Мұқағали поэзиясын оқыту әдістемесі


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 2

І. Мектепте поэзиялық шығармаларды оқыту ерекшелігі . . . 3

1. 1. Өлеңнің дискурстық формасы . . . 5

1. 2. Өлеңнің тілдік формасы . . . 7

ІІ. Мұғали поэзиясын оқытудың мақсаты . . . 10

2. 1. Мұқағали лирикасының өзіндік ерешелігі . . . 19

2. 2. Мұқағали поэзиясы дәстүрлі жүйе . . . 28

2. 3. Ақын поэзиясындағы ұлттық рух . . . 37

Қорытынды . . . 40
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 41

Кіріспе

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқушыларға сапалы оқытудың тиімді әдістерінің бірі болмақ. Репродуктивтік немесе көшірмелік әдіс арқылы мұғалім оқушыларға даяр білім мазмұнын жеткізеді. Негізінде, әдебиет сабақтарында репродуктивтік әдіс үлкен орын алады. Өйткені дайын көркем шығарма мәтінін оқу, түрлі талдаулар жасап, тапсырмалар орындау жұмыстары репродуктивтік әдіс арқылы жүзеге асырылады. Десек те, репродуктивтік әдісті догматикалық қатып қалған әдіс деп түсінбеу керек. Әдебиеттен меңгертілуі тиіс көркем туындылардың мәтіні, өлең, кейіпкердің сөздері, драмалық туынды кейіпкерлерінің сөздері, ремаркалар - барлығы механикалық түрде жаттандылықты талап ететін сипаттағы оқу материалы болып саналады. Сонымен бірге көркем шығарманы талдау барысы да даяр мәтін бойынша жүргізілетіні белгілі.

Мектеп практикасында әдеби мәтіндердің ішінде лирикалық шығармаларды талдау мен тану күрделі. Жалпы білім беретін мектептерде әдеби білім мазмұнының төрттен бірін лирикалық шығармалар құрайды. Ү-ІХ сыныптарда жүз қырықтан аса лирикалық шығарма оқытылады. Олай болса, мектепте қалыптастырылатын әдеби білім мазмұны лирикалық шығармаларға да тиесілі. Мектепте оқытылатын лирикалық шығармалар жанры мен тақырыптары жағынан алуан түрлі. Әйтсе де лирикалық шығармаларды талдап танудың, оқытудың жалпыға ортақ заңдылықтары мен белгілі бір әдістемелік жүйесі болуы тиіс.

І. Мектепте поэзиялық шығармаларды оқыту ерекшелігі.

Оқушылардың ойлауын дамытуда көркем шығарманың даяр мәтінін пайдалана отырып, мұғалім түрлі проблемалық жағдаяттарды тауып, оқушылардың шығарманы саналы меңгеруіне керекті жұмыстар жүргізеді. Прозалық шығарманың, поэзиялық туындының, драмалық шығарманың эпизодтарын немесе белгілі бір кейіпкердің сөзін талдата отырып, мұғалім көркем талдау жүйесін меңгертеді. Сол арқылы оқушыларды өз бетімен талдауға машықтандыра алады. Сөйтіп, репродуктивтік әдісті қолдана отырып, мұғалім тек даяр білім мазмұнын баяндай алады және оқушының алған білімін жинақтауға даяр мәтінді қолдана отырып кең мүмкіндіктерге ие бола алады. Репродуктивтік әдістің тиімді болып табылатын құраушы элементтері яғни мынадай амал-тәсілдерін атап кету орынды: мұғалім сөзі, баяндау, әңгімелеу, мазмұндау, шолу дәрістері, хрестоматиядағы көркем шығарма мәтіні, әдеби шығарманың түпнұсқасы, сұрақтар тізбесі, викториналар т. б. Сонымен қатар, интерактивтік тақтадан көрсетілетін көрнекіліктер молынан қолданылған дұрыс. Осы ретте оқушыларға «тәуелсіздік» идеясын жырлаған ақындардың шығармасын талдата отырып, қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманының жүзеге асқан кезі - осы кез екенін, біздің парызымыз - осы еркіндікті сақтау, қорғау, оны болашақ ұрпаққа аманат ету ғана емес, қолына сенімді тапсыру екенін саналылықпен ұғындыру керек. Ақын Ш. Сариевтің қазақ халқының сан ғасырлар аңсаған тәуелсіздігін жырлауғаалғашқылардың бірі болып үн қосқан ақын екендігін мұғалім терең толғаныспен түсіндіре отырып, ақынның өлеңдерін оқыту, талдату, оқушыларға 16 түрлі жетекшілік сұрақтар қоя отырып, өлеңдеріндегі басты лейтмотивті меңгерту міндетін шешуі керек. Ш. Сариев өлеңдерінде «тәуелсіздік» деген киелі ұғымның мән-мағынасын үлкен ақындық жүрекпен терең ұғынуы, сол сезімді жан-жүрегімен сезіне отырып жырлауы байқалады. Осыны мұғалім оқушыларға өлеңнің әрбір жолына тоқтай отырып түсіндіреді.

Лирикалық шығарма табиғаты эпикалық, драмалық шығармалардан өзгеше. Лирикалық шығармалардың жанрлық ерекшелігін сипаттайтын еңбектер көп (М. Бахтин, Л. Тимофеев, Д. С. Лихачев, Г. Поспелов, Н. А. Гуляеев, З. Қабдолов, З. Ахметов т. б. ) . Лирикалық шығарма көлемі жағынан шағын болып келеді де эмоцияға, сезім күйге құрылады. Лирикалық шығармада ақынның дүниетанымы, сыртқы ортаны, өмір құбылыстарын елестетуі мен сезінуі, өзіндік ой жүйесі образды сөздің қуатымен өрнектеледі.

Лирикалық шығармаға поэтикалық тіл қызмет етеді. Поэтикалық тіл ақынның жан тебіренісін, биік сезімін жарыққа шығарады. Образды ой мен поэтикалық тілдің тереңіне үңіліп, лирикалық қаһарман арқылы жарыққа шығатын авторлық толғанысты, дүниетанымды, ақындық мақсат, мүддені, сезім-күйді тану, оқушыларға ғана емес, ересектер үшін де бір шама күрделі. Авторды жете түсіну үшін дүниетанымдық, тілдік әлеуеттің де жоғары болуы қажет. Ал оқушыларда бұл әлі қалыптасу үстіндегі үдеріс.

Көркем шығарманың тууы мен оқырманын санасына сәулеленуінде үштік одақтың бірлігі болуы керектігі кейінгі зерттеулерде жиі айтылып жүр. Сонда таным, дискурс автор → көркем шығарма → оқушы арасында қалыптасады. Автор өмір сүрген уақыт, орта, кезең, таным-түсінік, құндылықтың көркем шығармадағы бейнесін оқушының қабылдауы, түсінуі, зерделеуі, бағалауы көптеген факторларға қатысты. Мәселен, жыраулық поэзияның дүниеге келген тұсы мен бүгінгі уақытты немесе ХҮІІІ - ХІХ ғасыр туындыларын, тіпті кешегі кеңес кезеңіндегі шығармалардағы уақыт, кезең, құндылық бүгінгі ұрпақ санасында қалай жаңғырығады? Белгілі бір дәрежеде түсіну болғанымен, түйсіну қаншалықты жүзеге асады? Бүгінгі уақыт пен құндылық қандай, оның арақатысы қаншалықты деген мәселелер туындайды.

Көркем шығарманы талдаудағы басты ұстаным мазмұн мен пішінді (форманы) бірлікте қарастыру екендігі белгілі. Көркем мәтінмен алғашқы ұшырасуда көзге көрінетіні оның формасы. В. Г. Белинскийдің айтқанындай «Сөз - ойдың көрінісі», яғни ойдың киімі - сөз. Автор толғанысы мен ой түйінін қандай сөзге орады, қандай сөзді таңдап, талғап алды? Ойды қалай өреді? Бұл өлеңнің алғашқы қалпында көзге ұшырасады. Өлеңнің графикалық формасы көркем шығарманың бейтарап қалпы сияқтанғанымен, мәтінді визуалды қабылдауда, белгілі бір дәрежеде, алғашқы әсерді қалыптастырады. Сондықтан көркем шығарманы талдаудағы көрнекі құралдың бірі көркем мәтіннің өзі болуы заңды.

  1. Өлеңнің дискурстық формасы

Өлеңнің дискурстық формасы оқушының көркем шығарманы көркем қабылдауын ұйымдастыру міндетіне қызмет етеді. Көркем қабылдауды ұйымдастырудың көптеген амал-тәсілдері бар. Соның бастысы - өлеңді мәнерлеп оқу. Мәнерлеп оқу көркем мәтінді аудиалды қабылдаудың тетігі. Автордың ой-пайымымен көркем шығарманы сөйлету күрделі әрекеттің бірі. Көркем мәтіннің болмысына терең бойлап, жете меңгермейінше оны сөйлету қиын. Өлеңдегі әр сөз, бунақ белгілі ой ағымын ұсынады. Оны дәл сол мәнінде тиісті ырғағымен оқу үлкен шеберлікті талап етеді. Әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымында классикалық әдістердің бірі саналатын шығармашылық оқыту әдісінің бір тәсілі - көркем мәтінді мәнерлеп оқу болып есептеледі. Әдіскер-ғалым З. Я. Рез шығармашылық әдістің бірнеше тәсілдерін ұсынады. Көркем мәтінді мәнерлеп оқу, сахна шеберлерінің оқуы т. б. Көркем мәтінді мәнерлеп оқуда дауыс ырғағы, әуезі, қарқыны, екпіні - барлығы да өлеңді қабылдауда жағымды жағдай туғызушы компоненттер болып есептеледі. Өлеңдегі ой кідірістері, психологиялық кідірістердің де өзіндік ықпалы болады.

Мәтіннің мағыналық фонының құрылымы - көркем мәтіннің пішінінен мазмұнына қадам жасауды нұсқайтын нысан. Егер әр сөзді таңба деп қарастыратын болсақ, әр таңба бір ойдың бейнесі. Поэтикалық өлең мәтіні тарихи-мәдени, рухани болмыстың, автордың шығармашылық әлемінің құрылымы мен жүйесін танытатын көптеген таңбалардың құрылымы болып есептеледі. 5-сыныпта оқылатын М. Мақатаевтың «Мен таулықпын» өлеңінде тау заттық ұғымнан символдық белгіге айналған. Тау - өрліктің, биіктіктің, тазалықтың, даралықтың белгісі. Өлеңдегі мағыналық фонды құрайтын заттық ұғымдарда «тау», «бұлт», «қыран», «жай оғы», «асқар шың» - таудың символдық бейнесін айқындайтын бірліктер. «Тау - дәу бесік» - қолданысы ұлттық болмысқа қатысты концепт. Ал, «Асқар шыңдар желпиді бесігімді, Бір орамын ағытып сәлдесінің» - деген тармақтардан таудың көркем бейнесінің ақын қиялымен астасып, көркем образды қолданыс тапқанын көреміз. Бұл қолданыста «тау» - «асқар шын» - «бұлт» образдары айқындалады. Сонда ақын қиялында «тау - бесігін» асқар шыңдар ағытқан «бұлт - сәлдесімен» желпиді. Өлеңде мекеншақты танытатын «Күн алғашқы сәулесін маған шашып, Маған келіп түнейді қара тұман» - сияқты тармақтар бар. Екі тармақта антитезалық қолданыстар арқылы күн мен түн, ақ пен қара, жарық сәуле мен қараңғы түнек ұғымдарын туындата отырып, уақытты да, кеңістікті де қамтыған.

Өлеңде тау сияқты басқа да табиғат перзенттері: «киік» пен «қыран» таңбаланады. «Киіктің сүтін еміп ер жетуі» ақынның табиғаттың киелі кәусарынан сусындап, арман-қиялының асқақтығына «қыранның қанатынан қуат алуы» жеткізгені өрнектеледі. Мұнда да жер мен көк мекеншақ ұғымын тудырады. Табиғат - биологиялық, рухани қуат көзі ретінде таңбаланады.

Ақын да тау кейіптес, тау мінездес, «бұлт бүркенеді», «жай отын ала туады». Ақынның «мені» мәтінде тау ұғымымен қабаттасады («Күн алғашқы саулесін маған шашып, Маған келіп түнейді қара тұман») . Өлеңде ақынның эмоциялық күйін танытатын пофосты сөз қолданыстары - «таудан мен жаратылғам», «Тауға барып, Көкке ұшып кетсем бе екен, Ұстап алып қыранның қанатынан . . . » ұшырасады. Биіктен биікке өрлеу, қиялдың қанат қағып, өрге самғауы осы шумақтарда еркін танылады. Өлеңнің ассоциативті-мағыналық фоны «Тау деген Ана туған, дара тұлғам» тармағында бейнеленген. Ана → Тау → дара → тұлға немесе

Cонымен қатар табиғат-Ана тау-перзент ұғымдары өріледі. Автордың ассоциативті-психологиялық күйі өлең мәтінінде еркін танылады. Мәселен, ақын таулық, тау мен ол бір-бірінің иелігінде. Ақын мен тау егіз ұғым ретінде ұсыналады.

мекен,

Тау жаратылыс негізі.

Ой қайталана отырып өрбиді.

1. 2. Өлеңнің тілдік формасы

Өлеңнің тілдік формасын (поэтикалық мәтіндегі тіл бірліктері өрнегінің жиынтық жоспарын) зерделеу жекелеген тіл бірліктерінің жүйесін, өлеңнің композициялық құрылымын тануға жол ашады.

Өлеңдегі тіл бірліктерінің семантикалық мәнін айқындағаннан кейін олардың өлеңдегі құрылымы мен жүйесін аңғаруға болады. Өлеңнің композициялық құрылымы қайталаулар арқылы шеңбер түзеді. Курсивпен берілген сөздер әр шумақтағы мағыналық фонды, экспресивті-эмоциялық күйді танытады.

Әрине, 5-сыныптың оқушысына өлең мәтінін дәл осы теориялық ұғымдар арқылы түсіндіру немесе сипаттату орынсыз. Тиімді әдіс-тәсілдерді, бағыттаушы сұрақ-тапсырмаларды пайдалана отырып сөздің мәнін ашу, кей сөздердің символдық белгі екендігін таныту қажет. Өлең мағынасының таянышы болып тұрған сөздерді белгілеу, олардың мәнін әркімнің өз ұғым-түсінігі бойынша пайымдату, өлеңдегі ерекше мәнді танытатын сөздерді саралау, жүйелеу, кластер түздіру, өлең құрылымын таныту оқушылардың ой белсенділігін арттыратын тапсырмалар болып есептеледі. Бұндай тапсырмалар оқушылардың танымдық белсенділігімен қатар, шығармашылық мүмкіндігін дамыта түседі. Сонда ғана оқушы білімді түсіну арқылы талдау, қорыту, өз білімін бағалау кезеңдеріне өте алады. Өлең мәтініндегі ойды айқындау, жинақтау, жүйелеу, қорыту үшін төмендегідей тапсырмалар ұсынуға болады:

  1. Өлеңдегі тауды сипаттайтын сөздерді белгіле, сол сөздерді теріп жазып жүйеле.
  2. «Асқар шыңдар желпиді бесігімді,

Бір орамын ағытып сәлдесінің» деген тармақтарды қайталап оқы, көз алдарыңа қандай бейне елестейді? «Сәлде» сөзі қай заттық ұғымның орнына жұмсалып тұр? Асқар шыңның түсі қандай? Сөз образын, көріністі, бейнені сипаттап айтып көр.

1. «Күн алғашқы сәулесін маған шашып,

Маған келіп түнейді қара тұман» - деу арқылы ақын нені меңзейді? Осы тармақтарда уақытқа қатысты сөз қолданыстары бар ма? Тауып белгіле, өз түсінігіңді айт.

1. Мәтіндегі Ана сөзінің қолданысына назар аудар. Өлеңде ақын Ана сөзін қандай ұғымда қолданған деп ойлайсыңдар?

2. Өлеңде табиғаттың тағы қандай перзенттері аталады.

  1. Өлеңді тұтас қайталап оқи отырып, тауға деген ақынның қарым-қатынасы мен сезімін түсінуге күш сал.
  2. Таудың қай қасиетін ақын ерекше қастарлейді?
  3. «Тау ұлы» тақырыбына ой толғау жаз.

Оқулықта өлең мәтініне қатысты мынадай тапсырма берілген: «Өлеңді мәнерлеп оқы, жаттап ал», «Ақынның ой-арманын әсірелеп, ақын қиялын қалықтататын бейнелі сөдерді дәптерлеріңе жазып алып, есіңе сақтауға тырыс», «Өлеңнен тау ұлында болуға тиіс қандай қасиеттерді аңғаруға болады»деген тапсырмалар дәстүрлі талдауларда мақсат етіліп жүрген мәтіннің тақырыбы мен өзекті ойын танытуға да жетімсіздік етеді. Оның үстіне ақын тау ұлының қасиеттерін сипаттауда басты мақсат етпейді. Тау ұлыны қатысты сындық ұғымдағы сөздер, эпитеттер мәтінде жоқтың қасы. Бұндай дидактикалық жағынан кемшіл сұрақ-тапсырмалар оқушыны мейлінше тығырыққа тіреп, ой-қиялын шектейді.

Әр шығарма өзіндік даралығымен ерекшеленеді. Аталмыш сыныптың өзінде оқытылатын өлең мәтіні бір-біріне ұқсамайды. Жанры, тақырыбы жағынан ұқсас шығарманың өзі айтпақ ойы, құрылымы, тілдік ерекшеліктері жағынан алуан түрлі болып келеді. Мәселен, 5-сыныпта М. Жұмабаевтың бірнеше өлеңі берілген. Әр өлең өзіндік даралығымен ерекшеленеді. Ақынның «Қысқы жолда» атты өлеңі сыртқы формасына қарағанда табиғат лирикасына жататын сияқтанғанымен, ішкі мазмұны мен құрылымы бір шама күрделі. Авторлық ұстаным айқын емес.

Өлеңнің композициялық құрылымына талдау жасай отырып, тақырыбы мен идеясын айқындауға болады. Өлеңнің алдыңғы фонына мекеншақ ұғымы шығады:

«Қараңғы түн», → «сары дала», → «Жолды басқан құр сорап».

Келесі кезекте желдің образы іс-әрекет түрінде айқындалады.

Келесі кезекте жолаушының жай күйі сипатталады:

Астымдағы жануар

Құлағын қайшыландырып,

Зорға борт-борт желеді . . .

Боранын тәңір ашпады,

Жол білінбей бастады,

Көрінген бір жарық жоқ,

Босаңсыды Қаракөк . . .

Сар далада адасып,

Суық кебін жамылып.

Қаларын кім біледі?. .

Өлеңде қаһарлы қыстың сипатын ашатын «боран», «ызғарлы жел», «Суық кебін» сияқты тіл бірліктері кездеседі. Өлеңде авторлық ұстанымды меңзейтін «сары дала» тіркесі кездеседі. Қыс суретіне сәйкеспейтін «сары дала» ұғымын оқушының өз түсініктеріне салып көру автордың ойын түсінуге жетелейді. М. Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңіндегі оймен сабақтастыру тиімді болмақ.

ІІ. Мұқағали поэзиясын оқытудың мақсаты

Поэзия әлемінде айрықша із қалдырған өзіндік үлкен өнер, өрнек тудырған, терең сырлы ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгіге аманат етіп алдырған ақын шығармасын жеке алып тереңдетіп оқыту. Бұл- Мұқағалидың қазақ әдебиетіне кіргізген жаңа әдеби әдістерін; өлең түрлері мен жанрын танып білуге, жаңа өлең өлшемдері мен ырғақ үндестіктерін, музыкалық әуенділігін, көтерген проблемалық тақырыптарының ауқымын анықтауға, стилі мен жаңашылдығын зерттеп, зерделеп оқуға мүмкіндік береді. Сабақ барысында Мұқағали поэзиясы бірнеше жанрлық ерекшелікке бөлінеді. Бейнешілдік талантты жан-жақты талданады. Мұқағали поэзиясын талдап оқыту барысында оқулықтан тысқары жазылған зерттеу пікірлергеде ден қоятын боламыз. Мұқағали өлеңдері қазақтың сөз өнері үшін жаңа, табиғаты ерекше туынды. Мұқағалидан тәсілін соғанға дейінгі қазақ поэзиясынан кезіктіру қиын. Ақын өлеңдерін оқи отырып, оның түсіну, қабылдау қасиетінің айрықша мол, әрқилы екендігіне студенттердің назарын аударамыз. Сол арқылы Мұқағали поэзиясының әлемнің ірі-ірі ақындарымен қатар тұра алатындай ірі суреткер екендігінің негізгі арналары ашылып, оны тереңдетіп, зерттеп оқу студенттерге жүктеледі. Соған қажетті оқулықтардың библиографиялық көрсеткіштері ұсынылатын болады. Ақын, поэзиясындағы тебіреністерінде табиғат көріністерінен адам әрекеттерін іздейді. Сондықтан жел болып жылайды, ақ қайың болып күрсінеді, бұл оның тамаша лирик екендігін білдіреді. Мұқағали поэзиясын талдау барысында ақынның лирикаларын (сезім-күй лирикасы, табиғат лирикасы, махаббат лирикасы, саяси лирика) деп бірнеше түрлерге бөліп оқыту арқылы шығармашылық ерекшелігін айқындаймыз ақын поэзиясын тереңдеп оқыту барысында, Мұқағали поэзиясы жайындағы ғасырға жуық айтылып келген пікірлердің жалған екендігіне студенттерді сендіру арқылы, бүгінге дейін қорқыныш тудырып . . . отырған пікір таластарды ыдыратамыз. Мұқағали поэзиясындағы ұлтына деген сүйіспеншілік ақынның ішкі жан толқынынан туындағандығына студенттердің көзін жеткіземіз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұқағали поэзиясын мектепте оқыту жолдары
Мұқағали Мақатаевтың экспрессионизмі және поэтикалық ойлауы
Тілдік әдеби норма және поэтикалық тіл
Мұқағали Мақатаев - мәңгі жыр
О. Жанайдаровтың поэтикалық аудармалары
М.Мақатаев поэмаларының идеялық- көркемдік ерекшелігі
Мұқағали Мақатаев лирикасы тілінің көркемдігі
Мұқағали Мақатаев шығармашылығындағы метафораның қолданыстық ерекшеліктері
Мұқағали Мақатаев Сүлейменұлы
Ақын Мұхтар Шаханов
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz