Шәңгерей Бөкеев


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 2

І. Шәңгерей Бөкеевтің өмір жолы . . . 3

1. 1. Ақынның балалық шағы . . . 3

1. 2. Ақынның өмір жолы . . . 5

ІІ. Шәңгерей Бөкеевтің шығармашылығы . . . 7

2. 1. Ақын шағармаларының көркемдік ерекшеліктері . . . 7

2. 2. Шәңгерей Бөкеевтің ақындығы . . . 10

2. 3. Ақынның өлеңдеріне талдау . . . 14

2. 4. Шәңгерей Бөкеев туралы сөз . . . 31

2. 5. Сабақ жоспары . . . 32

Қорытынды . . . 39

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 40

Кіріспе

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқушыларға сапалы оқытудың тиімді әдістерінің бірі болмақ. Репродуктивтік немесе көшірмелік әдіс арқылы мұғалім оқушыларға даяр білім мазмұнын жеткізеді. Негізінде, әдебиет сабақтарында репродуктивтік әдіс үлкен орын алады. Өйткені дайын көркем шығарма мәтінін оқу, түрлі талдаулар жасап, тапсырмалар орындау жұмыстары репродуктивтік әдіс арқылы жүзеге асырылады. Десек те, репродуктивтік әдісті догматикалық қатып қалған әдіс деп түсінбеу керек. Әдебиеттен меңгертілуі тиіс көркем туындылардың мәтіні, өлең, кейіпкердің сөздері, драмалық туынды кейіпкерлерінің сөздері, ремаркалар - барлығы механикалық түрде жаттандылықты талап ететін сипаттағы оқу материалы болып саналады. Сонымен бірге көркем шығарманы талдау барысы да даяр мәтін бойынша жүргізілетіні белгілі.

Мектеп практикасында әдеби мәтіндердің ішінде лирикалық шығармаларды талдау мен тану күрделі. Жалпы білім беретін мектептерде әдеби білім мазмұнының төрттен бірін лирикалық шығармалар құрайды. Ү-ІХ сыныптарда жүз қырықтан аса лирикалық шығарма оқытылады. Олай болса, мектепте қалыптастырылатын әдеби білім мазмұны лирикалық шығармаларға да тиесілі. Мектепте оқытылатын лирикалық шығармалар жанры мен тақырыптары жағынан алуан түрлі. Әйтсе де лирикалық шығармаларды талдап танудың, оқытудың жалпыға ортақ заңдылықтары мен белгілі бір әдістемелік жүйесі болуы тиіс. Сол орайда Ақын Шәңгерей Бөкеев туралы курстың жұмыстың мазмұнында айтылмақ.

І. Шәңгерей Бөкеевтің өмір жолы

1. 1. Ақынның балалық шағы.

Шәңгерей - ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасып, дамыған қазақ жазба әдебиеті өкілдерінің бірі. Ол Батыс Қазақстан облысының қазіргі Орда ауданында, Жасқұс құмында - хан ордасында дүниеге келген. Жәңгір ханның немересі. Ақын өзінің бір өлеңінде «Алпыс бөлме, жүз есік» көк орданың ішінде дүниеге келгенін айтады. Әкесі Сейіткерей Шәңгерей бес жасқа келгенде қайтыс болған. Бірақ жас Шәңгерей ауқатты ортада жетімдік көрмей өседі. Жасынан оқып, білім алады. Өнерге, өлең сөзге жас кезінен әуестенеді. Ордадағы медресені бітіріп, мұсылманша білім алғаннан кейін, Астраханьдағы реальды училищиге түседі. Одан кейін Орынбордағы Кадет корпусында екі жыл оқиды. Орыс тілін үйреніп, орыс әдебиеті, мәдениетімен танысады.

Самар губерниясында (қазіргі Куйбышев облысы) бітімші сот (мировой судья) болып жұмыс істейді. Әділдік жолын іздеу, шындықты қорғау жолындағы ой-санасы осы тұста қалыптасқан сияқты. Ол әкімшілік-төрешіл биліктің зорлық, алдау, парашылдық сыр-сипатын көріп, бұл жұмыстан бойын аулақ салуды ойлайды. Сөйтіп, біраз жыл қызмет істегеннен кейін қызметін тастап, өз еліне келеді. Бұдан кейін кеңсе жұмысына араласпай, патша тарапынан дворян атағын алып, Самар губерниясындағы дворяндар тізіміне тіркеледі де, еңбекпен, өнермен шұғылданады. Орданың Жәнібек жағындағы Көлборсы деген жерді өз меншігі етіп, сол кездегі орыс помещиқтері сияқты тұрақ жай тұрғызады. Онда ағаштан, тастан сәулетті үйлер, мектеп, медресе, мешіт салғызып; туыстарының балаларын оқытады. Бау-бақша, алма ағашын ектіріп, егін салады. Асыл тұқымды мал өсіреді.

Шәңгерей ашқан мектепте білікті мұғалімдер жұмыс істейді. Сондай бала оқытқан, білімді әрі талапты мұғалімнің бірі көрнекті ақын Ғұмар Қараш (1876-1921) еді. Ол Шәңгерейді аға тұтып, жиі араласып тұрады. Шәңгерей оның ой-өрісінің кеңеюіне, орыс әдебиетімен танысуына ерекше ықпал етеді. Ғ. Қараш «Жәңгір ханның немересі, сұлтан Шәңгерей Сейіткерейұлына» деген толғауында:

Алғыр жүйрік сұлтаным,
Ақылың жетіп алысқа
Ілгеріні болжадың.
Болжағанның белгісі,
Атаңнан мұра қалған су -
Көлборсыны меншіктеп,
Жағасынан жер алдың…
Кешегі өткен бабаңыз -
Хан Жәңгірден үлгі алдың, -

деп жырға қосқа. Сонымен қатар Шәңгерейдің ақындығын, тілге шешендігін, сөз асылын қадірлеген көсемдігін, серілігін тамаша суреттеген. Бұл толғауы ақынның 1914 жылы Уфада шыққан «Аға тұлпар» жинағында жарияланған.
Осыдан бастап Шәңгерей өз мекенінде оқшау өмір сүріп, аңшылықпен айналысты, жақсы ат, қыран құс, құмай тазы ұстаған. Құс салып, ит жүгіртіп, саятшылық өнерін қызықтаған.

Шәңгерейдің ерекше көңіл аударған бір ісі - әдебиет, өнер, ғылым болады. Ол орыстың классик жазушыларының шығармаларымен танысады. Лермонтовты, Гогольді сүйіп оқиды. Ән-күйге, сурет өнеріне, сән-салтанатқа ерекше көңіл қойған ол ақын, әнші, күйші, домбырашы, суретші сияқты өнерпаздарды өзіне жақын тартып, олардың өнерін тамашалайды. Ол қадір тұтқан өнер адамдарының бірі - орыс суретшісі Мальцев деген досы. Оған шеберхана да салып берген. Орыстың Фет, Тютчев сынды ақындарының да өлеңдерін оқып, әсерленеді. Шәңгерейдің бай кітапханасы болған. Ғылыми әдебиеттерді, әр түрлі қазақ және орыс тіліндегі газет-журналдарды алдырып оқыған. ХХ ғасырдың басында қазақ, татар тілінде басылған ақындардың кітаптарын оқып, қоғамдық, әдеби өмірдің беталысынан үнемі хабардар болып отырған.

1911-1913 жылдары қазақ зиялыларының ұымдастырумен Оралда «Қазақстан» газетін шығару мәселесі сөз болғанда, бұл істі қолдап, оған қажетті қаржыны толықтыруға көмектескен де Шәңгерей еді.
Шәңгерей прозалық шығармалар жазған деген де дерек бар. «Қара мұрт» атты роман, «Сұрау-жауап» деген көлемді әңгіме жазса керек, бірақ ол туындылары сақталмаған. Ол 1917 жылы шамасында Көлборсыдағы қонысын тастап, аталас төре тұқымдары мекендеген Ақбақай деген жерге (Батыс Қазақстан облысы, қазіргі Қаратөбе ауданы) көшіп келеді. Қоныс аудару себебі де мәлімсіз. Бізге белгілісі - өмірінің соңғы кезінде ел ішінде даулы, талас-тартысты мәселелерге көп араласпай, оқшау өмір сүрген.
Шәңгерей 1920 жылы қаңтарда сол Ақбақайда қайтыс болған. Ақынның біраз өлеңдері «Шайыр» (1910) және «Көкселдір» (1912) деген жинақтарда жарияланған. Бұл жинақтарды бастырған Ғ. Қараш еді. Кеңес дәірінде Қызылорда қаласында ақын өлеңдерінің жинағы (1933) басылды.

1. 2. Ақынның өмір жолы.

Жасынан оқып, білім алады. Өнерге, өлең сөзге жас кезінен әуестенеді. Ордадағы медресені бітіріп, мұсылманша білім алғаннан кейін, Астраханьдағы реальды училищиге түседі. Одан кейін Орынбордағы Кадет корпусында екі жыл оқиды. Орыс тілін үйреніп, орыс әдебиеті, мәдениетімен танысады.

Самар губерниясында (қазіргі Куйбышев облысы) бітімші сот (мировой судья) болып жұмыс істейді. Әділдік жолын іздеу, шындықты қорғау жолындағы ой-санасы осы тұста қалыптасқан сияқты. Ол әкімшілік-төрешіл биліктің зорлық, алдау, парашылдық сыр-сипатын көріп, бұл жұмыстан бойын аулақ салуды ойлайды. Сөйтіп, біраз жыл қызмет істегеннен кейін қызметін тастап, өз еліне келеді. Бұдан кейін кеңсе жұмысына араласпай, патша тарапынан дворян атағын алып, Самар губерниясындағы дворяндар тізіміне тіркеледі де, еңбекпен, өнермен шұғылданады. Орданың Жәнібек жағындағы Көлборсы деген жерді өз меншігі етіп, сол кездегі орыс помещиқтері сияқты тұрақ жай тұрғызады. Онда ағаштан, тастан сәулетті үйлер, мектеп, медресе, мешіт салғызып; туыстарының балаларын оқытады. Бау-бақша, алма ағашын ектіріп, егін салады. Асыл тұқымды мал өсіреді.

Шәңгерейдің ақындығын, тілге шешендігін, сөз асылын қадірлеген көсемдігін, серілігін тамаша суреттеген. Бұл толғауы ақынның 1914 жылы Уфада шыққан «Аға тұлпар» жинағында жарияланған.

Осыдан бастап Шәңгерей өз мекенінде оқшау өмір сүріп, аңшылықпен айналысты, жақсы ат, қыран құс, құмай тазы ұстаған. Құс салып, ит жүгіртіп, саятшылық өнерін қызықтаған.

Шәңгерейдің ерекше көңіл аударған бір ісі - әдебиет, өнер, ғылым болады. Ол орыстың классик жазушыларының шығармаларымен танысады. Лермонтовты, Гогольді сүйіп оқиды. Ән-күйге, сурет өнеріне, сән-салтанатқа ерекше көңіл қойған ол ақын, әнші, күйші, домбырашы, суретші сияқты өнерпаздарды өзіне жақын тартып, олардың өнерін тамашалайды. Ол қадір тұтқан өнер адамдарының бірі - орыс суретшісі Мальцев деген досы. Оған шеберхана да салып берген. Орыстың Фет, Тютчев сынды ақындарының да өлеңдерін оқып, әсерленеді. Шәңгерейдің бай кітапханасы болған. Ғылыми әдебиеттерді, әр түрлі қазақ және орыс тіліндегі газет-журналдарды алдырып оқыған. ХХ ғасырдың басында қазақ, татар тілінде басылған ақындардың кітаптарын оқып, қоғамдық, әдеби өмірдің беталысынан үнемі хабардар болып отырған.

1911-1913 жылдары қазақ зиялыларының ұымдастырумен Оралда «Қазақстан» газетін шығару мәселесі сөз болғанда, бұл істі қолдап, оған қажетті қаржыны толықтыруға көмектескен де Шәңгерей еді.

Шәңгерей прозалық шығармалар жазған деген де дерек бар. «Қара мұрт» атты роман, «Сұрау-жауап» деген көлемді әңгіме жазса керек, бірақ ол туындылары сақталмаған. Ол 1917 жылы шамасында Көлборсыдағы қонысын тастап, аталас төре тұқымдары мекендеген Ақбақай деген жерге (Батыс Қазақстан облысы, қазіргі Қаратөбе ауданы) көшіп келеді. Қоныс аудару себебі де мәлімсіз. Бізге белгілісі - өмірінің соңғы кезінде ел ішінде даулы, талас-тартысты мәселелерге көп араласпай, оқшау өмір сүрген.

Шәңгерей 1920 жылы қаңтарда сол Ақбақайда қайтыс болған. Ақынның біраз өлеңдері «Шайыр» (1910) және «Көкселдір» (1912) деген жинақтарда жарияланған. Бұл жинақтарды бастырған Ғ. Қараш еді. Кеңес дәірінде Қызылорда қаласында ақын өлеңдерінің жинағы (1933) басылды.

ІІ. Шәңгерей Бөкеевтің шығармашылығы

2. 1. Ақын шағармаларының көркемдік ерекшеліктері

Әр ақын-жазушының өзіндік қолтаңбасы, өзіндік тіл ерекшелігі болады. Шәңгерей өлеңдерінің ерекшеліктерін сөз еткенде, оның тіл көркемдігіне айрықша көңіл аудару керек, себебі Шәңгерей өлеңдері құрылысы жағынан 11 буынды, жыр ағымымен келетін 7-8 буынды, не 7 буынды өлеңдер болып келеді. Бұл оған дейін де, оның кезінде де қазақ поэзиясында ең көп жайылған өлең түрі. Абай сияқты Шәңгерей қазақ өлең құрылысына жаңалық енгізген жоқ, сондықтан біз оның тек тіл шеберлігіне ғана тоқталамыз.

Шәңгерей тіліндегі басты өзгешелік - оның қолданған образдарының сонылығында. Өзіне дейінгі немесе өзімен тұстас ақындарда кездеспейтін небір үздік, небір көркем сөз қолданыстары Шәңгерей өлеңдерінде көрініс тапқан.

Жүрегіңді жұлып жем етер,
Қазаңа шапқан ол айуан . . .
Бөкен терісін бөрік еткен,
Сексеуілден күрке еткен,
Бауырына тулақ жамаған,
Қаңбаққа жүзін қамаған,
Білтелі қара қолында
Шақпақтап оғын от беріп,
Жолында жатыр бір адам.
Піл сауырлы қара жер,
Қойныңды ашып, кол жайып,
Құшағыңа аларсың . . .
Таудағы тас ұядан,
Лашындай самғап қиядан,
Шалқып сезім шығады,
Ойласам пікір, қиялдан . . .
Сыйдырып асқан тауды уысыңа,
Жүзіне алмас қылыш қадам бастың.
Күркіреп қара бұлт жасын атса,
Отына жетіп барып құшақтастың.
Мүхитта нән балықтай кезген көңілім,
Тұмсығың тимей тасқа неге адастың?

Қарамен жазылған сөз тіркестерінің бәрі де қазақ поэзиясына Шәңгерей әкелген жаңа сөз тіркестері.
Шәңгерейдің өзіндік тағы бір ерекшелігі - оның эстетикалық талғамының нәзіктігінде жатыр. Бұған оның "Қосаяқ" өлеңі мысал бола алады. Мұнда қолданылған сөздер ақынның сипаттама образдарындағы нәзіктік, биязылығымен де әсерлі көрінеді
Бура санды, ақ таңды,
Түсі алтындай ақ сары.
Ауызға біткен қос тістің
Меруерттей ажары.
Қаусырмалап қақтаған
Шытадай жұқа құлағы.
Қияқтан барып ін алған,
Екі аяқпен серіпкенде,
Желі бойы жер алған;
Топыраққа басса табаны, Тілерсек басып, тік тұрып,
Шайықтардың ершатқа Қарсы тұрып қайзаса,
Басатұғын мөріндей, Бет біткеннің сұлуырақ.
Сопақша сұлу із салған. Қияқты төмпе түбінен
Мойыл көзді, тоқ жүзді, Таң алдында ін қазған,
Мақтау сөзбен айтпастай, Шығарып жерден жас
Айтудан артық жаралған. топырақ.
Көзіндей сенің көз бітсе, Зерден өрген шашбаудай,
Оң жақтағы аруға Болар болмас, төрт қырлап.
Он беске жасы қараған. Құйрығы ұзын, ұшы ақ,
Қалы кілем, қара нар, Сансыз буын тастаған,
Бес жиырма болсын садағаң. Масақы келген ақ шашақ.
Қарқарадай шаншылған, Айтулы сонау Нарында,
Төбеңе біткен қос құлақ. Нарынның қызыл құмында,
Шаншылған зат, шаншылса, Бар еді сондай жануар,
Шаншылар тап сондай-ақ. Аты оның - қосаяқ.

Ақынның "Қосаяқты" суреттеуі қай жағынан болсын, мінсіз. Өлеңдегі сөз қолданыстар шын мәнінде ерекше бір толғаныстан туындаған.
Қосаяқ - Нарын құмында көп болатын кішкене ғана жәндік. Тышқанның бір түрі. Ақын оған арнаған өлеңін өзінің балалық шағы, өткен өмірімен байланыстырады. Бірақ ол өткен өмірді, Нарынның өткен күнін суреттегенде, оны қайта орнатамын деп әуреленбейді. Ол кездің жақсылығын айту үшін ой-қырын бірдей шолып та жатпайды. Келмеске кеткен бір өкініш, "Адыра қалған Нарында" деп қана жанап өтеді де, қосаяқты суреттеуге кіріседі. Қосаяқтың үздік портретін жасайды. Қосаяқ - қазақ әдебиетіндегі ең жақсы, ең керкем жасалған портреттің бірі. Өлеңді оқып шыққанда, көз алдыңда жанды тірі қосаяқ тұрады. Және оның портретін жасағанда, сол жануардың сұлулығына көрмеген адам шек келтірмейтіндей, әдемілігі үшін оны ұнататындай сезім қалдырады.

Адам баласына әуелден сүйікті ұғымдағы нәрсені суреттеп, оны сүйкімді етіп көрсетуден гөрі, бұрын ондай ұғымда болмаған, тіпті ешкім ілтипатқа алып, көңіл аудармайтын бір тосын нәрсені суреттеп, жұрттың оған көңіл аударуы қиынырақ, ол үлкен шеберлікгі тілейді. Шәңгерей шеберліктің бұл міндетін толық атқара алған. Қосаяққа жұрттың көңілін аудару былай тұрсын, сол өлеңді оқып шыққанда, "одан сұлу нәрсе жоқ екен" деп айтып салғандайсың. Сол мақұлыққа рақымың түскендей, ең аяулы нәрсенің қатарына қойғандайсың.

Шәңгерей өлеңдерінде көркем сөз құралдарының басқа түрлері де кездеседі. Мысалы, архаизм немесе басқа тілден енген сөздер. Өлендерінің көбі өткенді жырлауға арналғандықтан, архаизмдердің кездесуі табиғи құбылыс, ал басқа тілден енген сөздер көбінесе араб, парсы тілдерінен алынған, себебі Шәңгерей орыс тілімен қатар осы тілдерді де жақсы білген. Қанша жерден көп оқып, қаншама көп тіл меңгерсе де, әрбір ақын, ең алдымен өз ана тілінен нәр алып, өз әдебиетінің топырағында өсіп-жетіледі. Шәңгерей де ауыз әдебиетінен үлгі алып, өзіндік сөз қолданысын, өзіндік стилін жасады. Оны мына өлеңінен көруге болады.

Көрдің бе Қатшекейдің асылдығын,
Жалтақтап еткен ісін жасыруын.
Ау, жаным, сүйемісің, сүймеймісің,
Сүймесең, жоқ-ты саған бас ұруым, -
деген үзінді - қазақ фольклорында жиі кездесетін еспе қайталау арқылы құрылған қара өлеңдердің үлгісі.
Дыбыс әуезділігі, солардың ішінде дауысты (ассонанс), дауыссыз (аллитерация) дыбыстардың көп қайталаулары ақын өлендерінде мол.
Адамнан асқан екен ақыл-айлаң,
Ажары ақ бетіңнің асқан айдан.
Немесе:
Құйрық атып құлия,
Түлкідей қашқан жылмия.
Қараңды үзіп барасың,
Бізден де, қайран дүние!
Бұл жерде алдыңғысына дауысты, соңғысында дауыссыз дыбыстар көп қайталанады. Шәңгерей өлеңдерінің көркемдік қасиеттерінің ерекшелігінің өзі де осы әуезділігінде болса керек.

Шәңгерей, негізінен, көңіл күйі, махаббат, табиғат лирикасын жазған үлкен лирик. Ол - халқымыздың бай ауыз әдебиеті мұраларынан, орыс, татар әдебиеттерінен нәр алған ақын. Өлеңдерінде кездесетін шешендік өрнектер, нақыл сөздер, қара өлең, қайым өлеңде кездесетін қайталау үлгілері ауыз әдебиеті дәстүрінен өрбиді. Кейде Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз жыраулар мұрасының әсері де танылады. Ақын өлеңінің жаңа түрлерін, тың көркем бейнелі сөз тіркестерін жасап, өлеңнің бейнелілік сипатын, қуатын арттыруға күш салған. Ұтымды теңеу, салыстырулар тауьш, орайын келтіріп, тың сөз тізбектейді.

2. 2. Шәңгерей Бөкеевтің ақындығы

Шәңгерейдің бізге белгілі шығармалары әлеуметтік өмірдің әр түрлі жақтарын қамтиды. Отаршылдық салдарынан туындап жатқан өзгерістерді көре білген ақын бұрынғы хандық дәуірдегі өмірді аңсайды. Оның қоғамдық ой-пікірлері, топшылаулары бірде өмір шындығын айқын көрсетсе, бірде өткенге алаңдау сарынында келеді. Жер-судың құты кетті, сәні кетті, бәрі адыра қалды. Бұрынғы асыл адамдар енді жоқ, бұрынғыдай билер, ерлер енді тумайды дейді.

Адыра дедім Нарынды,
Құсы ұшып көлінен,
Құты кетіп жерінен,
Саба құрсақ билерден,
Еңіреген ерлерден,
Айырылып адыра қалғанда. ., -дейді.

Ақын өз кезіндегі жаңалықтардың бәрін бірдей қабылдай бермеген. Қазақ даласындағы ел билеудегі жаңалықтар мен заң, тәртіптер, біртіндеп еніп жатқан капиталистік қарым-қатынастар, отаршылдық, сауда-саттық, халықтың жерден қыспаққа ұшырауы сияқты өзгерістер Шәңгерейдің көз алдында өтіп жатты. Бұрынғы хан ордасындағы ата-баба билігі мен беделі жайлы ұғым-түсініктер оның ақындығын сол бағытта оқшаушырақ қалыптастырды. Бұл кезеңде хан тұқымдарының да еркіндігі шектеле бастаған еді. Ақынның:

Құйрық атып құлия,
Түлкідей қашқан жымия.
Қаранды үзіп барасың,
Бізден де, қайран дүния…

деуі содан туған. Сондықтан да ақын бұрынғы ата-баба дәуірі еркіндік дәуір еді, ешкімге тәуелді емес едік, дегенді білдіреді. «Ағасын ақылдың артық асқармен тең» өлеңінде:

Ағасын ақылын артық асқармен тең,
Асылдың арқар ұранды тіреуі - сен.
Ала ту Абылайдың ала аттансаң,
Аламан артындағы біреуі - мен. .,

деп, ұлы дүбір шықса қалмас едім, ел тәуелсіздігі үшін аттанған сарбаздың қатарында мен да Абылайлап аттанар едім дейді. Хан тұқымдары арасында Абылай ханның ел тәуелсіздігі үшін еткен тарихи еңбегі дәріптеліп, есімі қастерленді.
Ақынның өмір мен өлім туралы пәлсапалық толғанысынан өмір шындығының елесі көрінеді. Ол тумақ, өлмекті табиғи құбылыс ретінде түсінеді. Бұл ойын өлеңінде лирикалық бейне арқылы жеткізеді. Барлық қауіп-қатерді себеп-салдарлы түрде көрсетеді. «Өмірдің өтуі» өлеңінде қырдағы құланың аман жүрмегі жоқ, құдыққа құлан құласа, құлағында құрбақа ойнар, суға құлан шұбырса, жолын тосқан жолбарыс жүрегін жұлып, жем етер. Ол да аман қалмайды. Бөкен терісін бөрік еткен, сексеуілді күрке еткен мерген жалғыз оқпен оның да қазасын жеткізеді. Мерген де ажалдан құтылмайды. Кім болса да ажал оғынан құтылмақ емес дейді. Өз заманындағы әлеуметтік құрылысқа жатырқай қараған ақын алдағы болашақтан үміт күтпейді. Ақын ескі қоғамдық құрылыстың күйреуін белгілі мөлшерде өз басының да трагедиясы деп түсінетін сияқты.

Бұл дүние пәнилығын етеді екен,

Бір дәурен өтіп, бірі жетеді екен…

Өзіне халық аузын қаратқан ер,

Тіріге, өлсе, қадірі кетеді екен…

Бұл сөздерінен де өмірдің өтуі, ескінің өтіп, жаңаның келуі, елді аузына қаратқан ерлердің, көзден тайса, көңілден кететінін айтып, торыққандай болғанын көреміз.

Шәңгерей шығармаларында өнер, ғылым, білім тақырыбы ерекше жырланады. Ол ғылым жетістігінде үлкен сеніммен қарайды. Қоғамның дамуы үшін қажет шарттардың бірі - ғылым екенін ұғындыруға күш салады. Жастарды оқуға, ғылыммен шұғылдануға шақырады.

Оқысаң ғылым нұрын білім асар,

Көңілдің кіршік басқан көзін ашар.

Мас болған біліміне кейбір жастар,

Жерлерге аяқ жетпес аяқ басар.

Апырай, кімге аян бұл жиһанның

Белгісіз ұлылығы асқар-асқар!

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жәңгір ханның немересі
Шәңгерей Бөкеев шығармалары
Шәңгерей Сейіткерейұлының өмірімен шығармашылығының қалыптасу жолы
Ш. Бөкеев пен Ә. Тәңірбергенұлының шығармашылық өмірбаяны. Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығының философиялық сипаты. М. Сералиннің өмірбаяны. Жаңа әдеби жанрлардың тууы мен қалыптасуы
Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев
Ғұмар Қараштың педагогикалық көзқарастары туралы
Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев (1847-1920)
Ғұмар Қараштың педагогикалық көзқарастары
ХХ ғасыр басындағы әдеби процесс және символизм
ХХ ғасырдағы әлемдік әдебиеттің негізгі бағыттары мен ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz