Жастар саясаты



Мазмұны

1. Кіріспе 2
2. Негізгі бөлім 6
2.1. Мемлекеттiк жастар саясатының мақсаттары, мiндеттерi және принциптері 6
2.2. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары 6
2.3. Мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру және іске асыру 11
2.4. Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатын дамытуды пайымдау мен ағымдағы жағдайды талдау 15
2.5. Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидаттары 20
2.6. Бағыт «Жастардың құндылық.патриоттық бағдарларын қалыптастыру» 20
2.7. «Жас азаматтардың экономикалық, әлеуметтік, инновациялық және шығармашылық даму» бағыты. 22
2.8. Мемлекеттік жастар саясатын институционалды дамыту 23
2.9. Өтпелі кезеңдегі жастардың саяси.әлеуметтік және мәдени құндылықтарының өзгеру барысы 25
2.10. Қазақстандағы жастар саясатының қалыптасу ерекшеліктері мен әлеуметтік мәселенің көріну деңгейі 36
2.11. Жастарды жұмыспен қамту проблемаларын шешу жолдары мен механизмдері 45
3. Қорытынды 49
Қолданылған әдебиеттер тізімі 52
Жастар – келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Ол ХХІ ғасырда Жаңа Қазақстанның - дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті қалыптастыруды белсенді жалғастыруы қажет. Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға арналған тұжырымдамасының (бұдан әрі – Тұжырымдама) миссиясы осында жатыр.
Тақырыптың өзектілігі:Жастар саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет жастардың келешекте маңызды салмаққа ие болар халықтың бірден-бір белсенді тобы екендігін ескереді. Мұның өзі жастардың мемлекет құрылысындағы рөлі мен орнын жете бағаламауға жол бермеуді көздейді.
Қазақстан республикасының мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы -Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы Жалпыға бірдей адам құқықтары Деклараңиясының өзекті идеялары мен қағидаларына, БҰҰ Бас Ассамблеясының "Жастар дамуының 2000 жылға дейінгі дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасының 50/81 қарарына", Сәби құқықтары туралы Конвенңияға, Қазақстан Республикасының Конституңиясына және ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған "Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" атты Жолдауына сүйенеді.Мемлекеттік жастар саясатының қажеттігі жас өркеннің өмірге қадам басып, қоғамда өз құқығын иеленумен, оның алдында жауапкершілік арқалау сәтінде бетпе-бет келетін өмір мәресінің қиындықтарымен айқындалады.
Мемлекеттік жастар саясатының дәстүрлі әлеуметтік саясаттан айырмасы ол тек өтелу тетіктерін әзірлеумен ғана шектелмейді.Ол жастардың еңбек пен шығармашылық қуатын айқындайтын белсенді де жаңаша, өндірушілік аспектілерден тұрады.Бұл мемлекеттік жастар саясатын қоғамның стратегиялық ресурстарын дамытудағы бірден-бір маңызды бағыт ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.Қоғамдық өзгерістердің күрделілігі жас азаматтардың әлеуметтік жағынан жан-жақты қалыптасуына, жас қауым тіршілігінің барлық қалтарысына әсерін тигізді.Дәстүрлі жастар мәселелерін шешудің мазмұны мен тәрбие тәсілдері жаңа тарихи жағдайларда мүлде өзге қырынан қарастырылуға тиіс болғандықтан түбегейлі өзгерді. Қазақстандық жас буын бойында отаншылдық, іскерлік, жауапкершілік қасиеттер қалыптастырмай, жастардың ізгілікті, рухани өркендеуіне, сондай-ақ өткен буынның әлеуметтік- мәдени тәжірибесін, элем өркениеті жетістіктерін игеруіне жол ашпай әлеуметтік ұстанымдағы экономикасы бар демократиялық қоғам құру мүмкін емес. Мұндай мақсаттарды жүзеге асыру жастарға, жалпы қоғамға қатысты саясатгы қалыптастыру мен жүзеге асыру ісіне жастардың өздерін белсенді түрде тартуды көздейді.Мемлекет жастарға, олардың материалдық деңгейі мен әлеуметтік жағдайына қарамастан, өмір жолын таңдау мен жеке жетістіктерге жету үшін мейлінше мол мүмкіндіктер ашуға тиіс.Сонда ғана жастар саясатының өзекті міндеті - жастардың тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз етуі іске асатын болады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Аитов Н.А. Основы социологии. Алматы, 1997.
2. Алещенков С.В., Луков В.А. Государственная молодежная политика: мировой опыт, разработка и реализация. – М., 1991.
3. Аңдрущенко В.П., Горлач Н.И. Социология: наука об обществе.
Харьков, 1996.
4. Баркер Р. Словарь социальной работы. М., 1994.
5. Блашенкова О.Н., Ковальчук А.С. Труд молодёжи: права и обязанности. Пособие для организаторов тренинговых занятий. - М.: АНО Штаб, 2001. – 104.
6. Бондарь Ш. Социальная работа и молодежные организации: Конспект лекций. – М.: Институт молодежи, 1993.
7. Горбачев А., Омаргазин Р. Евразийская культура — как ее
понимает молодежь. Мысль. 1997. № 12.
8. Григорьев, Л.Г. Гуслякова, В.А. Ельчанинов. Социология. - М., 1994.
9. «Грядет ли светлое будущее?» /«Казахстанская правда», 1999, № 24.
10. Гуслякова Л.Г. Введение в теорию социальной работы. Барнаул, 1995.
11. Гуслякова Л.Г., Холостова Е.И. Основы теории социальной работы: учебное пособие. М., 1997.
12. Джаманбалаева Ш.Е. Особенности социализации подрастающего поколения//Казахстанское общество и социология: новые реалии и новые идеи/сборник материалов 1 конгресса социологов Казахстана.-А: Қазақ Университетi, 2002. –с.297-307.
13. Ешпанова Д. Д., Нысанбаев А. Н. Социальный портрет молодежи в современном Казахстане // Социологические исследования. - 2004. - N 12. - С. 86-95.
14. Зайнышев И.Г. Теоретико-методологические основы социальной работы // Социальная работа. М., 1992. Вып. 6
15. Западные молодежные субкультуры 80-х годов: Научно-аналитический обзор. – М.: ИНИОН АН СССР, 1990.
16. Интелектуальная культура специалиста. Новосибирск, 1993.
17. Калибеков Д. Современные проблемы молодежи. /«Вопросы экономики», 2000, № 8.
18. Кебина Н.А. Молодое поколение Казахстана: сегодня и завтра. //Социология молодежи. 2005, № 2.
19. Ковалева А.И., Луков В.А. Социология молодежи: Теоретические вопросы. – М.: Социум, 1999.
20. Колков В.В., Колков С.В., Шахина Н.А. Государственная молодежная политика и социальная работа с молодежью: Учебное посмобие. – М.: Социально-технический институт, 2000.
21. Концепция государственной социальной службы помощи населению: Семье и личности / Под ред. Л.С. Ржанициной. М., 1992.
22. Лукашева Е.А. Право, мораль, личность. М., 1986.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1. Кіріспе 2
2. Негізгі бөлім 6
2.1. Мемлекеттiк жастар саясатының мақсаттары, мiндеттерi және принциптері 6
2.2. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары 6
2.3. Мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру және іске асыру 11
2.4. Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатын дамытуды пайымдау мен ағымдағы жағдайды талдау 15
2.5. Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидаттары 20
2.6. Бағыт Жастардың құндылық-патриоттық бағдарларын қалыптастыру 20
2.7. Жас азаматтардың экономикалық, әлеуметтік, инновациялық және шығармашылық даму бағыты. 22
2.8. Мемлекеттік жастар саясатын институционалды дамыту 23
2.9. Өтпелі кезеңдегі жастардың саяси-әлеуметтік және мәдени құндылықтарының өзгеру барысы 25
2.10. Қазақстандағы жастар саясатының қалыптасу ерекшеліктері мен әлеуметтік мәселенің көріну деңгейі 36
2.11. Жастарды жұмыспен қамту проблемаларын шешу жолдары мен механизмдері 45
3. Қорытынды 49
Қолданылған әдебиеттер тізімі 52

1. Кіріспе
Жастар - келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Ол ХХІ ғасырда Жаңа Қазақстанның - дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті қалыптастыруды белсенді жалғастыруы қажет. Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға арналған тұжырымдамасының (бұдан әрі - Тұжырымдама) миссиясы осында жатыр.
Тақырыптың өзектілігі: Жастар саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет жастардың келешекте маңызды салмаққа ие болар халықтың бірден-бір белсенді тобы екендігін ескереді. Мұның өзі жастардың мемлекет құрылысындағы рөлі мен орнын жете бағаламауға жол бермеуді көздейді.
Қазақстан республикасының мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы -Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы Жалпыға бірдей адам құқықтары Деклараңиясының өзекті идеялары мен қағидаларына, БҰҰ Бас Ассамблеясының "Жастар дамуының 2000 жылға дейінгі дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасының 5081 қарарына", Сәби құқықтары туралы Конвенңияға, Қазақстан Республикасының Конституңиясына және ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған "Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" атты Жолдауына сүйенеді. Мемлекеттік жастар саясатының қажеттігі жас өркеннің өмірге қадам басып, қоғамда өз құқығын иеленумен, оның алдында жауапкершілік арқалау сәтінде бетпе-бет келетін өмір мәресінің қиындықтарымен айқындалады.
Мемлекеттік жастар саясатының дәстүрлі әлеуметтік саясаттан айырмасы ол тек өтелу тетіктерін әзірлеумен ғана шектелмейді. Ол жастардың еңбек пен шығармашылық қуатын айқындайтын белсенді де жаңаша, өндірушілік аспектілерден тұрады. Бұл мемлекеттік жастар саясатын қоғамның стратегиялық ресурстарын дамытудағы бірден-бір маңызды бағыт ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Қоғамдық өзгерістердің күрделілігі жас азаматтардың әлеуметтік жағынан жан-жақты қалыптасуына, жас қауым тіршілігінің барлық қалтарысына әсерін тигізді. Дәстүрлі жастар мәселелерін шешудің мазмұны мен тәрбие тәсілдері жаңа тарихи жағдайларда мүлде өзге қырынан қарастырылуға тиіс болғандықтан түбегейлі өзгерді. Қазақстандық жас буын бойында отаншылдық, іскерлік, жауапкершілік қасиеттер қалыптастырмай, жастардың ізгілікті, рухани өркендеуіне, сондай-ақ өткен буынның әлеуметтік- мәдени тәжірибесін, элем өркениеті жетістіктерін игеруіне жол ашпай әлеуметтік ұстанымдағы экономикасы бар демократиялық қоғам құру мүмкін емес. Мұндай мақсаттарды жүзеге асыру жастарға, жалпы қоғамға қатысты саясатгы қалыптастыру мен жүзеге асыру ісіне жастардың өздерін белсенді түрде тартуды көздейді. Мемлекет жастарға, олардың материалдық деңгейі мен әлеуметтік жағдайына қарамастан, өмір жолын таңдау мен жеке жетістіктерге жету үшін мейлінше мол мүмкіндіктер ашуға тиіс. Сонда ғана жастар саясатының өзекті міндеті - жастардың тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз етуі іске асатын болады.
Тұжырымдама Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиясының, Қазақстан Республикасы дамытудың 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарының, үдемелі индустриялық инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелеріне жауап береді және Мемлекет басшысының Қазақстан халқы ассамблеясының ХІХ сессиясында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам бағдарламалық мақаласында берген тапсырмаларға сәйкес әзірленді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жастармен әлеуметтік-саяси жұмыс жүргізу тақырыбы шетелдік ғалымдар тарапынан мол зерттелген. Олардың аттарын тізіп шығудың өзіне көп уақыт кетеді. Ал, отандық ғалымдарымызға келетін болсақ, аталған тақырып бойынша бірлі-жарым еңбектер болмаса, арнайы ғылыми еңбектер, монографиялар мен диссертациялар көзге түсе қоймайды.
Әлеуметтік-саяси жұмыс жүргізудің теориялық және методологиялық мәселелері Гуслякова Л.Г., Холостова Е.И., Зайнышев И.Г., Саппс М., Уэллс К., Фирсов М.В. және т.б. ғалымдар еңбегінде егжей-тегжейлі қарастырылған. Отандық ғалымдарымыз Аитов Н.А., Джаманбалаева Ш.Е., Ешпанова Д. Д., Нысанбаев А. Н., Калибеков Д. және т.б. еңбектерінде Қазақстан жастарының әлеуметтік-саяси бейнесі, олардың әлеуметтену жағдайы, жалпы проблемалары қарастырылған. Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу мәселесін арнайы зерттеу нысанына айналдырған еңбектер жоқтың қасы деуге болады. Сондықтан да осы тақырыптың дипломдық жұмыс объектісіне айналып отыруы кездейсоқтық емес әрі өте зәру болып табылады.
Тақырыптың мақсаты Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты - жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен нығайту. Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жастар саясатының мына бағыттарына басылымдық беруді көздейді:

1. Жастар бойында патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі рухани дамуы.
2. Еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастар-дың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету.
3. Жастардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін дербес жүзеге асыруына жағдай жасау.
4. Жастардың денесін шынықтырып, интел- лектуалдық дамуына жағдай жасау.
5. Жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру.
6. Қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру проңестеріне тарту. Мемлекеттік билік органдары тарапынан жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыру мәселесінде біртүтас көзқарас қалыптастыру төмендегі басты қағидалар мүддесіне орай іске асырылуы қажет:
жастар мәселесіндегі демократиялық, жас азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
өркендеу мен жаңашылдық;
тұрақты негіздегі мақсатты, нақты әрі тиімді іс-қимыл;
жалпыға ортақтық - барлық жастарды жынысына, үлтына, әлеуметтік жағдайына және діни ұстанымына қара- мастан жаппай қамту;
жас шамасы мен әлеуметтік әртектілік проблемалары ескерілетін сараланған көзқарас;
жастардың әлеуметтік жағынан неғұрлым аз қорғалған бөлігін, соның ішінде, мүгедек балаларды, денсаулығы дімкәс балаларды, жетім балаларды, көп балалы, жағдайы нашар отбасыларындағы балаларды тікелей қорғау және қолдау. Жастар саясатын қалыптастырудағы осы басты қағидалар заңнамалық және атқарушы биліктің орталық және жергілікті органдары тарапынан ескеріліп, олардың қызметтерін бағалаудың бір өлшеміне айналуы тиіс.
Осы принциптерді сақтау мемлекеттік жастар саясатында жүйелілікті қалыптастырып, біртүтас әрі нақты мағына береді және қажетті тарихи сабақтастықты қамтамасыз етеді, оның негізгі бағыттарын іске асыруда бірыңғай әдістемелік пен ұстаным жасауға мүмкіндік туғызады. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың кезеңдік сипаттағы іс-қимылдары мынадай негізгі бағыттарды қарастырады:
жастардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету;
білім, еңбек және жүмыспен қамту саласындағы кепілдіктермен қамтамасыз ету;
жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесінің дамуына жағдай жасау;
жас таланттарды қолдау мен шыңдау;
жастарға әлеуметтік көмек көрсету мен қазіргі жағдайға бейімделу жүйесін қалыптастыру;
балалар мен жастар бірлестіктерін дамытуға жәрдемдесу.
Дипломдық жұмыстың жаңалығы. Отандық және шетелдік ғалымдар еңбектері негізінде жастармен әлеуметтік-саяси жұмыс жүргізудің теориялық-методологиялық негіздері, олардың жалпы жай-күйі, жұмыспен қамтылу деңгейі, әлеуметтік жұмыс жүргізудің технологиялары, өзекті проблемалары мен оларды шешу жолдары жан-жақты қарастырылды. Атап айтқанда зерттеу жұмысында мынадай жаңалықтар бар:
- рухани өмірімізде пайда болған ой еркіндігі мен пікір алуандығы тұрғысынан еліміздегі әлеуметтік жұмыс жүргізудің тарихи даму белестеріне алғаш рет кең көлемде талдау жасалған;
- совет кезеңіндегі әлеуметтік жұмыс жүргізудің сәтті тұстары аңғарылып, тиісті баға берілген;
- әлеуметтік-саяси жұмыстың теориялық және методологиялық мәселелері тиісінше молынан талданған;
- Қазақстандағы жастардың жалпы жағдайына шолу жасалып, олардың бет-болмысы толықтай ой елегінен өткізіліп, соны пайымдаулар жасалған;
- жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің технологиясы қарастырылып, шетелдік тәжірибелер тартылған, соны идеялар ұсынылған.
Зерттеу жұмысының қолданбалық маңызы. Дипломдық жұмыс Жастардың саяси мәселелерін, олардың саяси бағдарын, олармен әлеуметтік-саяси жұмыс жүргізу жайын қазіргі заман талабына сай, жаңаша көзқараспен зерттеген еңбектердің қатарын толықтыра түседі. Зерттеу жұмысындағы деректер мен қорытындыларды әлеуметтік жұмыс жүргізу тарихы, мемлекеттік жастар саясаты жүйесі, жастар социологиясы, сондай-ақ осы тақырыпта жазылатын болашақ диссертациялық жұмыстарда пайдалануға болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімнің 11 бөлімінен, қорытындыдан, сілтемелерден және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

2. Негізгі бөлім
2.1. Мемлекеттiк жастар саясатының мақсаттары,
мiндеттерi және принциптері
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты жастардың рухани, мәдени, бiлiм алуы, кәсiби қалыптасуы мен дене тәрбиесiн дамытуы үшiн әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепiлдіктер жасау, бүкiл қоғам мүддесi үшiн олардың шығармашылық әлеуетiн ашу мақсатында жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының мiндеттерi:
1) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
2) жастарға көмек беру және әлеуметтік қызметтер көрсету;
3) жастардың әлеуметтiк маңызды бастамаларын iске асыру болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты:
1) ерекше әлеуметтiк-демографиялық топ ретiнде жастардың мүдделері мен қажеттілiктерiн тану;
2) Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени құндылықтарының басымдылығы;
3) тән саулығын сақтау және нығайту;
4) адамгершілік және рухани даму;
5) қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;
6) азаматтықты қалыптастыру;
7) жастардың құқықтары мен бостандықтарын iске асыру;
8) жастардың проблемаларын шешудегi жүйелiлiк пен кешенділік;
9) мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыру мeн iскe acыруға жастардың тiкелей қатысуы принциптерiне негiзделедi.

2.2. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының негізгі бағыттары:
1) жастардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету;
2) жастар еңбегі мен олардың жұмыспен қамтылуы саласындағы кепілдіктерді қамтамасыз ету;
3) жастардың кәсіпкерлік қызметіне жәрдемдесу;
4) жас отбасыларын мемлекеттiк қолдау;
5) жастардың тегін негізгі орта, жалпы орта білім алуына консультациялық құқығын іске асыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
6) жастарды тәрбиелеу және оларға жан-жақты білім беру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
7) балалар үйлерiнің мүгедек және тәрбиеленушi жастарының құқықтары мен әлеуметтiк қорғалу кепiлдiктерiн қамтамасыз ету;
8) жастардың патриоттық және азаматтық тұрғыда қалыптасуы үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ету;
9) жастардың бойында ұлттық мәдениет пен тiлдi дамыту үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
10) жастардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, олардың салауатты өмiр салтын қалыптастыру;
11) әлеуметтiк қолдауға мұқтаж жастарға әлеуметтiк көмектi қамтамасыз ету;
12) жастардың мәдени бос уақыты мен демалысы үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ету;
13) талантты жастарды мемлекеттік қолдау;
14) жастар саясатын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың коммерциялық емес жастар ұйымдарымен ынтымақтастығы;
15) жастардың халықаралық ынтымақтастығына жәрдемдесу болып табылады.
Жастардың әлеуметтік құқықтары
Қазақстан Республикасында жастардың:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік медициналық мекемелерде тегiн медициналық қызмет көрсетiлуiне;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк оқу орындарында тегiн негізгі орта, жалпы орта білім алуға, сондай-ақ мемлекеттік бiлiм беру тапсырысы негiзiнде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары бiлiм алуға;
3) жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының шешiмi бойынша жеңiлдiкті жағдайларда мемлекеттiк спорттық-сауықтыру және мәдени-ағарту ұйымдарына баруға;
4) жергілiктi өкiлдi органдардың шешімi бойынша бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушiлер үшiн қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңiлдiкпен жүруге;
РҚАО-ның ескертпесі!
5) тармақша 2005.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі.
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, жастар арасынан орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізiнде оқитындар үшін қалааралық темiр жол және автомобиль көлiгiнде (таксиден басқа) қысқы және жазғы каникулдар кезеңiнде жеңiлдiкпен жүруге;
6) құқықтық, психологиялық, педагогикалық мәселелер, сондай-ақ отбасылық және жыныстық тәрбие мәселелерi бойынша консультациялар түрiнде әлеуметтiк қызмет көрсетулерді; мүгедектерді, әскери қызметтен босатылған әскери қызметшiлердi, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, арнаулы білім беру ұйымдарынан және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан оралған адамдарды, нашақорлық, уытқұмарлық, маскүнемдiк дертiнен емделуден өткен адамдарды, адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын адамдарды оңалту жөніндегі қызмет көрсетулердi тұтынуға;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмек алуға;
8) бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк бiлiм гранты бойынша оқитындар үшін Қазақстан Республикасының заңдарындабелгiленген мөлшерде және тәртiппен ай сайынғы мемлекеттiк стипендия алуға;
9) оқитындардың жоғары оқу орындарында оқу кезеңiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кәсiби бiлiм ақысын төлеу үшін және тамаққа, тұруға және оқу әдебиетiн сатып алуға жұмсалатын шығындарды iшiнара өтеуге білім беру грантын алуға әлеуметтiк құқықтары бар;
10) ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша оқуға түскен кезде Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мөлшерде қабылдау квотасы көзделедi.
Жастардың саяси құқықтары мен бостандықтары
Қазақстан Республикасының жастары Қазақстан Республикасының Конституциясында және басқа да заң актілерінде көзделген барлық саяси құқықтарға және бостандықтарға ие болады.
Жастардың еңбек және жұмыспен қамту саласындағы
кепiлдіктерi, олардың тұрғын үй проблемаларын
шешуге жәрдемдесу
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты еңбек және жұмыспен қамту саласында:
1) жастарға арналған қоғамдық жұмыстарды дамыту;
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) жастарға арналған жұмыс орындарын құратын шаруашылық субъектiлерiнiң қызметiн ұйымдастырушылық жағынан қолдау;
4) Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына сәйкес жастардың еңбек бiрлестiктерiн құру және қызметiн ұйымдастыру, соның iшiнде оқу орындарының базасында құру және қызметін ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының жастарына:
1) жұмысқа орналасуға, кәсiби даярлануға, бiлiктiлiгiн арттыруға жәрдемдесуге;
2) мемлекеттiк ұйымдарда немесе жарғылық капиталында мемлекеттің үлесi елу проценттен асатын ұйымдарда жұмыс орнын беруге жәрдемдесуге;
3) мүгедек жас адамдар үшін жоғары оқу орындарында оқу, қайта даярлау және тағылымдамадан өту бағдарламаларына, соның ішінде дистанциялық оқыту арқылы қол жеткiзуін қамтамасыз етуде жәрдемдесуге кепiлдіктер берiледi.
3. Жастардың тұрғын үй проблемаларын шешу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Жастар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтi
мемлекеттік қолдау
1. Жастар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметке байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарымен және осы Заңмен реттеледi.
2. Қазақстан Республикасы жастардың кәсiпкерлiк қызметiн әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық қолдау жөнiндегі шаралар жүйесiн белгілейдi.
3. Қазақстан Республикасының аумағында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын және жастар саясаты саласындағы мемлекеттiк қолдауды пайдаланатын тұлғаларға:
1) заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлiк қызметпен айналысатын жастар;
2) жастар ұйымдастырған шаруа немесе фермер қожалықтары;
3) қызметкерлерінің жалпы санының кемiнде жетпiс процентін өздерiнің құрылтайшылары болып табылатын жастар құрайтын ұйымдар жатады.
4. Жастардың кәсiпкерлік қызметін мемлекеттiк қолдау:
1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу орындарының оқу-өндiрiстік базасында жастардың кәсiпкерлiк қызметiн ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының жәрдемдесуi;
2) жастар арасындағы халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалмаған топтарын кәсiпкерлік қызметке тарту;
3) жастарға кәсiпкерлiк қызмет негiздерiн оқыту, шарт негiзiнде оқу орындары мен жұмыс берушiлер арасындағы ынтымақтастықты дамыту;
4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) белгілi бiр жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) орындауға келiсiмдер жасасу мақсатында мемлекеттiк органдардың осы баптың 3-тармағында аталған тұлғалармен ынтымақтастығы арқылы жүзеге асырылады.
5. Мемлекет жастардың өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығының, ғылым мен техниканың, мәдениет пен өнердiң, бiлiм берудiң, денсаулық сақтаудың түрлi салаларында жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ халыққа әлеуметтiк қызмет көрсетуге жәрдемдесетiн кәсiпкерлердi көтермелейдi.
Жас отбасыларды мемлекеттiк қолдау
1. Әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуде материалдық және өзге де көмек көрсетуге, тиісті білім беру, медициналық, құқықтық, психологиялық-педагогикалық, ақпараттық, консультациялық және басқа да қызметтер, оның ішінде денсаулық сақтауды, балаларды тәрбиелеу мен дамытуды, жастарды әлеуметтік қорғауды, бейімдеу мен оңалтуды қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге бағытталған жас отбасыларды мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Жас отбасыларын дамытуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында мемлекеттiк қолдау:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жас отбасыларына жеңiлдiктi кредиттер беру;
2) оқу орнының әкiмшiлігімен келiсiм бойынша білім алушылар болып табылатын жастар арасындағы ата-аналар үшiн оқу сабақтарына еркiн қатысуға, баланың бiр жарым жасқа толуы кезеңiне академиялық демалыс алуға құқық беру;
3) отбасылық өмiрдiң проблемалары, жас отбасылардың психологиялық-педагогикалық, құқықтық және басқа да мәселелерi бойынша консультация беру жүйесiн дамыту;
4) әлеуметтiк қызмет көрсетулер, әлеуметтік көмек ұсынатын коммерциялық емес ұйымдардың жүйесiн дамыту;
5) балалар мен жастардың жазғы демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру жүйесiн сақтау және дамыту;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жас отбасыларына жоғары оқу орындары мен орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарында оқу кезеңiнде бiлiм беру ұйымының жатақханасында бөлмелік үлгiдегi тұрғын үй-жай беру;
7) мемлекеттiк мектепке дейiнгi ұйымдардың жүйесiн дамыту арқылы жүзеге асырылады.
Талантты жастарды мемлекеттiк қолдау
1. Қоғамның зияткерлiк және шығармашылық әлеуетiн сақтау және дамыту, Қазақстан Республикасының ғылыми, мәдени дәстүрлерiнiң сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында жастардың талантты және дарынды өкiлдерiн қолдау және олардың жемiстi қызметi үшiн жағдайлар жасау жөнiндегі шаралар жүйесi жүзеге асырылады.
2. Талантты жастарды мемлекеттiк қолдауды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары көрсетедi және ол:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен талантты жастар үшін сыйлықақылар, стипендиялар белгiлеу, білім беру гранттарын беру;
2) ғылымның, мәдениет пен өнердiң аса көрнектi қайраткерлерiнiң шығармашылық шеберханаларын, мектептерi мен бiрлестiктерiн құруға жәрдемдесу;
3) орта білім беретін ұйымдарда спорт секциялары мен шығармашылық үйiрмелердiң қызметiн ұйымдастыру;
4) аса дарынды және талантты жастарды анықтау жөнiндегі орталықтарды құру және дамыту;
5) жастардың шығармашылық жетiстiктерiн анықтау және тарату мақсатында конкурстар, көрмелер, фестивальдар, байқаулар, концерттер, симпозиумдар, оқулар, конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру және өткiзу арқылы, халықаралық жастар алмасуларын ұйымдастыру;
6) дарынды және талантты жастардың шетелдердiң бiлiм беру және ғылыми-зерттеу ұйымдарында оқыту, қайта даярлау және тағылымдамадан өту бағдарламаларына конкурстық негiзде қол жеткiзуiн қамтамасыз ету;
7) ғылыми-мәдени жұмысты жүргiзу үшiн жас ғалымдарға, мәдениет, өнер мен білім қайраткерлерiне жағдайлар жасау, жас ғалымдардың әзiрлемелерiн нақты қолданысқа енгiзуге жәрдемдесу, сондай-ақ жастар арасынан шыққан зияткерлiк кадр ресурстарын сақтау және дамыту;
8) спорт мектептерiнiң, клубтарының желiсiн дамыту, спортта дарынды жас спортшыларды қолдау, жастар арасында спорт жарыстарын өткiзу;
9) талантты жастарға қолдау көрсететін жеке және заңды тұлғаларды моральдық көтермелеу арқылы жүзеге асырылады.
Жастардың халықаралық ынтымақтастығына
жәрдемдесу
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары халықаралық жастар ынтымақтастығына:
1) халықаралық жастар алмасулары туралы келiсiмдердi жасасу және iске асыру, жастарды халықаралық бағдарламалар жүйесiне енгiзу;
2) жастардың халықаралық ынтымақтастығы саласында халықаралық жастар алмасуларының ұйымдастырушылары мен қатысушыларына ақпаратты алуға, құжаттарды әзiрлеуге және әрiптестердi iрiктеуге көмек көрсету жолымен жәрдем көрсетедi.
2. Жастардың халықаралық ынтымақтастығына жәрдемдесу Қазақстан Республикасының заңдары негiзiнде жүзеге асырылады.

2.3. Мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру
және іске асыру
Мемлекеттiк жастар саясатын қаржымен қамтамасыз ету
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты:
1) республикалық және жергiліктi бюджеттер қаражаты;
2) жеке және заңды тұлғалардың ерiктi мүлiктiк жарналары;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қаржыландырылады.
2. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерде мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру үшiн жыл сайын қаражат көзделедi.
Қаржы қаражатының есептiк көлемi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру үшін қажеттi материалдық және қаржылық ресурстар есепке алына отырып айқындалады.
3. Мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру шеңберiндегi iс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарындабелгiленген тәртiппен мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс нысанында жүзеге асырылуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк
жастар саясатын қалыптастыруға және iске
асыруға жастардың қатысуы
1. Жастар Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыруға және жүргiзуге қоғамдық жағынан маңызды бастамаларды iске асыру, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға өтiнiш жасау, жастар ұйымдарының аталған органдармен өзара iс-қимыл жасауы арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де нысандарда қатысады.
2. Мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөнiнде жастардың, жастар ұйымдарының мемлекеттiк органдарға енгiзетiн ұсыныстарын мемлекеттiк органдар өз өкілеттіктерiне сәйкес және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен қарайды.
Егер аталған ұсыныстарды қарау үшiн қаржы қаражатының есебi, ақпарат жинау, құжаттардың жобаларын әзiрлеу қажет болған жағдайда мемлекеттiк органдар ақпараттық көмектi жүзеге асырады және аталған ұсыныстарды енгiзген жастар мен жастар ұйымдарының уәкiлеттi өкілдерiмен консультациялар жүргiзедi.
3. Мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыру және iске асыру саласында консультациялар мен iс-қимылдарды үйлестiру үшiн жастар ұйымдарын олардың келiсiмiмен тартуға құқылы.
Мемлекеттiк жастар саясатын іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру шеңберінде жастар ұйымдары мемлекеттiк органдармен ынтымақтасуға, ал олардың уәкiлеттi өкiлдерi мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөнiндегi консультациялық-кеңесшi органдардың құрамына кiруге құқылы.
4. Жастарды мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыруға және iске асыруға тарту мақсатында уәкілеттi орган Қазақстан Республикасының жастар ұйымдарымен бiрлесе отырып, екi жылда кемiнде бiр рет жалпы республикалық Қазақстан жастары форумын - Қазақстан Республикасының жастары мен жастар ұйымдарының уәкiлеттi өкілдерiнің форумын шақырады.
Жалпы республикалық Қазақстан жастары форумын өткiзу тәртiбi, өкiлдiк нормалары уәкiлеттi орган мен Қазақстан Республикасы Үкiметінің жанындағы мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөнiндегi консультациялық-кеңесшi органының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн жалпы республикалық Қазақстан жастары форумы туралы ережеменбелгiленедi.
5. Жалпы республикалық Қазақстан жастары форумы өз құзыретi шегiнде жастарға үндеу қабылдай алады, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыру және iске асыру туралы ұсынымдар әзiрлей алады.
Жастарға арналған әлеуметтiк қызметтер
1. Қазақстан Республикасында жастарды әлеуметтiк қолдау мақсатында әлеуметтік қызметтер жұмыс атқарады.
2. Әлеуметтiк қызметтер жұмысының бағыттары:
1) психологиялық-педагогикалық, медициналық-әлеуметтiк, заңдық көмектi жүзеге асыру және кәмелетке толмағандар мeн басқа да жастар өкiлдерiне консультациялар беру;
2) өздерінің тәни кемiстiктерiне байланысты ерекше қолайсыз жағдайларда қалған адамдарға әлеуметтiк көмек;
3) жас отбасыларына әлеуметтік көмек;
4) еңбек және оқу ұжымдарында жастарды құқықтық қорғау;
5) мiнез-құлқы девиантты кәмелетке толмағандарға, қадағалаусыз және панасыз қалған кәмелетке толмаған азаматтарға әлеуметтiк көмек;
6) жастар арасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарынан және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан оралған адамдарды, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, маскүнемдiктен емдеуден өткен адамдарды, адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын адамдарды әлеуметтiк қалпына келтiру (оңалту);
7) құқықтық насихат, жастардың жұмысқа орналасу, бiлiм беру және кәсіптік даярлау, бос уақытын өткiзу, туризм және спорт салаларындағы құқықтарын iске асыру мүмкiндiгi туралы оларды хабардар ету;
8) жастардың тұрғылықты жерi бойынша бос уақытын мазмұнды өткiзуiн ұйымдастыру, соның ішiнде жасөспiрiмдер мен жастардың аула клубтарын ашу мен қолдау және жастарға көмек көрсету жөніндегi басқа да функциялар;
9) жастардың жұмысқа орналасуына және жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу болып табылады.
3. Жастарға арналған әлеуметтiк қызметтер жұмыстарын қаржыландыру мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру үшін көзделген мемлекеттiк бюджет қаражатының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.
4. Әлеуметтiк қызметтердiң жастарға арнап мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қызметi шеңберiнде көрсететiн әлеуметтiк қызмет көpceтулеpi тегiн ұсынылады.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету және ғылыми негіздеу
1. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету, денсаулығын сақтауға, бiлім алуға, әлеуметтiк қызметке, кәсiптiк бағдар алуға, жұмысқа орналасуға, демалуға, әлеуметтiк оңалуға, жас отбасыларын қолдауға құқықтарын іске асыру мүмкiндiктерi туралы, жастар ұйымдарымен ынтымақтастық нысандары және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты саласындағы басқа да құқықтарды iске асыру туралы жастарды хабардар ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асырады.
Бұл мақсатта жастарға арналған ақпараттық жүйелердi, ақпарат орталықтарын құру арқылы жастарға ақпараттық қызмет көрсетудi кеңейту үшiн жағдайлар қамтамасыз етiледi, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiмен ынтымақтастық жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдар жастарды, жастар ұйымдарын мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі жоспарланатын және жүзеге асырылатын iс-шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етуге мiндеттi.
2. Мемлекеттiк органдар өз құзыретiне сәйкес Қазақстан Peспубликасындағы мемлекеттік жастар саясатының проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер ұйымдастырады. Көрсетілген зерттеулер ұзақ мерзiмдік негiзде жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты саласындағы зерттеулердің нәтижелерi негiзiнде уәкілетті орган жыл сайын Қазақстан Республикасындағы жастардың жағдайы туралы баяндаманы әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Yкiметiне табыс етедi және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Қазақстан Республикасындағы жастардың жағдайы туралы баяндаманы орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде тиiстi шешiмдер қабылдау үшiн қарайды.
Жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым
1. Мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектiлерiн құруды және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi.
2. Мемлекеттiк органдардың жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiнiң арнаулы мақсатын өзгерту туралы, тарату туралы шешiмдердi қабылдау тәртiбi жастардың тiршiлiгiн, бiлiм алуы мен тәрбиесiн, дене тәрбиесiн, рухани және имандылық жағынан дамуын қамтамасыз ету үшiн мұндай шешiмдердi қабылдаудың салдарын тиiстi мемлекеттiк органның немесе органдардың арнайы құрылған сараптама комиссиясының бағалауы жөнiндегi iс-шараларды көздейдi.
3. Мемлекеттiк меншiк мүлкi болып табылатын, құрылуы, сатып алынуы немесе оқшауландырылуы жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге байланысты болатын мүлiк (соның iшiнде жер учаскелерi, үйлер, құрылыстар, ғимараттар, жабдық) аталған мақсаттарына ғана сәйкес пайдаланылуы мүмкiн.
Егер туындаған мән-жайларға байланысты аталған мүлiктi жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында пайдалану мүмкiн болмаса, оны өзге мақсаттарда пайдалану туралы шешiмдi тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылым объектiсiнiң шығынын өтеуге бағытталған шараларды алдын ала қолдану шартымен қабылдайды.
4. Мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен жастар ұйымдарына үйлердi, ғимараттарды және олардың жарғылық мақсаттарын жүзеге асыру үшiн қажеттi өзге де мүлiктi өтеусiз пайдалануға беруге құқылы.
5. Жастарға арналған мемлекеттiң меншiгiндегi әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiнiң жұмыс iстеу тәртiбi, оны материалдық және қаржылай қолдау шаралары Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.

2.4. Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатын дамытуды пайымдау мен ағымдағы жағдайды талдау

Ағымдағы жағдайға талдау
Тәуелсіздіктің 20 жылдығында мемлекеттік жастар саясаты базалық қалыптасу кезеңінен өтті. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі басымдылықтары 1999 жылғы 28 тамызда қабылданған №73 Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасына енгізілген.
2004 жылы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы заң қабылданып, жастар жеке әлеуметтік-демографиялық топ ретінде бөлінді, оларға белгілі бір әлеуметтік құқықтар мен мемлекеттік кепілдіктер берілді.
Жастар саясатының Қазақстан жастары, Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы, Жастар саясатының 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы салалық бағдарламалары, сонымен қатар Қазақстан Республикасында азаматтарды патриоттық тәрбиелеудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асырылды.
Жастар саясаты саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғарыда аталған барлық құжаттары өзінің міндеттерін орындап, жастар саясатын іске асырудың жаңа кезеңін бастауға негіз болды.
Соңғы 10 жылда санақ қорытындысы бойынша 14 пен 29 жасқа дейінгі жастардың саны 919 153 адамға өскен (1999 жылы - 3,78 млн. адам, 2012 жылы - 4,7 млн. адам).
Қазіргі уақытта жастардың басты әлеуметтік сатылары сапалы білім болып табылады. Жалпы, білім деңгейі бойынша 718 мың жастар жоғары білімге ие (15,9%), 306 мың жастың аяқталмаған жоғары білімі бар (6,8%), 728 мың жастардың білімі - арнайы орта (16,2%).
Елімізде Жасыл ел, Дипломмен ауылға, Жастар практикасы және тағы басқа ірі жобалар іске асырылуда.
Жастар жұмыссыздығының деңгейі 2001 жылмен салыстырғанда 4 есеге азайып, ТМД елдері мен Еуропаның дәл сондай көрсеткіштерінен төмендеген. 2001 жылы жастар жұмыссыздығының деңгейі 4,6%-ды құрады.
Жастардың жоғары белсенділігі соңғы сайлау кампанияларында тіркелді.
Соңғы 11 жыл ішінде жастар ұйымдарының саны 7 есеге артты (2000 жылы - 150 жастар ұйымдары, 2011 году - 1043), ал жастар саясатын қаржыландыру 7 жыл ішінде 10 есеге өскен.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта қазақстандық жастардың әлеуметтік көңіл күйлерін зерттеу бірқатар проблемаларды анықтауға мүмкіндік берді.
Әлемдік экономикалық дағдарыс, діни экстремизмнің таралуы жастардың өзекті шақырулар мен қоғамның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістерге жеткілікті түрде дайын емес екендігін көрсетті.
Жастардың білім саласындағы проблемалары едәуір шешілген, тек 4,4% мүлде шешілмегендігін көрсеткен. Медициналық қызмет көрсету бойынша проблемалар 25,3% жастарда шешілсе, 6% сұрауға қатысқандар шешілмегендігін көрсетеді.
Жұмысқа орналасу және тұрғын үй проблемасын шешуге, сондай-ақ әлеуметтік қызметке қатысты респонденттердің 20%-ы аталған сұрақтарға нақты жауап бере алмады. Бұл аталған проблемалардың өзекті болып қалатындығын, сонымен қатар осы проблемалар респонденттердің 15%-ында мүлде шешілмеген.
Сонымен қатар, респонденттердің 20,6% мемлекет жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетпейді деп белгілеген.
Жалпы алғанда, сұрауға қатысқандардың 18,5% өзінің материалдық жағдайын төмен бағаласа, 18,4% - жауап беруге қиналған, тек 8,3%-ы материалдық жағдайын жоғары бағалаған.
Адамдардың мәдени деңгейінің құлдырауы (16%) тағы бір проблема болып табылады.
Өзектілігі бойынша келесі проблемалардың қатарында: жастар ортасындағы есірткінің таралуы (15%), діни экстремизм мен терроризм қаупі (12%).
Соңғы мәліметтер бойынша жастар саны артқанымен болжамдық мәліметтерге сүйенсек жастардың саны 2015 жылы 4,52 млн. адамды, 2020 жылы 4,13 млн. адамды құрайтын болады.
Жастар санының қысқаруы еңбек ресурстары проблемаларының туындауына, экономиканың әртүрлі саласында білікті кадрлардың азаюына соқтырып, Қазақстанның сыртқы технологиялық тәуелділігі қаупін күшейтеді.

Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының мақсаты мен міндеттері
Тұжырымдама мақсаты табысты, толыққанды, бәсекеге қабілетті және патриот жас қазақстандықты қалыптастыру болып табылады.
Тұжырымдама мақсатына қол жеткізу үшін міндеттерді үш бағытта шешу қарастырылады:
1. Бағыт Жастардың құндылық-патриоттық бағдарларын қалыптастыру;
2. Бағыт Жастардың экономикалық, әлеуметтік, инновациялық және шығармашылық әлеуеттерін дамыту;
3. Бағыт Мемлекеттік жастар саясатын институтционалдық қамтамасыз ету.
Осы Тұжырымдама жастар саясатының жаңа үлгісін құру мен дамтыуға бағытталған заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу үшін негіз бола алады.

Тұжырымдаманың орындалу кезеңдері мен іске асырудан күтілетін нәтижелер
Мемлекеттік жастар саясатын одан әрі дамыту мынадай кезеңмен жүзеге асырылады:
1) 2012 жылдан 2015 жылға дейінгі кезең;
2) 2016 жылдан 2020 жылға дейінгі кезең.

Бірінші кезеңде:
* Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңы қабылданады;
* орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың құзіреті мен өкілеттігі нақтыланады, олардың жауапкершілігі артады;
* жергілікті атқарушы органдарға қарасты жастар саясаты мәселелері жөніндегі консультатвиті-кеңесші органдардың тиімділігі жүйелендіріледі және артады;
* жастар саясаты мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің, жастар ұйымдары жетекшілерінің біліктілігі артады;
* жастар саясатын талдау, мониторинг және болжау жүйесі құрылады;
* Жастар республикалық сараптау-талдамалық құрылымы құрылады;
* экономиканың әртүрлі секторларының кәсіпорындарында жастар ұйымдары құрылады және жастар саясатының корпоративтік бағдарламалары қабылданады;
* Жастар практикасы, Жасыл ел, Дипломмен ауылға, Жастардың кадрлық резервтері, Мемлекеттік қызмет мектебі, Жастар Отанға! және өзге де жастар бастамалары өз жалғасын табады;
* техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектерінің мәліметтер базасы, оның ішінде сертификатталған enbek.gov.kz сайтында бұдан кейін жұмысқа орналастыру үшін құрылады;
* азаматтық білімнің, азаматтық белсенділікті көтермелеудің жаңа әдістері енгізіледі (Қоғамға қызмет курсы және тағы басқа);
* жастардың азаматтылық деңгейі артады;
* Ертеңің үшін аянба! еріктілік қызметі бойынша қоғамның барлық қабаттарын қамтитын жаңа азаматтық институттар құрылады;
* мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға бизнес-қауымдастықыт тарту;
* жас кәсіпкерлерге қолдау көрсететін Іске сәт! арнайы жобасы іске асырылады;
* жастар ортасында ғылымның мәртебесін көтеру және оларды инновациялық жобаларды әзірлеуге тарту үшін Қарқын KZ жобаларын іске асыру басталды;
* жастардың санасында еңбек құндылықтарын арттыру бойынша Еңбекқор жобасын іске асыру басталады;
* жастар үшін спорттық және демалыс инфрақұрылымдар желісі және оған қол жетімділік кеңейеді;
* табысты жас қазақстандықтың бейнесін танымал ететін Отандастар жобасы іске асырылады;
* әрбір аудан деңгейінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жастар ұйымдарын қаржыландыру енгізіледі;
* 2014 жылға қарай жастардың денсаулық орталықтары мен жас аналар, отбасын жоспарлау мектептерінің желісі дамиды;
* салауатты өмір салтын жастар арасында танымал ету үшін Алға,Қазақстан! жобасын іске асыру басталатын болады;
* жас азаматтардың жұмыс іздеуінің орташа ұзақтығы 6 айдан 4 айға қысқартылады;
* жұмыспен қамту өкілетті органдарымен жұмыс іздеп келген жастар санынан жұмысқа орналасқандар үлесі 10%-ға артады;
* жас отбасы категориясы үшін тұрғын үй алуға, оның ішінде Қол жетімді баспана - 2020 бағдарламасы аясында жағдай жасалады (2014 жылдан бастап 3000 пәтер 2020 жылға дейін).

Екінші кезеңде жастардың жастар саясатындағы қолданыстағы шаралармен қанағаттану деңгейі артатын болады, оның ішінде:
* жұмыспен қамту өкілетті органдарымен жұмыс іздеп келген жастар санынан жұмысқа орналасқандар үлесі 20%-ға артады;
* жастардың барлық деңгейдегі маслихаттардағы өкілеттілік деңгейі 14%-ға дейін өседі;
* мемлекеттік қызметкер жастардың мемлекеттік қызметкерлердің жалпы санынан үлесі 30%-ға артады, оның ішінде А корпусындағылар саны да өседі;
* жастардың профилактикалық тексеруден (скринигтік зерттеулерден) өтуі деңгейі артады;
* дене тәрбиесі және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдерді қамту өседі;
* жастарды жұмысқа орналастыру және жастардың кәсіпкерлік белсенділігін арттыру, оның ішінде жеңілдік несиелер арқылы арттыру шаралары жалғасын табады;
* білім беру органдарына қарасты мектеп оқушыларын кәсіби бағдарландыру жұмыстарын үйлестіретін қызметтер құрылады;
* жас кәсіпкерлерге қолдау көрсететін Іске сәт! арнайы жобасы жалғасады;
* жастардың санасында еңбек құндылықтарын арттыру бойынша Еңбекқор жобасын іске асыру жалғасады;
* табысты жас қазақстандықтың бейнесін танымал ететін Отандастар жобасы жалғасады;
* салауатты өмір салтын жастар арасында танымал ету үшін Алға,Қазақстан! жобасын іске асыру жалғасатын болады;
* жастар ортасында ғылымның мәртебесін көтеру және оларды инновациялық жобаларды әзірлеуге тарту үшін ҚарқынKZ жобаларын іске асыру жалғасады;
* өңірлік сараптау-талдамалық құрылымы құрылады.
Мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың негізгі қағидалары мен жалпы тәсілдері орталық және жергілікті атқарушы органдармен ескерілуі қажет және олардың қызметтерін бағалаудың критерилері болмақ.

Әлемдік тәжірибенің оң сипаты
Халықаралық тәжірибені талдау нәтижесі Еуропа, ТМД, Америка, Жапония, Қытай, Индия және Турция елдерінде жастар саясатын іске асыру мен әзірлеудің әртүрлі тәсілдерінің бар екендігі туралы көрсетті.
Барлық елдерде жастар саясатының басты мақсаты жастардың қоғамда шиеленіссіз ықпалдасуы мен өзін-өзі дамытуын арттыруға ықпал ету болып табылады.
Қазақстанда мемлекеттік жастар саясатын жаңғырту барысында шетелдерде аса жетістікпен қолданылып жүрген тәсілдер мен амалдарды қолдану жөн саналады.
АҚШ тәжірибесі жастардың шешім қабылдауға ықпал ету деңгейін арттыру мақсатында білім беру ұйымдарында өзін өзі басқару органдарын дамыту көрсетілген. Сонымен қатар олар қажетті әлеуметтік, мәдени, коммуникациялы, басқарушы дағдыларды алу мүмкіндігін де береді.
АҚШ-та жастар саясатының бағдарламалары мен жобаларын іске асыруға мемлекеттік-жеке серіктестің үлгісінде жеке қайырымдылық ұйымдарын, коммерциялық секторларды тарту тетіктері белсенді енгізілген.
Жастар саясатын іске асырудың жапондық тәсілдерінің негізі мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың бірлескен өзара тиімді іс қимылы мен араларындағы жауапкершілікті нақты бөлу.
Арнайы жастар орталықтарының, бюролары мен қызметтерінің жұмыс істеуін мемлекеттік тұрғыда қамтамасыз ету әдістері кең қолданысқа ие. Сонымен, Турцияда ірі қалаларда ақпараттық және мәдени жастар орталықтары, Германияда жастар ақпараттық консультативтік бюросы қызмет етеді. Аталған орталықтар желілерге қосылған, қызмет көрсетудің стандарттық базасы, ақпарат алмасу және оны жаңарту желісі бар.
Португалия мен Испанияда жастарға әлеуметтік көмек көрсетудің қоғамдық-мемлекеттік қызметі енгізілген.
Швецияда соңғы жылдары мемлекеттік органдардың қызметін тұжырымдау мен шешім қабылдау кезеңінде үйлестірумен айналысатын арнайы құрылым қалыптасқан.
Ресейде жастар саясатын іске асыру әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси бағыттар бойынша ірі жобалар жүйесі арқылы жүргізіледі. Соңғы жылдары федералдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастар саясатын қалыптастыруда және жүзеге асыруда мемлекеттің араласу деңгейі
Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы
ЖАСТАР САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУДЕГІ КРАУДСОРСИНГ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Жастар саясаты туралы
Қазақстанда жастар саясатын іске асыру саласына тартылған жастардың үлесі
Қазақстандағы жастар саясатының қалыптасуы
Қазақстан Республикасындағы жастар саясатын қамтамасыз етудегі әлеуметтік жұмыс
ҚР-да жастар саясаты саласындағы жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарламаларды талдау
Жастармен әлеуметтік жұмыс
ҚР мемлекеттік жастар саясаты және оның нормативтік негіздері
Пәндер