Орталық банк, оның мақсаты мен міндеттері, қызметінің бағыттары, меншікті қаражаттары мен пайдасы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе

І тарау. Орталық банк, оның мақсаты мен міндеттері, қызметінің бағыттары, меншікті қаражаттары мен пайдасы.

1. 1. Орталық банктің құрылымы мен басқару органдары

1. 2. Қазақстан Республикасы Орталық банктің қызметтері мен операциялары

ІІ тарау. ҚР - дағы Орталық банктің ақша айналысын басқару жолдары

2. 1. Ақша - несие саясаттарының құралдары

2. 2. Орталық банкінің сыртқы экономикалық қызметі және алтын валюталық резервтерді басқару

ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының Орталық банкінің коммерция саласында алар орны

3. 1. Коммерциялық банктердің резервтерін сақтандыру және несиелеу

3. 2. Банктердің жұмысын бақылау және қадағалау

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер


КІРІСПЕ

Менің курстық жұмыстың тақырыбы Қазақстан Республикасының Орталық банкі. Орталық банктің негізгі мақсаты - пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады және де мемлекеттің Ұлттық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуі.

Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар - ақшы тепе-теңдік саясатын жүргізеді.

Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.

Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие «банктердің банкі», «соңғы сатыдағы несие беруші» ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды.

Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әртүрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-епозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын басқару арқылы реттейді.

Қазақстан Республикасының Орталық банкінің негізгі міндеті - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан Республикасының Орталық банкісіне қосымша міндеттер жүктеледі: Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру; ақша - несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу; банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің салымшылардың мүдделерін қорғау.

«Қазақстан Республикасының Орталық банкі туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.

Жоғарыда айтылғандай, КСРО-ның мемлекеттік банкінің Республикалық кеңсесі Қазақстан Республиканың Орталық банкі болып қайта құрылған. Ол жай клиенттерге қызмет көрсететін мемлекеттік банктен орталық эмиссиялық банкке өзгертілді және «банктердің банкі» болды.

Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Орталық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Орталық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Орталық банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Орталық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.

Республиканың Орталық банкінің ең басты мақсаты - экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы - несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді.

Қазақстан Республикасының Орталық банкінің негізгі міндеті - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Орталық банк - заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиялық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Орталық банкінің эмиссилауында шығарылады және банктерге сатып, қолма-қолсыз эквивалент алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі - теңге болып табылады.

І тарау . ОРТАЛЫҚ БАНК, ОНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ, ҚЫЗМЕТІНІҢ БАҒЫТТАРЫ, МЕНШІКТІ ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН ПАЙДАСЫ

  1. ОРТАЛЫҚ БАНКТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ

Орталық банк - ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне - банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.

Заңның 9-бабына сәйкес, Орталық банк жарғылық қорын 10 млрд, теңге көлеміне мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Орталық банк тапқан пайдадан аударымдар.

Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің жұмысын ұйымдастырудың әртүрлі құқықтық формалары бар:

- оның капиталының калыптасуы 100 % мемлекеттің қаражаты есебінен болатын унитарлық банк;

- акцияларының бөлігі мемлекетке тиеселі (немесе мемлекеттің қатысуынсыз) акционерлік қоғам ;

- бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз) ;

- Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі.

АҚШ-та орталық банктердің капиталына мемлекет қатыспайды, олардың капиталы Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна пұл төлемдерінен тұрады.

Негізгі Орталық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет - жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор - ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты - банкіге тиеселі басқа қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады. Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға: активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың құндарының бір бөлігі жатады.

Пайданың жарғалық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Орталық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.

Қазақстан Республикасының Орталық банкінің негізгі міндеті - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Орталық банкісіне мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:

  • Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру
  • ақша - несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу
  • банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің салымшылардың мүдделерін қорғау.

Орталық банкі жұмысының негізгі бағыттары:

  • елдегі несиелік ресурстардың және ақша айналысын басқару
  • өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру
  • халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструкциялық нормативтік актілерді шығару (барлық банктерге міндетті), есеп жүргізу және банктердің есеп беруін ұйымдастырды.
  • банк ісін лицензиялау, ақша - несиелік реттеудің әдістерінің формаларын талдау.
  • банк ісін бақылау және қадағалау
  • елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау
  • ғылыми - зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу
  • валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т. б.

Орталық банктің несиелік ресурстары мыналардың есебінен құралады:

  • меншікті қаражаттары
  • басқа банктермен тартылған және келісім шарт негізінде Орталық банкіге орналастырылған ақшалай қаражаттар
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден тартылған қаражаттар
  • мемлекеттік арнайы қорлардан және бюджеттің уақытша бос қаражаттарынан.

Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да мәселелері «Қазақстан Республикасының Орталық банкі туралы» Заңы және «Қазақстан Республикасының Орталық банкі туралы» Ережесі негізінде анықталады.

Орталық банкі өзінің қызметтерін орындау үшін басқарма, директорат, бас аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті құрылымдылық бөлімшелері бар. Орталық банкінің 1996 жылғы құрылымы 1 - сызбада көрсетілген.

Орталық банкінің ең жоғарғы басқару органы Орталық банк төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына - Орталық банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламент пен Президенттің бір - бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі Басқарма мынадай сұрақтарды шешеді:

  • мемлекеттік ақша - несиелік саясатын жасайды.
  • Ұлттық банкі шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді бекітеді.
  • Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар мен монеталардың номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді.
  • Орталық банкінің банктермен және Қазақстан Республикасының бюджетімен операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемесін бекітеді.
  • Қазақстан Республикасының валюталық айырбас бағамын анықтау тәртібін белгілейді.
  • сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін бекітеді.
  • Орталық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық балансты қарастырады.
  • Орталық банк туралы Ережені, Ұлттық банк құрылымын бекітеді және Орталық банк депортаменттернінің директорларын тағайындайды.
  • банктер және олардың филиалдары үшін экономикалық нормативтерін бекітеді.

Басқарма шешімдерін басқарма қаулылары формасында жүзеге асырады.

1 - сызба. ҚР Ұлттық банкінің басқару құрылымы .

Басқарма мәжілісі қажет кездерде немесе айына бір рет өткізіледі.

Кезектен тыс мәжілістер Орталық банк төрағасының немесе басқарманың үш мүшесінің талабымен өткізіледі.

Орталық банк төрағасы Қазақстан Республикасының Президентінің ұсынуымен алты жылға сайланады.

Орталық банк төрағасы Орталық банк атынан және сенімхатсыз мемлекеттік органдармен, банктермен, несиелік, халықаралық және басқа ұйымдармен қатынастарда жұмыс істейді. Орталық банк төрағасы Орталық банк қызметі бойынша шұғыл және атқарушы - бұйырушы шешімдер қабылдауға, Орталық банк атынан келісім - шарттар жасауға өкілетті. Бірақ, бұған басқармаға берілген өкілеттер кірмейді.

Орталық банк төрағасы басқарманы, директорлар кеңесінің қызметін басқарады және Ұлттық банкіге жүктелген жұмыстар үшін жауап береді. Ол басқарма мүшелеріне және диреторлар кеңесі мүшелеріне жеке өкілеттіктер бере алады. Орталық банк төрағасы уақытша жоқ кезде, оның қызметін орынбасарларының бірі атқарады.

Орталық банк төрағасы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын сұрай алады. Ол Президенттің ұсынысымен орнынан босатылады.

Төраға орынбасарлары және басқарма мүшелері Орталық банк төрағасы арқылы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын сұрай алады.

Орталық банктің жедел басқару органы - Директорлар кеңесі (директорат), ол Ұлттық банк төрағасымен басқарылады.

Директорат, «Қазақстан Республикасының Орталық банкі туралы» Заңға сәйкес Орталық банкінің қарауындағы, төрағаның және басқарма қарауындағылардан басқа барық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

Директорат құрамына - төраға, оның орынбасарлары және депортамент директорлары кіреді. Орталық банкінің орталық аппаратарында келесідей (1997 жылдың ортасындағы жағдай бойынша) : ақша несие операциялары, банктік қадағалау, халықаралық қатынастар, эмиссиялық - кассалық операциялар, ақпараттық технологиялар, бухгалтерлік есеп және бюджет, ішкі қызмет, зерттеулер және статистика, ішкі аудит, есептеу жұмыстары, төлем жүйелері, шетелдік операциялар, заң депортаменттері және дербес басқармалар бар.

Орталық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлерде өзінің облыстық басқармалары, Алматы бас филиалы арқылы жүзеге асырады. Олар филиалдың құқықтарын пайдаланады және Ұлттық банк атынан қызмет етеді.

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ БАНКІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫ

Орталық банк «Қазақстан Республикасының Орталық банкі туралы» Заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:

  • айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша - несие саясатын жүргізеді, Қазақстан Республикасы аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады.
  • кепіл берушісі Үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады.
  • Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді.
  • Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын өкілдіктерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді.
  • Банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының оның тіркелуіне дейін өзі белгіленген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді.
  • Ол банктерге несие беруге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді.
  • Банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді әрі пруденциалдық нормативтер белгілейді.
  • Қазақстан Республикасында ресмимөлшерлемелерді өзгерту арқылы банктік пайыз мөлшерлемелерінің дейгейін реттеуді жүргізеді.
  • Қазақстан Республикасында информациялық процестерді ақша - несие реттеуі әдістерімен бәсендете алмаған жағдайда Орталық банк банктердің операциялары бойынша несиелік салымдарды шектеу және пайыз мөлшерлемелерін өзгертуге құқықтар береді.
  • Қазақстан Республикасында есеп айырысу тәртібін, жүйесін және нысандарын анықтайды, қазақстандық теңгемен банкаралық есеп айырысулардың мезгілінде және үзіліссіз жүргізілуін қамтамасыз ететін жүйенің жұмыс істеуін ұйымдастыруы тиіс.
  • Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлық түрін жүргізуге құқылы.
  • Банк ісі, есеп, есеп айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша банктерге, валютаны сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге асыратын мекемелерге және олардың клиенттеріне орындауға міндетті нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар, олардың орындалуын бақылайды.
  • Бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін банктерге, шетелдік валютаны сатып алу, сату, айырбастаумен айналысатын ұйымдарға бухгалтерлік, статистикалық тағы басқа есеп берудің тізімін, формасын және мерзімін бекітеді.
  • Егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса, Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа шаруашылық субъектілермен жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы бюджеттік және басқа да щоттардан төлем жүргізу кезегін, есеп айырысуларды реттеу мақсатында бекіте алады.
  • Ұлттық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін ұйымдарды құруға және оларды басқаруға қатысуға құқылы.
  • Қолма - қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу және инкассациялау ережелерін бекітеді, банкноттар мен монеталарды тасуды, сақтандыруды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен монеталардың мемлекеттік резервтік қорларын құрады.
  • Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансын құрады және тұрақты түрде жариялайды.
  • Ішкі және сыртқы активтер бойынша болжамды есептер шығарады.
  • Ақшалай қаражаттарды есепке алуда қате кеткенде немесе қолдан жасалған құжаттар бойынша есепке алынған қаражаттар анықталған жағдайда клиенттердің және банктердің шоттарынан ақша қаражаттарын сөзсіз шегеру құқыны ие.
  • Қазақстан Республикасындағы банктер жүйесіне кадрларды дайындауға қатысады.

Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаттары арқылы қаржыландыратын несиелік - есеп айырысу және ұйымдардың кассалық қызмет көрсетуімен байланысты операциялар жүргізеді.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтер атқарады.

ІІ ТАРАУ. ҚР - ДАҒЫ ОРТАЛЫҚ БАНКТІҢ АҚША АЙНАЛЫСЫН БАСҚАРУ ЖОЛДАРЫ

2. 1. АҚША - НЕСИЕ САЯСАТТАРЫНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ

Орталық банк - заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиялық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Орталық банкінің эмиссилауында шығарылады және банктерге сатып, қолма - қолсыз эквивалент алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі - теңге болып табылады.

Орталық банк банкноталар мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасауын қамтамасыз етеді, сақталу, жою және қолма - қол ақшаның инкассациялау тәртібін орнатады.

Қазақстан Республикасында шығарылған банкноталар мен монеталардың номиналдық құрылымы, айшықталған пішіні болу керек. Банкноталар мен монеталардың көрсетілген сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс.

Валютаны өөзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Парламентінің құқы бар. Орталық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау құқығы Президентіне жүктеледі.

Орталық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді.

Қолма - қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады.

Қазақстан Республикасында ақша банкноталарын өндіру және коммерциялық банктерге инкассациялауға лицензия беру бойынша өз күштерін енгізуімен байланысты, қолма - қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспондеттік шоттағы қаражаттарының қалдығы шегінде қолма - қол ақша түрінде қолдау алады, сонымен қатар, операциялық кассадағы қолма - қол ақша қалдығына шек қойылмайды.

Эмиссия - бұл мемлдекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма - қол түрінде де немесе қолма - қолсыз ақша түрінде болуы мүмкін.

Қолма - қол түріндегі эмиссия - айналысқа банкноталар мен монеталардың қосымша шығарылуын сипаттайды.

Қазақстандағы теңгенің көп мөлшерде эмиссиялануының негізгі себептерінің бірі - кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма - қолсыз есеп айырысулардың біртіндеп қолма - қол есеп айырысуларға ауысуы, бұны әрине, жағымсыз құбылыс деп есептеуге болады.

Бірақ 1995 жылы жағдай жақсара бастады, бұл кассалық түсімдердің кассалық шығындардан көбеюі нәтижесінде қолма - қол ақшаларды эмиссиялаудың үлес салмағы банк кассасында берілуі қысқарады.

Депозиттік банктердің эмиссиясы депозиттік қарыздық операциялардың процесінде іске асады. Банкідегі депозиттер сомасы несие ақшаны құру үшін қажет потенциалын жасайды. Банк салымдарын чек эмиссиясы немесе қарыз беру арқылы жұмылдырған кезде несие ақшалар құралады. Бұл операциялардың сызбасы келесідей : 100 ақша бірлігіндегі депозит үшін міндетті резерв 15 ақша бірлігін құрайды, қалған 85 ақша бірлігі банкі арқылы қарызға берілуі мүмкін. Сонда айналымдағы ақша массасы: 100 + 85 = 185 ақша бірлігі болады. Бұл сомасы - 85 ақша бірлігі болатын жаңа ақшаның құрылуын білдіреді. Осы жолмен құрылған ақшалар өз кезегінде өздері ақша эмиссиясының себебі бола алатын басқа депозиттердің пайда болуына әкеледі. Яғни ақша мультипликативті көбеюі орын алады.

Депозиттік банктердің эмиссиясын реттеу Орталық банкінің ақша базасы сияқты, ақша агрегатын және ақша мультипликациясын бақылау арқылы жүреді.

Ақша базасы - бұл Орталық банк шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы қолма - қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер - бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта несие корреспонденттік шотында сақталуына міндетті банк депозиттерінің бөлігі (бұл Ұлттық банкінің келісім бойынша тек қана қаржылық тұрақты банктермен қолданылатын резервтердің баламалы әдісі деп аталады. )

Артық резервтер дегеніміз банктердің Орталық банкідегі корреспондеттік шоттардағы қалған қалдықтары. Айналымдағы қолма - қол ақшаның мөлшері банктердің корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың болуына байланысты болғандықтан, Орталық банк ақша базасының мөлшерін екінші деңгейдегі банктердің Орталық банкідегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының көлемін, яғни банктердің өнімділігін реттеу арқылы реттейді.

Ол ақша - несие саясатының құралдарын пайдалануымен іске асады. Бұл құралдары ақша базасының кеңеюінің шегін көрсететін және ақша массасының, ақша базасына қатынасы арқылы есептелінетін ақша мультипликаторының мөлшеріне әсер етеді.

Ақша мультипликаторының мөлшері міндетті резервтеу нормасына байланысты, өйткені міндетті резервтер банктер мен несие ресурстарының көзі болып пайдаланбайды, сонымен қатар, айналымдағы қолма - қол ақшаның үлес салмағына байланысты болады.

Бұл - айналымдағы қолма - қол ақшалардың банктерден тыс орналасқанда байланысты. Ақша мультипликациясының интенсивтілігі олардың экономикадағы айналу жылдамдығына әсер етеді, мультипликацияның коэффициентік жылджамдығы азаяды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша эмиссиясы
Коммерциялық банктегі қаржылық талдау пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Ұлттық банкіге орналастырылған ақшалай қаражаттар
Банктің меншікті капиталын басқару
Банк ресурстарынын қалыптастыру теориясы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мақсаттары туралы
Коммерциялық банктің қаржылық ресурстарының жіктелуі
«Банк ісі» лекциялық курсы
Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының Орталық банк қызметінің заңдылық негіздерін атап өту
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz