Менингоэнцефалит



Мазмұны
Аннотация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Нормативтік сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
Қысқартылған сөздер мен белгілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.0. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.1.Жылқының менингоэнцефалиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.2. Жылқының менингомиэлиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.0. Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.1. Anamnesis vitae ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2. Anamnesis morvi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.3. Status praesens communis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.4. Diagnosis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.5 Малды емдеу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.6. Эпикризис ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 28
3 Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... . 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 33
Кіріспе

Тақырыптың маңыздылығы сол «Ішкі жұқпалы емес аурулар, балау, рентгенологиясы пәні» бойынша мал организімінде ең көп кездесетін, ұсақ малдардың өнімділігін түсіретін, малдардың өміріне қатер тудыратын аурулардың бірі – жылқының менингоэнцефалит ауруы болып табылады.
Ветеринария ғылымының жұқпалы емес ішкі аурулар бөлімінде олардың пайда болу себептерін, өту ерекшеліктерін зерттеп анықтау әдістерін, ем әрекеттерін және сақтандыру шараларын дамытып жетілдіретін пән. Жалпы биологиялық , аурутану, зооинженерлік , агрономиялық және қоғамдық – экономикалық ғылым салаларымен тығыз байланыста.
Арнайы бағыттандырылған ауыл шаруашылық кәсіпорындармен мал шаруашылығы өнімдерін өнеркәсіптік технологиясы бойынша өндіретін кешендерді нәтижелі пайдаланудың тек қана аурулардан сақтандыру бағытындағы теориялық, методологиялық және ұйымдастырушылық салаларының жеткен жетістіктерін түгелдей дерлік есепке ала отырып, сонымен қатар ауру малды дара және топтап емдеуді ары қарай дамытып- жетілдіру арқылы іс жүзіне асыруға болады.Соған байланысты малды, түрлі жағдайларда аурулардан сақтап қалу үшін жоспардың негізгісі ретінде диспанцеризация жүргізу ұсынылады.Кей аурулардан әсіресе, зат алмасуының бұзылуынан сақтау, топтап сақтық ем жүргізу әдістерін қолданғанда ғана жақсы нәтиже береді.Сапасыз және азықтықтың бір түрінен ғана азықтандырғанын пайда болатын ауруларды айықтырудан азықпен емдеудің мағынасы зор.Сапасыз азықтарды дайындаған, азықты дайындау технологиясын бұзған және малды бағып-күтуде, әсіресе, қыста, қорада тұратын мезгілде гигиеналық ережелерді бұзған шаруашылықтарда ауру малдың саны көбейеді.Сондықтан, агрономиялық және ветеринарлық лабороториялық азықтарды тексеруді кең түрде жүргізудің тек ауруды анықтауда ғана емес сапалы және дәріс азықтандырудың маңызы зор.
Өнеркәсіптік кешендерде арнайы бағыттандырылған шаруашылықтарда және фермаларда ауруларды емдеу және сақтандыру шараларын ұйымдастыруда агротехника, мал азығын дайындау азық дайындау технологиясын және мал гигиенасының ережелерін сақтау бағытындағы ғылыми жетістіктерді басшылыққа алған жөн.
Ветеринария тәжірибесінде ауру малды жан-жақты тексергенде көпшілік мақұлдап үнемі жетілдіріліп келе жатқан әдістерден басқада, қазіргі кездегі физика, химия, биология ғылымдарының жетістіктеріне негізделінген жаңа тәсілдер тез және кең түрде қолданылуда; мысалы, рентгенофотомитрия- зат алмасу бұзылғанда; электрокардиография, руменография, биохимиялық тексерістер, люминесценті талдау-ішек қарындар, жүрек-қан тамырлар.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Т.К. Ливинова, Ветеринарные консультации для владельцев лошадей: учеб. Пособие/ Т.К. Ливинова.- М.: Изд-во Аквариум, 2003-133 с.
2 К.Н. Қожанов, Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары: қосымша оқу құралы/ К.Н. Қожанов.- Семей: Заман баспасы, 2005.-387 б.
3 М.А.Молдағұлов, Жануарлар ішкі аурулары: оқу құралы/ М.А.Молдағұлов, Ө.К.Есқожаев, Н.А.Заманбеков; біресе шығарылған 1-кітап.-Алматы: 2009.-197 б.
4 Полный справочник внутренних болезней: учеб. пособие для вузоб/ под. ред. Ю. Ю. Елисеева.- М.: 2003.-400 с.
5 Внутренние незаразные болезни с- х. животных: учебник./ под. ред. И.Г.Шарабрина.-М.: Изд-во Колос, 1985.-265 с.
6 Внутренние незаразные болезни с-х. животных: учебник. / под. ред В.М.Данилевского-М.: Изд-во Агропромиздат, 1991-123с.
7 Физиотерапия и физиопрофилактика болезней животных: учебник./ под. ред. А.Д. Белова.- М.: Изд-во Колос, 1983-266с.
8 Внутренние незаразные болезни КРС: учебник./ под. общ. ред. Ионов П.С., Тарасов И.И.- М.: Колос, 1984-455с.
9 Кондрахин И.П., Клиническая лабораторная диагностика в ветеринарии: учебное пособие (для вузоб)/ под. общ. ред. Кондрахин И.П., Курилов Н.В.-М.: Изд-во Агропромиздат, 1985-133с.
10 М.Қожабаев, Жануарлардың ішкі жұқпалы емес аурулары: жоғарғы оқу орнына арналған оқулық/ М.Қожабаев, Ш.Қаратаев; бірлесе шығарған, М.Әуезов атындағы ОҚМУ.-Шымкент: Нұрлы бейне баспасы, 2006-171 б.
11 Г.Г.Щербаков, Лекарственные средства в ветеринарии: учебник для вузоб/ под. общ. ред. Д.К.Червяков, П.Д. Евдокимов.- Санк-Петербург: 2005-196 с.
12 Ж.Бердамуратов, Ірі қара аурулары: оқулық / құрастырған Ж.Бердамуратов.- Алматы: Қайнар, 1976 -155 б.
13 Тулеметова С.Е., Малдың ішкі жұқпалы емес және инвазиялық аурулары: қосымша оқу құралы/ құрастырған Тулеметова С.Е.-Шымкент: Нұрлы бейне баспасы, 2010-200 б.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Ішкі жұқпалы емес аурулары пәнінен жазылған Жылқының менингоэнцефалиті атты курстық жұмысым беттен тұрады.
Жұмыс кіріспе, негізгі және өзіндік жұмыстардан, эпикризистен, қорытынды бөлімнен тұрады.

Мазмұны
Аннотация-------------------------- ----------------------------------- ---------------------4
Нормативтік сілтемелер------------------------- ----------------------------------- -----5
Анықтамалар ----------------------------------- ----------------------------------- --------6
Қысқартылған сөздер мен белгілер ----------------------------------- --------------7
Кіріспе ----------------------------------- ----------------------------------- -------------- -9
1.0. Негізгі бөлім ----------------------------------- ----------------------------------- --10
1.1.Жылқының менингоэнцефалиті------------------ ---------------------------------10
1.2. Жылқының менингомиэлиті--------------------- ----------------------------------1 1
2.0. Өзіндік зерттеу---------------------------- ----------------------------------- --------12
2.1. Anamnesis vitae ----------------------------------- ----------------------------------- 13
2.2. Anamnesis morvi ----------------------------------- ----------------------------------1 3
2.3. Status praesens communis ----------------------------------- -----------------------13
2.4. Diagnosis ----------------------------------- ----------------------------------- --------17
2.5 Малды емдеу тарихы ----------------------------------- ----------------------------17
2.6. Эпикризис ----------------------------------- ----------------------------------- ---- 28
3 Техникалық қауіпсіздік------------------------ ----------------------------------- ---- 29
Қорытынды ----------------------------------- ----------------------------------- --- ----- 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ----------------------------------- ------------------ 33

Анықтамалар
Менингоэнцофалит - ми қабығының, оның астындагы кабаттарының және вегетативті орталыктардың қызметтерінің бузылуымен, нейрондардың қабынуымен сипатталатын ауруды айтады.
Малдарда менингит пен энцофалиттің жеке-жеке қабынуы өтe сирек болады да, көбінесе қабаттасқан турі жиі кездеседі.
Менингомнелнт - жүлын мен оның қабының кабынуы. Ауру жырткыш андар мен жылқыларда кездеседі. Себептері. Көбінесе вирусты аурулар аскынганда: обада, жүқпалы энцефаломиелитте, Ауески ауруында жэне т.б. ауруларда болады. Қабыну процесі бас ми жақтан тараганда, омыртқа түсы жарақаттағанда пайда болады.

Кіріспе

Тақырыптың маңыздылығы сол Ішкі жұқпалы емес аурулар, балау, рентгенологиясы пәні бойынша мал организімінде ең көп кездесетін, ұсақ малдардың өнімділігін түсіретін, малдардың өміріне қатер тудыратын аурулардың бірі - жылқының менингоэнцефалит ауруы болып табылады.
Ветеринария ғылымының жұқпалы емес ішкі аурулар бөлімінде олардың пайда болу себептерін, өту ерекшеліктерін зерттеп анықтау әдістерін, ем әрекеттерін және сақтандыру шараларын дамытып жетілдіретін пән. Жалпы биологиялық , аурутану, зооинженерлік , агрономиялық және қоғамдық - экономикалық ғылым салаларымен тығыз байланыста.
Арнайы бағыттандырылған ауыл шаруашылық кәсіпорындармен мал шаруашылығы өнімдерін өнеркәсіптік технологиясы бойынша өндіретін кешендерді нәтижелі пайдаланудың тек қана аурулардан сақтандыру бағытындағы теориялық, методологиялық және ұйымдастырушылық салаларының жеткен жетістіктерін түгелдей дерлік есепке ала отырып, сонымен қатар ауру малды дара және топтап емдеуді ары қарай дамытып- жетілдіру арқылы іс жүзіне асыруға болады.Соған байланысты малды, түрлі жағдайларда аурулардан сақтап қалу үшін жоспардың негізгісі ретінде диспанцеризация жүргізу ұсынылады.Кей аурулардан әсіресе, зат алмасуының бұзылуынан сақтау, топтап сақтық ем жүргізу әдістерін қолданғанда ғана жақсы нәтиже береді.Сапасыз және азықтықтың бір түрінен ғана азықтандырғанын пайда болатын ауруларды айықтырудан азықпен емдеудің мағынасы зор.Сапасыз азықтарды дайындаған, азықты дайындау технологиясын бұзған және малды бағып-күтуде, әсіресе, қыста, қорада тұратын мезгілде гигиеналық ережелерді бұзған шаруашылықтарда ауру малдың саны көбейеді.Сондықтан, агрономиялық және ветеринарлық лабороториялық азықтарды тексеруді кең түрде жүргізудің тек ауруды анықтауда ғана емес сапалы және дәріс азықтандырудың маңызы зор.
Өнеркәсіптік кешендерде арнайы бағыттандырылған шаруашылықтарда және фермаларда ауруларды емдеу және сақтандыру шараларын ұйымдастыруда агротехника, мал азығын дайындау азық дайындау технологиясын және мал гигиенасының ережелерін сақтау бағытындағы ғылыми жетістіктерді басшылыққа алған жөн.
Ветеринария тәжірибесінде ауру малды жан-жақты тексергенде көпшілік мақұлдап үнемі жетілдіріліп келе жатқан әдістерден басқада, қазіргі кездегі физика, химия, биология ғылымдарының жетістіктеріне негізделінген жаңа тәсілдер тез және кең түрде қолданылуда; мысалы, рентгенофотомитрия- зат алмасу бұзылғанда; электрокардиография, руменография, биохимиялық тексерістер, люминесценті талдау-ішек қарындар, жүрек-қан тамырлар.

1 Негізгі бөлім

1.1 Менингоэнцофалит

Менингоэнцофалит - ми қабығының, оның астындагы кабаттарының және вегетативті орталыктардың қызметтерінің бузылуымен, нейрондардың қабынуымен сипатталатын ауруды айтады.
Малдарда менингит пен энцофалиттің жеке-жеке қабынуы өтe сирек болады да, көбінесе қабаттасқан турі жиі кездеседі.
Аурудың жіті жене созылмалы, басалкы жене қосалқы, іріңді жене іріңсіз түрлерін ажыратады. Кейде бүл ауруға жүлынның қабынуы да қабаттасып менингоэнцофаломиелит түрінде кездесуі де мүмкін. Бул аурумен жыртқыш андар жиі ауырады. Жылқыларда кездеседі. Ал баска малдарда өте сирек анықталады.
Себептері:
- бактериялы, вирусты жүкпалы аурулар асқынғанда;
- қойларда айналмаға операция жасап асқынғанда;
- хирургиялық сепсистерде;
- жарақаттанған жерден инфекция болғанда;
- жулын арқылы қабыну ироцесі тарағанда;
- бас мидың соққыдан, жарақаттан ауруы салдарынан болады.
Дамуы. Ми кабында, оның сұр жене ақ заттарында қабынудың салдарынан түрлі өзгерістер болады: қызарып қанталайды, ісінеді, капиллярлардың ішкі қабы ісініп, сыдырылады, торшалардың маңайы сүйыкқа толады т.б. Нерв тіндері ісініп, домбыға бастайды. Олар деңгеленіп, тигроидты заттары жоғалады, артынан протоплазмада ауа пайда болып, ол біртіндеп жайыла келе торшаның ядросын сыртка ығыстырып, торша өлі ұлпаларға айиалады.
Ми қабығының нерв талшыктары тітіркенеді, олар барып сүйектің ішкі қысымын жоғарлатып, нерв талшықтарының қысылуын тудырады. Нерв торшаларының қызметтері жартылай, не толық бұзылады да жоғарғы нерв жүйесінің, ондағы орталықтардың қызметін бүзады. Осының салдарынан ауру мал өліп кетуі де мүмкін.
Клиникалық белгілері. Аурудың басында менингиттің синдромы байқалады: Көздің қарашығы үлғаяды, қозгғалуы шектеледі; дененің тартылу-тырысуы пайда болады; моиын желке еттері сіресіп қалады; терінің сезімталдығы жоғарылайды, сіңір рефлексі асқына түседі, ауру мал тершең келеді[1,2,3,4,5].
Келесі кезекте ауру малдың күйі нашарлайды, жүтыну процессі бүзылады, рефлекстер жоғалады, мал қозғалу процессін реттей алмайды, қүсады, жүрек, асқорыту, тыныс алу жүйелерінің қызметтерінің реттелуі бүзылады.
Бас ми қабы қабынғанда ауру мал тынышсызданады, қозады, алға үмтылады; жарыққа, дыбыска реакциясы үдей түседі; еттері дірілдеп-қалшылдап, қатты жирылады, рефлекстері нашарлайды. Артынан қозу, агрессия процесі малдың халін нашарлатады, сыртқы ортаның әсеріне реакциясына - көру, есту сезімталдықтары нашарлайды; қозғалысының реттілігі бүзылады; кейде аяқтары тартылыи қалады.
Сопақша ми жарақаттанса мал тыныс алу, қан тамырларына әсер ету орталыктарының салдануынан өліп кетуі мүмкін.
Саралау. Ауруды жүкпалы және қүрт ауруларынан (қүтыру, айналма), уланулардан ажырата білу керек.
Емдеу. Ауру малды жекелеп, жарық, таза, шуыл аз, қалың төсеніші бар бөлмеге орналастырады. Қүнарлы азықтармси қамтамасыз етеді. Дәрілерді аурудың себебіне байланысты тағайындайды. Іріңді түрінде антибиотиктердің жоғарғы мөлшерін жібереді: күніне 3-4 рет, 10-14 күн қатарынан.
Іріңсіз, вирусты түрлерінде - гексаметилентетрамин, күніне 1 рет, 10-14 күидей; глюкоза ертіндісін күніне 2 рет, 10-14 күндей тамырға жібереді.
Аурудың барлық түрлерінде парентеральды жолмен тиамин, пиридоксин, цианкоболамин, аскорбин қышыклы, лецитин препараттарын тағайындайды. Жүрек жүмысын жақсартатын, зәр адайтын дәрілерді береді.
Қозу, агрессияларға қарсы тыныштандыратын, үйықтататын дәрілер: хлоралгидрат, аминазин, викасол, вероналдарды береді.
Қабыну сүйықтарын тарқату үшін йод преиараттарын: натрий, калий йодид; кальциййодиндерді қолданады.
Сактандыру шаралары:
бас сүйегін соққы, жаракаттан сактандыру, бола қалғанда уақытында дүрыстап емдеу;
операция езінде, әсіресе айналмаға жасаганда асентиканы сақтау;
■ жүқпалы ауруларға қарсы уақытында вакцинация
жүргізу [3,4,5,6,7].

2.2 Менингомнелнт - жүлын мен оның қабының кабынуы

Менингомнелнт - жұлын мен оның қабының кабынуы. Ауру жырткыш андар мен жылқыларда кездеседі. Себептері. Көбінесе вирусты аурулар аскынганда: обада, жүқпалы энцефаломиелитте, Ауески ауруында жэне т.б. ауруларда болады. Қабыну процесі бас ми жақтан тараганда, омыртқа түсы жарақаттанғанда пайда болады.
Дамуы. Жүлын қабы қанталап, ісінеді, Ондағы сүйықтың молшері көбейеді, орталықтарға кысым түседі. Сезімтал, козғағыш нерв талшықтарының қызметтері бүзылады. Аурудыц себептері көп уақыт әсер еткенде жүлынның қатты қабығының кабынуы созылмалы түрде болады да, оның қан тамырлары өлі еттеніп, орнына дәнекер тін өседі. Одан ары ол тығыздалып, шеміршектенеді. Эр жерде сүйекке айналуы да мүмкін. Жүлынның жүмсақ, өрпекті кабықтары қысылады, өлі еттенеді, онымен бірге жұлынның нерв талшықтары мен нейрондары кысылып, мал аяктарының салдануына апарып соғады.
Мидың ақ және сүр заттары қанталайды, ісінеді, сүйықты көп сіңіреді. Нерв торшалары дөңгелек пішінді, ісінген, онда ауа пайда болып, ядросын ығыстырып шығарады. Клеткалар бүрісіп, өледі.
Клиникалық белгілері. Бастапқыда артқы аяқтарының бүлшық еттері тығыздалады. Арқа, белдеме, аяқ тұстарындағы терінің ауырсыну сезімталдығы арта түседі. Малдың зөр шығыру мен нәжіс бөлуі жиілейді. Артынан артқы аяқтары салданады, бүлшык еттері өлі еттенеді, ойылады. Нәжіс бөлу, зәр шығару өздігінен болып жатады. Улану мен сепсистен ауру мал өліп кетуі де мүмкін.
Жұлынның қатты қабы қабынғанда ауырсынғаны байқалады: кенеттен күрт бүрылғанда мал шыңғырып, бақырмаша ыңқылдайды. Артқы аяқтарын іштеріне тартып, кібіртіктеп козғалады. Омыртқалардың қозғалысы нашарлайды, аяқ салданып, мал қозғалудан қалады. Ауру мал көп жатқанда, жатқан жағы ойылып, сепсис пайда болады да , мал содан өлім жітімге үшырайды.
Ауруды анықтауда анамнез бен клиникалық белгілеріи және лабораториялық зерттеудің нәтижелеріне сүйенеді.
Саралау. Ауруды омыртқалардың сынуы мен жарақаттануынан және қүтыру аүруынан ажырата білу керек.
Емі. Нөтижесі ете төмен. Сондықтан асыл түқымды малдар мен өте күнды иттерді емдейді.
Қалың төсеніш салып, малды аударыстырып отыру кереі Жулынның жарақаттанған жеріне физиотерапиямен әсер егеді, Қыздыру, жоғарғы жиілікті тоқты пайдалану, дарсонвализация, электрофорез жүргізген жөн.
Венаға глюкоза, гексаметилентетрамин, кальций хлорлы ертінділерін; терінің астына витаминдер, стрихнин, биохинол, дибазол, прозерин; итгерге пирогенал, тиамин, пиридоксин, цианкобаламин препараттарын жібереді.
Сақтандыру. Малды вирус ауруларынан, жарақаттан, соққыдан қорғау керек. Ірі туқымды, үзын иттерге (допар, таксылар) 4-5 жастан бастап етті аз, жемісті тамақты көбірек береді. 1,5-2 айдай күиіне 1 рет, 0,5 г кальций йодин препаратый береді. Жарты жылдан кейін қайталайды [8,9,10,11,12].

2 Өзіндік зерттеу

Өзіндік зерттеу жұмысымды М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Агроөнеркәсіптік факультетінің Ветеринарлық медицина кафедрасына қарасты Ветеринарлық клиникасында бастадым. Өзімнің курстық жұмысымның тақырыбына сәйкес, жылқының менингоэнцефалитін емдедім. Жетекшім в.ғ.к. Нуралиев С. болды.

2.1Prоanamnesis

1. Амбулаторлық журналдағы тіркеу нөмірі - 119
2. Емдік мекеме мекен жайы: Шымкент қаласы, Қайрат Рысқұлбеков көшесі, нөмірсіз.
3. Емдік мекеме аты: М.О. Әуезов атындағы ОҚМУ - нің Агроөнеркәсіптік факультетінің Ветеринарлық медицина кафедрасына қарасты ветеринарлық клиникасы
4. Иесі: Аспендияров Ақат.
5. Иесінің мекен - жайы: Шымкент қаласы., Ворошиловка ма, 69 үй.
6. Мал түрі: жылқы
7. Жынысы: еркек ат
8. Жасы: 8 жасар
10. Салмағы: 380 кг.
11. Лақап аты: Майка
12. Малды емдеген күн 11.03 2013 ж.
13. Мал емінің біткен күні 24.03.2013 ж
14.Алдын ала қойған диагноз: менингоэнцефалит

2.2 Anamnesis vitae

Жылқы Қазықұрт ауданында күз, қыс айларында далада жайылымда болған, қыс айында малдың жайылымда жағдайы жақсы болмауына байланысты, көлікпен үйге жеткізген. Сондықтан, малды күз, қыс айларында арнайы күтпеген, бабы жасалмаған. Басқа мәліметтер белгісіз.

2.3 Anamnesis morbi

Егесінің мәліметтері бойынша ауру мал бастапқыда аздап қана тынышсызданған. Азыққа зауқы тартпайды, дене қызуы көтеріңкі, сыртқы әсерлерге реакциясы төмен. Ауру малдың көңіл-күйі жабығыңқы, азыққа тәбеті жоқ. Шұғыл қимылдан қашқалақтайды, жылқы көп жатады, жүрсе тәлтіректеп, жақсы нық аяқтарымен жүре алмайды. Тамыр соғысы бәсеңдедеген, оның толуы нашар. Мал қиналып орнынан тұра алмайды, көп терлейді, селқос.

2.4 Status praesens communoes universalis

Дене температурасы t- 40,8 С
Тамыр соғысы - 84
Тыныс алу - 22
Жылқының жалпы жағдайы - күйзеліңкі
Дене бітімі - орташа
Қоңдылығы - нашар
Дененің кеңістікте ұстауы және орналасуы амалсыз енжар қимыл. Мал нықты жүре алмайды, орнынан түру қиын, орнынан тұрып жүрген күннің өзінде аяқтарымен нық жүре алмайды, сыртқы ортаның реакциясына жауап жоқтың қасы. Сондықтан тиісті ем қолданбаса, мал тырысып өліп кетуі де мүмкін.
Жүннің және тері түгінің жағдайы жатық, түктік беріктігі төмен.
Беткейдегі лимфа түйіндерінің жағдайы: жақ асты, иық алды, қызарған ,көлемі өзгерген, пішіні қалыпты, конституциясы жұмсақ, ауырсыну аздап бар, қызуы орташа.
Көзге көрінетін кілегей қабықтардың жағдайы: коньюктивінде, танауында, ауыз қуысының кілегей қабығында өзгерістер айрықша көрініп тұр.
1.Жүрек - қан тамыр жүйесін зерттеу.Жүрек дүрсілінің ең жақсы байқалатын жері: ұсақ малдарда сол жақ шынтақтан 2-3 см жоғары 4 - ші қабырға аралығында 5-7 см көлемінде, аумағында. Малдың сол жақ иық буынымен жауырын жалғасқан тұсының сызығынан жүгізілген түзудің бойынан 7-8 төмен, 4-5 см аумағымен 5-ші қабырға аралығында.
Тамыр соғуы: ырғағы орташа, тамырлардың қанға толу дәрежесі жақсы, тамырлар қабырғасының серпімділігі қалыпты, тамыр соғуының күші орташа. Жүрек тұсын сол жақ 3- 4 жақ қабырға арасын тексердім. Жүрек түтісінің күшін және оның білінетін жерлерін фонендоскоппен тексеруге көштім. Жүрек саздарының дыбыстылығы - көмескі. Жүрек саздарының тазалығы - 1-ші және 2-ші саздардың жарықшақтануы орташа, эндокардиальды және перикардиальды шуылдар байқалмайды.Жүрек шекарасы жоғары және артқы шекарасы өзгеріссіз. Жақсы сақталған.
Сипау арқылы жүрек тұсында көкірек жақтауының дүрсілін сеземіз. Жүрек түрткісі дегеніміз жүрек етінің жиырылуымен сәйкестеніп келетін көкірек жақтауының сыртқа керілуі. Азық қорыту жүйесін зерттеуАзыққа тәбеті орташа төмендеген, шөлдемейді. Азық пен суды еркін қабылдамайды, шайнау сипаты жақсы жұтынуы төмендеу, кекіру, құсу байқалады. Ауыз қуысын ашып тексергенімде жоғарғы таңдайдың, жақтың, қызыл шектің, тілдің, еріннің, кілегей қабықтарының жағдайы, ауыздан шыққан иіс, сілекей бөлуі, тістердің жағдайы жақсы сақталмаған, өзгерген. Өңешті пальпациялау арқылы тексергенімде ауырсыну байқалды.
Ауыз қуысы мүшелерінің зерттеу кезінде тісі жоқ жерінен қолды енгізіп, тілді сыртқа шығару арқылы немесе ауыз кергішті енгізу арқылы аузын ашамыз. Содан соң мыналарға көңіл аудару керек:
Көру арқылы және сипау тәсілдері арқылы шырышты қабықтың күйін білу және зерттеу. Көзбен көру арқылы шырышты қабықтың түсуін, түсін оның өзгерістерін,жара және бөртпелері бар жағын аықтайды. Ауыздың шырышты қабығын сипап оның қызуын, сезімталдығын және құрзақтығын анықтайды.
2.Ауыздан шыққан иісті мал сілекейімен сулаған мақтаны иіскеп анықтайды.
3.Тілді көру арқылы дақтарды және ісікті анықтайды.
4. Тістің күйін қараған кезде, тістің босауын, желінуін, түсуін, және оның өсіп кетпеуін анықтау керек.
Азық қорыту жүйесін зерттеу малдың азық қабылдау және су ішу қабілетін тексеруден басталады. Мал азықты қалай қабылдайды және суды қалай ішетінін анықтай отыра мынандай құбылыстарға мұқият зер слып қару қажает.
а) Тәбет және оның бұзылуы;
б) Жұту және шайнау, оның өзгерісі;
в) Құсу, кекіру және күйіс қайтару және олардың бұзылуы;
Ауыз қуысын, жұтқыншақты, өңешті және құстынң жемсауын зерттеу. Ауыз қуысын зерттеудің негізгі тәсілдері көру, сипау және қосымша иіс сезетін мүшелер арқылы шыққан иісті анықтау. Дұрыстап зерттеу үшін ауыз кергіштер қолданылады.
Ащы ішекті зерттеу: Ащы ішектің маңайын сипау және нұқу тәсілдерімен оның ауырған жерін білу және сезімталдығын анықтаймыз.Фанендоскоп немесе стетоскоп арқылы яғни түтікше аспаптар пайдалана отырып, сау малдың ащы ішекке пайда болатын дыбыстардың естілуі мен естілмеуін анықтаймыз және олардың өзара ерекшеліктері.
Тыныстану жүйесін зерттеу
Тыныс алу түрінің ырғағы аралас, ендікпесі жоқ. Өкпесін тындағанда фонендоскоп қолдандым. Маңдай, жоғарғы жақ қуыстарын, ауа қапшықтарын пальпация және перкуссия жолмен тексергенімде, айтарлықтар ауырсынғанын білдіртіп тұр, ми мен көздің жоғарғы бөлігінде, екі ортадағы қуысында сипап көргенде температурасы ыстық, домбыққан, қатты ауырсынғанын байқатады. Тыныс алу кезінде сырқа шыққан ауаны зерттеген кезде оның танаудан шыққан екпіннің күшін, қызуын, иісін зерттейміз. Тыныс алу қозғалысын зерттеу көкіректі анықтап көруден, көргенде оның сыртқы пішінін, көлемін және көкірек қозғалысын, тыныс алу түрін, санын, жилігін, ырғағын және тыныс алу қозғалысының біргей, бір мезгілде қозғалуын анықтаудан басталады. Көкіректің көлемін, қозғалысын және сырт пішінін малдың оң жақ, сол жақ қапталынан және артқы жағынан қараумен анықтайды.
Тыныс алу санын көкірек клеткасының бұлшық еттерінің жиырылуына, жылқы танауының желбіреуіне, тынысты сыртқа шығару екпінін санаумен анықтайды. Ауру малдарда тыныс алудың жиілеуі кездеседі және тереңнен жеңіл - желпі дем алуы кездеседі.
Көмей және кеңірдекті тексергенімде пішіні өзгерген, ауырсыну бар, жергілікті қызуы көтерілген, көмей рефлексі орташа.
Өкпені акскультациялау кезінде - тыныс күшінің шуылдары бар, орны және сапасы өзгерген, бөгде шуылдар - сырыл, қытырлау дыбыстары естіліп тұр.
Өкпені перкуссиялағанымда - перкуссияның дыбыстық сипаты, естілу орны шекарасы өзгерген, жақсы сақталмаған.
Дені сау малдардың мұрнынан су ағуы байқалмайды, немесе азғана сулы, сулы - клегейлі сұйық байқалады. Мұрын, өкпе, бронх, қосалқы қуыстар қабынғанда және өкпе ісінгенде танаудан жайылмайтын немесе әлсін - әлсін бөлініп отыратын су ағу байқалады, ол сұйық, кілегейлі, кілегейлі - іріңді, Тыныс алу мүшелерін зерттеген кезде тыныс ырғағына көңіл бөледі - бұл демді ішкі және сыртқа шығарудың өзара кездесіп алмасып тұруы.
Ұсақ малдарда саусақтар көмегімен нұқу тәсілі қолданылады. Көіректі нұқу қабырғалар арасымен жоғарыдан төмен қарай соғу арқылы іске асады.
Дені сау малдардың өкпе тұсын анық нұқу дыбысы деп аталады. Ал ірі қар малдарда аспаптық нұқу болады. Нұқу кезінде өқпенің шекараларын анықтайды, оны өкпенің ашық нұқу дыбысның сызданған сыбырллы немесе даңғырлаған дыбысқа ауысқандығынан білеміз. Дені сау малдардың көкірегін нұқығанда өкпенің анық нұқу дыбысын естиміз. Ауру малдарда нұқу дыбыстары өзгеріліп естіледі, оларға мына дыбыстар жатады.
Шыңқылдаған (шел, өкпе қабығы, өкпе қабынғанда).
Сызданған сыбырлы (эксудатты плевритте, өкпенің фибринді қабынуы, жылқының плевропнвмониясы, ала өкпе).
Даңғырлаған (өкпедегі тесік каверна, бронх түтігінің кеңеюі, кеуде қуысына ауа тоғанда пневморакс).
Шіңкілдеген (өкпенің ішіндегі доп тәрізді қуыс пайда болғанда ішкі қабаты тегіс қабатты болады).
Түбі тесік қауақ тыңқылындай өкпеде қуыс пайда болып ол бронхы арқылы жіңішке түтікшемен сыртқы ортамен байланысқанда шығады. Өкпенің артқы нұқу шекарасы көлдееңінен жүргізілген үш түзу арқылы анықталады. 1. Сербек түзуі; 2. Жамбас сүйегінің төменгі басынан жүгізілген түзуі; 3. Иық буыны түзуеді. Ауру малдың өкпесі таза, артық шулар жоқ.
Жұтқыншақты зерттеу
Жұтқыншақты негізі көру, сипау ларингоскоп тәсілдерімен зерттеледі. Қолмен басып қару арқылы жұтқыншақтың қызуын, ісуін және аурудың жанға батуын анықтадым. Көзбен қарау арқылы көңіл бөлетін нәрсе бас пен мойынның орналасуы және оның өзгеруі. Жұтқыншақ ауырғанда бас пен мойынның қалыпты жағдайдан өзгеруі байқалады. Мұрынынан сорасы ағып тұр, кілегейлі қабықтары қызарған, кей жерлерінде жаралары бар.
Өңешті зеттеу
Бұзаудың өңешін зерттеу мойынның сол жағынан бастап көру және сипалау арқылы жүргізіледі. Өңешті көру және сипалағанда оның жуандығына, қалталанып - кеңеюіне, қатты жұмсақтығына, бөгде заттың бар жоқтығына, ауыршаңдығы мен сезімталдығына көңіл бөлеміз.
Жұмыршақты зерттеу
Шоқтық терісін жинау;
Кеуденің бүйір жағынан қысым жасау арқылы;
Көк еттің сызығымен кеуде қуысын нұқу арқылы;
Малды биіктікпен ылғида төмен қарай жүргізу арқылы;
Терінің астына тилокартин және басқада дәрәлерді жіберу арқылы тексереді;
Қанын тексергенде лейкоциттер көбейген, зәрінде жалпы белок та көбейген.
Рентген сәулесін, ультрадыбыс қолдану арқылы және т.б тәсілдер арқылы диагнозын анықтайды.

2.5 Status praesens localis

Жүйке жүйесінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менингоэнцефалит - этиологиясы және патогенез
Қақырық анализі. Туберкулез
Листериоз кезіндегі биопрепараттар
Листериоз кезіндегі биопрепараттар жайлы мәліметтер
Листериоз-Listeria monocytobenes-s
Цитомегаловирусты инфекция
Токсоплазмоз
Шешек, құтыру, арбо-, аденовирустар. Герпесвирустар. Диагностикасы, алдын-алуы және емі
Экзантеманың белгілері
Балалардағы жұқпалы аурулар. Иммунды алдын алу
Пәндер