Қазақстандағы франчайзинг


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ДУЛАТОВ атындағы ҚОСТАНАЙ ИНЖЕНЕРЛІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика факультет

Экономика мамандығы

Экономика кафердасы

ҚУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Кәсіпкерлік пәні бойынша

Тақырыбы:

Қазақстандағы франчайзинг

ӘЗІРЛЕДІ:

I курс студенті, к/б

Экономика мамандығы

Жумабек Д. Ж

Кафедрада тіркелген студенттің қолы

ТӘЖ

« »201__ж.

ҚАБЫЛДАДЫ:

Ғылыми дәрежесі, лауазымы

Оқытушының қолы Т. А. Ә.

« »201___ж.

Қостанай 2015

Кіріспе . . . 3

I. Франчайзинг: мәні мен мазмұны . . . 6

1. 1 Франчайзингтің экономикадағы маңыздылығы және түрлері . . . 6

1. 2 Франчайзинг даму ерекшеліктірі . . . 16

II. Франчайзингтің Қазақстан Республикасында пайда болуы және даму кезеңдері . . . 18

2. 1 Еліміздің экономикасындағы франчайзингтің орны . . . 18

2. 2 ҚР-да франчайзингік бизнесті дамытудың жолдары мен кедергілері . . . 23

Қорытынды . . . 28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 29

Кіріспе

«Біз шағын және орта бизнестің экономика құрылымындағы үлесін айтарлықтай ұлғайтып, оны орташа дамушы Еуропа елдерінің деңгейіне дейін жеткізуге тиіспіз.
Сонда барып бізге кезекті дағдарыстық циклдарға қарсы тұру оңай болады. Әрбір қазақстандық үшін жаңа істі игеру, жаңа бизнес ашу немесе өз қызмет саласын кеңейту мүмкіндіктері болуы тиіс»
Н. Ә. Назарбаев

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы «Жаңа онжылдық -- Жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында елімізді жан-жақты жаңартудың жаңа кезеңіндегі басты басымдықтарының маңызды бағыттары ретінде қолымызда бар мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану, сондай-ақ жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы Қазақстанды жаһандық экономикаға ойдағыдай кіріктіруге негізделген мемлекеттік саясат, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін толымды стратегия әзірлеу және оны іске асыру, осы тұрғыда орта және шағын кәсіпкерліктің жаңа инновациялық сипатын құруды айқындады. Кәсіпкерліктің инновациялық нысандарының бірі - өндірісті дамытуға және филиалдар ашуға өз қаражатын салмай-ақ өркендеуге мүмкіндік беретін фирманың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жаңалықтарды енгізуге бағытталған бизнесті ұйымдастырудың ерекше нысаны - франчайзинг.
Қазақстан экономикасының жандануына шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы тікелей әсер етеді. Кәсіпорындардың нарықтағы тұрақтылығын шешу жолдарының, шағын кәсіпорындарды дамытудың тиімді әдістерінің бірі - франчайзинг болып табылады.
Франчайзинг - ұзақ мерзімді іскерлік қатынастардың нысаны, ол тәуекел дәрежесі төмен және тұрақты пайдалылық деңгейі бар кәсіпкерлікті ұйымдастырудың тиімділігі жоғары жолы. Франчайзинг жүйесін пайдалану тұтынушылардың сұранысын толығымен қанағаттандыруға және оның өзгерісіне жедел жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Франчайзингтік қатынастар желі қатысушыларына бірқатар артықшылықтар ұсынуымен тартымды:
Біріншіден, жаңа кәсіпкерлерге - табысы тұрақты бизнестің көмегімен өзіндік кәсібін ұйымдастыруға мүмкіндік береді,
Екіншіден, танымал компаниялардың нарықтағы қызметін кеңейту және нығайту жолы,
Үшіншіден, мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдаудағы тиімді тетігі болып табылады.
Қазақстан Франчайзинг қауымдастығының мәліметтері бойынша, елімізде 120 франчайзингтік жүйе және 1000 франчайзи кәсіпорындар бар. Экономиканың қарқынды дамуы, шағын және орта бизнестің ЖІӨ-гі үлесінің өсуі, алдыңғы қатарлы бизнес технологияларына сұраныстың артуы, салыстырмалы түрде франчайзинг тауашасының қанықпағандығы және тағы басқа бірқатар факторлар жуық арада бұл сектор үлесі бірнеше есеге ұлғаяды деп болжам жасауға мүмкіндік береді. Бірақ, франчайзингтің дамуына кедергі болып отырған факторлар бар, олар: франчайзингтік секторға арналған мемлекеттік жеңілдіктер мен преференциялардың болмауы, санаткерлік меншіктің толық қорғалмағандығы, кәсіпкерлердің қаржылық мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігі, франчайзинг туралы ақпараттың аздығы, жылжымайтын мүлікке деген бағаның әлі де болса жоғары болуы. Жоғарыда аталғандарға байланысты, кәсіпкерлік дамуының ерекше нысаны ретіндегі франчайзинг жүйесін қалыптастыру мен дамытуға байланысты теориялық және практикалық аспектілерді зерттеу уақтылы және өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Франчайзингтің көп аспектілі сипаты мен өзектілігі ғалымдардың оған деген қызығушылығын арттырады.
Франчайзинг мәселесін зерттеген шетелдік авторлардың ішінен оның жан-жақты дамуына өз үлесін қосқандар: М. Мендельсон, Я. Мюррей, Дж. Стэнворд, Б. Смит, Н. К. Сирополис және т. б.
Франчайзингтің теориялық және ғылыми тәжірибелік аспектілері ТМД ғалымдары - В. В. Довгань, Д. Н. Земляков, Д. Н. Колесников, А. З. Майлер, М. О. Макашев, С. В. Поворин, И. В. Рыкова, С. А . Силинг, Л. Б. Сульповар, А. В. Цират және т. б. еңбектерінде көрініс тапқан.
Шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының жекелеген аспектілерін отандық ғалымдар Ә. Ә. Әбішев, О. Б. Баймұратов, Ж. О. Ихданов, М. Б. Кенжеғозин және т. б. қарастырған.
Кәсіпорындардың маркетинг қағидалары негізінде нарықта әрекет жасау мәселелері Ш. Р. Әбділманова, Н. В. Джангарашева, С. Р. Есімжанова, Ұ. М. Искаков, К. К. Қажымұрат, С. Н. Нысанбаев, К. Ә. Сағадиев, Ф. С. Сейдахметова, Н. Н. Хамитов сияқты отандық ғалымдар еңбектерінде сипатталған.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты - франчайзингтің теориялық және практикалық аспектілерін кешенді талдау арқылы оның Қазақстан Республикасындағы франчайзингтің алатын орнын және франчайзингтің дамуы жөніндегі ғылыми негізделген ұсыныстарды жасау болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін жұмыста келесі міндеттер анықталды және шешімін тапты:
• франчайзингтің теориялық әдістемелік мәселелерін талдау;
• Қазақстан Республикасындағы франчайзингтің пайда болу және даму кезеңдерін зерттеу;
• ҚР-ғы франчайзингтік бизнес бойынша шағын кәсіпкерліктің даму жағдайын қарастыру;
• Қазақстан Республикасындағы франчайзингтік бизнесті дамыту және жолдары және кедергілерін талдау.
Зерттеу пәні. Франчайзингтік бизнес: теориялық әдістемелік мәселелері, қазіргі жағдайы және дамыту жолдары зерттеу пәні болып табылады.
Зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасындағы қызмет көрсету саласының франчайзингтік кәсіпорындары алынды.
Курстық жұмыстың теориялық-әдістемелік негізі ретінде экономикалық теория, франчайзингке, маркетингке байланысты отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, Қазақстан Республикасының Заңдары, Президент Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары және франчайзингтік қатынастар мәселелеріне жөніндегі нормативтік құжаттар қарастырылды.
Зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің, сонымен қатар франчайзингтік кәсіпорындар мен Қазақстан Франчайзинг қауымдастығының мәліметтері және жүргізілген маркетингтік зерттеу нәтижелері ақпараттық база болып табылады.

1 Франчайзингтің мәні мен мазмұны

1. 1 Франчайзингтің экономикадағы маңыздылығы және түрлері

Қазіргі таңда көптеген адамдардың арман-мұраттары франчайзингтің арқасында шынайылыққа айналуда. Франчайзинг XX ғасыр бизнесінде «төңкеріс» тудырып, жалпы қалыптасқан іскерлік қарым-қатынас нормаларына қатысты көзқарасты түбегейлі өзгертті. Ешқандай да экономикалық жаңа енгізілімдер, франчайзинг сияқты, бүкіл әлем экономикасына, оның ішінде экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы елдерде елеулі әсер бере алған жоқ. Сондықтан да франчайзинг XXI ғасырдың ұғымды, оңтайлы іскерлік модель үлгісі болмақ.

Бүгінгі франчайзинг - өздерінің арман-мақсаттарына берілген және оны іске асыруда, франчайзинг иесінің атауымен өзінің меншікті бизнесін құштарлы түрде бастаушы дербес тұлғаларға кең мүмкіншілік беретін жан-жақты реттелінген индустрия іспетті. Франчайзинг құбылыс ретінде өз істеріне берілген, жігерлі және талапты адамдар үшін ерекше шектеусіз мүмкіншіліктерді ұсынады.

Экономиканың қазіргі заманғы жағдайы, оның интернацио-ландырылуы бизнестің біріккен формасының қалыптасуының ұйымдық-экономикалық негізін әзірлеу қажеттілігімен шартталынады. Ерекше қарастырсақ, бұл тенденция өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің төмендеу шартында, әр өндіруші тұтынушы назарын өздерінің өнімдеріне бағыттау арқылы қызмет атқарушы кәсіпорындарға тән сипат алуда.

Осындай себептерге байланысты бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік формасының қалыптасуы мен дамуының ұйымдық-экономикалық тетіктерін әзірлеу басымды бағыт болып саналады. Мұндай қажеттілік елдегі кәсіпкерлік қызмет жағдайларымен байланысты.

«Франчайзинг» сөзі ағылшын терминінен аударғанда қан-дай да бір қызметті жүргізудегі еріктілікке құқықты анықтау мағынасын білдіреді. Орта ғасырларда мұндай артықшылықтар-ды кез келген тұрпаттағы коммерциялық қызметке франшизаны беру жолы арқылы корольдер иемденген. Франчайзинг (ағылш. franchising - құқық, ерекшелік) кәсіпкерлік, жалғасымды іскерлік ынтымақтастық формасындағы үрдісінде, ірі компания, жеке-дара кәсіпкерге немесе кәсіпкерлер тобына өнімді өндіруге, тауарлар сауда-саттығына және осы компанияның сауда маркасымен белгілі бір шектелген территорияда өзара шартпен анықталған бір мерзімге және белгілі бір шартта қызметтерді ұсынады.

«Франчайзинг» терминінің екінші балама түсінігі француздың «franchise» - жеңілдік, артықшылық, сонымен қатар салық пен жарналардан босату сөзінен пайда болған. Франчайзингтің қалыптасу және даму тарихы, оның дефинициясы мен терминінің мағынасы батыс және отандық әдебиеттерде әр түрлі белгіленген. Франчайзингтің бастапқы пайда болу мекені - АҚШ-та ол тауарлар мен қызметтерді сату, сатылған күрделі тауарларға сервистік қызметтер көрсету қажеттілігіне байланысты дистрибьюторлық желіні құру, кеңейту және жетілдіру мәселелері туындаған кезеңде кеңінен таралды. Әйгілі «Зингер», «Форд», «МС Donald’s» сауда маркілері франчайзинг қатынастары негізінде дамыған.

Дамыған елдерде франчайзинг тұтынушылардың әр түрлі қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандырудың құралы ретінде жарты ғасырдан астам уақыт пайдаланып келеді. Франчайзингтің әлемдік жылдық тауар айналымы 2 триллион АҚШ долларынан астам соманы құрайды, оның әлемдегі франчайзингтік 20 мың желілерінде 30 миллионнан астам адам қызмет етеді. Шетелдердегі франчайзингті қолданудың көпжылдық тәжірибесі оның іскерлік тиімділігін дәлелді түрде көрсетеді. Бүгінгі таңда франчайзингтік желілері бар, екінші орында АҚШ, үшіншіде Жапония тұр.

Көптеген Ресей және шетел франчайзерлері өздері үшін жаңа кеңістіктерді іздестіру барысында XXI ғасырдың басында тұрақты экономикалық серпіліс пен соған орай төлемге қабілетті сұраныстың сиректігіне айналған Қазақстанға назарын аударуда. Бөлшек сауданың қарқынды дамуы (нарықтағы жыл сайынғы киімдердің өсімі - 20%) сонымен қатар тұрақты саяси жағдайларға, дамыған банктік жүйе мен ірі мультибрэндтік орталықтардың жылдам таралымын көбейтуге мүмкіндік туғызады.

Елді сөзсіз қамшылаған және өзінің интернационалдан-дырылған «аю бұрышының» ғасырлар бойғы өркениетті орталығынан қолы үзілген қазақстандықтардың алып ұшпа көңілі ұмтылысынан эксклюзивтік шикізат табыстары мен онда құрылған ақшаның салыстырмалы түрде қайта артылуы Қазақстан Республикасын қайта өзгертті. Бір кезде Ұлы дала деп аталған оның кең байтақ территориясы әлемдік және ресейлік алпауыттар үшін басымдық негіздегі қызығушылық болып қалыптаса береді. Әрі Қазақстандағы ресейліктердің артықшы-лығы географиялық жақындығынан, тілдік кедергінің жоқтығы-нан және тұрғындардың менталитетінің ұқсастығынан тұрады.

Франчайзингтік қатынастар бұл жылдам өспелі сегмент, ол егжей-тегжейлі талқыланбаған, әлсіз қамтамасыз етілген заңды базамен реттелінеді. Ол өзі арқылы кешенді кәсіпкерлік лицензия деп аталатын заңдарды және интеллектуалды жеке меншікті қорғау туралы заңдарды және сонымен қатар Азаматтық кодексі арқылы реттеледі.

Қазақстан Республикасының «Кешенді кәсіпкерлік лицен-зия туралы» (франчайзинг) № 330-2 Заңы 2002 жылы 24 маусымда қабылданған болатын. Ол мемлекеттік аппаратты франчайзингтік қатынастарды қолдау және дамыту жөніндегі арнайы бағдарламаларды талдауға, олардың субъектілеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер ұсынуға, нормативтік актілерді жетілдіруге, интеллектуалдық меншікке деген айрықша құқықты қорғауға бағыттайды. Патерналистік мемлекет тіпті өзіне «кешенді кәсіпкерлік лицензиясы келісімшарты бойынша лицензиармен берілетін айрықша құқықты сақтау үшін» бақылау функциясын да өз мойнына алады. Дегенмен, тәжірибеде, әлемнің барлық жеріндегідей, ол ең алдымен серіктестердің өздері келісетін ісі. Және де келісімге келмей жатып олар құзыретті мемлекеттік органдарға қарайды. Және әйтсе де: интеллектуалды меншіктің көптеген объектілеріне деген франчайзерлердің айқын құқығы тек олардың Қазақстанда мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін шығады және осы сәтті елемеудің қажеті жоқ. Шаруашылық субъектілері даулы мәселелерде оларды қандай да бір дәрежедегі өзінің беделімен «шешетініне» және сондай-ақ франчайзингтің қазақстандық ассоциациясымен байланысына сеніп қалуы да мүмкін. 2002 жылдың ақпанында заңнамалық базалардың дәрменсіз жағда-йында, франчайзингтің қазақстандық ассоциациясы барлық елеулі тартыстарды интеллектуалды меншіктің Дүниежүзілік ұйымының Халықаралық арбитраж орталығындағы жасасқан келісімшарт негізінде шешуді ұсынады. Бұл орталықта пайда болған тартыстарды орыс тілінде қарастыру мүмкіндіктері бар.

Егер де франчайзер мен франчайзидің мүдделері тұрғысынан шаруашылық сферасын реттеуші заңдар жинағын тұтас бағалауға талаптанып көретін болсақ, біріншісінің құқығы көбірек, ал екіншісініңкі - міндеттмелер болып табылады. Әйтсе де көп нәрсе, әрине, өздерінің арасындағы келісімшарттарды талқылауға байланысты. Бірақ ең бастысы - заңдылықтардағы басқа да ақаулар қалай болғанда да бірте-бірте түзеледі, ал қабылданған заңдарды орындаудың өзінде кемшіліктері болады. Коррупция деңгейі, соның ішінде жоғары дәрежелі шенеуніктердің арасында да төтенше деп айтуымызуға болады. Кейде бір-біріне қарсы келетін рулық үш жүздің ішінен біреуіне тиісті қазақстандық элиталардың әулеттік ұйымы көп мәнді жобаларды іске асыруда күтпеген қиыншылықтарға алып келеді. Франчайзингтік келісімшарттар ұлттық заңдылықтар мен жергілікті жағдайларға бейімделе бастаған шақта (ал бұл уақыт таудың арғы жағында емес) және «екі жақты есеп» пен құқықты иеленуші интеллектуалды пайдаланымының ұрлығы мәселелерін орындап шығуға мүмкіндік бере бастаған кезде франшизалар Ұлы Даланы қалыңдата жауып тастайды.

Ең бастысы, Қазақстанға мақсатпен қарайтындар - бұл сәт-ті қалт жібермейді. Шынын айтқанда, Қазақстан Республикасы-ның кен өндіруші өнеркәсібіне тым ертерек қол жеткізген шетел инвестицияларының франчайзингтік тәжірибесі осы сфераға ену, тіпті 3 жыл бұрынғыны салыстырғанда да бірнеше рет қиындағаны байқалғандығын көрсетеді. Өте ірі инвесторлардың өзі ұсыныстарын қарап талқылау үшін кезекке тұрды, ал ресми бас тартулар жағдайы оларға дағдылы іс болып та қалды.

Барлық заңды мәселелер мен бюрократиялық қасиеттерге қарамастан қазақстандық кәсіпкерлер франчайзингке шын көңілмен қарайды, ал шетел брэндтері бұл жерде жылдан-жылға көбеюде және олардың иелері өктемдік жүргізуін ұзартуға бел байлаған. Күткеніміз сияқты, қарқынды өспелі төлемге қабілетті сұраныс барлық минустарды қайтадан таразылайды, өзіне тән дамушы елдерге біздің көршімізді жатқызуға болады. Тіпті Қазақстанның қаржылық секторы да Ресейден ешбір кем дамы-маған. Соңғы жылдары еліміз жеке бизнестің де, мемлекеттің де қолында қаржы ресурстарының қайта артылуына толығымен үйренді деуге болады.

Министрліктер, әкімдер және т. б. ведомстволар жылдан-жылға мол бюджеттік салымдарды игере алмай жатыр, сол үшін де олар үнемі үлкен сынға ұшырайды. Қаржыгерлер несиелеу және инвестициялау объектілерін үнемі іздестіру үстінде. Республикадағы ірі «АТФ Банк» жақын уақыттан бері әлемдік деңгейдегі компаниядан франшизаны сатып алып, қазақстандық компанияларға мақсатты несиелерді бере бастады. Бұл несиелеу бағдарламасы тек франчайзи үшін тағайындалған, кепілдік ретінде сатып алатын франшизаның өзі немесе ұзақ мерзімдік активтерді жіберу үшін алынған құрал-жабдықтар мен/немесе 6 түріндегі жылжымайтын мүліктің болуы мүмкін. «АТФ Банк» таяудағы 2-3 жылда өзінің несиелік портфеліндегі шағын және орта бизнестің үлесін қазіргі 35%-дан 50%-ға дейін арттыруды ниет етуде.

Осы өсімнің айтарлықтай бөлігі «Қазақстандағы Франчай-зинг» - жаңа бағдарламасымен байланысты болуда, яғни оны банкирлер франчайзингтің қазақстандық ассоциациясымен бір-лесе отырып жүзеге асырууға кіріскен. Қазақстан Республика-сының 11 қаласында банктің филиалдары жұмыс істейтінін атап өткеніміз орынды. Айтылған мақсатты бағдарламалар шағын және орта бизнес кәсіпорындарының франшизалардың өзінен сатып алуды және оның жіберілуі үшін айналым капиталын қаржыландыруға қаражаттар алуына мүмкіндік береді. РАФ президенті А. Захаровтың мәліметі бойынша несиелеу мерзімі нарықтан төмен мөлшерде 5 жылдан 7 жылға дейінгіні құрайды. Бұл бағдарлама бойынша банктің лимиті жоқ - ол жақсы құрылымданған жобаларына несиенің шексіз санын ұсынуға дайын.

Қазақстанда франчайзингтік қатынастардың орын алғанына 10 жылдан асты, алайда отандық экономика үшін осы бизнестің кең дамыған ұйымдық нысаны әлі де жаңа құбылыс болып табылады.

Қазақстандағы франчайзингтің дамуындағы бірінші кезеңі (1994-1999ж. ж. ) жекелеген кәсіпкерлердің отандық экономикада жаңадан қалыптасып келе жатқан нарықтық қатынастардағы франчайзингтік қатынастар жүйесін (ФҚЖ) пайдаланудағы талпыныстарымен сипатталады. Бұл кезеңде франчайзинг та-мақтандыру саласында, пиццериялар мен шағын наубайханалар-ға арналған құрал-жабдықтар саласында дами бастады. Өндірістік және сервистік франчайзинг қалыптаса бастады.

1994 жылы Қазақстанның сусындар нарығына америкалық «Coca Cola» компаниясы өз өнімдерімен келді. Компания газдалған сусындарды өндіру және өткізумен айналысады. Нарықтың осы сегментінде «Coca Cola» компаниясының үлесі 38%. Ал 1995 жылы Алматы қаласында «Алматы Кока Кола Ботлерс» сусындарды құю зауыты ашылды. Компания өз қызметінде өндірістік франчайзингті қолданады, ол негізінен зауыттың өндіріс технологиясы, сусындарды әзірлеу мен құю жүйесі және тасымалдау шарттары сипатында болады [1] . Ал, 1996 жылы Қазақстандық нарықта франчайзинг жүйесі бойынша даму шешімін алғаш қабылдаған отандық «Сеймар» инвестициялық-өнекәсіптік компаниясы бұл салада көшбастау-шы болды. «Сеймар» компаниясы үшін франчайзинг бизнесті бағалауда маңызды критерий болып табылатын компанияның табыстары мен шығындарын плюс-минус 5 пайыз дәлдігімен жоспарлау мүмкіндігі түрінде тиімді болды. «Алматы Құс» Ақ тиімділігін, рентабельділігін және өткізу көрсеткіштерін жоғарылату мақсатында, компания өзінің «Сеймар» сауда маркасының франшизасын жеке кәсіпкерлерге, жанұялық кәсіпорындарға ұсынды. «Алматы Құс» АҚ құрамындағы франчайзилермен қарым-қатынастарды қатаң қадағалайды. Келісім шарттары жарты жылда бір рет қайта қарастырылады. Франчайзилер жемді тек «Алматы Құс» АҚ құрамындағы Қапшағай комбижем зауытынан ғана сатып алуға міндеттенеді, сонымен қатар олар ай сайын амортизациялық өтемдерге сәйкес теңгемен роялти төлемдерін жүргізеді (2) .

Алайда, маманданған кадрлар және франчайзинг бойынша толық ақпараттың болмауынан, көптеген фирмаларда бұл іс эксперимент жүзінде ғана қалып қойды.

Жоғарыда атап өткен сервистік франчайзингтің Қазақстан-дағы тағы бір нысаны ретінде «Kodak» компаниясының қызме-тін атап өтуге болады. Бұл компанияны 1880 жылы АҚШ-ң Рочестер қаласында Джордж Истман құрған. Компанияның ұсынатын қызметтері келесідей болды: әуесқой және кәсіпқой фотопленкаларды, кинопленкаларды, рентгенографияға арнал-ған пленкаларды, фото қағазды, сандық фотоаппараттарға қажетті бөлшектерді, батареяларды көтерме және бөлшек сату. 1990 жылдан бастап «Kodak-Экспресс» халыққа жоғары сапалы тұрмыстық қызмет көрсетумен айналысатын халықаралық франчайзингтік бағдарламаны жүзеге асырады.

Қазақстан нарығында «Kodak» компаниясы 1997 жылдан бастап қызмет етеді.

Франчайзингтің тағы бір мысалы 1999 жылы ресейлік «Дока» компаниясының желілерінің ашылуы [3] . Осы жылдары Алматы қаласында бірқатар жылдам тамақтандыру орындары франчайзинг негізінде ұйымдастырылды. Алайда бұл желілер-дің өмірлік циклі ұзаққа бармады, өйткені нарықта айтарлықтай қолдау таппады және сұраныс деңгейі төмен болды.

Франчайзингтің дамуының екінші кезеңі (2000-2004жж. ) - Қазақстанға ірі франчайзингтік фирмалардың келуімен, қазақ-стандық франчайзингтік заңнамасының қабылдануымен, соның нәтижесінде қазақстандық франчайзингтік қауымдастығының қалыптасуына себеп болған бүкіл елдің кәсіпкерлері мен аймақ басшыларына франчайзингтік семинарларын жүргізу бойынша USAID шараларының жүзеге асырылуымен байланысты [4] .

Осы жылдары франчайзинг экономиканың әр түрлі салаларында қалыптасты: қоғамдық тамақтандыру, ақпараттық технологиялар, бөлшек сауда, туризм, мұнай өндіру, денсаулық сақтау тауарлары мен қызметтері, биологиялық белсенді қоспалар, емдік косметика.

Осы кезеңнің орта шенінде 2002 жылдың ақпан айында Қазақстан Франчайзинг Қауымдастығы құрылды. Қауымдас-тықтың миссиясы Қазақстан Республикасында франчайзингті дамыту, қолдану ауқымдарын кеңейту және қолдау. Қауымдас-тықтың мақсаты - франчайзингтің танымалдығын жоғарлату және жылжыту, қауымдастық мүшелерінің мүдделерін қоғам-дық, мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда қорғау [5] .

2002 жылдың 24 маусымында Қазақстан Республикасының «Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» Заңы қабылданды. Осы Заңның 1- бабына сәйкес «Кешенді кәсіпкер-лік лицензия (франчайзинг) айрықша құқықтар кешенінің құқық иеленушісі осы кешенді басқа тұлғаға өтемді негізде пайда-лануға беретін кәсіпкерлік қызмет» деп қарастырады [19, 1 бап] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Франчайзинг жүйесін әзірлеу кезеңдері
Франчайзинг жүйесі
Франчайзинг
Франчайзингтың теориялық аспектілері
Франчайзингтік келісім - шарт
Постдағдарыстан кейінгі Қазақстан Республикасында франчайзингті жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан Жолдауы
Франчайзер үшін артықшылықтар
Франчайзингтік қатынастар жүйесі талдау
Франшизаның туризмдегі экономикалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz