Іс-әрекет түсінігі және онымен байланысты психологиялық факторлар


Іс-әрекет психологиясы.
Жоспары
- Іс-әрекет түсінігі және онымен байланысты психологиялық факторлар.
- Іс-əрекеттің мақсаты.
- Іс-әрекет құрылымы мен түрлері.
- Еңбек.
- Қорытынды.
- Пайдалынылған әдебиеттер.
... жалғасы1. Іс-әрекет түсінігі және онымен байланысты психологиялық факторлар.
Барша тіршілік иелері қоршаған дүниемен өмірлік маңызы бар байланыстар жасап, əрі оны қажетінше орай өзгертіп, өзінше бағыт-бағдар тандауға қабілеті, яғни белсенділік көрсете алады. Тіршіліктің жалпылама сипатын қамтыған адам қоғамындағы белсенділік өз ерекшелігіне орай айрықша көрініске ие. Бұл белсенділік көрінісі іс - əрекет деп аталады. Адам іс - əрекет күрделі құбылыс. Оның қыртараптарың əртүрлі ғылымдар зерттейді: əлеуметтік мағынасын қоғамдық ғылымдар; физиологиялық механиздердің- физиология пəні; ал психологиялық- іс-əрекеттің психологиялық болмысын танумен шұғылданады. Іс-əрекет психологиясын зерттеуде, əдетте, назарға жеке дара адамның іс-əрекеті алынады, ал кейінгі уақыттары психологиялық зерттеулердің объектісіне бірлікті жымдық іс-əрекет те алынып жүр.
Адам іс-əрекетінің нəтижесі- нақты бір өнім. Ал осы өнімді əр бір жеке адам көбіне өзі үшін емес, қоғам игілігі үшін өндіреді, жаратады. Өз кезегінде, осы қоғамның көптеген мүшелерінің өнімі əр бір жеке адамның мүддесін қамтамасыз етуге жұмсалады. Тіпті адам бір нəрсені тек өз қажетігіне жасап жатқанның өзінде, ол өз еңбегінде басқалардан алған білімдерін қолданып, олардың тəжірибесін пайдаланады.
Іс-əрекет қоғамдық-тарихи категория. Шынында да, қалаған жеке іс-əрекет қоғам қызметімен тығыз байланысты, əрбір тұлға басқа адамдармен қарым-қатынаста. Жеке іс-əрекет қоғамдық іс-əрекетінің тетігі, нақты көріністегі бөлігі ретінде қарастырылалы. Қоғамдық байланыстармен қатынастырдан тыс жеке, дара іс-əрекет жасамайды. Жеке іс-əрекет қоғамдық іс-əрекеттің құрылымды бөлігі болғандықтан, оны зерттеп талдау да осы жеее əрекетті қоғам өміріндегі рөлін білуден басталғаны жөн. Сондықтан іс-əрекет белгілі қоғамның кезеңдік тарихи даму сатындағы қалыптасқан нақты қоғамдық қатынастар жүйесімен байланыстырыла зерттелуі тиіс.
Қоғамдық қатынастар жеке адамдардың іс-əрекетінен тыс болуы мүмкін емес. Керісінше, іс-əрекетің қайсысы болмасын қоғамдық қатынастардың іске ауысыуын байқататын негізгі формалардың бірі. Белгілі қоғамдағы іс-əрекет түрлері қоғамдыағы өндірістік күштердің дамуы денгейі жəне қалыптасқан қоғамдық қатынастар жүйесімен анықталады. Іс-əрекетте ғана адам қоғамдық тұлға, азамат болып танылады.
Іс-əрекет əр дайым міндетті түрде психика қатысуымен түзілетін субъектінің объектімен байланысы. Қандай да бір іс-əрекетті орындау барысында адам бір нəрсені қабылдауы, есінде қалдыруы, ойлауы, оған дейін аударуы қажет; əрекет желісінде оның қандайда көңіл-күй шарпулары туындап, ерік сапалары іске қосылады, ниет-ұстамдары мен қатынастары т. б. қалыптасады. Бұларсыз еш бір іс-əрекет болуы мүмкін емес. Біз психикалық деп анықтап жүрген адамдағы процестер, қалыптар мен қасиеттердің бəрі осы іс-əрекет барысында қалыптасады, дамиды, көрініс береді.
Белгілі жағдайда адамды, нақты іс-əрекетке бағыттайтын ықпал қандай нəрсе? Адамды барша тіршілік иесі сияқты белсенді іс - əрекетке келтіретін күш - қажетсіну, яғни индивидтің өзінің тіршілік жəне дамуының кажетті жағдайларына тəуелділігінің көрсеткіші.
Хайуанаттар əлемінде қажетілікті қамтамасыз ету белсенділікке мəжбүр ететін қандайда бір табиғи затқа байланысты. Ал адам қажеттіктері өндіріс пен мəдениеттін даму салдарынан туындайды. Егер жануарлан қажетсінуін табиғидеп е ептесек, онда адам қажетігі табиғ қажнттікке үстеме, тікелей заттық мəні мен əрекетінен алшақтап, жанама түрге келген құбылыс.
Адамның оз қажетіліктерін қамтамасыз етуде нақты қоғамда тарихи қалыптасқан тəсілдерді пайдалануы осы қажеттілікті орындауға жеке жəне қоғамдық ірекеттің біргуінен айқын көруге болады. Бұл сондай-ақ əрбір жеке адамның озінің ең қарапайым қажетіліктерін қанағаттандыру үшін қоғамдық еңбек бөлісі нəтежелерін пайдаланады. Қажетсінудегі жеке жəне қоғамдық мүдделердің байланысты болуын əр бір адамның жеке көп деген қажеттілектерінің өзі араласқан қоғам, ұжым, топ қажеттіліктерімен тығыз байланыста болуынан деп түсіндірген орынды. Сондықтаң да бір топқа саналы біріккен адамдардың қажеттіліктері де бірыңғай келеді.
Қоғамдық талаптар да мəдени қажеттіктердің сан алуандығына бастау береді. Əр топтарға араласа жүріп, жастар кең ауқымдағы мəдени қажетсінулерге ұшырайды: сəнді, заманына сай киімнен, кино киіпкерлерінің суретінен бастап, мəнді əрі қызықты кітапқа дейін. Ал енді осы қажеттіктердін ішкі, субъектив бағасы адамның құндлық талғамы мен көз қарасына тəкелді болса, олардын сыртқы, объектив құны кажеттіктердің адам өмір сүріп жатқан қоғам талаптарына сай келуіне байланысты.
Мазмұндық сипаты бойынша қажетіліктер заттасқан құндылық жəне рухани құндылық- қоғамдық сана өнімдеріне тəуелдіктен шығатын құндылықтар болып бөлінеді. Адам қажеттіліктерінің бəрі өзара тығыз байланысты. Заттық қажетсінулер орнына келмей, рухани қажеттілік қанағаттың тпаппайды.
Алайда, қажеттілік өздігінен саналы əрекет туындата алмайды, оған күнде де инстингтік не ойсыз қылыққа себеп болуы мүмкін. Мақсат бағдарлы іс - əрекет түзілуі үшін қажеттілік сол қажеттілікті қамтамасыз етуге керек болған затпен сəйкестендірілуі тиіс. Саналы таныған жəне қабылданған қажеттілік əрекет - қылықтың түрткісіне айналады. Іс-əрекеттің психологиялық тұрғыдан талдануында түрткі жəне мақсат түсініктеріне үлкен мəн беріледі. Түрткі мен мақсат іс - əрекетін бағдарын анықтайтын сілтеу көрсеткіш қызметің атқарып, сол əрекетін орындауда субъектіге керек болған күш қуат мөлшерінде айқындауға жəрдемін береді. Осы түрткі мақсатты іс - əрекет барысында өрістейтін, қалыптасатын психикалық процестер мен қалып, қасиеттердің бəрін жүйелестеріп ұйымдастырады.
Адам іс-əрекеті, қылығы жөнінде сөз қозғалғанда, алдымен назарға алынатын нəрсе - əрекетке итермелеуші субъектив толғаныс ықпалдары. Осы түрткі ықпалдар адам əрекет-қылығының қозғаушы күші, себебі. Жалпыланған түрде түрткі объектив заңдылықты қажетсінудің психикалық бейнесі. Қажетсінуден адам əрекет-қылығы белгілі түрде, формаға енді.
Бірақ, əрекетке келтіруші ішкі субъектив ықпал болып тұрып, түрткі іс-əрекеттің нақты сипатын анықтап бере алмайды. Бір түрткінің əр қыйлы іс-əрекетте жүзеге асу мүмкін емес. Қажеттілік пен лны қанағаттандыру əдістерінің арасында бір жақты, қатып қалған байланыс жоқ. Қандай да бір белгілі түрткіге орайтуындаған іс-əрекеттінің қандай күйде болатының мақсат анықтайды. Естен шығармайтың жəйіт: бір түткі негізінде əрқилы мақсаттар қойылуы мүмкін. Түрткі əрекетке келтіруші қажеттілікке байланысты, ал мақсат əрекет бағытталған жəне сол əрекет барысында өнімге айналатын затқа байланысты.
2. Іс-əрекеттің мақсаты дегеніміз- сол іс-əрекеттің болашақ нəтижесін күні бұрын санада болжау. Осы болжау, яғни мақсат заң ретінде адам əрекетінің сипаты мен əдісін анықтап береді. Мақсат, сонымен, алдын ала бейнелеудің құралы. Мақсат жеке орындалатын қызметке тыстан келіп қосылмайды, оны сол əрекеттік іске асырушы адамның өзі белгілейді. Бұл процеске нақты адамның оқуы, тəрббме барысында игерген қоғамдық тəжірибесі қосылады. Белгіленген мақсат қызмет барысынрда іске асады. Сонымен бірге іс-əрекеттін күрделілігі мақсат пен іс-əрекет объектің арасындағы жақын сəйкестікке, əрекетті орыпдауға қажет құрал-жабдықтардың боллуына байланысты.
Əдетте, адам іс-əрекет процесінде бір емес, ал бір топ өзара тəуелді мақсаттар жүйесін негіздеуге мүмкін. Егер адам тек жақын мақсаттарды басшылық алса, оның іс-əрекетінің келешегі болмайды. Мұндай адамдарды қиын-шылықтар жұмыстан бездіре алмайды, керісінше белгіленген міндеттерді іске асыру жолында ынтасын күшейте түседі.
Психологияның зертейттін міндеттерінің жəне бірі-бұл сезімдік қабылдау, саналық жəне басқа да психологиялық процестердің нақты іс əрекет жағдайындағы жүрісін, өзгерісін бақылау. Осының нəтижесінде мақсат түрткі өте жетілген əрекет -қылық реттегіші болып қоймастан, сол əрекет процесіне араласатын психикалық құбылыстарды белгілі жүйеде ұйымдастырушы да. Осы мақсат пен түрткіге байланысты қабылдаудағы таңдамалық, зейін ерекшелігі, естегі қажет ақпараты жіктеп алу т. б. іске асады.
Іс-əрекетті психологиялық талдаудын нəтижесінде сол əрекетінің объектісі болған заттар, əрекет шарттары мен құрал-жабдықтарының адам басында бейнелік құбылысқа айналып, осы құбылыс өз кезегінде əрекетті орындауға қатысатын дене мүшелеріне қалайынша жеиекшілік ықпал жасайтыны айқындалады. Іс - əрекеті зерттей отырып, психология шындықты субъектив бейнелеудін формаларын, денгейін жəне қозғалыс-өзгерісін жəне сол əрекеті психикаляқ реттеп отырудын механизмдерін айқындауы тиіс. Сонымен бірге, психология əр қандай іс-əрекеттің оны орындаушы субъектегі психологиялық процестерге, қалыптарға қасиеттерге жəне жалпы адам заттың дамуына əсер, ықпалын зерттейді.
Жантану проблемалары қатарында өз түсініктемесін күтетін мəселе: іс-əрекеттің санаадағы жоспары иен оның нақты орындалуы процесі арасындағы байланыстың іске асуы. Бұл үшін əлі орындалмаған əрекет нəтижесін саналық бейнелену табиғатын біліп алу қажет. Мұндай таным қоршаған дүниеде орыны бар құбылыстар заңдылықтарына орай топталады. Адам осы заңдылықтарды аша отырып, өз іс - əрекетінде қолданады. Бұл жағдайда сыртқы заттасқан əрекет ішкі саналық əрекетке ауысады. Объектіге бағыттаған заттық əрекетіне бір сəтке идеялық операцияларға келтіріледі. Сыртқы нақты іс-əрекетінің саналық ішкі əрекетке
айналуы интереоризация деп аталады. Бұл құбылысты келесідей көрнелікке келтіруге болады: алдымен адамзатпен кейбір əрекетке келеді; бұл сырт əрекет қолына алып, олай-бұлай қарастырады; кейін əрекет санаға өтеді де, психологиялық əрекетке айналады. Əрекет бұл жолда қысқарады, біршама жойылады не өзгеріске ұшырайды.
Адам іс-əрекетінде сол əрекетті ішкі жəне сыртқы мазмұны байланысқан. Сыртқы, затпен байланысты - қоршаған дүниеге ықпал етудегі адам əрекеті - ішкі əрекетпен анықталады да реттеледі.
Сыртқы заттасқан əрекеттігі əрдайым ішкі психологиялық əрекетін тысқы көрінісі ( экстриоризация ) деп қарастыру мүмкін, себебі адам өзінің нақты əрекетінде алдын ала санада жоспарланған ойды іске асырады. Сыртқы əрекет ішкі жоспар қадағалануда болады. Адам орындап жатқан əрекетін ойында бейнене ой түрінде қабылданған жоспармен салыстырып отырады. Міне осыдан жантану ғылымы іс - əрекетін сырттай көрінісін зерттей отырып, оның ішкі мазмұның ашады, дəлірек айтсақ психологиялық іс-əрекеттегі нақты рөлін түсіндіреді.
3. Іс-әрекет құрылымы мен түрлері
Іс-әрекет құрылымы жөніндегі проблема жантану теориясының дамуы мен көптеген практикалық міндеттердің тиімді шешімін табудаүлкен маңызға ие. Іс-әрекет құрылымы жөніндегі алғашқы теориялық пайымдаулар әрекет элементтерімен байланыстырылды. Бұл қарапайым элементтер ретінде әрекеттің ең жай түрлері: алу, қою, көтеру қабылдау (Ф. Трейлер, Д. Джильберт) . Әр қандай Іс-әрекет осы элементтердің бірізді тізбегі.
Инженерлік психологияның дамуымен Іс-әрекет тұрақталған алгоритмдер сипатындағы құбылыс деп тану кең өріс алды. Осыған орай элементтер жөніндегі түсінік те және олардың әрекет орындау әдістерімен байланысты туралы көзқарас та басқаша болды. Әлбетте, әрекетті алгоритмдік құрылым сияқты тану Іс-әрекеттінің психологияны қызықтыратын тарапы, яғни субъективтік мазмұны мұндай жағдайда назарға ілінбей қалады.
Психологиялық тұрғыдан Іс-әрекет өте күрделі, көп өлшемді де деңгейлі, ұдайы даму-өзгерістегі құбылыстары әрқилы ғылыми тұжырымдарға негізделген теориялық бағыттарға әдетте, жеке элеметтерге бөлініп, оларды өзара байлныссыз зерттеуде, Мысалы, бір тұжырым бойынша Іс-әрекет бірізді өзара ауысып отыратын қимылдар жиынтығы делінсе, екіншісі - Іс-әрекеттің түрткілік қырына улкен мән береді, ал ушінші бірі - Іс-әрекетті реттеп беруші механизмдерді талдауға көп назар аударады. Іс-әрекетті онымен қоса жүретін физиологиялық процестермен дұрыс байланыстыра талдау концепциясы да жоқ емес. Әлбетте, аталған ғылыми бағыттардың бәрінің де өзіндік маңыздылығы орасан зор әрбірі ие құнды нәтижеге жеткізіп, бірін-бірі толықтырып отырады. Бірақ олардың әрқайсысы өз алдын даәмбебап сипатқа ие емес.
Сонымен, іс-әрекет-адамның қоршаған дүниемен өзара ықпалды байланысының қозғалысты жүйесі. Осы жүйеде психикалық бейне пайда болып, объекті куйіне енедң, ол Іс-әрекетті саналы қабылданған мақсаты болып табылады. Белгілі мақсатты болуынан әрқандай белсенділікті Іс-әрекет деп санауға болады. Ал Іс-әрекеттің бүкіл басқа тараптарының бәрі- сеп-түрткі, Іс-әрекетті жоспарлау, ағымдағы ақпаратты өңдеу, шешім қабылдау ы бірде сезілсе, көбіне еске алына бермейді. Алынған күнде де толық болмауы, кеде тіпті қате де болуы әбден мүмкін. Іс-әрекет қандай деңгейде танылмасын, саналымақсат оның қажетті белгісі.
Жеке адамның әрекеті еңбек Іс-әрекетінің қандай да бір көрінісі ретінде қалыптасқан. Белгілі бір қоғамдық қызметке бағы талған әрекет жиынтығы еңбектік Іс-әрекеттің белгілі бір түрін құрайды. Ал еңбектік Іс-әрекет әрдайым белгілі өнімге арналатындықтан, адам әрекеті де тиісті нәтижени көздейді. Адам әрекетінің саналы әрі мақсатты болуы - адамның басқа жануарлар дүниесінен ажырауы белгісі. Бірақ мақсат қаншама маңызды болғанымен, оның бір өзі әрекеттің толық мәнңн таныта алмайды. Іс-әрекет бағдарланған мақсат өзінің біпшама қашықтығымен еленеді. Сондықтан оған жетем дегенше адам бір-біріне байланысты, ізбе-із келетін әлденеше жеке міндеттерді орындауына тура келеді. Бұл міндеттермен байланысты әрекеттер операциялар деп аталады. Әрқандай мақсат көздеген Іс-әрекет орындалу барысының әр мезетіне орай іске асып отыратын осы операциялардан құралады. Адам Іс-әрекеті әрқилы және әр деңгейдегі әрекеттердің жәрдемімен жүзеге келеді. Ал осы жай бір міндетті іске асыруға қажет болған біршама біткен Іс-әрекеттің әрбір элементі әрекет деп аталады. Затқа бағдарланған осы әрекет қимылдар бірікпесінен жасалады. Олар: алу, орын ауыстыру, босату. Сапалық жағынан бұл қимылдар әлді- әлсіз, дәл-жаңсақ, жылдам-шабан, епті-епсіз, бағдарлы-бағдарсыз болуы мүмкін.
Затқа бағдарланған қимылдардан басқаадам Іс-әрекетінде денені қалыпты ұстау, қозғау және тілдесуге қажетті қимылдар да болады. Сонымен, әрқандай заттық әрекет белгілі қимылдар жуйесімен қамтамасыз етіледі. Ал бұл қимылдар әрекеттің мақсатына, заттың қасиетіне және әрекет шарттарына байланысты. Белгілі әрекеттің орындалуында қатысатын қимылдар өздігінен не бір дене мүшесінің қандай да қозғалысқа келуінен емес, адамның жеке ниетіне, қозғалысты міндетке орай іріктеуіне, орындалатын қимылға деген қатынасына қарай іске араластырылады. Ниет өзгерісі қозғалыс ауқымын да бұрып жібереді.
Адам қимылының шын мәні мен жетілгендігі сол қимылды қажет еткен саналы әрекетке тікелей байланысты.
Әрекетті құрайтын қимылдар тобы белгіленген мақсатқа орай басқарылады және реттеледі. Дәл осы орындалатын әрекеттің нәтижесі қойылған мақсат тұрғысынан бағаланады, қажет болса оған түзетулер ендіріледі. Адамның көздеген мақсаты нақты осы мезетте көрінбей, ол ендігі орындалатын әрекеттің жемісі. Сондықтан, мақсат адам миында Іс-әрекеттің болашақтағы натижелік бейнесі не әрекетшең моделі болып із береді. Осы болашақтағы ниет бейнесі әрекеттің нақты нәтижесімен салыстырылады.
Әрқандай жаңа іске кірісуде адам істің орындалу тәсілдерін білмегендіктен, мақсатқа бағытталған бүтін әрекетті де, оның элементтерін де ойланып, саналы бараластырып орындауына тура келеді. Ал бірнеше қайталай отырып, адам мақсатқа бағышталған әрекетті енді саналы күш-жігерін жұмсамай-ақ орындау мүмкіншілігіне қол жеткізеді. Саналы әрекеттің орындалу барысында кейбір қимыл элементтердің сана аймағынан шығып, өздігінен орындалуы әрекеттің автоматтануы деп аталады.
Жаттығу, үйрену нәтижесінде қалыптасатын адамның саналы Іс-әрекеті бірліктерінің автоматты түрде орындалуы - дағды атамасын алған. Әңгіме әрекет емес, сана қатысынсыз орындалатын қимылдар жөнінде, себебі адамның қалаған қалыпты Іс-әрекеті сана басқаруымен болатыныбелгілі. Бір міндетке байланысты әрекетті екі не одан да көп қайталау барысында адам сол әрекетті орындау әдістерін қолдану үшін ойланып-толғанбай, бүтін Іс-әрекет элементтерінің бірінен екіншісінежеңіл ауысып отырады, яғни кейбір әрекет-қимылдар дағдылық қасиетке айналып, автоматтанған орындалу қалпына түсіп, енді адам жеке қимылдарын реттеп отыру борышынан арылып, өзінің саналы әрекетін күрделірек жүктемелерді атқаруға бағыттайды.
Адамның қай әрекеті болмасын үш тараптан тұрады: қимылдық, сезімдік және саналы, бұлардың әрбірі өзіне сәйкес қызмет атқарады, ол қызметтер: орындау, бақылау және реттеу.
Әрекет құрылымындағы бірліктердің біршама автоматтанып, дағды қалыптасуынан келесі тәсілдер өзгеріске келеді:
а ) әрекет орындалуы- майда қимыл -қозғалыстар біртұтас әрекетке бірігеді, артық, қажетсіз қозғалыстар жойылып, қимыл жеделдей түседі;
ә ) әрекетке сезімдік бақылау- қимылды көзбен бақылау бұлшық еттер бақылауымен ауысады, әрекет нәтижесін бақылауға қажетті бағыт- бағдар сараптау қаьілеті дамиды;
б ) әрекетті санамен реттеп бару - зейіннің әрекет тісілдерінен сол әрекеттің орындалу жағдайлары мен нәтижелеріне ауысуы. Осыдан әрекеттегі кейбір есеп-қисаптың санаға байланысты шешімдер бірлікті әрі ықщам қабылданады. Келесі қимылға көшуге болған ішкі дайындық алдыңғы әрекеттің орындалуымен бірге жүргізіліп, жаңа әрекетке өту арнайы жоспарсыз-ақ орындалады.
Дағдыға қалыптасуда адамның жеке басының ерекшеліктері үлкен маңызға ие. Күрделі, бірақ бір типті дағдылар бір адамда жеңіл орнығып0 екіншісінде қиындау қалыптасады. Сондықтан да дағды қалыптастыру үшін жаттығулар саналы іріктеліп, әрекеттің тұтастай орындалуы немесе оның күрделі бөліктері арнайыеқайталау және бекіту әдістерін пайдалануды талап етеді. Ал әр жағдайдағы нақты әдістер саны мен түрі бекуі тиіс дағды әрекеті мен сол әрекетті игеруші адамның ерекшеліктеріне байланысты.
Ойын арқылы бала өз мүмкіншіліктеріне орай қажеттіліктері мен талаптарын іске асырып отырада. Ойынға байланысты бала нақты жағдайды өз санасында қиялға айналдырып, сол ситуациядағы сезімдері мен эмоцияларын іске қосады. Белгілі рөлді ойнай отырып, бала бөтеннің болмысына тусіп қана қоймастан, өз болмысын байқатады, кеңейтеді, тереңдете түседі. Осылай бала өзінің тек қиялын ғана дамытпай, ойлау, ерік, тіпті жеке адамдық қасиеттерін баули түседі. Ойындық Іс-әрекет бала тілінің шығуымен қарқында дами бастайды, осыдан сәби қоршаған дүние ортасынан өз «менін» бөлектеу қабілетіне жетіседі.
Сонымен, ойын баланы заттар мен құбылымтар мәнін тануға, әртүрлі қимылдар мен әрекеттерді орындау ептіліктерін игеруге жаттықтырып, өзін тек әрекет субъекті емес, енді адам аралық қатынастар субъекті дәрежесіне сезәге жетелейді.
Оқу . Тарихи даму барысында еңбек формалары үздіксіз жетілуде және күрделенуде. Осыдан еңбектік Іс-әрекетке қажет білімдер мен дағдылар еңбек процесінің өзінде игеру анағұрлым қиындықтарға соқтыруда. Сондықтан адамды алдағы еңбектік Іс-әрекеттерге дайындау мақсаты осы Іс-әрекеттің ерекше түрі оқудың өз алдына бөлініп шығуын керек етті. Бұл еңбек түрі - оқу басқа адамдардың өткендігі жинақтаған тәжірибесінің қорытылған жәтижелерін үйренуге бағышталады. Адамзат бұл үшін өсіп келе жатқан әулет өмірінің ерекше кезеңін белгілеп, оқудың арнайы да негізгі Іс-әрекеттігін танытатын жағдайларды жасады.
Әрбір адамның өмір бойы бірізді ауысып отыратын Іс-әрекеттерінің ортасында оқу өз орнын иелеп, ойыннан кейінгі, еңбектен алдыңғы процестік мағынаға
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz