Сүтті бағыттағы ірі қараны асылдандыру


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Сүтті бағыттағы ірі қараны асылдандыру » тақырып 30 бетті қамтиды.

Негізгі бөлімде қамтылған тақырыптар: Бұқаларды шағылыстыру науқанына даярлау, Қашыру науқанын өткізу.

Өзіндік бөлімінде қамтылған тақырып : Ірі қара шаруашылығында мал асылдандыру жұмысы.

Бұл курстық жұмыс мына нормативтік сілтемелерде қолданылды:

МЖМБС 2. 104-68 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 01. -80 КҚБЖ (ЕСКД) . Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды белгілеу.

МЖМБС 2. 301-68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МЖМБС 2. 601-95 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері орынға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеу.

МК (ГК) Қ. Р 04-2003. Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімнің класификаторы (ӘҚТБӨК) .

СТ ОҚМУ 4. 02-2008. Университет стандарты. Сапа менеджменті жүйесі, құжаттарын түзу, мазмұндау мен ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар.

СТ ОҚМУ 7. 11-2008. Университет стандарттары. Оқу әдістемелік процестерді басқару.

Белгілер мен қысқартулар

г - грамм

кг - килограмм

л - литр

мл - миллилитр

мм - миллиметр

т. б. - тағы басқа

т. с. с. - тағы сол сияқты

№ - нөмір

% - пайыз

а. ө-азықтық өлшем

см-сантиметр

млн. - миллион

Қ-қою

С-сирек

А-азоспермия

АҚШ-Америка Құрама Штаты

Мазмұны

Аннотация

Бұл курстық жұмыс мына нормативтік сілтемелер қолданылды

Белгілер мен қысқартулар

Анықтамалар

Кіріспе . . . 6

1. Негізгі бөлім . . . 7

1. 1 Бұқаларды шағылыстыру науқанына даярлау . . . 7

1. 2 Қашыру науқанын өткізу . . . 9

1. 3 Ұрықтандыру әдісі . . . 11

2. Өзіндік зерттеу . . . 12

2. 1 Ірі қара шаруашылығында мал асылдандыру жұмысы . . . 12

Техникалық қауіпсіздік . . . 27

Қорытынды . . . 29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . , 30

Кіріспе

Ірі қара санын көбейту және оның сапасын жақсарту ауыл шаруашылығындағы күрделі іс. Ол үшін әр шаруашылықта сиырлар мен қашарларды уақытында қашыру, әр аналық малдан жылына бұзау алу қажет.

Ірі қара малының басқа ауыл шаруашылық малдарына қарағанда көптеген айырмашылықтары бар, оған жыныс органдарының жетілуі, буаздығы, шаруашылықта пайдалану мерзімі т. б. себептер жатады.

Жыныс органдарының жетілуіне, ірі караның тұқымының өсіп-жетілуі, бағып күтуі және төл өсіру ерекшеліктері себеп болады. Етті ірі қараның сүтті ірі қараға қарағанда, жыныс органдары 2-3 ай ерте жетіледі. Сонымен қатар ірі қараның жыныс органдарының жетілуіне төлді дүрыс өсірудің де әсері бар, тағы ауа райының да әсерін ұмытпауымыз керек. Оңтүстік аймақтарда өсірілетін малдардың жыныс органдары, солтүстік аймақтарда өсірілетін малға қарағанда тезірек жетіледі.

Еркек бұзаулардың жыныс органдары 7-8 айлығында, ал ұрғашы бұзаулардікі 6-9 ай аралықтарында жетіледі, бірақ бұл уақыттарда оларды қашыруға болмайды. Себебі олардың келешекте өсіп-жетілуіне керісінше әсер етеді. Сондықтан 6 айлығынан бастап еркек бұзауларды ұрғашы бұзаулардан бөлек, жеке бағады.

Сонымен бірінші рет тайыншаларды 17-18 айлығында, ал тана бұқаларды 14-16 айлығында қашыру науқанына пайдалануға болады. Әрине тайыншалар мен тана бұқалардың тірідей салмағы тұқым стандартыньщ көрсеткішінен кем болмауы қажет.

Аналық малдардың қашуына, оның күйлеуі көп әсер етеді. Сиырлар мен қашарлар күйлеген уақытында, оның жыныс органынан сұйық зат шығады. Сиырлардың күйлеуі бұзаулағаннан кейін 21-28 күннен кейін басталып, әрбір 19-21 күннен кейін қайталанып тұрады. Аналық малдардың жыныс оргаңдарынан сұйық заты күйлеуінен 10-15 сағат бұрын басталып, 30 сағатқа дейін созылады. Сиырларды тәулігіне 2 рет қашырған жөн. Малды қашыру өте жауапты іс, соңдықтан оны мезгілінде азықтандыру, бағып-күту негізгі міндет.

Негізі сиырлар бұзаулағаннан кейін 2 ай уақытында қашырған жөн, орташа сиырдың буаздығы 285 күнге созылса, сауын мерзімі 270 күннен 305 күнге дейін созылады. Сиыр қысыр қалмау үшін оны мезгілді уақытында буаздығын анықтап түрады. Оны қандағы және сүттегі прогестерон арқылы да анықтауға болады.

1. Негізгі бөлім

1. 1 Бұқаларды шағылыстыру науқанына даярлау

Тұқымдық бұқалардан ұрпақ алу үшін оны жақсылап бағу және күту керек. Сонда ғана бұқа сапалы ұрық береді. Әрі ірі қаралар қысыр қалмайтын болады және көп жылға дейін күшін жоймайды. Ол үшін бұқа ешуақытта арықтамауы немесе қатты семіріп кетпей орта қоңды күйінде болуға тиіс. Семіріп кетсе бұқа денесі ауырлап, епетейсіз сылбыр келеді, сиырға көңілсіз барады, ұрығы да жақсы болмайды. Сондықтан бұқаны дұрыс нормамен азықтандыру керек. Норма әрбір бұқаның өзіне жеке-жеке жасалады. Бұқаның нормасы оның тірідей салмағына, қондылығына, шағылыстыру науқаны кезінде қанша сүретіндігіне, жасына және күнделікті істейтін жеңіл жұмысқа байланысты.

Рационда минералдық заттар, протеин, углевод, витаминдер әсіресе кальций мен фосфор жеткілікті болғаны жақсы. Шағылыстыруға қолданбаған уақытта бұқалардың әрбір 100 кг тірідей салмағына 1, 1 азық өлшемінен және 100 г қорытылатын протеиннен, ал шағылыстыру уақытында 1, 3 кг азық өлшемінен және 140 г қорытылатын протеин, 3 жасқа дейінгі бұқаларға тәулігіне қосқан әрбір 300 г салмағына 1 кг азык, өлшемінен және 120 г қорытылатын протеин есептейді.

Бұқаға мына азықтарды беруге болады. Ұнтақталған сұлы, жарылған бидай, арпа, жүгері, тары, күнжара, бұршақ, пішен, сәбіз, қант қызылшасы, көк шөп т. б.

Егер рационда витаминдер жетіспесе тәулігіне 50-100 г балық майын қосады. Ал жемді қоспа түрінде берген жөн. Бұқалардың әрбір 100 кг салмағына күн тәулігіне ірілеріне 1, 0-0, 5 кг жем, жүгері сүрлемінен 0, 5-0, 8 кг береді. Бұқа рационында 10 пайыз жем, 40 пайыз көлемді және шырынды азықтар болуы қажет. Жаз айларында көк жайылымда көбірек жүргізу керек, әрі берілетін азықты аздап кемітеді. Ал шағылыстыру науқаны басталардан бір-екі ай бүрын шағылыстыру науқанына даярлай бастайды. Бүл кездегі рацион белокқа және витаминдерге бай болуы тиіс, өйткені бұл заттар мол болса, бұқа қайратты, жігерлі келеді. Суды керегінше автоматты суарғыштан ішеді. Көктемнен бастап бұқаларды көк жайылымға жайған жақсы. Егер фермада үш-бес бұқа болып, бөрі де жуас болса, сиырлардан қашық, жақсы өріске шығарып оларды бірге бағуға болады, бүнда да өрістерді кезегімен пайдаланады. Ал фермада тек бір-ақ бұқа болатын болса арқандап бағады немесе бөлек бағылады.

Жайылып жүрген күндерде күніне төрт рет суарады. Күннің ыстық кездерінде бұқаларды қораға алу қажет. Жайылымдағы кездерде әсіресе, ерте көктем мен күзде немесе жаман өріске шығарылса, бұқалар қолдан көк шөп және жем жегені жақсы. Жазда бұқа рационының 50%-ға дейіні азық болуға тиіс. Бұқаны байлап бағу онда сузегендік қасиетті қалыптастырады. Сондықтан бұқаларды сиыр қорада малдардың ортасына байлауға болмайды, сондай-ақ қораның есігіне жақын байламау керек. Ірі бұқалардың әрбірінің тұратын орнының ені 1, 5 м, ұзындығы 2, 5 м болғаны жөн. Бұқа тұрған жердің төсенішін күн сайын тазалап, жазда суға жуып алуға болады, бұқаны жұмыстан кейін немесе сиырға секіргеннен кейін дереу апарып жууға болмайды, суда 10 минуттан артык, тұрмасын, әрі су суық болмауы керек. Судан шықкан соң үстін сүртіп, кебу үшін біраз жүргізіп алады. Бұқаны күзде бір-екі сағат жеңіл жұмысқа қолдануға болады немесе қорадан шығарып, шарбақтың ішіне 1 сағаттай жіберген жөн. Сүзеген, тентек болса құлаш жарымдай сырықпен жетек-теп жүреді. Сиырға ертенгісін және кешкісін қаратқан жақсы. Бұқаны ақырмай, жекімей ұстау кажет. Мүйізінен немесе танауынан тесіп байламай, мойынынан байлаған жақсы. Онысы мойынын қимайтын, қажамайтын қайыс болғаны жөн.

Тұяктарын да бақылап, өскен тұяғын кесіп тастайды.

Ірі қара үзақ уақыт күйлеп жүрмейді. Күйіті тек 3 сағагган 36 сағатқа дейін ғана созылуы мүмкін. Әр күйлегеңде ірі қараларды бұқаға екі рет сүргізген жақсы. Сонда ғана қашты деп есептеуге болады. Ол үшін күйлегенінің бірінші белгісі білінгеннен кейін 12-18 сағаттан соң сол бірінші қаратқан бұқаға екінші рет сүргізеді. Қашырғаннан кейін 30-40 күнге дейін ірі, ал тана бұқалар жетілген ұрық береді. Бірақ бұл жаста қашыруға пайдалану тиімді емес.

1. 2 Қашыру науқанын өткізу

Жас малдың жыныстық жетілуі физиологиялық жағынан едәуір ерте басталады. Тайыншалар 5-6 айлығында ұрықтан ерте қашыру және ұрықтандыру алдында нашар азықтандыру олардан туған төлдің әлсіз болуына апарып соғады. Ал тайыншалардың өзі кейін өнімді аз береді. Сондай-ақ ірі қараны тым кеш ұрықтандыру да пайдалы емес.

Тайыншаларды алғашқы ұрықтандырудың қолайлы мерзімі олардың ересек ірі қаралар салмағының 65-70%-ға жеткен кезі деп есептеледі. Жақсы азықтандырған жағдайда тайынша мұндай салмаққа 18-20 айлығында жетеді. Жақсы жетілген тайыншаны тіпті 15-16 айлығында да кашыруға болады.

Етті мал шаруашылығында ірі қараны әдетте бірінші немесе екінші күйлегенінде, ал сүтті мал шаруашылығында туғаннан кейін екінші рет күйлегенде қашыру керек. Мал біркалыпты қоңды кезінде бүзаулағаннан кейін 19-20 күн өткен соң күйлей бастайды. Екінші, үшінші күйлеуінде ұрықтандыру кейде ірі қараны қысыр қалуға немесе бедеулікке әкелуі мүмкін.

Ірі қара күйлегенде бірнеше белгі береді. Күйлеген ірі қара қасында тұрған басқа ірі қараларды жалай береді, мөңірейді, белін қайқайтып, тынышсыз тұрады, от шөбін онша жемейді, кейде тіпті сүтіде кемиді, сарпайы ісініп кілегейлі сүйық ағады, бос жүрсе ірі қараларға артылып, басқа ірі қаралар артылса тыныш тұрады. Жазда мүндай белгілер анық байқалады, бірақ қыста байқаусыздау өтуі мүмкін. Кейбір семіз ірі қара малының күйлегенін байқау қиын, сондықтан ондайларға бұқа жіберіп байқаған жақсы. Міне, осы белгілердің біразы байқалса, ірі қараны бұқаға қарату керек. Күйлеген ірі қараны сол күні бұқаға жүргізу керек.

Аса сүтті ірі қара малының бірқатары бұзаулағаннан кейін көпке дейін күйлемей жүреді. Ондай ірі қара малын әр түрлі жем-шөппен камтамасыз етіп, далаға көбірек жүргізіп алып отыру керек.

Ірі қара үзақ уақыт күйлеп жүрмейді. Күйіті тек 3 сағаттан 36 сағатқа дейін ғана созылуы мүмкін. Әр күйлегеңде ірі қараларды бұқаға екі рет сүргізген жақсы. Сонда ғана қашты деп есептеуге болады. Ол үшін күйлегенінің бірінші белгісі білінгеннен кейін 12-18 сағаттан соң сол бірінші қаратқан бұқаға екінші рет сүргізеді. Қашырғаннан кейін 30-40 күнге дейін ірі, ал тана бұқалар жетілген ұрық береді. Бірақ бұл жаста қашыруға пайдалану тиімді емес. Ірі қара қайта күйлемесе, оны қашып кетті деуге болады. Бірақ 3 айдан соң ірі қараның буаздығын мал дәрігері тексеріп көруі керек.

Әрбір қара немесе қашар шағылыстыру жоспары бойынша белгіленген бұқадан қашатын болсын. Міне осындай жұмыстың барлығы малды асылдандыруға пайдалы іс болып табылады.

Шағылыстырудан бүрын бұқалардың ұрығын тексеру керек. Есеп жұмысы да дұрыс жолға қойылуы жөн. Бұқаның нақты сүрген күні шағылыстыру жоспарының тиісті жолдарына, ірі қаралардың тұсына жазылып отырылады.

Ірі кара табынының құрамы (структурасы) деп шаруашылықтағы немесе фермадағы табын малдарының жыныстық және жас топтарының пайыздық катынасын айтады. Табынның құрылымы мал басының көбеюіне, әрі сүт және ет өнімдерінің молаюына ерекше әсер етеді.

Ірі қара мал табынының құрылымына мынандай топтар кіреді: бұқалар, сиырлар, қашарлар, тайыншалар, тана бұқалар, ұрғашы бұзау, еркек бұзау. Сонымен қатар ірі қара мал табынында бордақылауға және етке өткізуге дайындаған малдар болуы мүмкін. Ірі қара мал табынының құрылымы шаруашылықтың бағытына тікелей байланысты болса, сиырды қанша уақыт пайдалануға да байланысты болады.

Асыл тұқымды сүтті ірі қара мал шаруашылықтарында 10-15% сиырды табыннан шығарса, ал тауарлы шаруашылықтарда 25%-ға дейін сиырларды табыннан шығарып, етке өткізуге дайындайды. Сүтті сиыр табынының өнімін өсіру үшін, оның табыннан шығару пайызы жоғары болуы мүмкін.

Тауарлы фермаларда, әсіресе сүтті аймақтарда сауын сиырдың, табындағы үлесі орташа 60-65%-ға дейін жетеді. Ал мамандырылған сүтті сиыр табындарда, осы шаруашылықтардың төлдерін басқа шаруашылыктарға берсе, онда сауын сиырдың табын үлесі 80-85% дейін жетеді (оның ішінде 15-20% қашар), бұл шара сүт өнімінің көбеюіне және әр сиыр басына шаққанда сүт өнімінің молаюына әсер етеді.

Көптеген шаруашылықтар төлдерін 10-15 күндіктерінде арнайы тайынша және қашар өсіретін шаруашылықтарға береді, одан кейін кашарлар бұзауласа оларды қайтадан алғашқы шаруашылыққа қайтарады.

Ал, осы шаруашылықтар еркек бұзауларын 15 күндігінен бастап мал бордақылайтын шаруашылықтарға беріп, оны етке өткізуге дайындайды.

Тауарлы шаруашылықтардағы сиыр табындарында сиырдың үлесі 40-50%-ға жетеді, ал мұндай шаруашылықтарда төлдерді 15-18 айлығына дейін өсіріп, әрі бордақылап етке өткізеді.

Асыл тұкымды шаруашылықтарда ірі қара мал табынының құрылымы төлдерін өткізу мерзіміне де байланысты. Егерде төлдерін ерте сатса, онда табында сиырдың үлесі көбейеді. Егерде асыл тұқымды шаруашылықтар өз табынын өзінің төлдерімен толықтыратын болса, онда ірі қара мал табынында кашардың үлесі 20-25%-ға жетеді. Асыл тұқымды мал табынының құрылымы төмендегідей: бұқалары - 2-3%, сауын сиырлары 50-52%, қашарлары - 15-18%, тайыншалары - 18-20%, ұрғашы бұзаулары - 20-25%, ал сатуға арналған асыл тұқымды төлдер, бұл табынның құрылымына кірмеген.

Етті сиыр табынында төлдердің үлесі көбірек болады, себебі төлдердің біразы етке өткізілуге тиісті. Мал азығымен жақсы қамтамасыз етілген шаруашылықтар төлдерді 15-18 айлығына дейін өсіріп, әрі осы мерзім ішінде жазғы жайылымды молымен пайдаланады.

Етті ірі қара мал табындарында сиырлардың үлесі 35-40%, ал қашарлардың үлесі 20%-ға жетеді.

Асыл түқымды етті ірі қара мал табындарында, егерде төлдері бір жылдығында басқа шаруашылықтарға сатылса, онда табындағы сиырдың үлесі 40-50%-ға дейін жетеді.

1. 3 Ұрықтандыру әдісі

Ұрықтандырудың үш түрлі әдісі бар: қолдан қашыру, қолдан ұрықтандыру және ерікті қашыру.

1) Колдан қашыру бұқаны ірі қара малдың арасына жібермей, қолда бөлек ұстайды. Күйлеген ірі қара малды әкеліп қаратады. Бұқаның дұрыс пайдаланудың - бұл тәуір жолы. Бүл төсілді көбінесе асыл тұқымды шаруашылықтарда қолданады. Бұқаға ауру жұқтырмау үшін, ірі қара малын бұқаға әкелердің алдында мал дәрігері оның денсаулығын тексереді.

Бұқа ауру немесе ірі қара өлсіздеу болса, қашыру станогін қолданады. Сонда сүрген бүқаның алдыңғы аяқтары станокқа келіп тіреліп ірі қараға түспейтін болады. Бірақ станок мықты болуға тиіс.

Ірі қара малын бұқаға қарататын жер бөлек, оңаша, арнаулы орын болғаны жақсы. Ол үшін ірі кара малын қашыратын жерге ұзындығы мен ені 15 метрдей жеңіл сарай сальш, ішіне

станок орнатады. Әуелі ірі қараны даярлап станокқа кіргізіп алып, сонан соң барып бұканы әкеледі, қолдан қашырудан бір бұқаға 80-100 ірі карадан бекітіледі.

Жетісіне 8-10 рет қана бұқаны ірі қараға қаратады, арасында 1-2 күн тыныс береді. Жас бұқаларға күніне екі рет сүруіне болады. Тек күйлеген ірі кара мал көбейген кейбір күндерде ғана үш рет карату керек.

2) Қолдан ұрықтандыру - тұқымдық бұқаны ең жақсы пай-
далану әдісі. Бүл әдіспен бір бұқаның ұрығымен жылына 500-
ден 1000 ірі қараға дейін ұрықтандыруға болады. Қолдан ұрық-
таңдыру қазір барлық шаруашылықта кең тараған. Бұл әдістің
артықшылығы - бұқаларға ірі қаралардан ауру жұқпайды.
Қолдан ұрықтандыруға ең жақсы тұқымды бұқалар қойылады.

Қолдан ұрықтандыруда мемлекеттік асыл тұқым станциясының маңызы зор. Себебі онда ең жақсы, ата тегі белгілі бір линияға жататын, белгілі бір жоспардағы ірі қара тұқымдарының бұқалары болады. Ауыл шаруашылықтары онымен келісім жасасып жоспарлы тұқымға жататын бұқалардың ұрығын алып тұрады. Сөйтіп, дайын ұрықты алып, қолдан табын ірі қараларын ұрыктандырады.

3) Ерікті қашыруда бұқаны ірі қаралардың ішіне еркімен
жібереді. Күйлеген ірі қараларды сонда жүріп қашырады. Бұл
әдісті қазір ешқандай шаруашылық қолданбайды деуге болады.

Себебі, бүл әдістің көп кемшіліктері бар. Ірі қарамен бірге күрген бұқа, бір ірі караға бірнеше қарап, күшін кетіріп алады, арықтайды. Сонымен бірге, ерікті қашыруда қашкан ірі қаралардың есебін жүргізу қиын. Бір бұқаның қашыруына 30-і S ірі қарадан, ал жас бұқаға 25 ірі қарадан артық келмейді.

2. Өзіндік зерттеу

2. 1 Ірі қара шаруашылығында мал асылдандыру жұмысы

Ірі қараны асылдандыру жұмысы жалпы мемлекеттік жоспарлау жұмыстарымен ұштасып жатты.

Ірі кара мал шаруашылығын асылдандыру жұмысын бұрынғы КСРО ауылшаруашылық және азық-түлік министірлігі өзінің республикалық, өлкелік жөне облыстық ауылшаруашылық басқармалары арқылы атқарды. Одағымызда Одақтық ғылыми-методикалық жұмысты және малды асылдандыру жұмысы орталық генетико-селекциялық ұйымға жүктелген, бұл ұйым бұқалардың ұрығының қорын жинайды, әрі есептеу технологиясының (ЭВМ) жұмысын басқарады. Бұрынғы Одағымыз бойынша барлық ғылыми-зерттеу ауылшаруашылық институттарына және жоғары оқу орнының ғылымдарына селекциялық жоспар, аса сүтті сиыр табындарын, жаңа тұқым шығару міндеттелінген. Біздің тәуелсіздік мемлекеттер достастығының (ТМД) ірі қара тұқымын асылдандыруда, ірі қара тұқымын шығаруда, ірі қара тұқымының табындарын құруда көптеген жұмыстар атқарды. Мал шаруашылығын асылдандыру мәселелері жылдан жылға жақсара бастады. Асыл тұқымды мамандардың сандары көбеюмен қатар сапалары да жақсаруда. Көптеген зерттеулерге және ғылыми деректерге қарасақ біраз шаруашылықтарда ірі қара сиырларының сүттілігі және тұқымдық сапалығы анықталған. Оның өзі ірі қара тұқымын асылдандыру жұмыстарының да сапасын жақсартуға әсерін тигізді. Жергілікті ірі қара малын асылдандыру үшін 1928-1932 жылдары шет мемлекеттерден біздің елімізге аса сүтті таза тұқымды ірі қара мал тұқымдары әкеліне бастады.

Әсіресе асыл тұқымды мал совхоздары мен асыл тұқымды колхоздың фермаларын, мемлекеттік асыл тұқымды мал станцияларын ашудың да ірі қара тұқымын асылдандыруда маңызы өте зор болды, сонымен қатар малды асылдандыру ғылыми ұйымдары және жоғарғы ауылшаруашылык, оқу орындарының да шаруашылықтарының, ірі қара тұқымын әр аймақта шоғырландыру жоспарларының, әр түрлі көрмелер ұйымдастыруының да маңызы өте зор болды. Осындай игілікті жұмыстар Ұлы Отан соғысына дейін және одан кейін де қызу өтті.

Біздің мемлекеттерімізде қара ала, костром, лебедин, алатау, сычев, курган, қазақтың ақбасы, әулиеата, кавказдың қоңыр, әулиекөл т. б. ірі қара асыл тұқымдары шығарылды. Оған көп өсер еткен ірі қара сиырларын өте жоғары сапалы асыл тұқымды бұқаларының ұрықтарымен қолдан қашыру болды.

Мемлекеттік асыл тұқымды мал зауыты өзінің сиыр табынын асылдандыру жұмысын одақ бойынша бір жоспар арқылы, төл өсіру, өз табынын өзінің төлімен толықтыру, әрі асыл тұқымды төлдері мен асыл тұқымды шаруашылықтарды қамтамасыз етумен айналысады. Бұл шаруашылықта ірі қара малын таза өсіру тәсілі қолданылуда.

Асыл тұқымды мал шаруашылығының негізгі жұмысы асыл тұқымды төл өсіру және оны басқа шаруашылықтарға сату. Бұл шаруашылықта малды таза өсіру және өндіре шағылыстыру тәсілі қолданылады. Ал, өз табынын мемлекеттік асыл тұқымды мал зауытының малдарымен толықтырады, әрі осы мал зауытымен бірігіп өз табынын асылдандырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қараны асылдандыру технологиясы
Мал шаруашылық шикізат өнімдерінің негізгі көздері
Ірі қараның асыл тұқымды малдары
Қазақстандағы мал шаруашылығының саласы
Ірі қараны өнімділігі бойынша кластау
Мал шаруашылығын өркендету
ГЕРЕФОРД БҰҚАЛАРЫ, АҚБАС СИЫРЛАР
Сүтті және етті бағыттағы ірі қара
Сүтті бағыттағы ірі қара малын өсіру, асылдандыру ерекшеліктері
Ірі қараның сырт пішіні және малдың жеке мүшелеріне жалпы сипаттама беру және асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz