Материалды-техникалық ресурстарды тасымалдаудың тиімді жолдарын анықтау


Мазмұны
Кіріспе
1. Технико-экономикалық негіздеу
1. 1 Қазақстан Республикасындағы логистиканың дамуы
1. 2 Ақтөбе - Батыс Қазақстанның ірі көліктік логистикалық орталығы
1. 3 Жүк айналымы бойынша статистикалық мәліметтер
2. Материалдық техникалық ресурстарды басқаруды жетілдіру жолдары
3. 1 Көлік инфрақұрылымын дамыту
3. 2 Электронды SAP жүйесін жетілдіру
3. 3 Көліктік-логистика кластерін қалыптастыру
3. Зерттеу бөлімі
3. 1 Алем-Тат ЖШС кәсіпорнына сипатама
3. 2 Тасымалдаудың нормативтік-құқықтық құжаттары.
3. 3 UniCom
4. Технологиялық бөлім
4. 1 Тиімді жылжымалы құрам түрін таңдау
4. 2 Материалдық ресурсты тасымалдаудың тиімді маршрутын құр
V. Экономикалық бөлімі
5. Тасымалдау түрін таңдауды технико-экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы есептеу.
5. 2 Әртүрлі көлік түрлерімен тасымалдаудағы жеткізу уақытын және операцияға кететін шығындарды есептеу
6. Еңбекті қоғау, қозғалыс қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау шаралары
6. 1 Еңбекті қорғаудың теориялық негіздері
6. 2 Еңбекті қорғау туралы негізгі құқықтық актілер
6. 3 Жүршізушілерге арналған еңбекті қорғау нұсқаулары
6. 4 Дара ыдысты жүктерді тасымалдаудың ережелері және қойылатын талаптар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Ел президентінің Қазақстан-2050 стратегиясында Қазақстанның міндеті отандық көлік кешенінің бәсекелестік қабілетін және аумағымыз арқылы өтетін сауда легінің үлғайтылуын қамтамасыз ету болып табылатындығы айтылған.
Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуіне байланысты соңғы жылдары логистика термині пайда болды және қарқынды түрде дамуда. Жалпы логистика дегеніміз - бұл шикізатты сатып алу орнынан соңғы тұтыну орнына дейін материалдық және сонымен байланысты ақпараттық ағымдардың қозғалысын қамтамасыз ететін тасымалдау және қоймалау бойынша барлық қызметтерді жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау. Логистика шикізат пен жартылай фабрикаттарды сатып алу мен дайын өнімді тұтынушыға жеткізгенге дейінгі уақыт аралығын қысқартуға мүмкіндік береді.
Шетел тәжірибесі көрсеткендей, қазіргі бизнесте логистика стратегиялық маңызды орынға ие. Осы салада табысқа жеткен көптеген мамандардың компания басшылығындағы жоғарғы қызмет орындарына жылжитыны кездейсоқ емес. Бизнес тұрғысынан қарағанда логистика дегеніміз - корпоративті мақсатқа барлық ресурстардың оңтайлы шығындарымен жету үшін материалды және басқа да ағымдарын тиімді басқару.
Логистиканың негізі болып табылатын алты ереже бар.
- ЖҮК - керекті тауар;
- САПА - қажетті сапада;
- САНЫ - қажетті көлемде;
- УАҚЫТ - қажетті уақытта жеткізілуі тиіс;
- ОРЫН - керекті орынға;
- ШЫҒЫНДАР - минималды шығындармен.
Логистикалық іс-әрекеттің мақсаты жүзеге асырылды деп санауға болады, егер осы алты шарт орындалса, яғни қажетті тауар қажетті көлемде қажетті сапада керекті уақытта керекті жерде минималды шығындармен жеткізілген болса.
Ұлыбританияда өткізілген зерттеулер соңғы тұтынушыға келіп түсетін өнімнің өзіндік құнының 70% логистикалық, яғни тасымалдау, қоймалау, орау және т. б. шығындардан тұратындығын көрсетті. Ал логистикалық шығындардың 41% тасымалдау, 21% қоймалау, 23% материалдық қор және 15% әкімшілік шығындарды құрайды. Осыған байланысты көп елдерде логистика саласындағы шығындарды төмендету жолдарын интенсивті іздестіру процесі жүруде. Мамандардың назары ең алдымен төмендегілерге аударылуда:
- материалдық ресурстарды жабдықтау, өткізу және сақтау процестерін жетілдіру;
- маркетингтік қызметті және жабдықтаушылар мен тұтынушылар арасындағы функционалды қарым-қатынасты жақсарту;
- материалдық және ақпараттық ағымдардың жылжу технологияларын өзгерту.
Логистика бойынша бүкіл әлемдік және европалық конгрестер мерзім сайын жүргізіліп тұрады. Европалық логистикалық ассоциацияның (ЕЛА) соңғы конгресі «Еврологистика-2000» болды. Осы конгрес «жақсырақ, тезірек, арзанырақ» деген ұранмен Афинада өтті.
Материалдық ресурстарды басқару әр уақытта шаруашылық қызметтің маңызды жағы болып табылатын. Дегенмен, ол тек жақында ғана экономикалық өмірдің маңызды функцияларының біріне айналды. Негізгі себебі - өндірістік және сауда жүйелерінің тұтынушының тез өзгеріп отыратын талғамына жылдам икемделуі қажеттігін туғызған сатушы нарығынан сатып алушы нарығына өту.
Кез-келген кәсіпорынның материалдық ресурстарға қажеттілігі болады. Осы қажеттілікті уақытылы қанағаттандыру керек. Егер қажеттілік уақытылы қанағаттандырылмаса, өндіріс тоқтап қалады, яғни кәсіпорынға көптеген шығын алып келеді. Осы тұрғыдан қарағанда, материалдық-техникалық ресурстарды тасымалдаудағы шығындарды азайту мәселесі заман талабына сай және өте өзекті де маңызды мәселе. Бітіру жұмыстың да негізгі мақсаты шығындардың орын алуын болдырмау үшін материалдық-техникалық ресурстарды тасымалдаудың тиімді үрдісін зерттеу болып табылады.
Бітіру жұмысының зерттеу обьектісі ретінде материалдық-техникалық ресурстарды тасымалдаушы Алем-Тат ЖШС кәсіпорны қарастырылады.
1. Технико-экономикалық негіздеу
1. 1 Қазақстан Республикасындағы логистиканың дамуы
Тәуелсіздік алған жылдары елімізде отандық та, шетелдік те логистика болған жоқ. Кішігірім экспедиторлық мекемелер болған шығар, алайда нағыз мәніндегі логистиканы, тіпті логистика деген атаудың өзін ешкім білмеді десек те болады. Кеңес Одағынан ыдырап шыққаннан кейін ел өндірісі мен өнеркәсібін дамыту үшін мемлекет құшағын шетелге айқара ашты. Ол - еліміз табиғи қазбаларға бай болғанымен, не өндіріс, не өнеркәсіп дамымай тұрған шақ болатын. Қақпамызды шетелге кеңінен ашқаннан кейін бізге шетелдік ірі компаниялар келді, мамандар келді, олар мол инвестиция құю арқылы Қазақстанда өз өкілдіктерін ашып, жұмыс жасай бастады. Солардың қатарында логистикалық компаниялар да бар болатын. Міне, біз халықаралық тасымалда тек шетелдік компанияларға сүйенетініміздің жайы осында еді. Өйткені біз үшін бұл мүлде тың, жаңа сала болатын. Екіншіден, олар Қазақстанда өзіндік мықты жүйесін құрып алған. Алайда шүкіршілік айту қажет, 2000 жылдардан бастап, біз өзіміз логистиканы зерттеп, меңгеріп, тәжірибе алмасып, қызығушылық таныта бастадық. Бүгінде отандық логистикалық компаниялар бар, олар сәтті жұмыс істеп жатыр. Әлбетте, сан жылдық тарихы, қуатты техникалық базасы бар ірі компания деңгейіне жете қойған жоқ, алайда соған тура бағытта келе жатыр. Бүгінгі таңда Қазақстанның, оның географиялық орналасуына байланысты, белгілі бір логистикалық ерекшеліктері мен артықшылықтары бар. Республика территориясы бойынша бес халықаралық транзиттік жолдар және бірнеше ірі құбыр желісі өтеді. Қазақстандағы логистикалық қызмет нарығының қосымша даму мүмкіншілігіне жақында құрылған Кедендік Одақ және Еуразиялық Экономикалық Одақтың құрылуы болып келеді, соның нәтижесінде одақ ішілік шекаралар ашылды және Еуропа үшін Қытайдың шекарасы әлдеқайда жақындай түсті. Қазіргі таңда халықаралық сапа стандартына жақын ішкі логистика, тек Алматы өңірінде ғана бар, өйткені мұнда көптеген А классты қоймалар шоғырланған және логистика нарығында бәсекелестік таралған.
Шетелдік инвесторлар көлік инфрақұрылымы және логистикасы дамыған елдегі жобаны жүзеге асыруға бірден келіседі. Бұл саланы белсенді түрде дамытып отырған Қазақстан жер бетіндегі көлік және транзиттің басымдықтарын пайдалана отырып, капиталдар тарта алады.
Көлік логистикасының әлемдік нарығы $2, 7 трлн-ға (шамамен әлемдік ІЖӨ-нің 7%) бағаланып отыр. Мәселен, дамыған елдерде сала үлесі ІЖӨ-нің 13-14% құрайды. 2013 жылы Қазақстанда - 6, 3%-ды құрады (2012 жылы - 6%, 2011 жылы - 5, 5%, 2009 жылы - 8, 3%) . Бұл көлік инфрақұрылымы мен логистиканы Қазақстан экономикасының маңызды секторының біріне айналдырады. Сондай-ақ, көлікті дамыту жұмыс істейтін және жаңа кәсіпорындардың дамуын ынталандыратын Үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың маңызды факторларының бірі саналады.
Сондай-ақ, көлік инфрақұрылымы мен логистика саласының жұмыс орындарын арттыратынын атап өткен жөн. ҚР Статистика комитетінің ресми мәліметіне сәйкес, 2013 жылы көлік кәсіпорындары жұмыскерлерінің саны 206, 3 мың адамды құрады.
Сарапшының пікірінше: дамыған көлік инфрақұрылымы елдің инвестициялық тартымдылығын арттырады. Мәселен, шетелдік инвестор дамыған және тиімді логистикалық жүйенің арқасында Қазақстан аумағындағы жобаларды жүзеге асыру туралы оң шешім қабылдайды.
Дамыған көлік инфрақұрылымының инвестициялық жағдайға қалай әсер ететінін Сингапурдан көруге болады. Географиялық жағдай, логистика мен транзиттік дәліздерді максималды тиімді пайдалану бұл елге ірі инвестор - Shell корпорациясын тартты. Қазіргі таңда бұнда күніне 500 000 баррель мұнайды қайта өңдейтін әлемдегі ірі зауыт орналасқан. Shell корпорациясының 10 мұнайхимия кешені жылына 8 млн тоннадан астам мұнай өнімдерін өндіреді.
Бүгінгі күні Қазақстанда логистикалық жүйе белгілі бір қиындықтарға қарамастан, жоғары қарқынмен дамып келе жатыр. Мәселен, ҮИИДМБ әрекет еткен жылдары көлік кәсіпорындарында негізгі құралдардың тозу пайызы 2009 жылғы 30, 6%-дан 2013 жылы 27, 2%-ға дейін қысқарды. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізі, «Жезқазған - Бейнеу» және «Арқалық - Шұбаркөл» теміржол желілері сияқты ірі жобалар аяқталуға жақын қалды. «Өзен - Түркіменстанмен мемлекеттік шекара», «Жетіген - Қорғас» теміржол учаскелері секілді жобалар жүзеге асты. Мәселен, 2011 жылы барлығы 1500 км астам жаңа теміржол салынды.
Инвесторларды қызықтыруға Қытаймен шекарада орналасқан «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы мен Каспий теңізі жағалауында орналасқан Ақтау теңіз порты мүмкіндік береді. Аталмыш жобаларды басқару үшін Форбс 2000 (1020 орын) тізіміне кіретін DP World порттардың жетекші әлемдік операторы тартылған. Компания 30 елде әрекет ететін 60-тан астам терминалға және DP World түрлі бағалауы бойынша әлемдік нарық үлесінің 6, 7% ие. Яғни, оның бұндай жобаларды жүзеге асыруда тәжірибесі мол.
Жоғарыда аталған барлық жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытуға ықпал етеді. Жалпы, «KAZNEX INVEST» талдаушыларының пікірінше, транзит туралы айтқанда Қазақстан оны дамыту арқылы миллиард долларлап ақша таба алады. Бүгінгі күні Қазақстанның көлік дәліздері бойынша жүк транзиті 17, 8 млн тоннаны құрайды, ал оның жалпы табысы $1 млрд-тан асады. ҚР Үкіметінің жоспары бойынша, 2015 жылы көрсеткіштер 25 млн тонна жүкке, сәйкесінше $1, 5 млрд-қа жетеді.
Республика көрсеткіштер өсімін өзінің қолайлы географиялық орналасуының арқасында қамтамасыз ете алады. Ол ірі сауда серіктестері - Қытай мен Еуропа одағы елдерінің арасында орналасқан. 2011 жылы олардың арасындағы сауда көлемі $567, 2 млрд., тасымалдаулар көлемі - 12, 6 млн жиырмафуттық эквивалентті (ЖФЭ) құрады. Сондай-ақ, сарапшылар болжамына сәйкес, 2020 жылға қарай Қытай - Еуропа одағы сауда көлемі $781 млрд дейін, жүк тасымалдаулар көлемі 17 млн ЖФЭ (170 млн тонна) дейін ұлғаяды (сілтеме - 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасы көлік жүйесі инфрақұрылымын дамыту және интеграциялау мемлекеттік бағдарламасы) . Аспан асты елі мен ЕО арасында жүктердің басым бөлігі Суэц арнасы арқылы теңізбен өтеді. Жалпы транзиттегі Қазақстан үлесі 0, 5%-ды құрайды. Бұл Қазақстан үшін транзит көлемін ұлғайтудың жақсы мүмкіндігі. Әрине, жер үсті жолы теңіз жолынан қымбаттырақ, бірақ жеткізілім мерзімі үш есеге (Қытай мен ЕО-да 15 күнге дейін) қысқарады. Қазақстанға сауда серіктестері және табыс пен инвестицияларды тарту үшін дәл осы басымдықты пайдалануға болады.
Қазірдің өзінде бұл маршрутты Hewlett Packard, логистика мен экспресс-жеткізілім саласындағы халықаралық көшбасшы DHL сияқты танымал брендтер пайдаланады. Сарапшы пікірі: бұл маршрут бизнес алпауыттарына ғана қолжетімді емес. Мысалы, HATRANS Польша компаниясы өз жүктерін Қазақстан арқылы транзитпен тасымалдайды. Компания апта сайын Қытайдан Қазақстан аумағы арқылы Польшаға және одан әрі Еуропаға дейін 40 теміржол вагонына тиелген түрлі жүк тасымалдайды.
«KAZNEX INVEST» АҚ агенттігінің пікірінше, көлік инфрақұрылымы және логистика саласы жоғарыда аталғандардан басқа шетелдік инвестицияларды тарту жағынан алып қарағанда бәсекелестікке қабілетті басымдықтарға ие. Сарапшы пікірі: Агенттік өз тарапынан көлік саласы инвесторларына көмек көрсетіп келеді. Біз бұл жұмыстың нәтиже беріп келе жатқанына қуаныштымыз. Мысалы, ағымдағы жылдың шілде айында жетекші әлемдік көлік логистикалық компания ондығына кіретін жапондық NYK Group компаниясының Қазақстан нарығына ресми түрде кіру рәсімі өтті. Бүгінгі таңда біз басқа жобалар бойынша көлік саласының танымал шетелдік компанияларымен жұмыс істеудеміз. Біз өз қызметімізде белгілі бір қиындықтарға тап боламыз, бірақ қазір инвестициялар мен көлік бір министрлікте шоғырланғандықтан, біз жұмыстың одан әрі тиімді болатынына сенеміз. «Қазақстанның логисткиалық қызметтер нарығының мөлшері бүгінгі таңда 24 млрд $-дан асады. 2009 жылдан бастап нарық 86%-ға ұлғайды. Біз осы нарық өсімінің әлеуетін кемінде жылына 17% деп бағалаймыз. Қазақстан қазіргі таңда логистикалық транзитер деңгейіне шоғырланатынын ескере отырып, біз келешекте логистикаға сұраныс күрт артады деп пайымдаймыз», - деп Е. Забиякин бүгін Алматыда PONY EXPRESS-Қазақстан компаниясының жаңа стратегиясына арналған баспасөз мәслихатында атап көрсетті. Қазақстанда логистикалық қызметтер Алматы, Астана, Атырау, Ақтау, Қарағанды қалаларында барынша қарқынды дамып отыр. Нарықтың шамамен 72%-ы B2B форматына тиесілі. Былтырмен салыстырғанда B2C форматы артқаны байқалады, ол екі есеге өскен. Өсімді арттырып отырған - интернет сауда, келешекте ол жалғасады, дейді ол
Материалдық ресурстарды тасымалдау логистикасы
Тасымалдау - адамдар мен жүктерді таситын материалдық өндіріс саласы. Қоғамдық өндіріс құрылымында тасымалдау материалдық қызмет өндіру сферасына жатады.
Материалдық ағымның шикізаттың алғашқы көзінен бастап соңғы тұтынушыға дейінгі жолында орындалатын логистикалық операциялардың көп бөлігі түрлі көлік құралдарын қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл операцияларды орындауға кететін шығындар логистикаға кететін жалпы шығындардың 50 пайызға дейінгі шамасын құрайды .
Тасымалдау екі элементтен - жаппай пайдалынатын көліктен және жаппай пайдаланылмайтын көліктен тұратын жүйе болып табылады.
Жаппай пайдаланылатын көлік - жүк және адамдарды тасымалдауда халық шаруашылығының барлық салалары мен тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын халық шаруашылығының саласы. Жаппай тасымалдау айналыс сферасына және тұрғындарға қызмет көрсетеді. Оны, әдетте, магистралды деп те атайды (магистраль - белгілі бір жүйедегі негізгі басты линия, бұл жағдайда - қатынас жолдар жүйесінде) . Жаппай тасымалдау түсінігі темір жол көлігін, су көлігін (теңіз және өзен), автомобиль, әуе көлігін және құбыр көлігін қамтиды.
Жаппай пайдаланылмайтын көлік - өндірістік көлік, сондай-ақ тасымалдау емес кәсіпорындарына жататын көлік құралдарының барлық түрлері және белгілі бір өндірістік жүйенің құрамдас бөлігі болып табылады .
Тасымалдау үрдісін ұйымдастыруда логистикалық тәсілдің ерекшелігін аралас тасымалдау жағдайындағы көлік тізбегі буындарының өзара әрекет ету мысалы 1 суретте бейнеленген.
Шартты Ақпараттық және қаржылық ағымдар
белгілер: Материалдық ағымдар
Сурет 1. Көліктің бірнеше түрінің қатысуымен жүргізілетін тасымалды дәстүрлі ұйымдастыру .
Аралас деп көліктің бірнеше түрімен кезектесіп жүретін тасымалдауды айтады. Олардың кең таралу себебі - көптеген жағдайларда тек автомобиль көлігі жүкті тікелей “есіктен есікке” алып жеткізе алады.
Ақпараттар мен қаржыларды жылжыту мәселелеріндегі буындардың үйлесімділігі төмен, себебі олардың әрекетін үйлестіретін ешкім жоқ.
1. 2 суретте бейнеленген аралас тасымалды ұйымдастыру бұдан ерекше болып табылады. Ішкі тасымалдау үрдісінің жалғыз операторының болуы ішкі материалдық ағымды жобалауға, берілген параметрлерге жетуге мүмкіндік тудырады.
Сурет 1. 2 Көліктің бірнеше түрін қолданғандағы тасымалдауды логистикалық ұйымдастыру .
Жүк алушыға шығудағы материалдық ағым көрсеткіштері басқарыла алады және оның алдын ала берілген мәні болады.
Аралас тасымалдауды ұйымдастырудың дәстүрлі және логистикалық тәсілдердің салыстырмалы сипаты 2 кестеде келтірілген /12, 150б/.
Логистиканың тасымалдауда өндірістегідей немесе саудадағыдай қолданылуы контрагенттерді бәсекелестер тарапынан тасымалдау үрдісінде бір-бірін толықтыратын әріптестерге айналдырады.
Логистика - жоғарыда аталып кеткендей, бірыңғай техника, технология, экономика және жоспарлау. Сәйкесінше, тасымалдау логистикасының мәселелеріне тасымалдау үрдісінің қатысушыларының техникалық және технологиялық үйлесуін қамтамасыз ету, сондай-ақ жоспарлаудың бірыңғай жүйелерін қолдану жатады. Осы мәселелерді қысқаша сипаттайық.
Тасымалдау кешеніндегі техникалық үйлесімділік көлік құралдар параметрлерінің жекелеген түрлері ішінде, сондай-ақ түраралық қиылыста үйлесуін білдіреді. Бұл үйлесімділік ауыспалы тасымалдарды қолдануға, контейнерлер мен жүк пакеттерімен жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады.
Технологиялық үйлесімділік тасымалдаудың бірыңғай технологиясын, тікелей тасымалды қолдануды ұйғарады.
Кесте 1.
Дәстүрлі тасымал мен логистикалық тасымалдың салыстырмалы сипаты
Экономикалық үйлесімділік - бұл нарық конъюнктурасын зерттеудің және тарифтік жүйені құрудың жалпы әдістемесі.
Бірлесіп жоспарлау графиктің бірыңғай жоспарларын жасап, оны қолдануды білдіреді.
Тасымалдау логистикасының міндеттеріне мыналар жатады:
- көлік жүйесін құру, соның ішінде көлік коридорларын және көлік тізбектерін құру. Көлік коридоры - бұл ұлттық немесе халықаралық көлік жүйесінің бір бөлігі, ол жеке географиялық аудандар арасындағы жүк тасымалдарын қамтамасыз етеді. Оған кіретіндер: көлік құралдары және осы бағытта жұмыс істейтін барлық көлік түрлері мен стационарлық құрылғылары, сондай-ақ осы тасымалды жүргізудің барлық құқықтық шарттарының жиынтығы. Көлік тізбегі - көліктің бір немесе бірнеше түрін қолдана отырып, белгілі бір уақыт мерзіміндегі жүкті белгілі бір уақыт мерзіміндегі жүкті белгілі бір қашықтыққа тасымалдау сатылары. Барлық осы уақытта жүктер өзгеріссіз қалады. Мысалы, жүк пакеті немесе контейнер;
- тасымалдау-қоймалау үрдісінің технологиялық бірлігін қамтамасыз ету;
- тасымалдау үрдісін қоймалау және өндірісті бірігіп жоспарлау;
- көлік құралының түрін таңдау;
- көлік құралының типін таңдау;
- жеткізудің тиімді маршрутын анықтау және т. б.
Көлік түрін таңдау мәселесі қорлардың оңтайлы деңгейін құру және оны ұстап тұру, орау түрін таңдау және т. б. сияқты логистиканың басқа мәселелерімен өзара байланысты шешіледі.
Нақты тасымал үшін оңтайлы көлік түрін таңдау негізгі түрлі көлік түрлерінің ерекшеліктері туралы ақпарат болып табылады.
Логистика тұрғысынан маңызды болып келетін автомобиль, теміржол, су және әуе көліктерінің негізгі артықшылықтар мен кемшіліктерін қарастырайық.
1. 2-кестеде көрсетілгендей, тасымалдау тәсілін, тасымалдау құралдарын және нақты тасымалдаушыны таңдауда логистикалық менеджер ескеруі қажет көліктің әр түрінің өзінің артықшылықтары мен кемшіліктері болады .
Көліктің әр түрі (құбырды қоспағанда) қолдануды ұйымдастыруға, техникалық қызмет көрсетуге және көлік құралдарын жөндеу үшін қажет белгілі бір өндірістік-техникалық базамен және көлік құралдарының белгілі бір типімен сипатталады .
1. 2-кестеде түрлі көлік түрлерінің салыстырмалы логистикалық сипаттамалары келтірілген.
Кесте 1. 2.
Көлік түрлерінің ерекшеліктері .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz