Ірі қара шаруашылығы, ірі қара еті мен сүтін өндіру технологиясы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

АННОТАЦИЯ

Бұл курстық жобада «Ірі қара шаруашылығы, ірі қара еті мен сүтін өндіру технологиясы» пәні бойынша «Ірі кара малды бордақылау және және оны ұйымдастыру», тақырып 33 бетті қамтиды.

Өзіндік зерттеуде бөлімінде зерттеу материалы мен әдістері қамтылған.

Негізгі бөлімде қамтылған тақырыптар: Ірі қараның сырт пішінін бағалау тәсілдері, сиырдың желіні туралы мағлұматтар, сүтті және етті бағыттағы ірі қараның сырт пішіні

Техникалық қауіпсіздік. Қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі қарастырылған.

АНЫҚТАМАЛАР

Цистерна - дегеніміз өзінше бір резервуар, онда сүт жиналады.

Индекс - дегеніміз екі дене өлшемінің бір біріне пайыздың байланыс қатынасын айтамыз.

Интерьер - деген сөз (франция тілінен шыққан intierier-ішкі құрылыс) .

Эстерьер - деген сөз (франция тілінен шыққан exsterier-сыртқы құрылыс) .

Гипофиздің ерекшелігі - сүттің тузілуіне тікелей әсері етіп қана коймай, сонымен бірге басқа да эндокринді бездер арқылы (мысалы калкан безі) да сүт түзілуінеәсер ете алады

N - үлкен жинақтың көлемі

R - фенотитиптік корреляцияның коэфиценті

T - молшері

N - жекеленген нұсқаулардың, варианттарының сандық мөлшері

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

МЖМБС 2. 104-68 Негізгі жазбалар;

МЖМБС 2. 01. -80 Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды белгілеу;

МЕМСТ 8218 - 89 Сүт. Тазалығын аңықтауәдістері;

МЕМСТ 9225 - 84 Сүт және сүт өнімдері;

МЖМБС 2. 301-68 Форматтар;

МЖМБС 2. 601-95 Пайдалану құжаттары;

МЖМБС 2. 304-81 Сызбалық шрифттер;

МЖМБС 2. 701-84 Схемалар. Түрлері мен типтері орынға қойылатын жалпы талаптар;

МЖМБС 2. 321-84 Әріптік белгілеу;

МК (ГК) Қ. Р Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімнің класификаторы (ӘҚТБӨК) ;

СТ ОҚМУ 4. 02-2008. Университет стандарты. Сапа менеджменті жүйесі; құжаттарын түзу, мазмұндау мен ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар;

СТ ОҚМУ 7. 11-2008. Университет стандарттары. Оқу әдістемелік процестерді басқару;

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР

г - грамм

кг - килограмм

л - литр

мл - миллилитр

мм - миллиметр

т. б. - тағы басқа

т. с. с. - тағы сол сияқты

№ - нөмір

% - пайыз

а. ө-азықтық өлшем

см - сантиметр

млн. - миллион

қ - қою

с - сирек

а - азоспермия

АҚШ - Америка Құрама Штаты

МАЗМҰНЫ

бет

МАЗМҰНЫбет: НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .
5
МАЗМҰНЫбет: АНЫҚТАМАЛАР . . .
6
МАЗМҰНЫбет: ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР . . .
7
МАЗМҰНЫбет: КІРІСПЕ . . .
8
МАЗМҰНЫбет: 1. ӘДЕБИЕТІК ШОЛУ . . .
10
МАЗМҰНЫбет: 1. 1 Бордақыланған малдарды цехқа өткізу . . .
10
МАЗМҰНЫбет: 1. 2 Ірі қараның ет өнімділігі . . .
11
МАЗМҰНЫбет: 1. 3 Барда мен бордақылау . . .
13
МАЗМҰНЫбет: 1. 4 Етке арналған төлдерді өсіру ерекшеліктері . . .
13
МАЗМҰНЫбет: 2. ӨЗІНДІК ЗЕРТЕУ . . .
15
МАЗМҰНЫбет: 2. 1 Зерттеу материалы мен әдістері . . .
15
МАЗМҰНЫбет: 3. НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . .
16
МАЗМҰНЫбет: 3. 1 Ірі қараның сырт пішінін бағалау тәсілдері . . .
16
МАЗМҰНЫбет: 3. 2 Сүтті және етті бағыттағы ірі қараның сырт пішіні . . .
19
МАЗМҰНЫбет: 3. 3 Ірі қараның интерьері . . .
22
МАЗМҰНЫбет: 3. 4 Ірі қараны жайып семірту және оны ұйымдастыру . . .
28
МАЗМҰНЫбет: 3. 5 Ірі қараны бордақылау алаңдары . . .
29
МАЗМҰНЫбет: 3. 6 Бордақыланған малдарды етке откізу . . .
30
МАЗМҰНЫбет: 4 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК . . .
32
МАЗМҰНЫбет: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
33
МАЗМҰНЫбет: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
34

КІРІСПЕ

Ірі қараның конституциясын, экстерьерін және интерьерін білудің ірі қара шаруашылығын дамыту үшін маңызы зор. Тек қана конституциясы мықты, ал экстерьері мен интерьері жақсы мал ғана өнімді мол береді. Ірі қараның конституциясы, интерьері және экстерьері оларды тұқымына, өскен ортасына, шаруашылық бағытына, дұрыс және толық азықтандыруына байланысты.

Экстерьер малдың сыртқы дене құрылысы. Ол малдың биологиялық ерекшеліктеріне және шаруашылықтағы өнімділік бағыттарына байланысты. Малдың экстерьерін зерттеу арқылы, оның денсаулығы жөнінде және қандай тұқымға жататындығын білеміз. Сүтті және етті ірі қараны сыртқы құрылысына қарап айырады. Асыл тұқымды мал өсіру жұмысымен айналысқан уақытта малдың өнімділігін зерттеумен қатар, сыртқы дене құрылысын да зерттейді, әсіресе сұрыптау және жұптау мезгілдерінде малдың экстерьерін ерекше ескереді. Малдың экстерьері оның тұқымына, жынысына, жасына, бағып күтуіне байланысты. Малдарды экстерьері бойынша іріктегенде оның өнімділік бағытына, сүйегінің мықтылығына, дене етінің жетілуіне және дене құрылысының әрбір мүшесіне баға береді. Дене мүшелерінің кемістігін дұрыс анықтау қажет. Себебі дене мүшесінің кемістігі оның денсаулығының нашар екендігін көрсетеді. Ал денсаулығы нашар малдың өнімді аз беретіні мәлім.

Ірі қара экстерьерін жете зерттеген ғалымдарға М. И. Придорогин, Е. А. Богданов, П. Н. Кулешов, Е. Ф. Лискун, И. Ф. Иванов т. б оқымыстылар жатады. М. И. Придорогин Ресейде шыққан экстерьері жөніндегі оқулықтың бірінші авторы. Осы оқымыстының көп жылдық зерттеуі арқасында алғашқы рет ірі қараны кешенді бағалау көзделген. Оған: көзбен, дене мүшелерін өлшеп, суреті және графикалық анықтау тәсілдері жатады.

Әр тұқымның өзіне тән стандарты болады, бағалағанда тұқымына және өніміне қарайды, әрі әр малдың жасын тісіне қарап айыру, ал тірідей салмағын дене өлшемі арқылы анықтау т. б. тәсілдер ұсынылған.

Етті ірі қара шаруашылығын интенсивті әдіспен жүргізіп, оның төлін бордақылауда биік межелерге жетіп жүрген озат бақташы, алдыңғы қатарлы малшылар бригадалары республикамызда көптеп саналады.

Мәселен, Қарағанды облысының «Дон» совхозының малшысы Б. Ескендіров өзіне бекітілген 123 ірі қараны интенсивті жолмен бордақылап, әрбір басына есептегенде орта есеппен тәулігіне 1546 г қосымша салмақ қосты. Қазанның 17 жылдығы атындағы совхоздың малшысы У. Еспаев 250 ірі қараның төлін өсіріп, бордақылап, әрқайсысынан орта есеппен тәулігіне 290 г қосымша салмақ алды.

Шығыс Қазақстан облысының «Таврия» аудандық ауылшаруашылық бірлестігінің малшысы В. С. Байназаров 123 ірі қараның тәуліктік салмағын орта есеппен 1049 граммнан, «Черновин» совхозының малшысы А. Смағұлов 123 ірі қараның әрқайсысының тәулігіне қосқан орташа салмағын 720 граммнан, «Алтай» совхозында К. Күзекбаев қарамағындағы ірі қараның тәулігіне қосқан орташа салмағын 716 граммнан, «Жданов» аудандық ауыл шаруашылық бірлестігінде малшы Н. Ф. Гаврилова 229 ірі қара малдан орта есеппен тәулігіне 675 грамнан қосымша салмақ алды.

Гурьев облысының «Алғабас» ауыл шарушылық бірлестігінде К. Уәлиев 221 ірі қарадан орта есеппен тәулігіне 750 грамм қосымша салмақ алса, М. Үмбетияров 227 ірі қараның әрқайсысының тәулігіне қосқан орташа салмағын 695 граммнан айналдырады. Жамбыл облысының Р. Люксембург атындағы совхозында Ж. Тақыриев 240 ірі қарадан орта есеппен тәулігіне 700 грамм қосымша салмақ алса, «Сарысу» совхозында Н. Сүлейменов 107 ірі қарадан орта есеппен тәулігіне 600 грамнан, Калинин атындағы колхоздың малшысы Б. Бөлегенов қарамағындағы 75 ірі қарадан тәулігіне орта есеппен 600 грамнан қосымша салмақ алады.

Алдыңғы қатарлы бригадалардың жеткен көрсеткіштеріне назар аударар болсақ мынадай: Қарағанды облысының Октябрьдің 17 жылдығы атындағы И. Я. Браун, Т. Сәлімбаев, А. Х. Генец, Қ. Тәшібаев басқаратын бригадалардың әрқайсысы бекітілген 1325 ірі қараның әрқайсысының тәулігіне қосқан орта салмағын 617 грамға жеткізеді.

1ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ

1. 1 Бордақыланған малдарды цехқа өткізу

Ет өндіру шаруашылықтарында мамандандырудың жаңа түрін колданып, өлі табиғи және экономикалық шаруашылықтардың мамандануына қарай, оларда ет өндіру технологиясы да өзгереді.

Сондықтан әр түрлі мамандандырылған шаруашылықтарда ет өндіру технологияларының өзінше ерекшеліктері бар. Жас малды өсіріп дамыту жэне оларды бордақылау жүмыстарымен ірі, жоғары механикаландырылган шаруашылықтар комплекстері үздіксіз-цех тәсілі бойынша және мамандандырылган мал бордақылау шаруашылықтары айналысады.

Осы шаруашылықтарға болашақ бордақыланатын малдар. осы аймақтардағы басқа үсақ шаруашылықтардан әкелінуі және осы жүмыс келісімшарт бойынша іске асады.

Көптеген тэжірбиелер бойынша, әсіресе Ресей, Украина, Балтык, теңізі бойындағы республикалардың шаруашылықтары осы тэсілді қолданып үлкен нэтижеге жетті.

Шаруашылық үжымдары кант және вино зауыттарының маңайында ұйымдастырған, ол шаруашылықтар, потока жэне барданы пайдаланып, малдарды бордақылайды.

Н. Найманов өз еңбегінде сүтті сиырлар жайлы жазылған. Сүтті сиыр шаруашылықтарында бұзауды жыл бойы алып. оларды эрі қарай өсіреді. Әрине, көптеген аймактарда, ірі арнайы шаруашылықтарда төлдерді 10-20 күндігінен бастап әрі карай өсіріп-дамытады.

Бүл шаруашыл ықтарда жас малдарды өсіріп-дамыту технологиясы өзгереді.

Жас малдарды 13-14 айлығына дейін қарқынды өсіріп, етке тірі салмақтары 400-450 кг жеткенде өткізуге, немесе сатуға болады.

Теміржол торабымен малды тасығанда арнайы вагондарды пайдаланады, онда өр мал байлаулы, ішінде суы жөне азықтан-дыру астауы болады.

Әр вагонға 8-12 ірі қара немесе 12-20 тел сияды. Әрбір 2 вагонда 1 жүмысшы болады.

Малды машинамен тасу үшін 2 метрлік борты болуы қажет, арнайы машинаға 10 мал сияды, ал малды айдап еткізу, тек қана жақын аралықта болса қолданылады. Малды етке өткізерден бүрын, шаруашылық пен ет комбинатының арасында келісім жасалынып, сонан соң графикке сәйкес еткізеді. Ірі қараның ет өнімі, оның тұқымына, тұқымдылығына, азықтандыру деңгейіне, бордақылауына, жасына және жынысына байланысты

Ірі қараны тірідей салмағы немесе ұша салмағы бойынша жөне ет сапасына қарап қабылдайды.

Малды тірідей еткізгенде, оны өлшейді және қоңдылығын анықтайды, ал сойып еткізсе, онда ұшаның салмағын, семіздігін және ет категориясын анықтап, мемлекеттік стандартпен салыстырады [15] .

1. 2 Ірі қараның ет өнімділігі

А. Бакиров өз еңбегінде ірі карамалын ет өнімділігі және күтімі бордакылау жайыннда мәлімет берген. Ірі қара етінің тағамдылығы және дәмділігі өте жоғары, себебі оның құрамында белоктар, иайлар, минералды заттар, тағы да витамин топтары А, Д, В бар. Еттің тағамдық құндылығы оның кұрамындағы белоктарға байланысты. Оған: глобулин, альбумин, минозин, және т. б. кіреді. Ірі қара еттінің адам организіміне сіңуі өте жоғары -95%. Әр түрлі тұқымға жататын ірі қараның еттінің сапасы оның морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне де байлнысты. Ол ерекшеліктері тұқымдарына, азықтандыруына, бағып-күтуіне, өсіп-жетілуіне, тығыз байланысты. Ірі қара еттінің көрсеткішіне, оның сапасы мен ұшасының салмағы жатады. Әсіресе, тірідей салмағы, сойыс салмағы және ет салмағы жатады. Сапасының көрсеткішіне ұшасының шеміршегі, тағы да химиялық құрамы мен ет калориясы жатады. Ірі қара етін бағалағанда 1 кг қосқан салмағына қанша азық өлшемі жұмсалады және төлдердің өсіп-даму қарқыны қандай екені анықталады. Ірі қара етінің салмағына азықтандырудың және өсіп-дамуының ерекшеліктері де көп әсер етеді, ал оның сапалығына ірі қараның тұқымының, жынысының және жасының да әсері зор [9] .

Малды сойғанда таза ет іш майын алумен қатар, қосымша көптеген тағамдарда алады. Тағамдылығына қарай қосымшалары екі топқа бөлінеді. Біріншісіне: бауыр, бүйрек, тіл, жүрек, желін тағы басқалары жатса, екіншісіне: қарын, өкпе, шек қарын, т. б. жатады. Ірі қараны союдың нәтижесінде, жеңіл өнеркәсібінде пайдаланылатын: тері, мүйіз, сүйек, жүн т. б. алса, ішінен әр түрлі фармацептикалық көптеген бездер алады (гипофиз, т. б. ) .

Ірі қараның ет өнімі, оның тұқымына, тұқымдылығына, азықтандыру деңгейіне, бордақылауына, жасына және жынысына байланысты.

Тұқым қуалаушылық белгілерінің бір бірімен қатынасы әртүрлі. Мысалы, бұзаудың туғандығы салмағымен енесінің тірі салмағының арасындағы байланыс жоғары. Ғылыми деректер бойынша төлдердің қарқынды өсуі мен азықты өтеу арасында да байланыс корреляциясы жоғары. Малдың тәуліктік салмағының жоғарылауына байланысты, оған шығатын азықтың арзандайтынын байқаймыз [2] .

Ірі қара ұшасына: таза ет, майы, сүйегі, дәнекер ұлпалары және шеміршегі кіреді. Тағамдылығына қажеттілігіне таза ет пен майы, ал сүйегі мен дәнекер ұлпасының сіңірі мен шеміршегінің тағамдық қасиеті төмендеу.

Ірі қара етінің сапасына көп әсер ететіні, оның морфологиялық және гистологиялық белгілері, сонымен қатар химияллық және дәмділік қасиеттері. Ұшаның құрамы көбінесе, оның азықтандыруына, қоңдылығына, тұқымына, жынысына және жасына көп байланысты. Ірі қара етінің тағамдылық қасиетіне оның калориясы арқылы білеміз, ал етінің калориясы ұшадығы майына көп байланысты. Ұшадағы таза ет пен майының аралығындағы байланысты есептеу арқылы, еттің сапасын бағалаймыз.

Таза еті. Ет құрамына белоктар, ал белоктардың құрамына амин қышқылдары (аргинин, лизин, метионин, триптофан, цистин т. б. ) кіреді.

Белоктардың үлесі еттің тағамдылығын жақсартады. Ұша құрамында жалпы белок 13%-дан 22%-ға дейін. Еттің тағамдылық қасиетін екі аминқышқылының қатынасы анықтайды, оған: триптофан және оксипролин жатады. Осы екі аминқышқылының өзара қатынасы 4, 8-5 және одан жоғары.

Ет ұлпасының өзгеруі қаңқаға да байланысты. Постэмбрионалдық кезеңде аяқтарының сүйегінің өсуі бәсеңдесе, ал еттің дамуы қарқынды болады. [3]

Малдың өсіп-даму кезеңінде ет талшықтарының ұзындығы және диаметрі де өседі. Мал туғанынан бастап, оның ет талшықтары да дами бастайды. Жас малдың еті жұмсақ және жұқа болып келеді. Малдың өсіп-даму мезгілдеріне ет талшықтарының диаметрі өзгереді, әрине оған көп әсер ететін азықтандыру деңгейі.

Еттің түсі оның құрамындағы миоглобинге байланысты, ал миоглобині малдың жасы ұлғайған сайын және азықтандыруға байланысты көбейеді. Сондықтан бұзаулардың еті ақшыл келсе, ал кәрі малдарының еті қызыл түсті болып келеді. Ірі қара етінің дәмді болуы, олардың ет талшықтарында майдың бітуіне байланысты.

Май ұлпасы. Ірі қара денесі үшін май ұлпасының бітуінің маңызы зор, ол организімнің дамуына және қоректенуіне көп әсерін тигізеді.

Сонымен қатар ірі қараның дене майының организіміндегі судың алмасуына да қатысады. Май ұлпасы мал организімін әр түрлі қолайсыз жағдайлардан сақтайды, әсіресе суық мезгілдерінде, еттің тері асты майының құрғап кетпеуіне әсер етеді. Еттің түсі оның құрамындағы миоглобинге байланысты, ал миоглобині малдың жасы ұлғайған.

Май ұлпасының химиялық құрамы малдың жасына қарай өзгереді. Жас малдардың майлары ұсақ, себебі құрамында су мен белое көбірек. Жасы ұлғайған сайын май түйіршіктері де іріленеді, таза майы көбейеді де, құрамындағы су мен белок азаяды. Сонымен қатар майдың түсі өзгереді.

Егер де бұзаулардың майы ақшылдау болса, сақа малдарының майының түсі сарғылт болып келеді.

Ұшадағы майдың үлестік салмағы малдың тұқымына, азықтандыруына, жасына, жынысына байланысты 3%- дан 55%-ға және одан да көбірек болады. Жас малдардың майы аздау болса, ал сақа малдардың майы өте көп.

Ірі қара майы денесінің көптеген бөліміне бітеді: ішкі қуыстағы мүшелеріне (бүйрегіне, шек қарнына т. б. ), тері астына, еттің ішіне, ет талшықтарының араларына. Етті бағалағанда етке біткен майына да қарай бағалайды.

Малдың өсіп дамуына байланысты, оның майы ең алдымен ішкі мүшелеріне, еттің ішіне және еттер аралығына, одан кейін тері астына бітеді. Мал азығы жетімсіз болып қалған жағдайда организм қорегі ретінде алғашқы тері астындағы майы пайдаланылса, одан кейін ет аралық және ішкі майы пайдаланылады.

Ет аралығына біткен май, еті жұмсақ және каллориясы көп болады. Мамандардың дерегі бойынша ет аралығына біткен май ақ болса, онда ет қаттылау және дәмі төмендеу болады.

Майдың өте көп біткені оның дәмділігін онша жақсартпайды, денеге сіңуіде, жүғымдылық қасиеті де төмендейді [19] .

1. 3 Барда мен бордақылау

Ә. К. Байжұмановтың еңбегінде ірі караны бордакылау жайында малімет берілген. Бардамен бордақылау екі мезгіл бойы өтеді, алғашқыда оған үйретеді, бірте бірте беру мөлшерін көбейтеді. Наннан жасалған барданы сүрлейді, ал картоптан жасалған барданы 6-8 процент ұсталған сабан қосады. Жаңадан дайындалған барданы 25-30 градусқа дейін суытады. Малдардың жасына қарай тәулігіне 50-80 грамға дейін барда, 4-7 кг шөп және 1-3 кг жем береді. Тәулігіне малға барданы 3 рет берсе, әр бергенін екі бөліп береді және берген сайын үсатылған көлемді азықты қосады. Барданы малға берген уақытында, оларды суармайды, ал сүрленген барданы берсе тәулігіне бір рет суарады. Барданың құрамында көміртегі және кальций аз болғандықтан, оның рационына арпа, жүгері, сұлы және минералды заттарды да қосады, оған мель, трокальциий фосфат т. б. Малдардың жасына қарай, бардамен бордақыланған мезгілдерінде малдар тәулігіне 800-1000 грамм салмақ қосады [14]

1. 4 Етке арналған төлдерді өсіру ерекшеліктері

П. И. Зеленков өз еңбегіндн Етті ірі қара мал шаруашылықтары жайлы жазған. Етті ірі қара мал шаруашылықтарында туған бұзаулар 6-8 айлығына дейін енесінің баурында болып, енесінің сүтін еміп өседі. Етті ірі қара мал шаруашылықтары жайылымы мол жерлерге орналасқан, оның малды жайып семіртуге әсері зор, ал бордақылайтын шаруашылықтар егістігі жақсы дамыған аумақтарға шоғырланған. Жалпы шаруашылықтардың мамандандырылуына, шоғырландыруына, шаруашылық бағытына, бордақылау ерешеліктеріне, әрі мал азығымен қамтамасыз етілуіне байланысты

төмендегідей арнайы комплекстер мен фермалар бар:-бұзауларды 10-20 тәулігінен бастап өсіріп 13, 5-14 айлығында тірідей салмағы 420-450 кг жеткенде етке өткізеді; [12]

-төлдерді 15-18 айлығына дейін бордақылап тірідей салмағы 400-450 кг жеткенде етке өткізеді; ал бұл шаруашылықтар сүтті жөне сүтті-етті шаруашылықтардан ұзауларды 4-6 айлығында қабылдаса, етті ірі қара мал шаруашылықтарынан 7-10 айлығынан бастап қабылдайды;

-төлдерді 10-12 айлықтарына дейін өсіріп, тірідей салмағы 260-300 кг жеткенде, оны басқа арнайы мамандандырылған бордақылау шаруашылықтарына немесе бордақылау алаңына өткізеді;

-төлдерді және бракқа шыққан малдарды бордақылау алаңында және кешендерде бордақылайды.

Мамандандырылған етті ірі қара мал шаруашылықтары мен фермалары көптеген топқа бөлінеді. Оған:

- мамандандырылған етті асыл тұқымды шаруашылықтар, негізгі міндеті төлдерін өсіріп, бордақылау; бұл шаруашылық тарда бүзауларды енесінің баурында 8-10 айлығына дейін өсіріп, мамандандырылған бордақылау шаруашылықтарына өткізеді;

-мамандандырылған етті шаруашылықтарда төлдерін өсіріп, 15-20 айлықтарында тірідей салмақтары 400-450 кг жеткенде етке өткізеді;

-етті ірі қара мал фермаларында бұзауларын 6-8 айлықтарына дейін енелерінен бауырында өсірігт, бордақылау шаруашылықтарына өткізеді;

-асыл тұқымды мал зауыттары мен фермаларының негізгі мақсаты етті тұқымды ірі қара малын одан әрі асылдандыру және басқа фермалардың табынын толықтыратын асыл тұқымды төл өсіру.

Ет өндіретін шаруашылықтар көбінесе табиғи-экономикалық қолайлы аймақтарда, әсіресе табиғи жайылымы және мал азығы мол жерлерде шоғырланған [5] .

3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

3. 1 Ірі қараның сырт пішінін бағалау тәсілдері

Ірі қара малдың сырт пішінін бағалай келіп, одан алынатын өнімді және оның асылдығын білуге болады. Малдың сырт пішінін бағалау үшін зоотехник селекционердің тәжірибесі мол болу керек, әрі ол бағаланатын малды жақсы білуі қажет, сонымен қатар оның күтімі, азықтануы жөнінде мәліметтер болғанда ғана малдың сырт пішіні дұрыс бағаланады.

Көзбен бағалау тәсілі. Малдың дене пішінін бағалаудың ең негізгісі болып саналады. Тәжірибелі мамандар осы тәсілді пайдаланып малдың дене бітімін (конституциясын), әрі денсаулығын т. б. анықтайды, әрі малдың өнімділігін және асылдығын да анықтауға болады. Көзбен бағалау екі түрге бөлінеді: біріншісі малдың мүшелерін жеке жеке сипаттап, оның мүшелерінің жетістігін және кемістігін анықтаса; екіншісі мүшелерін балмен бағалау, сосын жалпы қорытындысын шығарады.

Әр мүшені өлшеу . Малдың әр мүшесін өлшей бағалаудың да маңызы зор. Жалпы малдың 70 дене өлшемі бар. Соның ғылыми зерттеуінде 52 дене өлшемі, жалпы зерттеу үшін - 11, орташа дене өлшемі - 18. Бірақта дене өлшемі дұрыс болса да, малдың сырт пішіні жөнінде толық түсінік бере алмайды. Сондықтан бұл тәсілді көзбенен бағалағанда қосымша мәлімет ретінде қолданады [4] .

Графикалық тәсіл. Бұл тәсілдердің негізі, мысалы бір дене өлшемін 100 пайыз деп есептейді де, қалған өлшемдердің айырмашылығын соған пайызбен шаға анықтайды. Содан кейін график сызады. Ал 100 пайыз деп алған дене өлшемі түзу линия болады. Нәтижесінде екі үш топтың дене пішінінің салыстырмалы бағалары анықталады.

Фотографиялық тәсілмен бағалау. Әсіресе, асыл тұқымды малдарды фотосуреттермен бағалаудың маңызы зор. Дене өлшемін толықтыруда фотосуреттің әсері ерекше. Әсіресе, өте жоғары бағалы асыл тұқымды малдарды бағалағанда да фотосуреттің маңызы зор.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара обасы кезіндегі ветеринарлық шаралардың ұйымдастырылы, жоспарлануы және оның экономикасы
Жылқы шаруашылығы және жылқы өнімдері
Жылқы шаруашылығы - мал шаруашылығының негізгі бір саласы
Ірі қараны асылдандыру технологиясы
Голитен ірі қарасының тұқымы
Барлық ірі қара мал
Түйе сүтінің емдік қасиеті
Сүт фермасында сапалы сүт алу
Гастрономиялық туризм түсінігі
Шаруашылықтағы тұқымдық 6 айдан кейінгі бұзауларды азықтандыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz