент в ресторанном бизнесе. Алматы: ТОО «Эверо», 200-300 с.
3. Жаксыбергенов А.Г. Методические указания и нормативные материалы к разработке экономической гости дипломного проекта для студентов специальности 4210. Технология и организация питания. Алматы. изд. отделом АТУ, 1999-1-11-111 часть – 203 с.
4. Жаксыбергенов А.Г. Управление персоналом организации. Алматы: Almanrintmas(a)gmail.com. 2011. 230 c.
5. Жаксыбергенов А.Г. Введение в ресторанное дело. Алматы: «Lem», 2011, 156 с.
6. Жаксыбергенов А.Г., Жаксыбергенов А.К. Бизнес – планирование в организациях сервиса. Алматы «Lem», 2012, 206 с.
7. Зайцев Г.Г., Файбушевич С.И. Управление кадрами на предприятии: персональный менеджмент. – СПБ: УЭФ. 1992
8. Кибанов А.Я. Основы управления персоналом. Учебник. М. инфра- М.2005, 304 с.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қонақжайлылық кәсіпорнының басқару шешімдері.

Жоспар:
І.Кіріспе
Басқару шешімдерінің мазмұны және түрлері
ІІ.Негізгі бөлім
1. Шешім қабылдау үдерісі Шешім қабылдау әдістері
2. Шешім қабылдаудың жеке стилі
3. Басқару шешімінің тиімділік шарттары

ІІІ.Қорытынды
Шешім қабылдауды ұйымдастыру және бақылау

Басқару шешімдері проблемалық жағдайларды шешуге арналған әлеуметтік акт ретінде қарастырылады. Басқару шешімдерінің дұрыс және уақытылы орындалуы басқарудың тиімділігі кейіннен қонақжайлылық кәсіпорнының тиімді жұмысына тәуелді болғандықтан, басқару тұжырымдамалары менеджерлік қызметтің жауапты түрлерінің негізгі бір түрі.
Шешімді қабылдау қажеттілігі басқару үрдісінің барлық кезеңдерінде туады және басқару танымының түрлі аспектілерімен тығыз байланысты. Бір тәулік ішінде әр адам онға жуық шешім қабылдайды (мысалы, түскі асты қайда ішемін? Не сатып аламын? және т.б.), бірақ, басқару шешімдерін қабылдау күнделікті өмірдегі қабылданатын шешімдерден түбегейлі ажыратылады.
Шешімді қабылдау менеджер үшін тұрақты және жауапты жұмыс. Шешімді қабылдау қажеттілігі қонақ үйдің кез-келген деңгейдегі басшысының атқарған қызметінің нәтижесі ретінде қарастырылады. Шешімді қабылдау тек қана менеджерға ғана емес, сондақ-ақ қонақ үйдегі әр түрлі деңгейдегі жұмыс істейтін қызметкерлерге қатысты болғандықтан, басқару аумағында жетістікке жетемін деген әр тұлға үшін маңызды.
Дұрыс шешімді қабылдай білу менеджерлік қызметтің жемісті көрсеткішінің бірі болып табылады. Менеджерлер басқарудың төрт атқарушы қызметін орындайды және іс танымның түпкілікті түрлерімен, (яғни, жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау) істес болып келеді. Шешімді қабылдау және қайта өндіру басшылық қызметтегі шығармашылық үрдіс болып табылады. Ол мына кезеңдерді қамтиды:
1) өндірім және мақсаттың қойылуы;
2) мәселенің байқалуы;
3) талғам және тиімділік өлшемінің қисыны және мүмкін болатын шешімдердің қабылдануы;
4) шешімдердің басқа да нұсқаларының қарастырылуы;
5) таңдау және ақырғы шешімнің тұжырымдалуы;
6) шешімнің қабылдануы;
7) орындалушыларға жеткізілуі;
8) шешімді қабылдауды басқару.
Қорытындылай келгенде баскару шешімі басқару қызметінің нәтижесі ретінде қарастырылады. Басқару шешімін басқару еңбегінің негізгі түрі ретінде және бір мақсатқа бағытталған, белгілі бір логикалық ретпен орындалатын, басқару тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ететін өзара байланысты басқару іс-әрекеттерінің жиынтығы ретінде қарастырады.
Шешімді әр түрлі белгілері бойынша анықтауға болады, бірақ шешім қабылданатын шарт анықталатын сәт болып есептеледі. Негізі шешімдер белгілі және тәуекелге бел буу жағдайында қабылданады.
Нақтылық шартында менеджер әрбір шешімнің нәтижесіне аз да болса сенімді болуы кажет. Тәукелге бел буу жағдайында менеджердің қолынан келетіні - әр шешімнің нұсқасының жеңіске жету мүмкіндігін анықтау.
Басқару шешімінің сұрыпталуының басқа да ерекшеліктері бар:
♦ Шешім салдарының мерзімдік қызметіне байланысты (ұзақ, орташа, қысқа мерзімді шешімдер);
♦ Жиі қабылдануына байланысты ( кездейсоқ және қайталанатын);
♦ Кеңдігіне байланысты алу (мамандандырылған);
♦ Дайындық тәсіліне байланысты (жеке топ және бірлестік);
♦ Күрделілігіне байланысты (жай және күрделі);
♦ Регламенттеудің қаталдығына байланысты (нұсқалық, алгоритімдік). Нұсқалық шешімдер шамамен бағынышты іс-әрекеттің сызба нұсқасын білдіреді және оларға шешімдерді қабылдауға және шынайылыққа айналдыру әдістерін таңдауға кең ауқымды мүмкіндік береді.
Нақты қызығушылық бірлескен және нақты шешімдерді бөліп көрсететін М.Мескон, М.Альберт және Ф.Хедоури ұсынған ұйымдық, интуициялық және рационалдық шешімдерін ерекшелендіріп көрсетеді. Бірлескен шешім бұл атқаратын қызметіндегі міндеттемелерді орындау үшін әрбір жетекші үшін жасалатын таңдау. Бірлескен шешімнің мақсаты - бірлестіктің өз алдына қойған мақсатына жетуі.
Бірлескен шешімдерді екі топқа бөлуге болады: бағдарламаланған және бағдарламаланбаған. Бағдарламаланған шешімде балама саны шектеулі және таңдау бірлестікпен берілген бағыт-бағдар аумағында жасалуы қажет. Бағдарламаланбаған шешім жаңа мәселеде қабылданады: іштей қаланбаған және белгісіз факторлармен қосылмаған. Бағдарланбағандардың тізіміне бірлестік мақсатының таңдау жасау өнімнің өнімділігінің жақсаруы және т.б. кіреді. Тәжірибе жүзінде аздаған ғана басқару шешімдері таза түрде бағдарланған және бағдарланбаған болып келеді.
Бірлескен шешімдерді қабылдау үрдісі жалпы бірлестікті басқару үрдісімен тығыз байланысты.
Интуициялык шешімдерді интуициялық менеджерлер қабылдайды. Олар негізінде басқару қызметінде үлкен тәжірибесі бар менеджерлер болуы керек.
Рационалды шешімдер менеджер қызметінің жұмыс тәжірибесіне карамайтындығымен ерекшеленеді. Оның негізінде қонақ үй индустриясында болып жатқан құбылыстар мен үрдістердің терең анализі мен синтезі жатыр.
Қонақ үй кешеніне байланысты басқару шешімін топтастырудың келесі ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:
1) құрылымдық дәрежесі;
2) мазмұны;
3) шешім қабылдауға қатысатын тұлғалар саны;
4) басқарманың деңгейі;
5) мақсаттың саны.
Шешімнің мазмұндық үрдісін қабылдау ең алдымен барлық проблемалық жағдайдың күрделілігіне тәуелді болады. Мәселен, егер қызметкер кенеттен ауырып калып, оны алмастыратын адам болса, онда бұл жағдай қиындық туғызбайды, ал қызмет атқаратын қонақ үй саласында маркетинг жағдайы өзгерсе, онда бұл жағдай керісінше қиындық туғызады. Дегенмен, менеджер шешімді қабылдамастан бұрын мынадай сұрақтарға жауап бере алуы керек: Не істеймін? Қалай істеймін? Жұмысты кімге тапсырамын? Жұмыстың орындалу мерзімі қандай? Кім үшін жасау керек? Қайда жасау керек? Ол қандай пайда береді?
Шешім қабылдау үрдісі қандай және қанша кезеңнен өтуі жайындағы сұрақтарды, олардың нақты мазмұнының әртүрлі болғандықтан менеджерлер әртүрлі қарастырады. Бұл бірлестіктің мәдениетіне басқарманың стиліне және оның жағдайына және жетекшінің мамандығына байланысты. Шешім қабылдау үрдісі кезінде менеджер басқарудың өз стилін және оның нақты тұстарын біле отырып, дұрыс шешім қабылдағаны маңызды. Кез-келген, соның ішінде қарапайым шешім қабылдау кезеңінде өзіне сәйкес шығындары болады, сол үшін менеджер шешімді қабылдау керек пе және кеңеске жүгіну керек пе? деген сұрақтың ішінен нақты тоқталымға келуі керек.
Басқару шешімдерін қабылдауға деген көзқарас белгілі үрдісті бақылаудан және міндетті қызметтерді орындаудан тұрады:
1) мәселені анықтау;
2) баламаны және оның шектеулілігін анықтау;
3) шешімді қабылдау;
4) шешімдерді жүзеге асыру;
5) орындалуына бақылау жасау.
Проблеманы анықтау. Әрбір шешім қабылдау бастамасында өзінің шешілуін талап ететін проблемалық жағдай болады. Бұл кезеңде менеджерге берілген жауапкершілігі проблемалық жағдайдың анализінен тұрады, яғни, қосымша шешім қабылдау ерекшеліктеріне мұқияттылығы және іс-әрекет пен мақсатты қарастыруы. Осылайша мәселені анықтау үрдісі оны табуынан және бағалауынан тұрады.
Мәселені анықтау - ең алғашқы жоспарлардан бас тарту керек екендігін мойындау. Бұл проблема жайында менеджер өзінің көзқарасынан мәліметтердің анализінен, қоғамдық және басқа да менеджерлер мен қол астындағы қызметкерлерінен білуі мүмкін.
Мәселенің сарапшылығы - оның көлемінің және табиғаттық қағидасы. Проблеманың көлемін анықтау - оның себебін және бастамасын табу емес. Бұл жерде проблемалардың шешілуіне арналған амалдарды бағалау және олардың байыптылығының кезеңі жайында айтылған.
Баламаны және оның шектеулігін анықтау. Проблемалардың пайда болу себебі, менеджер өзгерте алмайтын бірлестіктің сыртында болып жатқан күштер болуы мүмкін. Бұл түрдегі шектеулілік оптималды шешім қабылдау мүмкіндіктерін азайтады, сондықтан проблеманың шешілуіне бағытталған іс-әрекеттерді жоспарлау және олардың бастамасы мен өлшемін анықтау. Баламаны іздестіру кезеңінде сәтті шешім қабылдау ерекшеліктерін анықтау кезеңі болуы қажет, бұл болашақта шешім қабылдаудағы қателіктерден сақтайды.
Шешімді қабылдау. Бұл кезеңде шешімдердің нұсқаларына қайта қарау жасалып, оларға баға беріледі. Бұл жерде әрбір шешім нұсқасының жақсы және жеткіліксіз жақтары туралы айтылған. Менеджер мына сұрақтарға жауап бере алуы керек: Бұл шешімнің тиімділігі неде? Қабылданған шешімге қызметкер келісімін бере ме? Оның салдары қандай болмақ?
Шешімдерді жүзеге асыру. Бұл үрдіс дұрыс шешімдерді қабылдау нұсқасымен шектелмейді, себебі алға қойған мақсаттарға жету үшін қабылданған шешім жүзеге асырылуы тиіс. Кім? Қашан? Қайда? Және қандай амалдар мен проблемаларды шешу керек екендігі көрсетілген басқару шешімдерін жүзеге асыратын жоспар құру қажет.
Орындалуына бақылау жасау. Шешім қабылдау іс-әрекетпен жалғасқанымен басқару шешімдерін жүзеге асыру жоспар жүзінде іске асырылып жатқандығы жайында мәлімет алу керек болғандықтан бұл іс-әрекетті толық жабық деп қарастыруға болмайды. Бақылау жасау үрдісінде шешімдерді толықтай жүзеге асыруға көмектесетін қайта жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бақылаудың көмегімен басқарушы мен басқармалы жүйенің арасында байланыс пайда болады.
Басқару шешімдерін қабылдау әдістерін мынадай түрлерге жіктеуге болады:
♦ бейресми,
♦ ұжымдық,
♦ сандық.
Шешімнің бейресми әдісін қабылдау. Бұл жетекшінің қолайлы шешімдерді таңдаужәне қабылдау әдіс-тәсілдерінің жиынтығы. Бейресми әдістер көбінесе менеджердің сезгіштік қабілетіне негізделеді. Олардың басымдылығы шешімнің шұғыл қабылдануында, ал жағымсыз жағы сезгіштік қасиетінің менеджерді кейде таққа отырғызуы.
Шешімді талқылаудың және қабылдаудың ұжымдық әдістері. Басқару шешімін жүзеге асырудағы ұжымдық жұмыс үрдісінің негізгісі осы үрдіске қатысушыларды анықтай білу болып табылады. Көбінесе бұл орындаушылар мен жетекшілер қатысатын уақытша ұжымдық топ болып келеді. Бұндай топты қалыптастырудың басты ерекшеліктерінің бірі олардың өздерінің ойлары мен құрылымдарын біріктіре отырып, шығармашылық тапсырмаларды орындай білу.Топтық жұмыстың ұжымдық әдістері әртүрлі болуы мүмкін: мәжіліс, жиналыс, тексеру жұмысы, т.б. Басқару шешімдерінің ұжымдық дайындалу әдісі көбіне таралған. Егер қиын жағдайларды шешу керек болған кезде анықталған проблеманы шешуге арналған өздерінің кез-келген орнын ұсына алатын адамдар жойылады. ''Ми шабуылының" негізгі шарты өздерінің ойларын кедергісіз ұсына алатын жағдай жасау. Мұндай жағдайға жету үшін бір көзқараспен қарағанда ұсынылған ой қанша жерден фантастикалық болып көрінгенімен оны жоққа шығаруға және мін тағуга болмайды. Барлық ойлар жазылып кейін арнайы мамандармен талдап топтастырады. Ұжымдық шешім қабылдауға үлгі бола алатын әдістердің бірі грек қаласынан және ондағы ақылгөй тұрғындарынан өз атауын алған Дельфий әдісі. Дельфий әдісі дегеніміз - көп турдан тұратын анкета толтыру әдісі, бірінші және екінші турда бағалары қосылып, соңынан эксперттің ұсынған шешімі қабылданады.

8.1 - сурет. Ми шабуылы әдісінің негізгі құрылымы
Шешім қабылдаудың "кингисе" деген жапондық түрі бар. Жетекшілердің тізімі бойынша жасалған, топтағы адамдарға талқылауға беріледі. Топтағы әрбір адам шешімді қарастырып ескертулерін жазбаша түрде беруі керек кейіннен жиналыс өтеді. Мұнда өз ойларын басшылыққа дұрыс жеткізе алмаған мамандар шақыртылады. Сарапшылар өз таңдауларын жасайды. Таңдаулары болмаса келесі принцип түрлерінің біреуінің көмегімен анықтайды:
а) Көп дауыс жинау - өзіне тиесілі жақтаушылары көп шешім таңдалады;
б) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қонақжайлылық индустриясындағы инновацияның түрлері
Аутсорсинг қызметтерін пайдалану жолдары
Басқару функциялары - берілген нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған мақсатты қызметтің нақты түрлері
Қонақтарға шектеулі қызмет ұсынатын кәсіпорын
Персоналды басқару қызметінің рөлі
Dostyk қонақ үйінде сапаны басқару жүйесінің экономикалық тиімділігін бағалау
Қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарындағы адам ресурстарын басқарудың ерекшеліктері
Сапаның үшінші түрі - әлеуметтік сапа
Қонақжайлылық индустриясын басқарудың әлеуметтік - психологиялық аспектілері
Менеджмент құрылымында кәсіпорындағы қызметкерлер еңбегін ұйымдастыру
Пәндер