Етті бағыттағы ірі қараның конституциясы



Аннотация
Бұл курстық жұмыс мына нормативтік сілтемелер қолданылды
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.Негізгі бөлім ... ... .7
1.1 Ірі қараның сырт пішінін бағалау тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Сиырдың желіні туралы мағлүматтар ... ..11
1.3 Сүтті және етті бағыттағы ірі қараның сырт пішіні ... ..14
2. Өзіндік зерттеу ... ..18
2.1 Ірі қараның интерьері ... ..18
Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Кіріспе

Ірі қараның конституциясын, экстерьерін және интерьерін білудің ірі қара шаруашылығын дамыту үшін маңызы зор. Тек қана конституциясы мықты, ал экстерьері мен интерьері жақсы мал ғана өнімді мол береді. Ірі қараның конституциясы, интерьері және экстерьері оларды тұқымына, өскен ортасына, шаруашылық бағытына, дұрыс және толық азықтандыруына байланысты.
Экстерьер малдың сыртқы дене құрылысы. Ол малдың биологиялық ерекшеліктеріне және шаруашылықтағы өнімділік бағыттарына байланысты. Малдың экстерьерін зерттеу арқылы, оның денсаулығы жөнінде және қандай тұқымға жататындығын білеміз. Сүтті және етті ірі қараны сыртқы құрылысына қарап айырады. Асыл тұқымды мал өсіру жұмысымен айналысқан уақытта малдың өнімділігін зерттеумен қатар, сыртқы дене құрылысын да зерттейді, әсіресе сұрыптау және жұптау мезгілдерінде малдың экстерьерін ерекше ескереді. Малдың экстерьері оның тұқымына, жынысына, жасына, бағып күтуіне байланысты. Малдарды экстерьері бойынша іріктегенде оның өнімділік бағытына, сүйегінің мықтылығына, дене етінің жетілуіне және дене құрылысының әрбір мүшесіне баға береді. Дене мүшелерінің кемістігін дұрыс анықтау қажет. Себебі дене мүшесінің кемістігі оның денсаулығының нашар екендігін көрсетеді. Ал денсаулығы нашар малдың өнімді аз беретіні мәлім.
Ірі қара экстерьерін жете зерттеген ғалымдарға М.И.Придорогин, Е.А.Богданов, П.Н.Кулешов, Е.Ф.Лискун, И.Ф.Иванов т.б оқымыстылар жатады. М.И.Придорогин Ресейде шыққан экстерьері жөніндегі оқулықтың бірінші авторы. Осы оқымыстының көп жылдық зерттеуі арқасында алғашқы рет ірі қараны кешенді бағалау көзделген. Оған: көзбен, дене мүшелерін өлшеп, суреті және графикалық анықтау тәсілдері жатады.
Әр тұқымның өзіне тән стандарты болады, бағалағанда тұқымына және өніміне қарайды, әрі әр малдың жасын тісіне қарап айыру, ал тірідей салмағын дене өлшемі арқылы анықтау т.б. тәсілдер ұсынылған.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.Қобылбаев Қ.П Ірі қараны бордақылау - Алматы Қайнар 1995 ж, 45-65 беттер
2.Оразбеков Ж , Төлебаева Б.К Ірі қара шаруашылығы -Алматы Қайнар 1991 ж, 78-85 беттер
3.Ысқақбаев Б.Б Сиырды қолда өсіру -Алматы Қайнар 1987 ж, 36-54 беттер
4.Төреханов А.Ә, Каримов Ж.К, Даленов Ш.Д, Найманов Д.Қ, Жазылбеков Н.Ә Ірі қара шаруашылығы -Алматы Триумф 2006 ж, 251-269 беттер

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы Етті бағыттағы ірі қараның
конституциясы тақырып 28 бетті қамтиды.
Негізгі бөлімде қамтылған тақырыптар: Ірі қараның сырт пішінін
бағалау тәсілдері,сиырдың желіні туралы мағлұматтар, сүтті және етті
бағыттағы ірі қараның сырт пішіні.
Өзіндік зерттеу бөлімінде қамтылған тақырыптар: ірі қараның
интерьері.
Бұл курстық жұмыс мына нормативтік сілтемелерде қолданылды:

МЖМБС 2.104-68 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.01.-80 КҚБЖ (ЕСКД).Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды
белгілеу.
МЖМБС 2.301-68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601-95 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар.Түрлері мен типтері орынға
қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.
МК (ГК) Қ.Р 04-2003.Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімнің
класификаторы (ӘҚТБӨК).
СТ ОҚМУ 4.02-2008.Университет стандарты.Сапа менеджменті жүйесі,
құжаттарын түзу, мазмұндау мен ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар.
СТ ОҚМУ 7.11-2008.Университет стандарттары.Оқу әдістемелік процестерді
басқару.

Белгілер мен қысқартулар

г – грамм
кг — килограмм
л – литр
мл – миллилитр
мм – миллиметр
т.б. - тағы басқа
т.с.с. — тағы сол сияқты
№ - нөмір
% - пайыз
а.ө-азықтық өлшем
см-сантиметр
млн.- миллион
Қ-қою
С-сирек
А-азоспермия
АҚШ-Америка Құрама Штаты

Анықтама

Цистерна дегеніміз өзінше бір резервуар, онда сүт жиналады.
Индекс - дегеніміз екі дене өлшемінің бір біріне пайыздың байланыс
қатынасын айтамыз.
Интерьер - деген сөз (франция тілінен шыққан intierier-ішкі құрылыс).
Эстерьер - деген сөз (франция тілінен шыққан exsterier-сыртқы
құрылыс).

Мазмұны

Аннотация
Бұл курстық жұмыс мына нормативтік сілтемелер қолданылды
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...6
1.Негізгі бөлім ... ... .7
1.1 Ірі қараның сырт пішінін бағалау
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Сиырдың желіні туралы мағлүматтар ... ..11
1.3 Сүтті және етті бағыттағы ірі қараның сырт пішіні ... ..14
2. Өзіндік зерттеу ... ..18
2.1 Ірі қараның интерьері ... ..18
Техникалық қауіпсіздік
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 28

Кіріспе

Ірі қараның конституциясын, экстерьерін және интерьерін білудің ірі
қара шаруашылығын дамыту үшін маңызы зор. Тек қана конституциясы мықты, ал
экстерьері мен интерьері жақсы мал ғана өнімді мол береді. Ірі қараның
конституциясы, интерьері және экстерьері оларды тұқымына, өскен ортасына,
шаруашылық бағытына, дұрыс және толық азықтандыруына байланысты.
Экстерьер малдың сыртқы дене құрылысы. Ол малдың биологиялық
ерекшеліктеріне және шаруашылықтағы өнімділік бағыттарына байланысты.
Малдың экстерьерін зерттеу арқылы, оның денсаулығы жөнінде және қандай
тұқымға жататындығын білеміз. Сүтті және етті ірі қараны сыртқы құрылысына
қарап айырады. Асыл тұқымды мал өсіру жұмысымен айналысқан уақытта малдың
өнімділігін зерттеумен қатар, сыртқы дене құрылысын да зерттейді, әсіресе
сұрыптау және жұптау мезгілдерінде малдың экстерьерін ерекше ескереді.
Малдың экстерьері оның тұқымына, жынысына, жасына, бағып күтуіне
байланысты. Малдарды экстерьері бойынша іріктегенде оның өнімділік
бағытына, сүйегінің мықтылығына, дене етінің жетілуіне және дене
құрылысының әрбір мүшесіне баға береді. Дене мүшелерінің кемістігін дұрыс
анықтау қажет. Себебі дене мүшесінің кемістігі оның денсаулығының нашар
екендігін көрсетеді. Ал денсаулығы нашар малдың өнімді аз беретіні мәлім.
Ірі қара экстерьерін жете зерттеген ғалымдарға М.И.Придорогин,
Е.А.Богданов, П.Н.Кулешов, Е.Ф.Лискун, И.Ф.Иванов т.б оқымыстылар жатады.
М.И.Придорогин Ресейде шыққан экстерьері жөніндегі оқулықтың бірінші
авторы. Осы оқымыстының көп жылдық зерттеуі арқасында алғашқы рет ірі
қараны кешенді бағалау көзделген. Оған: көзбен, дене мүшелерін өлшеп,
суреті және графикалық анықтау тәсілдері жатады.
Әр тұқымның өзіне тән стандарты болады, бағалағанда тұқымына және
өніміне қарайды, әрі әр малдың жасын тісіне қарап айыру, ал тірідей
салмағын дене өлшемі арқылы анықтау т.б. тәсілдер ұсынылған.

1.Негізгі бөлім

1.1 Ірі қараның сырт пішінін бағалау тәсілдері.

Ірі қара малдың сырт пішінін бағалай келіп, одан алынатын өнімді және
оның асылдығын білуге болады. Малдың сырт пішінін бағалау үшін зоотехник
селекционердің тәжірибесі мол болу керек, әрі ол бағаланатын малды жақсы
білуі қажет, сонымен қатар оның күтімі, азықтануы жөнінде мәліметтер
болғанда ғана малдың сырт пішіні дұрыс бағаланады.
Көзбен бағалау тәсілі. Малдың дене пішінін бағалаудың ең негізгісі
болып саналады. Тәжірибелі мамандар осы тәсілді пайдаланып малдың дене
бітімін (конституциясын), әрі денсаулығын т.б. анықтайды, әрі малдың
өнімділігін және асылдығын да анықтауға болады. Көзбен бағалау екі түрге
бөлінеді: біріншісі малдың мүшелерін жеке жеке сипаттап, оның мүшелерінің
жетістігін және кемістігін анықтаса; екіншісі мүшелерін балмен бағалау,
сосын жалпы қорытындысын шығарады.
Әр мүшені өлшеу. Малдың әр мүшесін өлшей бағалаудың да маңызы зор.
Жалпы малдың 70 дене өлшемі бар. Соның ғылыми зерттеуінде 52 дене өлшемі,
жалпы зерттеу үшін - 11 , орташа дене өлшемі - 18. Бірақта дене өлшемі
дұрыс болса да, малдың сырт пішіні жөнінде толық түсінік бере алмайды.
Сондықтан бұл тәсілді көзбенен бағалағанда қосымша мәлімет ретінде
қолданады.
Графикалық тәсіл. Бұл тәсілдердің негізі, мысалы бір дене өлшемін 100
пайыз деп есептейді де, қалған өлшемдердің айырмашылығын соған пайызбен
шаға анықтайды. Содан кейін график сызады. Ал 100 пайыз деп алған дене
өлшемі түзу линия болады. Нәтижесінде екі үш топтың дене пішінінің
салыстырмалы бағалары анықталады.
Фотографиялық тәсілмен бағалау. Әсіресе, асыл тұқымды малдарды
фотосуреттермен бағалаудың маңызы зор. Дене өлшемін толықтыруда
фотосуреттің әсері ерекше. Әсіресе, өте жоғары бағалы асыл тұқымды малдарды
бағалағанда да фотосуреттің маңызы зор.
Зооинженерлер малдардың сырт пішінін бағалағанда олардың әр
мүшелерінің жетістіктері мен кемістіктерінеде көңіл бөледі.
Малдың жеке мүшелері. Басы. Малдың басының құрылысына және бітіміне
қарай мал сүйегіне баға беруге болады. Көпке белгілі, жалпы бастың
көлеміне, ұзындығына мен еніне және басының пропорциялық құрылысына қарай,
малдың қандай конституцияға жататынын, әрі шаруашылық үшін маңызын
анықтаймыз. Әр тұқымға, әр жынысты малға, әр бағытына қарай лайықты бастың
құрылысы болады. Сүтті бағыттағы сиырлардың басы үлкен емес, жеңіл,
ықшамды, үзынырақ, ал ені кішкентайлау. Бұқалардыңбасы сөлекет. Етті
бағыттағы сиырлардың басы ауырлау, ені үлкен, ұзындығы қысқалау. Маңдайы
өте енді. Мүйізі жуан, басы ауыр, дөңкиген, дене бітімі сөлекет түрге
жатады. Басы ұзын, мойын терісі қыртысты, сүйектері арбиған мал дене бітімі
нәзік типті сүтті тұқымға жататын сиырларға тән.
Мойыны.Малдың жынысына байланысты, әрі тұқым бағытына қарай олардың
мойындары да ерекше болып келеді. Сүтті тұқымға жататын сиырлардың мойыны
жіңішке, терісі қыртысты, ал етті тұқымға жататын сиырлардың мойыны қысқа,
жуан, әрі мойыны басына тұтас жалғасып жатады, кеуде ойымы сүтті сиырларда
нашар жетілген, ал етті сиырлардікі жақсы жетілен.
Шоқтығы. Сүтті бағыттағы сиырлардікі шоқтық біртегіс кейде шошақ, ені
орташа. Шоқтығының шошақ көрінуі, оның етінің нашар жетілгенін көрсетеді.
Етті бағыттағы сиырлардың шоқтығы енді, біртегіс және жазық. Қосшоқтық
етінің нашар жетілгенінің белгісі, ондай малдарды тұқымдыққа қалдырмайды.
Кеудесі. Кеуде қуысында өкпе, жүрек орналасқан. Олардың демалу, қан
айналуы үшін маңызы зор. Өкпесі жасы жетілген малдың кеуде қуысы өте
көлемді келеді. Кеуденің көлемі оның ұзындығына, кеңдігіне және ендігіне
байланысты. Ал қушиған, терең емес, жауырын сырты ойлы болса, ол кеуде
мүшенің өте үлкен кемшілігі. Аса сүтті бағыттағы сиырлардың кеудесі кең,
терең, енді әрі ұзын болады, ал етті бағыттағы сиырлардың кеудесі енді және
терең. Кеуденің кеңдігін, малдың биіктігіне қарап та айтуға болады. Егерде
шоқтығының биіктігінің 50% болса, ондай кеуде терең болып саналады. Кеудесі
қушиған малдың шоқтығы биіктеу келеді, қабырғалары алшақ, әрі еттері нашар
жетілген болады.
Арқасы. Артқы дененің бір бөлімі, алдыңғы жағында шоқтықпен, артқы
жағында белмен, бүйір жақтарында қабырғаларымен шектескен. Малдың арқасы әр
уақытта тегіс және енді болып келеді, әрі ол малдың сырт пішінінің
құрылысына көп әсер етіп, оның дене бітімінің мықтылығын анықтайды. Арқаның
мықтылығы оның омыртқа сүйектеріне, оның етінің дамуына байланысты. Арқа,
малдың өте мықтылығын көрсетеді. Арқаның ойлылығы немесе бүкірлігі дене
пішінінің кемістігі болып саналады.
Белі. Малдың арқасының жалғасы, әрі онымен бір тегіс және түзу. Осы
түзу қалпында артқы бөксемен жалғасады. Белдің мықтылығы, оның бел омыртқа
мен етінің жетілуіне байланысты.
Бөксенің көлемі жамбас, ортан жілік және құйымшақ сүйектерінің өзара
байланысына қарай қалыптасады. Бөксе алды артынан тұтас кең болуы керек.
Сиырдың сүттілігі және еттілігі көбінесе бөксенің көлеміне байланысты.
Барлық мал үшін мықыны кең, сауыры жалпақ, тегіс болғаны қолайлы. Қушиған
немесе тым қысқа, әлде түсіңкі бөксе қай мал үшін де өте үлкен кемістік.
Іші. Малдың іші аумақты, ықшамды болғаны дұрыс, ал босаңқы және
салбырап тұрса, ол оның үлкен кемістігі. Іші салбыраған малдардың белі
қайқы келеді. Әсіресе бұқалардың іші ықшамды, тартыңқы болғаны жөн.
Аяқтары. Табиғи жайылымда малдар жайылғанда төзімді болуы керек.
Малдың аяқтары, әрі буындары жақсы жетілуі қажет. Тұяқтары мықты, ал түсі
көмескі болмағаны жөн. Малдың аяқтарына тән кемшіліктерге қайшы аяқтылық,
ортақ тілерсектік және т.б. жатады.
Индекс тәсілі. Индекс - дегеніміз екі дене өлшемінің бір біріне
пайыздың байланыс қатынасын айтамыз. Мысалы, кеуде енінің кеуде тереңдігіне
пайыздың қатынасын кеуделілігінің индексі, кеудесінің жауырын тұсынан
орамның шоқтығының биіктігіне пайыздың қатынасын салмақтың -индексі т.б.
сол сияқты түсінеміз. Индекс тәсілінің маңызы зор, себебі ол тек қана бір
белгіні ғана анықтамай, қатарынан екі - үш белгіні анықтайды. Индекстің,
әсіресе малдардың тобын бірі мен бірін салыстырғанда маңызы зор, ол үшін 10
шақты индексті қолданады.
Малдың дұрыс өсіп жетілгенін анықтау, дене құрылысының сыртқы сымбатын
бағалау, әрі малдың дене бітімінің сипатын білу үшін дене құрылысының
индексін есептейді. Әрине екі мүше өлшемі анатомиялық ерекшеліктері арқылы
бірімен бірі байланысты болады.
Дене құрылысы индексін есептеу арқылы малдың типіне толық сипаттама
беріледі, оның жасының өзгеруіне қарай дене құрылысындағы өзгерістер
анықталады.
Асыл тұқымды етті ірі қаралардың дене құрылысының ұзындық индексі
сүтті ірі қара тұқымдарымен салыстырғанда көбірек болса, ал дене
құрылысының сирақтылық индексі керісінше сүтті ірі қара тұқымында көбірек
болады.
Малдың дене құрылысының индексі мал жасының, бағып күтудің жеке
азықтандырудың өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады.
Ең маңызды индекстер мыналар:

1-кесте.
Дене бітімінің индекстері.

Рет Индекстің атыИндексті есептеу жолы Индекс
саны көрсеткіші

1 Созылыңқылық Денесінің қиғаш ұзындығы х 100
Шоқтығының биіктігі
2 Мығымдық Кеудесінің орамы х 100 Денесінің
қиаш ұзындығы
3 Кеуделік Кеудесінің кеңдігі х 100
Кеудесінің тереңдігі
4 Кеуделік Кеудесінің тереңдігі х 100
(бөкселік) Сербек аралық
5 Сүйектілік Жіліншігінің орамы х 100
Шоқтығының биіктігі
6 Өскелеңдік Құйымшағының біктігі х 100
Шоқтығының биіктігі
7 Сирақтылық Шоқтығының биіктігі Кеудесінің
биіктігі х 100
8 Кеудесінің Кеудесінің тереңдігі х 100
тереңдігі Шоқтығының биіктігі
9 Кең кеуделік Жауырын сыртынан
алғандағы кеудесінің кеңдігіхЮО
Шоқтығының биіктігі
10 Кең бөкселік Сербек аралығы х 100 Шоқтығының
биіктігі
11 Шомбалдық Жауырын сыртынан
алғандағы кеудесінің кеңдігіх
100 Шоқтығының биіктігі
12 Тұлғалық Денесінің қиғаш
ұзындығы + шоқтығының
биіктігі х 100 Кеудесінің
кеңдігі + сербек аралығы

1.2 Сиырдың желіні туралы мағлұматтар

Сиырдың желіні. Сүтті бағыттағы ірі қара шаруашылығын өндірістік жолға
ауыстыруға байланысты қазіргі кезде оларды машинамен саууға беімділігін
анықтау ерекше орын алады.
Желіннің басты көрсеткіштерінің бірі - түрі. Оны машинамен саууға
бейімділігін анықтау үшін ғана емес, сүттілігін анықтау да негізгі
белгілерінің бірі.
Сиырдың желінін бағалағанда оның түріне (формасына), көлеміне және
қүрамына, дамуына, емшектерініңорналасуына, эрі сүт тамырларының білінуіне
қарайды. Желіннің түрі эр түрлі болып келеді, сиырдың жасы үлғайған сайын
желіннің түрі де өзгеріп түрады.
Желінді астау, тегене, дөңгелек, шошақ (ешкі желін) деп төрт түрге
бөледі. Ең тәуірі сүт бездері жақсы жетілген астау немесе тегенеге
үқсағаны, яғни үлкен, эр бөлігі тең жэне кең, эрі тең орналасқан цлиндрлі
емшегі бар желін.
2-кесте.
Қара ала тұқымды сиырлардың сүт өнімі және желін түрлері

Көрсеткіштер Желін түрлері
Тегене Дөңгелек Шошақ (ешкі
желіні
тәріздес)
Сиырлардың саны 816 5164 812 4527 3,81 755 4114
305 күнде сауылатын сүт, 3,77 195 173 3,84 158
кг
Сүттің майлылығы
Сүт майы, кг

Дөгелек желіннің денеге бітіскен жерлерінің көлемі, астау немесе
тегене тәріздестерге қарағандау аздау. Сондықтан олардың арасында
салбыраңқы, сиырдың жүріс тұрысына ыңғайсыз түрлері жиі кездеседі. Желіні
жұмсақ, әрі жұқа болса, онда ол сиырдың аса сүттілігін көрсетеді. Астау
және тегене тәріздес сиыр желіндері сауар алдында өте көлемді, алсауып
болғаннан кейін, көлемі тез тартылады, олда оның аса сүтті екенін
көрсетеді. Сүт құдықшасы сүт тамырларымен жалғасып жатады, қолмен ұстағанда
оны жақсы байқауға болады. Желіннің артқы және алдыңғы бөлімдері біркелкі
дамығаны жөн, ол әсіресе машинамен сауу үшін өте қолайлы, әрі сүттің
желіннен және емшектен шығуына қолайлы. Ал егерде желіннің 4 бөлімі тең
дамымаса, әр бөлімнен әр түрлі сүт алынады, әсіресе желіннің алдыңғы
бөлімдері тез сауылып, артқыларынан әлі де болса сүт бөлініп жатады. Осы
жағдай сиыр үшін өте қолайсыз, себебі алдыңғы желін бөлімдерін маститке
шалдытыруы мүмкін.
Сиыр желінінің гистологиялық құқылысына қарай оның сүттілігін білуге
болады. Сүт желінінің қалыптасуына сиырдың тұқымы, жасы, сауу маусымы,
буаздығы, азықтануы, бағып күтуі көп әсер етеді.
Сүтті сиырлардың сүт бездері тканы 70-80% дейін жетеді. Сиырлардың
желінінің салмағы мен беретін сүтінің арасында тікелей байланыс бар.
Мысалы, сауын сиырдан сауу мезгілінде 1000 кг-нан 2000 кг дейін сүт сауылса
желінінің салмағы оның тірідей салмағының 0,5% болады. Сиырдың желіні 4
бөлімнен тұрады: екеуі алда, екеуі артта. Желінді жұқа терісі қаптап
жатады, ал тері жүні сирек, әрі жұмсақ. Желінді арт жағынан қарағанда,
әйнек сияқты жылтырап тұрады. Ал гистологиялық зерттеулерге қарасақ, сиыр
желіні көптеген бөлімдеден түрады, оны альвеолдар деп түсінеміз.Осы
альвеолдарда сүт тзіледі де, алдымен жіңішке, сосын кең арнаға түсіп, кейін
сүт және емшек цистернасына түседі. Цистерна -дегеніміз өзінше бір
резервуар, онда сүт жиналады. Емшектің сфинктері болып, оны дөңгелек сияқты
ет қоршаған, ал сол дөңгелек еттің маңызы зор, біріншіден сүттің өзінен өзі
бөлінуіне тосқау болса, екіншіден емшекке бактериялардың кіруіне кедергі
жасайды. Сиыр желінінің көлемі, өзінің тұқымдық қасиетіне байланысты әр
түрлі болады. Кейбір сиырдың желініне 30 кг нан артық сүт сияды. Сиыр
желіні қан, лимфа тамырларымен және нерв жүйелерінің жұмысымен қамтамасыз
етілген. Желін құрамы желін сүт бездері мен дәнекер тканьдарынан тұрады.
Сүт без тканы көптеген эпидемиалдық клеткалар мен клетка аралық заттардан
тұрады. Дәнекер тканы жұмсақ, клетка аралық заттардан тұрады. Сүт безі және
дәнекер тканьдарынан басқа, желін құрамында май тканы да бар. Қашқанға
дейінгі қашарларда және суалған сиырлардың желінінің құрамында май тканы
көбірек. Сиырдың бұзаулау мезгілі жақындаған сайын желіннің май және
дәнекер тканьдары азайып, сүт без тканьдары көбейеді. Сиыр желінін ең
бірінші зерттеген ғалым академик Е.Ф.Лискун болады.
Желіннің астау, тегене тәріздес, дөңгелек, ешкі желін және дамымаған
түрлері көрсетілген.
Астау тәрізді - сиырдың бауырымен алға созылады, жалпақ және барынша
терең. Ұзыны көлденеңінен 15% артық. Көрер көзге жұмыртқа іспеттес - сопақ.
Тегене тәріздес - ұзындығы орташа және жалпақ, барынша терең. Ұзындығы
көлденеңінен 5-15% артық. Көрер көзге сопақ шеңбер тәрізді - сиырдың
желінінің бауырымен қабысқан шетінде саты бар.
Дөңгелек - төңкерілген тегене тәрізді желінге қарағанда кішірек
болғанымен, тереңдігі мен көлденеңі жақсы дамыған. Емшектері бір бірінен
алшақ және дұрыс орналасқан,желін сиыр бауырына тіке қабысқан.
Ешкі желіні тәріздес алдыңғы бөлшектері өспей семіп қалған, артқы
бөлшектері салбыраңқы. Бөліктер бір бірінен терең сызықпен бөлінген.
Дамымаған үрген қуықтай, домалақ. Емшектері бір біріне жақын
орналасқан. Мұндай желін уақытысында дұрыс өсірілмеген малда болады.
Жақсы дамыған желін біртұтас, алдыңғы және артқы бөліктері бірдей
дамыған, әрі тепе тең болады.
Желін түбі. Желін түбі әр түрлі болады:
- Жайдақ желін түбі жерге параллель;
- Еңкіш желін түбі жерге 10-15% көлбеу;
- Желін түбі сатылы;
- Желін бөліктері әр түрлі деңгейде.
Емшектердің түрі:
1. Цилиндр тәріздес;
2. Конус тәріздес;
3. Алмұрт тәріздес;
4. Шөлмек тәріздес;
5. Қарынлаш тәріздес (жіңішке, үзын);
6. Құйғыш тәріздес;
Емшектердің орналасу түрлері:
1. Алшақ (арасы см , артық).
2.Алдыңғы екі емшек алшақ, артқы екі емшек жақын.
3.Оң және сол жақ емшектерінің орналасуы қалыптағыдай,
ал бүйірінен қарағанда алдыңғы және артқы емшектері біріне бірі жақын.
4.Барлық емшектер бір бірімен жақын орналасқан.

3. Сүтті және етті бағыттағы ірі қараның сырт пішіні

Сүтті ірі қараның сырт пішіні. Басы жеңіл, ұзын, мойыны ұзын, әрі
жіңішке, мойын қыртысы көп. Арқасы түзу және ұзын, ішті, бөксе жағы кең,
құйымшағы ұзын, сирақтары жіңішке,түзу, буындары айқын көрініп тұрады, тұяқ
бітісі мықты. Бүкіл тұрқы созыңқы. Сүт бездері мен кеудесінің орта бөлігі
жақсы дамыған. Бірыңғай сүтті тұқым ірі қарасының желіні үлкен және
аумақты, сауын алғаннан кейін жақсы қайтады.
Желіннің пішіні тегене немесе тостаған тәрізді, желіннің барлық сүт
бөлігіде бір қалыпты дамыған. Дене пішіні сүйірлеу, сүйек буындары,
қабырғалары қаңқасының бір қатар бөліктері білініп тұрады.
Жалпы дене құрылысы дұрыс бітпесе: басы үлкен әрі сөлекет, мойыны
қысқа, әрі етті, шоқтығы қос айыр, арқасы, белі қайқы, кеуде сүйегі
қысыңқы, іші төмен, құйымшағы өте биік болса, желіні ешкі желін тәрізді
жетімсіз дамыса оны сүтті ірі қара сырт пішінінің кемшілігі деп санайды.
Сүтті ірі қарада желіннің бөлімдері жақсы жетілген, көлемді келіп,
бауырына қарай көп созылған, сауылғаннан кейін сыздағаны жақсы қайтады,
яғни көлемі көп кішірейеді.
Желіннің терісі жұқа, жұмсақ жүнмен жабылған. Ең қолайлы желін тегене
немесе тостаған тәріздісі. Сүт бездері тамыры өте жақсы жетілуі қажет, әрі
сүт құдықшасымен жалғасып жатады. Емшектері тең орналасқан цилиндр тәріздес
болғаны жөн.
Басы ықшам, етті, әрі қысқа, мойыны қысқа және жалпақ, етті, бұлшық
еті жауырынымен тұтасып жатады. Жауырыны арқасымен тұтасқан жалпақ. Арқасы
мен белі кең ой шұқырсыз етті және тұтас. Бөксесі шамбал, бұлшық еттері
сыртына теуіп тұрады. Аяқтары қысқа, талтақ. Терісі босаң, қалың шел
қабаттары күшті дамыған, ұйысқан жүн басқан.
Етті ірі қаралардың жалпы тұрқы төрт бақ шомбал, және кеудесі кең,
бұлшық еттері мен шел қабаты жақсы дамыған. Қабырғалары шеңберлі келеді.
Етті ірі қараның дене құрылысының кемшілігі: арқасы және белі қайқы,
кеуде сүйегі қысыңқы, құйрық түбі көтеріңкі, аяқтары биік.
Сүтті және етті ірі қара сырт пішіні аралас қалыптасқан. Бірақ,
көбінесе етті немесе сүтті бағыттағы өнімдері басым келуі мүмкін, соған
орай дене пішіні де өзгеріп түрады.
Әсіресе олай өзгеру ірі қара малының түқымына және асылдандыру
жүмысының төл өсіру, бағып күту, пайдалану себептеріне байланысты.
Дене пішінінің өзгеруі.
Малдың дене пішіні түқымдық қасиетіне байланысты, көбінесе жасына,
қоңдылығына, сыртқы жағдайдың өзгеруіне байланысты өзгеріп тұрады. Дененің
әр мүшесі бір уақытта өссе, әр уақытта қалыптасып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара шаруашылығы, ірі қара еті мен сүтін өндіру технологиясы
Алдыңғы емшектерінің арақашықтығы
Экстерьер мен конституция бойынша ІҚМ тұқымдарын бағалау
Экстерьер малдың сыртқы дене құрылысы
Ірі қара малы
Ірі қара шаруашылығы туралы
Ірі қараның асыл тұқымды малдары
Ірі қараны асылдандыру технологиясы
Ірі қараның сырт пішіні мен дене бітімі
Әр түрлі түлікті асыл тұқымды малдарды бонитировкалау ерекшеліктерімен танысу
Пәндер