Интеллектуалды даму деңгейі


Жоспар
Кіріспе . . . 2
І. Тұлға психологиясы.
1. 1. Тұлға түсінігін зерттеудің әлемдік теориялары . . . 3
ІІ. Психика дамуының интеллектуалды кезеңі . . . 5
2. 1. О. Канттың тұжырымдамасы бойынша адамдардың интеллектуалды дамуының кезеңдері . . . 15
2. 2. Жеке адам психологиясы . . . 16
2. 3. Тұлғаның даму мәдениеті . . . 22
Қортынды . . . 26
Қолданылған әдебиеттер . . . 27
Кіріспе.
Жалпы психология - психика дамуының жалпы заңдылықтарын, зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми негіздерінің қалыптасу жүйесін зерттейді. Психика жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның нақты формасының қызметін, әрекет тәсілін бейнелейді, адам психологиясы жаңғырту арқылы пайда болады. Ресейлік атақты психолог Борис Герасимович Ананьғв адам танымының жүйесін 4 негізгі ұғымға бөліп қарады: индивид, іс-әрекет субъктісі, тұлға және жеке даралық.
Индивидң түсінігінің бірнеше мәні бар. Алдымен, индивид - ол табиғи жалғыз тіршілік иесі адам, Homo sapiens түрінің өкілі. Мұнда адамның биологиялық жағы айтылған. Кейде бұл түсінікте адамды адамзат қауымының жеке өкілі, еңбек құралдарын пайдаланатын әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қолданады. Алайда бұл жағдайда да адамның биологиялық тұрғысы ұмытылмайды.
Б. Г. Ананьев индивидтің бірінші және екінші қасиеттерін бөліп көрсеткен. Бірінші қасиетке адамның барлығына ортақ жас ерекшеліктерін (белгілі бір жасқа сай болу), жыныстық диморфизм (белгілі бір жынысқа сай болу), сонымен қоса, жеке-типтік сипаттамалар, оның ішінде конституционалды ерекшеліктер (дене бітімінің ерекшеліктері), мидың нейродинамикалық қасиеттері, үлкен жартышарлардың функционалды геометриясының ерекшеліктерін жатқызады.
Индивидтің бірінші қасиеттерінің жиынтығы оның екінші қасиеттерін анықтайды, олар: психофизиологиялық функциялардың динамикасы және органикалық қажеттіліктердің құрылымы. Осы қасиеттердің барлығы қосыла келіп, темперамент пен адам нышандарының ерекшеліктерін жасайды.
І. Тұлға психологиясы.
1. 1. Тұлға түсінігін зерттеудің әлемдік теориялары.
Тұлға психологиясы саласындағы зерттеулер бұрыннан жүргізіліп келеді, олардың өзіндік тарихы бар. Тұлға психологиясы дамуының 3 кезеңі келесідей: философиялық-әдеби, клиникалық және тәжірибелік.
Зерттеулердің бірінші кезеңі көне ойшылдардың жұмысынан басталып, ХΙХ ғ-ң басына дейін жалғасқан. Бұл кезеңдегі тұлға психологиясының негізгі мәселелеріне адамның өнегелік және әлеуметтік табиғаты жөніндегі сұрақтар жатады. Тұлға туралы алғашқы анықтамалар айтарлықтай ауқымды. Ол анықтамаларға адамның бойындағы бар нәрсе, оның жеке басыныкі деп саналатынның бәрі жатқызылған: биологиясы, психологиясы, мүлігі, мінез-құлқы, мәдениеті және т. б. Тұлға туралы осындай түсінік кейінгі уақытқа дейін сақталыпты. Нақты мазмұнға толы, тұлғадан бөлек көптеген басқа да түсініктер мен ғылыми категориялары бар психология үшін мұндай анықтама өте кең болып табылады.
Көптеген теориялар психологиялық оқулықтарда берілмейді, американдық тұлға теориялар басқа елдердің теорияларын мойыңдай бермейді, тек тұлға теориясын жасаушы Фрейд, Юнг, Адлер болмаса, әрі көптеген теориялар өз «ұясында» қала береді, жаңа теориялар келе береді. Теорияларға контент анализ жасасақ, барлық классикалық теориялар шыққанына көп уақыт болды, тіпті тұлға теориясы жайлы американдық оқулық 1967 жылы шықсада олар қайта басылып шығып жатыр.
Бүгінгі тұлға теорияларының жағдайы қалай, сол американдық оқулықтан кейін өзгерді ме, бүгіндері тұлға теориясында әлеуметтік конструкционизм методологиясы үстемдік жасауда, олар кез келген теорияны немесе ұғымды әлеуметтік контекстте суреттейді. Солардың ішінен теориялардың үш тобын бөлеміз - біріншісі операциялық немесе клиникалық бағдарланғандар, тұлға теорияларының ішінен қызығу туғызатыны экзистенциалды бағдарлану тұлға теориялары - бір жағынан Фрейдті екінші жағынан Хайдегерді жақтайтын М. Босстың теориялары-тұрмыстық анализ теориялары, логотерапия - В. Франкл (1990-1997) .
Қандай теориялар көп оқылады - 1. Фрейд, 2. Юнг, 3. Адлер, олардың оппоненті 4. Роджерс, 5. Скиннер, 6. Оллпорт, 7. Маслоу, 8. Фромм, аралық статуста Кэттелл, Келли, Эриксон, Бинсвангер, Босс, Шелдон, кейінгі орында Доллард, Миллер, Салливан, Меррей, Роттер, Хорни, Айзенк, Левин ең соңында.
Ең көп оқылатыны - психоанализ, бихевиоризм, гуманистік психология. Жаңа американдық тұлға теориялары бағытында екі бағыт үстемдік етеді - біріншісі, әлеуметтік когнитивті бихевиоризмнен шыққан Дж. Роттер, А. Бандура, екіншісі каузальды (себеп, басқа мінез-құлықтан себеп іздейді) атрибуцияға байланысты мінез-құлық пен мотивацияны регуляция жасайтын эгогендік ықпал, яғни тұлға әуел бастан социумға қосылған, мінез-құлық грамматикасы, ережелер, сөз дамиды.
Тұлға теориялары өте көп олардың бәрі оқулықтарда беріле бермейді. Шет ел психологиясында көп оқылатын теориялардың алдында тұрғандары, олар, З. Фрейд, К. Юнг, А. Адлер, К. Роджерс теориялары алдыңғы қатарды алады, оларға Б. Скиннер, Г. Оллпорт, А. Маслоу, Э. Фромм, А. Бандураның еңбектері қосылады.
Келесі орында Р. Кэттелл, Дж. Келли, Э. Эриксон, Л. Бинсвангер, У. Шелдон алса, келесі топты Дж. Доллард, Н. Миллер, Г. Салливан, Г. Меррей, К. Хорни, Г. Айзенк алады. Осыдан көріп отырғанымыздай көбінесе писхоанализ бихевиоризм гуманистік психология үштігі көп қылады, оқулықтарда көп жазылады.
Кеңес психологиясында жазылған теорияларда басты деген төрт теорияларды көрсетуге болады іс-әрекеттік концепцияға негізделген мәскеулік мектеп (А. Н. Леонтьев, Л. И. Божович), ленингард мектебі (Б. Г. Ананьев, В. Н. Мясищев), грузин мектебі (Д. Н. Узнадзе), пермь мектебі (В. С. Мерлин) . Кейінірек бұл мектептерді жалғастырған теориялардың қатарына А. Г. Асмолов, Б. С. Братусь, Ф. Е. Василюк, Д. А. Леонтьев, А. В. Петровский, В. А. Петровский, В. И. Слободчиков және тағы басқалардың еңбектерін айтуға болады.
Тұлға теорияларының ішінен таңдап, олардың қайсысын оқулыққа кіргізу керек деген сұрақ өте күрделі болып табылады. Соған қарамастан тұлға феноменінің табиғатын аша алатын, нақты жағдайды көрсете алатын теорияларға шолу жасау мүмкіндігі автордан байланысты болады.
Негізгі екпінді шет ел теориялардағы тұлға мәселесі қалай анықталады, олардың кеңес психологиясында және қазіргі психологияда алатын орнына қарай және кеңес психологиясындағы негізгі теорияларға және олардың бұл күндері жалғасын тауып отырған теорияларға жасала отырып оқырмандарға психология ғылымындағы тұлға түсінігінің мәнін ашу болып табылады.
ПІет елдік теорияларда әрине тұлғаны түсіндіруде, оны анықтауда әсер еткен, адамзат баласының өмірінде ұлы із қалдырған ұлы классиктерге де екпін жасалады (Гиппократ, Платон, Аристотель), сол сияқты ұлы ойшылдардың еңбектеріне сүйенбей тұлға түсінігін талдау мүмкін еместігі көрсетіледі (Кант, Гоббс, Локк, Спиноза, Ницше) .
Ал кейінгі тұлға теорияларын қалыптастыруға негіз болған еңбектерді айтуға болады, олар Шарко мен Жаненің, Фрейдтің, Юнгтің клиникалық бақылаулары, гештальттық дәстүрлер мен В. Штерн еңбектерін айтуға болады. Кешірек эксперименттік психология мен үйрену теорияларының тұлға теорияларын жасауға негіз болды. Келесі бір негізді психометриялық зерттеулер береді.
Шет елдік теорияларда тұлғаны әрқалай түсіндіреді, ағылшын тілінде тұлға епті деген мағынаға келеді. Индивидтің тұлғасы әртүрлі жағдайда әртүрлі адамдардың позитивті реакциясын алуға ұмтылатын тиімділігімен бағаланады. Сондықтанда курстарда «тұлғалық тренинг» деп аталады.
Оқушының тұлғалық проблемасын айтқанда мұғалім оқушының педагогпен, оқушылармен қанағаттанған қатынас орната алу үшін әлеуметтік ептілігі адекватты емес екені туралы айтады. Индивидтің қоршағандарға әсері туралы айтқанда индивид «агрессиялы тұлға», «тіл алғыш тұлға», «қорқынышты тұлға» дегендер туралы түсініледі.
Оллпорт әдеби шолуларда тұлға туралы елуге жуық анықтаманы бөліп көрсетеді. Оллпорт ол анықтамаларды ажырату үшін биосоциалды және биофизикалық деп атады. Биосоциалды анықтамаларда тұлға терминінің тұрмыстық қолданылуына сәйкес келеді, тұлғаны индивидтің «әлеуметтік стимулды құндылығы» дегенмен ара қатыстырылады, Яғни басқалардың реакциясы субъектінің тұлғасын анықтайды, оған Оллпорт тұлға тек басқалардың реакциясымен ғана анықталмайды деп қарсы болып оған биофизикалық анықтамаларды қосады, тұлғаның сипаттамалары мен саналарын кіргізеді.
Басқа анықтамаларда индивидті бағалауда оның маңызды деген қасиеттерін кіргізеді, ал тағы бір анықтамаларда тұлғаның ұйымдастырушы немесе интеграциялаушы функциясын көрсетеді, тұлға индивидуалды мінез-құлықтың әртүрлі түрлерін реттейді деп айтады. Тағы бір анықтамаларда тұлғаны мінез-құлықтың уникалды немесе индивидуалды аспектілерімен береді, индивидті басқа адамдардан ажырату үшін сол анықтаманы қолданады.
Кейбір теоретиктері тұлға адамның маңыздылығын құрайды деп санайды. Сонымен шет елдік теорияларда тұлғаны тұлға теориясын жасаған авторлардың өздерінің жеке зерттеген бақылаулары негізінде жасалған эмпирикалық түсініктерімен түсіндіріледі. Біз тұлға феноменін өз эксперименттері мен жеке бақылау нәтижелерінде ашып көрсеткен соның негізінде жазған басты теориялардың кейбіреулеріне тоқталамыз
ІІ. Психика дамуының интеллектуалды кезеңі
ІІ. Психика дамуының интеллектуалды кезеңі
О. Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О. Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуальды ақыл-ойының, санасының бір ізділікпен дәйекті дамуының үш кезеңі, яғни теологиялық метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.
Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандай да бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысты жоқ ғажайып, абстарктілі ұғымдарды қолданды.
Екінші, яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты, ендігі жерде құбылыстарды, процесс, олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты. Бұл кезеңнің басты қызметі - ол қандай да бір затты, құбылысты, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындады.
Ал, үшінші, яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс, процесттердің, заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады. Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арасындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырды.
О. Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақтылы фактілерді оқып, үйрену қажет. Нақтылы фактілер -бұл әлеуметтік құбылыстар мен процесттер.
Ғылымдардың дамуы, бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі ретпен болады, бірақ бір уақытта болмайды. Бұл арада басшылыққа алатын бір қағида - ғылымға қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай даму тән. Объект қарапайым болған сайын одан алынатын позитивтік (яғни, оң, жағымды - А. И. ) білім жеңілірек, тезірек болды. Осыған орай позитивтік әдіс алғаш рет математика, физика, астрономия, химия, биология ғылымдарына қолданған. Ал, әлеуметтану жағымды, оң білімнің ең жоғарғы шыңы, өйткені ол құбылыстарды, процестерді зерттегенді “позитивтік” әдістерге сүйенеді. Позитивтік әдіс теориялық әлеуметтік талдауларда бақылау, салыстыру, эксперимент, т. б. арқылы эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) факторларға сүйенеді.
Әлеуметтанудың шығуына екінші бір үлкен себеп болған оқиға, ол О. Конттың өзі ашқан еңбектің бөлінуі және оны кооперациялау туралы заң болды. Бұл фактілердің адамзат қоғамының тарихында үлкен маңызы болды, өйткені бір жағынан осылардың негізінде қоғамда әлеуметтік және маманданған топтар пайда болды, қоғамда адамдардыің әл-ауқаты, материалдық тұрмыс жағдайы біршама жақсара бастады. Екінші жағынан, бүл факторлар қоғамға кері әсер етті, өйткені бұлар байлықтардың бір қолға, немесе кішігірім топтардың қолына жиналуынан әкелді, сөйтіп қанаушылыққа жол берді. әлеуметтік сезім бір мамандықтағы адамдарды топтастырады. Осыған орай адамдардың түрлі корпоративтік эгоистік мораль пайда болады. Ал, осылар бақылаудан шығып кетсе, онда қоғамның негізі болатын адамдардың арасындағы ынтымақтастық және келісім бұзылатын болды. О. Конттың пікірінше, осы адамдардың арасындағы ынтымақтастықты, келісімді тек әлеуметтану ғылымы реттеп отырады.
О. Конттың әлеуметтану тұжырымдамалары әлеуметтік статика және әлеуметтік динамикадеген бөлімдерден тұрады. Әлеуметтік статика қоғамдық өмір сүру жүйенің шарты мен даму заңдылықтарын зерттейді. Бұл салада О. Конт әлеуметтік институттардың негізгі түрлерін, яғни, отбасын, мемлекетті, дінді алып қарайды. Олардың қоғамдағы атқаратын қызметін (функциясын) және адамдардың арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы рөлін көрсетеді. О. Конт қоғамның ілгері дамуы туралы теорияны әлеуметтік динамикада одан әрі жетілдіреді. О. Конттың пікірінше, қоғамның ілгері дамуы негізінде, рухани бастама, адамзаттың ақыл-ойының дамуы жатыр.
О. Конт әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде әлеуметтік фактілерді бақылау әдісіне үлкен мән берген, өйткені бақылау ғылымға объективтілікті береді. Ал, бақылаушы өзінен тәуелсіз тұрған әлеуметтік фактілерімен жұмыс істейді. Әлеуметтік зерттеудің екінші бір маңызды әдісі- ол эксперимент. О. Конттың пікірінше, эксперимент бұл белгілі бір арнаулы жаснды жағдайда әлеуметтік процесттердің құбылыстардың өзгеруін, дамуын бақылау; О. Конт бойынша әлеуметтанудың үшінші негізгі әдісі - салыстыру. Бұл әдіс әрбір халықтың өмірін бір-бірімен салыстаруда қолданылады. О. Конттың осы әдіңстер туралы пікірлері де әлеуметтануда өте құнды, маңызды рөл атқарады.
О. Конттың ой-пікірлері, идеясын одан әрі дамытқан ағылшын әлеуметтанушысы Герберт Спенсер (1820-1903 ж. ж. ) болды. Оның көзқарасына қысқаша тоқтасақ, Г. Спенсердің әлеуметтану теорясы негізгі екі мәселеден тұрады. Бұл екі ой-пікір, идея Ч. Дарвинның биологиялық түрлердің пайда болу теориясының негізінде пайда болған.
Қоғамды биологиялық организм ретінде қарау;
Әлеуметтік эволюция идеясы.
Адам қоғамы тірі организмге ұқсас, сондықтан оған биолгиялық заңдар тән Ч. Дарвиннің биологиялық заңына сәйкес табиғаттағы жыртқыш жануарлардың тіршілік үшін күрес заңына қоғамдағы таптардың күресі ұқсас. Г. Спенсер тірі организмдердің жүйке жүйесін мемелекеттік басқару мекемелерінің қызметімен теңестіреді. Г. Спенсер қоғам мен организм арасында кейбір ерекшеліктер туралы, ой-пікір қозғады. Мысалы, қоғамдағы адам (индивид) қоғамнан біршама тәуелсіз тұрады, ал, организмнің бөліктер мен элементтері оның тұтастығын құрайды, оған тәуелді. Қоғамда, керісінше, тұтастық өзінің бөліктерінің, игілігі үшін өмір сүреді. Г. Спенсердің бұл ойлары қоғамды бір жүйе деп қарауға мүмкіндік беретіндей жол ашты.
Г. Спенсердің қоғамды организммен теңестіруі қоғамды іштей үш жүйелес салаға бөлуге әкеледі. Олар: 1) қолдаушы, 2) материалдық игілікті өндіру көзіне (экономикаға), 3) қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы байланыс, қатынастарды анықтау, қоғамдағы еңбектің бөлінуін реттеп тұрушы және жеке бөліктердің тұтасқа бағынуын реттеу (мемлекеттік өкімет) болды.
Г. Спенсер қоғамның әлеуметтік ұрылымын талдай келе, әлеуметтік институттардың 6 тұрпатын атап көрсеткен. Оларға туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік тұрпаттар жатады. Өзінің еңбектерінде (Социология как предмет изучения. СПБ, 1986; Основные начала, СПБ, 1897, Основание социологии, СПБ, 1906г. ) әлеуметтік институттардың эволюциясын зерттеген.
Г. Спенсер әлеуметтаншулардың ішінен бірінші болып, осы ғылымға жаңа ұғым, терминдерді қосты. Олар: әлеуметтік жүйе, әлеуметтік институт, әлеуметтік бақылау, құрылым және функция, т. б. Бірақ, ол бұларды өзінше түсінді. О. Конт пен Г. Спенсердің кезінде әлеуметтану ғылымында өзінше ерекше ой-пікір айтып әлеуметтанудың айырықша тұжырымдамасын жасаған Карл Маркс (1818-1883 ж. ж. ) болды. Дегенмен, К. Маркстің әлеуметтану теорисында көптеген бағалы ой-пікірлер, тұжырымдар бар. Оны мыналардан байқауға болады:
1. К. Маркс мінсіздендірілген, абстракталы қоғам жағдайына тән даму теорисына қарсы шығып, өзінің нағыз, шынайы фактілерге негізделген қоғамның объективтік -материалистік теориясын жасады, қоғамның дамуын “формация”, яғни, ерекше бір құбылыс ретінде қарастырды;
2. К. Маркс қоғамның даму заңдарын түсіндіргенде, әр уақытта экономиканы (яғни, өндірістік тәсілді, оның ішінде өндіргіш күштерді, оларға сәйкес өндірістік қатынастарды) ең басты, қозғаушы, шешуші күш деп санады;
3. Қоғамның дамуын (детерменизм) бір формацияның, оған тән өндірісітік тәсілдің екінші бір формациямен ауысуымен байланыстырды;
4. К. Маркстың әдістемесінде қоғам дамуының екі басты үлгісі бар: а) органикалық, б) механикалық. Біріншісі, әлеуметтік эволюциялық процесті түсіндіру үшін қолданылады. Басқаша айтқанда, бірінші үлгі қоғамды тарихи процесс ретінде қарастырады. Екінші үлгі, формацияның негізгі екі компоненті - базис пен қондырманы талдағанда, олардың арасындағы қатынастарды механизм ретінде түсіндіреді.
5. К. Маркс әлеуметтік құрылым (яғни, қоғамды таптарға, топтарға, жікке бөлу) теориясын жасаған авторладың бірі болды. Жікке, топқа бөлудің негізгі, басты белгісі өндірістік құрал-жабдықтарына меншік формасына байланысты екенін көрсетті. Сөйтіп К. Маркс қоғамның әлеуметтік құрылымын экономикалық таптардың қатынастары арқылы анықталады деп көрсетті. Осыған орай К. Маркс жеке тұлғаны зерттеудің қажеттілігін айтып, оны қоғамдық қатынастардың жиынтығы деп түсіндірді.
Маркстік әлеуметтанудың кемшіліктері де болды. Батыс әлеуметтанушыларын қоғам дамуының бірден-бір қозғаушы, негізгі күші тек экономикалық қатынастарда деген Маркстік теорияны сынға алды. Бұл жерде К. Маркс қоғамның рухани- мәдени факторларының мәні мен мазмұнын төмендетті деп айыптады. Экономикалық факторлардың рөлін жоғары, асыра-бағалап қараудың нәтижесінде жіктеу теориясының бір жақты, бір өлшемді екенін аңғартты. Мұнда ол тек қана өндірістік құрал-сайманды меншік қатынасы арқылы анықтап, жіктердің пайда болуына себеп болатын басқа әлеуметтік саяси факторларға, мысалы, өкімет, билік, мәртебелік, бедел, абырой, артықшылық, т. б. есепке алмады. К. Маркс тарихтағы таптар арасындағы әлеуметтік ымыраға келу, ынтымақтастық мәселелеріне де көңіл бөлмеді. Ал, бұл кейінгілер қазіргі әлеуметтану ғылымында ең бір көкейтесті мәселелердің бірі болып саналады. Маркстік әлеуметтану теориясының тағы бір кемшілігі, оның басқа ілімдерден оқшаулануында болды. Осылардың бәріне қарамастан Маркстік әлеуметтану теориясы көп елдерге тарап, дамыды (әсіресе КСРО-да) .
Әлеуметтанудың классикалық негізін салушылардың ірі өкілінің бірі, әрі өте беделдісі -Эмиль Дюркгейм (1858-1917 ж. ж. ) . Қазіргі әлеуметтану көбіне Э. Дюркгеймнің классикалық мұрасына сүйенеді. Өзінің әлеуметтануында ол әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне көп көңіл аударды. Ал, бұл методология “социализм” деп аталады. Социализмнің мәні мен мазмұны әлеуметтілікте. Тек әлеуметтілік арқылы зерттеу, басқаша айтқанда, қандай да бір әлеуметтік құбылысты, процесті алмайық, олардың бәрі әлеуметтік ортамен байланыста өмір сүреді. Қоғам - ерекше құбылыс, оны табиғатпен, психикамен шатастырып, алмастыруға болмайды. Әлеуметанудың методологиясы (яғни, әдістемелері) жаратылыстану ғылымдарына ұқсас болуы қажет, әлеуметтану өз алдына ғылымға айналуы үшін оған белгілі бір жағдайлар қажет, осылардың ішінде оның тек қана өзі зерттейтін, өзіне ғана тән пәні мен таным әдістемелері болуы керек. Э. Дюркгеймнің пікірінше, әлеуметтану әлеуметтік нақты мәні бар, оған ғана тиісті қатынастарды, олардың сапаларын терең зерттеуі керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz