Әр түрлі бағыттағы ірі қара тұқымдары
Аннотация
Бұл курстық жұмыс мына нормативтік сілтемелер қолданылды
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1 Сиырларды азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Суалған буаз сиырларды азықтандыу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1 Сиырды бұзаулағаннан кейін, сүтейту үшін азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Сиырларды жаз айларында азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Кіріспе
Сиыр жақсы өсіп жетіліп, одан мол өнім алынуы үшін оның дұрыс азықтандырылуы басты шарт. Ол үшін сиыр ағзасына қандай қоректік заттар қаншалықты мөлшерде қажет екендігін білу керек. Себебі бұл қажетті қоректік заттар малдың жасына, өнімділік бағытына, тұқымына байланысты. Сауын сиырларға, буаз сиырларға, сақа және тұмса сиырларға берілетін азық мөлшері, азық түрлері мен оның қоректілігі түрліше болады. Сондықтан әрбір сиыр оның өзіне өлшеніп жасалған мөлшердегі азықпен азықтандырылады.
Сиырды нормамен азықтандыру дегеніміз, оның сүттілігіне, сүтінің майлылығына, қоңдылығына, жасына, қашан және қанша бұзаулағандығына және басқа жағдайларына қарай азықтандыру болып табылады.
Сиырға берілетін азықтарды олардың қоректілігіне, құнарлығына және басқа қасиетттеріне қарай ірі, шырынды және жем азықтар деп бірнеше топқа бөлінеді.
Ірі азықтарға организмге сіңімділігі төмен, құрамында клетчаткасы көп пішен, топан сияқты азықтар жатады. Шырынды азықтардың құрамында көп мөлшерде су болады. Оларға: көк шөп, сүрленген шөп, тамыр жемістілер (мал азықтық қызылша, сәбіз және т.б.) мен тамыртүйнектілер картоп, топинамбур және т.с.с. жатады. Бұларды «сүтейтуші» азықтар деп те айтады, өйткені сиырды мұндай азықтармен азықтандырғанда сүттің көбірек шығуына себепші болады.
Жем азықтар қуатты, маңызды, малға жұғымды келеді. Жемге: сұлы, қара бидай, арпа, тары, жүгері, қытай бұршақ т.б. дәндері жатады. Өндіріс қалдықтарынан: кебек, күнжара, кептірген жом, сірне т.б. жатады. Соңғы кездері құрама жем өте маңызды орын алып келеді. Бұл бірнеше азықтардан, әсіресе әр түрлі дәнді дақылдарды араластырып дайындалады.
Сиырға жем шөп бергенде тұз, бор, сүйек ұны және сол сияқты минерал азықтарды қосып береді. Азықтың қоректік бағасы оның құрамындағы кездесетін заттардың мөлшеріне байланысты болады. Мал азығының құрамына: қоректік заттардан ақуыз, май, минералдық заттар, углеводтар, дәрумендер кіреді.
Кейбір азықтардың құрамындағы су 75-80%-ға дейін жетеді. Азық құрамында су көп болса оның қоректік құндылығы кем болады.
Ақуыз – мал азығындағы қоректік заттардың ең бастысы. Ақуыз малдың тіршілігіне, жас малдың өсуіне, ірі малдың ет құрауына, сүтінің артуына қажет. Ақуыз жетімсіздігін басқа қоректік заттардың ешқайсысы да алмастыра алмайды. Ол барлық азықтардың құрамына кіреді деуге болады. Азықтарда ақуыз мөлшері түрліше болады. Ал, малға азық бергенде ақуыздың организмге сіңірілген мөлшері ғана, яғни қорытылатын протеин мөлшері ғана есепке алынады.
Май – мал азықтарында, сондай ақ жануар ағзасында да болады. Жемшөппен бірге қабылданған майларды мал өз денесінің, стінің майына және белгілі мөлшерін жылуға айналдырады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.Қобылбаев Қ.П Ірі қараны бордақылау - Алматы Қайнар 1995 ж, 45-65 беттер
2.Оразбеков Ж , Төлебаева Б.К Ірі қара шаруашылығы -Алматы Қайнар 1991 ж, 78-85 беттер
3.Ысқақбаев Б.Б Сиырды қолда өсіру -Алматы Қайнар 1987 ж, 36-54 беттер
4.Төреханов А.Ә, Каримов Ж.К, Даленов Ш.Д, Найманов Д.Қ, Жазылбеков Н.Ә Ірі қара шаруашылығы -Алматы Триумф 2006 ж, 251-269 беттер

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы Әр түрлі бағыттағы ірі қара тұқымдары
тақырып 27 бетті қамтиды.
Негізгі бөлімінде қамтыған тақырыптар : Сиырларды азықтандыру, Суалған
буаз сиырларды азықтандыу,
Өзіндік зерттеу бөлімінде қамтылған тақырып: Сиырды бұзаулағаннан
кейін, сүтейту үшін азықтандыру, Сиырларды жаз айларында азықтандыру
Бұл курстық жұмыс мына нормативтік сілтемелерде қолданылды:
МЖМБС 2.104-68 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.01.-80 КҚБЖ (ЕСКД).Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды
белгілеу.
МЖМБС 2.301-68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601-95 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар.Түрлері мен типтері орынға
қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.
МК (ГК) Қ.Р 04-2003.Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімнің
класификаторы (ӘҚТБӨК).
СТ ОҚМУ 4.02-2008.Университет стандарты.Сапа менеджменті жүйесі,
құжаттарын түзу, мазмұндау мен ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар.
СТ ОҚМУ 7.11-2008.Университет стандарттары.Оқу әдістемелік процестерді
басқару.
Белгілер мен қысқартулар
г – грамм
кг — килограмм
л – литр
мл – миллилитр
мм – миллиметр
т.б. - тағы басқа
т.с.с. — тағы сол сияқты
№ - нөмір
% - пайыз
а.ө-азықтық өлшем
см-сантиметр
млн.- миллион
Қ-қою
С-сирек
А-азоспермия
АҚШ-Америка Құрама Штаты
Анықтама
Корреляция - дегеніміз малдың бір өнім көрсеткішінің екінші
өнім көрсеткішімен тығыз байланыстылығын айтады.
Индекс-дегеніміз екі дене өлшемінің бір-біріне пайыздың
байланыс қатынасын айтамыз.
Элевер- дегеніміз мамандандырылған шаруашылықтар немесе фермалар.
Генетика- дегеніміз тірі организмнің тұқым қуалаушылық және
өзгергіштік қасиетін айтамыз.
Мазмұны
Аннотация
Бұл курстық жұмыс мына нормативтік сілтемелер қолданылды
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...6
1.Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.1 Сиырларды азықтандыру

... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Суалған буаз сиырларды
азықтандыу ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...13
2.Өзіндік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1 Сиырды бұзаулағаннан кейін, сүтейту үшін
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Сиырларды жаз айларында азықтандыру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 16
Техникалық қауіпсіздік

... ... ... ... 25
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

... ... ... ... ... 27
Кіріспе
Сиыр жақсы өсіп жетіліп, одан мол өнім алынуы үшін оның дұрыс
азықтандырылуы басты шарт. Ол үшін сиыр ағзасына қандай қоректік заттар
қаншалықты мөлшерде қажет екендігін білу керек. Себебі бұл қажетті қоректік
заттар малдың жасына, өнімділік бағытына, тұқымына байланысты. Сауын
сиырларға, буаз сиырларға, сақа және тұмса сиырларға берілетін азық
мөлшері, азық түрлері мен оның қоректілігі түрліше болады. Сондықтан әрбір
сиыр оның өзіне өлшеніп жасалған мөлшердегі азықпен азықтандырылады.
Сиырды нормамен азықтандыру дегеніміз, оның сүттілігіне, сүтінің
майлылығына, қоңдылығына, жасына, қашан және қанша бұзаулағандығына және
басқа жағдайларына қарай азықтандыру болып табылады.
Сиырға берілетін азықтарды олардың қоректілігіне, құнарлығына және
басқа қасиетттеріне қарай ірі, шырынды және жем азықтар деп бірнеше топқа
бөлінеді.
Ірі азықтарға организмге сіңімділігі төмен, құрамында клетчаткасы көп
пішен, топан сияқты азықтар жатады. Шырынды азықтардың құрамында көп
мөлшерде су болады. Оларға: көк шөп, сүрленген шөп, тамыр жемістілер (мал
азықтық қызылша, сәбіз және т.б.) мен тамыртүйнектілер картоп, топинамбур
және т.с.с. жатады. Бұларды сүтейтуші азықтар деп те айтады, өйткені
сиырды мұндай азықтармен азықтандырғанда сүттің көбірек шығуына себепші
болады.
Жем азықтар қуатты, маңызды, малға жұғымды келеді. Жемге: сұлы, қара
бидай, арпа, тары, жүгері, қытай бұршақ т.б. дәндері жатады. Өндіріс
қалдықтарынан: кебек, күнжара, кептірген жом, сірне т.б. жатады. Соңғы
кездері құрама жем өте маңызды орын алып келеді. Бұл бірнеше азықтардан,
әсіресе әр түрлі дәнді дақылдарды араластырып дайындалады.
Сиырға жем шөп бергенде тұз, бор, сүйек ұны және сол сияқты минерал
азықтарды қосып береді. Азықтың қоректік бағасы оның құрамындағы
кездесетін заттардың мөлшеріне байланысты болады. Мал азығының құрамына:
қоректік заттардан ақуыз, май, минералдық заттар, углеводтар, дәрумендер
кіреді.
Кейбір азықтардың құрамындағы су 75-80%-ға дейін жетеді. Азық
құрамында су көп болса оның қоректік құндылығы кем болады.
Ақуыз – мал азығындағы қоректік заттардың ең бастысы. Ақуыз малдың
тіршілігіне, жас малдың өсуіне, ірі малдың ет құрауына, сүтінің артуына
қажет. Ақуыз жетімсіздігін басқа қоректік заттардың ешқайсысы да алмастыра
алмайды. Ол барлық азықтардың құрамына кіреді деуге болады. Азықтарда ақуыз
мөлшері түрліше болады. Ал, малға азық бергенде ақуыздың организмге
сіңірілген мөлшері ғана, яғни қорытылатын протеин мөлшері ғана есепке
алынады.
Май – мал азықтарында, сондай ақ жануар ағзасында да болады. Жемшөппен
бірге қабылданған майларды мал өз денесінің, стінің майына және белгілі
мөлшерін жылуға айналдырады.
1.Негізгі бөлім
1.1 Сиырларды азықтандыру
Минералдық үстеме азықтар (ас тұзы, кәдімгі және йодталған тұз, сүйек
ұны, микроэлементтер тұздары және т.б.) жануар ағзасының түзілуіне, әсіресе
сүйектің түзілуіне жұмсалады.
Көмірсулар құрамына қант, крахмал, клетчатка кіреді. Жануар ағзасында
көмірсулар мен майдың жылудың пайда болуына жұмсалады. Крахмал, қант,
әсіресе картопта, қызылшада т.б. көп болады. Пішен, сабанда басым болады.
Дәрумендер мал азықтарында өте аз болады. Осыншалық аз болуына
қарамастанмалдың өсуіне, денсаулығына және төлдеуіне өте қажет. Егер малдың
жеген шөбінде дәрумендер болмаса мал аурауға шалдығады. Дәрумендер
организмде жеткілікті болу үшін малды жазда, өрісте көп жаю керек, өйткені
көк шөпте дәрумендер көп болады. Қыста, мал қорада тұрғанда, жақсы сапалы
пішен, шырынды азықтар беру керек.
Азықтарды түр түріне бөліп, олардың қоректік құндылығына қарай
жіктеумен қатар, олардың сапасына да баса назар аударылады.
Пішен. Сиыр азықтарының ішінде пішеннің маңызы зор. Пішен мал азығы
қорының жетекші түрі, әсіресе мал қолға қарағанда негізгі азығы болады.
Жақсы сапалы пішен, әсіресе бұршақ тұқымдас шөптер аралас пішен белокқа
едәуір бай болады, өте жақсы сапалы пішен жұғымдылығы жағынан
жемгежақындайды. Мұның үстіне ағзаның өсуіне қажетті дәруменді де мал
көбінше пішеннен алады.
Пішеннің сапасы, ең алдымен оның қандай шөптерден тұратыны мен жиналу
мерзімінебайланысты. Пішенде жоңышқа, беде, сиыр жоңышқа сияқты бұршақ
тұқымдас өсімдіктер және бидайық, аққонақ, тарғақ шөп, мысық құйрық,
қарабас шалғын сияқты шөптер неңұрлым көп болса, оның қоректілігі соғұрлым
жақсы болады. Пішен шөп гүлдей бастаған кезде орылып, қурап кетпей,
уақытымен жинап алуы тиіс. Пішен қурап кеткен болса, жапырағымен гүлі
түсіп, шөптердің сояуланып, тек сабақтары ғана қалады. Ал пішеннің жапырағы
сабағынақарағанда екі еседей бағалы болады. Мезгілімен шабылмаған шөптердің
пішені ірі келеді. Клетчаткасы көп болып, мал оны сүйсініп жей қоймайды.
Жақсы пішеннің түсі жасыл, қош иісті келеді. Табиғи шөптер пішеннің мынадай
сорттары болады.
Суармалы жерлердің пішені өте жоғары сапалы келеді. Онда негізінен
дәнді шөптер мен бұршақ тұқымдас өсімдіктер басым өседі. Шалғын пішеннің ең
жақсы шөптері көбінесе қоңырбас, арпа бас, суоты, сиыржоңышқа, жоңышқа
сияқты астық тұқымдас шөптер. Тоғай пішенінің тәуірі орманды жерлердегі,
күннің көзі жақсы түсетін тегіс беткейлерден және бұталар арасындағы ашық
жерлерден шабылады, ал тоғай арасындағы алаңның, әсіресе күннің көзі онша
түспейтін жерлердің пішені жақсы болмайды. Ондай жерлерде малға жұғымсыз,
тіпті ағзаға зиянды шөптер де көп өседі.
Батпақты жерлердің пішенінде қоғажай, қамыс, сүйрік қоға, қырықбуын
сияқты малға қоректік пайдасы төмен, яки улы шөптер болады, қоңырбас, суоты
сияқты шөптер сирек кездеседі, бұршақ тұқымдас шөптер болмайды. Пішеннің
бұл түрінің малға қоректілігі аз. Пішеннің ең жақсысын екпе шөптер береді.
Жоңышқа пішені бұршақ тұқымдас шөптердің пішеніне кіреді. Оның құрамында
протеині, кальцийі және дәрумені көп, сонымен бірге мал өте сүйсініп жейді.
Беденің осындай қасиетерінің арқасында мал азықтарының ішінде оның ерекше
маңызы бар. Бедені гүлдеуінің алғашқы кезінде орып алған жақсы.
Аралас егілетін шөптердің пішенінен ең тәуірлері сиыржоңышқа, сұлы
пішені, беде тарғақ шөп, беде бидайық пішені болады. Еркек шөп, атқонақ
сияқты астық тұқымдас шөптердің өздерін ғана егіп алған пішеннің қоректік
бағасы кемдеу болады. Өйткені бұлар ақуыз бен кальцийге бай болмайды.
Дәруменді пішен әрбір ферамада да болуы керек. Дәруменді пішен ең
алдымен тұқымдық мал мен төлге беріледі. Оны бұршақ тұқымдас шөптер пішенге
арналған жердің шөбін гүлдеу алдында шауып алады. Дәруменді пішеннің
жапырағының түсіп қалмауының үдкен маңызы бар.
Шабылған шөптегі дәрумендердің сақталуы, ең алдымен, оны кептіріп ала
білугебайланысты, ол үшін шабылған шөпті дереу жинап, дестеге салады.
Дестеде шөп жатып кебеді. Оны салмағы 1,5-3 центнерлік кішігірім
шөмелелерге салады. Шөмеледе 2-4 күн жатқан соң, негізгі сақталатын орынға
жеткізіледі.
Пішен ұны жем орнына қолданылады. Пішен ұнының ірілігі түрліше болуы
мүмкін. Оны кәдімгі ұн сияқты майда турап беруге болады. Тартылатын ұн
пішенді құрғақ, бұзылмайтын, жабық жағдайда сақтайды. Ылғалдығы 10-12%
болуға тиіс. Пішен ұны қаранғы қора жайдағы жәшіктерге яки қаптарға
нығыздалып салып сақтайды. Ұн нығыздалып, ылғал тартқыш келетіндіктен, оның
дәрумендері жойылады.
Сабанның қоректілігі қандай дақылдың сабаны екендігіне және сақталу
жағдайына байланысты. Әсіресе, сұлы, арпа, жүгері, т.б. дақылдардың
сабақтарының қоректіліг жақсы деп есептеледі. Жаздық егін дақылдары
сабандардың, күздік егіндердің сабандарына қарағанда ақуызы көп,
клетчаткалары аз болады. Сабан неғұрлым ірі және қатты болса, ол малға
соғұрлым жұғымсыз келеді. Жақсы сабанның түсі ақшылдау, ажарлы және жылтыр
болады. Сабан түсінің қараюы, иістенуі, көгеруі оның азық ретінде жарамсыз
болғандығының белгісі.
Топан сабанға қарағанда қоректілігі жақсы азық ретінде белгілі.
Әсіресе, сұлының топаны бағалыдеп есептейді.топан көп жатып қалмағаны жөн.
Жауынды күндері жиналған егіннің топаны су сіңді болып қалады да, тез
бұзылады.
Шөптің сүрлену сапасын оның иісіне, реңіне және түріне қарап
бағалайды. Жақсы сүрленген шөптің нан ашытқысының иісіндей ашыған хош иісі
болады. Сүрленген шөптің бастапқы түрі мен түсі көп өзгермей сақталады.
Бұзылған, нашар сүрлем шөптің түсі қарауытып, мұрын жарып кетерліктей
ашыған иісі болады.
Тамыржемістермен, тамыртүйнектілер шырынды азықтарға жатады. Бұларды
барлық малдар, әсіресе сауын сиырлары өте сүйсініп жейді. Тамыржемістердің
құрамында су мол, ақуызаз болады. Ол малға сіңімді азық ретінде белгілі
болады.
Тамыржемістерден әсіресе пайдалысы мал азығына арналған қызылша,
сәбіз, турнепс және басқалар. Малға берілетін тамыржемістілер мен
тамыртүйнектердің шірігендері, көгергендері болмауы тиіс.
Астық дәндері мал азықтарының ішіндегі ең құндысы. Жем есебіне астық
дәні берілетін болса, онда дәннің толықтығын ескеру қажет. Дәннің толық,
жұмыр болуы оның жақсы сапалы екендігін көрсетеді. Дәннің реңіне,
жылтырлығына назар аудару керек. Дән жылтыр емес, ала құла дақты болса,
бұлар да оның бұзылғандығының белгісі. Дәннің тазалығына қарау керек. Құм,
топырақ, шаң, тас, кесек, шөп шалам болса жемнің сапасын, құндылығын
төмендетеді.
Кебек – жем есебінде малға өте жақсы азық. Таза дәннің өзіне қарағанда
кебектің ақуызы көбірек келеді. Кебек, әсіресе сиыр мен жас төлге пайдалы.
Ірілі уағына, шаң, топырақтан тазалығына қарай кебек түрліше болады.
Кебектің сапасын иісіне, дәміне және құрамында басқа заттардың болуы
болмауына қарай айырады.
Бұзылмаған кебектің түсі ақ немесе қызыл күрең болып келеді. Түсі
қарайып, қоңыр тартқан, дәмі ақшылтым нашар иісті болса кебектің
бұзылғандығы.
Күнжара – құнарлы азықтардың бірі. Күнжара да ақуыз бен май өте көп
болады. Сондықтан сауылатын сиырға, төлге, асыл тұқымды малға өте пайдалы
азық болып есептеледі.Майдың қандай дәннен шығаылуына қарай күнбағыс
күнжарасы, зығыр күнжарасы, мақта күнжарасы т.б болып бөлінеді. Кейбір
күнжарада малды уландыратын ерекше зиянды зат болады. Оның әсерінен сиыр
іш тастауы мүмкін. Дегенмен, оны буаз сиырларға аз аздан беруге болады.
Мақта күнжарасы да басқа күнжаралар сияқты ақуызға бай. Бірақ онда
минералдық заттар мен дәрумендер аз болады. Алайда мақта күнжарасында
зиянды зат болғандықтан мұны аздап бермесе, мал уланып қалуы мүмкін.
Күнжара дәмінің, исінің жәнебасқа заттар қоспасының тазалығының маңызы
зор. Қауызы көп болса, күнжара нашар деп саналады. Ащы дәм, ашыған иіс
күнжараның бұзылғандығын көрсетеді. Күнжара ылғал тимейтін, құрғақ жерге
сақталуы тиіс.
Құрама жем арнаулы зауыттарда түрлі азықтарды араластыра отырып
дайындалады. Оған кебек, жарма, күнжара, шөп, пішеннентартылған ұн т.б.
араластырады. Құрама азық құнарлылығы жағынан жемнен кем түспейді. Құрама
жем әр мал түрлігіне арналып жұмсалады.
Құрама азықтың тақта тақта күйінде қатырылған түрі де болады, аралас
ұн сияқты және аралас қомалжың түріде болады. Азық өлшемі. Сиырға беретін
азықтарды таңдап алып рацион жасау үшін, әрбір азықтың қоректік құндылығын
білу керек. Өйткені, түрлі азықтарда қоректік заттар түрліше, сондықтан ол
азықтардың қоректік құндылығы да әр түрлі болады.
Әдетте, мал азықтарының қоректілігін азық өлшемімен бағалайды. Мұнда
азықтың өлшем ретінде орташа, сапалы 1 кг сұлықұндылығын алады. 1 кг
сұлының қоректік құндылығына салыстыра отырып, басқа азықтардың құндылығын
анықтайды. Мысалы, орта сапалы шалғын шөптің 1 кг пішені 0,5 азық өлшеміне
тең болады. Демек, 1 кг сұлы 1 килограмм орта сапалышалғын пішеніне
қарағанда 2 есе құнды. Ал 1 кг арпа дәні 1,16 азық өлшеміне тең болады,
яғни 1 кг арпа дәні қоректік құндылығы жөнінен 1,16 кг сұлыға тең.
Малдың сүтін,етін және басқа өнімділігін көбйту үшін дұрыс
азықтандырудың негізі, оларды нормамен азықтандыру болады. Азықты мөлшерлеу
үшін әр бір сиырға берілетін азықтың нормасы болуы тиіс.
Тәуліктік рацион жасағанда мыналар ескеріледі:
- азық рационына сол малдың сүйсініп жейтін жем шөптері кіреді
оның мөлшері және сапасы малдың іішн бұзбайтындай, сондай ақ
одан тез шығып кетпейтіндей болу керек;
- тәуліктік рацион жасағанда, сиыр организміне қажетті барлық
қоректік заттар сол азықтардан табылатын болу керек; Әсіресе,
жас, әліде өсетін сиырлардың азығында қорытылатын протеин мен
минералдық заттардың көп болғаны дұрыс;
- рациондағы азықтардың көлемі мал толық тоярлықтай болу керек.
Сонда ғана сиырдың ас қорыту органдары дұрыс қызмет атқарады
және сиыр өзін тоқ сезінеді;
- рациондағы азықтар әр түрлі болғаны жөн, мұны ісңресе сүтті
сиырларда азықтандыруда ескру керек.
Рационда минералдық заттар жеткілікті болуға тиіс. Егер азықтарында
тұз, кальций және фосфор сияқты минералдық заттар жеткіліксіз болса,
сиырдың қысыр қалуына, ауруға шалдығуына, сүттің азаюына, іштегі бұзаудың
нашар өсуіне себепші болады.
Сиырға берілетін азықтағы дәрумендер де жеткілікті болуы қажет. Бұл
әсіресе жас малға берілетін азықта көбірек ескерілгені жөн.
Азық рационы шаруашылықтағы бар азық түрлеріне қарай жасалуға тиіс,
онда да шаруашылықтың өзі өсіретін азықтардан жасалғаны жөн, жетіспейтін
компоненттерін сырттан алатын азықтармен толықтырған дұрыс.
Қандай малға болса да рацион жасауда құнарлы азықтар астық дәнін,
кебекті, күнжараны ықшамдап пайдалануға тырысу керек. Өйткені жемді көп
берудің орнына, оның мөлшерін азайтып, есесіне басқа азықтарды мол беріп
те сиырдан сүтті көп алуға болады. Сауын сиырларға рацион көлемді, шырынды
азықтарға біраз жем қосылып жасалады. Сауын сиырларғы шырынды азықтар
неғұрлым көбірек берілсе, көлемді азықтар соғұрлым аз берілуге тиіс.
Енді сауын сиырға рационның қалай жасалатындығы жөнінде мысал
келтірейік. Айталық, сиырдың тірідей салмағы 500 кг, күніне майлылығы , 3-
9% , 20 кг сүт беретін сиырға мына рационды мысал етуге болады.
1- кесте.
Майлылығы пайыз сүт беретін сиырларды азықтандыру нормасы
Тәуліктік Азық Қорыты Ас тұзы, Кальций, Фосфор, Каротин, г
сауылған өлшемі, латын г г г
сүт, кг кг проте
ин, г
1 2 3 4 5 6 7
Тірідей салмағы 400 кг
4 және
одан төмен
6 6,0 620 35 35 25 220
10 7,0 730 45 45 30 270
12 9,0 960 60 60 40 170
14 10,0 1090 70 70 45 420
16 11,0 1220 75 75 55 470
18 12,0 1360 85 85 60 520
20 13,0 1500 90 90 70 570
22 14,2 1650 100 100 75 620
24 15,4 1800 110 110 80 670
26 16,7 1960 115 115 85 720
28 18,0 2120 125 125 95 770
30 19,3 2330 130 130 100 820
2,06 2440 140 140 105 850
Тірідей салмағы 500 кг
4-тен
төмен 6,6 680 40 40 25 250
8 7,6 790 50 50 30 300
6 8,6 900 55 55 40 350
10 9,6 1020 65 65 45 400
12 10,6 1140 70 70 50 450
14 11,6 1270 70 80 55 500
16 12,6 1400 90 90 65 550
18 13,6 1540 95 95 70 600
20 14,7 1680 105 105 75 650
22 15,9 1830 115 115 85 700
24 17,1 1980 120 120 90 750
26 18,4 2140 130 130 95 800
28 19,7 2300 135 135 100 850
30 21,0 2460 145 145 105 900
32 22,3 2630 155 155 115 950
34 23,6 2780 160 160 120 1000
36 24,9 2940 170 170 130 1010
38 26,2 3100 180 180 135 1100
40 27,5 3260 185 185 140 1150
Тірідей салмағы 600 кг
4 - тен
төмен 7,1 750 45 45 30 280
6 8,1 860 55 55 35 330
8 9,1 970 60 60 40 330
10 10,1 1090 70 70 45 430
12 11,1 1210 80 80 55 480
14 12,1 1340 85 85 60 520
16 13,1 1470 95 95 65 580
18 14,1 1610 100 100 75 630
20 15,1 1750 110 110 80 680
22 16,2 1900 120 120 85 730
24 17,4 2050 125 125 90 780
26 18,6 2210 130 135 100 830
28 19,9 2370 140 140 105 880
30 21,2 2530 150 150 110 930
32 22,5 2690 160 160 115 980
34 23,8 2850 165 165 125 1030
36 25,1 3010 175 175 130 1090
38 26,4 3170 180 180 135 1130
40 27,7 3330 190 190 145 1180
2-кесте.
Жас ( 1-2 бұзаулаған ) және қоңдылығы төмен сиырларға қосымша азық
берудің нормасы
Сиыр Күнделікті рационға мынадай қосылады
тәулігіне
орташа
мынадай
салмақ қосса,
кг
Азық өлшемі, Қорытылатын Кальций, г Фосфор, г
кг протеин, г
0,2 1,0 100 7 5
0,3 1,5 150 10 8
0,5 2,5 250 15 12

келтірейік. Айталық, сиырдың тірідей салмағы 500 кг, күніне майлылығы 3-
9%, 20 кг сүт беретін сиырға мына рационды мысал етуге болады.
3-кесте.
Тірідей салмағы 500 кг сиырға берілетін азық рационы
Азықтардың Берілетін Азық Қорытылатын Кальций, гФосфор, г
түрлері азықтың өлшемі, протеин, г
мөлшері, кг
кг
1 2 3 4 5 6
Орташа шалғын 8 4,2 600 51 11
пішені
сүрленген
жүгері 22 4,0 310 32 12
Мал азықтық
қызылша 22 3,0 220 4 8
Құрама жем 8 3,0 300 3 20
Барлығы - 14,2 1490 95 51
Керегі - 14,2 1210 105 70
1.2 Суалған буаз сиырларды азықтандыу
Саууды тоқтатақаннан 5-7 күн өткеннен соң, желініне сүт жиналмайтын
болған кезде, сиырларды бұзаулауға әзірлеу ісіне кірісуге болады. Қоңдылығы
орташа сақа сиырдың бұзаулауына 1,5-2 ай қалғанда, ал қоңдылығы нашар және
жас сырлардың бұзаулауына 2,5 ай қалғанда суалтады. Сүтті сиырларды 7-10
күнде, ал тәулігіне 3-5 кг сүт беретіндерін бірден суалтады.
Суалаған сиырдың ішіндегі төлі тез өседі. Сондықтан бұл кезде сиырдың
азығына айрықша көңіл бөлу керек. Сиырға сапалы пішен, сүрлем және жем
берілуі тиіс. Рацион құрамында ірі азықтардан бұршақ тұқымдас болғаны жөн.
Өйткені, ол құнарлы протеинге, минералдық заттарға, каротинге бай. Сондай
ақ сүрлем, арпа жармасы, сұлы, мақта және күнбағыс күнжарасы берілуі керек.
Бұзаулауға жақындаған кезде ( туарында шамамен 5-7 күн қалғанда) сүтті
сиырға балауса азық пен жемді аз мөлшерде берген жөн. Мұның өзі сиырдың
туар кезде өте семіріп кетпеуіне және бұзаулағаннан кейін оның желінінің
ісіп кетпеуіне септігін тигізеді.
Қоңдылығы ортадан төмен буаз сиырларға азықтандырудың нормасын
тәулігіне 1-2 азық өлшеміне арттыру қажет, ал оның өзінде рациондағы әрбір
азық өлшемінде 110-120 г қорытылатын протеин, 9-10 г кальций, 5-6 г
фосфор және 40-50 мг каротин болуы тиіс. Мұндай азықтандыру нормасы
нәтижесінде сиыр бұзаулау мерзіміне дейін орташа және ортадан жоғары
қоңдылыққа жетеді.
4-кесте.
Суалған буаз сиырды азықтандыру нормасы.
Бір жылдаТірідейАзық Қорыты Кальций,Фосфор,гКаротин,гАс
беретін салмағыөлшемі, латын г тұзы,г
сүті, кг , кг кг протеин,
г
2500-3000400-4506,6-7,0 700-800 70-75 35-45 300-350 45
3001-3500451-5007,3-7,8 810-910 83-93 45-50 350-400 50
4001-4500501-5508,5-9,0 970-107 95-105 55-60 400-450 60
5000- нан
жоғары 551-6009,5-10,51100-1200110-115 65-70 500 65
Құнарлығы жөнінде рациондағы малазығының үлес салмағы шамамен: сүрлем
– 34–40 пайыз, жем 25-30, ірі азық – 35 – 40 пайыз болу керек. Суалаған
буаз сиырды, оның салмағына, беретін сүтіне, қоңына және жасына сәйкес
азықтандырады.
Буаз сиырларды көгерген, мұз болып қатқан, иістенген жем шөпті беруге
болмайды. Сиырлар суалғанда аса семіріп кетпегені жөн. Судың жылылығы 10-12
градустай болуы шарт. Аса суық сиырдан мал іш тастайтын.
5-кесте.
Жылына майлылығы 3,8-4 пайыз 3500 кг сүт беретін, тірідей салмағы 450-500
кг суалған буаз сиырдың азық рационы.
Азық Тәулігіне Азық Қорыты Кальций, Фосфор, Каротин,
түрлері берілетін өлшемі, кглатын г г г
мөлшері, протеин, г
кг
Сүрлем 15,0 2,8 270 24 16 225
Жем 2,0 2,2 230 3 8 -
Пішен 4,0 2,0 300 40 10 135
Жаздық
дақылдар
сабаны 5,0 0,4 20 9 10 10
Ас тұзы 0,05 - - - - -
Азықтық
преципитат0,07 - - - - -
Рацион
құрамы - 7,4 820 76 35 370
2.Өзіндік зерттеу
2.1 Сиырды бұзаулағаннан кейін, сүтейту үшін азықтандыру
Бұзаулаған соң сиыр суды көп қажетсінбейді. Бірақ, бұл кезде кез
келген суды беруге болмайды. Бұзаулағаннан 30-40 минуттан кейін сиырды жылы
сумен суарады. Судың жылылығы 20-30 градустай болуы керек. Майда, жұмсақ,
сапалы пішен беріледі. Сонан соң желінін, санын, бауырын сабындап жуып
сауады.
Күніне 0,5-1 кг арпа жармасын немесе сұлы жармасын береді. Кейіннен
бұған бірте-бірте жем қосып отырады.
Сиырды толық азық нормасына, күн сайын азықты біртіндеп қоса отырып 8-
10 күнде жеткізеді, бұл жағдайда да оның желініне бақылау жасап отырады.
Жоғарыда көрсетілген азықтандыру шарттарын қолдана отырып буаз сиырды
бұзаулауға даярлаудың және бұзаулағаннан кейін жақсылап күтудің арқасында
сиыр едәуір сүтейеді. Мысалы, алдыңғы қатарлы тәжірибелерге қарағанда,
бұрын күніне 12-15 л сүт беріп келген сиыр, жақсы даярлықтан кейін
бұзаулаған соң, күніне 25-30 литрден сүт бере бастаған.
Сиыр сүтінің күнен-күнге көбеюі үшін мал шаруашылығы мамандары,
сауыншылыр, бақташылар барлық мүмкіндіктерді қолданады. Сиыр сүтінің қандай
шамаға дейін көбейтетіндігін малды тиісті әдіспен азықтандыра отырып
анықтауға болады.
Бұзаулағаннан 8-10 күннен кейін сиыр толық нормалы азыққа көшіріледі.
Осы кезден бастап, оның тірідей салмағына және күнделікті сауылатын сүтіне
қарай жасалған тәуліктік нормадан тыс оған қосымша азық беріледі. Мұны
сүтейту үшін азықтандыру деп атайды. Мұндай қосымша азықты сиыр сүті
көбейгенше үдейтіп береді. Сүті онша көп емес сиырға қосымша азықты күніне
оның сүті 2-3 литр көбейтетіндей, ал аса сүтті сиырға 3-5 литр
көбейтетіндей етіп беру керек. Мысалы, сиыр бұзаулағанның 15-інші күні 10
л сүт берген болса, енді оны 12-13 литрдей сүт беретіндей етіп азықтандыра
бастау керек. Осы күйінде оны 10-12 күн байқап, егер осы уақыт ішінде ол
сүтін көбейтсе, оныі үстіне тағы да азық қосып беріледі. Сүтейту үшін
берілетін азықты шырынды, көлемді азықтар мен жеммен қосып жақсылап бастау
керек.
Әрбір сиырдың беретін сүті мен салмағына қарай азықтық рационы да
айрықша болады. Сиырларды сүтейтудің негізгі шарты-жем-шөпті баптап беру
ісіне үлкен назар аудару керек. Мәселен, қызылшаны, картопты турап, жемді
жарып, яки ұнтап береді. Пішен мен сабанды тек булап немесе басқа жолмен
баптап береді.
Сиырларды сүтейту үшін тек дұрыс азықтандырумен қатар, олардың
желініне,сауу әдісіне де ерекше көңіл бөлінуі керек. Әр сауған сайын
желінді екі рет уқалау, үрпідегі сүтті басқа ыдысқа сауып алу-сиыр сүстінің
көбейе түсуіне көп себеп болады.
Әсіресе, бұзаулағаннан соң сиырдың желініне мұқият назар аударады.
Өйткені, аса сүтті және өте күйлі сиырлардың желіні көбіне сыздағыш келеді.
Оның алдын алмаса, сиыр желінсау болуы мүмкін, ол үшін бұзаулағаннан кейін
сүтті сиырларды күніне 6-8 рет сауу керек. Сиырлардың үстіне күніне 2-3
рет тазалау керек, оларды далаға шығарып бой жаздыру, қораның ішін таза
ұстау да – сиыр сүтінің көбеюінеәсер етеді.
Жас сиырлардың екі, үш және одан да көп бұзаулаған сайын сауылу
маусымдарына беретін сүт мөлшері артып отырады. Сонымен, сиыр сүтінің
көбеюі ісі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz