Мұғалімнің бейвербальді қарым –қатынас құралдарын меңгеруі


Жоспар
Кіріспе . . . 2
І. Мұғалімнің қарым -қатынас стилі және коммуникативті мүмкіндігі
1. 1. Мұғалімнің қарым -қатынас стилі және коммуникативті мүмкіндігі . . . 3
1. 2. Педагогикалық қарым -қатынастың жалпы сипаттамасы . . . 9
1. 3. Педагогикалық қарым-қатынастың ерекшелігі . . . 13
ІІ. Қарым -қатынас психологиясы . . . 17
2. 1. Қарым-қатынастың коммуникативті жағы . . . 19
2. 2. Вербальді қарым-қатынас құралы . . . 21
2. 3. Бейвербальді қарым-қатынас құралы . . . 22
ІІІ. Мұғалімнің бейвербальді қарым -қатынас құралдарын меңгеруі . . . 25
3. 1. Бейвербальді қарым-қатынастың психологиялық маңызы . . . 31
Қорытынды . . . 35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 36
Кіріспе
Қарым-қатнас аумағында құзіреттілік қазіргі мамандардың қай-қайсысының болмасын аса маңызды белгілерінің бірі болып саналады. ХХІ-ғасыр «қарым қатынас пен психология ғасыры» деп тегін айтылмаса керек. Адамдармен жұмыс істейтін кезкелген кәсіп иесі- педагогтар, дәрігерлер, менеджерлер, журналшылар, психологтар, әлеуметтік педагогтар т. б. қандай адам болмасын қарым -қатынас орната алуы өз ісінде табысқа жетуінің бір жолы болып табылады. Педагогтар үшін коммуникативтілік кәсіпқойлығының басты белгісі. Өйткені қарым -қатынас құралдары, үлгісі, нұғы (стиль), формасы мен әдістері- бүкіл педагогиканың әдіснамалық негізін қалайды. Себебі педагогикалық үрдіс толығымен әр түрлі бағыттағы, мәндегі, сипаттағы қарым -қатынастардан құралады. Оқушы мен оқытушы арасында қарым -қатынас орнамаса соның ішінде бейвербальды қарым -қатынас, онда педагогикалық үдеріс жүзеге аспай қалады.
Педагогикалық қарым -қатынас адамның өз сезімдері мен әсерлерін, жан дүниесіндегі қозғалыстарды басқара білуінің көрсеткіші. Ол тағы бір жақтан маманның педагог ретіндегі қаншалықты қалыптасқандығының көрсеткіші болып табылады. Сондықтен болашақ педагогтың теориялық білімді меңгеруімен қоса қарым-қатынастың практикалық маңыздылығымен оны практикада жүзеге асыруына шарт түзетін дағдылармен қамтамасыз ету маңызды. Техника мен технология, электронды құралдардың дамуына қарамастан қрамы -қатынастың басты құралы сөз болып қала бермек. Өйткені ол сөзді сөйлеу арқылы жанды мәмілеге жол ашады. Оны меңгеру әр ұстаз үшін аса маңызды. Мұнда сөздік қор, және оны пайдалану, оны қостайтын ым, ишарат, жаңсаулар, бет әлпеті мен басқа да қимыл-қарекеттер айтып отырған ой-пікірге жан бітіреді. Оқу-әдістемелік құралда осыған да мән берілді. Техника құралдарын пайдалану адамдарды сөздегі «сараңдыққа» алып келуде. Осыдан барып мінез тұйықтығы, сөзге шорқақтық, қарым -қатынастағы икемсіздіктер туындайды. Ал бұл педагог қызметіне кедергі болатын жәйіттер. Қазіргі кезде мектептегі келеңсіздіктерге ұшырататын мінез -құлқы «қиын» және делинквентті балалар да баршылық. Олармен жұмыс істеу де алдымен қарым -қатынас орнатудан басталады. Сол себепті оқу құралында олармен жұмыс істеудегі кейбір мәселелерге де мін берілді. Оқу-әдістемелік құралда педагогикалық қарым -қатынастың маңызды тұстары қарастырылып, теориялық білім және практикалық біліктілік қалыптастыруға бағытталған.
І. Мұғалімнің қарым-қатынас стилі және коммуникативті мүмкіндігі
- Мұғалімнің қарым-қатынас стилі және коммуникативті мүмкіндігі
Педагогикалық қарым-қатынастың негізгі функцияларын анықтау үшін жалпылай қабылданған классификацияға сүйенгеніміз дұрыс болады. (И. А. Зимняя, А. А. Леонтьев) . Педагогикалық қарым-қатынас функцияларын анықтау көбінесе оқытушының өз қызметінде алға қоятын мақсатына байланысты: а) оқу-тәрбие материалдарын білім алушының дара ерекшеліктеріне қарай іріктеу, құру және олардың жеке тұлғалық үлгісін жобалау секілді конструктивтік қабілеті; ә) білім алушыны әр түрлі оқу әрекетіне қатыстырып, ұжымда тұлғаның белсенділігін көтеру сынды ұйымдастырушылық қабілеті; б) білім алушылармен жақсы қарым-қатынаста болу, олардың даму деңгейіне, талабына сай болу секілді коммуникативтік қабілеті.
Психолог Б. Ф. Ломов қарым-қатынас функцияларын анықтауда оның қайнаркөзі қатысымдық болатынын көрсететін классификация ұсынады: ақпараттық-қатысымдық, регуляциялық-қатысымдық және аффектілік-қатысымдық. Психологтың пікірінше, бірігіп жасалған әрекетте риторикалық негізге сүйену ұйымдастырушылық және конструктивтік функциялардың да қатысымдық екенін көрсетеді. Ұйымдастырушылық функция нақты тілдесім, қарым-қатынас кезінде жүзеге асады, конструктивтік функция қатысымдық кезеңге дейін көрінеді, дегенмен, бұл кезеңде де материалды сұрыптау, жүйелеу, ұйымдастыру айтатын сөзіне (тақырыпқа), адресанттың (мұғалімнің) қатысымдық ниетіне және адресантқа (нақты сол сыныптың оқушыларына) арналған сөзіне қатысты болады.
З. С. Смелкова аффектілі-қатысымдық функция педагогикалық тілдесім мазмұнын бере алмайтынын, сондықтан оның дәйексіз екендігін айтады. Оның орнына оқушының жеке қасиеттерін дамытуға, оның эмоциясына, перцептивтік қабілетіне бағытталған “тәрбиелеуші-қатысымдық” функцияны ұсынады
Педагогикалық қарым-қатынасты талдауда қарым-қатынастың педагогикалық және нақты-қатысымдық бірліктері ұғымдарының шекарасын айырып көрсету қажет. Бұл екеуі бір құбылыс деп түсінеміз, алайда, біріншісі екіншісі арқылы жүзеге асатыны белгілі. Қатысымдық міндеттің педагогикалық міндетке теңестірілуі - тілдесім процесінің және бүкіл педагогикалық ықпал жүйесі тиімділігінің міндетті шарты [1] .
Педагогикалық қарым-қатынас процесінде өте маңызды рөлге оқытушы ие болады. Мұғалімнің рөліне С. Т. Шацкий, В. А. Сухомлинский, К. Д. Ушинский және т. б. кеңес педагогикасының классиктері үлкен көңіл бөлді.
Оқытушы мамандығын әр түрлі мінезді, әр түрлі темпераментті адамдар меңгеретіндіктен, қарым-қатынас стилі де әр түрлі болып келеді. Қарым-қатынас стилі ұғымына В. А. Кан-Калик: “Қарым-қатынас стилі деп біз педагог пен оқушының әлеуметтік-психологиялық арақатынасының жеке-типологиялық ерекшеліктерін айтамыз: а) мұғалімнің қатысымдық мүмкіндіктері; ә) педагог пен оқушының өзара қарым-қатынасының қалыптасуы; б) педагогтің шығармашылық тұлғасы; в) оқушы ұжымының ерекшеліктері” деген анықтама береді
Н. Ф. Маслов, Е. М. Крутов сияқты психологтар еңбектерінде қарым-қатынастың - “демократиялық” және “авторитарлық” екі түрлі стилі көрсетіледі. Қарым-қатынастың кәсіби түрінде стилдің үшінші - “либералдық” түрі анықталады. Оның негізін салған А. А. Бодалев.
Оқытушы өзінің студенттермен жұмыс стилін талдай отырып, ең ұтымдысын таңдайды. Ол үйренушілердің жеке ерекшеліктерін, нақты бір жағдайларды, оқу тобы ұжымының деңгейін ескереді.
Мынадай сұрақ туындайды: оқытушы тәрбиелік-қатысымдық функцияны жүзеге асыру үшін қандай жеке кәсіби қасиеттерді бойына сіңіруі керек? Алдымен перцептивті қасиеттерді атаймыз: “1) үйренушінің ойлану, ойлау процесін қадағалап отыру, оны қолдап, ынталандырып отыру; 2) эмпатия - біреудің (үйренушінің) орнына өзін қоя білу, оның мақсатын, уәжін түсіне білу қабілетінің болуы белгілі бір дәрежеде үйренушінің істерін алдын-ала болжауға мүмкіндік береді. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты зерттеп, эксперименттер жүргізген Дж. Л. Морено эмпатияны “бірін-бірі сезіну” деп атаған; 3) үйренушінің жетістіктеріне үлкен әріптесінің, досының тілектестігі, қамқоршылыдығы ұстанымы; 4) педагог ретінде өз іс-әрекетіне үнемі қатаң көзқараспен қарап, оқу процесінде қажетіне қарай түзетулер енгізіп отыру” Морено Дж.
Л. В. Путляева қарым-қатынастың әр қилы стиліне байланысты оқушылардың реакциясын анықтады. Мәселен, сенім, еркіндік, топтағы өзара түсіністік, көңілді ахуал - оқытушының тілдесімде дұрыс стиль таңдауын көрсетеді. Айтақ, кекесін, мысқыл - қандай да бір мазмұнды оқыту жүйесін жоққа шығарады. Оқытушының қатысымдық әрекеті оның жеке қасиеттеріне байланысты - қарым-қатынастың тәрбиелік тиімділігі осыған байланысты. Оқытушының дауысының әуезділігі, сөздік қоры, сөйлеу мәнері, өзін ұстай білуі, адамгершілік деңгейі, интеллектісі оқушы, студент үшін үлгі болып табылады. Кезінде А. С. Макаренко “педагогикалық шеберлік тәрбиешінің дауысынан да, беті-әлпетін меңгеруінен де көрінеді”деп жазған болатын. Сондай-ақ педагогтармен кездесуінде “мен шеберлікке “бері кел” деген сөзді 15-20 реңкпен айтып үйренген кезде жеттім деп ойлаймын” деп оқытушының педагогикалық шеберлік, педагогикалық қарым-қатынас техникасын меңгеру қажеттігін атап көрсетеді.
Коммуникация - қарым-қатынасқа түсушілердің жеке-даралық қасиеттерін сақтай отырып әлеуметтік бірлікке жетуді көздейді
Сөздің лингвистикалық коммуникативітік сапаларын зерттейтін саласы сөйлеу мәдениеті туралы ілім деп аталады. Оның пәні сөздің (сөзжасамның ) оның коммуникавтік әсері тұрғысынан алғандағы тілдік құрылым.
Қарым- қатынас дегеніміз - адамның өзге қоғам мүшелерімен өзара әрекеттесуінің айрықша формасы. Қарым- қатынастың вербалды, бейвербалды түрлері бар. Олар коммуникавтік, интегративті, прецептивтік қызметтерді атқарады.
Коммуникативтік процесс кезінде оған қатысушылар бір- біріне вербалды, акустикалық, кинестикалық, кеңістік, мінез-құлық, жүріс- тұрыс (әдеп) түріндегі ықпалдармен өзара әсер етеді. Өйткені сөздерді айту, сөйленім процесін жүзеге асырудағы ең басты әрекет алайда оның бірден- бір шарты емес.
Вербалды интерактіні бұлай түсіндіру негізінде тіл құбылыстарын функционалдық тұрғыдан зерттеу жатыр. Мұнда табиғи, ауызша сөз жүзеге асыратын орын (кеңістік кадр) оны нақты орындаушылар (қатысушылар) олардың мақсаты т. б. Факторлар аса маңызды . Осы факторлардың әр түрлігі белгілеріне сүйене отырып, вербалды интерактінің әңгіме, диалог, сұхбат, интервью, пікірталас, жарыссөз, сияқты арнаулы типтері жатады. Ш. Н. Нұрғожинанның зерттеулерінде арнайы қарастырылады. Зерттеуші интерактіні бұдан бөлек анағұрлым институционалды сипаттағы түрлерінің болатынын атап көрсетеді.
Қатысымдық әрекет негізінде оқытудың мазмұны жалпы оқытудағы қарым-қатынас үдерісінің моделі ретінде болады. Сондықтан баланың сөйлеу тілін дамытуда қатысымдық әрекет танымдық оқыту үдерісінің әдістемелік танымы ретінде қарастырылады.
Коммуникативтік біліктілік кәсіби мәдениеттің құрамдас бөлігі. Бұл жөнінде ғылыми пікір білдіруші ғалымдар: Н. В. Кузьмина, Л. Л. Майер, А. К. Маркова, А. И. Мищенко, И. И. Рытанова, Г. Н. Сериковтар коммуникативтік біліктіліктің педагог тұлғасының бойына қатысты жалпы біліктіліктер қатарына ерекше орын алатынын атап өткен болатын.
М. В. Сименованың пікірінше, коммуникативтік біліктілік педагогтың кәсіби қарым-қатынастың тиімділігінің деңгейін және қарым- қатынас мәдениетін, педагогикалық технологиясын, перспективті біліктілігінің қалыптасуын сипаттайды. Сонымен қатар зерттеуші-ғалым қарым-қатынасты педагогтың басты құралы деп, педагогикалық қарым-қатынас жалпы психологиялық заңдылықтармен тығыз байланыстағы, адамның өзгелермен байланыс жасауымен бір түрі болып саналатын, коммуникативті, интерактивті және перцептивті компоненттерден құралатын өзіндік ерекше қасиеті бар қарым-қатынастың спецификалық формасы, деп санайды.
А. Б. Ынтықбаева болашақ педагогтың коммуникативтік іскерліктерін, дағдыларын қажетті сезімі мен көңілін білдіре алу, оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас орната білу, проблемалық іспен айналасу, оқушылармен ортақ тіл таба алу қасиеттері арқылы көрсетеді, дейді. Ал А. А. Леонтьев мұғалімнің коммуникативтік біліктіліктерін ерік жігерлілік қасиеті ретінде қарастырып, оған өзінің мінез-құлығы мен жүріс-тұрысын қадағалау іскерлігін, өзінің ықылас көрсетуін, қадағалай білуін, адамдардың жүзіне қарап, көңілін таба білуін, оқушымен дұрыс, әрі тартымды байланыс жасай білу іскерліктерін жатқызады.
Ж. Р. Бәшірова коммуникативтілік біліктілікті жалпы педагогикалық біліктіліктің құрамына жатқызады. Коммуникативті біліктілік тұлғааралық қарым-қатынас нормаларын меңгеруді, ықпалдасуға әзірлікті, өзін-өзі мен өзіндік рефлексия тетіктерін меңгеруді, өзін-өзі танып білуді (самопознание), өзін-өзі объективті бағалау сияқты тұлғалық сапаларды біріктіреді. Коммуникация - қарым-қатынасқа түсушілердің жеке-даралық қасиеттерін сақтай отырып әлеуметтік бірлікке жетуді көздейді. Олай болса, педагогикалық коммуникация - тұлғааралық қарым-қатынас нормаларын және психикалық жағынан өзін-өзі реттеу мен өзіндік рефлекия түтіктерін меңгеру арқылы өзін-өзі танып білуге (самопознание), өзін- өзі объективті бағалауға, ықпалдасуға дайындығы негізінде қарым-қатынасқа түсушілердің жеке-даралық қасиеттерін сақтай отырып әлеуметтік бірлікке жетуді көздейтін оқытушы мен оқушының өзара байланысының сипатын анықтайтын әдіс- тәсілдердің тұтастығы.
Педагогикалық кәсіби әрекеттің тиімділігі көбінесе қарым-қатынастың қалыптасқан стиліне байланысты жүзеге асады. Біздің ойымызша коммуникация ақпарат алмасу, өз ойын білдіру, идеясын, білімін танытумен қатар жаңа түсініктер, білім, таным мен адамдардың қалыптасуының негізгі себебі. Педагогтың коммуникативтік біліктілігі педагогтың өз қоғамдық статусы мен қабілеттіліктердің шеңберінде кәсіби қызметті іске асыруда аса қажет.
Оқытушының коммуникативтік біліктілігі тілдік - әдеби тілдік норманы; кәсіби - білім, білік, дағды, іскерлік қасиеттерді; қоғамдық-мәдени-ұлттық және әлемдік мәдени ерекшеліктерді игеру, қоғамдағы ұстамдылық, тілдік этикетті сақтау сияқты құзыреттіліктер тұтастығынан көрініс береді. Соңғы жылдары білімнің бұл түрі «риторикалық білік», «сөйлеу мәдениеті» терминдерімен беріліп жүр. А. Қыдыршаевтің пікірінше риторикалық біліктілікті сақтау үшін әрбір маманның кез-келген педагог-лектордың төмендегідей кеңестерді басшылыққа алуы аса пайдалы:
Сөйленер сөзге даярлықты тақырыпқа сай келетін жетекші құжаттар мен нұсқаулады талқылаудан бастап, тақырыпты таразылай келе, объективті тұрғыда негізгі ойды нысанаға алу, теориялық жағынан даярлығы мықты саяси тұрғыда сауатты оқытушы ғана сөйленер сөздің нысанасына терең бойлай алмақ. Демек, оқытушының біліктілігін басты бір көрсеткіші оның коммуникативтік мәдениет деңгейі болмақ.
Келесі заңдылықтың табиғи арнасы ежелгі дәуірден бастау алады. Мәселен, ежелгі софистердің пікіріне жүгіне айтар болсақ, даналыққа ұмтылушы талантты ұстаз үш түрлі қасиетке ие болуы тиіс:
1) ойлана білу; 2) өз пікірін үйлесімді айта білу; 3) өз міндетін жақсы атқара білуі керек. М. М. Сперанский кімде-кім адамдармен істес болғысы келсе, «жақсы ойлана білуі өз алдына, одан да жоғары ғажап сөйлей білуі тиістігін» жазады.
Алғашқы кезекте педагогикалық іс-әрекеттің барысында шешендік өнердің элементтерінің практикалық тұрғыда қолдану мәселесі ойлантады. Көне Римнің мыңдаған жылдар бұрынғы шешені, шешендік өнер теоретигі Цицерон «ақын болып туады, шешен болып шығады» деп ақылдық тума талантқа, ал шешендік көп оқып, ізденіп, көп сөйлеп жаттығушылыққа байланысты деген. Осыған байланысты ата-бабаларымыздан қалған «Көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады, » - деген, сөзі бар емес пе еді. Демек, тілді әлеуметтік құбылыс десек, ол адамның қоғамда біртіндеп әлеуметтенуі арқылы тілдік ортаның әсерімен жүзеге асады. Цицерон айтқандай шешендік өнерді жетілдіруге әдістемелік білік-дағдылар жүйесін жете меңгеру арқылы өтуге мүмкінідік береді, -деп тұжырымдайды А. Қыдыршаев.
Риторикалық біліктілікке коммуникативтік біліктіліктің мынадай түрлерін жатқызсақ болады: сөздің сауаттылығы, логикалық жүйелілігі, таза дәлдігі, сөз қорының байлығы, анықтылығы, сыйымдылығы. Риторикалық біліктің мәні педагог сөзінің нанымдылығын, тілдің тарихи нормамен құрылуын, педагогикалық эффектінің болуын (психологиялық механизм негізінде) қамтамасыз етеді. Коммуникативтілік білік пен риторикалық біліктің бірлескен тұсы коммуникативтік біліктілікке ұштасады.
Е. Нусубалиева шетелдік ғалымдардың пікіріне сүйене отырып мәдени коммуникативтік қарым-қатынас шеберлігінің мынадай факторларын анықтаған болатын, олардың бір қатарын атап өтер болсақ: түрлі мәдениет үлгілеріне бейімделу, қарым- атынасты жеңілдету қабілетінің болуы, мәдени эмпатия, мәдени өзара қарым-қатынас, тұлғаның өзін және мәдениетті сезінуі, этноцентризмнің болмауы. Оқушыларды мәдени коммуникативтік қарым- қатынас тәжірибесіне оқыта отырып біз олардың адами қасиеттерін, ізгілікке деген азаматтық ұмтылыс, әдіскерлігін; өзгенің сезімін бағалап, жағдайын түсіне білуге, яғни жалпы айтқанда мәдениеттілікке тәрбиелей аламыз.
Педагогтың коммуникативтік қарым-қатынас кәсіби тұлғаның айнасы десек артық айтқандық болмас. Біздің пайымдауымызша, коммуникативтік біліктіліктің даму шарттары негізгі атқаратын қызметіне сай келуі керек, және де нәтижесінде біліктіліктің мынадай сипаты көрініс беруі шарт:
- педагогтың қарым-қатынас жасаушы адаммен тілдік және тілдік емес өзге де тәсілдер арқылы ақпарат алмаса отырып, оның өзіне тән ерекше қасиеттеріне болжам жасап, ескере алу қасиеті.
- Белгілі бір қоғамдық құнды мақсаттарға қол жеткізуге (мысалы; тұлға мәдениетін қалыптастыру тіл арқылы) ұмтыла отырып, бағдарлама, әдіс- тәсіл, техниканы, қарым-қатынасты құру арқылы ортақ әрекетті ұйымдастыру;
- қарым-қатынас жасаушы жеке тұлғамен немесе топпен тіл табыса алуы және қалай қабылданатындығын түсіне алу қасиеті.
Мұндай сипаттағы педагогтың коммуникативтік біліктілігінің ары қарай дамуы барысында оның даму моделі түзіледі. Бағдарлап қарайтын болсақ ол өзінше бірнеше кезеңнен тұрады:
1. Зерттеу кезеңінде педагогтың коммуникативтік біліктілігінің даму деңгейін анықтау үшін экспресс диогностика әдістері қолданылады (тест, анкета) .
2. Ақпараттық - негіздік кезеңнің мақсаты - педагог әрекетінің күрделі мәселелерін көрсету. Нәтижесінде педагогтың «Мен - концепциясының» және кәсіби дамуының оянуы, коммуникация сферасында туындаған тәжірибелік қиындықтардың туу себептері айқындалады.
3. Жобалық - ұйымдастырушылық кезең педагогтың өзін-өзі дамыту немесе кәсіби даму бағдарламасын құруды ұсынады.
4. Қорытындылау кезеңінде соңғы әрекет коммуникативтік біліктілігінің дамуының дәрежесінің көрсеткіштерін қайта қарастырып, тексеруге бағытталады.
Бұл педагогтың коммуникативтік біліктілігінің дамуының педагогикалық - ұйымдастырушылық және психологиялық - педагогикалық жүйесінің жағдайына қатысты өзгеріп отырады.
- Қарым -қатынастың жалпы сипаттамасы.
Педагогикалық қарым-қатнас, адамның психологиясына негізделген күрделі үрдістерден тұратын, іс-әрекетте, басқалармен араласып-құраласу барысында туындайтын ір түрлі «кедергілер» проблемасы болып табылады. Қарым-қатнастағы қиындықтар - адамның болжанған қарым-қатнасты жүзеге асырудағы «іркілісті» субьективті бастан кешіру күйі, яғни, қарым-қатнас әріптесінің әрекеттерін қабылдамауы салдарынан, мәтінді түсінбеу, оны серігінің түсінбеуі, коммуникативтік ситуацияның өзінің психалық күйінің өзгеруі т. б. салдарынан болатын «ерекшеліктер».
Қиындықтар- іс-әрекеттің, қарым-қатнастың тоқталуы, үзілуі, оларды жалғастыру мүмкіндігін болжау формасымен айқындалады. Іс-әрекет процесінде қиындықтардың пайда болуы және оны саналы түсіну обьектілендіру-проблемалық жағдайдың пайда болуы шарттарының бірі екенін, мұның өзі ойдың пайда болуымен дамуының алғышарты мен негізі болып табылатынын есепке ала отырып, ал педагогикалық психологияда адам факторы, қалыптасқан «қиын» жағдайдан шығу болып табылады . Қазіргі кезде қарым-қатынас қиындықтары, немесе «кедергілер» оларды талдау мен жуықтауға байланысты түрлі позициядан қарастырылады. Мысалы: жалпы психологияның түсініктеме беру шегінде, олар мағыналық, эмоцияналдық, негативтік, тактикалық ретінде бөлінеді. Олар қарым-қатнастың коммуникативтік және интерактивтік екі негізгі жақтарымен ара-қатынаста болады, мысалы өз кезінде, когнитивтік, аффективтік және мінез-құқықтық ойлардан көрінеді. Сонымен бірге, адамның қарым-қатнастар тек қана іс-әрекет сипатымен емес немесе эмоцияналдық, когнитивтік (мысалы, когнитивті стиль) және тағы басқа тұлға ойларымен теңестіріледі. Сондай -ақ ол неғұрлым терең және кең ықпалдар салдарынан болуы мүмкін.
Адамның қарым-қатнастағы қиындықтарының төмендегідей негізгі салдарын бөлуге болады: этномәдени, мәртебелік-позициялық-рөлдік, жас ерекшеліктік, жеке дара-психологиялық, іс-әрекеттік, тұлға аралық қатынастар саласы. Олар, әрине «адам» деген ортақ тұтас жүйеде бір-бірімен қабаттасып, өзара әрекеттеседі, бірақ теориялық тұрғыдан талдау мақсатында әрқайсысының әрекеті жеке қарастырылуы мүмкін. Осы ауқымдағы қиындықтар этникалық сана ерекшеліктерімен, адам санасының әлеуметтік және мәдени дамуының нақты жағдайларындағы қарым-қатнасында көрінетін құндылықтарымен, таптаурындарымен, ұстанымдарымен байланысты.
Әдетте, қарым-қатнас субьектілерінің этно-әлеуметтік мәдени ерекшеліктерінен туындаған қиындықтарды адамдар солай болуы тиіс деп қабылдайды. Сонымен бірге, әр іс-әрекет субьекті, белгілі бір менталитет иесі ретіндегі қарым-қатнас әріптесі және адам ретіндегі оның ойлауы, Л. В. Щерба дәл айтқандай, ана тілінің формасы бойынша «құйылған» (осы ойды В. Гумбольдта білдірген) адам ретіндегі өзі соның өкілі болып табылатын халыққа тән нормаларға, дәстүрлерге, дүние және дүниетаным бейнесіне сәйкес басқа адамдармен өзара әрекеттесетіні айқын. Осы тұрғыдан алып қарағанда, педагогтың қарым-қатнас сипаты, оның оқушыларға деген ынталы, қамқорлы қатынасы жеткілікті түрде көрнекті болып табылады. Мұндай қатынас оларда әсіресе, жеткіншіліктер мен жоғары сынып оқушыларында наразылық тудырады, өйткені, олар соңғы он жылдықта қарым-қатнастың неғұрлым іскерлік, ұстамды стиліне бағдарлана бастады. Осы жерде қиындықтар пайда болды, оның себептерінің бірі педагогтың өзінің этно-әлеуметтік мәдениетінен болуы ықтимал.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz